Восстановление жизненно важных функций – симптоматические и патогенетические средства 10 страница



2.Дәрілік заттардың қасиеттері жөніндегі мәліметтердің негізінде оларды қолдану мүмкіндіктерін зерделеу.

3.Витаминдік және коферменттік препараттарды  қолдануға негізгі көрсетулерді, қарсы көрсетулерін, жағымсыз әсерлерін зерделеу, олардың дамуын алдын алу.

4.Осы топтың негізгі препараттарына әртүрлі дәрілік қалыпта рецепт жаза білуге үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Витаминдердің және витамин тектес қосылыстардың жіктелуі.

2.Суда еритін витаминдердің қолданылуы, олардың коферменттері, жанама әсерлері.

3.В тобына жататын витаминдердің зат алмасу үрдісінде алатын орны, олардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері, препараттардың салыстырмалы сипаттамалары.

4.Аскорбин қышқылы, негізгі фармакологиялық әсерлері.

5.Коферментік препараттардың әсер ету ерекшеліктері жанама әсерлері.

6.Майда еритін витаминдер, қолданылуы, олардың жанама әсерлерінің даму мүмкіндіктері.

7.Ретинол, фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері, қолданылуы, жанама әсерлері, гипервитаминоздың даму мүмкіндіктері.

8.Д тобының витаминдері, олардың фосфор және кальций алмасуына әсерлері, қолданылуы, жанама әсерлері, гипервитаминоздың даму мүмкіндіктері.

9.Токоферолдар, олардың биологиялық маңызы, препараттардың фармакодинамикасы, антиоксиданттық қасиеттері.

10. К витаминінің препараттары, фармакодинамикасы, қан ұюына әсерлері.

11. Филлохинононың синтетикалық орын басушылары – викасол, оның әсерлерінің ерекшеліктері.

12. Витаминтәріздес қосылыстар (кофакторлар), карнитин, орот және липой қышқылдарының фармакодинамикасы, қолдануға көрсетулері.

13. Биофлавоноидтар, алыну көздері, негізгі фармакологиялық әсерлері.

14. Антивитаминдердің жіктелуі және қолданылуы.

15. Витаминдік жетіспеушілік, олардың даму себептері.

16. Гипервитаминоз жөнінде түсінік. Витаминдік препараттармен улану.

 

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: талқыланып отырған тақырыптың көкейтесті мәселелерін ауызша сұрау, тесттік тапсырманы орындау, жағдайлық есепті шешу, рецепттерді талдап жазу, шағын топтармен жұмыс жүргізу, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, қортытындылау, рецепттерді талдап жазу, бірреттік дозасын есептеу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – 607 б.

2.Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. С. 435-463

3.Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. С. 415-461

4.Фармакология / под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. С. 392-417

5.Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. С.127-132

6.Руководство к лабораторным занятиям Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.С. 287-310

 

Қосымша:

1.Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 с.

2.Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3.Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ Кукес В.Г. и проф. Стародубцев А.К.- М.: Издательский дом ГЭОТАР – МЕД., 2004. – 631с.

4.Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.

5.Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. с.

6.Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.

7.Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. с.

8.Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. с.

9.Кафедрада оқылатын дәрістер.

Бағдарламалық препараттар

Тиамин бромиді, кокарбоксилаза, рибофлавин, кальций пантотенаты, никотин қышқылы, пиридоксин гидрохлориді, пиридоксальфосфат, цианокобаламин, фоль қышқылы, кальций пангаматы, аскорбин қышқылы, рутин, аскорутин, ретинол ацетаты, эргокальциферол, токоферол ацетаты, викасол, фитоменадион.

Есте сақтауға арналған препараттар

Тиамин бромиді, пипридоксин гидрохлориді, никотин қышқылы, аскорбин қышқылы, эргокальциферол, токоферол ацетаты.

7. Бақылау

1.Сабақтың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2.Негізгі витаминдік және коферменттік препарттарға рецепт жау, талдау, бірретттік дозасын есептеу.

3.Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетулерін, жанама әсерлерін көрсету.

4.Тесттік тапсырманы орындау.

 Тесттік тапсырмалар:

Тест №1

Жетіспеушілігі ацетилхолин синтезінің тежелуіне әкелетін витамин

1.Никотин қышқылы  

2.Рибофлавин

3.Эргокальциферол 

4.Тиамин 

5.Пантотен қышқылы

Тест №2

Никотин қышқылының жетіспеушілігінде дамиды

1.Пеллагра

2.Құрқұлақ (цинга)

3.Бери-бери

4.Макроцитарлы анемия

5.Гемералопия

Тест №3

А витаминінің препаратына жатады

1.Ретинол ацетаты

2.Тиамин бромиді 

3.Токоферол ацетаты

4.Кальций пантотенаты

5.Эргокальциферол

Тест №4

Қан тамырларының өткізгіштігін төмендететін витамин

1.Ретинол 

2.Викасол 

3.Рибофлавин 

4.Рутин

5.Эргокальциферол

Тест №5

Майда еритін витаминдік препарат

1.Аскорбин қышқылы

2.Кальций пангаматы

3.Токоферол ацетаты

4.Рутин

5.Рибофлавин

 

