СПИРТТІ ЕРІТІНДІЛЕР( SOLUTIONESSPIRITUOSA )



Бұл этил спиртіндегі әр түрлі дәрілік заттары бар спиртті ерітінділері. Оларды салмақтық және салмақтық-көлемдік әдіспен булы көйлегі бар реакторларда жүргізіледі. Препараттарды әсер етуші заттар мөлшері бойынша стандарттайды. Фармацевтикалық өндірісте келесі медициналық спирттер шығарады: камфоралы, қышалы, лавандалық, салицилді, бор ментолды, құмырсқалы, йод, грамицидин, нитроглицерин, этакридин, цитраль, бриллианттыжасыл, нашать анисты тамшы және т.б. ерітінді қабатты сабынды спирттер.

МФ X, бет. 355. 5 % СПИРТТІ ЙОД ЕРІТІНДІСІ (SOLIJTIO IODI SPIRITUOSA 5 %)

Дайын өнім сипаттамасы. Мөлдір, қызғылт-қоңыр түсті, йод иісі бар сұйықтық. Препараттағы негізгі компоненттер болуы керек: йод 4,9—5,2%, калий 1,9—2,f%, этил спирті 46%-дан кем емес.

Орамдау. 15-20 кг қызғылт түсті шынылы жақсы тығындалған баллондарда және 1 мл ампуллаларда

Сақтау. Абайлап (Б тізімі) жарықтан қорғалған жерде.

Қолданылуы. Сыртқа антисептик ретінде, ал ішке атеросклероз кезінде.

ЖРД ішке — 20 тамшы, ЖТД ішке — 60 тамшы.

Бастапқы шикізат сипаттамасы

ФармакопеялықмақалажәнеГОСТтыңномері Шикізаттыңтехникалықжәнесаудалықатауы Құрамы, % Сұрыптылығы
МФ X, бет. 354 МФ X, бет. 364 ГОСТ 5962-67 МФ X, бет. 73   Йод Калий йодиді Этил спирті Дистилденген су   99,5 99,5 96,2 кем емес рН 5,0—6,8 МФ бойынша —«— ГОСТ бойынша МФ бойынша  

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС

Алдымен цилиндрде немесе мензуркада спиртті-сулы 95% спирт пен дистилденген судың теңдей мөлшерінен тұратынқоспаны дайындайды. Содан соң 10 мл бөлінген склянкаға 0,2 г калий йодидін және 0,4 мл дайындалып қойылған спиртті-сулы қоспаны салады. Калий йодидін склянкада еріткеннен соң 0,5 г йодты салып, толық ерігеншеараластырады. Сосын алынған ерітіндіні 10 м-ге шейін спиртті-сулы қоспамен жеткізеді. Калий йодидінің концентрлі ерітіндісі йодтың тез еруіне әсер етедіжәне препараттың тұрақтылығын қамтамассыз етеді, себебі сонда келесі құрамды комплексті қосылыс түзіледі: KJ + J2= KJ2.

 

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС СЫЗБАСЫжоғ.қараңыз

ДАЙЫН ӨНІМ ТАЛДАУЫ

Түп - нұсқалық.Препаратқа крахмал ерітіндісін қосқанда қою-көк-түске боялады (йод).

Сандық анықтау. Препаратты ерітінді түссізденгенше натрий тиосульфатымен титрлейді (индикаторсыз). Препаратта 4,9—5,2% йод болуы керек. Титрленген ерітіндіні сумен сұйылтып, сірке қышқылы ерітіндісін қосып, тұнба түсі сарыдан ал-қызыл түске ауысқанша күміс нитраты ерітіндісімен титрлейді (индикатор — натрий ерітіндісі). Этил спиртінің мөлшері 46%.

 

МФ X, бет. 356. 10%СПИРТТІ ЙОД ЕРІТІНДІСІ (SOLUTIO IODI SPIR1TUOSA 10 %)

Дайын өнім сипаттамасы. Мөлдір, қызғылт-қоңыр түсті, йод иісі бар сұйықтық. Препаратқа су қосқанда йодтың ұсақ кристалды тұнбасы түзіледі. Дайын препараттағы йод мөлшері 9,5—10,5%.

Орамдау. 15-20 кг қызғылт түсті шынылы жақсы тығындалған баллондарда.

Сақтау. Абайлап (Б тізімі) жарықтан қорғалған жерде. Сақталу мерзімі 1 айға дейін.;

Қолданылуы. Ішке йод жетіспеушілігінде. Сыртқа бактерицидтік зат ретінде.

ЖРД ішке—10 тамшы, ЖТД ішке—30 тамшы.

Бастапқы шикізат сипаттамасы

Фармакопеялық мақала және ГОСТтың номері Шикізаттың техникалық және саудалық атауы Құрамы, % Сұрыптылығы
МФ X, бет. 354 ГОСТ 5962-67   Йод Этил спирті   99,5 96,2 кем емес   МФ бойынша ГОСТ бойынша  

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС

50 немесе 100 мл шыны цилиндрге 95% этил спиртін есептеуден азырақ мөлшерде (40 мл шамасында) құяды. Өлшеніп алынған йодты (5г) екі қабатты дәке қапшығына салып, оның жартысы спиртте болатындай етіп цилиндге батырады. Цилиндрді тығындап, 12 сағатқа қалдырады. Бұл әдіс бойынша йодты еріту тезірек жүреді, себебі тығыздығы көбірек йод ерітіндісі төменге түседі, ал таза спирт жоғарыға көтеріледі, яғни өз бетімен орын ауысуы жүреді. Сұйықтықтың конвекционды қозғалысы йод толық еріп біткенге шейін жүреді. Сосын қапшықты алып шығып, спиртпен жуып, қажет мөлшерге дейін жеткізеді.

 

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС СЫЗБАСЫжоғ.қараңыз

ДАЙЫН ӨНІМ ТАЛДАУЫ

Түп - нұсқалық.Препарат ерітіндісіне крахмал ерітіндісін қосады, қою-көк түзіледі (йод).

Й оди дті сутек қышқылы . 2мл препаратты бейтараптау үшін  0,3мл –ден көп емес 0,1н күйдіргіш натрий ерітіндісі жұмсалуы қажет (йодидті сутек қышқылының шекті мөлшері).

Сандық анықтау. Препарат ерітінді түссізденгенше калий йодидінің қатысында натрий тиосульфатымен титрлейді (индикаторсыз). Дайын препараттағы йод 9,5—10,5% болуы керек.

 

Салицил қышқылының спирт ерітіндісін дайындау

Фармакопеялық мақалажәне ГОСТтың номері Шикізаттың техникалық және саудалық атауы Құрамы, % Сұрыптылығы
  Салицил қышқылы Этил спирті 90% Тазартылған  су   1,0 66 33 МФ бойынша ГОСТ бойынша  

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС

Салицил қышқылын спиртте ерітіп, содан қажетті көлемге дейін тазартылған сумен жеткізеді.

 


№5 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Тұндырмалар. Қайта өңделген өсімдік шикізаттын рекуперациялау Өндірістің технологиялық сызбасы.

1.Мақсаты: тұндырмаларды дайындау.

