Е) Жедел обструктивті бронхит 32 страница



Е) Гестоз. Жүкті әйелдер ісінуі

{Дұрыс жауап} =В

$$$00135

23 жастағы әйел адам, дене қызуының көтерілуіне, қалтырауға, жыныс мүшелерінің аймағындағы тыныштық және қозғалыс кезіндегі жедел ауырсынуға шағымданады. Объективті: Сыртқы жыныс ерінінің төменгі үштен бір бөлігінде флюктуациясы бар, ісік тәрізді жедел, ауырсынатын түзіліс анықталады. Емді неден бастау керек?

А) Антибиотикотерапия

B) Майлы аппликация (ихтиол, Вишневский майы)

C) Калий перманганаты ерітіндісімен ванночкалар

D) Үлкен бездің өзегін ашу

E) Безді өзекпен бірге энуклеациялау

{Дұрыс жауабы} = D

$$$00136

24 жастағы әйел жыныс мүшелерінде қышып, ашуға және жаман иісті бөліністерге шағымданады. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты қызарған, сарғыш түсті, көпіршікті, сасық иісті бөліністер бар. Қынаптық қарауда: жатыр мен жатыр қосалқылары қалыпты. Қынаптың тазалық дәрежесіне жағындыда: III – дәрежелі. Болжам диагноз қойыңыз:

А) Хламидиозды  кольпит

B) Гонорея

C) Трихомониаз

D) Вагиноз

E) Ашытқылы  кольпит

{Дұрыс жауабы} = С

$$$00137

Аналық безінің апоплексиясы ол:

А) Аналық безіндегі жүктілік

B) Аналық безінің бүтіндігінің бұзылуы

C) Аналық без ісігі аяғының айналуы

D) Аналық безінің поликистозы

E) Аналық безінің қабынуы

{Дұрыс жауабы} = В      

$$$0138

Әйел жүрек айнуға, құсуға және ішінің кебуіне шағымданады. Анамнезінде: Аналық безінің кистасы, жиі қабынбалы аурулар. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты қалыпты түсте. Жыныс мүшелерінен шырышты бөліністер. Қынаптық тексеруде: Жатыр қалыпты мөлшерде, тығыз, ауырсынбайды. Жатыр қосалқылары: сол жақтан жедел ауырсынатын, ісік тәрізді түзіліс. Диагноз қойыңыз:

А) Аналық безінің апоплексиясы

B) Пельвиоперитонит

C) Жатырдан тыс жүктілік

D) Аналық безінің поликистозы

E) Кистома аяқшасының айналуы

{Дұрыс жауабы} = Е

$$$00139

Қабылдауға 28 жастағы әйел келді. Анамнезінде: жүктілік – 3, босану - 3, асқынусыз. Объективті: шағымдары жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Соматикалық дені сау. Айнамен және қынаптық тексеруде гинекологиялық патология анықталмады. Зиянды әдеттері жоқ. Осы әйелге қандай контрацепциялық әдіс ең ыңғайлы?

А) Комбинирленген оральді контрацептивтер

B) Тосқауыл әдісі (презерватив)

C) Күнтізбелік әдіс

D) Жатыр ішілік спираль

E) Хирургиялық  стерилизация

{Дұрыс жауабы} = D

$$$00140

HELLP – синдромға анықтама беріңіз:

А) Өкпе ісінуімен жүретін, жүрек жетіспеушілігі.

B) Миға қан құйылу, тромбоздар, ми ісінуі, кома;

C) Гемолиз, плазмада бауыр ферменттерінің жоғарылауы және тромбоциттер санының төмендеуі.

D) Аса маңызды мүшелердегі қан айналым бұзылыстарымен жүретін, ДВС – синдром.

E) Қалыпты орналасқан шарананың уақытынан бұрын ажырауы.

{Дұрыс жауабы} = С

$$$00141

Контрацепцияның эффективтілігін қандай көрсеткіш бағалайды?

