Жасуша метаболизмі.Катаболизм.Анаболизм 12 страница



81. Бағаналы жасушалар және оларды медицинада қолданылуы. «Бағаналы жасушалар» түсінігі алғаш рет өткен ғасырдың басында Ресейде п.б. Ұлы Ресей гистологы Максимов қан түзілу процестерін зерттеуде анықтады. Бағаналық жасушалар пісіп жетілмеген немесе дифференцияланбаған (яғни, бөлшектерге бөлінбеген) жасушалар, олар ұқсас жасушалар жасап шығаруға қабілетті. Дифференциялану қабілетіне байланысты бағаналық жасушалардың 3 негізгі түрі болады: Потипотенттібағаналық жасушалар - олар ағзаны түзетін тіңдер мен жасушалардың түрлі типтерін түзеді. Оған ұрықтанған жұмыртқа немесе зигота және екі кезектескен жасуша генерацияларын жатады. Плюрипотентті бағаналық жасушалар – ағзаны құрайтын барлық клеткаларды құрамайды, тек көпшілігін жасап шығарады. Оған эмбриональды және фетальды бағаналық жасушаларды жатады. Мультипотенттібағаналық жасушалар – кейбір бағыттағы аз дифференцияланатын жасушалар типтерін жасайды. Мысалы: сүйек кемігінің гемопоэтикалық және мезенхимальды бағаналық жасушалары. Бағаналық жасушалардың жіктелуі: ересек бағ.жасуша, кіндік қанының бағ.жасулары, фетальды бағ.жасушалар, эмбриональды бағ.жасушалар. Бағаналық жасушалармен емдеу. Қазіргі кезде көптеген ауруларды емдеуге қол жеткізді. Қимыл қозғалыс аурулары, травматология, қан ауралары: лейкоз; аутосомалық аурулар: склероз, артрит, аллергиялық және онкологиялық аурулар, бедеулік, диабет, т.б. Эмбриональды бағ.жасушалар негізгі көзі болып ұрықтану процесінің 5-ші күні түзілетін бластоциста б.т. Бұл жасушалар ересек ағзаның барлық жасуша типтеріне дифференцияланады. Эмбриогенез сатысында ұрықтанған жұмыртқажасуша бөлінеді де, келесі жасушаларға тек генетикалық ақпарат беретін бастама жасушасын түзеді. Кіндік қанының бағаналық жасушалары әрине, нағыз идеал көзі нәресте туылғаннан кейінгі жинап алынған кіндік плацентарлы қан б.т. Бұл қан жасушаларға өте бай. Бұл қанды жинап бағаналық жасушалар криобанкіне салып қойса, оны келешекте кез келген ауруларға соның ішінде онкологиялық ауруларға қолданылады. Криобанк кіндік қанын, сонымен қатар ересек бағаналық жасушаларын төменгі температурада сақтауға арналған құрылғы.Жүрек қан тамырлар ауруларында бағаналық жасушаларды енгізу әдістері:І топ. Бұлшықетке енгізу, яғни мұнда жүрек бұлшықеті қолданылады.ІІ топ. Интрокоранарлы енгізу, бұл операция кезінде жүрек тамырына енгізеді.ІІІ топ. Барлық басқа енгізу әдістері жатады.Фетальды бағаналық жасушалар. Негізгі көзі жүктіліктің 9-12 аптасындағы аборт жасалған ұрықтан алынатын арнайы жасуша типі б.т. ол ұрықтың дамуында дененің түрлі мүшесіне айналып кетуі мүмкін. Фетальды бағ.жасушаларын зерттеу нейрон, гемопоэтинді, ұйқы безінің негізін салушы бағ.жасушалар және гермальды жасушалармен шетеледі. Тексерілмеген материалды қолдану науқастың көптеген асқынуларына әкеледі. Мысалы: герпес вирусы, СПИД, вирусты гепатит, микоплазма,т.б. Клеткалық терапия жасушалар мен тіндерді бағаналық жасушалар көмегімен емдеу. Шеткі қан жүйесінің бағ.жасушалары. адамның май тіндерінен бөлініп бағаналық жасушаларды шеткі қан жүйесінен де алуға болады. Бірақ мұнда арнайы құрылғы қажет. Ол үшін алдымен шеткі қан арнасын дайындап, сосын арнайы құрылғымен бөліп алады. Алынатын бағ.жасушаларды да қолданады. Олар екі жолмен әсер етеді. Біріншіден ауруды емдеу, екіншіден артық салмақтан арылу. Ересек бағ.жасушалардың қоры өте үлкен емес. Сондықтан жойылған жасушаларды организм өздігінен жаңартуға қабілеті жоқ. Ол зақымдалу ошағынан көлемді болуы, ағзаның әлсіреуі немесе жас шамасынада байланысты болады. Ересектердің бағаналық жасушаларының көздері - сүйек кемігі, қан, көз, бас миы, қанқа бұлшықеттері, тіс, бауыр, тері, асқазан-ішек жолы, қабырғасының ішкі қабаты және ұйқы безі. Бағаналық жасушаларды енгізгеннен кейін көптеген пациенттер өздерін жақсы сезінеді: ұйқышылдық азаяды, энергия қоры жиналады, көңіл күйі көтеріледі, жұмысқа қабілеттілігі жоғарылайды,т.б.

