Цитомегаловирусты инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі



Деңгей   1. Балалар жұқпалы аурулары туралы түсінік. Жұқпалы аурулардың таралу жолдары. Алдын алу шаралары. Балалар жұқпалы аурулары – эпидемиялық жайылу қасиетіне ие, науқас адамнан сау балаға берілетін, балалық шақта тіркелетін жұқпалы аурулар тобы. Жұқпалы аурулардың таралу жоллдары. Көп жағдайда балалар жұқпалы аурулары кезіндегі жұғу механизмі – аэрогенді, ал таралу жолы: ауа-тамшылы. Мұрын-жұтқыншақ шырышы, сілекей, қақырық жұқпалы. Эпидемиологиялық маңызға ие тұрмыстық-қатынастық таралу жолы, кейбір аурулар кезінде жұғу фекальды-оральды жолмен жүреді. Алдын-алу шаралары. · Бала ағзасының иммунитетін жақсарту және жұқпалы ауруларға қарсы тұру қасиетін жоғарлату – гигиена шаралары, таза ауада серуендеу, толыққанды тамақтану. · Жұқпалы аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезден бастап дәрігерге дер кезінде қаралу · Вакцинация 2. Грипп. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Грипп – ортомиксовирус тұқымдастығының РНҚ-құрамды вирус арқылы шақырылатын, ауа-тамшылы жолмен беріліп, тыныс алу жолдарын зақымдау және айқын интоксикация белгілелерімен жүретін жедел инфекционды ауру. Этиология. Қоздырғыш – РНҚ-геномды вирус, Influenzavirus тобы, Orthomyxoviridae тұқымдастығы. Вирустың үш типі белгілі – А, В, С. Эпидемиология. Инфекция көзі – науқас адам. Науқастар 1-аптада едәуір контагиозды. Берілу жолы – аэрозольды, берілу жолы – ауа-тамшылы. Ауру басынан өткергеннен кейін арнайы емес иммунитет қалыптасады.   3. Парагрипп. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Парагрипп – мұрын және көмейдің шырышты қабаты басым зақымдалып, орташа интоксикация белгілерімен көрінетін баланың тыныс жолдарының жедел инфекционды ауруы. Этиология. Парамиксовирус тұқымдастығы. РНҚ – құрамды. 5 типін ажыратады. Эпидемиология. Инфекция көзі – науқас адам, 7-10 күн контагиозды. Берілу жолы – ауа тамшылы. Ауру басынан өткергеннен кейін арнайы емес иммунитет қалыптасады.   4. Респираторлы-синцитиальды ( РС ) инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Респираторлы-синцитиальды инфекция – төменгі тыныс жолдарын басым зақымдайтын (бронхит, брохиолит, пневмония), ауалы-тамшылы жолмен берілетін жедел инфекционды ауру. Этиологиясы: Қоздырғыш – респираторлы-синцитальды вирус (РСВ) – РНҚ-құрамды, Paramixoviridae Pneumovirus тұқымдастығы. Эпилемиологиясы. РС инфекция жыл бойы тіркеледі, бірақ аурудың кең таралуы қыс және көктем мезгілдері балалар мекемелерінде болады. Инфекция көзі – науқас адам. Берілу жолы – ауа-тамшылы. Ауру басынан өткергеннен кейін арнайы емес иммунитет қалыптасады.   5. Риновирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Риновирусты инфекция –респираторлы вирустар – риновирустармен шақырылатын жедел инфекционды ауру. Ауру айқын мұрынның қабынумен жүретін (ринорея) катаральды белгілермен және жалпы әлсіщдікпен сипатталады. Этиология. Қоздырғыш – Rhinovirus. Пикорнавирус тұқымдастығы Эпидемиология. Ауру жыл бойы тіркеледі, бірақ аурудың кең таралуы қыс және көктем мезгілдері балалар мекемелерінде болады. Инфекция көзі – науқас адам. Берілу жолы – ауа-тамшылы, бірақ кей жағдайларда инфицирленген тұрмыс заттармен мүмкін. Науқас аурудың жедел барысында аса қауіпті. Көп жағдайда 5-7 жасар балалар ауырады. Ауру басынан өткергеннен кейін арнайы емес иммунитет қалыптасады.   6. Аденовирусты инфекция. Анықтамасы. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Аденовирусты инфекция – қызбамен, орташа интоксикациямен, жоғарғы тыныс жолдарының айқын катаральды белгілермен, көмейдің лимфоидты аппаратының реакциясымен және көздің зақымдалуымен жүретін жедел инфекционды ауру. Этиология. Қоздырғыш – Аденовирустар. Қазіргі уақытта 50 серовары белгілі, соның ішінде адамда 36 серологиялық нұсқалары кездеседі. ЖРВИ кезінде 3, 4, 7, 7а, 14, 21 көп бөлінеді. Эпидемиология. Ауру жыл бойы тіркеледі, бірақ аурудың кең таралуы қыс және көктем мезгілдері балалар мекемелерінде болады. Эпидемиологиялық кең таралу балалар мекемелерінде 2-3 жас аралығында жиі болады. Инфекция көзі – науқас адам және вирус тасымалдаушы. Берілу жолы – ауа-тамшылы, фекальды – оральды берілу жолы да болуы мүмкін. 