Бондингтеу техникасы (бондинг техника). 5 страница



Ұлпаның өміршеңдігін сақтап емдеу:

 -ұлпаны толық сақтап емдеу (биологиялық- консервативтік әдіс).

 -ұлпаны жартылай сақтап емдеу немесе түбір ұлпасын сақтап емдеу әдісі (консервативтік- хирургиялық әдіс –витальная ампутация с сохранением корневой пульпы).

Ұлпаны алып емдеу- хирургиялық әдіс:

1.Ұлпаны тірідей алу әдістері (витальные методы):

·ұлпаны тірідей толық алу әдісі (витальді экстирпациялау әдісі)-метод витальной экстирпации. 

·ұлпаны тірідей жартылай алу әдісі (витальді ампутациялау әдісі)-метод витальной ампутации

· ұлпаны тірідей аралас алу әдісі (витальді аралас әдіс)- витальный смешанный метод.   

2.Ұлпаны өліеттендіріп алу әдістері (девитальные методы):          

·ұлпаны өліеттендіріп толық алу әдісі (девитальді экстирпациялау әдісі)-метод девитальной экстирпации. 

·ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі (девитальді ампутациялау әдісі)- метод девитальной ампутации.

· ұлпаны өліеттендіріп аралас алу әдісі (девитальді аралас әдіс)- девитальный смешанный метод.   


Ұлпа қабынуын ұлпаны толық немесе жартылай сақтап емдеу әдістері.

Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (биологический, консервативный метод).

Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (метод полного сохранения пульпы) ұлпаның кездейсоқ ашылуы, ұлпаның жартылай жедел қабынуы, созылмалы жай қабынуы кезінде қолданылады.

Сонымен қатар бұл әдісті қолдануға қойылатын шектеулер бар. Олар: емдеу әдісі жүргізілетін адамның жасы 30-35-тен жоғары болуы, бойында созылмалы сырқаттардың болуы (гипертония, атеросклероз, қант диабеті, ревматизм, витаминдер тапшылығы), емделетін тіс төңірегіндегі пародонтта патологиялық өзгерістердің орын алуы, тісжегі қуысының тістің мойын бөлігінде орналасуы, тістің электрқозғыштығының 40мка жоғары болуы, жасанды сауыттармен жабылатын, ортопедиялық конструкциялар бекітілетін тістер, ауыру сезімін басу үшін қатты тітіркендіретін дәрілерді тісжегі қуысына қойып (аспирин, спирт) қолдану, түбірұшы периодонтында рентгендік өзгерістер анықталған жағдайлар.

Ұлпаны сақтап емдеу үшін құрамында микробтарға қарсы әсер ететін, ауыруды басатын дәрілер, антибиотиктер, ферменттер, витаминдер, иммунитет реттеуші дәрілер, кортикостероидтар, кальций су тотығы бар емдік қойыртпақтар кең қолданыла бастады. Солардың ішінде кең қолданыс тапқан микробтарға, қабыну үрдісіне қарсы және одонтотропты (дентин құрушы) қасиеттері жоғары кальцийсутотығы құрамды қойыртпақтар-пасталар.

Әдісті орындау тәсілі. Қажет болса ұлпаны уақытша жансыздандырып алады, тісжегі қуысын ас қалдықтарынан тазартып алған соң (аршығыштың көмегімен), антисептиктердің әлсіз ертіндісімен (хлоргексидин, диоксидин, фурацилин, фурагин, лизоцим, фуразолидон, этакридин лактат) жуып кептіріп, егеп-тазалауға кіріседі.

Тісжегі қуысын ашу және кіреуке жиегін өңдеу үшін ғана турбиналық ұштықты қолдануға болады, ал жұмсарған дентин бормашинаның 6000-10000 айналымында зарарсыздандырылған бұрғылармен (борлармен) тазаланады. Сондықтан ұлпаға жақындаған сайын пайдаланылған борларды жаңасына ауыстырып отырады. Тіс ұлпасын ашу міндет емес (кездейсоқ ашылып қалмаса).

Дайын болған тісжегі қуысын физиологиялық ерітіндімен немесе дистилденген сумен жуып, зарарсыздандырылған мақта анжымен немесе ауа шоғырымен кептіреді және қуыс табанына емдік төсем салып уақытша пломбы қояды. Қойылған емдік дәрілер ұлпаға тікелей (ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезінде, ұлпа кездейсоқ ашылған болса, сауыт ұлпасын алып тастап, түбір ұлпасын сақтаған кезде) және тікелей емес дентин арқылы әсер етеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын емдік төсемдер ұлпаны тікелей жабу үшін (для прямого покрытия пульпы) және ашылмаған ұлпаны жабу үшін (для непрямого покрытия пульпы) деп екі топқа бөлінеді.