А) Глазго шкаласы

B) Апгар шкаласы

C) Перль индексы

D) Дене салмағының индексі

E) Витлингер шкаласы

{Дұрыс жауабы} = С

$$$00142

25 жастағы әйелде, жүктілік мерзімі 28 апта, II дәрежелі преэклампсия белгілері анықталды: АҚҚ= 160/100 мм.сн.б.б., пульс 86 рет минутына, аяқта және іш пен қол саусақтарында ісіну. ЖҚА: ЭТЖ = 20 мм/сағ, ЖЗА: ақуыз 1 г/л. Қандай гипотензивті дәрілік зат қауіпті болуы мүмкін?

А) Клофеллин

B) Диуретиктер

C) Магния сульфат

D) В - адреноблокаторлар

E) Кальций антогонистері

{Дұрыс жауабы} = В

$$$00143

Босану үйіне 28 жастағы әйел адам келіп түсті. Жүктіліктің мерзімі 39 апта. Анамнезінде жүктілік бірінші – қазіргі. Сыртқы акушерлік тексеру кезінде: 1-  позиция, алдыңғы түр, ұзыннан орналасу, баспен келу. Объективті: АҚҚ 110/70 мм.сн.б.б., ЖСС 84 рет минутына, ісінулер жоқ. Жүктілікті жүргізудің жоспары қандай?

А) Кесарь тілігі арқылы

B) Рахманов төсегінде босану

C) Еркін жағдайда босану

D) Мини – кесарь тілігі

E) Акушерлік қысқыштарды қолдану

{Дұрыс жауабы} = С

$$$0144

64 кг салмағы бар, 25 жастағы әйел босану кезінде 400 мл қан жоғалтты. Осы қан кету шекаралық болып табыла ма? Неге?

А) Жоқ, себебі, қан кетуге қалыптастыратын механизмдер қосылады . 

B) Жоқ, себебі, талшық аралық кеңістіктегі қан көлеміне сәйкес келеді.

C) Иә, себебі, компенсаторлы мүмкіндіктер шектеліп, геморрагиялық шок дамиды.

D) Иә, себебі, талшық аралық кеңістіктегі қан көлеміне сәйкес келеді.

E) Иә, себебі, осындай қан кетуді әйел ағзасы оңай көтеріледі.

{Дұрыс жауабы} = Е

$$$0145

«Кувелер жатыры» немен сипатталады?

А) Жатыр құм сағатына ұқсайды

B) Жатырдың барлық қабырғалары қанға сіңеді

C) Жатыр гипотониясы

D) Жатыр атониясы

E) Инфантильді жатыр

{Дұрыс жауабы} = В

$$$0146

Жүкті әйелдің жағдайы жедел нашарлады. Тері жабындылары бозғылт, көздің қарашығы кеңейген және жоғарғы қабаққа кетеді. Қабақтың, бет және мойын бұлшық еттерінің ұсақ тартылуынан кейін, басы артқа шалқайып, денесі ұзыннан түсті. Осы жағдайға сипаттама берініңіз?

А) Гестоз. Преэклампсия III дәрежелі. 

B) Гестоз. Преэклампсия II дәрежелі. 

C) Гестоз. Эклампсия. Діріл алды кезең. 

D) Гестоз. Эклампсия,тоникалық дірілдер кезеңі.  

E) Гестоз. Эклампсия, клоникалық дірілдер кезеңі. 

{Дұрыс жауабы} = D

$$$0147

Пубертатты кезең деп аталады:

А) Жыныстық жетілудің кезеңі

B) Эмбриональді кезең

C) Балалық шақ кезеңі

D) Жыныстық жетілген кезеңі

E) Менопауза кезеңі

{Дұрыс жауабы} = А

ХИРУРГИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ

$$$001

Странгуляциялық ішек өтімсіздігінің АНАҒҰРЛЫМ жиі себебі:

A) Ішектердің түйілуі

B) Копростаз

C) Ішек өзегінің ісікпен бітелуі

D) Көкбауыр инфаркты

E) Ішек парезі

{Дұрыс жауап} = A

$$$002

Асқазан-ішек жолынан қан кетудің анағұрлым жиі себебі:

A) Асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруы

B) Созылмалы эрозивті гастрит

C) Асқазанның қатерлі ісігі

D) Меллори-Вейс синдромы

E) Тоқ ішектің дивертикулезы

{Дұрыс жауап} = A

$$$003

Ер адам, 38 жаста. Алкоголь қабылдаған соң кенет эпигастрий аймағында өте қатты, шаншыған ауыру сезімі пайда болды. Объективті: тізелерін ішіне жинап алған, өте бозарған, салқын тер, іші тартылған, тақтай тәрізді, құрсақ қабырғасының бұлшықеттері өте тырысқан, Щёткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализі: эритроциттер 4,4х1012\л, лейкоциттер 15х109 \л, ЭТЖ 25 мм\ч.

