Елі ішек жара ауруы, этиопатогенезі.



Хирургиялық аурулар

Балл

1.Өңеш ахалазиясы этиологиясы,патогенезі

Жауабы:

Этиологиясы.

1.Механикалық жарақаттар

2.Өңештің туа біткен аномалиялары

3.Инфекция Вирус Бактерия

4.Өңеш кардиясының спазмы

5.Нейрогумаральдық бұзылыстар

Патогенезі.1.Микулич теориясы-өңештің төмеңгі бөлімініңқұрысуы,осыдан кардиоспазм термині шыққан. 2.Херст теориясы-босаңсу қабілеті бұзылған өңештің кардиялды сфинктерінің нерв бұлшық еттік аппаратының координациясының бұзылуынан. 3.Қазіргі таңда ахалазияның себебі болып Бұлшықет аралық Ауербах өрімдерінің дегенерациясы және төменгі өңештік сфинктердің токсикалық зақымдануы болып есептеледі.

Кілт сөздер:Микулич теориясы,Херст теориясы,кардиальды сфинктер,нейрогумаральды бұзылыс,өңеш сфинктері және бұлшықеттер

Кітап:Хирургиялық аурулар,Б.Ж.Нұрахманов, А.С.Ибадильдин, К.К.Амантаева, Алматы-2013ж.

2.Өңеш дивертикулының этиологиясы мен патогенезі

Жауабы:Жұтқыншақ-өңештік дивертикулдар. Дивертикулдар өңештің артқы қабырғасындағы жұтқыншақтың төменгі констрикторының циркулярлы талшықтары және өңештің бұлшықетінің бойлық талшықтары арасында пайда болатын бұлшықет қабаты нашар дамыған үшбұрыш тәрізді ауданда (Леммер–Киллиан және Ланнье–Геккерман үшбұрыштары) дамиды. Дивертикулдың дамуында үш кезеңді ажыратады: 1) өңештің шырышты қабатының бұлтиып шығуы; 2) дивертикулярлы қаптың қалыптасуы, ол жиі өңеш пен омыртқадан төмен және сирек интрамуралды, өңеш қабырғасын қабатсыздандыра отырып қалыптасады; 3) дивертикул көлемі үлкейіп, оның көкірек аралық қуысқа түсуі.

Эпибронхиалды дивертикулдар. Дивертикул өңешті қоршаған лимфа түйіндеріндегі қабыну үрдісі нәтижесінде түзіледі. Ол кеңірдек бифуркациясымен өңештің қиылысатын жерінде кездеседі. Дивертикул өңештің алдыңғы оң жақ немесе алдыңғы сол жақ қабырғасының қабаттарының конус тәрізді бұлтиюы ретінде көрінеді.

Эпифреналды дивертикулдар. Өңештің дисталды бөлімдерінде болады. Көп жағдайда егде жастағы адамдарда кездеседі. Жиі көкеттің үстінде орналасады. Өңештің артқы немесе оң жақ қабырғасында көкеттен 2–11 см жоғары орналасады. Дивертикулдың шығу тегі төменгі өңештік сфинктердің функциясының бұзылысы немесе механикалық кедергі әсерінен өңеш қуысындағы қысымның жоғарылауында. Олар жиі ахалазиямен, эзофагоспазммен, көкет тесігіндегі өңеш жарықтарымен үйлеседі.

Кілт сөздер:Леммер-Киллиан,Ланнье-Геккермен үшбұрышы,

Кітап:Хирургиялық аурулар,Б.Ж.Нұрахманов, А.С.Ибадильдин, К.К.Амантаева, Алматы-2013ж.

3.Өңеш жарақатарыныңжіктелуі .

Жауабы:

Зақымдану деңгейі: өңештің мойын, кеуде, абдоминалды бөлімдерінің зақымданулары.

Орналасуы: алдыңғы, артқы, сол жақ және оң жақ қабырғаларының қарама-қарсы қабырғаларының зақымданулары және циркулярлы зақымданулар.

•      Зақымдану себебі: сыртқы жарақат (тесілген, кесілген, жұлынған, оқ жарақаттары, бөгде заттар, хирургиялық операциялар немесе аспапты манипуляциялар, ятрогенді зақымданулар), спонтанды жыртылулар.

•      Үйлескен зақымданулар: медиастиналды плевраның, трахео-бронхиалды жолдардың, ірі қантамырларының, көкірек аралыққа жалған ену жолы.

