Б) ИФА вирусты гепатит маркерларымен



Пән бойынша тесттер 1.Көрсетілген мамандардың қайсысы уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын құжаттарды беруге құқылы? • Жедел жәрдем бекетінің дәрігері • Қан құю бекетінің дәрігері • Бальнеологиялық емханасының дәрігері • Емхана дәрігері • Сот-медициналық сарапшысы   2.Жұқпалы ауру анықталған жағдайда шұғыл хабарлама қандай мерзімде жіберілуі керек? • тезарада • 12 сағатта • 1 тәулікте • 2 тәулікте • 7 тәулікте   3.Инфекциялық науқастар мен жұқпалы ауруға күдіктілер ауруханаға жатқызылады: • Кез келген емдеу мекемесіне • Қоғамдық көлікпен • Көлікте әртүрлі инфекциялы бірнеше науқас жеткізіледі • Науқас кез келген бокс, жартылай бокс, палатаға жатқызылады • Аурудың сипатына сәйкес ауруханаға жатқызылады   4. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің қабылдау бөлмесінің құрылымы: • Жұқпалы науқастар бір бөлмеде қабылданады • Науқастарды қабылдау жұқпанын түріне қарай әр түрлі бокстарда жүзеге асырылады • Жұқпалы аурулар бөлімшесінің қабылдау бөлмесі көп салалы аурухананың қабылдау-зерттеулік бөлімшесінде орналасады • Жұқпалы аурулар бөлімшесінің өз қабылдау бөлмесі болмайды • Науқастар бірден клиникалық бөлімшеге жатқызылады   5.Жұқпалы ауруға күдіктенгенде СЭС-на қандай құжат жіберіледі? • Шұғыл хабарлама • Тіркеу журналы • Ауру тарихы • Санэпидбарлау картасы • Заттық түбіртек   6. Инфекциялық стационардың қабылдау бөлмесіне бір уақытта: вирусты гепатит, іш сүзегі, күл ауруы, тағамнан улану жұқпасы диагноздарымен төрт науқас түседі. Қабылдау бөлмесінде науқастарды қабылдауда қандай құжатнама қолданылады? • Эпидемиологиялық тексеру картасы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама • Уақытша еңбек қабілетін жоғалту парағы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама. • Ауру тарихын тіркеу журналы, шұғыл хабарлама. • Аса қауіпті жұқпаларды тіркеу журналы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама. • Науқастарды тіркеу журналы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама.   7. Өліктің секциясы кезінде бауырда диаметрі 5 см үлкен көпіршік анықталған. Оның ішінде мөлдір сұйықтығы бар көп ұсақ көпіршіктер қөрінеді. Үлкен көпіршіктің айналасындағы тіндер склерозға ұшыралған. Мүмкінді диагноз қандай? • Описторхоз • Альвеококкоз • Цистециркоз • Эхинококкоз • Шистосомоз     8.17 жасар науқас қыз аурудың 2-күні сол жақ мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауырсынумен түсті, дәреті жиі, сұйық, шырышты. Дене қызуы 38ºС, сигма тәріздес ішек қабынған, пальпацияда ауырсынады, нәжісінде көп мөлшерде шырыш. Н.В. Громашевский жіктеуі бойынша мұндай науқастын ауруы қандай болады : • Аэрогенді • Қандық • Қатынастық • Ішектік • Аралас   9.Науқас М., 35 жаста, жедел ауырған: әлсіздік, жүрек айну, эпигастральдық аймақта ауырсыну байқалды. 3 рет тағаммен құсу болды, қайталанған көп мөлшердегі сұйық нәжіс. Дене қызуы 38,5°С-қа дейін көтерілді. Жағдайы ауыр. Науқас әлсіз, өңі бозарған. Тілі құрғақ, кірлі-сұр түсті жабындымен жабылған. Жүрек соғысы минутына 116 рет. АҚҚ – 90/55 мм сн. бғ. Жүрек тондара әлсіз. Іші жұмсақ, аздап желденген, эпигастралды, кіндік тұсы және оң жақ мықын аймақтарында ауырсынады. Перитонеальдық белгілер жоқ. Нәжісі сұйық, мол, жасыл түсті, патологиялық қоспаларсыз. Науқастан қандай эпидемиологиялық мәліметтерді анықтау қажет? • Донорлық қан құю. • Баспамен ауыратын науқаспен байланыс. • Ескірген өнімді пайдалану. • Стоматологта емделу. • Тамырға енгізілетін есірткіні пайдалану.   10.Науқас Н., 23 жаста, емханаға аурудың 3-күні келген. Жедел сырқаттанған, жалпы әлсіздік, қалтырау, денеде сырқырау байқалған кезде, дене қызуы 38,3 0С-қа дейін көтеріліп, іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсынулар пайда болған. Дәреті тәулігіне 6 рет, бастапқыда мол, кейін азайған, ботқа тәріздес, шырыш пен қан аралас. Дәрігер науқастың туыстарының пәтерінде тұратынын анықтады. Басқа қаладан келген, жалдамалы құрылысшы болып жұмыс істейді. Сырқаттанар алдында базардан сатып алынған, жуылмаған жемістерді пайдаланған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,1 ºС. Жүрек соғысы минутына 92 рет. АҚҚ 110/60 мм сн. бғ. Тілі құрғақтау ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, жиырылған сигма тәріздес ішек аймағында ауырсынады. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу үшін көрсеткіштерді анықтаңыз. • Клиникалық. • Эпидемиологиялық. • Өнімдерді базардан сатып алған. • Құрылысшы болып жұмыс істейді. • Басқа қаладан келген.   11. Науқас П.,19 жаста,политехникалық институттың студенті. Клиникағасары аурумен байланысты 20.09. түскен. Өзін субфебриалды дене қызуы, қалтырау, бас ауруы пайда болған, шаршау, әлсіздік, сабақта жұмыс қабілеттілігінің төмендеуін байқай бастаған кезден, 13.09. бастап сырқат санайды. Біртіндеп тамаққа тәбеті нашарлады, тағам өнімдерін көргенде жүрек айнуы пайда болды. 19.09. несептің «қою шай секілді» қоңыр тартқанын байқайды. 20.09. терінің сарғаюы пайда болды. Нақты: жағдайы орташа ауырлықта. Тері мен аққабық қарқынды сарғайған. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры қабыртқа доғасынан 2 см төмен, тығыз-серпінді консистенцияда, пальпацияда ауырсынады.  Қандай эпидемиологиялық мәліметтер алдын ала қойылған диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді? • Ата-анасымен және інісісен 6 жыл тұрады. Бәрінің дені сау. • Оқитын институтында сары аурумен ауырған жағдайлар орын алған. • Соңғы 6 айда бұлшық етке егілетін инъекциялар болмаған. • Оталар болмаған. • Науқас дүкеннен сатып алынған асылған шұжықтан «уландым» деп санайды.   12. Науқас 26 жаста, жіті сырқаттанған, дене қызуы 39ºС, артралгия, бас ауруы, қайталанбалы лоқсу. Аурудың 3-күні кенетті әлсіреу байқалған, қызуы қалыпты, басы ауырады, шелдердің сарғаюы. Терінің сарғаюы орташа, бауыр қабырға астынан +1 см. Сол күннің кешінде қозу, айқайлайды, бейадекватты, тексеруге қарсылық көрсетеді. 1 сағаттан кейін есінен танады. Бауыр 6-дан бастап 9-қабырғаға дейін перкуторлы, несептік катетерде гематурия. Жалпы тәжірибе дәрігері науқасқа қатысты қандай шара жүргізуі керек? • Гепатопротекторлар тағайындау. • Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызу. • Ошақтық дезинфекция жүргізу. • Хирургтың кеңесін тағайындау. • Клиникалық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатызу. 13. Науқаста ішек жұқпасы анықталған, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартуда. Науқастан қандай мәліметтерді нақтылау қажет? • Жұмыс сипаты жөнінде • Тұрғылықты орнының емханаға жақындығын • Науқастың білімін • Науқастың ішек жұқпалардың эпидемиологиясын білуін • Науқастың туыстарының бар-жоқтығын   14. Науқас Д., жедел сырқаттанған, 23 жаста, сұйық сулы нәжіс пайда болғанда. Ауруханаға жатқызылғанға дейін дәреті 20 реттен аса болған, алдыңғы жүрек айнусыз үш рет көп мөлшердегі лоқсу болған. Әлсіздік күшейген, бас айналу байқалған. Эпиданамнез: 3 күн бұрын Үндістаннан туристік саяхаттан оралған. Бөлімшеге ауру басталғаннан кейін 12 сағаттан соң өте ауыр жағдайда жеткізілген. Тері қабаты бозарған, шырышты қабатының қатты құрғауы байқалған, афония, көз алмасының шүңіреюі және беті үшкірленгені байқалған. Терінің тургоры төмендеген, «кір жуушының қолдары» белгілері айқындалған, тері қабаты мұздай термен жабылған, қызуы-35,40C. Аяқ-қол бұлшық еттерінің тартылуы байқалған. Тілі құрғақ, қоңыр түсті жабындымен жабылған. Тыныс алуы минутына – 34 рет. Пульс әлсіз, жиілігін анықтау мүмкін болмады. Жүрек соққысы әрең тыңдалады. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 130. АҚҚ 30/0 мм.сн.бғ. іші аздап тартылған, ауырсынбайды. 12 сағат ішінде 300 мл несеп бөлінген. Мүмкін болатын диагнозы кандай? •  Жалған туберкулез • Тырысқақ • Сальмонеллез • Іш сүзегі • Дизентерия   15. Белгілер жиынтығы жедел басталған, іштегі ауырсыну болмаған жағдайда тәулігіне 7-10 рет іш өткен, нәжісі көп мөлшерде сұйық, патологиялық қоспаларсыз, дененің қалыпты қызуында алдыңғы жүрек айнусыз тәулігіне 5-6 рет лоқсу тән болады: Мүмкін болатын диагнозы кандай? • Дизентерия • Эшерихиоз • тырысқақ • Жалған туберкулез • ішек иерсиниозы   16. антропонозды жұқпалар жағдайында эпидемиялық ошақтағы медициналық бақылауды: • тек науқасқа үйінде күтім жасайтын тұлғаларға • науқаспен қатынамқа түскен тұлғалардың барлығыа • тек коммуналдық пәтердегі науқастың отбасы мүшелеріне • тек науқастанғандармен бірге тұратын кішкентай балаларға • декретивті топқа жатқызылған тұлғаларға орнатылады.   17. Жұқпалы науқас туралы шұғыл хабарламаны жіберу керек • денсаулық сақтау басқармасына • аудандық зертханаға • дезинфекциялық бекетке • санэпидбақылаудың өңірлік орталығына • өңірлік ЕПМ басшысына   18. «сыртқы ортаның белгілі жағдайында қоздырғыштың енуіне жауап ретінде пайда болатын, қорғаныштық және патологиялық реакциялардың жиынтығы» нені білдіреді: • инфекция; • инфекциялық үдеріс; • патологиялық үдеріс; • жұқпалы ауру; • эпидемиялық үдеріс.   19. Белгілердің келесі жиынтығы: жедел басталу, дене қызуы қалыпты, тәулігіне 7-10 рет, жиі, сұйық, патологиялық қоспаларсыз нәжіс, іште ауырсыну жоқ, жүрек айнусыз лоқсу – қандай ауруға тән: • дизентерияға • эшерихиозға • тырысқаққа • жалған туберкулезге • ішек иерсиниозына   20.Науқас А., геолог, аурудың 9-күні келген, шағымы - бас ауруы, әлсіздік, ұйқының нашарлауы, тәбеттің болмауы. Біртіндеп сырқаттанған, 4-5 күн ішінде қызуы 390C-қа жеткен, бас ауруы, ұйқысыздық пайда болған. Әлсіздік, тәбет нашарлаған. 14 күн бұрын іссапардан оралған, ол жақта асханадан тамақтанған. Жағдайы ауыр. Т-39,40C, әлсіз, адинамиялы, беті бозарған. Ішінің терісінде розеола сипатты бірнеше элементтер бар. Өкпелерде тыныс алуы везикулярлы, құрғақ қырыл. Жүректің қағысы қатаң, минутына 76 рет. АҚҚ 100/60 мм.рт.ст. Тілі ақ жабындымен жабылған, түбірінде, шетінде тістің іздері байқалады. Іші шамалы кепкен, оң жақ мықын аймағында құрылдау және перкуторлық дыбыстың мұқалтқаны анықталады; гепатомегалия. Нәжіс тәулігіне 1 рет «бұршақ сорпасы» түрінде. Мүмкін болатын диагнозы қандай? • Эпидемиялық бөртпе сүзек • Кенелік бөртпе сүзек • Ку қызбасы, сүзек тәрізді нысаны • Іш сүзегі • Жалған туберкулез, жәншау тәрізді нысаны   21. Науқас С., 27 жаста, клиникаға ауру басталғаннан 8 сағат өткенде түскен. Ауру жиі сұйық нәжістен жедел басталған, кейін лоқсу қосылған, балтыр бұлшық еттерінің тартылуы пайда болған. Түскен кезде жағдайы ауыр, қызуы 36ºС, терісі босаң, цианотикалық, аяқ-қолы суық. Жүрек тондары әлсіз, АҚҚ 90/50 мм сн.бғ. Тілі құрғақ, іші ішке қарай ойысқан, жұмсақ, пальпацияда ауырсынбайды. Нәжісі сұйық, көп, ақ қауыздардың қоспасымен. Олигурия. кенетті адинамия.  Диагноз қою үшін қандай зерттеулерді тағайындау қажет? • Жалпы қан талдауы • Биохимиялық қан талдауы • Нәжісті бактериологиялық себу • қанның қышқылды-слтілі құрамынының талдауы • ЭКГ   22. Келесі белгілер жиынтығы қандай ауруға тән: аурудың басталуы біртіндеп, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, дененің қызуы 39-40°С-қа дейін көтерілгені анықталған (5 күн ішінде), сылбырлық, тері жабынының бозаруы, іштегі көп емес розеола бөртпесі . Тамыр соғысы минутына 82 (дене қызуы 39,5°С болған кезде), іші кепкен, бауыр мен талақ үлкейген, Падалка белгісі оң. • Кене бөртпе сүзегі • Эпидемиялық бөртпе сүзек • Іш сүзегі • Безгек • Жіті сарып   23. Науқас Н.-да іш сүзегі ауруы басталғаннан 20-күніңде дәрігер ішектегі қан кетуінен күдіктенді. Әрі қарайға дәрігерлік тәжірибе:      • Шұғыл араласу • Қан құю және қан алмастырғыштарды еңгізу • Этиотропты препараттардың тәуліктік мөлшерін ұлғайту • глюкокортикостероидтерді (преднизолон және т.б.) тағайындау • хирургтың жедел кеңесі 24. Науқас С., 35 жаста, клиникаға аурудың 10-күні ауыр жағдайда түсті. Дене қызуы 39, 4°С. Шағымы: әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің болмауы, ұйқының нашарлығы, іштің кебуіне. Тексеру кезінде: тері жабынының бозаруы, іштің терісінде бірен-саран розеолалар, ЖЖЖ минутына 68, АҚҚ 95/60 мм сын.бағ., тілінің түбірінде ақ түсті жамылғысы бар, бауыр мен талақ ұлғайған. Санасы сақталған. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер тағайындаған жөн? • Жалпы қан талдауы • Өтті ортаға қанды себу • Қан мен несепте диастаздарды анықтау • Бауыр мен талақтың УДЗ-і • Қанның биохимиялық талдауы   25. Науқас С., 35 жаста, ауруханаға аурудың 10-күні ауыр жағдайда, 39°С дене қызуымен түсті. Тексеру кезінде анықталды: науқас бозарған. Іштің терісінде бірен-саран розеолезді бөртпелер бар. Тамыр соғысы минутына 68 рет, ырғақтыі, толығуы қанағаттанарлық. Бауыр мен көкбауыр ұлғайған. Науқасқа қандай ем көрсетіледі? • пенициллин • преднизолон • левомицетин • ремантадин • празиквантель   26. Науқас М, 32 жаста, әлсіздікке, санасының тежелуіне, бас ауруына шағымданып түскен. Ауру басталғаннан 8-ші күні дене қызуының 39ºС-қа дейін көтерілуі, қатты қалтырау болған. Науқас әлсіз, енжарлы. Дене қызуы 39,3°С, АҚҚ 110/70мм.сн.бғ., ЖЖЖ - минутына 65 рет. Тілі сұр түсті жабындымен жабылған, шеті мен ұшы таза, тістің іздері бар. Ішін пальпациялағанда ауырсынады, құрылдайды, Падалка белгісі оң. Алдыңғы құрсақ қабырғасында солғын-қызғылт түсті, салмақпен басқанда жоғалып кететін, домалақ пішінді, саны 5 элемент бөртпе байқалады. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, көк бауыр сол жақ қабырға шетінен пальпацияланады.  Екі апта бұрын науқас табиғатта серуенде болған және қайнатылмаған өзен суын пайдаланған.  Мүмкін болатын диагнозды атаңыз: • эпидемиялық бөртпе сүзегі • кене бөртпе сүзегі • Ку-қызбасы, сүзек тәрізді түрі • іш сүзегі • жалған туберкулез, жәншау тәрізді түрі   27. Науқас Е, 27 жасар, 15 күн бұрын көлдегі жазғы демалыстан келген, және өзінің жалпы жағдайының нашарлай бастағанын, әлсіздікті, бас ауруын байқай бастаған. Кейінгі тәуліктер бойына мезгіл-мезгіл дене қызуының жоғары цифрларға - 39-40°С-қа дейін көтеріліп, кейін өздігінен 37-38°С-қа төмендейтінін, жүрек айнуын, эпигастрий аймағының ауырсынуын, метеоризмді, нәжісінің жиіленуін байқайған. Мұндай жағдайды өзінен алғашқы рет байқап отыр және оны суды ашық су қоймадан пайдаланғанымен байланыстырады. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер тағайындау қажет? • Жалпы қан талдауы • Нәжісті өттік ортаға себу • Қан мен несепте диастазды анықтау • Бауыр мен талақтың УДЗ-і • Қанның биохимиялық талдауы   28. Іш сүзегі диагнозымен науқастың ауыруыдың 19-күні қатты әлсіздік, бас айналу, құлақтағы шу пайда болған, дене қызуы 35,5оС, өңі солғын, тамыр соғысы әлсіз, минутына 120 рет, нәжісі қара. Науқаста қандай асқыну дамыған? • Ішектің өтімсіздігі. • Ішектегі қан кету. • Ішек перфорациясы. • Ішек пенентрациясы. • Перитонит.   29. Ауылдық жердің тұрғыны 7 күн бойына 38ºС-тан 39,5 0С-қа дейін қызуы көтеріліп, ауырған. Тексеру жоспарындағы қателікті табыңыз: • Қанды, нәжісті, несепті сүзектік-парасүзектік ауруларға себу • Бернет және Провачек риккетсияларымен КБР-ға қан талдауы • Райт пен Хеделсон реакциясына қан талдауы • Қанды залалсыздыққа себу • Нәжіс пен несепті дизентерияға себу   30. Науқас И., 25 жаста, стационарда «іш сүзегі» диагнозымен 10 күн жатыр, ауырғанының 8-күні түскен. Диагнозы S. typhi қан өсіндісінің (гемокультура) бөлінуімен дәлелденген, тәулігіне 2г ампициллин қабылдайды. Барлық күндері қызуы көтерілді, бүгін қызуы қалыпты, санасы тежеулі. Тамыр соғысы минутына 102, АҚҚ-90/60 мм сын.бағ. Екі рет қара түсті сұйық дәреті болды. Науқаста қандай асқыну дамыған? • инфекциялық-токсикалық шок • іш сүзектік ойық жарасының перфорациясы • септикалық шок • ішектік қан кету • тамыр ішілік диссеминацияланған қан ұюы   31. Науқас И., 19 жаста, ауруханаға аурудың 7-күні түскен. Науқастың жағдайы ауыр. Дене қызуы – 39,2°С. Санасы сақталған, бірақ науқас өте енжарлы, зауықсызбен, қысқа жауап береді. Аурудың анамнезін қиындықпен айтып береді. Терісі бозарған, алдыңғы құрсақ қабырғасында бірен-саран диаметрі 5 мм-ден аспайтын солғын-қызғылт бөртпе элементтері бар. Тілі үлкейген, құрғақ, кірқоңыр түстес жабындымен жабылған, тістің іздері қалған. Тамыр соғысы минутына 64 рет, толуы әлсіз. АҚҚ – 90/50 мм сы.бағ. Жүректің қағысы тұйықталған. Тыныс алуы қатаң, сырылсыз. Іші желденген, пальпацияда жұмсақ, ауырсынбайды, оң жақ мықын аймағында құрылдау естіледі. Падалка белгісі оң. Бауырдың шеті қабырға доғасынан 1,5 см төменде анықталады, көкбауырдың шеті айқын пальпацияланады. Тағы да екі рет патологиялық қоспасыз ботқа тәрізді нәжіс болған.   Мүмкін диагнозды атаңыз: • Бөртпе сүзек • Кене бөртпе сүзегі • Вирусты гепатит • Іш сүзегі • Жалған туберкулез   32. Науқас К. 33 жаста, апта бойына біртіндеп күшейген бас ауруына шағымданған. Мұрынның бітелуі, әлсіздік, тез шаршау, дене қызуының 37,8° С-қа дейін көтерілуі, ұйқысыздық, дәреттің кідіруі. Анамнезден: екі апта бұрын Үндістанда демалған. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Санасы тежелген, әлсіз, сұрақтарға бірден жауап бермейді. Тері қабаты бозарған, құрғақ, ұстағанда ыстық. Өкпесін тыңдағанда шашыраңқы құрғақ сырыл естіледі. Жүрек қағысы тұйықталған, ырғы дұрыс. ЖЖЖ минутына 58 рет. АҚҚ 90/60 мм сн.бғ. Тілі құрғақ, кіршең сұр жабындымен жабылған, тілдің шеті мен ұшы таза. Іші шамалап желденген. Оң жақ мықын аймағында перкуторлық дыбыстың қысқаруы байқалады. Мұнда пальпация кезінде соқыр ішектің қатты құрылдауы және ауырсынуға сезімталдықтың жоғарылығы байқалады. Көкбауыр аздап ұлғайған. Дәреті болмаған. Болжамды диагнозы қандай? • іш сүзегі; • А вирусты гепатиті; • тырысқақ; • иерсиниоз, жайылып кеткен түрі; • оба, өкпелік түрі.   33. Хирургияның қабылдау бөлмесіне перитонит белгілерімен науқас жеткізілді. Анамнезден: 12 күннің ішінде тұрақты қызба, тәбеті жоқ, бірнеше рет іштегі ауырсынусыз сұйық нәжіс болған. Ұйқысы бұзылған, адинамия, санасыны тежелген, тері қабаты бозарған. Алдын ала қойылатын диагнозы қандай? • ботулизм; • безгек; • іш сүзегі; • эпидемиялық бөртпе сүзегі; • сальмонеллез.   34. стационардағы науқастарды қарап өтуі кезінде дәрігер іш сүзегімен ауырған науқастардың бірінің сол қарсаңда 38,70С-қа жеткен дене қызуы бірден қалыпты жағдайға дейін түскеніне назар аударды. Науқас өзін жақсырақ сезіне бастады, әлсіздіктің сақталып қалғанына қарамастан, бас ауруы азайды, терісі бозарған. Тамыр соғысының жиілігі минутына 110 рет, АҚҚ – 70-40 мм сн. бғ. 16 күн ауырып жатыр, стационарда 12 күн болған. Науқаста қандай асқыну дамыған? • инфекциялық-токсикалық шок • ішсүзектік ойықжараның перфорациясы • септикалық шок • ішектік қан кету • тамыр ішілік диссеминацияланған қан ұюы     35. іш сүзегінің ауыр түрімен ауыратын науқаста сырқаттың үшінші аптасында іштегі ауырсынуы күшейіп, қызуы 400С тан 360С-қа дейін критикалық түрде төмендеп кетті, тамыр соғысы минутына 140 рет, АҚҚ – 60/30 мм.