82 Тіршіліктің ұйымдасу кезеңдері.

Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері

Тіршіліктің мынадай құрылым деңгейлерін ажыратады: молекулалық, клеткалық, организмдік, популяциялық – түрлік, биогеоценоздық және биосфералық деңгейлер.

Молекулалық деңгей . Тіршіліктің бұл алғашқы құрылым деңгейі клеткада болатын нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар және стероид молекулалармен сипатталады. Осы аталған қосылыстардың қатынасуымен клеткада аса маңызды тіршік процестері жүріп жатады. Ол процестер тұқым қуалау информациясының кодталуы мен жүзеге асырылуы, тыныс алу, зат және энергия алмасу, өзгергіштік т.б. Зат алмасудың механизмдері бұл деңгейде барлық организмдер үшін біркелкі болады. Мысалы ,нуклеин қышқылдарының , аминқышқылдарының, белоктың биосинтезі, май қышқылдарының тотығуы,гликолиз және тағы басқа да реакциялар біркелкі схема бойынша жүреді. Сонымен қатар молекулалық деңгейде күн сәулесінің энергиясы химиялық энергияға ауысып көмірсулар, майларда қорға жинақталады және осы энергияның есебінен АТФ синтезделелі.

Клеткалық деңгей. Жер бетіндегі барлық тірі организмдердің структуралық- функционалдық бірлігі және дамуының бастамасы-клетка. Бұл деңгейде клеткалардың жіктелуі, арнайы қызмет атқаруы, тұқым ұуалау информациясының ұрпақтарға берілуі, зат және энергияның алмасуы жүреді. Сондықтан клетканың биологиясын, оның сыртқы орта жағдайларымен өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттеп білмецйінше тіршілікті түсіну мүмкін емес.

Организмдік деңгей. Бұл деңгейдің элементарлық бірлігі жеке особь. Мұнда особьтың зиготалық кезеңінен бастап тіршілігін жоюына дейінгі аралықта өтетін даму заңдылықтары қарастырылады. Даму барысында тұқым қуалау информациясының жүзеге асырылуы нәтижесінде оның тіршілігін қамтамасыз ететін түрліше қызмет атқаруға бағытталған ұлпалар мен мүшелер қалыптасады.

Популяциялық – түрлік деңгей. Бір түрге жататын особьтар жалпы бір аумақтың жеке учаскелерін ұзақ уақыт оқшаулана мекен етіп көптеген популяциялар құрайды. Бұл деңгейде популяция особьтары элементарлыұ эволюциялық факторлардың әрекетіне байланысты өзгеріске ұшырап, адаптивтік жаңа формалар қалыптасады. Қазіргі кезде жер бетін мекендейтін 500 мыңға жуық өсімдік түрлері белгілі. Түр – тірі организмдерді классификациялаудың біріліг.

Биогеоценоздық деңгей. Тіршілік ету жағдайлары біршама ұқсас болып келетін белгілі бір аумақты мекендейтін әр түрдің популяциялары қлі табиғат факторларымен тығыз байланыса отырып биогеоценозды немесе экосистеманы құрайды. Экосистемадағы әр түрлі жүйелік топтарға жататын организмдер бірлесіп тарихи дамуы барысында өзін-өзі реттей алатын салыстырмалы тұрақты бірлестіктерді қалыптастырады.