2.Оқыту міндеттері:

- галендік препараттардың номенклатурасы, олардың жіктелуі;

- экстракцияның толық жүруіне және жылдамдығына әсер ететін факторлар;

- кептірілген және жаңа өсімдік шикізатын экстракциялау ерекшіліктері;

- экстракция процесінің қозғаушы күштері, масса алмасу заңдары, молекулалық және  

конвективтік диффузия;

- экстракциялау әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

- экстракцияға қолданылатын технологиялық қондырғылар;

- еріткіштер мен экстрагенттердің номенклатуралары мен жіктелуі, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, экстрагентке қойылатын талаптар;

- экстракциялық препараттардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

- тұндырмалардың дәрілік түр ретінде анықтамасы, жіктелуі, номенклатурасы, артықшылықтары мен кемшіліктері;

- тұндырмалар өндірісінің жалпы технологиялық схемасы, жеке тұндырмалардың технологиясының ерекшеліктері, шикізат пен экстрагенттердің қатынастары тұндырмаларды стандарттау.

1. Жазба: шүйгіншөп тамыр тамырсабағымен 200 г, спирт 70%—1 л тұндырма жасау керек.

1. Шүйгіншөп тұндырмасын дайындау:     

а) ВНИИФ әдісі бойынша—25мл

б) құйын тәрізді экстракция әдісімен — 100 г

2. Сумен шаю арқылы өңделген спиртті рекуперирлеу.

3. Технологиялық үрдістің сызбасын салу

4. Дайын өнімнің талдауын жүргізу.

2. Жазба: ащы жалбыз жапырағы 50 г, ащы жалбыз майы 50 г, спирт 90%—1 л тұндырма алғанша.

1. 25 мл жалбыз тұндырмасын перколяция әдісімен дайындау.

2. Өңделген шикізаттан спиртті рекуперлеу.

3. Технологиялық үрдістің сызбасын салу.

4. Дайын өнімнің талдауын жүргізу.

3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Щукарев—Фик теңдеуі қалай сипатталады? Белгілерге анықтама беріңіз.

2. Не экстракция үрдісінің қозғаушы факторы болып табылады? Әдісті таңдау кезінде оның маңызы.

3. Тұндырма дегеніміз не және оны қандай қатынаста дайындайды?

4. Тұндырманы дайындаудың қандай ресми әдістері бар?

5. Тұндырма дайындаудың қандай заманауи жеделдетілген әдістері бар?

6. Жалбыз тұндырмасын дайындау технологиясының қандай ерекшеліктері бар?

7. Тұндырмалардағы спирт концентрациясын қалай анықтайды?

4. Оқыту және үйрету әдістері:

Жұп болып жұмыс істеу

5.Әдебиет 6: [3-8,10, 24 силлабустан қараңыз].

6.Бақылау (сұрақтар, тестілеу үлгілері, тапсырмалар үлгілері және т.б.)

1. Галендік препараттарға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз. Олардың эволюциясы және жіктелуі.

2. Экстракциялау процесінің мәні неде? Диффузия процесінің қозғаушы күші болып не табылады (масса алмасудың)?

3. Молекулалық диффузия және заттардың конвективтік тасымалдануына салыстырмалы сипаттама беріңіз. Фик заңының диффузиялық процесс үшін және Эйнштейн теңдігінің диффузия коэффициенті үшін физикалық мәні неде?

4. Кептірілген және жас өсімдік шикізатын экстракциялаудың ерекшеліктері қандай?

5. Диффузия шығыны деген не? Оны қалай азайтуға болады?

6. Экстракциялау процесіне әсер ететін негізгі факторларды атаңыз. Бұл факторлар экстракциялаудың толықтығы мен жылдамдығына қалай әсер етеді?

7. Еріткіштер мен экстрагенттерге анықтама беріңіздер. Олардың номенклатурасы. Еріткіштер мен экстрагенттерге қандай талаптар қойылады?

8. Галендік өндірісте қолданылатын экстракциялау әдістерін атаңыз.

9. Мацерация дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Мацерация әдісін динамизациялау жолдары. Қысқаша сипаттама беріңіздер.

10. Перколяция дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Перколяторлардың қандай конструкцияларын білесіздер? Олардың салыстырмалы сипаттамасын беріңіздер.

11. Тұндырмаларға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз. Олардың жіктелуі. Қолданылуы. Тұндырмалардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Номенклатурасы.

12. Тұндырмалар өндірісі қандай технологиялық сатылардан және операциялардан тұрады.

13. Өсімдік шикізатын және экстрагентті дайындау сатысы қандай операциялардан тұрады? Тұндырмалар өндірісінде шикізат пен экстрагент қандай қатынаста алынады? Спирттің қандай концентрациялары қолданылады? Мысал келтіріңіз.

14. Өсімдік шикізатын ұнтақтау қандай аппараттарда жүргізіледі? Оларға қысқаша сипаттама беріңіздер.

15. Өсімдік шикізатын елеу қалай және не үшін жүргізіледі? Елеуіш қондырғыларға сипаттама беріңіздер.

16. Өсімдік шикізатын алдын-ала жібіту қандай мақсатта және қалай жүргізіледі? Қандай аппараттарда?

17. Тұндырмаларды алудың қандай жалпы әдістерін білесіздер? Олар қандай жағдайда қолданылады?

18. Тұндырмалар өндірісінде сығындыларды тазарту қалай жүргізіледі?

19. Еріту әдісімен қандай тұндырмалар дайындалады. Қандай жағдайда? Қандай аппараттар қолданылады?

20. Тұндырмаларды стандарттау қандай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі? Тұндырмалардың сақталу шарттары.

21. Фармацевтикалық өндірісте сұйық гетерогенді жүйелерді бөлу қандай әдістермен жүргізіледі?

22. Тұндыру қандай аппараттарда және қандай жағдайда жүргізіледі? Тұндыру процесінің қозғаушы күші болып не табылады?

23. Сүзу қандай аппараттарда жүргізіледі? Салыстырмалы сипаттама беріңіздер.Сүзгіш материалдарға қысқаша сипаттама беріңіздер.

24. Центрифугалау қандай аппараттарда және қандай жағдайда жүргізіледі? Олардың салыстырмалы сипаттамасын беріңіздер. 

Қосымша

ТҰНДЫРМАЛАР ( TINCTURAE )

Тұндырмалар өсімдік шикізатынан қыздырусыз және экстрагентті алып тастаусыз алынатын мөлдір сұйық спиртті, спиртті-сулы немесе спиртті-эфирлі бөлінділерді айтады.

Тұндырмалар күшті әсер етпейтін шикізаттардан из не сильно 1:5 қатынасында, яғни бір бөліктен 5 көлемдік бөлік тұндырма алады, ал күшті әсер етуші шикізаттардан 1:10 қатынасында дайындайды, ерекшеліктерге ие жалбыздан жасалынатын тұндырмалар 1:20 және жапондық есекмия 1:2 тұндырмасы.

Тұндырмалар алу кезінде экстрагент ретінде әр түрлі концентрациядағы (40%, 60%, 70%, кейде 30%, 95%,) этил спиртін қолданады. Тұндырмаларды алу келесі технолоялық сатылардан тұрады: шикізат пен экстрагентті дайындау, бөліндіні алу, балластты заттардан тазарту, стандарттау және қаптау.

Бөлінділерді ресми (мацерация, перколяция) немесезаманауи жылдамдатылған әдістермен (құйынды экстракция, орталықтандырылған айналдыру экстракциялы мацерация, перколяция) алады.

