Е) Жедел обструктивті бронхит 44 страница



 

A) Оба

B) Листериоз

C) Туляремия

D) Пастереллез

E) Сібір жарасы

{Дұрыс жауап}= Е

$$$012

36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына – 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.

Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал?

A) Гиповолемиялық шок

B) Ішек өтімсіздігі

C) Инфекциялық-токсикалық шок

D) Бүйректің жедел жетіспеушілігі

E) Мезентериальді тамырлардың тромбозы

{Дұрыс жауап}= A

$$$013

44 жастағы әйел ауруының 4-ші күні терапевтке келесі шағымдармен келді: ауызының құрғауына, көру қабілетінің нашарлауына, тыныс алудың қиындауына. 4 күн бұрын қонақта бұқтырылған саңырауқұлақ жеген. Қарап тексергенде: есі анық, екі жақты птоз, мидриаз, страбизм. Дауысы қарлыққан. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс -118 рет/мин, ҚҚ- 90/60мм с.б. Өкпеде - төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген, бірең-сараң майда көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап желденген, ішек перистальтикасы әлсіреген.

Қандай ем ең әсерлі болып табылады?

A) Пробиотиктер

B) Серотерапия

C) Симптоматикалық терапия

D) Антибактериальді терапия

E) Дезинтоксикациалық терапия 

{Дұрыс жауап}= B

$$$014

25 жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. Ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы 39о C˗ға дейін көтеріліп, бастың маңдай аймағының, параорбитальді аймақта, тамағының ауру сезімі, мұрынның бітелуі, буындары мен бұлшықеттері сырқырауы мазалаған. Қарап тексергенде: беті ісініп, қызарған, склераның қан тамырлары инъекцияланған, құрғақ жөтел, ентігу, тахикардия байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар естіледі. Жүректің соғу жиілігі минутына -92 рет, тыныс алу жиілігі-24 рет, АҚҚ-100/60 мм с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 13,5х 109 /л, Hb -120 г/л, эритр.-3,38х 1012/л, тром.-225х109/л, т/я-6%, с/я-76%, мон.-8%, лимф-10%, ЭТЖ-15 мм/с.    

Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?

А) Өкпенің ісінуі

B) Пневмония

C) Жедел бронхит

D) Жүрек жеткіліксіздігі 

E) Тыныс алу жеткіліксіздігі

{Дұрыс жауап}=В

$$$015

50 - жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. 3 күн аралығында қалтырау, бастың ауруы, сол жақ балтыр мен табанның ісінуі, қызару және ауру сезімі анықталды. 40 жасында бет тілмесімен ауырған. Қарап тексергенде: дене қызуы 39,6°С-қа жоғарлаған, пульсі 130 рет/мин., АҚҚ 110/70 мм с.б. Сол жақ балтыр мен табан аймағында шекарасы айқын, тері жабындысы қызарған, сыртқы және артқы бөлігінде бірнеше бір-бірімен қосылған ішінде сарғыш және қоңыр түсті сұйықтығы бар көпіршіктер айқындалады.

Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал болуы мүмкін?

A) Біріншілік тілме, эритематозды-буллезды түрі

B) Қайталамалы тілме, эритематозды-буллезды түрі

C) Біріншілік тілме, буллезды-геморрагиялық түрі

D) Қайталамалы тілме, буллезды-геморрагиялық түрі

E) Рецидивтелген тілме, эритематозды-буллезді түрі

{Дұрыс жауап}= D

$$$016

26 жастағы әйел емханаға дәрігерге қаралуға келді. Жүктілігі 20-21 апта, акушерлік анамнезі күрделі (2-рет жүктілігі өздігінен үзілген). Кольпит, сукөптілік анықталуда. ЖҚА – нормоцитоз. Қынаптан алынған жағындыда – лейкоциттер саны 15-16 к\а. ИФА - листериозді а\г IgG оң. ТГАР – листериозға қарсы антиденелер титрі 1:100. Қынаптан алынған шырышты бактериологиялық тәсілмен зерттегенде – L.monocytogenes бөлінген. Дәрігер листериоз деген диагнозды қойған.