сн.бғ, бет келбеті үшкірленген, бетін суық тер басқан, Щеткин-Блюмберг белгісі оң. Науқаста қандай асқыну болған? • инфекциялық-токсикалық шок • іш сүзектік ойық жараның перфорациясы • септикалық шок • ішектік қан кету • тамыр ішілік диссеминацияланған қан ұюы     36. Науқас А., 17 жаста, 2 апта бойына жұқпалы аурулар бөлімшесінде қан өсіндісінің (гемокультура) бөлінуімен дәлелденген іш сүзегі бойынша емделген. Жүргізілген емнің нәтижесінде жағдайы жақсара бастады. Дегенмен аурудың 17-күнінде (клиникадағы 13-күні) науқастың жағдайы аяқ астынан қатты нашарлады. Күтпеген жерден іштегі шамалы ауырсынулар және қысқа мерзімді есінен тану пайда болды. Қарау кезінде: өте енжарлы, бозғылт, бет келбеті шүңірейген, терісі ылғалды. Сұрақтарға қиналып жауап береді. Дене қызуы 360С, тамыр соғысы – минутына 120 рет, АҚҚ – 70/50 мм сын.бағ. Көп кешікпей науқастың жағдайы жақсарды. Нәжісі сұйық, қара түсті болды. Қажетті қарқынды терапевтік шараларды көрсетіңіз. • оталық араласу • Қан құю және қан алмастырғыларды енгізу • Этиотроптық препараттардың тәуліктік мөлшерін ұлғайту • Глюкокортикостероидтерді (преднизолон және т.б.)тағайындау • хирургтің жедел кеңесі   37. Науқас М, 40 жаста, бас ауруына, ұйқысыздыққа, тәбетінің нашарлығына, құсуға шағымданады. Жағдайы орташа ауырлықта. Науқастың санасы тежелген. Терісі бозарған, құрғақ, дене қызуы 400С, тамыр соғысы – минутына 82 рет, АҚҚ – 110/70 мм сн.бғ. Тілі тістің іздерімен, қалынданған, сұр-ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынады. Бауыры 2 см, көкбауыры пальпацияланады. Алдын ала қойылатын диагнозы қандай? • ботулизм; • безгек; • іш сүзегі; • эпидемиялық бөртпе сүзегі; • сальмонеллез.   38. Науқас П, 30 жаста, қан өсіндісінің бөлінуімен дәлелденген іш сүзегі бойынша жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатқан. Емдеу барысында жағдайы жақсара бастаған, алайда аурудың 16-күні нашарлады: бас айналу пайда болды, аз уақытқа есінен танып қалды. Тексеру кезінде: бозарған, енжарлы, терісі ылғалды, дене қызуы 36,00С, тамыр соғысы – минутына 120 рет, АҚҚ – 70/40 мм сн.бғ. Нәжісі көп көлемде, сұйық, шие түстес. Шұғыл дәрігерлік шаралар. • оталық араласу • Қан құю және қан алмастырғылар енгізу • Этиотропты препараттардың тәуліктік мөлшерін ұлғайту • Глюкокортикостероидтерді (преднизолон және т.б.) тағайындау • хирургтың жедел кеңесі   39. Қатардағы жауынгер Ж, қалтырау, қызуы көтеріліп, қатты емес бас ауруына шағымданып келген. Жалпы жағайы орташа ауырлықта, дене қызуы 390, өңі бозарған. Іштің терісінде, кеуденің бүйірінің үстінде бірен-саран розеолезді бөртпелер бар. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ, қалынданған. Тамыр соғысы – минутына 80 рет. АҚҚ – 110/70 мм сн.бғ. Жүрек тондары тұйықталған. Тыныс алуы везикулярлы. Іші жұмсақ, пальпацияға сезімтал. Бауыр мен көкбауыр үлкейген. Ауырғанға дейін 7 күн бұрын цистернадан қайнатылмаған су ішкені анықталды.    Алдын ала қойылатын диагнозы қандай? • ботулизм; • безгек; • іш сүзегі; • эпидемиялық бөртпе сүзегі; • сальмонеллез.   40. Қатардағы жауынгер Ж. Клиникалық диагнозы – іш сүзегі – қан өсіндінің бөлінуімен дәлелденген. Аурудың 11-күні дене қызуы аяқ астынан 360 С-қа дейін төмендеген, бас ауруы азайған. Көп ұзамай науқас қатты бозарып, бет келбеті шүңірейіп, маңдайы терлеп, демікпе пайда болды. Тамыр соғысы – минутына 120 рет, АҚҚ - 80/50 мм сн.бғ. Императивті нәжіске отырды, нәжісі ботқа тәріздес, қоңыр түсті, дәретінің көлемі шамамен 700 мл. Науқаста қандай асқыну дамыған? • инфекциялық-токсикалық шок • іш сүзектік ойық жараның перфорациясы • септикалық шок • ішектік қан кету • тамыр ішілік диссеминацияланған қан ұюы     41. Науқас В., 28 жаста, біртіндеп сырқаттанған: денедегі сырқырау, бас ауруы, өспелі ұйқысыздық және тәбеттің жоғалуы. Қызуы бастапқыда субфебрилды, кейін біртіндеп артады. Клиникада қызуы 38,4-40,00. Орташа айқынды улану байқалады: солғындық, бозару, енжарлық, бас ауруы, іштегі ауырсыну. Брадикардия, тамыр соғысының дикротиясы, гипотония, жүрек қағысы тұықталған. Аурудың 10-күні көп емес розеола бөртпелері. Өкпесінде – қатты тыныс алу, бірен-саран құрғақ сырылдар бар. Тілі сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Илеоцекальдық аймақта ауырсыну, құрылдау. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланады. Антибактериалды терапия қай күні тоқтатылады? • Қызуы төмендегеннен кейін; • Қалыпты дене қызуының 7-ші күні; • Емдеудің 7-ші күні; • Қалыпты дене қызуының 10-ші күні; • Емдеудің 10-ші күні.   42. Науқас В., 28 жаста, біртіндеп сырқаттанған: денеде сырқырау, бас өсімді ауруы, ұйқысыздық және тәбеттің жоғалуы. Қызуы бастапқыда субфебриалды, кейін біртіндеп көтерілген. Клиникада қызуы 38,4-40,00. Айқындылығы орташа улану байқалады: енжарлық, бозару, бас ауру, іштегі ауырсыну. Брадикардия, тамыр соғысының дикротиясы, гипотония, жүрек қағысы тұйықталған. Аурудың 10-күні көп емес розеолезді бөртпелері пайда болды. Өкпесінде – тыныс алуы қатты, құрғақ бірен-саран сырылдар бар. Тілі ашық-қоңыр жабындымен жабылған. Илеоцекальдық аймақта ауырсыну, құрылдау. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланады. Алдын ала қойылатын диагнозы қандай? • ботулизм; • безгек; • іш сүзегі; • эпидемиялық бөртпе сүзегі; • сальмонеллез.   43. Науқас М., 42 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасының тазалықшысы. Жедел сырқаттанған: жоғары дене қызуы, бас ауруы, барлық денесіндегі ауырсыну. Науқастың жағдайы ауыр. Дене қызуы 400, қатты, жайылған бас ауруы, ұйқысыздық, сандырақтау, елестеулер. Тері жабынының бозаруы. Теріде бірен-саран розеолалар бар. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған. Іші желденген, илеоцекальды аймақта ауырсынады. Бауыр мен көкбауыр үлкейген. Өкпеде – тыныс алуы қатты, құрғақ сырылдар. Брадикардия, гипотония, жүрек қағысы тұйық. Аурудың 20-күні күтпеген жерден тері жабынының бозаруы, акроционоз, суық жабысқақ тер, айқын демікпе. Тамыр соғысы әлсіз, әрең саналады. Жүрек қағысы өте әлсіз, систолиялық шуыл, АҚҚ -70/30 мм.сн.бғ. Науқаста қандай асқыну дамыған? • инфекциялық-токсикалық шок • іш сүзектік ойық жараның перфорациясы • септикалық шок • ішектегі қан кету • тамыр ішілік диссеминацияланған қан ұюы     44. Науқас М., 24 жаста, аурудың 7-күні түскен. Селқостық, шамалы бас ауруы, ұйқының нашарлығы, жоғары дене қызуы мазалаған. Бөлімшеде жағдайы біртіндеп нашарлайды: қызуы түспейді, улану құбылыстары өршиді (бозару, солғындық, әлсіздік, енжарлық, тежеулік, есеңгірегендік, анорексия). Іш терісінде розеолезді бөртпелер бар. Брадикардия, тамыр соғысының дикротиясы, гипотония, жүрек қағысының тұйықталуы. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Айқын метеоризм, илеоцекальды аймақтағы ауырсыну, Падалка симптомы оң. Бауыр мен көкбауыр үлкейген.   Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер тағайындау қажет? • Жалпы қан талдауы • Нәжісті өттік ортаға себу • Қан мен несепте диастащды анықтау • Бауыр мен талақтың УДЗ-і • Қанның биохимиялық талдауы   45. Науқас 38 жасар. Іштегі тұрақты шамалау ауырсынуға, бірреттік құсуға, дене қызуының 38,60С-қа дейін көтерілуіне шағымданып келген. Анамнезден белгілісі – 4 ай бойына Ташкентте іссапарда болған, оқтын-оқтын ауылдық жерлерге шығып тұрған. Жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозарған, құрғақ. Тілі жабындымен жабылған, құрғақтау. Іші кепкен, илеоцикальдық аймақта шамалап ауырсынады. Этиотроптық емдеудің таңдау препаратын көрсетіңіз: • пенициллин • зовиракс • левамизол • празиквантель • левомицетин   46. Науқас 35 жасар, балалар бақшасының тәрбиешісі, ауруының 3-ші күні бас ауруына, ұйқысының бұзылуына, әлсіздікке шағымданып келген. Дене қызуы 39,10. Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозарған. Тілі құрғақ, ақ жамылғымен жамылған. Тамыр соғысы минутына 98 рет, АҚҚ 100/60. Іштің желденуі, бауыр мен көкбауыр ұлғайған.  Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер тағайындау керек? • Жалпы қан талдауы • Нәжісті өттік ортаға себу • Қақырық талдауы • Бауыр мен талақтың УДЗ-і • Биохимиялық қан талдауы   47. Науқас 32 жаста, ауруының 5-ші күні кеудедегі ауырсынуға, аз қақырықты жөтелге, жоғары дене қызуна, әлсіздіккешағымымен келген. Жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 39,20С. Терісі бозарған. Демікпе минутына 26. Өкпесінде жауырынның сол жақ бұрышы аймағында перкуторлық дыбыстың қысқаруы байқалады. Осы жерде тыныс алу әлсіреген, құрғақ және ылғалды сырыл естіледі. Тамыр соғысы минутына 88 рет. Тілі жамылғымен жамылған, шеттерінде тістің іздері бар. Іші ауырсынады, кепкен. Терапия бөлімшесіне «оң жақтық ошақтық пневмония» диагнозымен жатқызылған. Пенициллинмен емдеу барысында жағдайының нашарлауы жалғаса берді, жоғары қызыу сақталып қалды, науқас әлсіз, енжарлы болып қала берді. Рентгенограммада оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтративті көлеңкелер бар. Ауруының 13-күні жағдайы күрт төмендеп кетті: дене қызуы 35,80-қа төмендеп, суық тер, шөлдеу пайда болды. Сұйық қара түсті дәрет болды. Қан талдауы: Нв – 110г/л, лейкоциттер – 3,8·109/л, пал. – 22, сегм. – 43, лимф. – 40, мон. – 5, СОЭ – 12. Болжамды диагноз қандай? • ботулизм; • безгек; • іш сүзегі; • эпидемиялық бөртпе сүзегі; • сальмонеллез.   48. қабылдау бөлмесіне ауруының 9-күні науқас К. түсті, 37 жаста, шағымы – дене қызуының 39-40 0С-қа дейін көтерілуі, ұдайы маңдай-самайлық аймақтағы бас ауруы, дәретінің 2 күнге кідіруі, ішінің желденуі. Эпидемиологиялық анамнезден науқас ауырғанынан 10 күн бұрын Тәжікстан Республикасында іссапарда болған, сонда қонақ үйде қызуы көтерілген науқаспен байланыста болған, жеке бас гигиенасын үнемі сақтап отырмаған (судың тоқтатылып тұратына байланысты). Жағдайы орташа ауырлықта, санасы тежелген, сұрақтарға адекватты жауап береді, сөзі түсініксіз. Тері жабыны бозғылт, құрғақ. Білектің ішкі жақ бетінде бірен-саран розеолалар бар. Тілінің түбі ақ жабындымен жабылған шеттері ашық-қызыл, ұшы қалынданған. Оң жақ өкпесінде құрғақ сырыл және артқы -бүйірлі бөлігінде тыныстың әлсіреуі естіледі. Жүрек қағысы қатан, жоғарғы жағында және Боткин нүктесінде систолалық шуыл бар, ЖЖЖ минутына 74 рет, АҚҚ – 100/60 мм сн. бғ. Іші желденген, соқыр ішектің пальпациясы крепитация туғызады. Падалка белгісі оң. Бауыр қабырға астынан 2 см-де білінеді. Көкбауыр перкуторлы - 138 см, оның төменгі полюсі пальпацияланады. Қан талдауында: лейкоциттер – 4,1109/л, анэозинофилия, қан формуласындағы таяқшалы ядролық жылжу. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет? • Жалпы қан талдауы • Нәжісті өттік ортаға себу • Қақырық талдауы • Бауыр мен талақ УДЗ-і • Биохимиялық қан талдауы 49. Жоғары қызбалы, көкірек пен іш терісіндегі аз розеола бөртпелері, тынбайтын бас ауруы бар пациентте аурудың 9-күні гемограммада: Нв – 120г/л, л – 3,8 г/л, э – 0%, п – 10%, с – 60%, л – 28%, м – 2%, СОЭ – 10 мм/час анықталады. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз: • пневмония • лептоспироз • қантышқақ • іш сүзегі •  жалған туберкулез   50. Науқас К., 39 жаста, емханаға тұрақты бас ауруына, жоғарғы дене қызуына, іштегі ауырсынуға шағымданып келген; жөтел жиі емес және өнімді емес. Бауыр мен көкбауыр үлкейген. 6 күн бойы ауырады. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз: • Бөртпе сүзегі • тымау • іш сүзегі • сальмонеллез • пневмония   51.Науқас Г.,28 жаста. 8 күн ауырған. Әлсіздік, селқостық, дененің жоғары қызуы мазалайды. Сульфаниламидтер мен қызуды түсіретін құралдарды пайдаланудан тиімділік болмады. Жағдайы нашарлай берді. Аурудың 8-күніне қарай қызуы 39,4ºС-қа дейін көтерілді. Науқас бозарған, сылбыр, алақандардың, өкшелердің субиктериялығы, еріндері құрғақ, іштің терісі мен кеуденің бүйірлік беттерінде розеола бөртпесі бар (8 элемент), тамыр соғысы 1 минутта 82, АҚҚ 105/60 мм сн. бғ. Іші шамалап ісіңкі, жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыр қабырға доғасының шетінен 1,5 см-де білінеді. Көкбауырдың шеті пальпацияланады. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз: • вирусты гепатит • лептоспироз • сепсис • іш сүзегі • безгек   52. Дене қызуының көтерілуінің, бас ауруының, илеоцекальды аймақтағы ауырсынудың, көп емес розеола бөртпесінің бауыр мен көкбауырдың үлкеюімен үйлесуі, әдетте: • бөртпе сүзегін • кене энцефалитін • дизентерияны • іш сүзегін • қызылшаны көрсетеді.   53. Науқас С., 27 жаста. Клиникаға ауру басталғаннан 8 сағат өткенде түскен. Ауру жиі сұйық дәреттен жедел басталған. Одан кейін құсу қосылған. Әлсіздік ұлғайған. Балтыр бұлшық еттерінің тартылуы пайда болған. Түскен кездегі жағдайы ауыр, дене қызуы 36,0°С, тамақтануы төмендеген, терісі босаған, цианоз. Аяқ-қолдары суық. Тамыр соғысы әлсіз, жүрек қағысы қатан. АҚҚ - 80/40 мм сн. бғ. Тілі құрғақ, жабындымен жабылған. Іші үңірейген, жұмсақ, пальпацияда ауырсынбайды. Нәжісі жиі, сұйық, ақ қауыздардың қоспасымен. Бауыр мен көкбауыр үлкеймеген. Несеп аз бөлінеді. Анық адинамия. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу тағайындау керек? • Жалпы қан талдауы • Жалпы несеп талдауы • Қанды биохимиялық зерттеу • Нәжіс пен лоқсу массасын бактериологиялық себу • Электрокардилграфия   54. 36 жасар әйел, жедел сырқаттанған. Түн ортасында сұйық дәрет пайда болып, қайталанбалы лоқсу, кейінірек әлсіреу, бас айналу болған. Учаскелік ауруханада «жедел тағамдық улану» диагнозы қойылған. Асқазанды шайып, тері астына кордиамин 2.0 және тамырға 500 мл 5% глюкоза С дәруменімен енгізілген. Науқастың жағдайы нашарлай берді: лоқсу 15-20 ретке дейін жиіледі, сұйық нәжіс есепсіз, күрт әлсіреу болды. Аяқ-қолдардың тартылуы, қатты шөлдеу пайда болды. Науқас аса ауыр жағдайда орталық аудандық ауруханасына ауыстырылды. Объективті: акроцианоз, мұрын-еріндік үшбұрыштың цианозы байқалады, бет келбеті үшкірленіп, көз айналасында қоңыр шеңберлер, жайылған тырысулар пайда болады. Дауысы қарлыққан, тері тургоры төмендеген (тері қатпары жаймендеп жазылады), дене қызуы - 35.5°С, тамыр соғысы әлсіз, АҚҚ - 45/0 мм сын.бағ. Тілі құрғақ, сұр жабындымен жабылған, іші үңірейген, жұмсақ, перистальтика күшейген. Нәжісі сұйық, «күріш қайнатпасы» тәріздес. Диурез жоқ. Науқас есін біледі, сылбыр, байланысқа қиындықпен түседі. Мүмкін болатын диагнозы қандай? • Сальмонеллез • дизентерия • Тырысқақ • Тағамдық улану • Амебиаз   55. жедел сырқаттанған, 27 жасар әйелдің алдын ала қойылатын диагнозын анықтаңыз. Жүрек айниды, бірнеше рет лоқсыған, ішін кіндік айналасында ауырсынады, нәжісі жиі әрі сұйық, егер ауруының 3-күні дене қызуы – 38,50С болса, әлсіздік, сол жақ мықын аймағында ішін ауырсынса, қабынған, ауырсынатын сигма анықталған, дәреті аз мөлшерде, шырышты: • сальмонеллез, жайылған түрі, септикалық нұсқа • жедел дизентерия, гастроэнтероколитикалық түрі • жедел дизентерия, колиттік түрі • тағамдық улану • эшерихиоз, дизентерия тәріздес түрі   56. Науқасқа қойылған диагноз: Жедел дизентерия, колиттік түрі, жеңіл дәрежесі. Оның даяршы болып жұымс істейтіні анықталды. Сіздің тактикаңыз? • Жұқпалы аурулар ауруханасына эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жатқызу • Үйде емдеу • Асқазанды шаю, өзін жақсы сезінген жағдайда – үйде емдеу • Жұқпалы аурулар ауруханасына клиникалық көрсеткіштері бойынша жатқызу • Антибиотиктер тағайындау және амбулаторлық жағдайда тексеру   57.Әуежайдың медициналық пунктіне 42 жастағы М қаралған. 10 күн бойы Үндістаннан туристік сапарда бірге болған жолдастарының бірі алып келген. Түнде ұшақта ауырған. Асқазанда құрылдау пайда болған және сұйық нәжіс болған. Дәрігерге келгенге дейін дәреті 20 реттен астам болып, үш рет көп көлемді лоқсу болған.   Басы айналып, әлсіздік өрістеген. Ауырғанынан 12 сағат өткенде жағдайы аса ауыр болған. Терісі жаппай көгеруі, шырышты қабатының құрғауы байқалып, сыбырлап сөйлейді. Көз алмалары шүңірейген, бет келбеті үшкірленген, тері тургоры төмендеген, «кір жуушының қолдары» белгісі байқалған. Терісі суық, жабысқақ тер басқан. Дене қызуы 35,4°С. Кезеңімен науқас қозып, аяқ-қолдарының құрысуы болып отырды. Тілі құрғақ, қоңыр түстес жабындымен жабылған. Ентігуі минутына 34. Тамыр соғысы әлсіз, ЖЖЖ минутына 130 рет. АҚҚ 30/0 мм сн бғ. іші пальпацияда ауырсынбайды. Есін біледі. Менингиалды белгілер жоқ. Дегидратацияның дәрежесін анықтаңыз. а) I дәреже б) IIдәреже в) IIIдәреже г) IVдәреже д) Vдәреже   58.Науқас Р., 20 жаста, стационарға түскен, шағымы - әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуы – 37,1-37,3°С, іште толғақ тәрізді ауырсынулар, нәжісі сұйық (тәулігіне 3-4 рет), шырышты. Анамнезде: 5 ай бұрын жедел дизентериямен ауырған, толық емделген, жоғарыда аталған белгілер 2 күн бұрын пайда болған. Эпиданамнез: асханадан жиі тамақтанады. Нақты: жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37,2°С. Тері жабыны өзгермеген, тургоры сақталған. Өкпедегі тыныс везикулярлы. Жүрек қағысы анық, ырғақты, тамыр соғысы минутына 72. АҚҚ– 120/60 мм.сын.бағ. тілі ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсынады, сигма тәрізді ішек пальпацияда ауырсынады. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжісі аз мөлшерде, шырышты. Алдын ала қойылатын диагнозы қандай? • Жедел дизентерия • Жедел дизентерия созылмалы түрі • Созылмалы дизентериярецидивті ағымы • Созылмалы дизентерия үздіксіз ағымы • Дизентериядан кейінгі колит   59.Науқас 40 жаста, ауруының 2-күні мынадай шағыммен түскен: іштің төменгі жартысындағы, әсіресе сол жақ бөлігіндегі ауырсыну, нәжісі аз мөлшерде жиі, шырышты, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, жүрек айнуы, тәбеттің төмендеуі. Сырқат жедел басталған: іштегі, әсіресе сол жақ мықын аймағындағы толғақ тәріздес ауырсынулар, жиі болған сұйық дәрет (тәулігіне 5-6 рет), аурудың 2-күні нәжісі азайған, шырыш пайда болған. Дене қызуы 38,3°С-қа көтерілген. Эпиданамнез: ауру қарсаңында асханадан жеміс салатын, балық, асылған жұмыртқа жеген. Жұмысында жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай жасалмаған.  Стационарға түскенде: жағдайы орташа, қызуы – 38,2°С. Терісі өзгермеген, ылғалды. Жүрек қағысы әлсіреген, ритмі дұрыс, тамыр соғысы минутына 78. АҚҚ-110/70мм.