Кез келген экосистема мынадай негізгі компоненттерден тұрады: органикалық зат түзушілер(жасыл өсімдіктер); даяр органикалық заттармен қоректенушілер-консументтер(жануарлар, басқа да гетеротрофтар, адам); қсімдіктер мен жануарлар өлексчелерін ыдыратушылар-редуценттер(микроорганизмдер). Осы аталған продуценттер, консументтер, мен редуценттердің өзара әрекеттесуіне сай экосистеманың негізгі қасиеті оның өздігінен реттеліп, тұрақтануы қамтамасыз етіледі.

Биосфералық деңгей. Барлық биогеоценоздар жиынтығы, былайша айтқанда, жер бетіндегі ең жоғарғы жүйе биосфера болып табылады. Бұл деңгейде барлық тірі организмдердің тіршілік әрекеттерімен байланысты биосфералық зат және энергия айналымы жүреді.

Тіршіліктің осы аталған құрылым деңгейлерінің өзіндік ерекшелігі, заңдылықтары зерттеу әдістері бар. Осыған байланысты тіршіліктің әр құрылым деңгейінде зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған арнайы ғылым салалары қалыптасқан. Тіршілік осы аталған бірнеше құрылым деңгейлерге бөлінгенімен олар өзара байланысты және бірінен бірі туындайды, ал мұның өзі тірі табиғаттың бір тұтастығын көрсетеді.    

83.Зат алмасу.Нәруыздық

84.Зат алмасу.Көмірсулы

Көмірсулар алмасуы

Көмірсу –энергия көзі ,денеге диполисахаридтер түрінде түседі ,қанға моносахаридтер глюкоза түрінде сіңеді . Қанға сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді , онда гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Қандағы қант деңгейі төмендей бастаса , гликоген арқылы глюкоза бауырдан босап шығады да, қанға өтеді. тірі организмдерде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы. Адам мен жануарлардың қоректенуіне қажетті негізгі көмірсуларға крахмал жатады. Адам қорегінде дисахаридтердің де атқаратын қызметі үлкен. Ферменттердің (амилазалар, мальтазалар, сахаразалар және лактазалар) әсерінен ас қорыту жолдарында бұл көмірсулар гидролиздік жолмен ыдырайды. Осының нәтижесінде түзілетін моносахаридтер (негізінен, глюкоза,фруктоза және галактоза) қан тамырлары арқылы тіндерге тарайды

Көмірсу алмасуына ми қыртысы ,гипоталамус , ішкі секреция бездер әсер етеді . Симпатикалық жүйке жұйесінің қозуынан адреналин глюкозаның қанға өтуін күшейтеді бауырдағы гликогенолиз үдерісін активтеу арқылы . Парасимпатикалық жүйке гликоген түзілуін күшейтеді (гликогенез үрдісін жоғарылатады).

Көмірсу алмасуына ми қыртысы ,гипоталамус , ішкі секреция бездер әсер етеді . Симпатикалық жүйке жұйесінің қозуынан адреналин глюкозаның қанға өтуін күшейтеді бауырдағы гликогенолиз үдерісін активтеу арқылы . Парасимпатикалық жүйке гликоген түзілуін күшейтеді (гликогенез үрдісін жоғарылатады).

Көмірсу алмасуына ми қыртысы ,гипоталамус , ішкі секреция бездер әсер етеді . Симпатикалық жүйке жұйесінің қозуынан адреналин глюкозаның қанға өтуін күшейтеді бауырдағы гликогенолиз үдерісін активтеу арқылы . Парасимпатикалық жүйке гликоген түзілуін күшейтеді (гликогенез үрдісін жоғарылатады).

Зат алмасу (майлар).

