ЭТИЛ СПИРТІ(SPIRITUS AETHYLICUS)



АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ «БОЛАШАҚ» АКАДЕМИЯСЫ Фармацевтикалық пәндер кафедрасы     «ДӘРІЛЕРДІҢ ӨНДІРІСТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ     Пән коды: DOT 4 301 мамандық: 5В110300 «Фармация» оқу сағатының көлемі :180-/4кредит Курс: 5 Оқу семестрі: 9                             Қарағанды 2018

Кредит №1

№1 Зертханалық сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша жалпы ережелер. Технологиялық регламент. Өндірісте шығарылатын дәрілердің нормативтік құжаттары.

1.Мақсаты: Студенттерге зертханалық және өндірістік регламент құруды үйрету.

2.Оқыту міндеттері:

· Қауіпсіздік техникасын білу

· Өндірістік регламентпен танысу

3.Тақырыптардың негізгі сұрақтары:

· Өндірістік кәсіпорындарда дайындалатын нормативтік құжаттар

· Қауіпсіздік ережелері

· Технологиялық регламент

· GMP және оның ережелері

4.Оқыту және үйрету әдістері:

· Жазбаша түрде жұмыс жүргізу

· Топпен талқылау

5.Әдебиет:[3 -8 , 10 силлабустан қараңыз].

6. Бақылау (сұрақтар, тест үлгілері, есептер және т.с.с)

1. Дайын дәрілер өндірісін ұйымдастыру үшін қандай шарттар болуы тиіс?

2. Өндірісті цехтық принцип бойынша ұйымдастыру деген не?

3. Дәрілердің өндірістік технологиясының негізгі терминдерін атаңыз және сипаттама беріңіз.

4. Дәрі сапасын қамтамасыз ететін негізгі нормативті-техникалық құжаттарды атаңыз.

5. Регламент деген не және оны дайындаудың қандай сатыларын білесіз?

6. Өндірістік регламенттің негізгі бөлімдері қандай?

7. Материалдық баланс деген не? Оның өндіріс үшін қандай маңызы бар?

8. Техникалық-нормативтік көрсеткіштер не мақсатпен анықталады және қалай есептеледі?

9. GMP деген не? Оның негізгі ережелері қандай?

10. Дайын дәрілік препараттарды өндірістік дәрежеде шығарудың артықшылығы неде?


№2 Зертханалық сабақ тақырыбы: Күрделі ұнтақтарды алу. Майдалау. Елеу. Араластыру. Кристалдық қатты денелерді ұсақтау (ситалық анализ).

1.Мақсаты: Студенттерді әртүрлі елек көмегімен материалды ұсақтауды және материалдық баланс құруды үйрету. Саты бойынша және дайын өнім бойынша материалды баланс құру, шығатын өнімді, шығысын және шығын коэфициентін есептеу.

2.Оқыту міндеттері:

1. Шар тәрізді диірменнен 250 г қантты өткізу және осы сатыға материалдық баланс құру; шығыс процентін, технологиялық шығын процентін және шығын коэффициентін есептеу.

2. Ұсақталған қантты елеу. Осы саты бойынша шығынды ескеріп материалды баланс құру. Шығыс процентін, шығын процентін және шығын коэффициентін есептеу

3. Жалпы материальдық баланс құру.

4. Ұнтақталған қантқа елеу талдауын жүргізу және оның фракциялық құрамын (2; 1; 0,5 и 0,25 мм) в грам және процент бойынша анықтау.

 

Үгіту. 250гр қантты ішінде шары бар шар тәрізді диірменге салады. Барабанның бетін тығындап қақпағымен жабады.Диірменді электрлі сетьке 1,5-2сағ қояды. Оптималды жылдамдығын мына формула бойынша анықтайды:

n=32/ D - дан     37,2/ D - дейін

мұнда,

n-диірмен барабанының айналу жылдамдығы минут ішіндегі;

D-барабанның ішкі диаметрі;

2-3мин уақыт өткен соң(шаң тұнғаннан кейін) шарикті диірменнің қақпағын ашып,ұнтақталған қантты таза қағазға төгеді,өлшеп,материалды балансты құрады

                   g1=g2+g3+g4+g5

g1- бастапқы материалдың массасы (көлемі);

g2-дайын өнімнін массасы (көлемі);

g3 –қосымша өнімні массасы

g4-қалдық массасы

g5-материалдық шығынның массасы.

