Е) Жедел обструктивті бронхит 46 страница



Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?

А) Дексаметазон

В) Цефтриаксон

С) Ацикловир

D) Иммуноглобуллин

Е) Вакцина

{Дұрыс жауап}=D

$$$0062

21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Зәрдің түсі ауырғаннан 3 күннен соң қоңырлаңған, 4 күннен соң денесі сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ.

Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында.

ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%.

Келтірілген биохимиялық анализдің қайсысы бұл ауруға анағұрлым сәйкес?

 A) Билирубин жалпы– 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 2,1 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л

B) Билирубин жалпы – 235 мкмоль/л; тікелей – 198 мкмоль/л; АлАТ – 0,46 мккат/л; сілтілі фосфатаза 6,3 мккат/л

C) Билирубин жалпы – 20,0 мкмоль/л; тікелей – 3,0 мкмоль/л; ; АлАТ – 0,40 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,2 мккат/л

D) Билирубин жалпы – 67 мкмоль/л; тікелей –7 мкмоль/л; АлАТ – 0,42 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л

E) Билирубин жалпы – 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,9 мккат/л; сілтілі фосфатаза 5,1 мккат/л

{Дұрыс жауап}=A

$$$0063

25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39°С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 15 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген. Жанұйясында барлығы сау.

Қарағанда: дене қызуы 38,2°, тері қабаты қалыпты, ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші сол жақ мықын аймағында ауырсынады, пальпация кезінде сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз мөлшерде, кілегей аралас, қан жолағы қосылған.

Емхана жағдайында бұл аурудың ерте диагностикасында келтірілген зерттеудің қайсысы қолданылады?

A) Серологиялық зерттеу

B) Паразитологиялық зерттеу

C) Биохимиялық зерттеу

D) Бактериологиялық зерттеу

E) Копроцитологиялық зерттеу

{Дұрыс жауап}=E

$$$064

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағының ауырсынуы , көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған.

Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин.

Бұл пациетті емдеу барысында қай тактика басқалардан көрі артығырақ?

А) Асқазан-ішекті жуып тазарту

В) Ауыз арқылы регидратация жүргізу

С) Жасанды дем алдыру аппаратына қосу

D) К/т глюкокортикостероидтерді еңгізу

Е) Гемодиализді жүргізу

{Дұрыс жауап}=C

$$$065

55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуіліктік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын Вирусты гепатитпен ауырған.

Қарағанда: іштің кебуі, аяқтардың ісінуі, іш аймағында тері қабатындағы венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.

Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:

А) Бауырдың биохимиялық сынамасы

В) Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау

С) Несепті өт пигметтеріне зерттеу

D) Іш қуысы мүшелерінің  КТ және УДЗ

Е) Зонд арқылы өтті тексеруге алу

{Дұрыс жауап}=E

$$$066

16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б.

Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет?

А) Пенициллин натрий тұзы

В) Левомицетин сукцинат натриі

С) Тетрациклин

D) Цефтриаксон

Е) Кларитромицин

{Дұрыс жауап}=B

$$$0067

АИВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

А) ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) зақымдалуы

В) перифериялық жүйке жүйенің зақымдалуы

С) тыныс алу жүйенің зақымдалуы

D) Полилимфоаденопатия

Е) жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

{Дұрыс жауап} – D 

$$$0068

30 жасар науқастың диагнозы: Вирусты гепатит В. Келесі белгілер байқалады: тамаққа тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, тәулігіне 2 рет құсу, әлсіздік, үш аптадан бері айқын сарғайю. Жалпы билирубин - 200мкмоль/л, АлАТ активтілігі жоғары, диспротеинемия, тимол сынамасы жоғары.

Инфекциялық процестің қай ағымына осы өзгерістер тән?

А) жеңіл ағымы

В) ауыр түрі

С) орташа ауырлық

D) көмескі түрі

Е) холестатикалық түрі

{Дұрыс жауап} – С  

$$$0069

Ауру жедел басталған. Дәретке шығу сезімі байқалған, науқаста жиі сулы нәжіс болған. Екінші күні көп реттік құсу, тәулігіне 20 ретке дейін сұйық нәжіс болған, түрі ақшыл; аяқтары құрысқан. Дене қызуы қалыпты. Қай ауру туралы ойлауға болады?

