Жасуша метаболизмі.Катаболизм.Анаболизм 8 страница



63.Эукариоттық жасушалардың негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметті:қосындылар.

Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер.Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетик. материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органик. заттардың хим. энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т.б. органик. қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттардың жасушалары митоздық жолмен бөлінедіЖасушалық қосындылар-зат алмасу процесіне байланысты(метаболизм) жасуша цитоплазмасындағы тұрақсыз құрылымдар. Жасушалық қосындыларға трофикалық,секретарлық,экскреторлық және пигменттік қосындылар мен витаминдер жатады.Трофикалық қосындылар(протеин, май, көмірсулар)-қоректік заттардың қоры және энергия көзі. Протеиннің түзілуі мен жинақталуы жасуша эндоплазмалық трынығ белсенділігіне байланысты. Бауыр жасушаларында(гепатоциттерде) көмірсулар(гликоген),май қосындылары, липид тамшылары ретінде жиналады.Секреторлық(бөлінділік) қосындыларға пайдалы заттар: сөл, сілекей, өт, гормондар, сүт және т.б жатады.Экскреторлық қосындыларды жануарлар организміне керек емес зиянды қосылыстар (зәр,тер)құрайды.Пигменттік қосындылар жасушалар мен ұлпаларға түрлі түс береді. Оған қандағы гемоглобин, бұлшықетті миоглобин, терідегі меланин т.б жатады. Пигмент каротин(өсімдік клеткаларының құрамында болатын сарғыш-қызғылт пигмент) жемістерде, өсімдік жасушаларында түзіледі. Ол-А провитамині. Каротин жануарлар организмінде А витаминіне айналады.

64.Эукариоттық жасушалардың негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметі:комплекс Гольджи жиынтығы,жасуша орталығы, эндоплазмалық тор, митохондрия.        

Гольджи жиынтығы — өсімдіктер мен жануарлардың біржарғақшалы органоиды. Оны 1898 жылы италиялық ғалым К.Гольжди жүйке жасушаларынан тапқан. Ол ауыр металдардың ерітінділерімен (осмий немесе күміс) жүйке жасушаларын бояп қарағанда, оның цитоплазмасынан тор болып келетін жиынтықты бірінші болып байқаған. Оны "ішкі тор тәрізді аппарат" деп атады. Кейіннен Гольджидің есіміне байланысты "Гольджи жиынтығы" деп аталып кетті.Өсімдіктер мен қарапайымдылар жасушаларындағы Гольджи жиынтығының пішіні әр түрлі болады. Көп жағдайда орақ немесе таяқша пішінде жеке денешіктер түрінде кездеседі. Оның жарғақтары жасушацитоплазмасының барлығына таралмайды.Олар ядроға жақын орналасады және қуыс цистерна түзеді.Қуыс цистернадан біртіндеп жарғақшалық көпіршіктер-диктисомалар баулықсызданады.Гольджи жиынтығында рибосомалар болмайды,сондықтан да ол ешқашан нәруыз синтездемейді.Жасуша орталығы — адам мен жануарлардың барлық және кейбір өсімдік жасушаларында болатын, жасушалардың митоздықбөлінуін қамтамасыз ететін органелла.Жасуша орталығы - цилиндр тәрізді бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Бұларды центрольдер деп атайды. Центриоль қабырғасы әрқайсысы үш микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады. Ортасындағы осы екі микротүтікшеден түзілген. Бұл органоид жасушаның бөлінуі кезінде, бөліну ұршығын түзеді. Бөліну ұршығы хромосомалардың полюстерге ажырауын қамтамасыз етеді.Эндоплазмалық тор — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы. Эндоплазмалық тор : дәншелі және дәншесіз эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді. Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларындарибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады. Бауыр гепатоциттерінде және кейбір нейроциттерде агранулалы эндоплазмалық тор жеке аймақтарға жинақталып жатады. Гранулалы эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері, жарғақтық интегральды протеиндер түзіледі. Агранулалы эндоплазмалық торда полисахаридтер , жасуша жарғағы құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардың түзілу процестері жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттарды тасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртқа шығарады, ядро қабықшасы — кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады.Митохондриялар — жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофтыжәне гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликержәндіктердің Бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді (Бұлшық еттегі митохондрияларды осы кезге дейін осылай атап жүр). Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады. Бенде 1898 жылы Бұл органоидка митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі жасушалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың жасушадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап көрсетті.

65.Эукариоттық жасушалардың негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметі:. Микротүтікшелер,рибосома,лизосома  

 

66. Биологиялық мембрананың қызметтері.Жасуша тіршілігінде мембрананың маңызы.