                   η%= *100

Σ%= *100

Kшығ=

η-шығу проценті;

Σ -техникалық жоғалу,%;

Kшығ-шығын коэффициенті.

Материалдық балансты жобалау. Ұнтақталған,өлшенген қантты 0,25дм-лі елеуішке төгіп,қақпағын жауып,ұнтақтың ең аз қалған мөлшеріне дейін елейміз.Елеуіштен өтпей қалған және еленген ұнтақтарды жеке-жеке өлшейміз.Елеуішті щеткамен (қалақпен) жақсылап тазалаймыз. Сосын елеу сатысына баланс құрылады:

                               g2=(g'2+g1)+g'5)

g2-елеуге арналған,ұнтақталған қант мөлшері(гр);

g3-елеуіште қалған қанттың қанттың саны(гр);

g5-елеу кезіндегі шығын(гр).

 

%= 100

Σ%= *100

=

Жалпы материальдық баланс(с учетам прихода):

g1=(g'2+g3)+(g5+g'5)

Σ %= *100

n%=  *100

Кшығ =

 

Електерді талдаудан өткізу(ГФX ,с 858 )

Електерді талдаудан өткізу үшін барлық еленген қантты тағы да жақсылап араластырып,жұмыс істеу үшін 200гр ұнтақты өлшеп алады. Фракционды құрамын тесіктерінің диаметрі 2,0;1,0;0,5;.0,25мл болатын елегіш коллекциялардың көмегімен анықтайды(қабылдағышпен және қақпағымен).Қоспаны диаметрі ең үлкен елеуішке (жоғарғысына) салып,астына елеуіштің барлық коллекциясын қойып (қолмен немесе дірілдеткіш құралда) 5мин шайқайды. Елегішті щеткамен тазалап, ұнтақтарды өлшейді.

Фракционды талдау нәтижиесі процент арқылы  көрсетіліп , кесте түрінде жүргізіледі,онда плюс белгісі (+) бар болса, бұл електен қалған фракционды білдіреді, ал минус(-) белгісі (бұрынғы) өткен фракцияны білдіреді.

Материалды толық жоғалту(бүрку үшін) елеуіш тарада 1% аспауы тиіс.Ұсақталған заттардың бөлшектерінің мөлшері ГФX-да көрсетілген өлшемнен аспауы тиіс:

a) ұсақ бөлшектер(өте кіші елеуіш арқылы өткен ұсақ бөлшектер) -40%артық емес;

b) ірі бөлшектер(көрсетілген елеуіш арқылы өтпейтіндер) -5%артық емес.

                      Ұсақталған заттардың фракционды құрамы

 

                                         Бөлшектердің өлшемдері,%.

  +2мл -2мл +1мл -1мл +0,5мл -0,5мл +0,25мл -0,25мл
Ұсақталған затардың саны,гр, %.          

 

3.Тақырыптардың негізгі сұрақтары:

· Өндірістік кәсіпорындарда дайындалатын ұнтақтар.

· Қатты материалдарды ұсақтау және елеу

· Материалды баланс құруа.

· МФ Х, б.858. бойынша елеу талдауын жүргізу

4.Оқыту және үйрету әдістері:

· Жұп болып жұмыс істеу

· Ситуациялық есептер

· Материалды баоанс құру

5.Әдебиет:[3 -8 , 10 силлабустан қараңыз].

6. Бақылау (сұрақтар, тест үлгілері, есептер және т.с.с)

1. ДДТ өндірісінің артықшылықтарын атаңыз. Олардың дәрілік түрлердің қазіргі заманғы арсеналында алатын орны?

2. ҚР фармацевтикалық өндірісі дамуының негізгі тенденциялары қандай?.

3. Ірі фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың шарттары қандай?

4. Фармацевтикалық өндірістердің құрылысы қандай?

5. Технологиялық үрдіс дегеніміз не? Оның құрылысы және түрлері қандай?

6. Негізгі технологиялық түсініктер мен терминдерді атаңыз? Олардың анықтамасын беріңіз?