Кілт сөздер:хирургиялық операциялар,манипуляциялар,циркулярлы,абдоминальды,спонтанды

Кітап:Хирургиялық аурулар,Б.Ж.Нұрахманов, А.С.Ибадильдин, К.К.Амантаева, Алматы-2013ж.

4.Асқазанның ойық жара ауруы. Этилогиясы және патагенезі Этиологиясы: Helicobacter pylori. Жауабы:Ульцорогендік негізгі себебі қолайсыз эндогенді және экзогенді факторлар.Алиментарлы факторлардың маңызы зор (тамақтану тәртібінің бұзылуы: ірі тағамдарды ұзақ пайдалану және тағы басқа), нервті-психикалық фактор, асқазан сөлінің секрециясының жоғары болуы және қорғаныс факторы активтілігінің төмендеуі (мукопротеидтер, бикарбонаттар), алкоголді жиі қолдану, тұқымқуалаушылық факторы және тағы басқа.

Жара ауруының патогенезінің бірнеше теориялары бар:

Вирхов, Рокитанский тамырлық теориясы: асқазан тамырларының зақымдалуы (тромбоз, склероз, эмболия) нәтижесінде асқазан қабырғасының қоректенуі бұзылады және жараланады.

Келлинг пен Габерердің химиялық теориясы: Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылағанда, асқазан кілегей қабатын қорыта бастап, ойық-жараға әкеледі.

Ашофтық механикалық теориясы. Асқазанның кілегей қабаты тамақ ішкенде күнделікті механикалық, физикалық, химиялық травматизацияға ұшырайды.

Бергманның нейрогенді теориясы. Науқастың өмірінде вегетативті өзгерістері бар болса (тершеңдік, дермографизм, алмасу бұзылулары) жиі ойық жара кездеседі.

Конечныйдыңқабынутеориясы. Жараныңпайдаболуынгастритпенбайланыстырады.

Инфекциялық теория. Көптегенгастроэнтерологтар жара ауруыныңбастыэтиологиясынамикробтыинвазияныHelicobacterpyloriдепайтады.

Кілт сөздер:Helicobacter pylori,алиментарлық фактор,тромбоз,химиялық теориясы,механикалық теория,нейрогенді фактор

Кітап:Хирургиялық аурулар,Б.Ж.Нұрахманов, А.С.Ибадильдин, К.К.Амантаева, Алматы-2013ж.

елі ішек жара ауруы, этиопатогенезі.

Жауабы:Этиологиясы: Helicobacter pylori. Ульцорогендік негізгі себебі қолайсыз эндогенді және экзогенді факторлар.Алиментарлы факторлардың маңызы зор (тамақтану тәртібінің бұзылуы: ірі тағамдарды ұзақ пайдалану және тағы басқа), нервті-психикалық фактор, асқазан сөлінің секрециясының жоғары болуы және қорғаныс факторы активтілігінің төмендеуі (мукопротеидтер, бикарбонаттар), алкоголді жиі қолдану, тұқымқуалаушылық факторы және тағы басқа.

Жара ауруының патогенезінің бірнеше теориялары бар:

Вирхов, Рокитанский тамырлық теориясы: асқазан тамырларының зақымдалуы (тромбоз, склероз, эмболия) нәтижесінде асқазан қабырғасының қоректенуі бұзылады және жараланады.

Келлинг пен Габерердің химиялық теориясы: Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылағанда, асқазан кілегей қабатын қорыта бастап, ойық-жараға әкеледі.

Ашофтық механикалық теориясы. Асқазанның кілегей қабаты тамақ ішкенде күнделікті механикалық, физикалық, химиялық травматизацияға ұшырайды.

Бергманның нейрогенді теориясы. Науқастың өмірінде вегетативті өзгерістері бар болса (тершеңдік, дермографизм, алмасу бұзылулары) жиі ойық жара кездеседі.

Конечныйдыңқабынутеориясы. Жараныңпайдаболуынгастритпенбайланыстырады.

Инфекциялық теория. Көптегенгастроэнтерологтар жара ауруыныңбастыэтиологиясынамикробтыинвазияныHelicobacterpyloriдепайтады.

Кілт сөздер:Helicobacter pylori,алиментарлық фактор,тромбоз,химиялық теориясы,механикалық теория,нейрогенді фактор

Кітап:Хирургиялық аурулар,Б.Ж.Нұрахманов, А.С.Ибадильдин, К.К.Амантаева, Алматы-2013ж.


Дата добавления: 2018-06-01; просмотров: 742; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!