Б) менингококкты назофарингит  5 страница



Көздерін 0,05% марганецқышқылды калиймен өңдеу;

Суды орамалмен сүрту;

 Фурациллинмен көзді шаю;

Вакцина егу;

Жұмысты жалғастыру.

 

349. 21 жасар студен қыз стационарда ұзақ созылған пневмониядан пульмонология бөлімшесінде емделіп жатыр. Анамнезінен: оның көп жыныс әріптестерінің болғаны анықталған, сонымен қатар шетелдік адамдармен. Соңғы жарты жылда пневмониядан қайта емделуде. Қарағанда температурасы 38˚С, тамақтануы нашар, тері жабындары бозарған, құрғақ. Тынысы қиындаған. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғайған, ауырмайды, 2 см көлемі, өз ара және тіндермен бірікпеген. Бауыр 2 см-ге қабырға доғасынан шығыңқы. Зерттеудің қандай әдісін қолдану керек.

а) АИВ антигенімен ИФА

б) Жалпы қан талдауы

в) дизентериялық антигенімен ПГАР

г) Имунноблот

д) тұмау антигенімен ГАРТ

 

350. 32 жасар науқас, бойдақ. Гемофилиямен ауырады. Жыл сайын көктамырға қан препараттар қабылдайды. Соңғы екі жылда 6 еркекпен жыныс қатынаста болған. Олардың біреуі Африка елінде қызметтік іссапарға барған. Қанның иммуно-ферментті талдауында АИВ-қа – оң , иммунды блоттинг реакциясымен расталған.

Этиотропты терапияны тағайындаңыз:

орунгал, дюфлюкан

бильтрицид, пирантел

делагил, примахин

азитотимидин, ретровир

фуразолидон, бисептол

 

351. Жедел жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне шұғыл отаға үш науқас түсті. Олардың біреуі АИВ жұқтырғандардың тізімінде тұрады.

Оташы қандай алдын алу шараларын жүргізуі керек?

Иммунограмма тағайындау

 халат, баскиім, бет перде, көзілдірік кию

жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

ИФА реакциясын тағайындау

Шұғыл хабарландыру жіберу СЭС-ке

 

352. Биохимиялық талдауға қан алу кезінде медбике қолғабын және қолын ластанған инемен шаншып алды. Медбике қандай алдын алу шараларын жүргізуі керек?

 70% спиртпен өңдеу;

Қанды орамалмен сүрту;

Ошақтық дезинфекция;

 Вакцинация жасау;

Жұмысты жалғастыру

 

353. Аяғы ауыр әйелді жүктіліктің 30-32 аптасында тексеру кезінде иммуноферментті талдау кезінде АИВ-қа қарсы денелер анықталған және иммуно блотингпен расталған. 

Эпиданамнез жинау кезінде қандай ақпараттарға көңіл бөлу керек?

Тамыр ішілік есірткі заттар қолданғанына

Науқаста педикулез бар жоғына;

Ауру жануарлармен жанасқаны туралы

Қайнамаған су ішуіне;

Жуылмаған жеміс жегеніне.

 

354. АИВ жұқпасы бар науқастардың бөлімшесінде зертханалық аспаптардың залалсыздандыру алды тазарту кезінде зертханашы оң қолының саусағын қолғаптың сыртынан кесіп алды. Медбике қандай шара қолдану керек?

70% спиртпен өңдеу;

Қанды орамалмен сүрту;

Ошақтық дезинфекция;

 Вакцинация жасау;

Жұмысты жалғастыру

 

355. Ішектеріндегі аурусынуларға, ішінің өтуіне, басының айналуына, тәбетінің жоғалуына, ентікпеге, қайта-қайта қызбаға шағымдаған науқас ауруханаға жатқызылды. Науқастың нәжісінде тікенесі бар сопақша жұмыртқа анықталды. Қандай гельминт осындай клиникалық белгілердің себепкері болды?

Opisthorchis felineus

Schistosoma mansoni

Trichocephalus trichiurus

Onchocerca volvulus

Paragonimus ringer

 

356. ҚазақстанғаАвстралияданкелгеннауқасуролог-дәрігерінезәршығарудыңаурусынуменжүретінешағымданыпкелді. Талдауғакүндізалынғанзәріндеерекшетікенесібаржұмыртқаларанықталды. Мүмкіндікдиагнозқандай? 