рт.ст. Тілі жабындымен жабылған, іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсынады. Сигма тәрізді ішек тығыз, пальпацияда ауырсынады. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжісі аз мөлшерде, шырышты және қан аралас. Алдын ала қойылатын диагнозы қандай? • ішек иерсиниозы • сальмонеллез • амебиаз • балантидиаз • жедел дизентерия   60. Учаскелік терапевттің қабылдауына туыстары С. есімді науқасты жеткізді, 23 жаста, шағымы – іш өту, лоқсу, шөлдеу, дауыстың жоғалуы, балтыр бұлшық еттерінің тартылуы. 3 күн бұрын Ставропольдан оралған. Бірнеше сағат бұрын, иіссіз көп көлемдегі сұйық нәжіс пайда болып, кейін лоқсу қосылған кезде науқастанған. Келген кезде дәреттің жиілігі 13 ретті құрап, лоқсу 7-8 рет болған, өте көп көлемде. Қарау кезінде: жағдайы ауыр. Дене қызуы 36,0 0С. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген, акроцианоз. Кезеңімен балтыр бұлшық еттерінің тартылуы болады. Жүрек қағысы әлсіреген, жүректің жиырылу жиілігі минутына 140 рет. АҚҚ 90 /70 мм.сын.бағ., тілі құрғақ, таза. Іші ауырсынумен, ішене қарай тартылған. Мүмкін болатын диагнозы қандай? • Сальмонеллез • Дизентерия • Тырысқақ • Тағамдық улану • Амебиаз   61.аспаздың нәжісінен Флекснер шигеллі анықталғандағы учаскелік дәрігердің тактикасын анықтаңыз: • Үйдегі амбулаторлық ем • Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу • Диспансерлік бақылау • Амбулаторлық жағдайдағы қайта нәжіс талдауы • Нитрофурандық препараттарды тағайындау   62. Науқас қыркүйекте Пәкістаннан шоп-турдан келген, ол жақта 1 апта болған, келген күнінің ертеңіне ауырады – жедел, бірнеше реттік лоқсу және жиі сұйық, нәжіс болған. Дене қызуы 36° С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының тартылмалы қимылдауы, дауыстың қарлығуы. Тексеру кезінде: жағдайы ауыр. Терісі бозарған, құрғақ, акроцианоз, бет келбеті үшкірленген, жүрек қағысы әлсіреген. АҚҚ 90/60 мм сн.бғ. Іші тартылған, диурез аз. Диагнозды растау үшін қандай зерттеу тағайындау керек? • Жалпы қан талдауы • Жалпы несеп талдауы • Биохимиялық қан талдауы • Нәжіс пен құсық массаларын бактериологиялық себу • Электрокардиография   63. Науқас жедел сырқаттанды: көпретті сұйық сулы нәжіс пен лоқсу, ауыздың құрғауы және шөлдеу, тез дамитын бұлшық еттік әлсіздік. Жақында Қарашиден ұшып келген. Тексеру кезінде: тері қабаты бозарған, шырыш қабаты құрғақ, дауысы әлсіз, қол бұлшық еттерінің қысқа мерзімді тондық тартылуы, несебі жоқ. Дене қызуы субқалыпты. Гипотония. Аш ішек бойында қабыну мен шамалап ауырсыну анықталады. Нәжісі көп көлемде, сулы қалыпта, құрамында жүзбелі қауыздар бар. Мүмкін болатын диагноз қандай? • Тағамдық улану; • ботулизм; • сальмонеллез; • тырысқақ; • жедел дизентерия.   64. Асхана аспазы бактериологиялық нақтыланған жедел дизентериямен емделіп жатыр. Оны стационардан шығару тәртібі: • дәрет пен қызуы қалыптанғаннан кейін кемінде 3 күн өткен соң • клиникалық белгілері тыйылғаннан кейін 1 күннен кейін және нәжістің бір реттік бактериологиялық зерттеуінің теріс нәтижесі • клиникалық белгілері тыйылғаннан және перифериялық қан картинасының қалыптануынан кейін • клиникалық белгілері тыйылғаннан және этиотроптық терапия біткен соң кемінде 2 күннен ерте емес уақытта өткізілген, аралары 1-2 күн болатын, нәжістің екі мәрте бактериологиялық зерттеуінің теріс нәтижесі • этиотроптық терапия біткен соң және дуоденальдық құрамның бір реттік бактериологиялық зерттеуінің теріс нәтижесінен соң кемінде 3 күннен ерте емес   65. Науқас И. кенеттен көп көлемдегі сұйық нәжіс пайда болған кезде жедел сырқаттанды, 3 сағат өткенде лоқсу басталды. Лоқсу 3 рет, нәжіс – 6 рет болды. Әлсіреу күшейді, бас айналу пайда болды, естен тану болды.  Қабылдау бөлмесінде тексеру кезінде күрт жалпы әлсіреуіне, бастағы ауырлық сезіміне, шөлге шағымданды. Даусы әлсіз. Дене қызуы 36,0°С. Бет терісі бозарған, маңдайында суық тер, еріндері цианотикалы, бет келбеті үшкірленген. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Тамыр соғысы минутына 106 соққы, толығу қанағаттанарлық, АҚҚ 90/50 мм сн.бғ. Жүрек қағысы анық, тыныс алу саны минутына — 24 рет. Тынысы везикулярлы. Іші аздап желденген, ауырсынбайды, пальпацияда илеоцекльды аймақта құрылдау байқалады. Балтыр бұлшық еттерінің тартылмалы қимылдауы. Анурия. Дәреті мөлдір сұйықтық, көрінетін патологиялық қоспаларсыз аздаған қауыз тәріздес тұнба бар. Кеше Каспий теңізінің жағасында (Астрахань ауданында) өткізген жазғы демалысынан оралған. Мүмкін болатын диагнозы қандай? • Тағамнан улану; • ботулизм; • сальмонеллез; • тырысқақ; • жедел дизентерия.   66. Науқас Ц.,52 жаста. Бухгалтер. Науқастың жағдайының ауырлығына байланысты шағымы мен аурудың дамуы туралы мәлімет жинау мүмкін болмады. Әйелінің сөзінше, үш күн бұрын ауырған. Таң алдында сұйық нәжіс пайда болып, науқас бірнеше рет дәретханаға барған, әрбір дефекация сайын оның жағдайы нашарлай берген: үсті-үстіне әлсірей берді. Дене қызуы 37,7. Күннің екінші жартысында (сағат 17) науқаста лоқсу пайда болып, төсектен тұра алмай, шелекті қолданған. Дәрет те, лоқсу да көп көлемде, сұйық болған. Құрысулар пайда болған. Кіші дәретке сирек отырған және аз көлемде. Келесі уақыттарда іш өту мен лоқсу тоқтаған, бірақ науқастың жағдайы онан сайын нашарлады, даусы жоғалды, бет келбеті үшкірленіп, аяқ-қолдарында тартылулар болған.  Дегидратацияның дәрежесін анықтаңыз. а) I дәреже б) IIдәреже в) IIIдәреже г) IVдәреже д) Vдәреже   67. Науқасқа жедел дизентерия, колиттік түрі жеңіл дәрежелі диагнозы қойылды. Оның официант болып қызмет атқаратыны анықталды. Науқасқа қатысты қандай шаралар қолданылатынын анықтаңыз: • эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу • аурудың жеңіл дәрежеде екенін ескеріп, үй жағдайында емдеу • асқазанды жуып, жағдайы жақсарса үй жағдайында емдеу • клиникалық көрсеткіштер бойынша жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу • антибиотиктер тағайындау және амбулаторлық жағдайда тексеру   68. Аурудың белгілері: санасы анық, бірақ тежеулі, адинамия, тері қабаты бозарған, жүрек қағысы әлсіз естіледі, тамыр соғысы әлсіз, АҚҚ 70/30 мм рт.ст. Интоксикация және жедел гастроэнтерит құбылыстары байқалған науқаста қандай асқыну орын алған? • энцефалит • менингит • миокард инфарктісі • ішектік қан кету • инфекциялы-токсикалық шок   69. Науқас С. 60 жаста. Зейнеткер. Шағымы: қатты әлсіздік, лоқсу, іш өту. Ауруы асқазандағы жағымсыз сезімдер мен іш өтуден басталған. Нәжісі көп мөлшерде болған, сұйық, ашық-сары түсті, тәулігіне кемінде 10 рет болған, дене қызуы — 37,3ºС. Кейін көп мөлшерде лоқсу пайда болды. Әрбір дефекация мен лоқсудан соң науқастың жағдайы нашарлай берді. Алдыңғы жүрек айнусыз лоқсу 3 рет болды. Балтыр бұлшықеттерінің тартылуы болды. Жағдайы ауыр. Бет келбеті үшкірленген, көздері шүңірейген. Ерін, тырнақ бөліктерінің цианозы. Ентігу, дем алуының саны 1 минутта 26 рет. Тамыр соғысы ритмикалық, толығуы қанағаттанарлық, минутына 80 соққы, артериялық қысымы 90/65 мм.сн.бғ. Жүрек тондары әлсіреген. Іші тартылған, пальпация кезінде ауырсынбайды. Аяқтарының тартылуы болған. Нәжісі сұйық, көп мөлшерде. Диагнозын нақтылау үшін қандай зерттеу тағайындау қажет?  • Жалпы қан талдауы • Мықын аймағы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі • Биохимиялық қан зерттеуі • Нәжіс пен құсық массасын бактериологиялық себу • Электрокардиография   70. Науқас Р., 53 жаста, жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауру басталғаннан 20 сағаттан кейін, жиі әрі мол, түссіз, шырышты нәжіс пайда болған кезде түскен. Көп өтпей бірнеше рет қайталанған, алдыңғы жүрек айнуынсыз, мол болған лоқсу қосылған. Жағдайы тез нашарлады. Аяқтарының тартылуы, ауа жетпеу, кеудесін қысу сезімі қосылған. Түскен кезінде жағдайы өте ауыр болды, t – 35,6ºC, терісі бозарған, жабысқақ тер басқан, ұстағанда салқын. Бет келбеті сүйірленген. Терінің, көз алмасының тургоры төмендеген. Көзі шүңірейген, қоңыр шеңберлер тұрған. Тамыр соғысы әлсіз, минутына 130, АҚҚ 40/20 мм сын.бағ. Іші тартылған, ауырсынусыз, пальпация кезінде құрылдайды. Анурия. Диагнозын нақтылау үшін қандай зерттеу тағайындау қажет? • Қан мен несепті бактериологиялық себу • Нәжіс пен қақырықты бактериологиялық себу • Несеп пен құсықмассасын бактериологиялық себу • Нәжіс пен құсық массасын бактериологиялық себу • құсық массасы мен шайған суды бактериологиялық себу   71. Науқас Е., 23 жаста, университеттің студенті, мұрынның бітелуіне, қатты бас ауруына, бұлшықеттеріндегі ауырсынуға, қалтырау, 39,6°С дене қызуына шағымымен түскен. 5 күн бұрын жедел ауырып, жалпы әлсіздікке, қалтырау, дене қызуының 39,5°С-қа дейін көтерілуін, самай аймағындағы және көз алмаларындағы күшті бас ауруын байқайды. Ауруының 4-ші күні құрғақ жөтел, төстегі сыздау сезімі пайда болды. Дене қызуы 39,9°С. Келесі күні жөтел күшейіп, аз мөлшерде тұтқыр қақырық бөлінгенін байқап, жайсыздық сезімі үдеп, ұйқысыздық, тәбеті жоғалып, қалжырау болады. Қарау кезінде анықталғаны: терінің гиперемиясы және беттің ісінуі. ЖЖЖ минутына 98, АҚҚ 100/60 мм сын.бағ. Өкпесінде шашыраңқы құрғақ сырыл естіледі, тыныс алуы минутына 26-28. Клиникалық белгілерінің негізінде берілген науқастағы қандай асқынуларды айқындауға болады. • Бактериялық пневмония • Менингит • Жедел ринит, синусит • Инфекция-токсикалық шок • Гиповолемиялық шок   72. Науқас Е., 30 жаста, бас ауруына, бұлшық еттердегі ауырсынуға, қалтырау, 39,6°С дене қызуына шағымымен, жағдайы орташа ауырлықта ауруханаға түскен. 12 сағат бұрын, жедел ауырған. Дәрігерлік қарау кезінде анықталды: бет терісінің айқын гиперемиясы, көзі қызарған, беттің аздап ісінуі, жұмсақ таңдай шырышты қабатының түйіршіктенуі. Тамыр соғысы 1 минутта 68 соққы, АҚҚ 100/60 мм сын.бағ. Өкпесінде шашыраңқы құрғақ сырыл бар, бауыры үлкейген.  Науқасқа қандай ем көрсетіледі? • Антибиотиктер • Вирусқа қарсы • Кортикостероидтер • Физиоем • Жүрек гликозидтері   73. жедел медициналық жәрдем көлігімен 28 жастағы науқас Г. жеткізілді. Қабылдау бөлмесінде қарау кезінде науқастың жағдайы ауыр деп бағаланды. Науқас жалпы әлсіздікке, қызу сезіміне, маңдай бөлігіндегі бас ауруына, құрғақ үзік-үзік жөтелге және жұтыну кезіндегі ауырсынуға шағымданады. Объективті: науқастың беті гиперемияланған, еріндерінде ұшық бар, тері қабаты ылғалды. Аран гиперемияланған, бадамшалар 2 дәрежесіне дейін гипертрофияланған, жабындылар жоқ. Тамыр соғысы минутына 90 соққы, толығуы орташа. Жүрек дыбысы әлсіз. АҚҚ 110/70 мм сын.бағ. Өкпесінде демі везикулярлы, төменгі бөлімдерінде қатқылдау. Науқасқа қандай ем көрсетіледі? • Антибиотиктер • Вирусқа қарсы • Кортикостероидтер • Физиоем • Жүрек гликозидтер   74.Науқас В., пикниктен оралған соң жедел ауырған. Қалтырап, дене қызуы 39,2°С-қа дейін көтерілген, бас ауырып, бір мәрте лоқсу болып, тәбеті жоғалды, оқтын-оқтын жүрегі айнып, ішінің үстіңгі жағы сыздап ауырады. Кейін ішінде толғақ тәріздес ауырсынулар пайда болып, нәжісі басында көп мөлшерде жиі ал аурудың 2-күнінде азайып шырыш пен қан аралас болды. Босқа күшенулер, жалған шақырулар байқалды. Ауызы құрғай береді. Дәрігерлік қарау кезінде сигма тәрізді ішектің ауырсынуы және қабынуы анықталды. Дене қызуы 38,5°С, ЖЖЖ минутына 92. АҚҚ 105/75 мм сын.бағ. Олигурия. Науқасқа қандай ем тағайындау керек? • Пенициллин • Дегидратациялық терапия • Иммундық модуляторлар • Дезинтоксикациялық терапия • Несеп жүргізетін препараттар   75.Науқас К., Ташкенттен іссапардан оралғаннан кейін жедел ауырды. Дене қызуы 39,7°С-қа дейін көтеріліп, қалтырау, бас ауруы пайда болды. Тәбеті жоғалып, жүрек айнуы мазалап, бір мәрте лоқсу болды. Содан соң ішінде толғақ тәріздес ауырсынулар пайда болып, нәжісі сұйылып, жиіледі, басында нәжісті, кейін көлеміазайып шырыш пен қан араласты. Қызуының көтерілуі, жүрек айнуы сақталып, тағы бір мәрте лоқсу болды.  Ықтималды диагнозы қандай? • Тағамдық улану • Жедел дизентерия • амебиаз • тырысқақ • эшерихиоз   76. науқаста 3 күн бойына қалтырау, бас ауруы, барлық денесінің сырқырауы, субфебрильді дене қызуы, тамағындағы және кеңірдек бойынша ауырсыну, қатқыл үзік-үзік жөтел, дем алысы жиілеген және қиындаған, мұрнынан көп көлемде бөлінулер болып, дауысының қырылдауы. Мейлінше ықтимал болатын диагнозы қандай? • тұмау • паратұмау • аденовирусты жұқпа • риновирусты жұқпа • РС-жұқпа   77.Науқас А., 25 жаста, емхананың учаскелік дәрігеріне іштегі толғақ тәріздес ауырсынуларға, тәулігіне 12 рет қанды және шырышты сұйық нәжістің болуына, әлсіздікке, дене қызуының 38ºС-қа дейін көтерілуіне шағымданады. Эпидемиологиялық анамнезден кондитерлік дүкенде жүк көтеруші болып жұмыс істейтіні анықталды.  Учаскелік дәрігердің науқасқа қатысты жұмыс жүргізу ұстанымын анықтаңыз. • Іш өтуге қарсы дәрілер тағайындау. • Жұмысынан босату. • Нәжісті бактериологиялық зерттеу тағайындау. • Науқастың туыстарын тексеру. • Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу.   78. дәрігерге іштің төменгі бөлігінің ауырсынуына, шырышты және қан талшықты жиі сұйық нәжіске, жалған шақыруларға шағымданып келді. Ішті пальпациялау кезінде сол жақ мықын аймағында ауырсынулар анықталып, жиырылған, тығыздалған сигма тәріздес ішек пальпацияланды.  Мұндай клиника жедел дизентерияның қандай түріне тән? • Гастриттік • Гастроэнтериттік • Гастроэнтероколиттік • колиттік • Септикалық   79. науқаста аяқ астынан жүрек айну, лоқсу, іштің жоғары жартысында ауырсынулар пайда болып, лоқсу қайталанды. Оған жиі әрі сұйық, патологиялық қоспаларсыз нәжіс қосылды. Ішті пальпациялау кезінде эпигастральды аймақ пен кіндік маңындағы ауырсынулар болды.  Аталмыш науқаста қандай ауру белгілері байқалады? • Гастрит • Гастроэнтерит • Гастроэнтероколит • колит • интоксикация   80. Науқас жуылмаған алмаларды жегеннен кейін кейін ауруының 2-ші күні түсті. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7оС. Сол жақ мықын аймағында толғақ тәріздес ауырсынулар бар. Сигма жиырылған, пальпацияда ауырсынады. Дәреті аз мөлшерде, тәулігіне 6-7 рет. Мейлінше ықтимал диагнозы қандай? • Сальмонеллез • Амебиаз • Тағамдық улану • Эшерихиоз • Жедел дизентерия   81. 40 жастағы науқас А. клиникаға әлсіздікке, бас ауруына, іштегі ауруына, 10 ретке дейін болатын жиі нәжіске шағымданып түскен. Түскен кезінде сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, сигма тәріздес ішек тығызданған. Нәжісі сұйық, шырыш пен қан араласқан.  Мүмкін болатын диагнозы қандай? • Жедел дизентерия; • сальмонеллез; • тырысқақ; • амебалық дизентерия; • иерсиниоз.                                 82.Науқас Н., 23 жасар, емханаға ауруының 3-ші күні қаралған. Жалпы әлсіздік, қалтырау, дененің сырқырауы пайда болғанда жедел ауырып, дене қызуы 38,3 Сº-қа дейін көтеріледі, іштің төменгі бөлігінде ұстамалы ауырсынулар пайда болады. Нәжісі тәулігіне 6 рет, басында мол, кейін азайды, ботқа тәріздес, шырыш араласқан. Дәрігер сырқаттанар алдында базардан сатып алынған, жуылмаған жемістерді қолданғанын анықтады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,1 Сº, беті бозарған. Іші жұмсақ, қатты жиырылған сигма тәріздес ішек аймағында ауырсынады. Ықтималды диагнозы қандай? • Жедел дизентерия; • сальмонеллез; • тырысқақ; • амебалық дизентерия; • иерсиниоз.   83. жоспардан тыс тексеріс кезінде аспаздың нәжісінен Shigella Flexneri табылды. Әрі қарайғы ұстанымды көрсетіңіз: • эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу • аурудың жеңіл дәрежеде екенін ескеріп, үй жағдайында емдеу • асқазанды жуып, жағдайы жақсарса үй жағдайында емдеу • клиникалық көрсеткіштер бойынша жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу • антибиотиктер тағайындау және амбулаторлық жағдайда тексеру   84. науқас 48 жаста, ауруының 2-ші күні терапевт-дәрігер қараған. Шағымы: іштегі толғақ тәріздес ауырсынулар, жүрек айнуы, бас ауруы, тәулігіне 25 ретке дейін болған сұйық нәжіс, жалған шақырулар. Тексеру барысында: дене қызуы 39,5° С, АҚҚ – 90/60 мм сын.бағ., тамыр соғысы – минутына 120 соққы. Пальпация кезінде – сол жақ мықын аймағындағы ауырсыну, сигма тәріздес ішек тығыздалған. Нәжісі, шырышты-қанды. Жедел дизентерияның қандай белгілері жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу қажеттігін көрсетеді? • Аурудың ұзақтығы; • Интоксикация айқындығы; • Гемоколит құбылысы; • Жалған шақырулар; • Сигма тәріздес ішектің ауырсынуы.   85. Науқас З. 25 жаста, сүт зауытының тоңазытқыштық қондырғыларының шебері. Жоғары дене қызуына (38,2 0С), қалтырау, әлсіздік, іштің төменгі жағындағы толғақ тәріздес ауырсынуларға және шырыш пен қан аралас нәжістің тәулігіне 10 ретке дейін болатынына шағымданады. Объективті – тері қабаты ақ қызғылт. Жүрек тондары анық, қызметі ырғақты. Тамыр соғысы минутына 92, қанағаттанарлық ситпатта. Өкпесін тыңдағанда везикулярлы тыныс. Тілі құрғақтау, ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, тоқ ішектің бойында ауырсынады. Нәжісі ректалы түкірік түрінде. Мейлінше ықтималды диагнозы қандай? • Жедел дизентерия; • сальмонеллез; • тырысқақ; • амебалық дизентерия; • иерсиниоз.   86. емханадағы қабылдауға 33 жастағы науқас В қаралды, инженер, дене қызуының 37,2 0С-қа дейін көтерілуіне, әлсіздікке, бас ауруына, іштің төменіндегі толғақ тәріздес сипаттағы ауырсынуларға, іш өтуіне шағымданады. Кеше кешкілік жедел ауырған. Түнде дәреті 3 рет болды, ботқа тәріздес, шырышты, ал таңнан бері екі рет болды. Тексеру кезінде тері жабыны қалыпты түсте болды. Тамыр соғысы минутына 82. АҚҚ 120 /80 мм.сы.бағ. Тілі ылғалды. Іші жұмсақ, пальпация кезінде қос мықын аймағында да ауырсынады. Өзінің сырқаттануын ештеңемен байланыстыра алмайды. Екі бөлмелі пәтерде күйеуімен тұрады. Оның дені сау. Учаскелік дәрігердің ұстанымын анықтаңыз: • үй жағдайындағы амбулаторлық ем • жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу • диспансерлік бақылау • амбулаторлық жағдайдағы қайталанбалы нәжіс талдауы • нитрофурандық препараттарды тағайындау   87. науқас Ш., 23 жаста, жұмысшы. Құтыдағы сүтті пайдаланғаннан соң 8 сағаттан кейін ауырған. Жүрек айнуы, көп мәрте лоқсу, іштің кіндік айналасында ауырсынулар, сұйық нәжіс пайда болды. Ауруының 3-ші күнінде жағдайы ауыр, жалпы интоксикация байқалады, қызуы 38,7 0С, әлсіз, басы айналады. Тері қабаты бозарған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған Өкпе үстінде демі везикулярлы. Жүрек дыбысы әлсіз. Тамыр соғысы минутына 98. АҚҚ 100 /80 мм.рт.