7. Технологиялық процесті дұрыс ұйымдастырудың критериін атаңыз?

8. Материалдық баланс қалай құрастырылады?

9. Технико-экономикалық көрсеткіштерді қалай есептейді?

10. Өндірістік регламент дегеніміз не? ӨР қандай бөлімдерден тұрады? Өңдеу сатыларын атаңыз.

11. GMP дегеніміз не? Қандай бөлімдерден тұрады?

12. GMP бойынша дәрілік өндіріске қойылатын негізгі талаптар мен тәртіптер.

13. Фармацевтикалық өндіріске қойылатын техника қауіпсіздігінің, өрт қауіпсіздігінің және өндірістік санитарияның негізгі талаптары қандай?

    №З Зертханалық сабақ тақырыбы: Жиынтықтар. Ұнтақтар.

1.Мақсаты: күрделі ұнтақтарды дайындауды үйрену.

2.Оқыту міндеттері:

1. 20 г жасанды карловар тұзын дайындау.

2. Технологиялық үрдіс сызбасын сызу

3. дайын өнімді талдау.

4. өндірістің әр сатысы бойынша материалдық баланс құру.

Балалар сеппесі н дайындау

2. Технологиялық үрдіс сызбасын сызу

3. дайын өнімді талдау.

4. өндірістің әр сатысы бойынша материалдық баланс құру

 

3.Тақырыптардың негізгі сұрақтары:

· Технологиялық үрдіс сызбасын сызу

· дайын өнімді талдау.

· өндірістің әр сатысы бойынша материалдық баланс құру

4.Оқыту және үйрету әдістері:   

· Жұп болып жұмыс істеу

· Ситуациялық есептер

Студенттердің зертханалық жұмысы

Тапсырма N1. Оқытушының тапсырмасы бойынша берілген күрделі ұнтақтардың біреуіне регламент жазып, онда технологиялық және аппаратуралық схемасын көрсетуі керек.

Тапсырма N2.   Құрастырылған регламент және жұмыс жазбасы бойынша 20г күрделі ұнтақ дайындау. Оның сапасын бағалау. Дайын өнімді дұрыс орап, безендіру керек.

Тапсырма N3. Өндірістің бүкіл процесі және сатылары бойынша материалдық баланс құрастыру және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.

Келесі жазылымдар бойынша күрделі ұнтақ дайындаңдар:

Балалар сеппесі

Мырыш тотығы 1,0

Крахмал         1,0

Тальк             8,0

2.Жасанды карловар тұзы

Сусыз натрий сульфаты 22,0

Натрий гидрокарбонаты 18,0

Натрий хлориді        9,0

Калий сульфаты        1,0

Жұмыс бригадалық әдіспен орындалады. Студенттер дайын өнімді НҚ талаптарына сай безендіріп, регламентті толтырып, зертханалық жұмыс бойынша ауызша жауап береді. Зертханалық регламентке оқытушыға қол қойдырады.

1. Ұнтақтау. Әр компонентті жеке ұнтақтап, материалдық балансты есептеу үшін ұнтақтауға дейін және ұнтақтағаннан кейін массасын өлшейміз.

2. Ситодан өткізу. Әр компоненнті жеке жеке ситодан өткізеді, ситоның қажетті мөлшерін таңдау қажет:

a) Еріту үшін қолданылатын кристалды ұнтақ-0,2-0,3мм

b) Ішке қабылдауға арналған ұнтақ-0,16мм артық емес

c) Тері және сілемейлі қабыққа арналған сеппелер 0,09-0093мм.

3. Араластыру. Барлық материалды араластырғышқа салмағы үлкен компоненттен бастап салады. Араластыруды біріңғай масса түзілгенше жалғастырады.

4. Қайта ситодан өткізу.

5. Қайта араластыру

6. Стандартизация. Келесі қөрсеткіштер бойынша:

a) Органолептикалық бақылау

b) Тазалығы шынайлығы

c) Белсенді заттардың сандық көрсеткіші

d) Дисперстілік дәрежесі

e) Ұнтақ массасы. Стандартизация жүргізу НҚ бойынша жүргізілуі тиіс.

7. Материалдық баланс өрнегін құру.

