Е) Жедел обструктивті бронхит 54 страница



A) желікпе синдромы, қос полярлық бұзылыс аясында

B) желікпе синдромы, шизофрениялық бұзылыс аясында

C) желікпе синдромы, органикалық бұзылыс аясында

D) желікпе синдромы, невротикалық бұзылыс аясында

E) желікпе синдромы, психосоматикалық бұзылыс аясында

{Дұрыс жауап}= А

$$$068

Науқас Л., 35 жаста. Әңгімелесу уақытында: «Өзімнің өмірім үшін ұдайы қорқыныш сезімі жағдайында жүремін. Бір жағынан, өзіме ештеңе болмайтынын жақсы түсінемін, соған қарамастан өзімнің әрбір әрекетім менің денсаулығыма теріс әсер етуі мүмкін екендігінен қорқамын. Көшеде келе жатқанда, еріксіз қандай да бір заттарды, мейлі ол бағана, үй, машина болсын санай бастаймын. Дұрыс санағандай болсам, біраз уақытқа көңілім жайланады. Егер қандай да бір себеппен есебімнен жаңылсам, алдымда сәтсіздік күтіп тұр деген қорқыныш пайда болады. Әсіресе жұмыста қиын. Бір тапсырманы орындап болған соң, барлығын дұрыс жасадым ба деп күмәндана бастаймын. Егер бір нәрсе сапалы жасалмаса, бірден әлсіздік, жүрек қағу, діріл пайда болады. Ештеңе өзгерте алмайтынымды, жасай алмайтынымды және істің немен аяқталатынын күтуден басқа амал жоқ екенін сеземін. Ұдайы екі жақты жағдайда жүремін: жұмыс істеу керек, отбасымды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету керек екенін білемін, бірақ өзімнің денсаулығым үшін адам төзгісіз қорқыныш сезімі кесірінен іске кірісе алмаймын» - дейді. Болжамды диагноз?

A) Неврастениялық невроз

B) Ығыр қылатын жағдайлар неврозы

C) Истерикалық невроз

D) Кардионевроз

E) Логоневроз

{Дұрыс жауап}= В

$$$069

Науқас П, 48 жаста. Екінші қайтара түсіп отыр. Ауруханаға түскерден бірнеше күн бұрын тұйық күйге түсіп, оқшаулана бастаған. Біркелкі сұрақтар қоя берді «Ары қарай не болады?». Сонымен бірге әйелінен көз алмады. Госпитализация алдындағы түнінде ұйықтап жатқан әйелін шанышқымен жарақаттамақ болған. Дәрігермен әңгіме кезінде «Көрші үйден арнайы хабарлағыш көмегімен жасыл радиотолқындар сәуле шашады» дегенді айтқан. Әйелдердің, ерлердің балалардың дауыстарын естиді. Дауыстар мазмұнынан, олардың тыңшылар тобы екенін түсінген. Дауыстар адамдарды өлтіру, үйлерді өртеу қажеттігін айтады. Өзінің әйелінің де осы ұйымға кіргенін естіген. Дауыстар бұйрығы бойынша әйелі оның тамағына, сүтіне у қосып берді деп есептейді. Әйеліне шабуыл жасауын «қылмыскерлер бандасын» құрту деген тілегім деп түсіндіреді. Болжамды диагноз? 