7. Герпесті инфекциялардың этиологиясы және жіктелуі. Анықтамасы. Эпидемиологиясы  Герпес- Herpesrus вирустар тұқымдастығымен шақырылатын жұқпалы аурулар тобы. Жіктелуі: жай герпес вирусы (жай герпес), желшешек вирусы — зостер, ЦМВ, Беркитт лимфомасы вирусы (Энштейн — Барр вирусы).                                                                                                                                         Жай герпес -- ұзақ латентті ағыммен және сериодикалық рецидивтермен сипатталатын ауру,науқаста визикулярлы бөрту ошақтары болады.                                                                                                                                    Эпидемиологиясы. Әсіресе бұл ауру балалар арасында көп кезеседі, балаға өмірінің алғашқы 3 жылында бұл ауру жұғуы мүмкін. Өмірінің алғашқы айларында нәресте бұл аурумен көп ауырмайды, себебі трансплацентарлы жолыменен шешесінен алынған анти денелерге байланысты, ал егерде шешесінде иммунитет жоқ болса, онда бала өте ауыр, жайылған түрімен ауырады.Ауру көзі — ауру адам және тасымалдаушылар.Жұғу жолдары - қарым-қатынас, жыныстық қатынас және ауа тамшылы жолы. Туа пайда болған герпес инфекциясы туыт жолдарымен өтіп жатқан кезде жұғуы мүмкін.                                                                                                                                           Орама герпес — жекелеген сезімтал жүйке тамыры бойында тығыз орналасатын көпіршіктер мен сипатталатын жедел жұқпалы ауруы.Орама герпес және желшешектің қоздырғышы — бір вирус. Эпидемиологиясы: Орама герпес спорадикалық түрде байқалады, маусымдылық жоқ, бірақта көктемде, күзде жиі кездеседі көбінесе ересек адамдарда олар баяғыда осы вируспен кездескен, содан кейін вирус организмде қалған, латентті персистәнцияға айналады. Вирус көп жылдар бойы омыртқа арасындағы ганглияларда сақталады. . Гуморальды иммунитеттің жетіспеушілік әсерінен антиденелердің толық вирусты жоюға күші жетпейді. Жалпы және жергілікті иммунитетт әлсірегенде вирустың активизациясы байқалады, клиникасында теріде жекеленген процесс пайда болады. Көбінесе ауырады ересек балалар мен бала кезінде желшешекпен ауырып кеткен ере-сек адамдар. Ал орама герпеспен қатынаста болған серонегативті бала желшешекпен ауырады. 8. Қарапайым герпес. Эпидемиологиясы. Патогенезі Қарапайым герпес -- ұзақ латентті ағыммен және сериодикалық рецидивтермен сипатталатын ауру,науқаста визикулярлы бөрту ошақтары болады.                                                                                                                                    Эпидемиологиясы. Әсіресе бұл ауру балалар арасында көп кезеседі, балаға өмірінің алғашқы 3 жылында бұл ауру жұғуы мүмкін. Өмірінің алғашқы айларында нәресте бұл аурумен көп ауырмайды, себебі трансплацентарлы жолыменен шешесінен алынған анти денелерге байланысты, ал егерде шешесінде иммунитет жоқ болса, онда бала өте ауыр, жайылған түрімен ауырады.Ауру көзі — ауру адам және тасымалдаушылар.Жұғу жолдары - қарым-қатынас, жыныстық қатынас және ауа тамшылы жолы. Туа пайда болған герпес инфекциясы туыт жолдарымен өтіп жатқан кезде жұғуы мүмкін.      Патогенезі. Герпеспен ауру адам организмдегі патогенетикалық өзгерістер сипаты вирус-геномының адам клеткасының геномына интеграциялану мүмкіндігіне байланысты, атап айтқанда паравертебральды сезімтал ганглияларға және иммуноциттерге (лейкоцит, лимфоцит, макрофаггар) троптылығына байланысты. Осының барлығы жай герпес вирусының адам организмінде өмір бойы кездесуіне жағдай тудырады. Герпестік инфекцияны иммундық жұйенің жұқпалы ауруы ретінде қарайды, яғни иммунодефицит тудырады.Вирустың белгілі бір жағдайларда белсенділігі артады (салқын тигенде, күн еткенде, қатты шаршағанда), осы факторлар простогландиндер мен кортикостероидты гормондардың түзілуін арттырады. Вирустың клетка ішілік колонияларьшың ыдырауына әкеледі сосын вирустың бос ДНК-сы шығады.    