ішектікшистосомоз

жапондықшистосомоз

описторхоз

дифиллоботриоз

урогенитальды шистосомоз

 

357. Науқас К., жасы 26-да, ауырғанына бір жыл болған. Себепсіз қызба, өршімелі әлсіздік, іріңді қақырықты жөтел. Дәстүрлі антибактериальды терапия көмектеспейді. Ауру кезінде 10 кг-нан жоғары азған.

Жағдайы қанағаттандырарлық, тамақтануы төмен. Лимфа түйіндер пальпацияланбайды. Өкпеде түрлі колибрлі ылғалды сырылдар. Тыныс алуы 28. Жүрек тондары тұйықталған, пульс – 80 рет 1 минутта, АҚ 100/60 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыр, көкбауыр пальпацияланбайды. .

Зерттеудің қай әдісін тағайындау керек?

АИВ антигенімен ИФА

Қанның жалпы талдауы

Бронхоскопия

Өкпенің компьютерлік томографиясы

тұмау антигенімен ГАРТ

 

358. науқас Г ., 25 жасар , көкірек қуысындағы ауырсынуға, жөтелге, еріндегі ұшықты бөртпелермен, дене температурасының 38,0 – 39,0˚-ға дейін эпизодтты көтерілуі. Ауырғанына жарты жылдай болған. Сол уақыт аралығында дене салмағының 8-10 кг жоғалтқанын атайды. 3 ай бұрын жыныс мүшелеріндегі кандидозын емделген. Жағдайы қанағаттандырарлық, тері жабындылары, еріндерінде ұшықты бөртпелер. Мойын, қолтық, шап лимфа түйіндері үлкейген, бұршақ өлшемді. Өкпеде дем алуы қатты, құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған . Пульс 90 рет минутына . t˚ -38˚. АҚ 90/60 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыр +2 см, көкбауырдың шеті пальпацияланады. Үлкен дәрет, диурез қалыпты. Қызбасы бар аурулармен қатынасты жоққа шығаруда, жағдайы жасалған пәтерде тұрады, бойдақ. Кездей соқ жыныстық әріптестері болған.

Науқасты АИВ-қа тексеру керек, иә болса, қандай себептен?

керек емес;

лабиалис ұшық, гепатомегалия;

кездей соқ жыныстық қатнастар

бойдақ

температурасы 38,0ºС.

 

359. Науқас В. 48 жаста, журналист. 3 күнге созылған дене температурасының 38,5°С-қа дейін көтерілуіне шағамданды. Тұмау анықталып тетрациклин тағайындалған. Жағдайы жақсармаған. 7 күні инфекционистпен кеңескен және 9 күні госпитализацияланған. Әлсіздік, шамалы бас ауруы, тамақ ауруы, тәбеттің төмендеуі. Эпидемиологиялық анамнез: жеке пәтерде жалғыз тұрады. 1 ай бұрын АҚШ-та іс сапарда болған. Қарағанда орта ауырлық жағдайында, бөртпе жоқ. Мойындағы және қолтықасты жеке лимфатикалық түйіндер 1-1,5 см-ге ұлғайған. Бадамшалар ұлғайған. Жұтқыншақтың шырышты қабаты қалыпты түсті. Пульс 96 рет соғады минутына. АҚ 130/90мм.сын.бағ. Тілі жамылғымен. Іші жұмсақ, ауырмайды, желденген. Іш қатпасы бар. Бауыр ұлғайған, қабырға доғасынан 1,5-2 см шығыңқы. Қабырға шетінде талақ пальпацияланады.

АИВ антигенімен ИФА-ны тағайындаудың себебі?

3 күн бойы дене температурасының 38,5°С болуы.

 Әлсіздік, шамалы бас ауыру, тамақ ауру.

Гепатоспленомегалия және лимфаденопатия.

Тетрациклиннің тийімділігінің болмауы

1 ай бұрын АҚШ-та болған

 

360. Науқас Ф, 25 жаста, жарты жылға созылған жиі сұйық дәрет, әлсіздік, 17 кг-ге салмақ жоғалту. Соңғы 3 жылда екі рет пневмониямен ауырған, қызбасы болған, ауызда кандидоз табылған. Қарағанда ерін шеттерінде қажаулар, афтозды стоматит, өкпеде визикулярлы, құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 78 рет минутына. АҚ 120/80 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, тоқ ішек аймағында шамалы ауырсынған, пальпацияда кезінде қорылдайды. Нәжіс – сулы, сары түсті. Эпидемиологиялық анамнез жинау кезінде қандай мәлімет жинау керек?

