Жіті панкреатит этиологиясы мен патогенезі



Жауабы:В.С.Савельев және басқа да авторлар (1983 ж.) жедел панкреатиттің этиологиясын шартты түрде 3 топқа бөледі:

1. Механикалық себептер – холедохолитиаз, жалпы өт өзегінің дивертикулы және ісіктері, он екі елі ішекпен оның үлкен бүртігі патологиялары нәтижесінде дамыған биллиарлы ұйқы бездік және дуоденалды-ұйқы бездік рефлюкстер ұйқы безі тінін зақымдауын топтастырады;

2. Нейрогуморалды себептерге – психоэмоционалды жүктемелер, стрестік жағдайлар, әр түрлі этиологиялы жедел қанайналым бұзылыстары, гормонотерапия жүргізу кезіндегі асқынулар жатқызылады;

3. Токсикоаллергиялық себептер тобына инфекция, аллергия, иммундық бұзылыстар, дәрілік препараттардың жанама әсері, уланулар кіреді.

Бұл аурудың дамуын түсіндіретін инфекциялық, қантамырлық, өзекшелік, аллергиялық, неврогенді теориялар бар.Қантамырлық теория бойынша үдерістің дамуын қан тамырлардың нервтік-рефлекторлық спазмы не салдануын шақырады.Аллергиялық теория – аурудың пайда болуын бауырдың барьерлік функциясының бұзылып, бөгде ақуыздардың жалпы қанайналымға түсуімен және әр түрлі себептер (ұйқы безі соғылуы, жарақаты, өт жолдарын зондтау қатарымен түсіндіреді.Инфекциялық-токсикалық теория – жедел панкреатит дамуын іш сүзегі, вирусты гепатит, паротит, сепсис, скарлатина тәрізді инфекциялық аурулармен байланыстырады.Өзекшелік теория-бұл теория негізінде өт жолымен панкреатикалық өзектердің анатомиялық байланыстары, олардың он екі елі ішекке сөл құяр алдында өзара жалпы өзекке түсуі жатыр. Мұндай анатомиялық ерекшелік өттің ұйқы безі өзегіне кері құюына әкеледі және оған фатеров бүртігінде өт тастарының болуы, Одди сфинктерініңспазмы немесе стриктурасының болуы ықпал етеді. Нәтижесінде жедел дамыған өзекішілік қысымының жоғарылауы терминалды өзек қабырғаларының өткізгіштігінің жоғарылауына және зақымдалуына әкеледі және ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі жоғарылап, энзимдер өзек сыртына шығып кетеді де, ұйқы безі тінінің аутолизін және паренхима инфильтрациясын дамытады. Сонымен қатар, жедел панкреатиттің жиі себебі ретінде спиртті ішімдіктер мен майлы тағамды мөлшерден тыс қолдану туғызадыАлкоголь Одди қысқышының тонусы мен резистенттілігін жоғарылатып, ұйқы безінің экзокринді сөлінің ағып шығуына кедергі жасайды және ұсақ өзектердегі қысыммен жоғарылауына әкеледі, асқазан сөлі мен тұз қышқылының түзілуін көбейтеді.

Кілт сөз:Механикалық,нейрогумаральды,токсикоаллергиялық,Одди сфинктері,алкогольдік факторлар,фатер бүртігі,

Кітап:Хирургиялық аурулар,Б.Ж.Нұрахманов, А.С.Ибадильдин, К.К.Амантаева, Алматы-2013ж.

12. Жіті парапроктиттің этиологиясы, патогенезі

Жауабы:Жедел парапроктит – параректалды шелмайдың қабынуы.

Этиологиясы:1.Параректальды микрофлоралардың енуінен

2.Ішек таяқшасы,стафилококк,стрептококк,грам оң және грам теріс таяқшалар,Е coli

3.Жамбас астаудың газды флегмонасы,гнилистті парапроктит,анаэробты сепсис

4.Туберкулез,сифилис,актиномикоз

Патогенезі: Инфекция анус безіне және аймағындағы шырышты қабатына дефекті кезінде, кейде тері арқылы, лимфогенді жол арқылы тік ішек айналасы тіндеріне түседі. Анус крипталарына 6-8 бездер ашылады. Терең крипталар инфекцияның енетін қақпасы болып табылады. Анус бездері іріңдеп, тік ішек айналасындағы тіндер қабынады. Бездер крипталар арасында өзектерді қабындырып, іріңді кисталар пайда болады. Ашық инфекциялар перианалды және параректалды келіп түседі. Тік ішектің шырышты қабаты микротравма алған кезде тас, қатты нәжіс, бөгде заттар, емдеу шараларын жүргізгенде, хирургиялық емдеу жүргізгенде пайда болады. Бұндай инфекциялар тік аралық қуыс лимфогенді және гематогенді жолмен түседі. Парапроктит екіншілік болуы мүмкін, ол қабыну аталық безінде, қуықта, әйел жыныс ағзаларында болғанда қабыну жолдарымен дамиды.