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысының дамуы анағұрлым ықтимал?

A) Жараның перфорациясы

B) Бауыр шаншуы

C) Шажырқай тамырларының тромбозы

D) Қалтқының стенозы

E) Аорта аневризмасының жарылуы 

{Дұрыс жауап} = A

$$$004

68 жасар әйел. Эпигастрий аймағында, кіндік айналасында кенет пайда болған, күшті, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, қайта-қайта құсуға, газдардың шықпауына шағымданады. Объективті: дене температурасы 370 С, боз, тілі құрғақ, іші үрілген, кіндік айналасында оң жақтан тимпанит, «шалпылдау», қарқынды перистальтика. Қан анализінде: лейкоциттер 17х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Аш ішектің өтімсіздігі

B) Тоқ ішектің өтімсіздігі

C) Перитонит

D) Жедел аппендицит

E) Мезентериалды тамырлардың тромбозы

{Дұрыс жауап} = A

$$$005

56 жасар ер адам. Ішінде кенет пайда болған, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, құсуға, газдардың шықпауына, нәжісінің болмауына шағымданады. Объективті: боз, қозғалмайды, дене температурасы 37,80 С, тілі құрғақ. Іші ассимметриялы түрде үрілген, сол жақ мықын аймағында Валь, Кивуль симптомдары оң, перистальтика қашықтан естіледі. Қан анализінде: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

A) Ирригоскопия

B) Құрсақ қуысының рентгенографиясы

C) Ректороманоскопия

D) Колоноскопия

E) Құрсақ қуысының лапароскопиясы

{Дұрыс жауап} = B

$$$006

23 жасар ер адам. 6 сағат бұрын эпигастрий аймағында күрт ауыру сезімі пайда болған, ол ақырындап бүкіл іш аймағына таралған. Қарағанда іші тырысқан, бүкіл аймағы ауырады, бауыр тұйықтығы анықталмайды. 2 сағаттан соң ауыру сезімі бәсеңдей бастады.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Компьютерлік томография

B) Құрсақ қуысының рентгенографиясы

C) ФГДС

D) Құрсақ қуысын УДЗ

E) Лапароскопия

{Дұрыс жауап} = B

$$$007

22 жасар ер адам. Құрсақ қуысы мүшесінің жедел іріңді ауруы бойынша операция жасалған соң 5 күннен кейін дене температурасы 37,60С жейін көтерілді, дизурия, тұрақсыз нәжіс, тенезмдер пайда болды.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Құрт тәрізді өсінді тұқылының дәрменсіздігі

B) Ішек өтімсіздігі

C) Дугласов кеңістігінің абсцесі

D) Жедел пиосальпинкс

E) Инфекциялық колит

{Дұрыс жауап} = C

$$$008

54 жасар ер адам. Беліндегі және оң қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауыруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шайқалумен байланыстырады. Үздіксіз аунай береді, ыңырсиды. Объективті: терісібоз. Іші ауырады және оң қабырға доғасы астында тырысқан, ұрғылау симптомы оң, бүйректері пальпацияда ауырмайды. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 4 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ18 мм/сағ. Зәр анализінде эритроциттеркөру аймағында 10-15.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

A) Шолу урографиясы

B) Экскреторлы урография

C) Компьютерлік томография

D) Ультрадыбысты зерттеу

E) Магнитті-резонансты томография

{Дұрыс жауап} = A

$$$09

36 жасар әйел. Женщина 36 лет. Беліндегі және сол қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Ауыруын физикалық жүктемемен байланыстырады. Объективті: Ыңырсып жатыр. Терісі боз. Іші сол қабырға доғасы астында ауырады және тырысқан. Ұрғылау симптомы оң. Пальпацияда бүйрегі ауырады. Қан анализі: эритроциттер 3,4х1012/л, гемоглобин 100 г/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде эритроциттеркөру аймағында 10-15.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Асқазан жарасының тесілуі