ст. іші ісіңкі, оң жақ мықын аймағында ауырсынады, сигма тәріздес ішектің қабынуы және жағымсыз ауыруы, ішектердің шұрылдауы анықталады. Нәжісі аз мөлшерде, шырышты.  Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет? • Қанды, нәжісті бактериологиялық себу • Қанды, зәрді, нәжісті бактериологиялық себу • несепті, лоқсу массасын, нәжісті бактериологиялық себу • құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу • қанды, құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу                                                    88.42 жасар науқас В. Екінші күн ауырып жатыр, балабақшаның тәрбиешісі. Жағдайы ауыр, дене қызуы 40,0 0С. Ауруы іштегі ауырсыну мен бірнеше рет қайталанған лоқсудан басталған. Бір мезгілде нәжісі жиілейді, басында сулы болып, кейін азайған, шырышты. Тексеру кезінде тері қабатының бозаруы назар аударды. Жүрек дыбысы қатқыл, ритмді. Тілі кіршең жабындымен жабылған, құрғақтау. Іші жұмсақ, қос мықын аймағында да ауырсынады, сигма тәріздес ішек қабынған, сезімтал. Нәжісі шырыш және қан аралас. Мейлінше ықтималды диагнозы қандай? • Жедел дизентерия; • сальмонеллез; • тырысқақ; • амебалық дизентерия; • иерсиниоз.   89.Науқас Е., 47 жаста, учаскелік дәрігеріне ауруының 2-ші күні қаралып, әлсіздікке, іштегі ауырсынуларға, арасында шырышты, нәжістік сипатын сақтаған дәреттің тұрақсыздығына шағымданған. 5 жыл бұрын жіті қантышқақпен ауырған. Кейін жыл сайын ұқсас жағдайлар байқалып отырған. Тексеру кезінде: жағдайы қанағаттанарлық. қызуы 36,5 0С. Жүрек пен өкпе жақтан өзгерістер анықталған жоқ. Тоқ ішек тұсында ішін ауырсынады. Нәжісі ботқа тәріздес, шырыш араласқан. Ықтимал диагнозын көрсетіңіз. • Жедел дизентерия; • сальмонеллез; • тырысқақ; • амебалық дизентерия; • иерсиниоз.   90. 42 жасар науқас ауруының 4-ші күні қалыпты дене қызуымен, бүкіл ішінің, әсіресе сол жағында сыздап аурумен, іш өтуі тәулігіне 1-ден 5 ретке дейін, шырышты және қанды болуымен түскен. Дефекация уақытында және онан кейін ішінде созылмалы ауырсынулар мен ішектің толықтай босамау сезімі пайда болады. Іші жұмсақ, пальпация кезінде сол жақ мықын аймағында ауырсынады. Талақ қисықтығы тұсында тоқ ішектің жергілікті шектеулі ісінуі анықталады. Аурудың нақтамасының жетекші әдістері: • жалпы қан талдауы • копрология • нәжісті дисбактериозға себу • нәжісті дизентерия мен сальмонеллезге себу • ректороманоскопия, колоноскопия   91. 17 жасар науқас ауруының 2-ші күні сол жақ мықын аймағындағы толғақ тәріздес ауырсынуына және шырыш аралас сұйық нәжіске шағымданып түсті. Дене қызуы 38ºС, сигма тәріздес ішек қабынған, пальпациялау кезінде ауырсынады, нәжістік дәретінде шырыштың көлемі үлкен. Тексерудегі қателікті табыңыз: • нәжісті дизентерияға себу • нәжісті сальмонеллезге себу • агглютинацияның сальмонеллездік антигенмен реакциясы • агглютинацияның дизентерия антигенмен реакциясы • қанды, зәрді дизентерияға себу   92.Пациент С., 38 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына жедел дизентерия орташа дәрежелі ауырлықта диагнозымен түсті. Шағымы: іштегі толғақ тәріздес ауырсынулар, сұйық шырышты нәжістің жиілеуі (бөлінулер аздап, дәреттің жиілігі 9 рет), қызуының көтерілуі мен әлсіздік. Өзін 1 күн бойына сырқат санайды. Ауыруынан 5 күн бұрын базардан сатып алынған, жуылмаған жеміс жеген. Нақты: дене қызуы 37,8оС, ЖЖЖ минутына 17, тамыр соғысы минутына 80 соққы, АҚҚ 120/80 мм сын.бағ. Тері жабыны таза, ылғал, ұстағанда ыстық, қалыпты түсте. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші дұрыс формада, дем алу актісіне қатысады, жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырсынады. Нәжісі сұйық шырышты. Диурез қалыпты. Науқасқа қандай ем тағайындау керек? • пенициллин       • фуразолидон    • метронидазол • празиквантель       • декарис   93.НауқасН., 23 жаста, емханаға ауруының 3-ші күні қаралады. 2.06. жедел ауырып, жалпы әлсіздік, қалтырау, дененің сырқырауы пайда болып, дене қызуы 38,3 Сº-қа дейін көтеріледі, іштің төменгі бөлігінде ұстама тәріздес шаншулар пайда болды. Дәреті тәулігіне 6 рет, басында мол, кейін азайған, ботқа тәріздес, шырыш араласқан болды. Науқас жұмысшылардың жатақханасында тұрады. Басқа қаладан келген, жалдамалы құрылысшы болып істейді. Сырқаттанар алдында базардан сатып алынған жемістерді жумай қолданған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,1 0С, беті бозарған. Жүрек дыбысы аздап бәсеңдеген, тамыр соғысы минутына 92 соққы. АҚҚ 110/60 мм сын.бағ. Тілі ақ жамылғымен жамылған, құрғақтау. Іші жұмсақ, қатты жиырылған сигма тәріздес ішектің тұсында ауырсынады. Ықтималды диагнозы қандай? • Жедел дизентерия; • сальмонеллез; • тырысқақ; • амебалық дизентерия; • иерсиниоз.   94.Науқас К. ауруының 1-ші күні жалпы жағдайының бұзылуына, бас ауруына, қалтырау, іштің төменге жағындағы толғақ тәріздес ауырсынуға (бұрап ауыратын) және аурудың алғашқы 8 сағатында шырыш және қан аралас 10 мәртеге дейін болған сұйық дәретке шағымданып, дәрігерге қаралады; жалған шақырулар мен тенезмалар байқалады. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,8°С. Тамыр соғысы минутына 100 соққы, толығуы қанағаттанарлық. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Жүрек дыбысы бәсеңдеген. Өкпесінде – айқын перкуторлы дыбыс, демі везикулярлы. Тілі жабындымен жабылған құрғақ. Іші жұмсақ, дем алу актісіне белсенді қатысады, пальпация кезінде тоқ ішек бойында және кіндік маңы аймағында ауырсынады. Сигма тәріздес ішек қабынған, диаметрі 1,0 см-ге дейін, қатты ауырсынады. Нәжісі сұйық, шырыш пен қан араласқан. Ықтимал диагнозы қандай? • Жедел дизентерия; • сальмонеллез; • тырысқақ; • амебалық дизентерия; • иерсиниоз.   95.Науқас П. жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауруының 1-күні жеткізілді. Шағымы: ыстықтау сезімімен алмасатын қалтырау, бұлшық еттердегі, бел аймағындағы шаншулар, бас ауруы. Жағдайы орташа ауырлықта. Ден қызуы 40°С, тамыр соғысы 1 минутта 130 соққы. АҚҚ 125/80 мм сын.бағ. Беті гиперемияланған, терісі ыстық, бөртпелер жоқ. Пальпация кезінде тоқ ішек тұсында шұрылдау мен ауырсыну байқалады. Тексеруден кейін дәреті көп емес, сұйық, шырыш пен қан араласқан нәжіс сипатында болды. 1 сағаттан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: үлкен дәретке қайта қайта барды, жалған күшенулер мен тенезмдер пайда болды. Нәжісі аз мөлшерде шырышты-қанды. Аяқ астынан есінен танып қалды. Дене қызуы 36,0°С-қа дейін төмендеді. Тамыр соғысы жиі, жип тәрізді. АҚҚ анықталмайды. Акроцианоз. Үлкен тамырлардың айналасында гирлянд түріндегі цианозды дақтар бар. Бөртпелер жоқ. Іші жұмсақ. Сигма тәріздес ішектің қатты қабынуы көрінеді. Диурез жоқ. Менингеальдық белгілер жоқ. Ықтимал диагнозы қандай? • Жедел дизентерия; • сальмонеллез; • тырысқақ; • амебалық дизентерия; • иерсиниоз.   96.Науқас Д.. 50 жаста. Жұмысшы. Емханаға қаралды. Шағымы: іштегі толғақ тәріздес шаншулар, шырышты және қан аралас іш өту, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, жүрек айнуы. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, қызуы 37,2, тамыр соғысы минутына 84 рет, тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастральды және сол жақ мықын аймағында ауырсынады. Қысқарған сигма пальпацияланады. Копрологиялық тексеру кезінде лейкоциттердің үлкен көлемі, шырыш түйіршіктері, қорытылмаған бұлшықет талшықтары мен клетчатка табылды. Ректороманоскопия барысында шырыштың ошақтық катаральді қабынуы мен бірен-саран геморрагия анықталды.    Науқасқа қандай ем тағайындау керек? • пенициллин       • фуразолидон    • метронидазол • празиквантель       • декарис   97.Науқас Б., 34 жаста, ұста, стационарға 29/VI түсті. Шағымы: жалпы әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің нашарлығы, шөлдеу, бүкіл ішіндегі толғақ тәріздес ауырсынулар, жалған лоқсулар, аз мөлшерде нәжіс. Жалобы на общую слабость, головную боль, плохой аппетит, жажду, схваткообразные боли по всему животу, ложные позывы, скудный стул. Түнде аурыған. Жағдайы орташа ауырлықта. АҚҚ-100/70, тамыр соғысы-92, қызуы- 38,5. Іші аздап тартылған, қатайған, пальпация кезінде тоқ ішек тұсында қатты ауырсынады. Ректороманоскопия шырыштың ошақтық қабынуы анықталды. Науқасқа тексерістен өту тағайындалды. Тағайындаудағы қатені табыңыз: • жалпы қан талдауы; • нәжісті бактериологиялық себу; • копроцитограмма; • қанды бактериологиялық себу; • ПГАР –на қан.   98. жұқпалы аурулар бөлімшесіне науқас t˚ - 39,5˚-пен түсті, тамыр соғысы әрең байқалады, жүрек қағысы бәсеңдеген, артериялық қысымы 80/40, ерін цианозы, лоқсу, сусыздану, іштің төменгі жағындағы қатты білінген толғақ тәріздес шаншулар, ауырсынып күшенулер; сигма қабынған және ауырсынады. Нәжісі шырышты және қан араласқан, тәулігіне 40 мәртеге дейін.  Асқазан-ішек трактінің зақымдануы синдромын болдырмау үшін препарат тағайындаңыз: • Индометацин • Пенициллин • Емен қабығы • Церукал • Мезим-форте   99. науқас сүйектерінің, буындарының бұлшық еттерінің сыздап ауыруына, аздаған бас ауруына, мұрынның бітелуі, мұрыннаң ағуы, құрғақ жөтел, тамағындағы аздаған ауырсынуларға шағымданады. Субфебриальді қызуы 10 күн шамасында сақталып тұр. Эпигастрии аймағында ауырсынулар байқалады, 1-2 рет сұйық нәжіс болды. Қарау кезінде беттің гиперемиясы, көзі қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты аздаған қанталауы байқалады.   Ықтималы диагозы қандай?                                                                         • тұмау • паратұмау • аденовирустық жұқпа • риновирустық жұқпа • РС-жұқпа   100. Науқас М., жедел ауырған маңдай аймағы мен көз орбитасындағы бас ауруы, қалтырау, бұлшық еттерінің, сүйектері мен буындарының сырқырауы, тамақтағы ауысыну, мұрынның бітелуі, дене қызуының 39о C-қа дейін көтерілуі. Ауруының 2-ші күні қарау кезінде беттің гиперемиясымен ісуі, көзінің қызаруы, мұрынның ағуы, құрғақ жөтел, тахикардия анықталды.  Мүмкін болатын диагнозы қандай? • тұмау • паратұмау • аденовирустық жұқпа • риновирустық жұқпа • РС-жұқпа     101.Жедел дизентериямен ауырған науқастардың қайсысы диспансерлік бақылауға жатады: • Барлық ауырып болғандар •  «декретивті топтағы» адамдар • Тек қана ауыр түрімен ауырғандар • Созылмалы түрімен ауыратындар • Балалар және жас өспірімдер   102. Науқас Т., 26 жаста, ауруының 2-күні ішінің толғақ тәрізді ауырсынуына (эпигастрий, кіндік айналасында), құрылдауына, 12-14 рет болған көп мөлшердегі сұйық нәжіске, әлсіздікке, дене температурасының көтерілуіне, жүрегі айнып лоқсуға, тәбетінің төмендеуіне, шөлдеуіне шағымданып түсті. Жедел ауырған 1 тәулік ішінде жоғарыда аталған белгілер пайда болған. Ауырар алдында асханадан котлет, омлет, көкөніс салатын жеген. Объективті: Жағдайы орташа дәрежел. Т-38,3 0C. Терісі кәдімгі түстес, ылғалды, тургоры аздап төмендеген. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары әлсіреген. Ритмді. Пульс 104рет. АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Тілі ылғалды жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий және кіндік айналасында ауру сезімі бар. Нәжісі қабылдау бөлімінде сұйық көп мөлшерде, түсі жасыл, иісі жағымсыз. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз? • жедел дизентерия • тырысқақ • сальмонеллез • эшерихиоз • амебиаз   103.Науқас Е., 32 жаста, банкир, ауруханаға ауруының 2- күні келіп түсті. Жедел ауырған. Қалтырау, маңдай бөлімінің ауыруы, Т-40,2 С, жарыққа қарай алмай теледидарды сөндіруді сұрады.  Жағдайы ауыр. Т-39,20C. Терісі бозарған, склерасы қанталаған, Аран шырышты қабаты айқын гиперемияланған, ісінген. Пульс 96 рет. АҚҚ 130/90 мм.сын.бағ. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз? • тұмау • паратұмау • аденовирустық жұқпа • риновирустық жұқпа • РС-жұқпа   104.Науқас С., 45 жаста, 8 күн бұрын ауырған, қалтыраумен бірге дене температурасы 38,9°С, көтеріліп, бір мезгілде лоқсу, құсу, ішінің ауыруы, көп рет сұйық нәжіс пайда болды. Дәрігерге қаралмай өзі емделген. 2 күннен соң лоқсу мен іш өту тоқтады, бірақ жоғары температура сақталып қалды. Жалпы әлсіздік пен тәбетінің төмендеуі және ұйқысының бұзылуы мазалайды. Қарағанда бауыр мен көкбауыр ұлғайған. Нәжістен Salmonella enterica анықталды. Ары қарай қандай тактика: • Эпид.көрсеткіші бойынша ауруханаға жатқызу • Жеңіл дәрежесіне байланысты үйде емдеу • Клиникалық көрсеткіші бойынша ауруханаға жатқызу • Үй жағдайында антибиотик тағайындау және амбулаторлы зерттелену.   105.Науқас С., 45 жаста. 8 күн бұрын ауырған, қалтыраумен бірге дене температурасы 38,9°С, көтеріліп, бір мезгілде жүрек айнуы, құсу, ішінің ауыруы, көп рет сұйық нәжіс пайда болды. Дәрігерге қаралмай өзі асқазанын шайған. Құсу мен іш өту тоқтады, бірақ жоғары температура сақталып қалды. Жалпы әлсіздік пен тәбетінің төмендеуі және ұйқысының бұзылуы мазалайды. Қарағанда бауыр мен көкбауыр ұлғайған. Нәжістен S. Typhimurium анықталды.   Қандай көрсеткішке қарап "Сальмонеллез" диагнозын қоясыз? • Аурудың қалтыраумен, жоғарғы температурамен жедел басталуы • Аурудың 1-күнінен бастап лоқсу мен құсудың болуы • Жиі сұйық нәжіс • Нәжістен сальмонелланың бөлінуі • Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы   106.Науқас С., 36 жаста, әуежай медсанчастінің дәрігері, жедел ауырған. Ішінің ауру сезімі бірден пайда болды, сосын көп рет құсу және тәулігіне 10 ретке дейін сұйық нәжіс болды. Жағдайы ауыр, беті бозғылт, ерні көгерген. Тері тургоры төмендеген. Пульсі әлсіз әрең саналады минутына 120 рет. АҚҚ 60/40 мм сын.бағ. Қол аяқтары ұстағанда мұздай. Балтыр ақ бұлшық еттерінің құрысуынан науқас қиналып жатыр. Тілі құрғақ, жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий және кіндік айналасында ауру сезімі бар. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Қабылдау бөлімінде нәжіс көп мөлшерде, жасыл түстес иісі аңқыған. Құсығы өт қосылған, тағам қалдықтары жоқ.Диурез азайған.  Мүмкін болатын диагнозды атаңыз? а) жедел дизентерия б) тырысқақ в) сальмонеллез г) эшерихиоз д) амебиаз   107.Науқас 50 жаста, терапия бөлімшесінің тазалықшысы, жағдайы нашарлап басы айналып, әлсіреп, лоқсып, құсып сұйық нәжіс пайда болды.Ауырар алдында қуырылған жұмыртқа жеген. Бөлімшеде асқазанын шайған содан кейін жағдайы жақсарған.Бірақ сұйық нәжіс бола берді, балтыр бұлшықеттерінің құрысуы байқалды. 2 сағаттан кейін дене температурасы 38,5°С. Жағдайы орташа дәрежелі. Науқас бозарған, ерні көгерген, пульсі 102 рет мин., әлсіз толыққан. АҚҚ 90/60 мм сн.бғ. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий және кіндік айналасы ауырсынады, құрылдау күшейген. Құрсақ тітіркенудің белгілері жоқ. Танертеннен бері зәрі болмаған. Менингиттің белгілері жоқ. Балтыр бұлшық еттерінің құрысуы күшейген. Нәжісі көп мөлшерде жасыл түсті. Ары қарай тактиканы көрсетіңіз: • Витаминотерапия • Дегидратация • Физиолечение • Десенсибилизация • Регидратация   108.Науқас Т 26 жаста, аурудың екінші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауруына (эпигастрий, кіндік айналасында), құрылдауына, жиі сұйық нәжіске (тәулігіне 13-14 рет) әлсіздікке, дене температурасы жоғарылауына, жүрек айнуына, көп рет құсуының сүйық нәжіске шағымданып келді. Жедел ауырған 1 тәулік ішінде жоғары аталған белгілер пайда болды. Ауырар алдында асханадан котлет, омлет, көкөністерден жасалған салат жеген. Объективті: Жағдайы орташа дәрежелі. Т-38,3 ºС. Пульс 104 рет мин. АҚҚ 90/60 мм.рт.ст. Тілі ылғалды, жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий және кіндік айналасы ауырсынады. Қабылдау бөлімінде нәжісі көп мөлшерде сұйық, жасыл түсті, иісі жаман. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз? • Ішекті иерсиниоз • сальмонеллез • амебиаз • балантидиаз • жедел дизентерия   109.Науқас 40 жаста, ауыруының 3-күні қаралған. Іші ауырған, қызба, іш өту, бас ауруы. Өзінің ауыруың қуырылған үйректі жеумен байланыстырады. Қарағанда: температура - 39° С, солғын, шөлдеу мазалайды, АҚҚ– 90/60 мм сн.бғ. Пульсі – 100 рет минутына. Даусы қарлыққан, тері тургоры төмендеген. Шырышты қабаты құрғақ. Іші аздап желденген, эпигастрий және оң жақ мықын аймағын ауырсынады. Бауыр +1,0 см. Нәжісі сұйық шырыш аралас, иісі жаман. Зәрі аздалған. Науқаста қандай асқыну дамыды? • инфекциалық-токсикалық шок; • анафилактикалық шок; • жедел бауыр жетіспеушілігі; • мидың ісінуі; • жедел бүйрек жетіспеушілігі.   110.Науқас А, 20 жаста ауруының 1-күні әлсіздікке, іш ауруына, құсуға, іш өтуіне шағымданып түсті. Жедел ауырған. Ауырар алдында, 1 тәулік бойы бөлме температурасында тұрған, ет қосылған құймақ жеген. Кешке қарай эпигастрия аймағының ауырсынуы жүрек айну, іш өту, қайталап құсу болды. Түскен кезде: жағдайы ауыр, температура– 35,5° С. Науқастың есі анық, бозарған, бет әлпеті үшкірленген, көзі шүңірейген, тері тургоры төмендеген, дауысы қарлыққан, іші тартылған, іші ауырады, нәжісі көп мөлшерде, пульсі анықталмайды. АҚҚ - 40/30 мм сн.бғ. ЖЖЖ – 126 рет 1 минутына. Қаралған күні кіші дәреті болмаған. Қуығы бос. Науқаста қандай асқыну дамыды?   • Гиповолемиялық шок; • Анафилактикалық шок; • Жедел бауыр жетіспеушілік; • Миының ісінуі; • жедел бүйрек жетіспеушілігі.   111.Науқас И, 38 жаста, жедел ауырған: дене температурасы 38 0С, әлсіздік, бас айналуы, құсу, жиі сұйық нәжіс, аяқ бұлшық еттерінің құрысуы пайда болды. Аурудың екінші күні жағдайы ауыр, температура 35,9 0С, есі анық, бырақ тежелген. Адинамия, бет әлпеті үшкірленген, тері қабаты бозарған, акроцианоз. Жиі аяқ бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульсі әлсіз. АҚҚ 40/0 мм.сн.бғ. Іші жүмсақ, кіндік айналасы ауырсынады. Нәжісінің иісі жаман, жасыл түсті. Аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен алып келді. Диагнозын анықтау үшін міндетті түрде қандай зерттеу әдісін тағайындау керек? а) Қанды, нәжісті бактериологиялық себу б) Қанды, зәрді, нәжісті бактериологиялық себу в) Зәрді, құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу г) құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу д) Қанды, зәрді, құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу 112. Атбасар аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне науқас С., 43 жаста, ауыр жағдайда жеткізілді. Сұраққа әрең жауап береді, дауысы қарлыққан. Температурасы 39,9 0С. Жедел ауырған. Ішінің, әсіресе эпигастри аймағы ауырған, сонымен бірге көп рет құсу, алғашында жеген тамағымен кейін өт қосындысын құсты. 3 сағаттан кейін сүйық нәжісі жейіленді. Басында нәжісі сұйық, көп мөлшерде жасыл түстес, кейінірек күріш ботқасы тәрізді болды. Мүмкін болатын диагноз? а) ішектік иерсиниоз