Биологиялық әдіс бір қабылдауда немесе 2-3 қабылдауда жүргізіледі. Бір қабылдауда бұл әдіспен көбінесес ұлпаның кездейсоқ ашылуы емделеді. Бұл кезде қуыстың табанына емдік төсем ретінде одонтотропты қойыртпақтар (кальмецин, «Life», «Dycal», цинк-эвгенол қойыртпағы) төселіп, аралық төсеммен жабылған соң тұрақты пломбы қойылады.

Екі қабылдауда бұл әдіспен ұлпа қабынуы емделеді. Бірінші қабылдауда ұлпадағы қабыну үрдісін тежеу үшін құрамында антибиотиктер, антисептиктер, ферменттер, глюкокортикоидтер, анестетиктер бар күрделі емдік төсемдер қуыс табанына қойылып, уақытша пломбымен жабылады.

Әртүрлі ғалымдар ұсынған емдік қойыртпақтардың құрамдары төмендегідей:

1.Иванов В.С., Лейбуру Э.Э. ұсынған:

· Колимицин 100 000 ЕД

· Гидрокортизон 0,01-0,5 (немесе преднизолон 0,005)

· Ақ топырақ 0,5

· Шабдалы майы (персиковое масло) керегінше.

2.Эргешов ұсынған:

· Колимицин 100 000 ЕД

· Триамцинолон 0,002

· Гексакаин 0,1

· Ақ топырақ 0,5

· Эвгенол керегінше (қойыртпақ дайындау үшін)

3.Кириленко И.И. ұсынған:

· Левомицетин 0,01

· Химопсин 0,002

· Норсульфазол 0,2

· Натрий хлоридініің изотониялық ерітіндісі 2,0

· Ақ топырақ керегінше (қойыртпақ дайындау үшін)

Күрделі емдік төсемдерді тісжегі қуысында ұзақ қалтыруға болмайды, себебі, белгілі уақыттан кейін олардың белсенділігі жойылады. Сондықтан антибиотиктер мен ферменттерді 24-48 сағатқа, кортикостероидтарды 3 тәулікке дейін қалдыруға болады, одан ұзаққа қалдырылса, ұлпаның реактивтілігі төмендейді.

Ұлпадағы қабыну үрдістері тоқтағаннан кейін (белгіленген уақыт өткен соң клиникалық белгілеріне сүйене отырып), екінші қабылдауда сырқат тіске тұрақты пломбы қойылады (-сурет). Алынып тасталған күрделі емдік төсемдердің орнына одонтотропты қойыртпақтар төселеді.

Құрамында кальций суоксиді бар қоспалармен қатар, коллагенді қойыртпақ, сүйек ұны, лизоцим-витаминді қойыртпақ және гиалурон қышқылы туындыларының да одонтотроптық қасиеттері бар.

Егерде ауыру сезімі азайғанымен қабыну үрдісі толық басылмаған болса, екінші қабылдауда әсер ету уақыты біткен емдік төсемді басқа дәрілер қоспасынан тұратын төсеммен ауыстыруға болады және тұрақты пломбы үшінші қабылдауда қойылады. Емдік төсемдерді екі рет ауыстырып емдеу жүргізген жағдайда да ауыру сезімі мазалайтын болса, дәрігер-стоматолог басқалай емдеу әдісін жүргізуге мәжбүр болады.

Биологиялық емдеу әдісінің нәтижелі шығуы үшін дәрілік заттармен қатар физикалық әдістерді: төменэнергиялы гелий-неон лазерінің сәулесін, төменжиілікті ультрадыбысты, микротолқынмен емдеуді пайдаланған тиімді болады.

Егерде биологиялық емдеу әдісі жүргізілген тісте ешқандай ауыру сезімі болмаса, электрқозғыштығы қалпында сақталса, біраз уақыт өткеннен кейін (1-2 жыл өткен соң) тістің рентгендік суретінде түбір ұшы периодонты өзгермесе, емнің барысын нәтижелі деп санауға болады.

 

Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі (метод частичного сохранения пульпы или метод витальной ампутации ).

Бұл әдіс – сауыт ұлпасына қарағанда өзгеріске аз ұшырайтын, клеткалық құрылымдары аз, керісінше талшықты құрылымға бай, сондықтан өміршеңдігі жоғары түбір ұлпасын сақтауды мақсат етіп қоятын әдіс. Көбінесе жақсы нәтиже көптүбірлі тістердегі ұлпа қабынуын емдеу кезінде қолданылады. Себебі бұл тістерде сауыт ұлпасы мен түбір ұлпасының арасында анық шекара (өзектер сағалары) бар.