A) тырысқақ

В) тағамдық токсикоинфекция

С) эшерихиоз

D) амебиаз

Е) сальмонеллёз

{Дұрыс жауап} – А

$$$0070

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

Объективті: Т = 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Иерсиниоз

В) созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1

С) созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2

Д) жеделдеу (баяу) бруцеллёз

Е) жедел бруцеллёз

{Дұрыс жауап} – С

$$$0071

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрии ааймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Консервіні тек өзі жеген. Жанүйясында барлығы сау.

Объективті: дене қызуы 36,6° С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ = 40/10 мм. с/б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД = 38 / мин.

Сіздің алғашқы қойған диагнозыңыз?

А) Тағамдық токсикоинфекция, ауыр түрі, ИТШ – 2 дәреже

В) Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр жетіспеушілігі

С) Ботулизм, ауыр түрі, тыныс алу жетіспеушілігі.

D) Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр және тыныс алу жетіспеушілігі

Е) Сальмонеллёз, гастроинтестиналды түрі, ауыр ағымы, инфекциялық-токсикалық және гиповолемиялық шок

{Дұрыс жауап} –D

$$$0072

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады, тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

А) Скарлатина

В) Псевдотуберкулёз

С) Лептоспироз

D) Қырым геморрагиялық қызбасы

Е) Токсоплазмоз

{Дұрыс жауап} –В

$$$0073

Жұмсақ таңдай доғасы шырышы көгеріңкі реңкпен гиперемияланған, бірлі-жарым петехиялар. Жұтқыншақтағы осындай өзгерістер қандай ауруға тән?

A) аденовирусты ауру

В) энтеровирусты ауру

С) парагрипп

D) грипп

Е) риновирусты инфекция

Дұрыс жауап – D

$$$0074

39 жастағы вирусты В гепатитімен науқас, сарғаю кезеңінің 10-шы күні бастығырылып түс көрулерге, бас айналуға, «құлау» сезіміне шағымданды. Объективті: уақыт және кеңістіктегі бағдарының бұзылысы, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі», тері жабындылары, көздің ағы қарқынды сарғайған, бауыры жұмсақ-эластикалық консистенциялы. Ауру ағымын бағалаңыз:

А) Вирусты В гепатитінің ауыр ағымы

В) IV дәрежелі жедел бауыр энцефалопатиясы (ЖБЭ)

С) ІІІ дәрежелі ЖБЭ

D) ІІ дәрежелі ЖБЭ

Е) І дәрежелі ЖБЭ

Дұрыс жауап – Е

$$$0075

20 жастағы науаста жиі, жеткілікті мол, «күріш суы» түріндегі суы көп, мол қайта-қайта құсу, бұлшық еттің әлсіздігі, шөл, ауыздағы құрғақтық, балтыр бұлшық етінде қысқа мерзімді дірілдер. Дене температурасы қалыпты. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген, шырышты қабықтары құрғақ, дауысының қарлығуы. Науқастың жағдайы құрғаудың қандай дәрежесіне сәйкес келеді?

А) І дәрежесіне

В ) ІІ дәрежесіне

С ) ІІІ дәрежесіне

D ) IV дәрежесіне

Е ) құрғау белгілері жоқ

Дұрыс жауап – В

$$$0076

35 жастағы әйел 40°С дейін қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына шағымданып ауылдық учаскелік ауруханаға келді. 3 күн бойына ауыру. Эпиданамнезінен белгілі болғандай, науқас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс жасайды. Отбасында барлығы сау. Объективті: оң жақ қол буынының сыртқы бетінде серозды-геморрагиялық құраммен мөлшері 3 мм пастула бар. Бүкіл оң қолының ісінуі байқалады. Оң Стефанский симптомы. Оң жағынан қолтық астылық лимфаденит. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