Б) сальмонеллез

в) амебиаз

г) балантидиаз

д) жедел дизентерия

 

113.Науқас Ш., 20 жаста, студент, жатақханада тұрады. Аяқ астынан жүрек айну, бас айналу, дене температурасы 39° С көтеріліп, көп мөлшерде сүйық дәрет болды, кейінірек дене температурасы 35° С дейін түсті. Бірден әлсіреу сезімі, мұздай тер пайда болды.Объективті: пульсі сезілмейді, АҚҚ бірден төмендеді. Тахикардия 120 рет/мин.

Науқаста қандай асқыну дамыды?

а) гиповолемилық шок;

б) анафилактиялық шок;

в) жедел бауыр жетіспеушілік;

г) мидың ісуі;

д) жедел бүйрек жетіспеушілігі.

 

114. Науқас Л., 53 жаста. Танғы 5 ауырған, ұйқысынан ішінің кесіп ауыруынан, жүрек айнуынан оянды, құсу, әр бір 30-40 мин сайын көпіршікті, иісі жаман сұйық нәжіс пайда болды.

Кеше кешке көшеден сатып алынған шүжыұ қосылған бутерброд, шай, қуырылған жұмыртқа жеген.

Жалпы жағдайы ауыр, t – 39,9ºС. Терісі бозарған, акроцианоз. Беті салбыраған (осуновшиеся), даусы қарлыққан. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ, ДЖ – 23 рет/мин. Жүрек тондары бәсеідеген, экстрасистолия. ЖЖЖ – 120 рет/мин., пульсінедивидный, жұрек шекаралыры қалыпты. АҚ 80/50 мм сн.бғ. Іші ісінген. Ішін пальпациялағанда эпигастрии, кіндік айналасыжәне оң жақ мықын аймағы ауырсынады, оң жақ мықын және кіндік айналасында құрылдау байқалады. Нәжісі сұйық, иісі жаман, көпіршікті. Кіші дәретке отырмағанына 7 сағат болды. Катетермен 30 мл зәр алынды. Мүмкін болатын диагноз?

а) ішекті иерсиниоз

Б) сальмонеллез

в) амебиаз

г) балантидиаз

д) жедел дизентерия

 

115.Науқас К., еттен жасалған «холодец» тағамын жеген, 12 сағаттан соң жедел ауырған. Айқын болатын әлсіздікті, қалтырауды, ұйқы без тұсының кесіп ауруын, жүрек айнуын байқады. Кейін құсу және іш өту болды. Құсу кезінде басы айналды. Алғашында жеген тағамды құсып, кейін өт сұйықтығымен бірге болды. Нәжіс сұйық, көп мөлшерде, әрбір сағат сайын қайталанды. Температурасы39,5°С. Беті гиперемияланған, ерні, саусақтары көгерген. Пульсі 120 рет 1 минутына, әлсіз толу, ритмді, АҚҚ 90/80 мм сн.бғ.. Жүрек тондары бәсеңдеген. Тыныс алу жиілігі — 28 рет 1 мин. Тілі құрғақ, қоңыр түсті жабындымен жабылған. Іші аздап тартылған, пальпациялағанда эпигастрии кіндік айналасы оң жақ мықын аймағында ауырсынады, құрылдайды. Нәжісі сұйық, көп мөлшерде, жасыл түсті. Мүмкін болатын диагноз?

а) ішектік иерсиниоз

Б) сальмонеллез

в) амебиаз

г) балантидиаз

д) жедел дизентерия

 

116.Науқас Н., 32 жаста, инженер. Шағымы: әлсіздік, бас айнаоуы, сұйық нәжіс, субфебрильді дене қызуы. Науқастың жағдайы ауыр, дене температурасы 38,7º. Тері жабындысы бозарған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Пульс 110 рет. мин., толымдылығы әлсіз, жүрек тоны бәсеңдеген. АҚҚ 90/60. Іші жұмсақ, эпигастрии, мезогастрии, тоқ ішек бойында және оң жақ мықын аймағында ауырады.

Мүмкін болатын диагноз?

а) ішектік иерсиниоз

Б) сальмонеллез

в) амебиаз

г) балантидиаз

д) жедел дизентерия

 

117. Науқас Н., 42 жаста, ауруы басталған соң 15 сағат өткенде, ауыр жағдайда клиникаға жеткізілген. Ауруы қайталанып құсудан, сұйық нәжістен, ішінің ауыруымен, дене температурасының  38,5° көтерілуімен басталған.Түскен кезде бірден әлсіздікке, басының айналуына, аяқтарының құрысуына шағымданады. Объективті: t°- 35,2°, тері жабындысы бозарған, акроцианоз. Тері тургоры төмендеген. Беті үшкірленген, даусы қырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс 120 рет мин, толымдылығы әлсіз. АҚҚ 60/30 мм сн.бғ. шырыш қабатты құрғақ, тілі ақ жабындымен жабылған. Іші аздап ісінген, эпигастрии және ащы ішек бойында сезімтал, құрылдайды. Науқаста қандай асқыну дамыды?

а) гиповолемиялық шок;

б) анафилактиялық шок;

в) жедел бауыр жетіспеушілігі;

г) ми ісінуі;

д) жедел бүйрек жетіспеушілігі.

 

118. Науқас М., 36 жаста. Ауру потологиялық қоспасыз болған сұйық нәжістен жедел басталған. Жалпы әлсіздік күшейген, құсу пайда болған, нәжісі сұйық, көп мөлшерде 15 ретке дейін. Түсті аста борщ, жұмыртқа-глазунь, алма жеген. Жағдайы ауыр, сөзі тежелген, есі сақталған, t˚ - 35,6˚.

