Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруы 3 страница



Менеджмент әлемінің негізін ұйым құрайды. Ол менеджменттің негізгі құрауыш себепшісі болып табылады. Ұйым –деп, алға қойған мақсаттарға жету үшін адамдар тобының бірлесіп еңбек етуі. Ұйымның екі түрі бар: Ресми ұйымдар - ұйымның мақсатына жету үшін басшылықтың еркімен құрылған адамдар тобы. Жалпы ұйым туралы айтылса, ол ресми ұйымдар тобы. Ресми ұйымдар белгілі бір заңды талаптарға негізделген. Бейресми ұйымдар — әр түрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құралған ұйымдар. Бейресми ұйымдар шағын ғана ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарда болады. Оларда жетекшісі болмасада, олар өте қажет. Олар белгілі бір мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде өзара қатынаста болатын адамдар тобы. Қандай ұйым, кәсіпорын болмасын «өмір сүріп», өзінің мақсатына жету үшін менеджер ең бірінші ішкі ортаның элементтері мен сыртқы ортаның әрекеттеріне көңіл аударуы тиіс. Ұйымның өзі адамдар құрған жүйе болғандықтан, оның ішкі ортасының элементтері қабылданған басқару шешімінің нәтижесі болып табылады, олардың негізгі түрлері мыналар: мақсаты, құрылымы, міндеттері, технология, адамдар. Мақсаты – бұл ұйымның жұмысының соңғы нақты нәтижесі. Ұйым өзінің жұмысжоспарын дайындау алдынданегізгі мақсатын анықтап, оны ұйымның мүшелеріне таныстырады, ұйым мүшелері өз жұмысының нәтижесі не екенін, қандай болатынын білу арқылы соған жетуге талпынып, еңбектенеді. Сонымен бірге ұйымның бөлімдерінің де өз алдына түрлі мақсаттары болады және олар ұйымның негізгі мақсатына жетуге бағытталады. Негізгі мақсатқа жету жолындағы кіші мақсаттарға нарық үлесін, өнімнің жаңа түрін өндіру, өнімнің, қызметтің бұрынғыдан да жоғары сапасын т.б. жатқызуға болады. Құрылымы дегеніміз – еңбекті адамдарға кездейсоқ бөлу арқылы емес,мамандықтарына, салаларына, функцияларына, деңгейлеріне сай бөлу арқылы пайда болады. Ұйым мүшелерінің көздеген мақсатына жету үшін басқару деңгейін қисынды үйлестіру (тікелей және көлденең (көлбеу) еңбек бөлінісі арқылы) ұйымның құрылымын көрсетеді. Міндеттер жеке адамдарға емес, құрылымдағы қызмет орнына жүктеледі. Әрбірқызмет орныныңнегізгі мақсатқа үлес қосу үшін бекітілген арнайы міндеттері болады және ол белгілі бір уақытта, белгілі бір әдіспен орындалуы тиіс. Міндеттердің үш түрі болады: а) ададмдармен жұмыс істеу; ә) заттармен жұмыс істеу (техника, құрал-жабдық, шикізат т.б.; б) мәліметпен жұмыс істеу. Ø Технология дегеніміз – шикізатты түрлендіру жолы, яғни көздеген мақсатқа жету үшін құрал-жабдықтар мен шикізаттың, сол жұмысқа сай білімнің басын біріктіріп жұмысты орындау. Ұйымдағы жұмыстардың қай түрі болмасын жақсы аты мен жаман аты сол ұйымдағы адамдарға қатысты. Сондықтан ұйымның ішкі ортасының ең басты элементінің бірі – адамдар. Ø Адамдардың ұйымдағы іс әрекеті үш түрлі көріністе анықталады: адамның жеке басының ерекшелігі, адамдармен қарым-қатынаста топ арасында өзін көрсетуі, сонымен бірге менеджердің жетекші, лидер ретінде өзін көрсетуі жеке адамға жәнеадамдар тобына ықпалы. Сыртқы орта ұйымға тікелей және жанама әсер етеді. Тікелей әсер ететін факторлар. Ø Жеткізушілер (жабдықтаушылар). Ø Кәсіподақ. Ø Тұтынушылар. Ø Бәсекелестер. Ұйымға жанама әсер етуші факторлар. Ø Сыртқы экономикалық орта – инфляция, баға деңгейі, несие алу, салық саясаты, қаржы жүйесі, еңбек ақы мөлшері, жұмысшылардың білімі, кәсіби шеберлігінің деңгейі т.б. ұйымның жұмысына әсер етеді. Ø Сыртқы технологиялық орта. Ø Сыртқы әлеуметтік-этикалық орта Ø Сыртқы саяси орта. Ø Халықаралық жағдайлар 12. «Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз. Басқарушылық шешім - ұйымның басқару процесінің қорытынды сатысының шоғырланған көрінісі. Мұндай шешім белгілі бір объектіге басқарушылық ықпал жасап, түрлі талаптарға жауап береді. Олардың ең бастылары мыналар: негізделгендігі, тұжырымдаманың анықтығы, нақты жүзеге асырушылығы, өз уақытылындығы, шығындар шамасы мен анықталатын үнемділігі, ресурстар шығынымен салыстырғанда қойылған мақсатқа жету деңгейінің тиімділігі. Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың әр түрлілігін жіктеу, реттеу үшін белгілер бойынша жіктейді. Басқару субъектісі бойынша шешімдерді бөлуге болады: әкімшілік, қоғамдық ұйымдар шешімі, т.б. Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, ол көбінесе басқарудың төменгі буынына тән. Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы шешім ауыл шаруашылығындағы өндірістің ерекшелігін айқындайды. Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады. Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті, жедел деп бөледі. Перспективалық шешімнің орындалуына ұзақ уақыт керек( 3-5 жыл және одан да көп). Күнделікті шешім көбінесе 1-2 жыл аралығында жүзеге асырылады. Жедел шешім қысқа уақыт ішінде жүзеге асырылады( бірнеше апта, күн, ай). Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы және ұжымдық болып бөлінеді. Жекелей шешім – юұл басшының ұжыммен немесе жекелеген адамдармен келісімсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешімдер. Мұндай шешімнің мазмұны мен сипаты басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады. Алқалы шешім- бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай шешімдер, әдетте, мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады. Алқалы шешімде әр түрлі басшылардың жекелей жаупкершілігіне нұқсан келтіретін жайттар болмауы тиіс. Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып қабылданады. Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. 13. Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз Лидерлік – бұл жеке адамдар немесе бір топта адамдарға әсер ету қабілеті және оларды белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс процесі болып табылады. Бихевиорист ғалымдар лидерліктің анықтамасының мағынасын тиімді қолданудың 3 тәсілін атап көрсеткен: 1) жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл; 2) тәртіптілік тәсіл; 3) жағдайлық тәсіл. Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келісілген немесе әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың таңдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталынған. Бұл ойды жетілдіре отырып, былай атап көрсетуге болады: егер адамдар бұл қасиеттерді өз бойларынан таба білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осымен бірге тәжірибелі жетекші (басқарушы) бола алар еді. Бұл ерекшеліктер төмендегідей: 1) интеллект пен білім деңгейі; 2) әсерлі сыртқы келбет (бейне); 3) адалдық; 4) дұрыс бағыттағы ақыл; 5) экономикалық және әлеуметтік білім; 6) өзіне деген сенімділік. Бірақ әр жағдайда әртүрлі қабілеттілік пен қасиет қажет. Тәртіптілік тәсіл – басқарушы стилін жіктеудің негізін немесе тәртіптілік стилін қалады. Бұл тәсілде тиімділік басқарушының жеке қасиетімен емес, оның бағынушыларға деген көзқарасымен, қарым- қатынасымен анықталады. Тәртіптілік тәсіл лидерліктің көздеген мақсатының алға жылжуына үлес қосқанымен, оның кемшілігі де бар. Ал ол кемшілік төмендегідей болжамнан туады, яғни басқарудың жалғыз оптималды стилінің бар екені. Жағдайлық тәсіл. Бұл тәсілді жақтаушылардың айтуы бойынша, лидерліктің оптимальдық стилі жағдайға байланысты өзгеріп отыруында. Енді әр тәсілді тереңірек қарастырайық. Тәртіптілік тәсілдің лидерлік теорияға қосқан үлкен бір үлесінің бірі мынау, яғни бұл тәсіл талдау жасау мен басқару стильдерін жіктеп құрауға көмек көрсетті, дәлірек айтқанда, бұл – басқарушының өзінің қол астындағы бағынушыларымен ара қатынасы. Басқару стилі – бұл басқарушының бағынушыларға деген үйреншікті үлгілі тәртібі, яғни ұйымның өз мақсаиына жетуі үшін әсер етуі мен оларды оятуы. Оның 2 стилі ажыратылады: - Автократикалық басқарушы өзінің айтқанын орындаушыларға істету үшін жеткілікті билікке ие болып, керек кезінде құбылмай осыған жүгінуі немесе сүйенуі керек. - Либералды басқарушы – бағынушыларға өздерінің мақсатын анықтауда және өзінің жеке жұмысын бақылауға толықтай бостандық береді. 14. Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз Лидерлік – бұл жеке адамдар немесе бір топта адамдарға әсер ету қабілеті және оларды белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс процесі болып табылады. Бихевиорист ғалымдар лидерліктің анықтамасының мағынасын тиімді қолданудың 3 тәсілін атап көрсеткен: 1) жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл; 2) тәртіптілік тәсіл; 3) жағдайлық тәсіл. Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келісілген немесе әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың таңдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталынған. Бұл ойды жетілдіре отырып, былай атап көрсетуге болады: егер адамдар бұл қасиеттерді өз бойларынан таба білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осымен бірге тәжірибелі жетекші (басқарушы) бола алар еді. Бұл ерекшеліктер төмендегідей: 1) интеллект пен білім деңгейі; 2) әсерлі сыртқы келбет (бейне); 3) адалдық; 4) дұрыс бағыттағы ақыл; 5) экономикалық және әлеуметтік білім; 6) өзіне деген сенімділік. Бірақ әр жағдайда әртүрлі қабілеттілік пен қасиет қажет. Тәртіптілік тәсіл – басқарушы стилін жіктеудің негізін немесе тәртіптілік стилін қалады. Бұл тәсілде тиімділік басқарушының жеке қасиетімен емес, оның бағынушыларға деген көзқарасымен, қарым- қатынасымен анықталады. Тәртіптілік тәсіл лидерліктің көздеген мақсатының алға жылжуына үлес қосқанымен, оның кемшілігі де бар. Ал ол кемшілік төмендегідей болжамнан туады, яғни басқарудың жалғыз оптималды стилінің бар екені. Жағдайлық тәсіл. Бұл тәсілді жақтаушылардың айтуы бойынша, лидерліктің оптимальдық стилі жағдайға байланысты өзгеріп отыруында. Енді әр тәсілді тереңірек қарастырайық. Тәртіптілік тәсілдің лидерлік теорияға қосқан үлкен бір үлесінің бірі мынау, яғни бұл тәсіл талдау жасау мен басқару стильдерін жіктеп құрауға көмек көрсетті, дәлірек айтқанда, бұл – басқарушының өзінің қол астындағы бағынушыларымен ара қатынасы. Басқару стилі – бұл басқарушының бағынушыларға деген үйреншікті үлгілі тәртібі, яғни ұйымның өз мақсаиына жетуі үшін әсер етуі мен оларды оятуы. Оның 2 стилі ажыратылады: - Автократикалық басқарушы өзінің айтқанын орындаушыларға істету үшін жеткілікті билікке ие болып, керек кезінде құбылмай осыған жүгінуі немесе сүйенуі керек. - Либералды басқарушы – бағынушыларға өздерінің мақсатын анықтауда және өзінің жеке жұмысын бақылауға толықтай бостандық береді. 15. Формальды ұйым түсінігінің мәнін ашып, формальды ұйымдардың түрлеріне анықтама беріңіз Ұйым дегеніміз саналы түрде барлығы бірігіп, бір мақсатты көздеген адамдар тобы. Ұйым болу үшін белгілі бір талаптар орындалуы қажет: - ұйым болу үшін өздерін сол топтың бір бөлігі деп есептейтін кем дегенде екі адам болуы керек; - көздеген бір мақсаты болуы керек; - мақсатқа жету үшін бірігіп, жұмыс істейтін мүшелері болу керек. Міне, осы аталған талаптар орындалған жағдайда ұйым пайда болып, құрылады. Ұйымдар ресми және бейресми болып екіге бөлінеді. Мемлекетке заң бойынша тіркелген, өзінің дербес есеп шоты (банкте), мөрі бар ұйымдар ресми ұйымдар болып саналады (мысалы, АҚ, шаруа қожалықтары, биржалар, өндірістік кооперативтер т.б.). Ресми ұйымдардың Жарғысы, сол жарғыға байланысты өз ережелері мен принциптері болады, статистикалық салық мекемелерінде тіркеліп, есеп беріп отырады. Ал бейресми ұйымдар ешқайда заңмен тіркелмеген, мөрі, есепшоты жоқ, өздігінен пайда болып, кейіннен жойылып кетуі мүмкін. Бейресми ұйымның да жетекшісі болады, бірақ оны арнайы ешкім сайламайды. Бейресми ұйымның жетекшісі өзінің адамдарды баурап алатын қасиетімен, ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен, сөйлеу шеберлігімен ададмдарды өзіне тартып, басқалар соның айтқанын орындап, тек соны ғана тыңдайды. Бейресми ұйымдар әртүрлі бағытта болады – кейбіреуі қоғамға пайдалы, екінші біреуі зиян келтірушілер тобын құрайды. Сондықтан менеджер өз ұйымында бейресми топ бар ма, егер болса, ол топтың іс-әрекеті қандай бағытта екенін анықтауы тиіс. Мысалы республикамызда тұтыну тауарлары саудасымен айналысатын жеке саудагерлер (оларда бірнеше адамдар тобын құрайды: біреулері шетелге қатынап тауар әкелсе, екінші біреулері сатумен айналысады) нарықтың дамуына ықпал етеді, егер сондайлар наркобизнеспен шұғылданса, тек зиян келтірушілер болып саналады. Ұйымның ішінде ресми топ пайда болған жағдайда оның мүшелері ұйымның басшысын емес, өз бейресми тобының басшысын жақынырақ санап, соның айтқанын тыңдауы жиі кездеседі. Сондықтан ұйымның басшысы бейресми топтардың іс-әрекетін қадағалап, олардың ұйымға қандай ықпалы бар екеніне көңіл аударуы тиіс. Ресми басшы бейресми топтың басшысын анықтап, онымен тіл табыса алса, ол топ мүшелеріне айтқанын орындата алады, яғни бейресми ұйымға оның басшысы арқылы ықпал ету қажет. Ресми топ (құрылым) басшының өз еркімен құрылады. Бейресми топтардың (құрылымдардың) пайда болуы басшының бұйрығымен құрылмайды. Мұндай бейресми топтармен басшының санасуына тура келеді. 16. Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 645; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!