Бұл әдісті қолданатын кездер: ұлпаның кездейсоқ ашылуы, ұлпаның жартылай жедел қабынуы, биологиялық әдіс нәтижесіз болған кезде, ұлпаның созылмалы жәй қабынуы (тістің электрқозғыштығының көрсеткіші 40 мка дейін болса).

Бұл әдістің мақсаты көбірек өзгеріске ұшырайтын, қабыну үрдісіне төсімсіз сауыт ұлпсын алып тастап, түбір ұлпасын сақтау болғандықтан (мұнда хирургиялық және биологиялық емдеу әдістерінің қағидалары бірге кездеседі) оны биологиялық-хирургиялық әдіс немесе консервативті-хирургиялық әдіс деп те атауға болады.

Әдісті орындау тәсілі.Алдын-ала белгілі тиімді ұлпаны уақытша жансыздандыру әдісін жүргізгеннен кейін тісжегі қуысын асептика қағидаларын сақтап егеп-тазалап алады да, тісжегі қуысын антисептиктердің жылы ертіндісімен жуып алады. Тісжегі қуысын егеп-тазалауды турбиналық ұштықтың көмегімен орындауға болады. Зарарсыздандырылған шарға ұқсас бормен ұлпа мүйізшесі тұсында сауыт қуысын тесіп, күмбезін алып тастайды (бұл кезең турбиналық немесе баяу айналатын (6000-10000 айналым/мин.) ұштықтардың көмегімен орындалады). Ашылған сауыт ұлпасының жоғарғы бөлігі сауыт қуысын ашқан кезде алынып кетеді, ал қалған бөлігін аршығыштың немесе бордың көмегімен алады және өзек сағасын кеңейтеді. Осыдан кейін керіконусқа ұқсас бордың көмегімен өзек сағасында баспалдаққа ұқсас шағын кертпе қалыптастыра отырып, саға ұлпасын тереңірек алып тастайды (ұлпаны терең ампутациялау – субтотальная резекция).

Кейде өзек сағасы ұлпасын кесіп алмай-ақ, диатермокоагулятордың көмегімен (екі секөнд) қуырып тастауға болады. Қажет болса қан тоқтатып (арнаулы сорғыш, капрофер, оксицелодекс, капромин қолдану арқылы), сауыт қуысын антисептиктер ерітіндісімен жуып, кептіреді және түбір ұлпасына қысым көрсетпей емдік төсеммен жабады. Көптеген ғалымдар емдеу әдісін бір қабылдауда жүргізуді ұсынады. Егер ондай шешім қабылданған болса, емдік төсем ретінде одонтотропты қойыртпақтар қолданылып, аралық төсем төселген соң, тұрақты пломбы қойылады. Ал екі қабылдауда емдеу жүргізілетін болса, емдік төсем ретінде дәрілердің күрделі қоспалары пайдаланылып, уақытша пломбы бір аптадан 3-4 аптаға дейін қойылады. Екінші қабылдауда тіске ешқандай шағым болмаса, уақытша пломбы тұрақты пломбыға ауыстырылады және өзек сағасына одонтотропты қойыртпақтар төселеді. Көптеген гистологиялық зерттеулер нәтижесі ұлпа жартылай кесіліп алынған аймақта дентинге ұқсас қатты тіннің құрылатынын, оның астында түбір ұлпасы сақталып, тығыз дәнекер тінге ауысатынын дәлелдеген.

Өміршеңдігі сақталған түбір ұлпасы микроорганизмдерді периодонтқа жібермейтін «қорғаныс қалқан» болып қалады.

Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі балалардың сүт және тұрақты тістерінің түбірлері сорылу кезеңінде және толық қалыптасып бітпеген жағдайларда кеңірек қолданылады.

 

Ұлпа қабынуын ұлпаны толық және жартылай сақтап емдеу кезіндегі жіберілетін қателіктер мен асқынулар.

· Уақытша немесе тұрақты пломбыны қойғаннан кейін ауыру сезімінің күшеюі. Себебі: емдеу әдісін көрсетілімдеріне сай және дәрілерді дұрыс таңдамау, асептика ережелерін сақтамау, жұмсарған дентинді толық алмау, борды дұрыс қолданбау (қыздырып алу), тісжегі қуысын өңдеуге жоғары концентрациялы антисептиктер ертіндісін қолдану. Бұл кезде емдік төсемдер үшін қолданылатын дәрілер құрамын өзгерту немесе ұлпаны жартылай алу керек (ұлпаны толық сақтап емдеу жүргізілген болса). Егер ол да нәтижесіз болса (ұлпаны жартылай сақтап емдеу кезінде 25% жағдайда түбір ұлпасы өліеттенуге ұшырайды), ұлпаны толық алып емдеу әдісін қолданады.