9.Герпесті инфекцияларды алдын алу шаралары және болжамы Қарапайым герпес                                                                                                                           Болжамы қолайлы.                                                                                                                                                        Алдын алу шаралары: Балларға жалпы гигиена сақтауды дұрыс үйрету және білімін арттыру. Рецидив кезінде асқыну жолдарын болдырмау. Экзема,нейродерматитпен ауыратын науқастар герпеспен ауыратын адамдармен қатынастан алашақ болуы қажет.                                                                                                    Орама герпес.Болжамы қолайлы. Ауру толық сауығумен аяқталады.                                  Спецификалық алдын алу шаралары жоқ. 10.Желшешектің анықтамасы. Эпидемиологиясы. Патогенезі                                                           Желшешек -контагиозды индексі өте жоғары, 10 жасқа дейінгі балаларда жиі кездесетін, теріде және шырышты қабаттарда ұсақ көпіршіктердің пайда болуымен аздап жалпы улану белгілерінің болуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Желшешекпен ауырып кеткеннен кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.                                                                                                                           Эпидемиологиясы: Аурудың көзі болып ауру адам саналады. Ауру ауа-тамшылы жолмен беріледі және трансплацентарлы, бұл инфекция "ұшқыш инфекция" деп саналады, тез кең тарайды. Ауру әсіресе инкубациялық кезеңнің соңында 1 күн және бөртпе шығу кезеңінде адамға өте жұқпалы. Соңғы бөртпе шыққаннан соң 5 күннен кейін жұқпалы емес. Әсіресе аурудың рудиментарлы түрімен ауырған балалар айналасындағыларға өте кауіпті, бұл түрі өз уақытында анықталмайды, сондықтан ауру дер кезінде жекелембсйді, кейде мектепке, бақшаға барып жүреді. Ауру кейде орама герпесиси аурудан да жұғуы мүмкін. Бала желшешек вирусын өте тез қабылдағыш келеді. 6 айға дейінгі балалар желшешекпен өте сирек аурады, себсбі оларда шешесінен алған пассивті иммунитет болады. Жүктілік ксзініц соңғы 5 күнінде шешесі желшешекпен ауырса, онда ол ауыр түрде өтеді.                                                                                                                                                                   Патогенезі - аурудың (вирустың кіру есігі-ол жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттары). Инкубациялық кезеңнің соңында вирус қанға өтіп, тері мен шырышты қабаттардың эпителиалды клеткаларына отырады. Тері эпителиінде қабыну пайда болады: тікенек тәрізді қабаттын дискомплексациясы және вакуолизациясы болады, клетканың гиперплазиясы және көп ядролы клеткалы синцитиалар түзіледі. Эпидермис клеткаларының некрозы және тін аралық сұйықтықтың жиналу нәтижесінде дерма ішілік көпіршіктер пайда болады, бастапқы кезінде көп камералы сосын бір камералы болады. Шырышты қабатгардың эпителиі түлеп түсіп, мацерацияға ұшырап эрозиялар пайда болады. Көпіршіктер кері дамығанда - сұйықтық сіңірлерді және құрғақ қабық пайда болады. 11. Вирусты жұқпалы мононуклеоз (Эпштейн-Барр) ауруы. Анықтамасы. Эпидемиологиясы. Патогенезі Жұқпалы мононуклеоз — барлық лимфа түйіндерінің әсіресе мойын бездерінің шошынып үлкеюмен, бауыр және көкбауырдың ұлғаюымен, қан айналымында атипті мононуклеарлардың пайда болуымен сипатталатын, инфекциялық ауру.                                                                   Эпидемиологиясы : Ауру көзі — сырқат адам мен тасымалдаушы сау адам. Жер бетінде 80-100% Эпштейн-Барр вирусымен инфицирленген деп саналады. Жасына қарай аурудың дамуы әр түрлі. 3 жасқа дейінгі балаларда вирус мононуклеоздың латентті түрін тудырады не болмаса "ЖРВИ" атипті түрінде өтеді. 3 жастан асқан балалар, жас өспірімдер жұқпалы мононуклеоздың типті түрімен ауырады. Көбінесе 2-8 жас арасындағы балаларда жылдың әр мезгілінде, әсіресе көктем мен күзде байқалады.