Бейорганикалық бөлінділерді балластты заттардан 80С температурадан жоғары емес жерде бірнеше күн тұндыру және сүзгілеу арқылы тазартады.

Тұндырмаларды сыртқы түрі, әсер етуші заттары және сандық көрсеткіштері бойынша стандарттайды. Тұндырмалардың дәмі, түсі және иісі бастапқы шикізаттарға тән болуы қажет. Әсер етуші заттардың саны физикалық, химиялық әдістер бойынша анықталады. Егер препаратта әсер етуші заттар немесе ЕД мөлшері көп екені тіркелсе, тұндырманы экстрагент немесе әсер етуші заттары мен ЕД мөлшері аздау тұндырмалармен қажетті нормаға жеткізеді. Сандық көрсеткіштерден спирт концентрациясын немесе тұндырма тығыздығын, ауыр металлдарды және құрғақ қалдықты анықтауды атап өтуге болады.

СПИРТ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ

Тұндырмалардағы спирт мөлшерін қайнау температурасы, айдау бойынша (ресми), фрактометрия бойынша, құрғақ қалдық және хлороформды әдіс бойыншаанықтайды(бейресми).

Тұндырмалардағы спирт концентрациясын қайнау температурасы бойынша анықтау

Тұндырмалардың қайтау температурасын анықтауға арналған аспаптарға:қайнатуға арналған сауыт (1), бүйірлі өсінділері бар түтікшелер (2), мұздатқыш (3) 0,1 бөлгішті сынапты термометр (4)) (сурет. 19).

Қайнатуға арналған сауытқа 40-50мл тұндырманы құяды және оның біркелкі қайнауы үшін бірнеше бөлік қыздырылған фарфор, пемза немесе шынылы капилляр салады. Сауытқа термометрді сынап дөңгелектері сұйықтық деңгейінен 2-3мм деңгейінде тұратындай етіп салады. Содан соң тұндырма құйылған сауытты қайнап тұрған сұйықтықтың бос циркуляциясына жеткенше электроплитка, газ плитасының от жанатын мойыны немесе спирт жанғышпен ақырындап қыздырады. Тұндырма қайнап бастағанда, қыздыруды төмендетеді. Қайнап бастағаннан 5 мин соң, температура тұрақты болғанда, термометр көрсеткіштерін жазып отырып, ол температураның қандай барометрлік қысымға сәйкестігін біле отыру қажет. Сосын алынған нәтижені калыпты қысымға келтіреді, себебі 43 кесте 760мм сынап.бағанасы бойынша түзілген.Әр бір 1 мм сынап.бағанасы түзетілуі 0,040С тең. 760 мм сынап бағанасынан төмен қысымда түзетуді белгіленген температураға қосады, ал 760 мм сынап бағанасынан жоғары болса алып тастайды. Содан соң 43 кесте көмегімен зерттелетін тұндырмадағы спирттің пайыздық мөлшерін анықтайды.

 

ҚҰРҒАҚ ҚАЛДЫҚТЫ АНЫҚТАУ

5 мл тұндырманы таза, құрғақ немесе тұндырмамен шайылған тамызғыш (пипетка) өлшеп алады. Алдын ала тұрақты салмаққа жеткенше құрғатып алынған ұзындығы 2-3см, диаметрі 5-6см бюксқа көшіреді. Тұндырманы су моншасында буландырып, кептіргіш шкафта 100-1050С температурада 2 сағ кептіреді. Сосын бюкс қақпағын жауып, эксикаторға көшіріп 1сағ. кем емес уақыт бойына ұстап тұрады да өлшейді. Құрғақ қалдық салмақ-көлемдік пайыз түрінде көрсетіледі.

АУЫР МЕТАЛЛДАРДЫ АНЫҚТАУ

5 мл тұндырманы құрғағанша буландырып, концентрлі күкірт қышқылын қосып, абайлап кұйып алады және қыздырады. Алынған қалдықты қыздыру барысында 5 мл қаныққан аммоний ерітіндісімен өңдейді, зольсіз сүзгі арқылы сүзіп, оны 5мл сумен шаяды да сумен 100мл-ге жеткізеді.

Алынған 10мл ерітіндіге 1 мл сұйылтылған сірке қышқылын, 1-2 тамшы натрий сульфиді ерітіндісін қосып, араластып, бірнеше минуттан соң эталонмен салыстырады.

Қорғасын тұзының ерітіндісі концентрациясына байланысты натрий сульфиді ерітіндісімен қара тұнба немесе қоңыр түс береді.

Түсті байқау диаметрі 1,5см болатын, ақ бетке орнатылған түтік осі бойынша жүргізіледі.

Зерттелетін ерітіндіде пайда болған бояу эталоннан аспауы қажет. Тұндырмалардағы ауыр металл ұйғарында мөлшері 0,001 %.

Сақталуы.Жарықтан қорғалған жерде, жақсы тығындалған бөтелкелерде.

Сақталу кезінде түскен тұнбаны сүзіп, сапасын бақылаудан өткен соң орнатылған талаптарға сәйкес келсе, қолдануға жарамды деп есептелінеді.

 

ӨҢДЕЛГЕН ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН СУМЕН ШАЮ АРҚЫЛЫ СПИРТТІ РЕКУПЕРИРЛЕУ

 

Азыңқы өсімдік материалы салынған перколяторды сумен толтырып, жайлап ағызып, шайылған суды цилиндрге жинайды. Перколятордан сұйықтықтың ағу жылдамдығын мына формуламен есептейді: 

мұндағы V — ағып шыққан сұйықтық көлемі, мл/мин

h — шикізат бағанасының биіктігі, см,

г —перколятор радиусы, см.

Шикізатқа тоқтаусыз перколятордан ағып шығу жылдамдығына тең жылдамдықпен су түседі. Су перколятордың үстіне орнатылған бөлгіш воронкадан шығады.

Перколяция кезінде ұдайы шикізат үстінде «айна»деңгейі сақталуы қажет. 100 г күнжарадан 500мл су шайынды алады, ол шайындыдан температураны есепке ала отырып шыны спиртомермен спирт көрінісін анықтайды. Сосын 20°С температурадағы спирт мөлшерін ГОСТтың 3 кестесі бойынша анықтайды. Рекуператта спирттің едәуір мөлшері болған жағдайда қайта есептеуді абсолютті спиртпен 5 кесте көмегімен жүргізіледі

Жұмыс нәтижесі  

Рекуперат саны, мл ___________

Шыны спиртомер көрсеткіші______

Рекуперат температурасы _____________

Спирт концентрациясы 20 °С-та ________

100% (абс.) спирт саны, мл ______

 

Спирт концентрациясын сулы-спиртті қоспадан 760 мм. сын . бағанасы қысым кезінде қайнау температурасы бойынша анықтау

t0.қайнау,С Көлем бойынша спирт% t0қайнау,С көлемі бойынша спирт% t0.қайнау,С көлемі бойынша спирт% t0.қайнау,С көлемі бойынша спирт%
92,0 91,5 91,1 91,7 90,5 90,0 89,5 89,1 88,8 88,5 88,1 87,8 87,5 87,2   11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24   84,9 84,6 84,4 84,3 84,2 84,1 83,9 83,8 83,7 83,5 83,3 83,2 83,1 83,0 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48   81,9 81,8 81,7 81,6 81,5 81,4 81,3 81,2 81,1 81,0 80,9 80,8 80,7 80,6 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72   79,45 79,4 79,3 79,2 79,1 79,0 78,85 78,8 78,7 78,6 78,5 78,3     84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95    

ӨҢДЕЛГЕН ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН СУ БУЫМЕН АЙДАУ АРҚЫЛЫ СПИРТТІ РЕКУПЕРИРЛЕУ

Күнжараны бір жағынан бутүзгіш, екінші жағынан-мұздатқышпен байланысқан айдағыш колбаға көшіреді.