 

Мамандығы мен жұмыс жағдайы туралы мағлұмат

Ішек жұқпасы бар науқастармен қатнаста болуын анықтау

Науқас 3 жыл бойы қандай препараттармен емделгені жайлы.

Параклиникалық әдістер қорытындысы туралы

Жыныстық анамнезі, парентеральді араласулар туралы берілгендер.

 

361. Терапия бөлімшесінде созылмалы белсенді гепатитпен ауыратын науқаста АИВ маркерімен ИФА оң нәтиже берді.

Ары қарай дәрігердің шарасы:

Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыру

Терапевтикалық стационардан шығару.

Науқастың мекен жайына шұғыл хабарлау.

Қанды ИФА да АИВ-қа қайта тексеру

Науқастың туыстарына айту.

 

362. Науқас Ц., 47 жасар, медбике әлсіздікке, құрғақ жөтелге, ентікпеге, дене температурасының 38ºС қа көтерілуіне, сұйық нәжіске шағымданды. Анамнезінен жарты жыл бойына үнемі сұйық нәжіс, 15 кг жоғалтқандығы белгілі. Тексергенде жағдайы ауыр. температурасы 39ºС. Тері жабындылары бозарған. Еріндерінің цианозы, кахексия, айқын әлсіздік төсектегі жағдайы мәжбүрлі. Қолтықасты лимфа түйін пальпацияланады. Өкпедегі тыныс әлсіреген, аздап құрғақ сырылдар. ТЖ- минутына 38, АҚ 100/60 мм.сын.бағ., пульс -100 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырмайды. Нәжіс тексерілген – сұйық , аздап шырыш бар.

ДДҰ –ның жіктелуі бойынша АИВ диагнозы:

а)АИВ-жұқпасы, I клиникалық сатысы

б)АИВ-жұқпасы, II клиникалық сатысы

в)АИВ-жұқпасы, III клиникалық сатысы

г)АИВ-жұқпасы, IV клиникалық сатысы

д)АИВ-жұқпасы, инкубациялық кезеңі

 

363. Менингитпен және АИВтың ІІІ клиникалық сатысындағы науқасты люмбальді пункциялау кезінде инфекцианист абайсызда қолғаптың сыртынан инемен шаншып, саусағының терісін зақымдап алды, қан тамшыларының бөліндісімен. Дәрігер мұндай жағдайда не істеу керек?

а)70% спиртпен өңдеу;

б) Қанды орамалмен сүрту;

В) Ошақтық дезинфекция;

Г) Вакцинация жасау;

Д)Жұмысты жалғастыру

 

 

364. Науқас Ф., 27 жаста, қаңғыбас вокзал ауруханасына «тағам токсикоинфекциясы, тырысқақ?». Эпиданамнезден: науқастың вокзалда қонатыны, кездейсоқ жыныстық қатнасқа түскені анық болған. Соңғы кездері 3 айға жуық жағдайы нашарлап, жиі сұйық нәжіс, ақ-сары түсті көп көлемді нәжіс. Жөтел мазалайды, жағдайы нашар, өте қатты жүдеген. Пульсі 96 уд/мин., АҚ 80/60 мм.сын.бағ. Тілі жамылғымен, іші жұмсақ, аурмайды. Бауыр және көк бауыр ұлғаймаған. Анустың төңірегінде үшкір басты кандиломалар. Күніне үлкен дәретке 5-6 рет барады. Есінде, менингиальді көріністер жоқ.

 Микроскопиялық зерттеу кезінде криптоспоридиялардың ооцистарары табылған. Нәжістің себіндісінде тырысқақ вибрионы табылмаған.

ДДҰ жіктелуі бойынша диагнозы?

а)АИВ-жұқпасы, I клиникалық сатысы

б)АИВ-жұқпасы, II клиникалық сатысы

в)АИВ-жұқпасы, III клиникалық сатысы

г)АИВ-жұқпасы, IV клиникалық сатысы

д)АИВ-жұқпасы, инкубациялық кезеңі

 

365. Науқас 19 жасар, студент, емхана дәрігеріне 3-4 айға созылған мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Қарағанда температурасы қалыпты, жағдайы қанағаттандыларлық, терісі қалыпты баяулы, бөртпесіз. Қолында инъекциялардан қалған іздер. Артқы бұғана асты және шынтақ лимфа түйіндері 1 см-ге дейін ұлғайған, ал қолтықасты 1,5 см-ге, тығыз эластикалық консистенциялы. Ішкі мүшелердің жағынан патология анықталмаған. Іш қуысы мүшелерін УЗД жасау және кеуде қуысы мүшелері рентгенографиясы кезінде висцеральді лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалмаған.  