Жұғу жолдары ауа-тамшы, қарым-қатынас, тамақжолдары мен күнделікті қолданып жүрген заттар арқылы. Сілекейде вирус ұзақ сақталады, сол үшін осы ауруды "сүйіс ауруы" деп айтады. Қан құйғанда және жыныс арқылы жұғу мүмкін. Антиген қыздырып- ысытқанға тұрақты. Сырқат денесінде аурудан кейін тұрақты сисцификалық иммуиитет пайда болады. Патогенезі. ЖМ-дың дамуының 5 кезеңі бар (Д.Сидәрон үсы нуы бойынша).                                                 1 кезең — жұқтыру кезеңі — ретикулогистиоцит элементтері көбейеді. 2 кезең — лимфа түйіндерінің реакциясы кезеңі, вирус ретикулярлы клеткаға жабысып, көбейеді. Жауап ретінде лимфа түйіндерінде иммунологиялық реакция туындайды. Ретикулярлы және лимфоидты клеткалар көбейіп, иммунокомпетәнттік Т және В-лимфоциттер мен макрофагтар пайда болады. Аурудың өршігуі немесе жазылуы осы фазадағы иммунды комплекстің түзілуіне байланысты жүреді.                                                                                                                                                3 кезең — қан арқылы таралу кезеңі. Вирус регионарлы лимфадан қанға түсіп, лимфа тұйіндерін, бауыр мен көкбауырды, ОНЖ, кейде бүйректі зақымдайды. Осы кезеңде организмдегі аллергиялық және иммундық қайта құрылу өршиді. Арнайы антиген әсерінен организмде қан және клеткалық иммунитетті қамтамасыз ететін иммунокомпетәнтгік клеткалардың барлық түрлері пайда болады (иммуноглобулиндер, Тмен В-лимфоциттер). Вирус ретикуло — эндо-телиальды жүйенің юіеткаларында көбейеді. П.Ф. Здродовский осы кезеңде қосымша 2-ші флораның күшеюіне мән берген. Осыған байланысты организм сезімталдығы артады. Бұл флора организмнің гиперергиялық реакциясын тудыра алады (дене қызуы көтеріліп, іріңдібаспа дамиды т.б).                                                                                                                                                                                           4 кезең-жұқпалы аллергиялық                                                                                                                                               5 кезең-сауығу кезеңі. Организм иммунитетті барынша күшейіп, қоздырғышта толық арылады.

Цитомегаловирусты инфекция. Эпидемиологиясы. Патогенезі

Цитомегалия кең тараған вирусты ауру, көбінесе ерте жастағы балаларда клиникалықформалардың көп түрімен сипатталатын жеке бір типті морфологиялық көрінісімен — ядролы жеке цитоплазмалық қосындыларының, гигантты клеткалардың тізілуімен.       Эпидемиологиясы. ЦМВИ адам популяциясында барлық жерде тараған. Кездесу жиілігі және аурулардың жасы халықтың өмір сүру әлеуметтік — экономикалық жағдайларға тәуелді болып өзгеріп отырады. Серологиялық зерттеулер бойынша, экономикасы дамыған елдерде 35 жастан кейін 60% астам халықга ЦМВ-ке бағытталған комплемент байланыстыратын антиденелер табылады. Африка мен Қиыр Шығыстың кейбір елдерінде серопозитивті адамдардың саны 100%-ке жетеді. Америка және Жапония зерттеушілердің мәліметтері бойынша зерттелген жүкті әйелдердің 3,5-20%-де ЦМВИ-ның кли-никалық белгілері цервикальды қаналда табьшған. 15-30% жағдайларда сау еркектердің шәуһетінен ЦМВ бөліп алған.

Жұғуы. Қан, сілекей, зәр, шәуһат, ана сүті және басқа сұйықтар арқылы жұғады. Балалардың құрсақ ішілік және постнатальды даму кезінде кіру жолдары ол плацента, тері, шырышты қабаттар, тыныс жолдары болуы мүмкін.                                                                                             Патогенезі. ЦМВ организмге енген соң қанға түседі, не болмаса ауыз қуысының шырышты қабаттары аздап ісінген, қызарған, бадамшаларда жабындылар сирек кездеседі.Жиі ЦМВ интерстициальды өкпенің қабынуын тудырады.Өкпенің қабынуына тән белгілерден басқа гастроэнтеральды өзгерістер, бауыр функциясьшың өзгерістеріне тән белгілер кездеседі.Ауру ауыр түрде өтеді, ұзақтығы 2-4 аптаға созылады.Жайылған (генерализденген) түрі — жасанды немесе табиғи иммуносупрессиялы балаларда кездеседі.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 485; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!