А) қарасан, карбункулезді түрі

В) қарасан, терідегі түрінің эдематозды бір түрі

С) қарасан, сепсистік түрі

D) оба, терідегі түрі

Е) оба, лимфа түйіндерінің шошыну түрі

Дұрыс жауап – А

$$$0077

21 жастағы ер адам, әлсіздік, оң жақ қабырға асты ауыруларына, бас ауыруына, тәбеттің болмауына, жүрек айнуға, несептің күңгірттенуіне, тері жабындыларының сарғаюына шағымдарымен ауырған соң 6-шы күні жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне келіп түсті. Несептің күңгірттенуі ауруының 3-ші күні, сарғаю төртінші күні пайда болған. Отбасында барлығы сау. Қарап тексергенде науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары, көзінің ағы аздап сарғайған. Бауыры қабырға доғасының шегі астынан 3 см-ге шығып тұр, көкбауыр – оның шегі бойымен. Перифериялық қанда: лейкоцит – 6700, таяқша/яд – 6%, сегмент/яд – 40%, лимфоциттер – 42%, моноциттер – 12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тура – 97 мкмоль/л, АлАТ – 1,1 мккат/л. сіздің диагнозыңыз?

A) Лептоспироз

B) Описторхоз

C) Вирусты гепатит, орташа ауырлықта

D) Вирусты гепатит, ауыр ағымы

E) Вирусты гепатит, жеңіл ағымы

Дұрыс жауап – С,

$$$0078

25 жастағы әйел емханадағы учаскелік дәрігерге дене қызуының 38,5 – 39°С-қа дейін көтерілуіне, толғақ тәрізді сипаттағы іш ауыруларына, тәулігіне 20 ретке дейінгі сұйық көп емес дәретке шағымданып келді. Кенеттен ауырған, екі күн бұрын қалыпты температура фонында іш ауырулары, жиі сұйық дәрет пайда болды, кешке таман дене қызуы 38,5°С-қа, содан кейін 39°С-қа дейін көтерілді. Үйінде барлығы сау. Объективті: температурасы – 38,2°С. Тері жабындылары қалыпты реңкте, ылғалды. Тілі ақ өңезбен өңезделген. Іші сол жақ мықын тұсыаймағында ауырсынулы, сигма тәріздес ішек спазмдалған. Дәреті мардымсыз, жалқық және қан жолақтарымен. Сіздің диагнозыңыз?

A) жедел дизентерия, орташа ауырлықта

B) жедел дизентерия, жеңіл ағымы

C) жедел дизентерия, ауыр ағымы

D) жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік варианты

E) сальмонеллез, гастроэнтероколиттік варианты

Дұрыс жауап – А

ФТИЗИАТРИЯ

$$$001

Туберкулезге қарсы қолданатын препараттарға туберкулез микобактериясының резистенттілігінің қалыптасуы немен байланысты:

А) адамның іс әрекетіне байланысты табиғатқа әртүрлі заттарды шашу

В) туберкулез микобактериясының генетикалық мутацияға табиғы қабілеттілігі

С) бейадекватты ем, соның ішінде антибактериальды препараттарды үзіп қабылдау

D) туберкулезге қарсы қолданатын бір препараты ұзақ емделу

Е) химиопрофилактика

{Дұрыс жауап}= C

$$$002

Қандай аспапты зерттеулерді қолдану арқылы пациентте «Оң жоғарғы бөліктің бронх туберкулезі» деген асқыну анықталған:

А) бронхография

В) бронхоскопия

С) аускультация

D) томография

Е) трансторакальды пункция

{Дұрыс жауап}= B

$$$003

Қосымша қандай зерттеулердің көмегімен науқастан зақымдалған учаскеде өкпе тінінің ыдырауы анықталды:

А) Бронхоскопия

В) Перкуссия

С) Бронхография

D) Томография

Е) Биопсия

{Дұрыс жауап}= D

$$$004

Дәрігерге қаралу арқылы 32 жастағы М. деген пациенттен жаңа анықталған туберкулез бактерия бөлумен анықталған. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерге ауруханалық емге жатқызылды. Осы жағдайға байланысты қандай құжаттарды міндетті түрде санэпидстанцияға және туберкулезге қарсы күрес жүргізу службасына толтырылып жіберіледі:

А) ТБ 01 науқастың амбулаториялық картасы

В) 089 және 058 шұғыл хабарлама

С) 016 амбулаториялық картасы

D) 093 шабарман қағазы

Е) тұрмыс жағдайын жақсарту анықтамасы


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 91; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!