Б) менингококкты назофарингит  2 страница



в)  менингеалды синдромдардың оң болуы

г) ернінде және мұрнында ұшық бөртпелерінің болуы

д) Аурудың жедел басталуы

 

278. 10-сынып оқушысы қалтырауға, өте қатты басының ауруына, шөлдеуге шағымданады. 1-күні ауырып жатыр. Температурасы 40,0 °С. Есі шатасқан. Терісі бозарған. Санында және жанбасында майда нүктелі петехия және мөлшері 3-4 см дейін қан ұюлар бар. Желке бұлшықетінің тартылуы және Керниг симптомы күдікті. Пульс 120 рет мин, толымдылығы әлсіз, жүрек тондары бәсеңдеген, АҚҚ 85/55 мм сн.бғ., ДЖ 28 мин. Қан анализінде : лейкоцитоз 22х109/л солға жылжыған, ЭТЖ 26 мм/сағ. Мүмкін болатын  диагноз:

а) Тұмау

б) Септицемия

в) Менинкококкты жұқпа. Менингококцемия

г) Тромбоцитопениялық пурпура

д) Шенлейн—Генох ауруы  (геморрагиялық  васкулит).

 

279. Жұлын сұйықтығының келесі болжамды анализі қандай ауруға тән: түсі бұлынғұр ақ –сары. Цитоз – 4500 в мкл, нейтрофильдер – 89%, ақуыз – 2,2 г/л, қан аздап төмендеген .

а) Энтеровирусты менингит

б) Туберкулезды менингит

в) Субарахноидальді қан төгілулер

Г) Менингококкты менингит

д) Лептоспирозды менингит

 

280. Жасөспірім 18 жаста. Колледж студенті, температурасының жоғарылауына, тамағының ауруына, мұрын бітелуіне шағымданады. Ауру жедел 2 күн бұрын фебрильді температурадан, жұтынғанда тамақ ауруынан, мұрын бітелуінен, аздап бас ауруынан, әлсіздіктен басталды. Объективті қарауда тері таза. Бірнеше жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Ауыз-жұтқыншақта таңдай гиперемияланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы гиперемияланған, ісіген және түйіршіктелген. Науқастың досы осыдан 3 күн бұрын менингит диагнозымен госпитализацияланған. Емхана дәрігері ЖРА-ны диагностикалап, кальций глюконатын, аскорутин, нафтизин және ауыз қуысын тұзды ерітіндімен шаюды тағайындайды.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісі қажет?

а) Жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышын бактериологиялық

  зерттеу

б) Қанды бактериологиялық зерттеу

в) Зәрді бактериологиялық зерттеу

г) Жұлын-ми сұйықтығын бактериоогиялық зерттеу

д) Нәжісті бактериологиялық зерттеу

 

281. Науқас 17 жаста, ауру жедел температураның 38°С көтерілуімен, қалтыраумен, селқостықпен басталып, 3 сағаттан соң температура тағы 39,5°С көтерілген. Жедел жәрдем шақырылып, кетонал енгізілді. Келесі күні қатты әлсіздік пен үлкен буындарда ауру сезімі пайда болды. Қайта шақырылған жедел жәрдем дәрігері кеуде қуысындағы, жамбастағы, іштегі көптеген бөртпелерге мән береді. Пульсі минутына 120 соққы, АҚ 90\60 мм.с.б. Акроцианоз, жағдайы ауыр. Тобық терісінде, санда, жамбаста және іште көптеген қызғылт бөртпелер мен бірен-саран гепоррагиялар бар. Жүрек тондары тұйық, минутына 120 рет соғады, АҚ 85\60 мм.с.б. Ауызжұтқыншақ шырышы бірқалыпты гиперемияланған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Зәр 300 мл бөлінді.

Болжам диагнозы:

а) қызылша

б) септицемия

в) менингококцемия

г) тромбоцитопениялық пурпура

д) Шенлейн-Генох ауруы

 

282. Науқас Т, 16 жаста, лицей оқушысы, лицейде ЖРА жағдайлары кездескен. Ауруханаға аурудың 6 күні түскен. Ауру қалыпты температура көрінісінде мұрын бітелу мен жөтелден басталды. Аурудың 5 күні температура 40°С көтерілген. Жағдайы нашарлаған. Тамақ қабылдаумен қатысы жоқ, құсу, бас ауруы, адинамия мен әлсіздік пайда болды. Түскен уақытта: жалпы жағдайы өте ауыр, есі анық емес, инъекцияларға жауабы әлсіз. Көз қарашықтары ұлғайған, жарыққа сезімтал. Желке бұлшықеттері құрысқан, Кернинг симптомы оң. Жалпы гиперестезия көрінеді. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны тұйық, пульс минутына 130 соққы. АҚ 100\50 мм.с.б.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

а) Тұмау, менингитпен асқынған;

б) Менингококты жұқпа, менингит;

в) Аденовирусты менингит;

г) Паратұмауды менингит;

д) Екіншілікті іріңді менингит.