 

 

67. Биологиялық мембрананың молекулалық құрылысы.Жасуша тіршілігінде мембрананың маңызы.

Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі , ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды.1902 ж. неміс ғалымы Э. Овертон мембрананың құрамында май тектес заттар болады деген пікір айтты.1926 ж. америкалық биологтар Э. Гортер мен Ф.Грендел адам эритроцитінің қабықшасынан сол затты бөліп шығарды.Ал 1935 ж. ағылшын ғалымдары Л.Даниелли мен Г.Даусон және америкалық биолог Дж. Робертсон биологиялық мембрананың құрылымдық моделін ұсынды. Кейін электрондық микроскоп және рентгендік анықтау әдістерін қолдану нәтижесінде жасушаның барлық бөліктеріндегі биологиялық мембрана табиғатының ұқсас болатыны анықталды.Биологиялық мембрана — аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады. Мембраналық белоктардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық белоктар түрлі қызмет атқарады. Кейбір химиялық реакциялар биологиялық мембрананың өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана жасушаны қоршап, сыртқы ортадан оқшаулауы арқылы жасушаның морфологиялық тұтастығын сақтайды.Биологиялық мембрананың молекулалық құрылысы мен қызметі. Биологиялық мембраналардың неғұрлым толық құрылысын 1972 ж. Г. Никольсон мен С. Сингердің ұсынған сұйықтық-мозаикалық моделі бейнелейді. Биологиялық мембрана құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады. Мембраналық белоктар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Барлық мембраналарға тән қасиет – олардың тұтастығы, тұйықтылығы.Фосфолипидті қос қабатты (биқабатты) мембрананың негізгі қасиеттерін қарастырайык. Бұл мембрана майысқақтық және қаттылық қасиет көрсетеді. Ол арқылы су және гидрофильді заттар өтпейді, ал гидрофобты заттар оңай өтеді. Биомембрананың фосфолипидті мембранадан ерекшелігі — фосфолипидті мембранада сигналдарды қабылдау және заттарды тасымалдау қызметін атқаратын ерекше ақуыздардың болуына байланысты. Мембрананың сыртқы бетінде жеке органоидтер мен ұлпаларды белгілеу қызметін атқаратын әр түрлі ақуыздар мен көмірсулар орналасады. Биомембрананың арқасында жасушаның беткі жағы аса төзімді және серпімділік қасиетке ие болып, жеңіл жарақаттан оңай жазылып, тез қалпына келеді.Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі – олардың жартылай өткізгіштігі. Кейбір заттар олардан өте баяу, ал кейбіреулері ерітіндінің қоюлығына қарамастан жеңіл өтеді. Сонымен, мембраналар суда жақсы еритін заттардың көпшілігінің жасушаға еркін өтуіне кедергі жасайды. Сөйтіп, цитоплазманың және оның органеллаларының химиялық құрамын сақтайды.Мембраналар жеке ферменттердің және олардың кешендерінің цитоплазмада қалыптасып, жасушаның тіршілігіне қажетті ең негізгі үрдіс – химиялық реакциялардың ретімен жүруін қамтамасыз етеді.

68.Мембраналық липидтердің түрлері және қызметтері.