Тері және шырышты қабаттары бозарған, акроцианоз. Тері тургоры төмендеоген. Жүрек тондары бәсеңделген, ритм дұрыс, пульсі 106 рет мин., толымдылығы әлсіз. АҚҚ 70/40 мм сн.бғ. Іші жұмсақ, эпигастрии және кіндік айналасында ауырсынады. Нәжісін қарағанда: сұйық, көп мөлшерде, потологиялық қоспасыз. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін нақтылау керек?

 

а)  Қанды, нәжісті бактериологиялық себу

б) Қанды, зәрді, нәжісті бактериологиялық себу

в) Зәрді, құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу

г)құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу

д) Қанды, зәрді, құсық массасын, нәжісті бактериологиялық себу

119.Науқас Н., 28 жаста, жедел ауырды: қалтырау, бас ауруы, бас айналуы, аз уақытқа есін жоғалту пайда болды. Кешке температурасы 39 0С көтеріліп, жүрек айнуы мен 1 рет құсу болды. Аурудың 2-күні сұйық жасыл түсті, потлогиялық қоспаларысыз нәжіс пайда болды. Кіндік айналасында ауру мазалады. Жағдайы орташа дәрежелі; Науқас қозған, температурасы - 37,5 0С. Тілі құрғақтау, жабындымен жабылған. Жүрек тондары бәсеңделген, ритм дұрыс, пульсі 88 рет в мин, АҚҚ – 100/65 мм бғ.сн. Іші желденген, пальпациялағанда эпигастрии және кіндік айналасында ауырсынады. Нәжісі сұйық, көп мөлшерде, жасыл түсті, иісі жаман, шырыш араласқан. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін нақтылау керек?

 

а) Нәжісті бактериологиялық себу.

б) Вирусологиялықт әдіс.

в) Копроскопия.

г) Ректороманоскопия.

д) Іш құысының мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу

 

 

120. Ауру шикі үйрек жұмыртқасын қолданған соң, 12 сағат кейін бірден пайда болған интоксикация,жоғары температурамен, ішінің ауруымен, құсумен, жасыл түсті, иісі жаман, шырыш араласқан, сұйық нәжістен басталды, клиника-эпидемиологиялық қалай бағалану керек:

а) тырысқақ

б) амебиаз

в) дизентерия

г) сальмонеллез

д) балантидиаз

 

121.Науқас К., 78 жаста, жұмыртқаны жеген соң, 3 сағ кейін жедел ауырған. Қалтырау, қатты бас ауруы, температура 39,3°С. 2 рет құсу, жиі көп мөлшерде жасыл түстес нәжіс пайда болды. Науқас қозған, түнгі сандырақ. Аурудың 2-күні ауруханаға жатқызылған. Бозарған, терісі сарғылт түс береді. Пульс 98 рет мин. АҚҚ 110/70 мм сн.бғ.Қабылдағын емге қарамастан, дене температурасы гектикалы, қалтырау, терлеу. Аурудың 1-дан кейін бауыр және көкбауыр ұлғайған. Теріде розеолезды бөртпелер пайда болды.

Мүмкін болатын диагноз:

а) сепсис

б) жалған туберкулез

в) сальмонеллез

г) лептоспироз

д) бөртпесүзегі

 

122.Науқас Е., 30 жаста, ауруының 2-күні орта дәрежелі ауырлықта ауруханаға түсті. Асханада түскі ас ішкеннен кейін (сүтті сорпа, котлет, күріш, кисель) 6 сағат өткенде ауру жедел басталды. Әлсіздік, бас ауруы, қалтырау, температура 38,2°С болды, сонымен қатар эпигастрида ауырсыну , жүрек айнуы, 4 рет құсуы болды. Түскен күні нәжіс сұйық, көп мөлшерде, 6 рет болды, ал келесі күні нәжісі жасыл түсті, сұйық, 5 рет болды. Тенезім және жалған шақырулар болған жоқ. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) дизентерия

б) тағамдық токсикоинфекция

в) сальмонеллез

г) тырысқақ

д) амебиаз, ішектік форма

 

123. Сальмонеллезге күдіктелген науқаста тағайындарған терапияға қарамастан, 11-күні дене қызуының көтерілуі сақталады. Интоксикация айқын: бас ауру, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бұлшықет және буындарының ауруы, жүрек айну. Нәжісі қалыптанды. Бауыр мен көкбауыр ұлғайды. Эпигастрии, умбиликальді және оң жақ мықын аймақтарында шамалы ауырсынады. Іші кепкен, брадикардия, гипотония.Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) амебиаз

б) перитонит

в) бөртпе сүзегі

г) сальмонеллездің жайылған түрі

д) иерсиниозаның жайылған түрі

 

124.Науқас 58 жаста қонаққа барып қуырылған тауық, қаймақ пен майонез, жұмыртқа қосылған салат және араластырылғын спирт ішкеннен соң ауырған. 4-5 сағ кейін бірден қалтырауын, басының ауруының, бас айналуының, эпигастрии ауруының, 3 рет құсуын, температурасының 39°С көтерілуін байқаған. Жедел жәрдем дәрігерімен қарағанда жағдайы ауыр. Терісі бозарған, акроцианоз, жүрек тондары тұйықталған, пульсі 124 рет мин., АҚҚ 80/40 мм бғ.сн., іші желдетілген, эпигастрии аймағы ауырсынады, көп мөлшерде сұйық нәжіс болды. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) ішімдік сурогатымен улану

б) жедел панкреатит

в) миокардтың инфаркті

г) тағамдық токсикоинфекция

д) сальмонеллез

 

125.50 жастағы науқас, үйде дайындалған ет консервасын жегеннен кейін, қалтырау, бас айналу, эпигастриде кесіп ауыру, тағы 2 сағ кейін жиі, сұйық, жасыл түстес нәжіс пайда болды. Осы ауруға ұқсас бірақ жеңіл түрі әйелінде де болған. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) Тағамдық  токсикоинфекция

б) Дизентерия

в) Вирусты  гастроэнтероколит

г) Эшерихиоз

д) Лямблиоз

 

126. Түскі асты асханадан бірге ішкен 12 адам ауырған. Барлығы көкөністерден майонез қосылған салат, 3-борщ, 4-ет котлетін, 8-гуляш жеген, барлығы кептірілген жемістерден жасалған компот ішкен. Түскі астан кейін 2-6 сағ кейін ауырған. Барлығында жүрек айну, көп рет құсу, сұйық нәжіс 5 реттен 12 дейін, дене температурасы 38,5°С. Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына тағамдық токсикоинфекция диагнозымен жатқызылды.

Қандай ем шара қолданады:

а) люмбальді пункция

б) асқазан шаю

в) сарысу енгізу

г) шокка қарсы терапия

д) қан мен зәрді бак.себуге алу.

                                                 

127.Науқас В., 20 жаста, студент. Қабылдау бөліміне көп рет құсуға, ішінің ауыруына, сұйық нәжіске шағымданып түсті. Асханада түскі ас ішкен соң (борщ, котлета, макороны, пирожныймен шәй ішкен) 3 сағаттан соң жедел ауырған. Өзімен бірге тамақтанған құрбысы осындай шағымдармен осы ауруханаға 1 сағат бұрын келіп түскен. Объективті: тері қабаты құрғақ, бозарған, акроцианоз. Жүрек тондары бәсеңдеген. АҚҚ 70 / 50 мм.сн.бғ. Тілі құрғақ ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ эпигастрий және кіндік айналасы ауырады. Қабылдау бөлімінде 3 рет құсу және 5 рет сұйық нәжіс болды. Температурасы бастапқыда 38,4 0С, қабылдау бөлімінде 35,3 0С.

Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) Тағамдық токсикоинфекциясы

б) Дизентерия

в) Вирусты гастроэнтероколит

г) Эшерихиоз

д) Лямблиоз

 

128. Науқаста балмұздақ жегеннен соң 2 сағат кейін эпигастрии аймағында кесіп ауыру, жүрек айну, көп рет құсу, 2 рет сұйық нәжіс, әлсіздік, бас айналу болған.

Емдеу кезіндегі қателікті табыңыз:

а) Асқазанды шаю

б) но-шпа 1 таб күніне 3 рет

в) смектит 1 пакеттен күніне 3 рет

г) пероральді регидратация

д) левомицетин 2,0 грамм тәулігіне

 

129. Науқас  С., 30 жаста, ауруханаға жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, әлсіздікке, оқтын оқтын ішінің ауыруына шағымданып емделуге келген. Өзінің ауруын кешкісін ет қосылған салатпен байланыстырады. Осы салатты бірге жеген әйеліндеде әлсіздік пен сұйық нәжіс болған.

Объективті: температурасы 37,6оС, төсектегі қалпы активті, тері қабаты таза, құрғақ, тілі құрғақ, іші жұмсақ эпигастрии аймағында ауырады, пульс 78 рет мин, АҚ110/60, нәжісі сұйық көп мөлшерде, патологиялық қоспаларсыз.

Мүмкін болатын диагнозын атаңыз:

а) Тағамдық  токсикоинфекциясы

б) Дизентерия

в) Вирусты гастроэнтероколит

г) Эшерихиоз

д) Лямблиоз

 

130. Науқас В. жұқпалы аурулар бөлімшесіне келесі шағымдармен алып келді: әлсіздік, бас айналу, қатты толғақ тәрізді эпигастрии аймағының ауыруына, көп рет құсу. 1-1,5 сағат бұрын жедел ауырған. Ауырар алдын 2-3 сағат бұрын дәмі бұзылуына күмәндәніп, тәтті күлше жеді.

Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай. Температурасы – 37,8˚С. Терісі бозарған, бөртпелер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 108 рет мин, ритмді. АҚҚ 105/55 мм сн бғ. Тілі ылғалды, түбірі жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, терең пальпациялағанда эпигастрии аймағында ауырсынады. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) Тағамдық токсикоинфекция

б) Дизентерия

в) Вирусты гастроэнтероколит

г) Эшерихиоз

д) Лямблиоз

                                                                                             

131.Науқас С., 15 жаста, ауырғанының екінші күні дене қызуы 39,4˚С, әлсіздікке, басының ауруына, эпигастрий және ішінің ауруы сезіміне, көп рет жасыл түсті құсуына және жиі сұйық, көпіршікті, сары түсті нәжіске шағымданып түсті. Эпиданамнез: жанұяда бәрі сау. Науқас аурырар алдын мектеп асханасында котлет және сүзбе жеген. Қараған кезде жағдайы қанағаттанарлықтай; тері жабындысы және шырыш қабаты бозғылт. Демалысы везикулярлы. Тыныс алуы – 24 рет мин. Жүрек тондары қатаң. АҚ 90/50 мм сн бғ, пульс 110 рет мин. Эпигастрий және мезогастрий аймағында ауру сезімі бар. Бауыры ұлғаймаған. 

Емдеу іс шарасын көрсетіңіз:

а) Люмбальді  пункция

б) Асқазан шаю

в) Сарысу енгізу

г) Шокка қарсы терапия

д) Қан мен зәрді бак.егуге алу

 

132. Науқас К., 30 жаста, аурудың 3 күні түсті. Әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуына, эпигастрия және мезогастрия аймағының толғақ тәрізді ауруына, сұйық нәжіске шағымданады. Температурасы қалыпты. Тері жабындысы бозарған, шырышты қабаты құрғақтау. Демалысы везикулярлы. Жүрек тондары қатаң, АҚ 100/60 мм сн бғ, пульс 96 рет мин. Ішінің эпигастрий және мезогастрий аймағында ауру сезімі бар. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Жиі құсу (5рет), патологиялық қоспасыз жиі сұйық нәжіске (тәулігіне 8 рет) шағымданады. Эпиданамнез: жанұяда және жұмыста эпиджағдай қалыпты. Кейінгі кезде қайнамаған сүтті қолданады.

Зертханалық нақтамасы үшін қолданылады:

а) Жалпы қан талдауы

б) Биологиялық әдіс

в) Серологиялық әдіс

г) Бактериологиялық әдіс

д) Микроскопиялық әдіс

 

133. Науқас Б., 25 жаста, шұжық жегеннен соң 6 сағаттан кейін әлсіздік, жүрегінің айнуын, кешірек тағаммен құсу және сасық иісті қан, шырыш аралспаған сұйық нәжіске шағымданды. Тәулігіне сұйық нәжіс 7 рет болған. Дене қызуы 37,8˚ С. 2 күн аралығында әлсіздікпен жиі сұйық нәжіс сақталуда.

Емдеу шарасын көрсетіңіз: люмбальная пункция

а) Асқазан шаю

б) Люмбальді пункция

в) Сарысу енгізу

г) Шокка қарсы терапия

д) Қан мен зәрді бак.егуге алу

 

134.Студент К., 18 жаста,  жедел ауырған, ауырар алдын буфеттен сатып алынған ет котлетін жеген соң 40 мин соң ауырған. Әлсіздік, басының айналуы, салқын тер, эпигастрий аймағының қатты ауруына, өтпен құсу, сұйық нәжіс пайда болды, дене қызуы 37,3°С. Сауықтыру пунктінде асқазанын шайған. Диспепсиялық бұзулыстар жойылды.

Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) ботулизм

б) сальмонеллез

в) тағам токсикоинфекциясы

г) дизентерия

д) эпидемиялық  гастроэнтерит

 

135. Науқас М., 52 жаста туыстарына қонаққа барғанда жолда асханадан кремі бар тәтті күлше және жемістен жасалған компот ішкен. 1 сағаттан соң бірден әлсіздік, жүрек айнуы, жеген тағамымен құсу пайда болған. Кейін көп мөлшерде сұйық нәжіс пайда болған. Тенезмалар және жалған шақырулар байқалмады. Дене температурасы - 38,6. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. 

Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:

а) тырысқақ

б) тағам  токсикоинфекциясы

в) сальмонеллез

г) дизентерия

д) амебиаз

                               

 

136. Келесі бауыр сынамаларына қарап қандай клиникалық белгілерді анықтауға болады?

Жалпы билирубин 250,0 мкмоль/л

Тура билирубин 200,0 мкмоль/л

Тимол сынамасы10бірлік.

АЛТ                       3,72 ммоль/л

а) Терісі мен көз склерасының сарғаюы, зәр мен нәжістің қараюы.

б) әлсіздік, эпигастрии аймағының ауырлауы, зәрінің қараюы.

в) Терісі мен көз склерасының сарғаюы, зәрінің қараюы, нәжісінің ағаруы.

г) Жүрек айну, құсу, аузынына ащы дәмнің келуі, тәбетінің төмендеуі, ішінің ауыруы.

д) Бас ауыру, тәбетінің болмауы, ұйқысыздық, терінің қышуы.

 

137 Науқас С 40 жаста, вирусты гепатит В ауырғаннан соң 4 айдан соң анда санда тәбетінің төмендеуі, әлсіздік байқалған. Кейде жүрек айну, зәрінің қызғыштануына, терісі мен көз склерасының сарғайғанын айтты. 2 рет ауруханада емделген. Соңғы жағдайының нашарлауы 3 күн бұрын басталды.

Жағдайы қанағаттанарлықтай. Тері мен көз склерасы аздап сарғайған. Өкпесі мен жүрегінде өзгерістер жоқ. Тілі ылғалды, жамылғымен жамылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында аздап ауырсынады. Бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен, эластиалық консистенцияда, ауырсынады. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

а) вирусты гепатит В, өршу кезеңі

б) вирусты гепатит В, рецидив

в) вирусты гепатит В, созылыңқы кезеңі

г) созылмалы  вирусты  гепатит В,белсенділігі жоғары

д) созылмалы  вирусты  гепатит В,белсенділігі төмен

 

138.Вирусты гепатит кезінде цитолиз синдромы ненің жоғарылауымен анықталады:

а) қан глюкозасымен

б)  АЛТ жоғарылауымен

в) Тура  билирубиннің

г) Тура емес билирубиннің

д) Сілтілі  фосфатазаның

 

139.Келесі белгілердің қосындысы: 30 жастан жоғары, жиі қозатын қосымша аурулардың болуы, ауыр ағымда өтетін, клиникалық көріністердің біртіндеп басталып, аурудың біртіндеп аяқталуы, көбінесе аурудың жағымсыз аяқталуы қандай ауруға тән:

а) вирусты гепатит А

б) жедел вирусты гепатитВ

в) жедел вирусты  гепатит D

г) вирусты  гепатит Е

д) жедел вирусты  гепатит С

 

140. Науқас К., 27 жаста. Жедел ауырған, дене  температуры 39,5 ºС, айқын қалтырау, басының әсіресе маңдай бөлімінің ауыруымен, барлық денесінің ауыруымен басталған.

Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта,  температурасы  38,5 ºС. Тері қабаты бозарған, беті ісіңкі.  Склерасы қызарған. Мұрнымен демалу қиналған. Аранның шырышты қабаты айқын қызарған. Өкпесінде қатқыл тыныс. Пульс 92 рет. мин. АҚ 110/75 мм.сн.бғ. 

Мүмкін болатын диагнозды атаңыз?

а) тұмау

б) паратұмау

в) аденовирусты жұқпа

г) риновирусты жұқпа

д) РС-жұқпа

 

141. Вирусты гепатит В ауыратын науқастың қанынан қандай спецификалық маркерларын анықтауға болады?

а) aHBcorIgM; aHCVIgG; aHAVIgM; aHDVIgM; aHBcorIgG

б) aHBcorIgM; aHBcorIgG; aHCVIgG; aHCVIgM; HbeAg; HbsAg

в) HbsAg; aHDVIgM; aHBs; aHBcorIgM; HbeAg; aHBe

г) HbsAg; aHBs; HbeAg; aHBe; aHBcorIgM; aHBcorIgG

д) aHBs; aHBe; aHAVIgM; aHBcorIgM; aHDVIgM; aHCVIgM

 

142. Науқас ауруының 1-күні басының маңдай бөлімінің ауыруына, мұрнының бітелуіне, құрғақ жөтелге, тамағының жыбырлауына шағымданып түсті. Жедел ауырған, температурасы 39,90 С, қатты бас ауыру, әлсіздік, артралгиялар, миалгиялар. Температурасы 39,60 С, беті гиперемияланған, көз склерасымен конъюнктивасы қызарған, жарықтан қорқу, мұрнынан су ағады. Ауыз-жұтқыншақ шырышты қабаты айқын қызарған. Жөтелі құрғақ, даусы қарылған.

Диагнозын анықтау үшін міндетті түрде қандай зерттеулер тағайындау керек?

а) Қанның биохимиялық талдауы;

б) қанды иммунограммаға;

в) ҚандыКБР;

г) Қанның жалпы талдауы;

д) қанды иммуноблотқа

 

143. Вирусты гепатитке қандай  патогенетикалық  синдромдар тән:

а) Интоксикация, холестаз, цитолиз

б) Цитолиз, холестаз, гемолиз

в) Бауырдың зақымдалуы, интоксикация, қабыну

г) Цитолиз, холестаз, мезенхимальді қабыну

д) Интоксикация, мезенхимальді қабыну

 

144.Вирусты гепатит D кезінде, қандай маркерлар анықталады?

а) анти-НBсоrIgM, анти-НbсоrIgG

б) анти-НСVIgM, анти-НСVIgG

в) анти-НАVIgM, анти-HСVIgG

г) анти-НАVIgM, анти-НbcorIgG

д) анти-HDVIgG, анти-HDVIgM

 

145. Қан биохимиясының келесі көрсеткіштері қандай синдромға тән: АЛТ 5,0 ммоль/л, АСТ 3,0 ммоль/л, қан сарысуындағы темір 30 ммоль/л?