 

283. Науқас К, 20 жаста, ауруы жедел бас ауруымен, температураның 40°С көтерілуімен, тәбеттің төмендеуімен, әлсіздікпен, аяқ-қол және бел бұлшықетінде ауру сезімі пайда болуымен басталды. Келесі күні табан, тобық, санда геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Тері жабыны бозғылт. Желке бұлшықеттері құрысқан. АҚ 90\60 мм.с.б., пульс 100 с\мин.

ЖҚА: лейкоциттер 20·109/л. Жас клеткалар мен миелоциттерге, анэозинофилиға дейін лейкоцитарлы формула солға ығысқан. ЭТЖ 40мм\сағ.. Тромбоциттер 120 мың.

Церебральды сұйықтық: бұлыңғыр, қысыммен ағады, Панди реакциясы (+++), ақуыз 0,33; қант қалыпты.

Қандай ауруды ойлауға болады?

а) тұмау, менингитпен асқынған;

б) менингококкокты инфекция, менингит;

в) менингококкты инфекция, менингит+менингококкемия;

г) менингококковая инфекция, менингококкемия;

д) екіншілікті іріңді менингит

 

284. Науқас 20 жаста, ауруханаға аурудың 1 күні түскен. Жедел ауырды: түнгі сағат 2-де қатты бас ауруымен, температура 39,5°С болған соң, аспирин ішкен, нәтиже болмаған, жеңілдік әкелмейтін көп мөлшерде құсу болған. Бас ауруынан ыңырсиды, есі бар, әлсіз, есенгіреген. Жалпы тері гиперестезиясы. Температура 39,2°С. Қуық толса да, кіші дәретке шықпайды. 2 көлденең саусақ көлемді желке бұлшықеттері құрысқан. Екі жақтанда Кернинг симптомы оң,

Сіздің диагнозыңыз?

а) Менингококкты жұқпа

б)Тұмау

в) Тағамдық токсикоинфекция

г) Жедел респираторлы-вирусты жұқпа

д) Бассүйек-милық жарақат    

 

285. Науқас С, 20 жаста, ауруханаға жедел жәрдеммен әкелінген. Жедел ауырған. Температура 40°С дейін көтерілген, аурудың басталуының 2-ші сағатында аяқ терісінде бөртпелер пайда болып, тез көбейе берген.

Объективті: тері жабыны бозғылт, аяқты, тұлғада некротикалық элементті аймақтары бар көптеген геморрагиялық бөртпелер көрінеді. ТАЖ минутына 36 рет, пульс 110, АҚ 60\20 мм.с.б. Диурез төмендеген, менингиальды белгілер теріс.

Болжам диагноз қандай?

а) қызылша

б) септицемия

в) менингококцемия

г) тромбоцитопениялық пурпура

д) Шенлейн-Генох ауруы

 

 

286. Науқас Е, 32 жаста, есепші. Жедел ауырды. Басы ауырып, дене температурасы 40,2°С көтеріліп, қалтырау пайда болды. Теледидарды өшіруді сұрап, жарықтан қорқып, көзін жұмып жатты. Кешкілік екі рет құсу болып, «пульсирленген» бас ауруы сақталып тұрды. Ертен таңертеңгілік жағдайы ауырлай түсті: қайда отырғанын білмей, жұмысқа баруды ойлап отырды, тұрған кезде құлап қалды.

Жағдайы ауыр, есі анық емес. Бағыттан адасқан, бірақ өз атын біледі және қатты бас ауруына шағымданады. 39,2оС. Беті өте бозғылт. Іштің, жамбастың, аяқтың терісінде майда көк-күлгін түсті жұлдызшалы бөртпелер, ал қолда петехиалды дақтар бар. Желке бұлшықетінің қатты құрысуы байқалып, Керниг симптомы оң нәтижелі. Пульс минутына 110 соққы, ритмді. АҚ 130/90 мм.с.б. Жүрек тондары анық. Жұлын-ми сұйықтығы пункция кезінде қатты қысыммен алынып, бұлыңғырлы, жоғары нейтрофильді (99%), плеоцитозбен – 15 400 кл /мл; ақуызы – 2,64 г/л; Панди реакциясы (++++). Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

а) тұмау, менингитпен асқынған;

б) менингококкокты инфекция, менингит;