ДДҰ жіктелуі бойынша диагнозы?

а)АИВ-жұқпасы, I клиникалық сатысы

б)АИВ-жұқпасы, II клиникалық сатысы

в)АИВ-жұқпасы, III клиникалық сатысы

г)АИВ-жұқпасы, IV клиникалық сатысы

д)АИВ-жұқпасы, инкубациялық кезеңі

 

 

366. науқас Р 22 жасар, студент, емхана дәрігеріне мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданды. Аурудың қашаннан пайда болғанын айта алмайды. Қарағанда температурасы қалыпты,жағдайы қанағаттандырарлық терісі қалыпты баяулы, бөртпесіз. Қолында Ішкі инъекциялардан қалған іздер. Артқы бұғана асты және шынтақ лимфа түйіндері 1 см-ге дейін ұлғайған, ал қолтықасты 1,5 см-ге,шап – 1 см-ге дейін тығыз эластикалық консистенциялы. Ішкі органдар жағынан патология анықталмаған. Іш қуысы мүшелерін УЗД жасау және кеуде қуысы органдары рентгенографиясы кезінде висцеральді лимфа түйңндерінің ұлғаюы байқалмаған. Бұл жағдайда қандай эпидемияға қарсы іс шара жасалады?

Санитарлық-ағартушылық жұмыстар, қауіпсіз жыныстық қатнас туралы үндеу

Тағамдық өнімнің сапасын күшейту

жұқтырғандар мен науқастарды антибактериальді емдеуден өткізу.

Вакцинопрофилактика.

Жұқтыру қауіпі бар адамдарды анықтап, изоляциялау

 

367. Науқас жасы 37 де, біртіңдеп аура бастап, әлсіздік сезініп, лимфа түйіндерінің ұлғайюын байқады, терісі қышынған. Қарағанда: гепато-лиенальді синдром, температурасы 36,6С, өкпеде құрғақ сырылдар, артқы төменгі бөлікте майда көпіршікті сырылдар. Науқас Заирдан келгеніне 1,5 ай болған, бала кезінде безгекпен ауырған.

Қандай ауру түралы айтылған?

лимфогранулематоз

жұқпалы мононуклеоз

ошақтық пневмония

АИВ-жұқпасы

безгек

 

368. Науқас 29 жаста, Нигериядан 1 жыл бұрын келген. Жалпы әлсіздік, температурасының 37,5С-қа дейін көтерілген, денесінде бөртпелер пайда болған, күнделікті 2-3 рет сұйық нәжіс, 10 кг-ға дейін салмақ жоғалту, мойын және қолтықасты түйіндер ұлғайған.

 Сіздің ұсынар диагнозыңыз:

 Ласс қызбасы

Легионерлер ауруы

АИВ-жұқпасы

сарып

лимфогранулематоз

 

369. Жақын арада Африкадан келген ер адамда зерттеу кезінде ішектік шистосомоз анықталды. Осы аурудың қоздырғышы адам ағзасына қалай енді? 

өзенде шомылғанда

балык жегенде

ет жегенде

ластанған қол арқылы

маса шаққанда

 

370. Африкадан келген науқастың зәрінде қан анықталды. Зәр тұмбасының микроскопиясы кезінде бір полюсіндағы тікенесі бар сары түсті сопақша жұмыртқа анықталды. Бұл қандай гельминттердің жұмыртқалары?

Opisthorchis

Clonorchis

Paragonimus

Schistosoma

Fasciola

 

371. Ауруханаға қалтыраумен қызбасы, буындарының аурусынулары, жүрек айнуы, құсуы, іштің өтуі, көкбауырдың улғаюы бар науқас түсті. Науқас Мысырда егістік жерді суаратында жұмыс істеді. Дәрігер "шистосомоз" диагнозын қойды. Шистосомалардың даму циклінда аралық иесі кім? 

балықтар

моллюскалар

шаяндар

шошқалар

құмырсқалар

 

372. Мысырдан келген науқас зәр шығару кезіндегі күшеетін іштің төменгі бөлігінде ауырсынуларға шағымданады. Сұрастырғанда: күн ыстық болғанда жиі өзенде шомылған. Зәрінде қан және паразиттің тікенесі бар жұмыртқалар табылған. Диагнозды қойыңыз.

а) Описторхоз

б) Дифиллоботриоз

в) Парагонимоз

г) Фасциолез


Дата добавления: 2018-05-13; просмотров: 743; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!