а) Холестаз

б) Гемолиз

в) Мезенхимальді қабыну

г) Цитолиз

д) Эксикоз

 

146.Қан биохимиясының келесі көрсеткіштері қандай синдромға тән:  тимол сынамасы  10 бірлік, жалпыақұыз 50 г/л, альбуминдер 25 г/л ?

а) Холестаз

б) Гемолиз

в) Мезенхимальді қабыну

г) Цитолиз

д) Эксикоз

 

147. Студент, ауырып жатқан жолдасына барып қайтқан соң, 2-күні қалтырау, дене  температурасы 39,1ºС, басының әсіресе маңдай бөлімінің қатты ауыруы, көз орбитасының , бұлшықеттерімен буындарының ауыруы , әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, жүрегінің айнуы пайда болды. Ауруының 1-күні мұрны бітіп, тамағының жыбырлауы, құрғақ жөтел, жөтелгенде төс сүйектің артында ауырсыныу мазалады.

Объективті қарағанда беті гиперемияланған және ісіңкі. Өкпесінде– қатқыл тыныс, бірең-сараң құрғақ сырыл. Пульс 102 рет мин., ритмді. АҚҚ – 115/80. Жүрек тондары тұйықталған.

Осы науқас бойынша ары қарай тактикасын анықтаңыз.

а) Сабақтан босату туралы анықтама беру.

б) Эпидкөрсеткіші бойынша аурухана жатқызу.

в) Ошақты  дезинфекция жасау.

г) Клиникалық көрсеткіші бойынша ауруханаға жатқызу.

д) Тұмаудан егулер жасау.

 

148.Науқас Ф., 32 жаста, Ауруханаға ауыруының 8-күні келіп түсті. Бірінші күннен бастап әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, дене температурасының аздап көтерілуіне, терісінің қышуына, оң жақ қабырғасының ауырсынуына шағымданды. Ауыруының 7-күні склерасының сарғаюын, зәрінің түсінің өзгеруін, ал 2 күннен соң сарғаюдың айқындауын байқады. Жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлықтай. Терісі сарғайған. Бауыры 1,5-2 см ұлғайған, ауырсынады. Нәжісі ақ.

Мүмкін болатын  диагнозды атаңыз?

а) вирусты гепатит А

б) жедел вирусты гепатит В

в) лептоспироз

г) иерсиниоз

д) жалған туберкулез

 

149. Науқас У С., 20 жаста, вирусты гепатит А ауыратын науқаспен қатынаста болғаннан соң14 күн кейін, әлсіздік, жүрек айну, бір рет құсу, эпигастрии және оң жақ қабырға астының қатты емес ауырсынуы пайда болды.

Жағдайы орташа дәрежелі. Тілі ылғалды, жамылғымен жамылған.

Тері қабаты және склерасы өзгермеген.Іші жұмсақ, эпигастрии және оң жақ қабырға асты ауырсынады.

 Бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен пальпацияланады, көкбауыр шеті анықталады. Нәжісі мен зәрі кәдімгі түсті. Биохимиялық анализдері: жалпы билирубин қалыпты, АЛТ – 2,5 есе қалыптыдан жоғары. Мүмкін болатын  диагнозды атаңыз?

а) вирусты гепатит А, сарғаю түрі

б) вирусты гепатит А, с холестатикалық компонентпен

в) вирусты гепатит А, сарғаюсыз түрі

г) вирусты  гепатит А, субклиникалық түрі

д) вирустасымалдаушы

 

150.Гепатиттің қай түріне келесі белгілер тән: Адамның жас болуы, қосымша аурулардың болмауы, жеңіл ағымда өтуі, билирубин және АЛТ динамикада тез қалпына келуі, аурудың жағымды аяқталуы.

Болжамды диагнозды атаңыз?

а) Вирусты  гепатит А

б) Вирусты гепатит Е

в) Жетел  вирусты  гепатит В

г) Жедел  вирусты  гепатит С

д) Жедел  вирусты  гепатит D

 

151. Науқас Д., 17 жаста, қалтырауға, бірден басының әсіресе маңдай бөлімінің ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, бұлшықеттерінің ауыруына, тамағының жыбырлауына, құрғақ жөтелге, мұрнының бітелуіне, жарықтан қорқуына шағымданады. Объективті: аранның айқын қызаруы, конъюнктивит.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?

а) Қанды биохимиялық зерттеу;

б) Қанды  иммунограммаға зерттеу;

в) Қанды  ИФА зерттеу;

г) Қанды жалпы талдауға;

д) Қанды  иммуноблотқа зерттеу.

 

152. Гепатиттің қай түріне келесі симптомокомплекс тән:көбінесе балалар мен жас адамдар ауырады, жеңіл ағымда өтеді, клиникалық көріністері, сарғаю, биохимиялық өзгерістер қысқа уақытта қалпыны келеді, сауығу:

А) Вирусты  гепатит А

б) Вирусты  гепатит Е

в) Жедел  вирусты  гепатит В

г) Жедел  вирусты  гепатит С

д) Жедел  вирусты  гепатит D

 

153.«Вирусты гепатит В» диагнозымен ауруханада жатқан науқастың жағдайы аурудың 11күніне қарай нашарлады, сарғаю құрт түсті. Науқас қатты әлсірілген. Жүрек айну, қайталанбалы құсу. Оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсынуларға шағымданады, ұйқысы келе береді. Келесі күні қозған, бір орында отыра алмайды, мазан. Науқастың аузынан тәтті бауырлық иіс, «кофе қоюсы» тәрізді құсық. Инъекция жасаған жерлерінде геморрагиялық өзгерістер бар. Бауырдың өлшемі азайған, қабырға доғасынан 1-1,5 см жоғары. Көрсетілген сипаттама қандай асқынуға тән?

а) гиповолемиялық шок

б) жедел бауырлық жетіспеушілік

в) мидың ісінуі

г) инфекциялы-токсикалық шок

д) жедел бүйректік жетіспеушілік

 

 

154. Гепатиттің қай түріне келесі симптомокомплекс тән: көбінесе 30жастан жоғары адамдар ауырады, орташа және ауыр ағымда өтеді, клиникалық көрінісі баяу дамиды, жоғары интоксикациямен өтеді. Баяу реконвалесценция, кейде жағымсыз аяқталу:

а)Вирусты  гепатит А

б) Вирусты  гепатит Е

В)Жедел  вирусты  гепатит В

г)Жедел  вирусты  гепатит С

д)Жедел  вирусты  гепатит D

 

 

155. Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне науқас А., 1985ж.туылған жатқызылды. ауру жедел басталған, температурасы 38ºС жоғарлаған, интоксикация белгілері (әлсіздік, тәбетінің төмендеуі), жұтқыншағы ауырған. Лабораторлық зерттеу қорытындысы: РТГА реакциясында грипп А вирустарына антиденелер табылған (H1N1) – 1:40, A(H3N2) – 1:80. Эпидемияға қарсы шараларды анықтаңыз.

а) Антибиотиктер тағайындау

б) Бетперделі тәртіп

в) Бірреттілік шприцтерді қолдану

г) Қатынаста болғандардың бәрін жатқызу

д) Ошақтық дезинсекция.

 

 

156. Әйел адам 28 жаста, тұмау эпидемиясы кезінде ауыр халде жатқан қызына қарау үшін ауруханаға жатқызылған.

Эпидемияға қарсы ісшараны атаңыз.

а)  антибиотик тағайындау.

б) Бетперделі тәртіп.

в) Шприцтерді бір рет қолдану.

г)  Контактта болғандардың барлығын ауруханаға жатқызу

д) Ошақты  дезинсекция.

 

157.Вирусты гепатиттің жедел түрімен ауыратын науқастың қанынан HBsAg анықталса, гепатиттің қай түрін дәлелдейді?

а) вирусты гепатит А   

б) вирусты гепатит В

в) вирусты  гепатит С  

г) вирусты  гепатит D

д) вирусты  гепатит E

 

158.Науқас , 20 жастағы, балабақшадағы тәрбиеші. Ауырғаны жедел. Дене қызуы 38,0 С жоғарлады, қалтырау, бастың ауруы, тамағындағы жыбырлау сезімі, риниттің белгілері. Кейінгі күндеріде де қызбасы болды. Аурудың 4-ші күнінде тамағындағы ауырсыну сезімі күшейді. «Фолликулярды баспа» диагнозымен ауруханаға жолдама алды. Ауруханаға түскен кезде: Т- 37,8°С, мұрынның бітелуі. Араңды қарағанда: айқын гиперемия, жұтқыншақтын артқы қабырғасының ірі дәндіктеуі, бадамша бездер гиперемияланған, тыртықтары бар, дужкаларымен байланысқан. Жақ аста лимфа түйіндері орташа ұлғайған. Бір жақты фолликулярды конъюктивит. Эпид.анамнезі нақтыланған: соңғы уақытта балабақшада ЖРВЖ тіркелген. Аурудың 8-ші күніне қарай науқастың жағдайы жақсарды. Болжамды диагноз қандай?

а) Лакунарлы баспа;

б) Аденовирусты жұқпа;

в) Созылмалы тонзиллит, өршуі;

г) Паратонзиллярлы  абсцесс;

д) Жұқпалы мононуклеоз.

 

 

159. Науқас П., 25 жаста, жұмысшы, ауруының 3-күні госпитализациаланған. Шағымдары; әлсіздік, жұтынған кезде ауру сезімі, мұрнының бітелуі. Ауру жедел басталған, температура 38,6 С, бүкіл денесінің қақсап ауруы, басының ауыруынан.

Науқасты қарағанда жағдайы қанағаттанарлықтай, температура 37,8 С,Тері жабындысы бозғылт. Мұрны бітелген, серозды сұйықтық ағады. Араны қызарып, жұтқыншақтың артқы қабатында фолликула гиперплазияланған. Өкпесін тыңдағанда везикулярлы тыныс қатаңдау сырылмен бірге естіледі.Перкуторлы – анық өкпелік дыбыс. Тыныс алуы-24 рет мин. Жүрек тыңдағанда: ритм қалыпты, тондары қатаңдау, шуылдар жоқ. АҚ – 120/60. Пульс 82 рет/мин. Тілі ақ жабындымен жабылған, ылғалды. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Қан анализінде: Эр – 3,9×1012, НВ – 80 г/л., л – 4,0×109, э – 0, т/ө – 6%, с – 47 %, м – 5 %, ЭТЖ – 17 мм/сағ.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?

 а)Қанды биохимиялық зерттеу;

б)Қанды иммунограммаға зерттеу;

в)Қанды КБР зерттеу;

г )Қанды жалпы талдауға;

д)Қанды  иммуноблотқа зерттеу.

 

160. Науқас А., аурудың 1-ші күні - 20.10, медпунктің дәрегеріне келесі шағымдармен жолықты: маңдай және көз аймақтарындағы бастың ауыруы, жөтел. Жедел ауырд , 39,50 С дейін дене температурасы жоғарлады,бүкіл денесінің сырқырапауырсынғаны пайда болды, әлсіздік, сабағын әрі қарай жалғастыра алмады. Бірге оқийтын студенттердің арасында жөтеліп және тұмауратып жүргендер бар екенің айтты. Жағдайы орташа дәрежелі, беті гиперемияланған, склералары инъекцияланған, конъюктивит. Тыныс алуы везикулярлы – мин. 18, құрғақ жөтел, төс сүйегінің артында жағымсыз сезімдер. Жүрек соғу дыбыстары тұйықталған, пульс -112, АҚ 100/80 мм сын.бағ. Ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаттары ашық гиперемияланған, жұмсақ таңдайы ісіріңкеген, тілшік және дужкаларының аймағында көптеген «дәндіктеулер». Берілген клиникалық өлшемдер қандай ауруға тән?

а) тұмау

б) паратұмау

в) аденовирусты жұқпа

г) риновирусты жұқпа

д) РС-жұқпа

 

161. Науқас К 27 жаста, ауруының 5-күні қатты басының ауыруына, Т-көтерілуіне, әлсіздікке, мұрнының бітелуіне шағымданып дәрігерге келді. Өзінің ауыруын салқындап қалумен байланыстырады, кешке қарай температурасы 38,2 С көтеріліп, келесі күні мұрны бітеліп, құрғақ жөтел пайда болған. Басы қатты ауырған. Жұмысында көп адам тұмаумен ауырады. Жағдайы орташа дәрежелі, дене температурасы 38,2 С, беті бозғылт, ісіңкі, мұрын шырыш қабаты ісіңкі, ауыз, жұтқыншақ шырышты қабаты гиперемияланған, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, жұмсақ ауру сезімсіз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Пульс 80 рет/мин, жүрек тондары анық. Науқасқа этиотропты емін атаңыз:

а) Фервекс

б) Пенициллин

в) Интераль

Г) Тамифлю

д) Колдрекс

 

162. 45 жастағы науқас В., аз мөлшердегі қақырығы бар жөтелге, кеуденің сол жағында орташа ауырсынуларға, тамаққа тәбетінің жаман болуына, маңдай аймағындағы басының ауруына, 380С дейін дене температурасының жоғарлауына шағымданып келді, денесінің сырқырап ауырғанын байқады. Жағдайы орташа дәрежелі. Еріндерінің айқын емес цианозы бар. Жұтқыншақтың шырышты қабаты кішкене гиперемияланған, жұмсақ таңдайында көп емес «дәндіктеулер». Тыныс алуы – мин. 26. Өкпелерде: сол жақты төменгі бөліктерінде, жауырын астында, аксилырлы сызба бойы – перкуторлы дыбыс тұйықталған, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, пульс температураға сәйкес келеді. АҚ 120/70 мм. сынап бағ.

Науқасқа қатынасты тактиканы белгілеңіз:

а) Сабақтан босататын анықтама беру.

б) Эпидемиялогиялық көрсеткіші бойынша ауруханаға жатқызу.

в) Ошақты дезинфекция жүргізу.

г) Клиникалық көрсеткіші бойынша ауруханаға жатқызу.

д) Тұмауға қарсы егу.

 

163. 42 жастағы О. науқас, әлсіздікке, терлегіштікке, жұтқан кезде тамағының ауырғанына, көп мөлшердегі ірінді бөліністері бар ринит, бас ауруына шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттырылған, мұрын арқылы дем алуы қийындалған. Жұтқыншақтын шырышты қабаты тегіс емес, орташа гиперемияланған, артқы қабырғасында – шырышты-ірінді бөліністер. Ішкі мүшелер жағынан – патологиялық өзгеріссіз. Дене температурасы - 37,30 С.

Эпидемияға қарсы шараларды белгіліңіз:

а) антибиотик тағайындау.

б) Бет перделі тәртіп.

в) Шприцтерді бір рет қолдану.

г) Контактта болғандардың барлығын госпитализациялау.

д) Ошақты дезинсекция.

 

164. 28 жастағы Ч. науқас, мұғалім. Ауруы ринит белгілерінен басталды, көп ұзамай дене температурасы 380 С дейін жоғарлады. Қараудың кезінде басының ауруына, әлсіздікке, тамағындағы «жыбырлау» сезіміне, көзіндегі ашу сезіміне, жасының ағуына шағымданады. Қарағанда келесі белгілер анықталған: мұрынның бітелуі, тұщкіру, ылғалды жөтел, мұрыннан аздаған шырыш-қанды бөліністер, мұрын астындағы және жоғары ерінің үстіндегі терісінің қызарғаны бар. Жұтқыншақтын шырышты қабаты орташа гиперемияланған, ісінген, бадамша бездер ұлғайған, лакуналарда шырыш. Конъюктивалар гиперемияланған, әсірісе – сол жақтағы. Өкпелерде, жүректе патологиялық өзгерістер байқалмайды. Жақ асты және алдынғы мойын лимфа түйіндер ұлғайған. Іші ауырмайды, бауыры қабырға доғасынан шықпайды, менингеальдық белгілер анықталмайды. Физиологиялық бөліністер жағынан – өзгеріссіз.

Берілген клиникалық өлшемдер қандай ауруға тән?

а) тұмау

б) паратұмау

 в) аденовирусты жұқпа

 г)риновирустыжұқпа

 д)РС-жұқпа

 

165. Жалпы билирубин 230,6 мкмоль/л

Тура билирубин 200,0 мкмоль/л

Тимол сынамасы  7,0 ед.

АЛТ                       2,81 ммоль/л

Қан сарысу темірі 35,4 ммоль/л

Бұл көрсеткіштер қандай ауруға тән?

а) Өт тас ауруына байланысты холецистит

Б)Вирусты гепатит

в)безгек

г) қатерлі емес гипербилирубинемия

д)эхинококкоз

 

166. 25 жастағы И. науқас, халінің нашарлауына, ауырсынумен жүретің құрғақ жөтелге, мұрынның бітелуіне, тыныс алудын қийындалғанына байланысты жедел жәрдем шақыртты. Сөйлегенде - тамағы қарылған. Ауырғанына 3 тәулік, тонып қалуымен байланыстырады. Біріншіден тамағындағы «жыбырлау» сезімі, мұрынның бітелуі, даусының қарылғаны пайда болды, одан кейін – қатты жөтел қосылды. Дене температурасы аздап жоғарлады -(37,40). Көп дәрі-дәрмектерді көтере алмайды, осыған байланысты емделген жоқ. Жұмысын істеп жүре берді. Бүгін түнде жағдайы оданда нашар болды, дауысы жоғалды, жөтелгенде ауырсыну сезімі пайда болды, тыныс алуы қийындалды. Қарағанда: жағдайы орташа дәрежеде. Ентікпе – 26/ мин. Жөтелі қатты, «ит үргендей». Қақырық түскен сон дауысы шығады, одан кейін қайтадан жоғалады. АҚ- 130/90 мм сынап бағ., пульс - мин.90,  температурасы 38. Жұтқыншақтын артқы қабырғасының , бадамша бездердің шырышты қабаты ісіңгіріген, айқын емес гиперемияланған. Өкпелерде құрғақ сырылдар. Басқа ішкі мүшелер жағынан – өзгеріссіз.

Берілген клиникалық белгілер қандай ауруға тән?

а) тұмау

б) паратұмау

в) аденовирустыжұқпа

г) риновирустыжұқпа

д) РС-жұқпа

 

167.Науқас 40 жаста ауруының 13-күні жүрек айнуына, лоқсуына, күндіз ұйқысының келуіне, түнгі ұйқысыздыққа, тісінің қанағыштығына, зәрінің қою-сары, нәжісінің ағаруына шағымданып бөлімшеге түсті. Ауруы біртіндеп әлсіздіктен, тәбетінің болмауынан, буындарының ауыруынан, дене қызуының 37,3 С дейін көтерілуімен басталған. 12-күні зәрінің түсі қоңырқайланғанын, нәжісінің ағарғанын аңғарған. Қарағанда сарғайған, гепатоспленомегалия.

Қандай зерттеу тағайындайсыз:

а) Қанды биохимиялық зерттеу;

б) Қанды  иммунограммаға;

в) Қанның ірі тамшысын  микроскопияға;

г) Қанды  ИФА лептоспирозды антигенімен;

д) Қанды  электролиттерге зерттеу.

 

168.Науқас 37 жаста, анық сарғаюмен ес түссіз жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Аузынан бауырлық иіс байқалады. Пульс ритмді, әлсіз 120 рт мин.АҚҚ – 110/70 мм сн. бғ. Перкуссиялағанда бауырдың төменгі шекарасы қабырғадан 2,0 см шығыңқы.Сарғаю ауруханаға тусер алдын 1 күн бұрын пайда болған, ал 1 апта бұрын суықтап ауырған.

Науқаста қандай асқыну дамыды?

а) Жедел тыныс жетіспеушілігі;

б) Жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі;

в) Жедел бауыр жетіспеушілігі;

г) Жүрек қан тамыр жетіспеушілігі;

д) инфекциялы-токсикалық шок.