Тест №6

Пернициозды анемияда қолданылатын витаминдік препарат

1.Цианокобаламин   

2.Рибофлавин   

3.Аскорбин қышқылы 

4.Никотин қышқылы

5.Рутин

Тест №7

Токоферолға тән әсер

1.Бедеулікке қарсы 

2.Анемияға қарсы  

3.Антиксерофталмиялық 

4.Антигеморрагиялық

5.Рахитқа қарсы

Тест №8

Д витаминінің препаратына жатады

1.Ретинол ацетаты            

2.Токоферол ацетаты              

3.Эргокальциферол

4.Никотин қышқылы

5.Пиридоксальфосфат

Тест №9

Бет жүйкесінің невралгиясында қолданылатын витаминдік препарат

1.Тиамин бромиді     

2.Эргокальциферол        

3.Рибофлавин

4.Ретинол            

5.Рутин         

Тест №10

Фоль қышқылы емдеу үшін қолданылады

1.Гипохромды анемияны

2.Гемералопияны

3.Рахитты

4.Макроцитарлы анемияны

5.Атеросклерозды

№18 сабақ

1.Тақырыбы «Гемостаз үрдістерін реттейтін заттар»

2. Мақсаты: белгілі патологиялық жағдайларда препараттар таңдауын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде стоматология практикасында да, гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, рецепт жазуды білу.

3. Оқыту міндеттері:

1.Гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың жіктелуімен танысу.

2.Гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқу.

3.Клиникалық практикада, соның ішінде стоматолог дәрігердің тәжірибесінде гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін оқу.

4.Гемостаз үрдістерін реттейтін негізгі заттардың рецептте жазылуын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді санауды үйрену, соның ішінде стоматологияда.

5.Препараттың жеке ерекшеліктерін және қасиеттерін ескере отырып, гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу режимінің принциптерін оқып білу.

6.Гемостаз үрдістерін реттейтін заттардың комбинирлеу мүмкіншіліктерін оқып білу.

7.Жанама әсерлерін және оларды алдын алу жолдарын оқып білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Гемостаз үрдістерін реттейтін заттар. Гемостаз үрдісі, тромбоциттер агрегациясы, қанның ұюы және оныңемостаз үрдісі, тромбоциттер агрегациясы, қанның ұюы және оның фибринолитикалық жүйе процесстерімен байланысы туралы жалпы түсініктер.

2.Гемостатикалық заттар. Агреганттар. Кальций препараттарының, серотонинергиялық заттардың және этамзилаттың тромбоциттер агрегациясына әсері.

3.Коагулянттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Жергілікті және резорбтивті коагулянттардың әсер ету ерекшеліктері. Қолдануға көрсеткіштері, мүмкін болатын жанама әсерлер.

4.Фибринолиз ингибиторлары. Жалпы сипаттамасы.

5.Тромбқа қарсы заттар. Антиагрегантар. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

6.Антикоагулянттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Қолданылуы. Мүмкін болатын жанама әсерлер.

7. Фибринолитикалық заттар. Жіктелуі, фибринолитикалық белсенділіктің механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Тіндік профибринолизиннің активаторы (алтеплаза). Фибринолитикалық заттардың қолдануға көрсеткіштері. Жанама әсерлер.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді және сызбаларды сараптау, қорытынды жасау, рецепттерді жазу және талдау, бір реттік мөлшерін есептеу.

6. Әдебиеттер

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое-М.:Медицина ГЭОТАР, 2008.- Б. 245-252.

3.Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое-М.:Медицина ГЭОТАР, 2005.- Б. 241-247.

4.Руководство к лабораторным занятиям/ Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. Б.156-159, 162.

Қосымша:

1.Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.

2.Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е  издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3.В.Р. Вебер, Б.Т. Мороз. Клиническая фармакология для стоматологов.-С-П.:2003.-б.351

4.Клиническая фармакология./Под ред. В.Г. Кукеса.–ГЭОТАР.: Медицина, 2004- 517 б.

5.Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

6.Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.

7.Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000-740 б.

8.Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стоматологического факультета. –М., 1999 ж.

9.Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. б.

10. Комендантова М.В., Зорян Е.В. Фармакология. Учебное пособие.-М.: 1988 ж. 206 .

