Микроорганизмдер ферменттері



Клеткада жүретін процесс яғни қоректену тыныс алу ферменттердің көмегімен іске асады биологиялық катализаторлар ферменттер немесе гензим деп аталады. Ферментті алғаш рет орыс ғалымы Кирх Гоф 19 ғасырдың бас кезінде ашқан. Әсер етуіне қарағанда ферменттер күрделі организмнің катализатор болып есептеледі. Ферменттердің аз мөлшерінің өзі көп затты өзгеріске ұшыратады. Мысалы амилаза ферменттердің 1бөлігі белгілі бір жағдайда 1тонна крахмалды қантқа айналдыра алады. Ферменттер клеткада түзілетін зат бірақ клеткадан тыс жерде де затты ыдырата алады. Ферменттер эндоферменттерге және экзоферменттер деп бөледі.

Экзоферменттер протоплазма структурасымен байланыспаған микроб тіршілігі кезінде қоректік ортаға оңай бөлінеді. Ерігіш бактериологиялық сүзгіштен өтіп кетеді. Негізінде микроорганизмдердің қоректенуіне байланысты олар күрделі органикалық мол заттарды белок крахмал микроорганизмдердің сіңірілуін жеңілдетеді.

Эндоферменттер клетка цитоплазмасымен тығыз байланысты тек клетканың ішінде ғана әрекет ете алады.

1898 жылы Эмидюпло ферменттердің атын оларды катализдейтін заттардың аты мен аз жалғауымен атауды ұсынды. Мысалы лактоза ферментті тек лактоза қантты ыдыратады бірақ кейбір ферменттердің ескі аты сақталады. Мыс асқазан сөлі ферменттің пепсин деп атайды.

Ферменттердің негізгі қасиеттері

1. Жоғарғы температураға төзімсіз. Температураның жоғарлауы инактивацияға ұшыратады. Ал 100ºС-та талқандалады.

2. Ортаның белгілі pH көрсеткішінде ғана әсер етеді.

3. Жоғары спецификалық заттар, яғни белгілі қосылыстарды ғана катализдейді.

4. Реакция соңында өзгермейді, соңғы өнімнің құрамына кірмейді және улы емес.

Организмде кездесетін фермент саны 200-мыңнан асады.Олардың молекулаларында белок кездеседі.

1961 жылы фермментердің ғылыми негізінде құралған жаңа классификациясы жасалған.

осы классификациясы бойынша 6 топқа бөлінеді.

1. Тотығу-тотықсыздану

2. Трансфиразалар

3. Гидралазалар

4. Лиазалар

5. Изомеразалар

6. Лигазалар

1.Тотығу-тотықсыздану - микроо-ң тыныс алу және түрлі ашыту процесіне қатысатын ферменттер. Ашу процесіне тікелей қатысы бар фермент зимаза, олар сутегін тасымалдап, органикалық заттардың тотығуын қамтамасыз етеді.

2.Трансфиразалар -қалдық молекулаларды немесе жекелеген радикалдарын 1 қосылыстан 2-ші қосылысқа тасымалдап катализдейді. Өсімдіктерде кең тараған көмірсулар биосінтізіне қатысады.

3.Гидралазалар- субстраттағы полисахаридтерді, майларды, белоктарды ыдыратуға қатысады, тек сулардың қатысуымен жүреді.

4.Лиазалар- атомдар топтарын ажыратып немесе қосып алу реакциясына қатысып, судың немесе фосфор қышқылының қатысуымен катализдейді, мұнда су, аммиак, көмірқышқыл газы бөлінеді.

5.Изомераза- органикалық заттардың изомерлерінің ыдырауын катализдйді, изомерлік өзгеріске көбінесе көмірсулар амин қыщқылдарын және органикалық қышқылдар ұшырайды.

6.Лигазалар - АТФ энергиясы есебінен жай заттардан күрделі органикалық заттар синтездейтін ферменттер.

Микроорганизмдер ферменттерінің ерекшіліктері.

Микроб клеткаларда фермент мөлшері көп болады. Мысалы, аспергилл саңырауқұлақтарда 50-ге жуық фермент бар, сондықтан бұл микроб тіршілік ортасында бірнеше реакциялардың жүруін жылдамдатады.

Ауыр металдарының тұздары, цианит қосылыстары, формальдегид ферменттер қызметін нашарлатады. Бұл заттарды ингибиторлар деп атайды. Ферменттер суда,спиртте, глицерин, түрлі тұз араласқан ортада ериді.

Микроб ферменттердің басқа органикалық органикалық ферменнтерге ұқсамайтын ерекшілігі бар.

1. Микроорганизмдер ферментерінде жануарлар мен өсімдіктерде фермент бар.

2. Микрооганизмдер ферменттерінің әрекеті ферменттерге қарағанда күшті болады.

3. Олар арзан қоректік ортада бағалы және мол өнім береді, сондықтан оларды өндірісте кеңінен қолданылады.

Мыс, көбінесе нан, сүт, қымыз,көкөніс, жеміс, тоқыма, тері, қағаз және санитарлық салаларда қолданылады


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 39; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!