Диагноз қоюға ықпал еткен ең негізгі мәліметтер қандай?

A) Акушерлік анамнез мәліметтері

B) ИФА листериозді а\г IgG оң болуы

C) L.monocytogenes қынап шырышынан анықтау

D) Қынап жағындысында қабынуға тән өзгерістердін болуы                        

E) ТГАР листериозға қарсы антиденелер титрінің 1:100 болуы  

{Дұрыс жауап}= C

$$$017

32 жастағы әйел, ауырғанына 8 күн болғанда емханадағы дәрігерге келіп қаралды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С-қа дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоюланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С. Барлық топтағы лимфа түйіндері бүршақ тәрізді болып қолға білінеді. Ауызжұтқыншақта – жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ. Денесінің терісінде дақты-папулезді бөртпе анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады.

Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады:

A) Иерсиниоз                                                                                                               

B) Лептоспироз                                                                                                       

C) Жедел вирусты гепатит                                                                                                                               

D) Инфекциялық мононуклеоз                                                                                                                                   

E) Созылмалы вирусты гепатит

{Дұрыс жауап}= А

$$$018

15 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда емханаға келді. Дене қызуының 38.80С дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, мойынарты лимфа түйіндері пальпация кезінде ауыру сезімі байқалады. Науқаста гепатоспленомегалия, ангина анықталады. ЖҚА аздаған лейкоцитоз, нейтропения, моноцитоз, лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар, СОЭ 10 мм/сағ.

Қандай зерттеу әдісі осы ауруда ең тиімді?

A) ИФА

B) Бюрне сынамасы

C) Райт реакциясы

D) Видаль реакциясы

E) Провачек риккетсияларымен КБР

{Дұрыс жауап}= А

$$$019

Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне 32 жасар ер адам келді: жалпы әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, тәбетінің нашарлауына, зәр түсінің қоңырлануына шағымданып түсті. 2 аптадан бері ауырады, 2 ай бұрын асқазан жарасының қан кетуіне байланысты операция жасалынып, қан құйылған.  Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң қабырға асты сезімтал. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз.

Қандай ем патогенетикалық мақсатпен тағайындалады?

A) Регидратациялық терапия

B) Дегидратациялық терапия

C) Дезинтоксикацилық терапия

D) Қабынуға қарсы терапия

E) Иммунитет күшйтуші терапия

{Дұрыс жауап}=С

$$$020

32 жастағы ер адам учәскелік дәрігерге дене қызуының 38,7ºС-қа дейін жоғарылауына, ірі буындарының ауыру сезіміне, тершеңдікке шағымданып келген. Анамнезде: 2 ай бойы ауырады – кешкі уақытта ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалайды, жүдеген. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Ақбұлақ ауылының тұрғыны. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндерй үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Буындар өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Жедел бруцеллез

B) Жеделдеу бруцеллез

C) Біріншілік-латентты бруцеллез

D) Біріншілік-созылмалы бруцеллез

E) Екіншілік-созылмалы бруцеллез

{Дұрыс жауап}= A

$$$021

Ер адам 20 жаста, аурудың 5-ші күні емхана дәрігеріне мынандай шағымдармен келді: дөрекі жөтел, жарықтан қорқу, әлсіздік, денесінде бөртпелердің пайда болуына, жоғары қызбаға. Денесіндегі бөртпелер аурудың 4ші күнінде бетінде пайда болған, содан кейін мойынға, бүкіл денесіне жайылған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температура 390С, склерит, коньюктивит, ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатында - “ұнтақ жармасы ” тәрізді энантема; бетінде, денесінде жайылған, кейбір жерлерде бір-бірімен қосылған дақты-папуллезді бөртпелер анықталды.