Жұмыс басталмас алдын бутүзгішке ¾ көлемде су құяды. Бутүзгішке қарқынды бу ағыны өтетіндей жағдай жасау қажет, ол бу өз кезегінде күнжарасы бар колбаға түседі. Өңделген шикізаты бар колбаны қыздыру үшін, конденсаттың жиналуының алдын алу мақсатында су моншасына салады. Айдандыны қабылдағышқа жинайды. 100 г күнжарадан  300 мл көлемінде айданды жинайды. Жұмыс аяғында оның көлемін, температурасын және шыны спиртомермен спирт концентрациясын анықтайды.

Спирт пайыздық мөлшерін ГОСТтың 3 кестесі бойынша, абсолютті спирт 5 кесте көмегімен жүргізіледі

Айдандыны оқытушыға тапсырады.

Жиналған айдандыны тек аттас препараттарды алуға ғана қолдануға болады, себебі спиртпен бірге өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттарда ілесе шығады. Айдандыдағы спирт мөлшерінің аздығына және балластты заттардың болуымен байланысты (көбіне шикізатты сумен шаю әдісімен) кейде айданды көбіне жоғары концентрациялы спирттерді(92—96%) қосымша заттардан тазартып алу үшін ректификацияны қажет етеді.

 

ҚР МФ ІІ 730 бет ШҮЙГІНШӨП ТҰНДЫРМАСЫ(TINCTURA VALERIANAE)

Дайын өнім сипаттамасы. Мөлдір қызғылт-қоңыр түсті (күн сәулесінің әсерінен қараяды), өзіне тән хош иісті және тәттілеу-қышқыл татымды дәмді сұйықтық.

Құрғақ қалдық 3%-кем емес, спирта 65%-дан кем емес, валериан қышқылы 0,2%-кем емес.

Орамдау.Шыны баллондарда 20 л-денжәне флакондарда 25—50 мл-ден.

Сақталуы. Салқын, жарықтан қорғалған жерде жақсы тығындалған тарада.

Қолданылуы.Жүйке қозғыштығы, жүрек-қан тамыр жүйесінің неврозы, ұйқысыздық, асқазан-ішек трактынының спазмы кезінді тыныштандырғыш зат ретінде. Ішке 20—30 тамшыдан күніне 3—4 рет.

Бастапқы шикізаттың сипаттамасы

Фармакопеялық мақала және ГОСТтың номері Шикізаттың техникалық және саудалық атауы Құрамы, % Сұрыптылығы
ҚР МФ ІІ 730 бет   ҚР МФ ІІ 577 бет   Шүйгіншөп тамырсабағы мен тамыры     Этил спирті   Экстрактивті заттар 25,0кем емес Ылғалдылығы кем емес 15,0 96,2-дан кем емес   МФ бойынша   ГОСТ бойынша  

 

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС

Тұндырмаларды ВНИИФ әдісімен дайындау

Жұмыс алдында перколятор түбіне құбырдың шикізатпен ластануын алдын алу үшін 3-4 қабатты дәке бөлігін орналастырады. Дәкені экстрагентпен сулайды.

5 г ұсақталған шүйгіншөптің тамырсабағы бар тамырын (1—8 мм) шаңнан елейді және перколяторға біркелкі жайып қояды. Өсімдік материалдарының бетіне қалқып шығуының алдын алу үшін материал үстіне сүзгі қағазынан дөңгелек жасап немесе фарфор бөлігі түрінде дәке майлығын (4 қабат) қолданады.

Экстрагентті перколятор қабырғасымен ақырындап құяды. Қабылдағыштан ағып шыққан сұйықтықты перколяторға қайта құяда, кранды бекітіп 1—2 см қалыңдықты шикізаттың үстіне экстрагентпен «айна» беттес болғанша толтырады. Перколяторды екі қабатталған полиэтиленмен жауып, 24 сағатқа қатпарлануы үшін қалдырады.Белгіленген уақыт өткеннен соң тұндырманың ¼, яғни  6,25 мл цилиндрге құйып алады. Бірінші құйып алудан соң перколяторға «айна» беттес пайда болғанша экстрагентті екінші қайтара құяды. 1,5 сағаттан соң дайын өнімнің  екінші құйып алуын, біріншісі сияқты мөлшерде жүргізеді. Тағы да экстрагент құйып , 1,5 сағаттан соң осыған ұқсас үшінші және төртінші құйып алуды жүргізеді.

Барлық жиналған бөлінділерді берік кептелген тығыны бар склянкаға салады (олардың көлемі 25мл-ге дейін болады) және балластты заттардан тазарту үшін салқын жерде (8—10°) 2 тәулікке қалдырады. Сосын тұндырманы құрғақ қатпарлы сүзгі арқылы сүзеді.

 

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТІҢ СЫЗБАСЫ жоғ.қараңыз

ДАЙЫН ӨНІМ ТАЛДАУЫ

Құрғақ қалдық 3% кем болмауы керек (қара.Тарау 8. Тұндырмалар).

Спирт концентрациясын қайнау температурасы бойынша анықтайды. Спирт 65%-дан аз болмауы керек (қара.Тарау 8. Тұндырмалар).

Тазалығы. Ауыр металлдар мөлшері 0,01%-дан артық болмауы керек

(қара.Тарау 8. Тұндырмалар).

Сандық анықталуы. 10 мл препаратқа 150 мл су құйып,  0,1 н. күйдіргіш натрий ерітіндісімен титрлейді (индикатор—фенолфталеин, 10 тамшы).

1 мл 0,1 н. күйдіргіш натрий ерітіндісі препаратта 0,2 %-дан кем болмауы қажет 0,01021 г валериан қышқылына сәйкес келеді.

 

Технологиялық үрдістің сызбасы

Алынды        Сатылар және операциялар                    Шықты

Спирт 96,2-96,5% 70% спирт дайындау Спирт 70%

Су

 

Шүйгіншөп тамырсабағы мен тамыры   Шикізатты ұсақтау және елеу

Бірінші мацерация бірінші құйып алу

 

Екінші мацерация Екінші құйып алу

 

Үшінші мацерация Үшінші құйып алу

Төртінші мацерация   Төртінші құйып алу

Тұндыру

Сүзгілеу
Стандарттау

Қаптау Дайын өнім

 

МФ Х, 689 бет . АЩЫ ЖАЛБЫЗ ТҰНДЫРМАСЫ ( TINCTURAMENTHAEPIPERITAE )

Дайын өнім сипаттамасы. Мөлдір жасыл түсті,ащы жалбыз иісі мен дәмі бар сұйықтық. Спирт81%-дан кем емес. Тұндырмадағы жалбыз мөлшері—5%. 