8. Ұнтақ дайындаудың блок-схемасын жасау.

9. Қолданған құрал –жабдықтар тізімін жазу.

10. Тығындау, безендіру. Дайын ұнтақты қағазға немесе шыны флаконға босатады.

5. Әдебиет:[3-8, 10силлабустан қараңыз].

6.Бақылау (сұрақтар, тест үлгілері, есептер және т.с.с)

1. Ұнтақтау процесінің анықтамасы мен толық сипаттамасын беріңіз?

2. Қатты денелердің ұнтақталу дәрежесі дегеніміз не?

3. Ұнтақтау дәрежесі мен ұнтақтау тәсілі бойынша ұнтақтағыш қондырғылар қалай жіктеледі?

4. Кескіш және аралағыш әсерлі қандай ұнтақтағыштарды білесіңдер? Олар қандай жағдайда қолданылады? Олардың жұмыс істеу принципі қандай?

5. Неліктен өсімдік шикізатын қалдықсыз ұнтақтау қажет?

6. Орташа және майда ұнтақтау үшін қандай езіп-жаншитын, соққылы, соққылы-ысқылағыш әсерлі машиналар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

7. ұсақ ұнтақтау үшін қандай соққылы-ысқылағыш және ысқылап-езгіш әсерлі машиналар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

8. Өте ұсақ ұнтақтау үшін соққылы-ысқылағыш әсерлі машиналар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

9. Ұнтақталған материалдарды қандай әдістер көмегімен фракцияларға бөлу жүргізіледі? Фракцияларға бөлу қандай мақсатта қолданылады?

10. Елеуіш қондырғылардың қандай құрылымдарын білесіздер? Оладың жұмыс істеу принциптері қандай? Елеуіштердің өнімділігі қандай факторларға тәуелді?

11. Сулы ортада бөлу қалай және қандай жағдайда жүргізіледі?

12. Ұнтақталған материалдарды ауа ағынымен бөлудің негізі неде жатыр.

13. Араластыру дегеніміз не? Араластыру сапасы қандай факторларға тәуелді?

14. Араластырғыштардың қандай констукцияларын білесіздер? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай? Салыстырмалы сипаттамасын, артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.

15. Ұнтақтар дегеніміз не? Олардың анықтамасын, жіктелуін және жалпы технологиялық схемасын беріңіздер.

16. Ұнтақтарды бөлшектеу және орамдау қалай жүргізіледі? Қандай аппараттар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

17. Зауытта өндірілетін қандай күрделі ұнтақтарды білесіздер? Олардың құрамы мен жеке технологиясы қандай?

18. Ұнтақтарды ұнтақтау, елеу және араластыру кезіндегі техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қажет іс-шараларды атаңыздар.

Ситуациялық есептер

Есеп 1.100,0 г натрий салицилатын зертханалық шарлы диірменде ұнтақтағанда 96,0 г ұнтақталған өнім алынды. Елегеннен кейінгі өнім мөлшері 77,0 г, елеуіште қалғаны 15,8 г. Қалдықты есепке ала отырып ұнтақтау, елеу сатылары бойынша материалдық баланс құрастырыңыз. Технологиялық шығым, шығын, шығын коэффициентін табыңыз.

Есеп 2. Екі өндірісте бірдей шығарылатын өнімнің шығын коэффициенттері 1,012 және 1,062. Өндірістік процесс қай жерде жақсы ұйымдастырылған?

Есеп 3. Диаметрі 0,6 м тең, айналу жылдамдығы 35 айн/мин. болғанда, барабанды шарлы диірмен дұрыс жұмыс істей алады ма?

Есеп 4. Фармакопеялық жазылым бойынша балалар сеппесі өндірісінде 278 кг өнім алынған. 1 сағ. 3 кг өнім алынды деп есептеп, материалдық баланс құрастырыңыз, шығым, шығын және шығын коэффициентін анықтаңыз. 200 кг дайын өнім алу үшін жұмыс жазылымын құрастырыңыз.


Қосымша

1. ФМ 42-1615-81. КАРЛОВАР ЖАСАНДЫ ТҰЗЫ( SAL . CAROLINUMFACTITIUM )

Дайын өнімнің сипаттамасы .Ақ ұнтақ, судың 10 бөлігінде ериді .