Ең ықтимал диагноз:

А) Жәншау

B) Қызамық

C) Қызылша

D) Иерсиниоз

E) Желшешек

{Дурыс жауап} =C

$$$022

Менингококты инфекцияның қай түріне жедел бүйрек үсті жетіспеушілігінің (Уотерхаузен -Фридериксен синдромының) дамуы мүмкін?

А) Менингитке

В) Менингококкемияда

С) Менингоэнцефалитте

Д) Жедел назофарингитте

Е) Менингококктасымалдушылық

{Дұрыс жауап}=В

$$$023

Жұқпалы аурудың ықтимал жағдайын анықтау үшін, негізгі мәліметті топты көрсетіңіз: 

A) Эпизоотологиялық мәлімет

B) Эпидемиологиялық мәлімет

C) Клинико-лабораторлық тест

D) Аурудың клиникалық көрінісі

E) Лабораторлы-этиологиялық тексеру

{Дұрыс жауап}= B

$$$024

36 жастағы ер адам қайталамалы құсу, іштің өтуі шағымдармен ауыл ауруханасына жеткізілді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. АҚҚ – 80/60 мм с.б. Пульс минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Пальпация кезінде іші аурмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.

Ауруханаға дейінгі кезеңде бірінші кезекте қандай ем қолданылуы тиіс?

A) Гормонотерапия

B) Десенсибилизация

C) Антибиотиктер қабылдау

D) Т/і тұзды ерітінділер құю

E) Осмотикалық  диуретиктер салу

{Дұрыс жауап}= D

$$$0025

Бруцеллездің инфекциялық белсенділігін сипаттайтын белгі:

А) Бастың ауруы, ұйқысыздық, бастың айналуы.

В) Әлсіздік, жайсыздық, тез шаршағыштық

С) Тәбетінің төмендеуі, жүректің айнуы,

D) Қызба, бауырдың ұлғаюы, микрополиаденит,

Е) Буындарда және бұлшық етте ауырсыну.

{Дұрыс жауабы}=D

$$$0026

Науқаста төмендегі белгілердің қайсы байқалғанда ВИЧ инфекциясына зерттеу жүргізіледі?

А) Екі апта бойы субфебрилитет және шап лимфаденит

В) Микрополиаденит, субфебрилитет,  бір ай көлемінде диарея, ддене салмағының төмендеуі.

С) Микрополиаденит, субфебрилитет, орхоэпидимит

D) Микрополиаденит, субфебрилитет,  бір апта көлемінде полиартрит

Е) Микрополиаденит, субфебрилитет, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы, полиартралгия

{Дұрыс жауабы}=В

$$$0027

Қыз бала 2 жаста, салмағы  12 кг, денетемпературасы 37,50С. Жалпы қауіп белгілері жоқ. Жөтел 3 күн бойы мазалайды. ТАЖ  48 рет минутына. Кеуде клеткасының ішке кірігуі, стридор, астмоидты тыныс жоқ.БЖАИЖ бағдарламасы бойынша «жөтел» мәселесін жіктеңіз.

А) Ауыр пневмония және өте ауыр ауру

В) Пневмония

С) Пневмония жоқ, жөтел не суық тию

D) Пневмония жоқ, астмоидты тыныс

Е) Мүмкін бактериальды инфекция

{Дұрыс жауабы}=В

$$$0028

Емханаға 25 жастағы әйел адам дене температурасының 37,8 көтерілуіне , тәбетінің төмендеуіне, тамағының ауырсынуына шағымданып келді. Эпид. анамнез: жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған.Объективті: терісі таза, бозғылт. Аранда – тілшеде, таңдай доғасында қызыл шеңбермен қоршалған везикулезді элементтер. Жақ асты , алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері үлкейген. Ағзалар бойынша патология жоқ. Дұрыс диагноз қойыңыз,