в) менингококкты инфекция, менингит+менингококкемия;

г) менингококковая инфекция, менингококкемия;

д) екіншілікті іріңді менингит

 

287. 27 жасар, балабақша күтушісі, Р науқасқа жедел респираторлы аурулар жағдайы тіркелген балабақшаға жедел жәрдем көмегі шақырылды. Дәрігер науқасты киімінде құсық қалдықтары бар, ессіз күйде көреді. Қызметкерлер айтуы бойынша, науқас жұмысқа кешігіп келіп, өзінің тұмаумен ауырып, тамағының, басының ауырып тұрғанын, қалтырауын айтты. Медициналық бөлмеге алып барғанда, есінен танып қалғанын айтты.

Дене температурасы 40,00 С, есі жоқ. Терісі ылғалды, цианозды, іште, кеудеде, санда геморрагиялық бөртпелер бар, бөлек жұлдызшалы қан құюлылар көрінді. Ентікпе, пульс 120 с\мин, толымдылығы әлсіз, жүрек тондары тұйық. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Мойын бұлшықеттері құрысқан. Кернинг пен Брудзинский белгілері оң.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

а) Электрокардиография

б) Биохимиялық қан талдамасы

в) Жалпы зәр талдамасы

Г) Ликвор талдамасы

д) Жалпы қан талдамасы.

 

288. Науқас С, 20жаста, аурудың бірінші күні ауыр жағдайда инфекциялық бөлімшеге түсті. Қатты басы ауырып, көп құсып, лезде дене температурасы 40°С дейін көтерілген. Бас ауруы дене қалпын өзгерткенде, қатты жарықта, дыбыстарға күшейіп отырған. Бір сағаттан кейін психоматорлы қозулар мен ауыр таралған құрысулар басталған. Жедел жәрдем көмегі шақырылып, науқас инфекциялық бөлімшенің қабылдау бөліміне жеткізілді.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

а) Электрокардиография

б) Биохимиялық қан талдамасы

в) Жалпы зәр талдамасы

Г) Ликвор талдамасы

д) Жалпы қан талдамасы.

 

289. Науқас 34 жаста, ауруханаға ауруының екінші күні «тұмау, токсикалық түрі» диагнозымен түскен. Ауру аяқ астынан бас ауруымен, дене температурасының 39,5° көтерілуімен, жалпы әлсіздікпен, қалтыраумен басталған.

Жағдайы өте ауыр. Температурасы 39,7°. Интоксикация симптомы, адинамия, есінің есенгіреуі көрінеді. Науқас бозғылт, ерні цианозды. Аяқ-қолында, әсіресе дистальды бөлігінде, жамбаста және тұлғасында көптеген дұрыс емес формалы геморрагиялық бөртпелер бар. Көптеген бөртпелер жұлдызша формалы. Жүрек тондары тұйық. Пульс 124 с\мин, толымдылығы әлсіз. АҚ 60/20 мм.с.б. Өкпеде визикулярлы тыныс. Аран бірқалыпты гиперемияланған. Тілі құрғақ, сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Менингиальды симптомдар жоқ. Температура Больной, 34 Олигоурия. Болжамды диагноз қандай?

а) қызылша

б) септицемия

в) менингококцемия

г) тромбоцитопениялық пурпура

д) Шенлейн-Генох ауруы

 

290.Науқас К., 16 жаста, оқушы. Таңертең ауырған, кенеттен қатты бас ауру, қалтырау пайда болған. Дене температура 38,5°. Бірнеше рет құсу болған. Кешке қарай жағдайы нашарлаған. Науқас оқитын сыныпта жедел респираторлы аурудың бірнеше жағдайы болған.

Жағдайы ауыр: науқас ессіз жағдайда, басы артқа шалқайған күйінде бір бүйірінде жатыр. Қозғалыстық қозғыштық бар. Температура — 40°. Тері жамылғылары бозғылт. Тілі ақ жабындымен жабылған. Пульс 130 рет мин., толымы әлсіз. Жүрек тондары тұйық. АҚҚ 80/50. Ентікпе, 1 мин. Ішінде 36 тыныс алу. Іші ішке тартылған, жұмсақ. Қарау кезінде екі рет құсу болды. Аннзокория. Сол жақ мұрын-ерін қатпарының жазылуы бар. Желке бұлшықетінің тырысуы 5 см. Керниг пен Брудзинский симптомдары оң.

Қандай ауру туралы ойлау керек?

а)менингитпен асқынған тұмау;

б) менингококты жұқпа, менингит;

в) аденовирусты менингит;

г) паратұмауды менингит;

д) екіншілік іріңді менингит.