Кілт сөздер:Параректальды,лимфогенді,гематогенді,анус,крипта,газды флегмона

Кітап: Хирургиялық аурулар,Б.Ж.Нұрахманов, А.С.Ибадильдин, К.К.Амантаева, Алматы-2013ж

13.Өңеш обыры этиологиясы және патогенезі.

Жауабы:Қатерлі ісіктердің этиологиясы толық анықталмаған, бірақ әсер ететін факторлар бар:

    Тамақтану ерекшеліктері (ащты, қатты және ыстық тағамдар);

    Зиянды әдеттер (шылым шегу, алкоголь);

    50 жастан асқандар;

    Тұқымқуалаушылық;

    Созылмалы аурулары (күйіктік және пептикалық тыртықты стриктуралар, кардиоспазм, көкеттіңөңештік тесігінің жарығы, дивертикулдар).

Экзофитті ісік сау тіннен шеті анық болып, ішіне қарай жай өсетін ісік.. Эндофитті ісік өңештің барлық қабаттарында инфильтративті өсетін ісік.Инфильтративті карциномалар өңеш қабырғасынан лимфалық тамырларға дейін жайылып, метастаздануға бейім болады.

Кілт сөз:зиянды әдеттер,тұқымқуалаушылық,алиментарлы факторлар,кардиоспазм,дивертикулдар

Кітап:Хирургиялық аурулар,Б.Ж.Нұрахманов, А.С.Ибадильдин, К.К.Амантаева, Алматы-2013ж.

14. Асқазан обырының этиологиясы, патогенезі

Экзогенді факторлар: канцерогенді агенттердің әсері, тамақтанудың ерекшелігі.

– Алкоголь және темекі тарту.

– Тамақтану бұзылыстары. Ыстық тамақ, тұздалған ащы, қақталған, консервіленген тағамдарды көп қолданғанда, тұрып қалған азық-түлік асқазан обыр ауруына алып келуге себеп болады.

–– Вирустар, Эпштейн—Барр вирусы.

– Сүт және сүт өнімдерін аз қолданғанда.

–Хеликобактериялар. Асқазан обыры Helicobakter Pylori-мен болатын созылмалы гастриттен кейін де дамиды.

Эндогенді факторлар:

–Асқазан ойық жарасының кейіннен асқазан ісігіне ауысуы.

– Ішектік типті дисплазиялық эпителийдің жоғарғы дәрежес

–Витамин В12 – жетіспеушілік анемиясы.

-тұқымқуалаушылық

Асқазан обырының жиі дамуында пернициозды анемия, созылмалы атрофиялық гастрит, тегіс аденома, папилловирусты аденома, асқазанның бұрын өткен резекциясы. Асқазан ісігінің макроскопиялық түрлері: экзофитті, эндофитті және аралас.

Экзофитті (полип, саңырауқұлақ және табақша тәрізді ісік жиегі) анық болуымен сипатталады. Олардың түрлері полип, табақшалы немесе саңырауқұлақ тәрізді өседі. Қатерлі өсу эндофитті түрінде кездеседі. Инфильтративті карциномалар асқазан қабырғасынан лимфалық тамырларға дейін жайылып, метастаздануға бейім болады. Эндофитті түрінің макроскопиясында жаралы-инфильтративті, беткей, табақша тәрізді және жайылмалы болады. Ісіктің эндо- және экзофитті өсуі қатар жүруін аралас түріне жатқызады.

Кілт сөздер: Тамақтану бұзылыстары, эндофитті, экзофитті

15. Геморройдың этиологиясы, патогенезі

Жауабы:Этиологиясы------ 1.Алиментарлық факторлар

 2. Артқы сфинктерде өтетін тік ішек көктамырында қанның қалыпты ағу процессінің бұзылысынан

3.Мех.фактор әсерінен(іш қату,креслода ұзақ-көп отыру,қатты-ұзақ мерзімге созылған      жөтелу)

4.Инфекциялар(колит, тік ішек веналарының флебиті)

5.Көктамыр жүйесінің туа біткен жетіспеушілігі,аномалиялары.

6.Генетикалық бейімділік.

Патогенезі. Жоғарыдағы факторлардың әсерінен кіші жамбас мүшелері мен тік ішектің қанмен толуын күшейтеді. Тік ішектің шырышты қабатының гиперемиясын шықырады, ал ащы тағам гиперемияны күшейтеді. Сонымен қатар жоғарғы тік ішектік веналар жүйесіндегі веналық қақпақшалардың болмауы және тамырлардағы гидростатикалық қысымның көтерілуі қанның кері қайтуына әкеледі. Одан әрі қанның тік ішектік веналарда іркіліп, тұрып қалуы туындайды.

Кілт сөз:инфекциялар,генетикалық бейімділік,механикалық факторлар,көктамыр

Кітап:Хирургиялық аурулар,Б.Ж.Нұрахманов, А.С.Ибадильдин, К.К.Амантаева, Алматы-2013ж.

 

Балалар хиургиясы


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 1434; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!