Көптеген аурусырқаулар, патологиялық процестер май ал-масуының бұзылуынан болады. Май және май тәрізді қосындылар липидтер деп аталады. Адам (жануар) денесі үшін май — негізгі энергия кәзі. Е.ресек адамда тәулігіне 70—100 г мал майы (тоң май, сары май мен есімдік майы) керек. 1 г май тотықса, 9,3 ккал (38,39 кДж) жылу бөлінеді, сондықтан да май көбінесе энергия ретінде жұмсалады. Май клетка протоплазмасының яд-росы мен мембранасының құрамыма кіреді (құрылыс материалы). Дененің кейбір жерлефіне 'жиналған май бірқатар ағзалар-ды (бүйрек, өкпе т. б.) ұрылу-соғылудан, букіл денені суық тию-ден (жылу өткізбейді) қорғайды. Шелінде майы қор болып жи-налатың жануарлар (тюлень, қит т. т.) суыққа шыдамды келеді. Майда еритін витаминдер (А, Д, Е, К, Ғ), тұздар майға ілесіп денеге тез сіңеді. Май — су қоры. Өркеш майын түйе су кезі ретінде пайдаланады.Май денеге негізінен тағаммен бірге келіп түседі, аз мелшер-де бауырда көмірсу мен белокта да түзілуі мүмкін. Май 12 елі ішекте өттін қатысуымен эмульсияға айналады да, липаза әсері-нен ыдыраған кезде моноглицерид, май қышқылы мен глицеринге айналады. Май және басқа липидтердің ыдырау өнімдері негізі-нен лимфаға сіңеді. Эмульсияға айналған май тамшыларының (диаметрі 0,5 мкм) біразы гидролизденбей-ақ ішек қабырғасынан өте береді. Моноглицерид, май қышқылдары, өттің қатысуымен ішек эпителиіне етеді. Өт қүрамындағы қышқылдардың тұздары мен фосфатидтер май қышқылдары мен моноглицеридтерді коршап, гидрофилдік қабық құрады, өте ұсақ мицеллаға айналады. Жеке мицелла ең ұсақ эмульсия тамшысынан 106 есе кіші. Мицеллалар судағы ерітінді күйінде жай, диффузия жолымен энергия жұмсамай, не пиноцитоз арқылы ішек эпителиіне өтеді. Мұнда мицелла ыдырап, одан босап шыққан өт қышқылдары қанға сіңеді, оның 2,8—3,5 г бауыр арқылы ішекке қайта оралып бір тәулік ішінде ішек-қарынға келіп түскен (70—100 г) майдың сінуін қамтамасыз етеді. Эпителийге өткен моноглицеридтер мен май қышқылдары, ондағы ретикулумдар (торлы құрылымдар) аз уакыт кідіреді де олардан адамға тән майлар түзіледі. Май мен холестерин, белок молекулалары хиломикрон құрып, эпителий түбіндегі мембранадан өтеді де лимфаға сіңеді. Ішекте майдың ыдырауынан пайда болған суда еритін глицерин мен құрамында өзара қысқа байланысқан кеміртегі бар іиай қышқылдары қанға сіңеді де қақпа венасымен бірге бауырға өтеді. Лимфаға сіңген басы артық май екпе тканіндегі шелде қор бо-лып жиналады. Адам ұзақ уақыт майдың бір түрімен қоректенсе, осыдан қордаланған майдың құрамы өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам аспен бірге кокос майын көбірек жесе, оның шелінде жиналып май, құрамы мен қасиеті жағынан кокос жаңғағы майына ұқсайды. Май энергия қоры ретінде клеткада да сақталады.

Май алмасуының реттелуі. Май алмасуын реттейтін арнайы орталық гипоталамуста орналасқан. Осы орталықтың төменгі — ішкі ядросы зақымданса, адам (жануар) семіріп кетеді, ал төменгі — сыртқы ядросы зақымданса, керісінше, азады (кахексия). Гипоталамус денеге вегетативтік жүйке жүйесі мен.ішкі секреция бездері арқылы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесі денеде-гі май қорының жұмсалу және тотыру қарқынын күшейтеді. Бұл үй қоянына тәжірибе жасау арқылы дәлелденді. Оның майы әдетте жауырын астына жиналады. Жүйке сегментінің бір жағында-ғы симпатикалық жүйкелерді кесіп тастап (десимпатизация) жа-нуарды ашықтырса, денедегі барлық май жұмсалғанмен, симпа-тикалық жүйке кесілген жердегі май көпке дейін сақталады (жұмсалмайды). Парасимпатикалық жүйке жүйесі май алмасу-ына керісінше әсер етеді. Гипоталамустағы орталыққа, оныңқыз-метіне жоғары жүйке жүйесі және эмоция тудыратын лимбиялық жүйе ықпал етеді. Ішкі секреция бездерінің гормондары да май алмасуын реттеуге қатысады.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 937; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!