А) Лакунарлық баспа

В) ЖРВИ, жедел бронхит

С) Фолекулярлы баспа

D) энтеровируст ы инфекция, герпангина

E) аран дифтериясы

{ Дұрыс жауабы }=D

$$$0029

Науқас Н 26жаста, аңшы, сырқатының 17-ші күні учаскелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: басының шамалы ауырсынуы, дене қызуының 38,5°C жоғарлауы, тәбетінің төмендеуі, кешкі уақытта қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, қолы мен аяқтарының ірі буындарының ұшпалы ауырсынуы. Ауылдық мекенде тұрады., малярия мен бруцеллезге эндемиялық болып табылады. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,7°C . Тері жамбындысы жоғары ылғалдылықта, микрополиаденит. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйық, пульс 112 рет минутына..АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Бұл науқаста қандай терапия негізгі болып табылады және неліктен?

А) Дезинтоксикациялық, өйткені патогенезінде интоксикация негізгі болып табылады.

В) Антибактериальды (этиотропты),  себебі патогенезінде бактеремия.

С) Қабынуға қарсы, себебі патогенезінде серозды қабыну

D) Иммуннореттеушіокорригирующая, себебі патогенезінде екіншілік имммунодефицит

Е) Антигистаминді, себебі патогенезінде жедел типтегі жоғары сезімталдық.

{Дұрыс жауабы}=В

$$$0030

Науқаста келесі клиникалық көріністер: 10күн ішінде тұрақты түрде қызба, айқын бас ауруы, ұйқының бұзылуы, қозғыштық, сөзшеңдік, сырқатының екінші аптасында тежелген. Кеуде қуысының бүиір беткейінде көбірек оргналасқан көп мөлшерде розеолезді петехияльды бөртпе. Киари-Авцын, Говоров-Годелье симптомдары оң. Бауыры мен көкбауырының ұлғаюы. Диагнозды нақтылайтын арнайы оң нәтиже қайсы?

А) Қанды бактериологиялық стерильділікке тексеру.

В) Қанды қараңғы көру алаңында тексеру.

С) Үлкен тамшы түрінде қанды зерттеу

D) Серологиялық реакциялар (РПГА,РСК).

Е) Жұп сарысу әдісімен серологиялық реакция.

{Дұрыс жауабы}=D

$$$0031

Тұмау кезінде антибиотиктерді тағайындауға көрсеткіш:.

А)400С дейін дене қызуының көтерілуі, айқын интоксикация.

В) Қызбаның үш күнге дейін созылуы.

С) екіншілік инфекцияның қосылуы.

D) гриптің акатаральді түрі.

Е)Қарт адамдардағы грипп

{Дұрыс жауабы}=C

$$$0032

Науқас Н., 18 жаста, балабақшада тәрбиеші, дәрігерге келесі шағымдармен келді: перианальды қышуға, әсіресе түнде, ұйқысының бұзылуы, басының акуруына, тітіркенгіштікке, тәбетінің төмендеуіне, іштің ауырсынуына, шырышты сұйық нәжіске, соңғы 3-4 күнде жыныс мүшелерінің маңайында қышу, ашу сезімі мазалайды. Сіздің диагнозыңыз?

А) Аскаридоз.

В) Энтеробиоз.

С) Описторхоз

D) Тениоз.

Е) Тениаринхоз.

{Дұрыс жауабы}=B

$$$0033

Бала 9 айда, жедел ауырған. Ауруы дене температурасының 38,60С жоғарылауынан басталған, динамикада мұрын бітелуі қосылған. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 39,50С, селқос, тері жабындылары бозғылт, периоральды цианоз. Беті ісінген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, түйіршіктелген. Конъюктивасы гиперемияланған. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан  3 см төмен. ЖҚА: НВ 120 г\л, Эритроцит 3,5 * 10 12 лейкоцит-12,8x109/л, Э-2%, т-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 74; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!