Орамдау. Шыны баллондарда 20 кг флаконах по 10, 15, 25 мл.

Сақталуы. Жақсы тығындалған баллондарда, жарықтан қорғалған жерде.

Қолданылуы.Невралгиялық ауруларда ауырсынуды басатын зат ретінде. Құсу және лоқсуға қарсы, микстурадағы корригент ретінде 10—15 тамшыдан қолданылады. Бұл тұндырма «жалбыз тамшылар» атымен белгілі.

 

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС

Жұмыс алдында перколятор түбіне құбырдың шикізатпен ластануын алдын алу үшін 3-4 қабатты дәке бөлігін орналастырады (сурет. 22).

1,25 г ұсақталған ащы жалбыз жапырақтарын (1—8 мм) шаңнан елеу арқылы тазалап алып, берік кептелген тығыны бар кең мойынды банкаға орналастырады және 2—2,5 мл 90% спиртпен суландырады. Шикізатты біркелкі суландыру мақсатында шыны таяқшамен араластырып, ісінуі үшін 4 сағатқа қалдырады. Содан соң ісінген жапырақты перколяторға өткізеді, тығыздап, өсімдік материалдарының қалқуының алдын алу үшін үстінен сүзгі қағаз бөлігін салады және фарфор бөлігі түрінде жүк қояды.

 

Экстрагентті перколятор қабырғасымен ақырындап құяды. Қабылдағыштан ағып шыққан сұйықтықты перколяторға қайта құяда, кранды бекітіп 1—2 см қалыңдықты шикізаттың үстіне экстрагентпен «айна» беттес болғанша толтырады. Перколяторды екі қабатталған полиэтиленмен жауып, 24 сағатқа қатпарлануы үшін қалдырады. Тәулік өткеннен соң бөліндіні перколяция жасайды.

46 кесте

Бастапқы шикізаттың сипаттамасы

Фармакопеялық мақала және ГОСТтың номері Шикізаттың техникалық және саудалық атауы Құрамы, % Сұрыптылығы
  ҚР МФ ІІ 693 бет   МФ Х, 477бет   ҚР МФ ІІ 577 бет   ҚР МФ ІІ 475 бет     Ащы жалбыз жапырағы   Ащы жалбыз майы   Этил спирті   Тазартылған  су Эфир майы 1,0-дан кем емес Ылғалдылығы 4,0-ден кем емес Ментол мөлшері 46-дан кем емес. Күрделі эфирдегі ментол 50,0-ден кем емес; Тығыздығы 0,900-0,950   96,2-дан кем емес   рН 5,0—6,8 МФ бойынша   --------   ГОСТ бойынша     МФ бойынша  

Шикізатқа тоқтаусыз перколятордан ағып шығу жылдамдығына тең жылдамдықпен су түседі. Су перколятордың үстіне орнатылған бөлгіш воронкадан шығады. Жиналған бөлінді көлемі 22,5 мл-ді құрауы қажет, яғни жалпы тұндырманың 90% -ы.

Сосын цилиндрге тамызғышпен 1,39 мл жалбыз майын қосады, ол масса бойынша 1,25г құрайды ( V=1.25 =1.39 мл) және 25 мл тұндырманы алғанша перколяция жасайды.

0.90

Алынған бөліндіні склянкаға қайта құйып салқын жерде (8—10°С) бірнеше тәулікке қалдырады. Сосын тұндырманы құрғақ склянкаға қатпарлы сүзгі арқылы сүзеді. Стандарттайды және дайын өнім ретінде тапсырады. Өңделген шикізаттан спиртті сумен шаю арқылы рекуперирлейді.

 

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТІҢ СЫЗБАСЫ жоғ.қараңыз

ДАЙЫН ӨНІМ ТАЛДАУЫ

Спирт концентрациясы Спирт концентрациясын қайнау температурасы бойынша анықталады. Спирт 81 %-дан аз болмауы керек.

Тазалығы. Ауыр металлдар мөлшері 0,01%-дан артық болмауы керек

Сандық анықталуы методом высаливания. 10 мл препаратты 100 мл колбаға эфир майын анықтау үшін орналастырады, 10 мл сұйылтылған күкірт қышқылын және 60 мл қаныққан натрий хлориді ерітіндісін қосады. Колбаны тығынмен тығындап, 15 минуттай жақсылап шайқайды да, 25—30 °С температуратурада 1-2сағаттай тұнуға қалдырады .

Барлық эфир майлары сұйықтықтың бетіне шыққанда, ақырындапқанныққан натрий хлориді ерітіндісін, эфир майы қабаты колбаның градуирленген бөлігінің кеңістігіне шыққанша, қосады, содан соң эфир майы қабаты сулы қабаттан толық бөлінгенше тұндырып қояды.

Жоғарғы қабат 0,60—0,65 мл болуы қажет, яғни ол препараттағы 5% жалбыз майының бар екенін көрсетеді.

 

 

Сурет

 


№6 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Сұйық экстракттар. Экстрактардың түрлері және алу әдістері.

1.Мақсаты: сұйық экстрактарды дайындау

2.Оқыту міндеттері:

-экстракциялаудың теориялық негіздері;

- экстрактардың консистенция бойынша және экстрагенттің табиғаты бойынша жіктелуі;

- сұйық экстрактардың алыну тәсілдері;

- сұйық экстрактар өндірісінде қолданылатын аппараттар;

- сұйық экстрактарды стандарттау әдістері.

- сұйық экстрактар өндірісіне лабораториялық регламент құрастыру және экстрагентті     

  дайындау үшін қажетті есеп жүргізу;

- сұйық экстрактарды перколяция және реперколяция тәсілдерімен алу;

- сұйық экстрактарды стандарттау.

 

1. Жазба: ұсақталған итшомырт қабығы 1000 г, спирт 70% —1 л экстракт алғанша.

1. Перколяция әдісімен 25 мл итшомырттың сұйық экстрактын алу.

2. Технологиялық үрдістің сызбасын салу.

3. Өңделген шикізаттан спиртті рекуперлеу.

4. Дайын өнімнің талдауын жүргізу.

 

2. Жазба: ұсақталған ақшатыр қабығы 1000 г, спирт 50% —1 л экстракт алғанша.

1. Құйынды экстракция әдісімен 60 мл ақшатыр сұйық экстрактын алу.

2. Технологиялық үрдістің сызбасын салу.

3.Дайын өнімнің талдауын жүргізу.

3. Жазба: ұсақталған жебіршөп шөбі 1000 г, глицерин 100г, спирт 30% —1 л экстракт алғанша.

1. ВНИИФ әдісімен 30 мл жебіршөп сұйық экстрактын алу.

2. Технологиялық үрдістің сызбасын салу.

3. Дайын өнімнің талдауын жүргізу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Экстракттарды консистенциясы бойынша қалай жіктейді?

2. Сұйық экстракт алудың қандай әдістері бар?

3. Перколяция әдісімен тұндырма алу мен сұйық экстакт алудың қандай айырмашылығы бар?

4. Сұйық экстракт дегеніміз не және оларды қандай қатынаста дайындайды?

5. Реперколяция әдісінің қалай жүреді және оның артықшылығы неде?

6. Экстракттарды қалай стандарттайды?

