Методические рекомендации к практическим занятиям по дисциплине



« Основы экономики и финансирования здравоохранения»

Для студентов 4 курса специальности « Общественное здравоохранение»

 

Тема занятия №4. «Денсаулық сақтаудың экономикалық қызмет етуінің негізгі жүйесі: мемлекеттік, сақтандыру және жеке».     

 

Цель занятия: Денсаулық сақтаудың экономикалық қызмет етуінің негізгі жүйесі таныстыру.

студент должен знать:

- Три системные модели здравоохранения и их особенности;

- Современные модели здравоохранения в мире, их проблемы и перспективы

      развития

- Денсаулық сақтау мен экономикалық байланыс

- Денсаулық сақтауды тұтыну экономикаға байланысты

- Сақтандыру жүйесін енгізудің маңыздылығы.

 

студент должен уметь:

- Денсаулық сақтау жүйесін экономикамен байланыстыру;

- Нарықтық экономиканың маңыздылығы;

- Медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде медициның күйін талдау;

 

Методы обучения и преподавания: устный разбор теоретического материала, обратная связь в виде устного и тестового опроса.

 

Список литературы:

· Финансовый менеджмент в здравоохранении Т. К. Рахыпбеков;

· Ольга Жидкова «Медицинская статистика. Конспект лекций» 2007 г;

· Ицхак Адизес Как преодолеть кризисы менеджмента. Диагностика и решение управленческих проблем;

· Послание Президента «Нурлы жол­­­-путь в будущее» от 11.11.2014г;

· Кодекс РК « О здоровье народа и системе здравоохранения»;

· Государственная программа развития здравоохранения РК «Денсаулық 2016-2019 годы»;

· Мельников В.Д. «Основы финансов»

· Аканов А.А. Политика охраны здоровья населения в Казахстане: опыт разработки, реализации национальных программ здравоохранения и перспективы на 2010-2015 годы. – Астана, 2006. – 243 с.;

· Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.;

· Bloor К., Maynard A. Universal Coverage and Cost Control: The United Kingdom National Health Service.// Handbook of International Health Care Systems. — New York. — 2002. — P. 557.

· Тогунов И.А Конкурентоспособность медицинской организации (врачебной практики): методологические подходы к оценке и управлению. http://medinfa.ru/article/99/116143/

· Доскеева Г.Ж. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемалары. //Вестник UIB. – 2009. -№1.

· Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру туралы ҚР Заңы

 

Контрольные вопросы для устного опроса:

 

1. Назовите предпосылки возникновения медицинского страхования в Республике Казахстан?

2. Какие виды обязательного социального страхования существуют в РК?

3. Назовите основные направления развития системы здравоохранения Казахстана на 2016-2020гг?

4. Когда был принять Закон РК «Об обязательном социальном медицинском страховании»?

5. Какие принципы Единой национальной системы здравоохранения?

6. Назовите задачи государственной программы развития системы здравоохранения «Денсаулык»;

 

Задания для работ, выполняемых в индивидуальном порядке:

Заполнить таблицу: характеристика основных источников финансирования системы здравоохранения;

Информационно-дидактический блок:

Денсаулық сақтау саласының кез-келген қаржыландыру және басқару нысанында (сақтандыру, бюджеттік-сақтандыру, жеке меншік, бюджеттік) бұл салада толыққанды нарықтық қатынастар құру мүмкін емес. Экономиканың басқа салаларында еркін жұмыс істейтін қарапайым нарықтық қатынастар бұл салада нарықтың толық жетілмегендігінен жүзеге асырыла алмайды, өйткені денсаулық сақтау қоғамдық шаруашылықтың саласы ретінде нарықтық механизмнің қызметін бұзатын бірнеше сипатқа ие.

Біріншіден, денсаулық сақтауда қажетті медициналық қызметтерді тұтынудың көлемі мен деңгейі тек қана тұтынушының төлем қабілеттілік деңгейімен анықталмайды. Бұл, ең бірінші, әлемнің көптеген мемлекеттерінде тегін көрсетілетін жедел медициналық жәрдем жүйесіне қатысты. Сондай-ақ, жеке табыс деңгейі мен медициналық көмекті тұтыну деңгейінің арасында кері байланыс бар екені дәлелденген. Оған мысал ретінде Ұлыбританиядағы денсаулық сақтау саласының ресурстарының 50 %-ға жуығын халықтың 10 %-ын құрайтын өте кедей отбасылар тұтынатынын айтуға болады.

Сондай-ақ, халықты медициналық қызметтерді тұтынуда бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласының бюджетін қайта бөлудің қажеттілігі пайда болады (ол тек мемлекеттік реттеу жағдайында ғана мүмкін болады), яғни саланың қызметтеріне неғұрлым мұқтаж топтарды (балалар, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар науқас адамдар, мүгедектер, табыс деңгейі төмен топтар т.б.) медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қоғамдық ауызбіршілік ( сау адам ауру үшін, бай адам кедей үшін, жас адам қарт адам үшін төлеу) қағидаты жұмыс істеу керек. Алайда, бұл жағдайда нарықтық баға белгілеу заңдылығы бұзылады, өйткені бұл кезде емдеу шығындары төлеуге қабілетті топтарға аударылады.

Екіншіден, медициналық қызметтерді тұтынушы қажетті медициналық көмектің көлемі мен сапасын анық бағалай алмайды (арнайы білімі болмағандықтан және ауырған кезде физикалық, психикалық жағдайы сәйкес келмегендіктен). Басқа нарықтардан айырмашылығы, денсаулық сақтауда көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен деңгейін тұтынушы емес, өндіруші, яғни дәрігер анықтайды. Дәрігерлер бір мезгілде медициналық қызметтердің өндірушісі және көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемін, сапасын, кей жағдайда құнын анықтайтын пациенттердің агентінің қызметін атқарады. Нәтижесінде дәрігерлер мен пациенттердің медициналық және экономикалық мүдделері арасында шиеленіс пайда болады. Медициналық қызметкерлер мен пациенттердің мүдделерінің ассиметриясы нарықтағы қарапайым ұсыныс пен сұраныс заңдылығының, яғни денсаулық сақтау саласындағы нарықтық механизмнің қызметінің бұзылуына алып келеді.

Үшіншіден, медициналық қызметтердің бір бөлігі (санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы, профилактикалық және т.б.) қоғамдық тауарлардың қасиеттеріне ие, яғни жеке тұтыну тауарларына қарағанда олар ұйымдық тұтыну объектілеріне жатады және көп жағдайда нақты бір адамға бағытталмайды. Мұндай жағдайда ресурстарды бөлу тек қана төлеуге қабілетті сұраныс пен кәсіпкерлік мотивтердің негізінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алмайды, өйткені мұндай медициналық қызметті көрсетушілерге арнайы мемлекеттік дотациялар қажет немесе санитарлық-эпидемияға қарсы және профилактикалық мекемелердің арнайы мемлекеттік желілерін ашу керек.

Жоғарыда аталған себептердің барлығы және денсаулық сақтау саласындағы нарықтық қатынастардың ерекшеліктері мемлекеттік қаржыландыру моделі кезінде және саланы басқаруда нарықтық механизмдердің мүмкіндіктерінің шектелуі жағдайында медициналық қызметтер нарығын қалыптастырудың мүмкін еместігін көрсетеді.

Бүгінгі күні нарықтық уақыттағы бәсекелестікке мүмкіндік беретін күрделі мәселе сақтандыру жүйесі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

 

 


Дата добавления: 2019-01-14; просмотров: 167; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!