Орам .125 г банкаларда және полителенде. Ал табиғи гейзерлі тұз – 100г нан.

Сақтау. Салқын, құрғақ жерде, жақсы тығындалған банкада немесе полителенде сақталады.

Қолданылуы. Өт айдайтын және іш жүргізетін. Іш жүргізетін препарат ретінде үлкендерге күніне 1 ас қасықтан, ал балаларға жарты ас қасықтан бөлме температурасындағы жарты стакан суға ерітіп береді. Өт айдайтын препарат ретінде 40-50 ° жарты стакан суға ерітіп тамақ алдын қабылдайды. Карлаварлык суды 6г тұзды 1 литр суда ерітіп дайындайды.

 

2. Бастапқы шикізат сипаттамасы

Фармакопеялық мақала нөмері Техникалық немесе шикізат аты Құрамы, % Сұрыптылығы
  МФ X. бет. 439 МФ X, бет. 430 МФ X, бет. 426 МФ X, бет. 382     Натрий сульфаты Натрий гидрокарбонаты Натрий хлориді Калий сульфаты   Кем дегенде 99,0 Кем дегенде 99,0 99,5 кем дегенде 99,5 кем дегенде    МФ бойынша —«— —«— —«—  

 

1. Технологиялық үрдіс

Шикізаттарды майдалау «Страуме» кофеезгішінде жасайды  ГОСТ 5.1581-72 ( 2 сурет) немесе МРТУ-42-1505-63 майдалау аппараты ( 3 сурет).

Қажетті заттарды өлшеп аппаратқа салып араластырып қақпағын жауып 12 с салады. Одан кейін кафемолканы қосып 40с кейін қақпағын ашады. Ішіндегісін қағазға төгеді. Кофемолканы щеткамен тазалайды. Алынған порошокты өлшеп 0,2 мм диаметрлі ситадан өткізеді. Қайтадан араластырып стандарттап, өлшеп бөледі.

Дайын өнімді талдауы

Түп - нұсқалық. Гидрокарбонатты қышқыл қосқандағы көмірқышқыл газының бөлінуінен анықтайды.

Сульфаттарды барий хлоридімен ақ тұнба түзуінен байқайды.

Күміс нитратының азотқышқыл ортасында ірімшікті ақ тұнба түзілуінен хлоридтерді анықтайды.

Тазалығы:Ауыр металлдар 0,0005% аспау керек; сынап  0,0002% аспауы керек.

 

Сандық анықтау

Натрий гидрокарбонатты нитрализациялау арқылы анықтайды. Препаратта оның көлемі 35—37% аспауы қажет.

Натрий хлоридті аргентометрия арқылы қышөыл ортада анықтайды. Оның препараттағы көлемі 17—19% аспауы қажет.

Дайын өнімде Содер­жание сульфатов в готовом продукте должно быть 38,3—47,6% в пересчете на безводный сульфат натрия.

 

 

МАТЕРИАЛДЫҚ БАЛАНСТЫ ҚҰРУ

1. Жалпы және саты бойынша материалдық балансты құру, шығыс коэффициентін, шығынды, шығысты анықтау (№1 жұмысты қара).

2. Зауыттық жағдайда 10 кг карловар жасанды тұзын дайындауға жазба құрастыру.

 

 


 

№4 Зертханалық сабақ тақырыбы: Этил спирті. Этил спиртінің концентрациясын анықтау және сұйылту.

1.Мақсаты : Этил спиртінің концентрациясын анықтау және спиртті ерітінділерді дайындау.

Тапсырма :

1. Сулы-спиртті ерітіндіде спирт концентрациясын анықтау.

2. Белгілі концентрацияда этанолдың ерітіндісін дайындау.

3. 20 С –да сулы-спиртті ерітіндідегі сусыз спирттің мөлшерін және ГОСТ кестесін қолдана отырып сулы спирттің массасын анықтау.

4. Сулы-спиртті ерітіндіде 96% этанолдың массасын анықтау.

5. Медициналық спиртті алудың аппаратуралық және технологиялық сызбасын көрсету.

6. Сусыз ерітінділердің номенклатурасын құру, еріткішті, ертінді концентрациясы мен қолдануын көрсету.