3. Оқыту және үйрету әдістері:

Жұп болып жұмыс істеу

4.№Әдебиет: [3-8,10, 24 силлабустан қараңыз].

5.Бақылау (сұрақтар, тестілеу үлгілері, тапсырмалар үлгілері және т.б.)

1. 1,2% илік заттары бар 80л су бұрышы сұйық экстрактын қалай нормаға (0,85%) келтіруге болады?

2. Неге сұйық экстракт перколяция кезінде 85% перколятты бөлек жинайды?

3. Аяқталған циклді әдістің мәні неде?


Қосымша

СҰЙЫҚ ЭКСТРАКТТАР (EXTRACTA FLUIDA)

Сұйық экстракттар өсімдік шикізатынан алынатын спиртті концентрлі сығынды болып табылады. Экстрагент ретінде тек әр түрлі концентрациялы этил спирті қолданылады. Сұйықты 1:1 қатынасында дайындайды, яғни 1 бөлік күшті әсерлі емес өсімдік шикізатынан бір бөлік экстракт алады.

Сұйық экстрактты алу келесі технологиялық сатылардан тұрады: шикізат пен экстрагентті дайындау, бөліндіні алу, балластты заттардан тазарту, стандарттау и қаптау. Өндірісте өсімдік шикізатын бөлшек өлшеміне дейін ұсақтайды, 1—8 мм. Экстрагентті арнайы өлшеуіштерде дайындайды.

Бөлінділерді ресми (мацерация, перколяция және құрғақ экстраттарды еріту) немесе бейресми (ВНИИФ әдісі бойынша, құйынды экстракция, айналмалы соңынан шикізатты пресстеу мацерациясы) алады.

Бөлінділерді балластты заттардан 80С температурадан жоғары емес жерде бірнеше күн тұндыру және сүзгілеу арқылы тазартады.

Сұйық экстракттарды сыртқы түрі, әсер етуші заттары және сандық көрсеткіштері бойынша стандарттайды. Тұндырмалардың дәмі, түсі және иісі бастапқы шикізаттарға тән болуы қажет.

Әсер етуші заттардың саны физикалық, химиялық әдістер бойынша анықталады. Егер препаратта әсер етуші заттар мөлшері көп екені байқалса, экстрактты экстрагентпен қажетті нормаға жеткізеді.

Сандық көрсеткіштерден спирт концентрациясын немесе тығыздығын, ауыр металлдарды және құрғақ қалдықты анықтауды атап өтуге болады.

СПИРТ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ

Сұйық экстракттардағы спирт мөлшерін айдау бойынша (ресми), немесе рефрактометрия бойынша (бейресми) анықтайды.

Айдау бойынша сұйық экстракттағы спирт мөлшерін анықтау (дистилляционды әдіс). Көлемі 200-250мл дөңгелек түпті колбаға экстракттың нақты мөлшерін өлшейді. Препараттан зерттеуге алынатын зат мөлшері экстрагенттің бастапқы концентрациясына байланысты болады (сурет. 23).

Экстракттағы спирт 20%-ға дейін болса 75 мл, ал 20%-дан 50% -ға дейін болса— 50 мл , одан жоғары болса — 25 мл. Соңғы екі жағдайда үстіне 75мл-ге жеткенше су құяды.

 

 

 

Біркелкі қайнауы үшін бірнеше бөлік қыздырылған фарфор, немесе шынылы капилляр салады. Егер сұйықтық қатты көбіктенсе, фосфор немесе күкірт қышқылын қосады (2—3 мл кальций хлориді, парафин немесе балауыз (2—3 г). Сұйық экстракты бар колбаны тығынмен жабады, асбесттті торы бар плиткаға орналастырап, мұздатқышпен, қабылдағышы бар форштоспен байланыстырады — өлшеуіш колбасы 50 мл. Қабылдағышты стақанға сүңгітіп, 48 мл-дей айданды жинайды. Оның температурасын тексеріп, қажет болған жағдайда 200С-қа жеткізеді, сосын 50мл-ге дейін сумен жеткізеді. Айданды мөлдір немесе аздап бұлыңғыр болуы керек. Содан соң пикнометр комегімен айдандының тығыздығын анықтайды (әдістемесін төменнен қараңыз) және алкоголеметриялық XI кестесінен спирт көлемін тауып келесі формуламен есептейді:

 

 

мұндағы х —препараттағы спирт мөлшері пайыздық көлембойынша, 50 — айданды көлемі мл, а — айдандыдағы спирт мөлшері пайыздық көлембойынша, b— зерттеуге алынған сұйық экстракт көлемі, мл.

Ескертпе. Егер препарат құрамында ұшқыш зат болса, оны алдын ала өңдеп алады. Мысалыпрепараттағы эфир майын тең көлемді қаныққан натрий хлориді және петролей эфирімен шайқайды. Ұшқыш қышқылдар болған жағдайда оларды сілті ерітіндісімен бейтараптайды, ал ұшқыш сілтілі қышқыл болса — фосфорлы немесе күкірт қышқылдарымен өңдеп алыпайдау жүргізеді.

ПИКНОМЕТРМЕН СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Таза, құрғақ пикнометрді өлшейді және 0,0002 г дәлдікпен , белгіге дейін дистилденген сумен толтырады, тығынмен жауып судың тұрақты-20°С температурасында 20 минут термостатта ұстайды. Содан соң оны термостаттан алып аналитикалық таразыда шыны астында 10мин қалдырады және 0,0002 Т дейін дәлдікпен өлшейді.

Пикнометрді судан босатып, кептіріп, эфир және спиртпен шаяды, ауаны үрлеп эфир калдығын алып тастап, пикнометрді зерттелетін препаратпен толтырады да, дистилденген сумен жасаған операцияны тура қайталайды. Тығыздығын ρ20мына формуламен есептейді:

мұндағыp —бос пикнометр салмағы, г,

mi — суы бар пикнометр салмағы, г,

та — зерттелетін сұйықтығы бар пикнометр салмағы, г,

0,0012 —барометрлік қысымы 760 мм сынап бағанасы., температурасы 20°С болғандағы ауа тығыздығы

0,99703 —20°С температурасында ауа тығыздығын есепке ала отырып су тығыздығы.

Бұл әдісті 0,001-ге дейін дәлдікте тығыздықты анықтауда қолданылады.

АРИОМЕТРМЕН ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ

Ол үшін 100мл цилиндрге зерттелетін экстрактты салады және сұйықтықтың температурасы 20°С болғанда абайлап күтілетін тығыздық мөлшері көрсетілген таза құрғақ ареометрді салады.

Ол бос жүзіп жүргені белгілі болмағанша ареометрді қолдан босатпайды. Соның арасында оның цилиндрдің қабырғасы мен түбіне тимей тұрғанын қадағалау қажет. Есепті ариометр сүңгігеннен соң 3—4 мин жүргізеді.

ҚҰРҒАҚ ҚАЛДЫҚТЫ АНЫҚТАУ

Әдістемесін қара.Тарау «Тұндырмалар», бірақ тұндырмалардан қарағанда массаны 3сағаттай кептіреді.

АУЫР МЕТАЛЛДАРДЫ АНЫҚТАУ

1 мл сұйық экстрактты алып, ауыр металлдарды анықтау үшін тұндырмаларда сипатталған әдістеме бойынша жүргізеді. Сұйық экстракттардағы ауыр металлдың шекті мөлшері.