A) Шизофренияның кататоникалық түрі

B) Шизофренияның қарапайым түрі

C) Шизофренияның гебефрениялық түрі

D) Шизофренияның параноидальды түрі

E) Шизофренияның фебрильді түрі

{Дұрыс жауап}= D

$$$070

46 жастағы тексерілуші, бала күнінен мінезі тыныш және байсалды. 8-ші сыныптан соң құрылыс техникумына түскен, ол жерде бірге оқитын курстасының ықпалымен стипендия алғаннан кейін 200-250 мл шарап іше бастаған. Кей кезде осыдан соң құсу байқалған. Ішімдік ішуден рахат сезінбесе де, жолдастары тарапынан мінеушіліктен қорқып бас тарта алмаған. Техникумды аяқтағаннан соң әскерге шақыртылған, ол жерде мүмкіндік болса ішімдік ішіп отырған. Демобилизациядан соң құрылыста жұмыс істеген және айына 3-4 рет 200-300 мл арақ немесе 400-500 мл шарап ішіп отырған. Ішімдіктен соң құсу тоқтаған. 25 жасында үйленген және одан кейін бірнеше ай ішімдіктен бас тартқан. Соңынан бұрынғыдай қайта іше бастаған. Кей күндері кеше кешкісін не болғанын есіне түсіре алмаған кездері болған. Ішімдіктен бойын аулақ салуға тырысқан, әйеліне уәде де берген, бірақ бір стакан ішкеннен соң, тоқтай алмайтын болған. Күніне 500-600 мл арақ немесе 1 л шарапқа дейін ішетін болған. Мас күйінде дөрекі, ашушаң, жанжалдасқыш бола бастаған, осыған байланысты отбасылық қарым-қатынас бұзыла бастаған, жұмысында ескертулер алған. Отбасылық жанжалдардан кейін ішімдіктен тартынып көрген, бірақ онысы 1-1,5 айға ғана жеткен. Ондай кезеңдерде өзінжақсы сезінбеген. Таңертеңнен басы ауырып, жұмысқа ұзақ бейімделе алмаған. Кешке қарай қыдырып сергитін және көпке дейін ұйықтай алмайтын, ерте оянатын. Жетекші синдромды көрсете отырып клиникалық диагнозын негіздеңіз:

A) алкоголизмнің 1-ші сатысы, толеранттылықтың үдеу синдромы

B) алкоголизмнің 1-ші сатысы, тұлғаның моральдық-адамгершілік төмендеу синдромы

C) алкоголизмнің 1-ші сатысы, мөлшер бақылауды жоғалту синдромы

D) алкоголизмнің 1-ші сатысы, қорғаныш құсу рефлексін жоғалту синдромы

E) алкоголизмнің 1-ші сатысы, масаю түрінің өзгеруі синдромы

{Дұрыс жауап}= А

$$$071

54 жастағы ер адам бас ауруы, қайта-қайта құсу және күндіз дене жүктемесі кезінде кенеттен пайда болған сол жақ аяқ-қолдарындағы әлсіздікке байланысты стационарға түскен. Соңғы бес жыл бойына АҚ-ң 160/100 мм сын. бағ. дүркін-дүркін көтерілуі байқалған, әдетте АҚ – 150/90 мм сын. бағ. қарап тексерген уақытта: санасында, АҚ – 170/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы минутына 60, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статус:мойын бұлшық еттерінің ебедейсіздігі, екі жағынан Керниг симптомы, сол жағынан төменгі бөлігінің мимикалық бұлшық еттерінің шала салдануы, шығарған кезде тілінің солға девиациясы, сол жақ қолында күштің 2 баллға дейін төмендеуі, сол жақ аяғында 4 баллға дейін, сіңір рефлекстерінің жандануы және сол жағынан Бабинский симптомы. ЭхоКГ-да орталық құрылымдардың оңнан солға 4 мм-ге ығысуы. КТ – оң жақ маңдай бөлігінде перифокальды ісік және оң бүйірлік қарыншаның алдыңғы ебейінің компрессиясымен 46х45х44 мм гиперденсивті ошақ, субарахноидальды қан құйылу белгілері. Емі және негіздеме:

A) қан кетуді тоқтату мақсатында аминокапронды қышқыл

B) вазоспазмды болдырмау мақсатында аминокапронды қышқыл мен нимодипин

C) ми ісігінің өсу қаупін және дислокациялық синдром ды ескере отырып аминокапронды қышқыл, нимодипин, кідіртпей оперативті араласушылық жүргізу

D) гематоманы алып тастаумен тікелей араласушылық, бірінші тәулікте нимодипин, нейропротекторлар және антиоксиданттар

E) еіснің сақталуы мен сол аяғының жартылай салдануын ескере отырып, опреациялық араласушылықты гематоманың өздігінен пайда болатын лизисіне дейін 5-7 тәулік қоя тұру керек, аминокапронды қышқыл, нимодипин, нейропротекторлар мен антиоксиданттарды енгізуді жалғастыру

{Дұрыс жауап}=D

ФТИЗИАТРИЯ

$$$001

Туберкулезге қарсы қолданатын препараттарға туберкулез микобактериясының резистенттілігінің қалыптасуы немен байланысты:

А) адамның іс әрекетіне байланысты табиғатқа әртүрлі заттарды шашу

В) туберкулез микобактериясының генетикалық мутацияға табиғы қабілеттілігі

С) бейадекватты ем, соның ішінде антибактериальды препараттарды үзіп қабылдау

D) туберкулезге қарсы қолданатын бір препараты ұзақ емделу

Е) химиопрофилактика

{Дұрыс жауап}= C

$$$002

Қандай аспапты зерттеулерді қолдану арқылы пациентте «Оң жоғарғы бөліктің бронх туберкулезі» деген асқыну анықталған:

А) бронхография

В) бронхоскопия

С) аускультация

D) томография

Е) трансторакальды пункция

{Дұрыс жауап}= B

$$$003

Қосымша қандай зерттеулердің көмегімен науқастан зақымдалған учаскеде өкпе тінінің ыдырауы анықталды:

А) Бронхоскопия

В) Перкуссия

С) Бронхография

D) Томография

Е) Биопсия

{Дұрыс жауап}= D

$$$004

Дәрігерге қаралу арқылы 32 жастағы М. деген пациенттен жаңа анықталған туберкулез бактерия бөлумен анықталған. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерге ауруханалық емге жатқызылды. Осы жағдайға байланысты қандай құжаттарды міндетті түрде санэпидстанцияға және туберкулезге қарсы күрес жүргізу службасына толтырылып жіберіледі:

А) ТБ 01 науқастың амбулаториялық картасы

В) 089 және 058 шұғыл хабарлама

С) 016 амбулаториялық картасы

D) 093 шабарман қағазы

Е) тұрмыс жағдайын жақсарту анықтамасы

{Дұрыс жауап}= B

$$$005

Соңғы айларда 27 жастағы И. деген науқас әйел  дене температурасының  38о дейін  көтерілуін, ентігуін, тез шаршауын, еңбекке қабілетінің төмендуін, тәбеттінің төмендеуін, жөтелуін байқайды.  Сол өкпеде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: - сол өкпенің жоғарғы бөлігінде күшейген өкпе суретінің  фонында бояу әлсіз қанықтағы ошақты көлеңкелер, түбірде кальцинаттар  көрінеді. Қақырықтан ТМБ-сы а нықталмады. Қан анализінде лейкоциттер-10,8 х 109 және ЭШЖ - 32 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозды таңдаңыз:

А) Милиарлы туберкулез

В) Мол өкпенің жоғарғы бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы

С) Мсол өкпенің жоғарғы бөлігінің  инфильтратты туберкулезі

D) Карциноматоз

Е) Өкпенің ошақты туберкулезі

{Дұрыс жауап}= B

$$$006

Оң өкпенің бірінші сегментінде орналасқан инфильтратты туберкулез, ТМБ (+) алғаш рет 25 жастағы К. деген науқаста анықталған, ол науқас 2 ай бойы қарқынды фазасын 4 АБП-мен ауруханада емделді және жалғастырушы фазасының  4 ай жүргізілді. Бактерия бөлуі тоқталды.

Рентгенограммада –оң өкпенің 1-сегментінде  шеті анық диаметрі 3 х3 см дейін біртекті/гомогенд фокусты і көлеңке көрінеді. Сіздің таңдаған болжама диагнозыңыз:

А) Домалақ  инфильтрат

В) Толған киста

С) Шеткі қатерлі ісік

D) Эхинококк

Е) Туберкулома

{Дұрыс жауап}=E

$$$007

Науқас А, 25 жаста. Диагнозы: оң өкпе 2 сегментінің туберкулемасы, ТМБ (-). І категория бойынша 6 ай емделді. ТМБ –анықталмады. Туберкуломаның диаметрі 6 см. Наркоманиямен ауырады. Келесі емдеу тактикасын таңдаңыз.

А) Антибактериальды терапияны жалғастыру

В) Үнемді резекция

С) Эндотрахеальды дәрі құю

D) Жасанды пневмоторакс

Е) Пневмоперитонеум
{Дұрыс жауап}= B

$$$008

36 жастағы С. деген науқаста кешке қарай дене қызуы 37,7оС дейін көтеріледі. Қақырықты жөтелге, оң жақ кеуде қуысының ауырсынуына, әлсіздікке, дімкәстік-ке, арықтауына шағымданады. Осы шағымдар бойынша терапевтке қаралады. Дұрыс тексеру әдісін таңдаңыз:

А) бронхография

В) электрокардиография

С) ТМБ-на қақырықты зерттеу

D) спирография
Е) торакоскопия
{Дұрыс жауап}= C

$$$009

55 жастағы О. деген науқас азапты жөтелге, қан түкіруге, әлсіздіктің күшеюіне шағымданады. Соңғы айларда 6-7 кг арықтағанын айтады. Диагноз қою үшін қажетті зерттеу әдісін таңдау керек:

А) спирография

В) бронхография

С) рентгенография

D) электрокардиография
Е) УДЗ/УЗИ
{Дұрыс жауап}= C

$$$010

35 жастағы Қ. деген науқас әйел  кеуде қуысының ауыру сезіміне, әлсіздікке, жө-телге шағымданады. Қақырықта қан жолағы бар. 5 күндей дене қызуы субфеб-рильды болды. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Қақырықта ТМБ анық-талмаған. Лейкограммада: лейкоциттер – 9,5 х 109, эозинофильдер – 7 %, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің 2-ші сегментінде диаметрі 4 см-ге дейін, шеті салыстырмалы анықтықтағы, бояу қаңықтығы әлсіз гомогенді күңгіртену көлеңкесі көрінеді. Сіздің болжама диагнозыңыз:

А) жоғары бөліктік пневмония

В) өкпенің инфильтратты туберкулез

С) ракты пневмония

D) эозинофильды инфильтрат

Е) абсцестелген пневмония
{Дұрыс жауап}= B

$$$011

Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің бірінші рет анықталған инфильтратты туберку-лезінің ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен 1 категория бойынша толық тера-пиялық курсын 50 жастағы Е. деген науқас былтырғы жылы алған.Терапевтік нәтижеге жеткен, бактерия бөлу  тоқтаған, бірақ ыдыраған жерде каверна түзілген. Рентгенограммаға қараңыз:

Сіздің  таңдаған мүмкін болатын диагноз:
А) Инфильтратты туберкулез ыдырау фазасы
В) Абсцестерленген пневмония

С) Туберкуломаның ыдырауы

D) Өкпенң кавернозды туберкулезі

Е) Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

{Дұрыс жауап}= D

$$$012

Науқас Б. 35 жаста, 2 апта бұрын жедел ауырған дене қызуының 39о дейін көтерілген, жөтел пайда болған. Пневмония диагнозы қойылған. Бейспецификалық ем жүргізілген. Жағдайы аздап жақсарған, бірақ тәулік бойынша қақы-рықтың көлемі 300 мл дейін жоғарлаған, жағымсыз иісі бар. Объективті: науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Перкуторлы: сол жақ жауырын аралығындағы кеңістікте өкпелік дыбыс қысқарған және осы жерде әртүрлі ылғалды сырылдар естіледі. Лейкограммада: лейкоцитоз – 20 х 109, ЭТЖ – 55 мм/сағ.

Қақырықта ТБ анықталмаған. Рентгенограммада – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде күнгірттену көлеңке тұсында көлденең деңгейдегі сұйықтық сақинатәріздес қуыста көрінеді. Сіздің таңдаған болжама  диагнозыңыз:
А) Өкпенің инфильтратты туберкулезі

В) Бронхоэктатикалық ауру

С) Абсцестелген пневмония
D) Метастазды ісік
Е) Инфаркты пневмония

{Дұрыс жауап}= C

$$$013

Өкпенің инфильтратты туберкулезінің ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен 50 жастағы науқас Р. қарқынды және жалғастырушы фазасының емін 8 ай қабылдаған. Ыдырау қуысы жабылған және бактерия бөлу тоқталған. Науқасты эпидемиологиялық есебінің бақылауынан қашан шығару болады?

А) бірден бактерия бөлу тоқтағаннан кейін

В) ТМБ тапсырғанда үш рет теріс нәтиже бергенде
С) Бактерия бөлу  тоқтағаннан кейін 6 айдан соң

D) Бактерия бөлу тоқтағаннан  кейін 1 жылдан соң

Е) Бактерия бөлу тоқтағаннан  кейін 2 жылдан соң

{Дұрыс жауап}= D

$$$014

27 жастағы В. деген науқас қан түкіруге, шырышты іріңді қақырықты жөтелге, жалпы әлсіздікке шағымданып дәрігерге қаралып тексерілген. Тексерілген кейін одан  өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагноз анықталған. Оған емнің категориясын  және типін таңдаңыз:

А) негізгі дәрілермен 1 категория бойынша емдеу, жаңадан анықталған туберкулез
В) негізгі дәрілермен 2 категория бойынша емдеу, рецидив

С) негізгі дәрілермен 3 категория бойынша емдеу, жаңадан анықталған туберкулез

D) негізгі дәрілермен 4 категория бойынша емдеу, рецидив
Е) резерв тобындағы дәрілермен емдеу, сәтсіз ем
{Дұрыс жауап}= A

$$$015

52 жастағы Ж. деген науқас өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+деген диагнозбен 1 категория бойынша 2 ай ем қабылданған. Туберкулездің улану симптомдары жойылған. Бактерия бөлу тоқталмаған. Сіздің әрі қарай емдік тактикаңыз:


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 90; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!