· Сауыт ұлпасын алғаннан кейін түбір ұлпасынан қан ағып тоқтамауы (диатермокоагуляциялағаннан кейін де) мүмкін. Қан тоқтататын дәрілерді қайта қолдану немесе диатермокоагуляциялауды қайталау арқылы қан тоқтату керек.

· Емдік төсем құрамындағы дәрілер мен анестетиктерге аллергиялық реакцияның дамуы. Себебі: аллергологиялық анамнезді дұрыс жинамау және алғаш рет қолданылатын дәрілермен ааллергияллық сынама жүргізбеу. Аллергиялық реакцияның түріне және ауырлығына қарай жедел жәрдем көрсетіледі.

· Ұлпаны жартылай алып емдегеннен кейін біраз уақыт өткен соң тісінің температуралық тітіркендіргіштер әсерінен ауыруы. Себебі: өзек сағасынан ұлпаның толық алынбауы немесе түбір ұлпасының қабынуы (остаточный пульпит). Бұл кезде сақтап қалдырылған түбір ұлпасын толық алу қажет болады.

Ұлпа қабынуын емдеудің хирургиялық әдістері.

Ұлпаны тірідей толық алу әдісі немесе виталды экстарпациялау әдісі (метод прижизненного полногоудаления пульпы или витальная экстирпация пульпы). Бұл әдіс қазіргі кезде көбірек қолданылып жүрген әдістердің бірі. Ұлпаның жедел және созылмалы қабынулары кезінде толық немесе жартылай сақтап емдеу әдістерін жүргізу мүмкіндігі жоқ кезде түбір өзектері жақсы өтетін тістерде қолданылады.

Қорыта айтқанда ұлпаны тірідей толық алу әдісі ұлпаның қабынуының барлық түрлері кезінде (гематогендік, конкрементті, ретроградтық, жарақаттан қабынуын қоса) түбір өзектері жақсы өтетін тістерде қолданылады. Сонымен қатар бұл әдіс ортопедиялық және хирургиялық емдеу шараларын жүргізер алдында, пародонт қабынуы кезінде тіс ұлпасын алу қажет болған жағдайда да жүргізіледі. Бұл әдіс – ешбір асқынулар болмаса, ұлпа қабынуын бір қабылдауда емдеп бітіруге болатындығымен ұтымды.

Бұл әдістің кең қолданыла бастауына мүмкіндік тудырған – жақсы анестетиктердің (лидокоин мен тримекаиннің 2% ертінділері) және премедикациялау шараларының (тыныштандырушы дәрілердің көмегімен жүйке жүйесіне әсер ету) стоматолгиялық тәжрибеге енгізілуі.

Ұлпа қабынуын ұлпаны тірідей толық алу әдісімен (виталды хирургиялық әдіс) емдеу кезеңдері:

· Уақытша жансыздандыру. Қажет болған жағдайда оған дейін премедикациялау шараларын қолдану;

· Тісжегі қуысын түбір өзектеріне еркін енетіндей жағдай жасай отырып егеп-тазалау;

· Сауыт қуысын тесу және ашу;

· Сауыт ұлпасын алу (ампутациялау);

· Өзек сағаларын кең ашу;

· Түбір ұлпасын алу (экстирпациялау);

· Түбір өзегінің ұзындығын анықтау (оны түбір ұлпасын алудан бұрын немесе алу кезінде де анықтауға болады);

· Түбір өзегін ұсақ аспаптармен және дәрілер ертінділерімен өңдеу;

· Түбір өзегін пломбылау;

· Тіске пломбы қою.

Ұлпаны уақытша жансыздандыру үшін инфильтрациялық, өткізгіштік, интралигаментарлы (айналма байламішілік) жансыздандыруды (анестезияны), ал кейде жалпылай ауырусыздандыру (общее обезболивание) әдісін де қолдануға болады. Ұлпану алу кезінде ауыру сезімі болған жағдайда ұлпаішілік жансыздандыруды қосуға болады. Жансыздану уақытының ұзаққа созылуы үшін құрамына вазоконстрикторлар (қан тамырларын тарылтатын дәрілер) қосылған дәрілер қолданылады (мепивакаин, прилокаин, артикаин туындылары).


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 738; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!