ЭТИЛ СПИРТІ(SPIRITUS AETHYLICUS)

Дайын өнім сипаттамасы. Түссіз, мөлдір, жеңіл қозғалғыш, өзіне тән иісі бар, күйдіргіш дәмді сұйықтық. Өте гигроскопты, сумен, эфирмен және хлороформмен кез келген қатынаста араласады.

Медицинада қолданылатын этил спиртін тек крахмал құрамды шикі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              затты ашыту жолымен алады (картоп, бидай, меласса).

ГОСТу 5962-67 сәйкес дәріхана желілерін, химзауыттарына конц 96,20%-дан кем емес этилспирті келіп түседі. Өндірісте жиі 95%, 90%, 70%, 40% концентрациялы спирттер қолданылады, және МФ X сәйкес, официнальды препараттар болып табылады.

Түп – нұсқалығы мен тазалығы МФX бойынша тексереді.

Түп - нұсқалық.Спиртке мұзды сірке қышқылы және концентрлі күкірт қышқылын қосып қыздырғанда этилацетатына тән иіс пайда болады.

Препаратқа күйдіргіш натрий ерітіндісі мен йодты қосқанда йодоформ иісі пайда болып, кейін сары тұнба түзіледі.

Тығыздығы 0,8066—0,8054 болуы керек, ол спирттің 96,20—96,50%-на сәйкес келеді (көлемі боцынша)

Қайнау температурасы 78,3°; қату температурасы—1140.

Тазалығы.Препаратта механикалық қоспасын, қышқылдығын, органикалық негізділігін, хл( сульфаттар, ауыр металлдар, альдегидтер, тотықсыздандырғыш заттар, сивухты майлар, илік трактивті және ұшқыш емес заттар, спирт метил фурфуролдарды МФ Х бойынша шекті мөлшері белгіленге мөлшерде болуыкерек заттарды анықтайды.

Сақтау.Жақсы тығындалған тарады, салқын жерде

Қолданылуы.Гелендік, жаңа галендік препараттырды алу үшін экстрагент, дәрілік заттарды еріткіш және антисептикалық зат ретінде.

 

СПИРТ КОН ЦЕНТРАЦИ ЯСЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ СҰЙЫЛТУ

1.Бастапқы спирттің концентрациясын ареометр көмегімен анықтау.

2.Бастапқы спирттің коцентрациясын шыны(класса I) немесеметаллдық спиртомер көмегімен анықтау.

3. Күшті спиртті масса бойынша сұйылту (оқытушы нұсқауы бойынша).

4.Спиртті-сулы қоспаның температурасын есепке ала отырып І классты шыны спиртомердің көмегімен сұйылтылған спирт концентрациясын тексеру. Спирт концентрациясын шыны спиртомер көмегімен анықтау (класс I).

250 немесе 500мл шыны цилиндрді жылы дистилденген сумен жуып кепкенше орамалмен сүртеді. Тура осылай спиртомерді (сурет. 17), термометр жәнешыны араластырғышты жұмысқа дайындайды.

Сосын цилиндрге спирт құйып, спиртомердің үстіңгі өзегінен ұстап абайлап ерітіндіге батырады. Спиртомер ерітіндіде еркін, цилиндрдің бүйірлері мен түбіне тимей жүзуі қажет. 3мин соң ерітінді спиртомердің қай шкаласына келгенін қарайды да төменгі жағынан белгілейді, температурасын термометр көмегімен анықтайды. Шыны спиртомер көрсеткіші көлемдік пайыздық көрсеткішке сай келеді. Егер спирт температурасы өлшеу кезінде 20°С-тан жоғары немесе төмен болған жағдайда, 20 °С спирт концентрациясын ГОСТ кестесі бойынша анықтайды.

Спирт концентрациясын металдық- спиртомер көмегімен анықтайды.

500 немесе 1000мл шыны цилиндрді жылы дистилденген сумен жуып кепкенше орамалмен сүртеді. Спиртомер мен гираны алдын ала күшті спиртке малынған дәке майлығымен жақсылап сүртеді (сурет. 18).