 

291.Науқас А., 16 жаста, колледжде білім алушы. Ауыр жағдайға байланысты шағымдарын анықтау мүмкін болмаған. Анасының сөзінше, кешке қарай қатты бас ауруға шағымданы, әдеттегіден ертерек ұйқтап қалған. Түнде қатты қалтырау пайда болып, температурасы 39,7° болып, бір рет құсқан, ауру мазасызданып кеткен. Ата-анасымен үйде тұрады, бірақ жиі жолдастарын жатақханаға барып тұрады. Жолдастарының біреуі тамағының қырылуына және мұрнының бітелуіне шағымданған.

Жағдайы қатты ауыр, ессіз жағдайда, кей кездері қозғыштық байқалады, температура 40°, желке бұлшықеттерінің тырысуы 3 см, Керниг симптомы оң. Денесінде геморрагиялық полиморфты бөртпе бар. Пульс 1 мин. Ішінде 120 рет. Зәр шығаруы еріксіз.

Болжас диагнозы қандай?

а) Қызылша;

б) Септицемия;

в) Менингококцемия;

г) Тромбоцитопениялық пурпура;

д) Шенлейна—Генох ауруы.

 

292.Науқас М., медициналық пунктке сағат 6.00-де желке аймағында тұйық ауру сезіміне, қайталамалы құсуға, мойын, арқа бұлшықеттерінің ауруына, жарыққа, шуға жоғары сезімталдылыққа шағымданып келді. Жедел ауырған, ауруы сағат 20.00-де басталып, кенеттен бас ауру, құсу болған. Түнде бас ауру күшейіп, екі рет құсқан.

Жалпы жағдайы ауыр. Температура – 40,8˚С. Әлсіз, есеңгіреген. Сол жақ қырында басын артқа шалқайтып, аяқтарын ішке жинап жатыр. Денесінің терісінде ауқымды «жұлдызшалы» геморрагиялық бөртпелері бар. Пульс - 1 мин. ішінде 104 рет, ырғақты. АҚҚ 110/60 мм с.б. Жүрек тондары тұйық, тыныс жиілігі – 26 рет/мин. Өкпе үстінде анық перкуторлы тон, везикулярлы тыныс. Бауыры мен көкбауыры ұлғайған. Желке бұлшықеттерінің тырысуы өте айқын көрінген, Керниг симптомы оң.  

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

а) Менингитпен асқынған тұмау;

б) менингококтыжұқпа, менингит;

в) менингококтыжұқпа, менингит+менингококкемия;

г) менингококты инфекция, менингококкемия;

д) екіншілік іріңді менингит.

 

293.Науқас П., жедел респираторлы ауру бойынша стационарда 3 күн бойы ем қабылдаған. Кешке дене температурасы 39,7˚С дейін жоғарылаған. Таңертенгілік әлсіздік, есеңгіреу пайда болған. Сұрақтарға анық емес жауап береді. Бүкіл денесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Бет, дене, аяқ-қолдары терісінде ауқымды розеолалардан, петехия, экхимоздардан тұратын, геморрагиялық элементтері басым экзантемалар бар. Тобық терісінің мәрмәр түсті болуы, акроцианоз. Пульс – 1 мин. Ішінде 120 рет, ырғақты, толымы мен күші әлсіз. АҚҚ 70/40 мм с.б. Жүрек тондары тұйық. Өкпе үстінде әлсіреген везикулярлы тыныс, тыныс жиілігі -1 мин. Ішінде 26 рет. Пальпацияда іші жұмсақ. Этиотропты ем ретіндегі дәрі-дәрмекті тағайындаңыз: 

А) Левомицетин

б) Пенициллин

в) Эритромицин

г) Канамицин

д) Аугметин 

 

294.Науқас Н., 16 жаста. Оқушы. Бас ауруға шағымданады.

Жағдайы орташа ауырлықта. Байланысқа түседі, бірақ әлсіз, апатиялы. Тері жамылғылары мен аран гиперемияланған. Пульс 1 минутта 90 рет, температура 39°. Жүрек тондары тұйықталған, өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, мезогастрий аймағында аздар ауырсыну бар. Екі жақты жеңіл Керниг симптомы және желке бұлшықеттерінің шамалы тырысуы анықталды. Қан анализі: ЭТЖ - 32 мм/сағ, L—6600, (нейтр. - 70%; лимф. - 26%; мон. - 4%). Зәрі өзгеріссіз. Жұлын-ми сұйықтығы мөлдір, түссіз; цитоз—100 клетка (90 лим­фоцит, 10—нейтрофил). Белок — 0,099%○. Панди реакциясы +.


Дата добавления: 2018-05-13; просмотров: 1001; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!