4түрі белгілі:1)фосфолипидтер 2)сфинголипидтер 3)гликолипидтер 4).Фосфолипидтер 5)стероидтар-холестеринАлғашқы үшеуінің молекуласы гидрофильдік "бас",гидрофобтық"құйрық"бөлімдерінен тұрады Фосфолипидтердің-«бас» бөліміне бір-бірімен байланысқан азоттық негіз қалдығы, фосфат тобы және глицериннің 3 атомдық спиртінің қалдықтары кіреді. Бұлардың бәрі полярлы топтар, гидрофильді болады. Гидрофобты «құйрықтардың» құрамына кіретін май қышқылдарының қалдықтары глицеринмен байланысқан. Қаныққан майқышқылы (пальметин), қанықпаған май қышқылы (олеин) кездеседі. Кейбір мембраналарда фосфолипидтің түрі кардиолипиндер- бұлар бір-бірімен байланысқан 2 фосфатид қышқылы болып табылады. Бұл молекулаларың 4 көмірсутек «құйрығы» және үлкен гирофильді «басы» болады.II.Сфинголипидтер-фосфолипидтерден ерекшелігі глицеринмен бір май қышқылының орнына-18С атомы, бір қосарланған байланысы бар қосатомды аминоспирт-сфингозин кездеседі. Сфингозин сфинголипидтердің гидрофильді «басының» құрамына кіреді. Бұлардың маңызды өкілі-сфингомиелин. Мұнда азоттық негіз ретінде холин болады.III.Гликолипидтер-құрамында да сфингозин болады, бірақ олардың гидрофильді «басының» құрамына азоттық негіз және фосфат тобы емес бір көмірсу кіреді. Гликолипидтердің екі тобы бар: цероброзидтар (галактоза не глюкоза болады) және ганглиозидтер (олигосахарид болады).IV.Холестериннің құрылысы алдынғы үшеуінен ерекшелеу болады. Холестерин ұзынынан созылған 4 көмірсутекті циклдардан және көмірсутекті бүйір тізбегінен тұрады. Жалғыз гидроксил тобынан бөлек, холестерин гидрофобты қосылыс болып табылады. Соған байланысты холестерин липидтік қосқабаттың ортасында орналасады.•Мембранада фосфолипидтер мен сфинголипидтер мөлшерінің көбеюі оның тұрақтылығын төмендеуіне алып келеді. Холестерин мен гликолипидтер де мембрана тұрақтылығына әсер етеді.Липосома-қабырғасы липидтік қосқабаттан тұратын дөңгелек көпіршіктер.Мицеллалар-дөңгелек түйіршіктер, қабырғасы бір қабаттан тұрады.Мембраналық липидтердің негізгі функциясы - биқабаттық матриксті қалыптастыру. Негізгі класс - глицерофосфатидтер. Глицерола деп аталатын гидроксильді топ, құрамына фосфат кіретін, полярлы топтанумен байланыста. Екі басқа гидроксильді топ гидрофобтық қалдықтармен байланысады. Табиғаттағы фосфолипидтер конфигурациясы D болады.Фосфоглицеридтердің көбісінде фосфаттық топ глицеролдың sn-З-қалыпында жатады, ол холинді, этаноламинді, миоинозитольды, серинді немесе глицерольды тобымен байланады.Мембраналардың липидтерінің майлы қышқылдары.Табиғатта кездесетін қышқылдар екілік байланыстардың цис-конфигурациясымен сипатталады. Мұндай конфигурацияда тізбек омырылуға ұшырайды, биқабаттағы липидті молекулалардың түйюлуі бұзылады. Фосфолипидтердің көбісінің құрамына бір қаныққан және бір қанықпаған тізбек кіреді. Жануарлардың клеткаларында қанықпаған тізбек глицеролдың sn-2-қалпында жатады. Е. coli клеткалары үшін да солай болады. Полиқанықпаған тізбектерде екілік байланыстар өте жиі кернеусіз болады. Кейбір бактериялардың фосфолипидтері бұталанған және құрамына циклдер /циклопропан/ кіретін тізбектерден тұрады. Мембраналық липидтердің әрбір молекуласының – гидрофильдік «басы» және екі гидрофобтық «құйрығы» болады. Гидрофобтық «құйрықтардың» әрқайсысы ұзын көмірсутек тізбегі болып табылады, оның біреуі қаныққан(яғни қосарланған байланыстары жоқ), екіншісі қанықпаған ) бір немесе бірнеше қосарланған байланыстары болатын) болып келеді.Сулы ортада осындай амфифильдік молекулалар өздігінен қосқабат пайда етеді, онда молекуланың гидрофобтық ұштары (құйрықтары) бір біріне бағытталса, гидрофильдік ұштары («бастары») сулы ортаға қарай бағытталған. Биомембраналардың құрамына липидтермен бірге ақуыздар да кіреді. Олардың екі түрі белгілі: интегралдық және шеткі (перифериялық) ақуыздар. Интегралдық ақуыздар мембранаға терең батып липидтік қосқабатты тесіп өтіп орналасқан, ал шеткі (перифериялық) ақуыздар мембрананың тек бір бетімен (сыртқы не ішкі) ғана байланысқан.Ақуыздардың липидтік қосқабатпен әрекеттесуі әдеттегідей болады, яғни липидтердің гидрофобтық бөлігімен полярлы емес (гидрофобты) аминқышқылдар радикалдары әрекеттессе, гидрофильдік «бастарымен» - полярлы және зарядталған радикалдар байланысады.Көптеген биомембраналарда липидтер мен ақуыздардан басқа көмірсулар да кездеседі, бірақ олар дербес компоненттер ретінде еме, липидтер, ақуыздар молекулаларымен байланысқан күйінде болады (гликолипидтер, гликопротеиндер). Биомембранада липидтер мен ақуыздар массасының ара қатынасы шамамен бірдей – 1:1, бірақ кейде ол 4:1 ден 1:4 аралығында өзгеріп отырады.Биомембраналардың қалыңдығы липидтер молекулаларының ұзындығына байланысты болады, яғни олардың көмірсу «құйрықтарының» ұзындығы 2 нм-дей, ал қосқабатта ол 4 нм-ге тең.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 1872; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!