Бағдарламалық препараттар: кальций хлориді, кальций глюконаты, адроксон, серотонин адипинаты, дипиридамол, викасол, тромбин, фибриноген, гемостатикалық жөке, аминокапрон қышқылы, контрикал, ацетилсалицил қышқылы, дипиридамол, тиклопидин, пентоксифиллин, эпопростенол, абциксимаб, клопидогрель, гепарин, фраксипарин, неодикумарин, фенилин, фепромарон, лепирудин, варфарин, фибринолизин, стрептокиназа, стрептодеказа, урокиназа, алтеплаза

Рецепт жазуға арналған препараттар: кальций хлориді, викасол, ацетилсалицил қышқылы, пентоксифиллин, гепарин, варфарин

 Бақылау:

1.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2.Негізгі холинергиялық заттарды рецептте жазу және талдау. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсеткіштерін, жанама әсерлерін көрсету.

3.Тапсырмаларды тесттік түрде орындау.

4.Тақырыптың сұрақтарына жауап беру.

5.Бақылау сұрақтарына жауап беру:

6.Антикоагулянттардың негізгі фармакологиялық әсерлері

7.Антикоагулянттардың әсер ету механизмі

8.Антикоагулянттардың негізгі жанама әсерлері. Антагонисттер.

9.Фибринолитиктердің негізгі фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы. Антагонисттер.

10. Гипо- және гиперхромды анемияда қолданылатын заттар.

Тест сұрақтары

Тест №1

Жергілікті әсер ететін коагулянт:

1.Гепарин

2.Тромбин

3.Фибриноген

4.Стрептокиназа

5.Аминокапрон қышқылы

Тест №2

Гепариннің антагонисті:

1.Протамин сульфат

2.Викасол

3.Ацетилсалицил қышқылы

4.Аминокапрон қышқылы

5.Тромбин

Тест №3

Викасол-

1.Кальций иондарын байланыстырады

2.Тромбиннің белсенділігін төмендетеді

3.Протромбиннің тромбинге ауысуын тежейді

4.Бауырда протромбиннің синтезін ынталандырады

5.Протеолитикалық ферменттерді тежейді

Тест №4

Сәйкестікті табыңыз:

Препарат:

1.Тромбин

2.Ацетилсалицил қышқылы

3.Стрептодеказа

Қолданылуы:

А.Тромбты еріту үшін

Б.Тромбозды алдын алу үшін

В.Қан ағуды жергілікті тоқтату үшін

Тест №5

Неодикумариннің антагонисті:

1.Ацетилсалицил қышқылы

2.Аминокапрон қышқылы

3.Викасол

4.Пентоксифиллин

5.Гепарин

Тест №6

Бауырда протромбин синтезін ынталандыратын препарат:

1.Гепарин

2.Ацетилсалицил қышқылы

3.Неодикумарин

4.Викасол

5.Аминокапрон қышқылы

Тест №7

Фибринолитикалық заттарды қолданады:

1.Фенилинді артық қолданғанда

2.Жаңа тромбтарды еріту үшін

3.Тромб түзілуін алдын алу үшін

4.Қан ағуды тоқтату үшін

5.Гепаринді артық қолданғанда

Тест №8

Аминокапрон қышқылы:

1.Тікелей әсер ететін антикоагулянт

2.Антиагрегант

3.Фибринолиз ингибиторы

4.Тікелей емес әсер ететін антикоагулянт

5.Коагулянт

Тест №9

Тромбоксан А2 синтезін тежейді:

1.Тромбин

2.Викасол

3.Неодикумарин

4.Ацетилсалицил қышқылы

5.Аминокапрон қышқылы

Тест №10

Препаратты анықтау: антикоагулянт, әсері тез басталады және 3-6 сағатқа созылады, кумуляцияланбайды.

1.Фенилин

2.Гепарин

3.Неодикумарин

4.Варфарин

5.Фепромарон

Ескерту: жауаптар эталоны оқытушының қолында.

 

№19 сабақ

Тақырыбы: « Гормондық препараттар, олардың алмастырушылары мен синтетикалық аналогтары ²

2. Сабақтың мақсаты. студенттерді гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерінің фармакокинетикасын және фармакодинамикасын білуге, әртүрлі патологиялық жағдайларда, соның ішінде стоматологиялық практикада қолдануды дұрыс таңдай білуге оқыту, рецепттерді дұрыс жазуға үйрету.

3. Оқытудың міндеттері.

1.Гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарының, антагонистерінің фармакокинетикасын және фармакодинамикасын зерделеу.

2.Дәрілік заттардың қасиеттері жөніндегі мәліметтердің негізінде оларды қолдану мүмкіндіктерін зерделеу.

3.Гормондық препараттар мен олардың синтетикалық аналогтарын, антагонистерін қолдануға негізгі көрсетулерді, қарсы көрсетулерін, жағымсыз әсерлерін зерделеу, олардың дамуын алдын алу.

4.Осы топтың негізгі препараттарына әртүрлі дәрілік қалыпта рецепт жаза білуге үйрену.


Дата добавления: 2021-04-23; просмотров: 71; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!