B) Жедел панкреатит

C) Ішектің жедел өтімсіздігі

D) Жатырдан тыс жүктілік

E) Зәр-тас ауруы

{Дұрыс жауап} = E

$$$010

35 жасар әйел. Мықын аймағындағы, аралықтағы қарқынды ауыру сезіміне, жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, жүрек айнуына, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Объективті: Терісі боз. Мықын аймағы ауырады, оң жақтағы бұлшықеттері тырысқан.Жалпы қананализі: эритроциттер – 3,5 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 1 %о? Цилиндрлер бірен-саран, жаңа эритроциттер және тұздар.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

A) Жедел аппендицит

B) Зәр-тас ауруы

C) Ішек өтімсіздігі

D) Жатырдан тыс жүктілік

E) Асқазан жарасының тесілуі

{Дұрыс жауап} = B

$$$011

56 жасар ер адам. Зәрінің кідіруіне, кіші дәретке шыққысы келуіне, ішінің төменгі бөліміндегі кернеген ауыру сезіміне, оның аралыққа және жыныс мүшелеріне таралуына шағымданады. Объективті: терісі боз, маңдайында салқын тер. Іші жұмсақ, қасағасының үстінен қуығы сезіледі, оның күмбезі кіндіктен төмен тұр. Қасаға үсті аймақты перкуссиялағанда – тұйық дыбыс. Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттегенде ол тегіс, серпімді, контуры тегіс, ауырмайды, орталық жүлгесі бар. Қуық катетеризациясы жасалды. 

Қандай ем тактикасы бірінші кезекте жасалады?

A) Антибактериалды терапия

B) Қабынуға қарсы терапия

C) Аденомоэктомия

D) Цистостомия

E) Простатаның трансуретралды резекциясы

{Дұрыс жауап} = A

$$$012

Жанұя дәрігеріне 5 жасар баласымен ана келді. Айтуы бойынша ,бірнеше сағат бұрын ұлы ойнап отырып құлағына пластмасса шарды тығып жіберген. Объективті: құлақ қалқаны мен құлақ төмпешігін пальпациялағанда ауырмайды. Сыртқы есту жолынан бөлінділер жоқ. Құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартып қарағанда сыртқы есту жолының түбінен домалақ ақ бөгде зат көрінеді.                

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

А) Сыртқы есту жолындағы бөгде зат

B) Сыртқы есту түтігіндегі бөгде зат

C) Ортаңғы құлақтағы бөгде зат

D) Жарғақты қуыстағы бөгде зат

E) Сыртқы отит

{Дұрыс жауап} = A

$$$013

45 жасар әйел түстену кезінде (ет сорпасын ішіп отырған) шашалып қалған, тамағы ауырған, өздігінен құсық шақыруға тырысқан, нанның сыртын жеген. Бұл кезде мойнының төменгі бөлігінде қатты ауыру сезімін сезген. Объективті: жұтқыншақтың көмейлік бөлігінің шырышты қабатында жырылулар, көмекейдің бос жиегінде кішкене гематома, алмұрт тәрізді синустарда сілекей жиналып қалған. Дауыс саңылауы бос. Басқа ЛОР-мүшелер патологиясыз

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

А) Көмекей гемангиомасы

B) Жұтқыншақтың шырышты қабатының жырылуы

C) Құлақ маңы безінің жарақаты

D) Сілекей өзектеріндегі бөгде зат

E) Өңештегі бөгде зат

{Дұрыс жауап} = E

$$$014

4 жасар сәби сәбіз жеп отырып кенет шашалған, күшті жөтел пайда болған және тыныс алуы қиындаған.

Объективті: мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. Айқын экспираторлы ентігу белгілері. Сол кеудесі көлемі ұлғайған, тыныс алу актісінен қалыңқы. Перкуссияда өкпелік дыбыс қораптық үнмен, аускультацияда сол өкпе тынысы әлсіреген. Рентгенологиялық зерттеуде: сол кеденің мөлдірлігі жоғарылаған, тыныс алу кезінде кеуде аралықтағы мүшелер оңға ығысады. Қандай зерттеу әдісі анағұрлым тиімді?


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 81; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!