 

169. А деген науқас, әлсіз, тәбеті төмендеген, оң қабырға астының ауырсынуы, көңіл күйінің болмауын айтады. Ауруы 5 күн бұрын түшкірумен және дене температурасының 38°С децін көтерілуімен басталған. Объективті: тері жабындысы және шырышты қабаты сарғайған, тілі қалың ақ жабындымен жабылған, гепатоспленомегалия, зәрі қою сары, нәжісі ақ.  

Диагнозын анықтау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?

а)  Қандағы трансаминазалардың деңгейін анықтау керек;

б)  сілтілі фосфатаза мөлшерін анықтау керек ;

в) Зәрді өт пигменттерінің бар болуына зерттеу;

г) Қан сары суындағы ақуыз және ақуыз фракциясын анықтау;

д) Қан сары суындағы иммуноглобулин мөлшерін анықтау;

 

170. Науқас 26 жаста жедел ауырған,дене температурасы 39ºС, артралгия, бас ауыру, қайталап құсу. Ауруының 3-күні әлсіздік, бас ауыру, терісі сарғайған, температурасы қалыпты.Бауыры +1 см ұлғайған, терісі аздап сарғайған.Сол күні кешке айғайлап,  возбужденный, өзін дұрыс ұстамай, қарағанда қарсылық көрсетті. 1 сағ соң есінен айырылды. Перкуторлы бауыры 6-9 қабырға аралығында, зәрі катетер арқылы гематурия.

Болжамды диагнозын атаңыз.

а) Жедел  вирусты гепатит А

б) Созылмалы  вирусты гепатит В, вирустың репликациясысатысы

в) иерсиниоз, гепатиттік түрі

г) лептоспироз, сарғаю түрі

д) жедел  вирусты гепатит В, фульминантті түрі

 

171. Науқас 28 жаста жедел ауырған, дене температурасы көтерілген, басы ауырып құсқан. Өзі антибиотик қабылдаған. Аурудың 4-күні басы қатты ауырып, құсу жиілеген. Температурасы 39,2º С, құсу, бауыры қабырғадан +1,5 см шығыңқы, менингеальді белгілер оң.Жұлын сұйықтығы қалыпты. Аурудың 5-күні сарғайып, қанмен құсу және гематурия пайда болған. 6-күні қозу, кома.

Өмірге қауіп төндіретін синдром:

а) Жедел бауыр энцефалопатиясы

б) Жедел бауыр жетіспеушілігі

в) Мидың ісінуі

г) Тамыр ішілік қан ұйю синдромы

д) инфекциялы-токсикалық шок   

 

172.16 желтоқсанда балалар жұқпалы аурулар бөлімшесіне 7 жастағы Саша науқас бала жеткізілді. Ауруы 3 күн бұрын тамағының ауруымен және «жыбырлау» сезімінен, мұрынның бітелуімен, құрғақ жөтелдің пайда болуымен басталды. Аурудың 2-ші күнінде айтылған белгілерге дене температурасының 37,50С дейін жөғарлауы, әлсіздік, тамаққа тәбетінің төмендеуі қосылды. Аурудың 4-ші күні «ит ұргендей» жөтел, дауысының қарылғаны, тыныс алудың қийындалғаны пайда болды.

    Жалпы жағдайы орташа дәрежелі. Беті бозарған, мұрын-ерін үшбұрыштың цианозы, дем алғанда мұрын қанаттары көтеріледі. Тері қабаттары таза. Жұмсақ таңдайы және жұтқыншақтын артқы қабырғасы айқын емес гиперемияланған, таңдай дужкалары дәндіктелген. Өкпелердегі тыныс алуы везикулярлы, бірен саран құрғақ сырылдар. Дем алғанда кеуде клеткасының, бұғана үсті және бұғана асты, жоғарғы қабырға аймағындағы жұмсақ тіндері ішке қарай тартылады. Жүрек тондары таза, ырғақты, пульс – 90, АҚ 110/70 мм сынап бағ. Басқа мүшелерде – өзгеріссіз.

Берілген клиникалық өлшемдер қандай диагнозға тән?

а) тұмау

б) паратұмау

в) аденовирустыжұқпа

г) риновирустыжұқпа

д) РС- жұқпа

 

173. Науқас И, 25 жаста, жағдайының нашарлауына, ауырсынумен жүретін құрғақ жөтелге, түшкіруіне, мұрынның бітелуіне шағымданып, жедел жәрдем дәрігерін шақырған. Қарлыққан дауысымен сөйлейді. Науқас 3 күн ауырады, ауруын салқындаумен байланыстырады. Алдымен тамағы жыбырлап, мұрыны бітеліп, даусы қарлығып, жөтел күшейген. Бүгін түнде жағдайы нашарлап, даусы шықпай, жөтелгенде өкпесінде ауру сезімі пайда болып, демалысы қиындаған. Жағдайы орташа дәрежелі, тыныс алуы 26 рет мин. Қатты қатаң жөтел. АҚ – 130/90 мм сн. бғ., пульс – 90 рет мин, температура – 38,0 °С. Өкпесінде құрғақ сырыл; бадамша бездер, жұтқыншақтың артқы қабырғасы гиперемияланған, ісіңкі.

Диагностика үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?

а) Жұтқыншақтан жағындыны алып бактериологиялық зерттеу.

б) ГАТР қос сарысулармен.

в) Жалпы қан талдауы.

г) Қанды бактериологиялық әдісімен зерттеу.

д) Биологиялық әдіс.

 

174.Науқас Ж., 27жаста, медбике 1 апта бұрын ауырған: әлсіздік, ұйқысының келуі, жұмысқа қабілетінің төмендеуін байқаған. 3-4 күн тәбеті болмаған, 2 рет құсу болып, әрдайым жүрегі айныйды. Ауруының 7 күні зәрінің қарайғанын, айналасындағылар көз склерасының сарғайғанын байқаған. Түскен кезде: жағдайы ауыр, есінен анда-санда айырылады, әрдайым жүрегі айну, қабылдау бөлімінде құсу болған. Сан аймағында үлкен геморрагиялық дақ анықталған, айқын сарғаю. Бауыры қабырға доғасымен сәйкес келеді. Есі анық, анда-санда уақыт пен жыл мезгілін айта алмайды.

Жедел вирусты гепатиттің клиникалық көрінісінің ауыр дәрежесін көрсетіңіз:

 

а) Геморрагиялық синдром

б) Айқын диспепсиялық бұзылыстар

в) Артериальды қысымының төмендеуі

г) Дене қызуының болмауы

д) Әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі

 

175.Науқас 40 жаста емхана дәрігеріне ішінің жоғары бөлімінің ауруына шағымданып келді. Тері жабындысы қалыпты. Жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлықтай. 20 жасында вирусты гепатитпен ауырған. Қазіргі кезде ішімдік қолданады. Клиникалық портальді гипертензия белгілері, спленомегалия анықталған. Клиникалық көрінісінің себебі болып қандай патологиялық механизм жатыр?

а) Бүйрекүстілікблогы

Б) Бауырішілікблогы

в) Бауыр асты блогы

г) Аралас  блогы

д) гиперспленизмде.

 

176. Науқас Ю., 38 жаста, Қытайда болған іс сапарынан келген соң ауырған. Ауыр созылыңқы басталған: қалтырау, бас ауыру, тамағының жыбырлауы, құрғақ жөтел. Кейін дене 39 °С көтеріліп, науқаста тыныс алуы тарылып, жүрек соғысы жиіленген.

Объективті: таңдай, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаттары гиперемияланған, өкпенің төменгі шет бөлігінде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультативті майда көпіршікті сырыл және крепитация естіледі. Гемограммада: лейкопения, лимфопения, тромбоцитопения.

Қандай зерттеу әдісі осы аурудың диагностикасы үшін қажет?

А)Жұтқыншақтан жұғынды алып бактериологиялық зерттеу.

Б) ГАРТ қос сарысулармен.

В)Жалпы қан талдауы

Г)Қанның бактериологиялық әдісі .

Д)Биологиялық әдіс.

 

177. Вирусты гепатитпен ауыратын науқастың қан сарысуындағы билирубин 14,6 мкмоль/л, байланысқан – 4 мкмоль/л, АсТ – 2,0 ммоль/л, АлТ – 3,5 ммоль/л. Оран алатын синдромды көрсетіңіз :

а) цитолиз

б) холестаз

в) мезенхимальді қабыну синдромы

г) гепатодепрессивті синдром

д) синдромдыанықтау қиын

 

178.Науқас М.,ауруханаға 4 күн бойы дене температурасының 38 ºС көтерілуіне, қалтырауына, басының ауруына, тез шаршағыщтыққа, жүрек айнуына, құсуға шағымданып келді. 3 күні бүкіл денесіне папулезді- везикулалы бөртпе пайда болып, ертесінен қоңыр түсті қабыршақпен жамылды.

Мүмкін болатын диагноз?

а) Орама ұшық

Б) Желшешек

в) Жай ұшық

г) Цитомегаловирустыжұқпа

д) Жұқпалы мононуклеоз

 

179.Студенттік жатақханалардың бірінде жел шешекпен ауыру анықталды. 8 адам ауырған; 5 – жұқпалы ауруханада изоляцияланған, 3 – жағдайының қанағаттанарлықтай болуынан және аурудың жеңіл дәрежесіне байланысты жатудан бас тартқан.

Карантин неше күнге жариялау керек?

а) 5 күн

б) 10 күн

в) 17 күн

г) 21 күн

д) 30 күн

 

180.15 жастағы З. науқас. Ауырғанына 8 күн болды – дене температурасы 38°С дейін жоғарлады, мұрыны бітелген, тамағындағы жыбырлау сезімі болды. Өз бетімен емделген, аспирин мен антигриппин қабылдаған. Дене температурасы қалпына келді, бірақ халі нашарлады: тамаққа тәбеті жоғалды, әлсіздік күшейді, зәрінің түсі өзгерді – «сыра түсті». Кеше анасы склераларының сарғайғанын байқады.

Науқасты қарағанда: тері қабаттары және склералары сарғайған, іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен, консистенциясы – жұмсақ, тегіс. Зәрі қоныр. Науқас халінің жақсарғанын байқады, тамаққа тәбеті бар, әлсіздік жойылды.

Эпиданамнездің мәлеметтері: сыныпында тағы 2 оқушы ауырып қалған.

Болжамды диагноз қандай?

А) Вирусты гепатит А.

б) Жедел вирусты гепатит В.

в) Созылмалы вирусты гепатит С.

г) Жедел вирусты гепатит В.

д) Вирусты гепатит Е.

 

181.Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем машинасымен 28 жастағы К. науқас жеткізілді. Ауырғанына 6 күн болды. Шағымдары: басының ауруы, әлсіздік, тамаққа тәбетінің жойылуы, эпигастрий және он жақ қабырға астындағы ауырсынулар, жүрек айнулар,1-реттік құсық, нәжістін сұйық болғанына.

Қарағанда жағдайы орташа дәрежелі, тері қабаттары және склералары сарғайған. Іші жұмсақ, он жақ қабырға астындағы пальпация сезімді, бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, консистенциясы – жұмсақ, тегіс. Зәрі қоныр. Эпиданамнездің мәлеметтері: Өзбекістанда демалған, қайнатылмаған су ішкен, жемістерді жеген.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет?

а) ПГАР

б) КБР

В) ИФА

г) РИФ

д) ГТР

182.46 жастағы К. науқас, жүргізуші. 2 апта бұрын ауырған, сол кезде әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі, ірі буындардағы ауырсынулар пайда болды; бруфен қабылдаған. Буындардағы ауырсынулар кішкене азайды, одан кейін қайтадан күшейді, зәрінің түсі өзгергеніне назар аударды, қасындағылар склераларының сарғайғанын байқады. Осы кезде халі нашарлады, тамаққа тәбеті жоғалды, 2 рет құсты.

Жағдайы орташа дәрежелі, терісі және шырышты қабаттары орта сарғайған, буындары өзгеріссіз, тілі жамылғымен жамылған,бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, пальпация сезімді. Зәрі қоныр. Нәжісі түссіз. Бастың ауруына, ұйқысынын жаман болғанына мазаланады.

Эпиданамнездің мәлеметтері: қантар айында он бүйрегіне ота жасатқан.

Қанды биохимиялық әдісімен зерттегендетура билирубин 84, тура емес – 42 мкмоль/л, АлАТ – 6,4, АсАТ – 4,1 ммоль/л., тимол сынамасы – 4 ед. HbsAg және HBcor Ig М анықталған.

Қандай диагнозды қоюға болады?

а) Вирусты гепатит А.

Б) Жедел вирусты гепатит В.

в) Созылмалы вирусты гепатит С.

г) Созылмалы вирусты гепатит В.

д) Вирусты гепатит Е.

 

183.Науқас М., 30 жаста, белсенді донор, кейінгі 6 айда плазма доноры. Қан құю стансасының дәрігері гиперферментемияға байланысты (АлАТ – 2,5 ммоль/л, АсАТ –1,8 ммоль/л) жұқпалы аурулар бөлімшесіне жолдамамен жіберілген. Бұған дейін аминотрансферазалардың жоғарлағаны болмаған. Науқастың жағдайы қанағаттанарлықтай, шағымы жоқ. Тері түсі қалыпты. Бауыры ұлғайған, қабырға доғасынан 2 см төмен ұлғайған, жұмсақ, консистенциясы эластикалық. Көкбауыры ұлғаймаған. Зәрі мен нәжісі қалыпты түсті. Эпиданамнезі: аминотрансфераз көрсеткіштерінің жоғарылауы тағы 2 донорда анықталған.

Диагноз анықтау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?

а) ПГАР

б) КБР

В) ИФА

г) РИФ

д) ГАРТ

 

184.Науқас К., 15 жаста, 38,0°С дене температурасымен жедел ауырған, кейін басы ауруып, сарғайған. Қараған кезде әлсіз сарғаю, гепатомегалия, субфебрильді температура сақталған. Вирусты гепатит А диагнозын қою үшін мідетті түрде қандай эпидемиологиялық мәліметтерді сұрастыру керек?       

а) Қан құю;

б) Науқастармен қатынаста болғанын;

в) Стоматологиялық ем шаралар;

г) Татуировкалардың бар болуын;

д) Жануарлармен қатынаста болуын.

 

185.Ф есімді науқас, 32 жаста, ауруының 8 ші күні емханаға келіп түсті. Бірінші күннен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының аздап жоғарылауы, терісінің кышынуы және оң жақ қабырға астының ауырғанын айтады. 7-ші күні склераның сарғыштануы, зәр түсінің өзгергенін байқаған, 2- күннен кейін сарғаю айқын бола бастады

Науқастың жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы сарғыш. Пальпацияда бауыры қабырға доғасынан 1,5-2см шығыңқы, аздап ауырсынады. Нәжісі ахолиялық.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізі қажет?

а) Жалпы қан талдауы

б) ИФА вирусты гепатит маркерларымен

в) Жалпы зәр талдауы

г) Бауырдың УДЗ-і

д) Компьютерлік томография

 

186. Науқас А.., Әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, оң жақ қабарға астының ауырсыну сезіміне шағымданады. Осыдан 5күн бұрын мұрны бітіп, дене қызуы 38° С қа дейін көтерілген. Тері жамылғысы, көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғыш, тілі жабындымен жабылған, гепатоспленомегалия байқалады және кіші дәрет қоңыр түсті, нәжіс ахолиялық.  

Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораториялык зерттеу әдістерін жүргізі қажет?

а) Қандағы трансаминазанаң деңгейін анықтау

б) Сілтілі фосфатаза деңгейін анықтау

в) Зәрде өт пигменттерін анықтау

г) Қан сарысуындағы белок және белоктық фракцияны анықтау;

д) Қан сарысуындағы иммуноглобулин деңгейін анықтау.

 

187. Науқас 40 жаста, ауруының 13-ші күні бөлімшеге келіп түсті. Шағымдары: лоқсу, құсу, күндіз ұйқышылдық, түнде ұықтай алмау, қызыл иектің қанауы, зәрінің қараюы, нәжістің ахолиямы. Ауру біртіндеп басталды, әлсіздік, тәбеттің жоғалауы, буындарының ауруы және дене қызуының 37,3с болуы. 12-ші күні дәреті қарайып, нәжісі түссізденді. Қарғанда терісі сарғыш және гепатоспленомегалия анықталды,

 Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізі қажет?

а) Қандағы жалпы және тікелей билирубин, АЛТ

б) Қандағы жалпы билирубин, тимол сынамасы және АСТ;

в) Қандағы жалпы билирубин, ГГТП, сілтілі фосфатаза;

г) Қандағы жалпы билирубин, тікелей билирубин, мочевина, креатинин;

д) Қандағы жалпы билирубин, қант және АСТ;

 

188. П.., есімді науқас, 19 жаста , студент. 13.09 күнннен бері дене қызуы 37,5 с қа көтеріліп, қалтырау, басының ауруы, еңбекке қабілетінің төмендеуі, дімкәстік байқалады. Науқас сол күннен бастап өзін аурумын деп есептейді. Біртіндеп тәбет төмендеді, лоқсу пайда болды. 19.09 күні терісінің сарғыштанғанын және дәретінің карайғанын байқады..

Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі және склерасы иктериялық. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыр қабырға доғасынан 2см шығыңқы, тығыз-эластикалы, ауырсынады.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет?

 

а) Қанды ИФА - да тексеру;

б) Қанды иммунограммаға тексеру;

в) Қанды  ПГАРтексеру;

г) Жалпы қан талдауы;

д)  Қанды  иммуноблотқа тексеру.

 

189.С есімді науқастың жанұясында 10-шы қазанда бірінші рет вирусты гепатит А тіркелген болатын, 2-ші қарашада сол жанұядан екінші рет вирусты гепетит тіркелді.

 Екінші науқасқа қатысты дәрігердің жұмыс жасау тактикасы?

а) Шұғыл хабарлама жіберу

б) Науқаспен әңгімелесу

в) Дезинсекция жүргізу.

г) Антибиотик тағайындау

д) Бауырдың УДЗ жүргізу

 

190. Науқас А., 20 жаста. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасайды. Мазасызданудың 3-ші күні келіп түсті. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, басының ауыруы, жұтынудың ауырсынуы. Ауру жедел басталды.

Эпиданамнез: 2 күн бұрын ересектер бөлімінің тәрбиешісі «баспа» диагнозымен жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған.

Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Т 38,40С. Терісі құрғақ, түсі қалыпты. Жақасты лимфа түйіндеріндері ұлғайған, ауырсынусыз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жок. Жүрек тондары тұйықталған, тамыр соғысы 88 рет минутына, АҚ 100/70мм с.б. Араны қызарған, бадамша безі ұлғайған және сұр жабындымен жабылған. Жабынды қиындықпен алынады, жамылғы асты қанап тұр. Болжамды диагнозды анықтаңыз?

а) Жұқпалы мононуклеоз

б) күл ауруы

в) стрептококкты баспа

г) туляремия, ангинозды-бубондытүрі

д) паратонзилярлы абсцесс

 

191.Науқас Э., 28 жаста, программист, ауыр жағдайда, айқын сарғыштанумен келіп түсті. Әлсіз, тежелген, адинамия, сұраққа кідіріспен жауап береді, анамнезін айта алмайды, ориентациясын жоғалтқан.

Жалпы жағдайы ауыр, дене температурасы 37,5 с. Аузынан бауырдың иісі шығады. Тері жамылғысы, склерасы, ауыз қуысының шырышты қабаттары сарғыш түсте. Теріде көптеген петехиальді элементтер байқалады. Санасы анық емес, сөздері түсініксіз. Тілінде қою сары жабынды, ылғал. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасымен. Қабылдау бөлімінде бір рет «кофе қоюсы» тәрізді құсық болды.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізі қажет?

 

а) Жалпы қан талдауы


Дата добавления: 2018-05-13; просмотров: 6041; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!