Цилиндрге спиртті-сулы қоспаны құйып, жақсылап араластырады және оған спиртомерді сүңгітеді, кажет болған жағдайда оның төменгі өзегіне гір ілдіреді. Спирт мөлшері белгісіз спиртті-сулы қоспаның концентрациясын анықтағанда гірлерді ілдіруді жеңілдеуінен бастайды (90). Егер спиртті-сулы ерітіндінің концентрациясы белгілі болса, күтілетін концентрацияға сәйкес гірді ілдіруден бастайды.

Солай, спиртті-сулы қоспасының шкаланың жоғарғы және төменгі деңгейін, спиртомер көрсеткішін белгілейді. Спиртомерді гірсіз батырғанда шкала көрсеткішіне 100-ді қосады. Сосын термометр көмегімен ерітінді температурасын анықтайды.

Металлдық спиртомер 20 °С-тың өзінде тек қана шартты концентрацияны көрсетеді, ал нақты концентрациясын ГОСТтың 4 кестесінен табады.

Нәтижелер, анықтаулар

Металдық спиртомердің көрсеткіші ________

Термометр көрсеткіші __________________

Спирттің фактілік концентрациясы ___________

Спирт концентрациясын ареометра көмегімен анықтау

100 мл шыны цилиндрдіжылы дистилденген сумен жуып кепкенше орамалмен сүртеді. Тура осылай термометр жәнеареометрді жұмысқа дайындайды.

Сосын цилиндрге спирт құйып, ареометрді үстіңгі өзегінен ұстап абайлап ерітіндіге батырады. Ареометр ерітіндіде еркін, цилиндрдің бүйірлері мен түбіне тимей жүзуі қажет. 2-3мин соң ареометр ерітінді температурасын қабылдағаннан соң, ерітінді ареометрдің қай шкаласына келгенін қарайды да менисктің төменгі жағынан бастап есептейді, сонымен қатар температурасын термометр көмегімен анықтайды. Егер спирт температурасы өлшеу кезінде 20°С болса спирт концентрациясын МФ Х (қосымша 1) кестесі бойынша анықтайды.

 

БАСТАПҚЫ СПИРТТІ МАССА БОЙЫНША СҰЙЫЛТУ

Әрбір студент күшті спиртті масса бойынша шыны немесе металдық спиртомермен анықтаған қажетті концентрацияға дейін оқытушы нұсқауымен сұйылтады.

Бастапқы спиртті масса бойынша сұйылту есебін бастапқы спирттің фактілік концентрациясы есепке алынған М.У. Усуббасвтың кестесі бойынша жүргізеді. (қосымша 5).

Сұйылту әдістемесі.Жақсылап кептілілген және таза берік кептелген тығыны бар склянканы техникалық таразыда таралайды. Сосын склянкаға есептелген бастапқы спиртті, суды құяды, өлшейді, араластырады,  бөлме температурасында біршама уақытқа қалдырады және сұйылтылған спирт концентрациясын тексереді.

Сұйылтылған спирт концентрациясын анықтау сұйылтылған спиртті құрғақ және таза 250мл цилиндрге көшіреді, үстінен шкаласы күтілетін концентрацияға қойылған шыны спиртомер I-ді түсіреді. Спиртомерді ерітіндіде 3—4 мин қалдырады, сосын төменгі мениск бойынша есептеу жүргізеді. Сонымен бірге спирт температурасын өлшеп отырады. Температура мен спиртомер көрсеткіші біле отырып, спирт концентрациясын 20 °С болғандағы ГОСТтың 3 кестесі бойынша табады.

Анықтау нәтижелері

Шыны спиртомер көрсеткіші _______,

Термометр көрсеткіші ______________.

20 °С кезінде фактілік концентрация _____,

· Спирт қайта склянкаға көшіріп оқытушыға тапсырады

· Барлық спирт бойынша кестелер МФ ХI қосылған.

· Біз жүргізген спирт күштілігін анықтау бойынша тәжірибелер қайнау температурасы және спиртомер бойынша анықтау нәтижелері бірдей болмайтынын көрсетті. Сондықтан болуы мүмкін келіспеушіліктердің алдын алу мақсатында КАЛ-ға МФ ХI–қа бірегей әдіс тұсқауын беру қажет.


Дата добавления: 2019-02-22; просмотров: 929; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!