Сақталуы. Сұйық экстракттарды жақсы тығындалған сауыттарда, жарықтан қорғалған жерде 12—15°Стемпературада. Сақтау кезінде тұнба түсуі мүмкін. Егер тұнбаны сүзгілегеннен соң ол барлық талаптарға жауап берсе, оны ары қарай қолдануға болады.

Сұйық экстракттардытамшылап қолданады. Сонымен қатар олар әр түрлі микстуралардың құрамына кіреді

 


 

 

№6 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Қою және құрғақ эстрактар. Экстракт-концентраттар. Қою және құрғақ экстракттарды дайындау.

1.Мақсаты:студенттерге қою және құрғақ экстракттарды алуды, стандарттауды жүргізу, экстрактивті заттардың материалдық баллансын құруды үйрету.    

2.Оқыту міндеттері:

1. Жазба:тазаланбаған кесектелген мия тамыры, 0,25% аммиак ерітіндісі — қажет мөлшерде.

Мия тамырының қою экстрактын 20 г шикізаттан бимацерация әдісімен алу.

Технологиялық үрдістің сызбасын салу.

Дайын өнімнің талдауын жүргізу.

2. Жазба: жалбызтікен тамырсабағынан перколяция әдісімен қою экстракт алу.

Технологиялық үрдістің сызбасын салу.

Дайын өнімнің талдауын жүргізу.

3.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Реперколяция әдісінің мәні неде. Оның түрлері.

2. 2.Ағынға қарсы экстракциялау әдісінде қандай құрылғылар қолданылады?

3. Қандай буландырушы құрылғылар белгілі?

4. Қандай кептіру әдістері белгілі?

5. Экстрактты балластты заттардан қалай тазалайды?

6. 6 Экстракттарды алуда қандай экстрагенттер қолданылады және оны таңдау неге негізделген?

7. Ағынға қарсы экстракциялау әдісі басқа әдістермен салыстырғанда қандай артықшылыққа ие?

8. Қандай экстракттарды дайындау өндірісінде су, сұйылтылған спирт, эфир және хлороформды су қолданылады?

9. Булау кезінде қандай жанама құбылыс пайда болады?

4. Оқыту және үйрету әдістері:

Жұп болып жұмыс істеу

5.Әдебиет: [3-8,10, 24 силлабустан қараңыз].

6.Бақылау (сұрақтар, тестілеу үлгілері, тапсырмалар үлгілеріи пр.)

1. Экстрактардың анықтамасын беріңіз. Консистенциясы және қолданылуы бойынша жіктелуі. Номенклатурасынан мысал келтіріңіз.

2. Қою және құрғақ экстрактарды алудың жалпы технологиялық сатыларын атаңыз.

3. Қою және құрғақ экстрактардың сығындыларын алу тәсілдері. Бөлшекті мацерацияның мәні неде. Қандай аппараттар қолданылады.

4. Қайнаған суды кейбір жағдайларда не үшін қолданады?

5. Кейбір жағдайларда неге суға аммиак және хлороформ қосылады?

6. Перколяция және реперколяция әдістерінің ерекшеліктері. Қандай аппараттар қолданылады?

7. Циркуляциялық экстракцияның ерекшелігі неде? Қандай қою экстракт осы әдіспен алынады? Экстрагент ретінде не қолданылады? Алынған экстракты қалай стандарттайды? Нормаға дейін қалай жеткізеді?

8. Үздіксіз қарсы ағынды экстракцияның артықшылықтары мен кемшіліктері. Қолданылатын аппараттар. Құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

9. Сығындыны қоюландыру қалай жүргізіледі? Қолданылатын аппараттар. Қандай буландырғыш қондырғыларды білесіз? Жұмыс істеу принциптері.

10. Кептіргіштердің қандай түрлерін білесіз? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

11. Алдын-ала қоюландырылған сығындыны кептіру қалай жүргізіледі? Ол үшін қандай кептіргіш қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

12. Сығындыны алдын-ала қоюландырусыз кептіру қалай жүргізіледі? Ол үшін қандай аппараттар қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

13. Қою және құрғақ экстрактарды стандарттау қалай жүргізіледі?

14. Сулы үшжапырақтың, еркек усасырдың, мия тамырының, жусанның қою экстракттарының жеке технологияларын айтып беріңіз.

15. Кептіру дегеніміз не? Кептіру процесі қандай периодтардан тұрады?

16. Кептіргіштердің түрлері.

17. Қандай кептіргіштер конвективтіге жатады (ауамен)? Жұмыс істеу принциптері мен конструктивті құрылысының ерекшелігі.

18. Қандай кептіргіштер контактіліге жатады? Жұмыс істеу принциптері мен конструктивті құрылысының ерекшелігі.

19. Кептірудің қандай арнайы тәсілдерін білесіздер? Олар қалай жүзеге асады? Қандай жағдайда қолданылады?

Ситуациялық есеп:

1. 200 кг стандартты шиізаттан (0,3%) қанша кг итжидек(0,75%) құрғақ экстракты алынады?

2. 100 кг экстракта мужского папоротника, содержащего 30% филицин бар (МФ бойынша 25%) 100 кг еркек усасыр экстрактын нормаға қалай және немен жеткізеді?

 


Қосымша

ҚОЮ ЖӘНЕ ҚҰРҒАҚ ЭКСТРАКТТАР (EXTRACTA SPISSA ЕТ SICCA)

Қою және құрғақ экстракттар— экстрагентті жекелей немесе толық жою арқылы қоюландырылған өсімдік шикізатынан алынатын концентрлі сығындылар.

Қою экстракттар ылғалдылығы 25% кем емес, жіп секілді созылмалы тұтқыр массы.

Құрғақ экстракттар —ылғалдылығы 5% кем емес үгілмелі масса.

Экстрагент ретінде су, әр түрлі концентрациялы спирт, эфир, жандырылған көмірқышқыл ғаздары қолданылады. Кейбір жағдайларда экстрагентке қышқылдар, сілтілер, глицерин, хлороформ қосады.

Қою және құрғақ экстракттарды өндіру келесі технологиялық сатылардан тұрады: шикізат пен экстрагентті дайындау, бөліндіні алу, балластты заттардан тазарту, булау, кептіру (құрғақ экстракттарда), стандарттау және қаптау.

Бөлінділерді әр түрлі жолмен алады — мацерация, бисмацерация, перколяция, реперколяция, циркуляция,қарсы ағынды әдістер және т.б. Бөлінділерді балластты заттардан 80С температурадан жоғары емес жерде бірнеше күн тұндыру және сүзгілеу, адсорбент қосу немесе спиртпен тазарту, денатурация, қатыру және т.б. әдістермен жүргізіледі.

Булау мен кептіру сәйкес вакуум-булау және вакуум-кептіргіш құрылғыларда жүргізіледі.

Қою және құрғақ экстракттарды сыртқы түрі, әсер етуші зат мөлшері және сандық көрсеткіштері бойынша стандарттайды.

Әсер етуші заттар мөлшерін химиялық және биологиялық әдістермен анықтайды. Әсер етуші заттар немеме ЕД мөлшері көп болған жағдайда, қою экстракттарды нормаға декстрин, қызылша қанты, патокпен келтіреді, ал құрғақ экстракттарды сүт қанты, декстрин және т.б. индифферентті заттармен сұйылтады.

Сандық анықтаулар ішінде ауыр металл мен ылғалдылықты анықтауды қолданады.

Ауыр металлдарды анықтау. 1 г препаратты алып ауыр металл мөлшерін тұндырмалар тарауында көрсетілген әдістеме бойынша жүргізеді.

Ылғалдылығын анықтау. 1 г препаратты (нақты өлшем) кептіргіш шкафта 100—105°С тұрақты массаға дейін кептірелі. Масса жоғалтымы құрғақ үшін 5%-ден артық, қою экстракттар үшін 25%-дан артық болмауы қажет.

Сақталуы. Барлық экстракттарды жақсы тығындалған ыдыста, жарықтан қорғалған жерде, қоюды —12—15°С, құрғақты — герметикалы жабық сауытта сақтаған жөн.

Қолданылуы. Қою экстракттар ұнтақтар, таблеткалар, суппозиторий, пилюлялар және т.б. құрамына кіреді.

Қою экстракттарды қолдану ыңғайлылығы үшін олардан ерітінді дайындауға рұқсат етіледі. Ол үшін 100 г қою экстракттан 100 г қоспа алады, оның құрамында 10г спирт, 30 г глицерин және 60 г су болады. Ерітіндіні 15 күн ішінде қолдану керек.Оны қою экстракт қатынасында екі есе мөлшерде қолданады.

Құрғақ экстракттар (ойран, рауғаш, итшомырт, шүйгіншөпжәне т.б.) таблетка түрінде шығарылады немесе шәрбәт немесе тұндырма дайындау үшін қолданады (сабура, чилибухс экстракты).

МФ Х, ст. 261. МИЯ ТАМЫРЫНЫ ҚОЮ ЭКСТРАКТ Ы ( EXTRACTUM GLYCYRRHIZAE SPISSUM )

ҚОЮ МИЯ ТАМЫРЫ ЭКСТРАКТ Ы (EXTRACTUM LIQUIRITIAE SPISSUM)

Дайын өнім сипаттамасы .Қою қоңыр түсті, тәтті,өзіне тән иісі бар, татымды тәтті дәмді масса. Сумен шайқағанда коллоидты, қатты көпіретін ерітінді пайда болады. Ылғалдылығы 25%-дан кем емес. Глицирризин қышқылы мөлшері 14% -ден кем емес.

Орамдау .Тығыны бар, парафинмен толтырылған шыны банкаларда, құрғақ жерде шикізатты тығыздап, өсімдік материалдарының бетіне қалқып шығуының алдын алу үшін материал үстіне сүзгі қағазынан дөңгелек жасап немесе фарфор бөлігі түрінде дәке майлығын қояды.

Экстрагентті перколятор қабырғасымен ақырындап құяды. Қабылдағыштан ағып шыққан 40%спиртті перколяторға қайта құяда, кранды бекітіп 1—2 см қалыңдықты шикізаттың үстіне экстрагентпен «айна» беттес болғанша толтырады. Перколяторды екі қабатталған полиэтиленмен жауып, 24 сағатқа қатпарлануы үшін қалдырады.Белгіленген уақыт өткеннен соң экстрактты склянкаға есептелген жылдамдықпен перколяция жүргізеді.

Балластты заттардан тазарту салқын жерде бірнеше күн тұндырып, қатпарлы сұзгі арқылы сүзгілеу арқылы жүргізіледі. Содан соң перколятты айдағыш құрылғыға орналастырады да, спиртті айдайды.

Сулы қалдықты қою консистенцияға дейін вакуум-булаушы құрылғы арқылы булайды.

 

ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ТАЛДАУЫ

Ылғалдылығы 25%-дан көп болмауы керек.

Тазалығы. Препараттағы ауыр метал 0,01%-дан артық болмауы керек.

Қолданылуы.Пилюляны дайындауда constituensретінде, сонымен қатар көкірек эликсирі және мия тамыры шырынының құрамына кіреді.

 

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС

10 г ұсақталған мия тымырын шаңнан елеу арқылы тазалап алып, берік кептелген тығыны бар кең мойынды банкаға орналастырады.

5-есе мөлшердегі 0,25% аммиак ерітіндісін (50 мл) құяды да, 48 сағат жиі араластыра отырып тұндырады. Белгіленген уақыт өткеннен соң бөліндіні құйып алып, екі қабатты дәке арқылы аздап сығады. Сығылған шикізатты тағы да банкаға салып, үш есе мөлшердегі экстрагентпен екінші қайтара 24 сағат тұндырады. Сосын бөліндіні құйып алып, шикізатты сығады. Екі бөліндіні қосады және балластты заттардан тазарту үшін 12 сағатқа салқын жерде қалдырады, содан соң сүзгілеп, 3 сағаттай қайнатады, қайнатылған бөліндіге алдын ала сумен ботқа түрге келтіріліп араластырып алынған, 5% каолин қосады және 3 тәулікке салқын жерге қалдырады. Мөлдір сұйықтықты құйып алып, сүзеді. Бөліндіні қою консистенция болғанға шейін вакуум-булауыш құрылғыдақоюландырады. Дайын өнім массасын анықтап, глицирризин қышқылын сандық анықтағанна соң, қажет болған жағдайда паток қосады.

 

Бастапқы шикізаттың сипаттамасы

Фармакопеялық мақала және ГОСТтың номері Шикізаттың техникалық және саудалық атауы Құрамы, % Сұрыптылығы
ҚР МФ ІІ 713 бет     МФ IX, 464 бет   ҚР МФ ІІ 577 бет   МФ Х, 109 бет   Мия тамыры     Аммиак ерітіндісі   Дистилденген су   Ақ балшық(каолин)   Экстрактивті заттар 25,0-тен кем емес, Ылғалдылығы 14,0-ден кем емес, глицирризин қышқылы мөлшері 6,0-ден кем емес   9,5—10,5   рН 5,0—6,8   Ылғалдылығы 15,0-тен кем емес   МФ бойынша   МФ бойынша   —«—   ___»»___

 

Мия қою экстракты шығымының теориялық есебі .

100 г тамырда 6 г глицирризин қышқылыбар, ал

20 г ______Х г;

г глицциризин қышқылы

 

100 г қою мия экстрактында 14 г глицирризин қышқылы бар, ал

X г ____1,2г;

 г экстаркт

Стандарттау, шығым және шығынды анықтаудан соң дайын өнімді тапсырады.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТІҢ СЫЗБАСЫ жоғарыдан қараңыз

ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ТАЛДАУЫ

Шынайылығы. 10 мл препарат ерітіндісіне (1:10) 1 мл күкірт қышқылын қосқанда, аммиак ерітіндісінде еритін, мол тұнба түзіледі, (глицирризин қышқылы).

Кептіру кезінде масса жоғалымы (ылғалдылық) 25%-дан артық емес.

Тазалығы.Препараттағы ауыр метал 0,01%-дан артық болмауы керек.

Сандық анықталуы.Глицирризин қышқылының мөлшерін т спектрофотометриялық әдіспен анықтайды, препаратта оның мөлшері 14%-дан көп болмауы қажет.

 

ЖАЛБЫЗТІКЕН ТАМЫРСАБАҒЫНЫҢ ҚОЮ ЭКСТРАКТІСІ


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 2150; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!