Параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед) 7 страница



Қажетті есептерді дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдар жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады.

Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады.

195. Бiлуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және басқа да қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негiздерiн,

педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетiстiктерін, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбек туралы заң негiздерiн.

196. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

 7-тарау. Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары

 1-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) басшысы (директоры)

197. Лауазымдық міндеттері: біліктілікті арттыру институтының (бұдан әрі-Институт) оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы - экономикалық қызметін басқарады.

Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін дамытуға бағыттайды.

Институт қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру, жетекші жоғары оқу орындарымен, таяу және алыс шетел ғалымдарымен білім беру мәселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.

Институттың Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, курстардың, семинарлардың оқу-тақырыптық жоспарларын, штат кестесін, Институт қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

Басқа оқу іс-шараларын әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады.

Тыңдаушылар үшін кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады, бұл үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

Белгіленген заңнама шегінде институттың мүлкі мен қаражатына иелік етеді.

Оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды, институттың ішкі тәртіп ережелері мен жұмыс тәртібінің сақталуын қамтамасыз ет еді.

Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдай жасайды. Институт Ғылыми кеңесінің жұмысын басқарады.

Мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдарда Институт атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

198. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, а

ндрагогика, синергетика, педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін,

экономика, қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

199. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен тұлғалар, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 10 жыл.

 2-параграф. Біліктілікті арттыру институты (филиалы) басшысының (директорының) орынбасары

200. Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге және Біліктілікті арттыру институтының (бұдан әрі – Институт) жарғысына сәйкес Институт құрылымдарының қызметіне басшылық етеді.

Институттың оқу, ғылыми, әдістемелік және шаруашылық қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және қадағалайды.

Курстық және курсаралық іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми сүйемелдеуге басшылық және қадағалау жүргізеді.

Баспа ісіне басшылық жасайды.

Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ыңтымақтастықты ұйымдастырады.

Білім беру ұйымдарының және әдістемелік қызметтердің, білім беру ұйымдарының барлық деңгейіндегі ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының, басшыларының біліктілігін арттырудың үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етуді қадағалайды.

Институттың құрылымдық бөлімшелеріне кадрлар іріктеуді іске асырып, оларды Институт басшылығына ұсынады.

Кафедра, әдістемелік кабинеттер және басқа да құрылымдар қызметкерлеріне консультация береді, олардың жұмысын үйлестіреді, әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Қажетті есеп-қисаптың ұйымдастырылуы мен ұсынылуын қамтамасыз етеді.

201. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарын және білім берудің келешегі мен даму жолдарын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

менеджмент негіздерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,

андрогогика, синергетика, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін,

еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

202. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен тұлғалар, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 10 жыл.

 3-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) әдіскері

203. Лауазымдық міндеттері: Курстардың, семинарлардың, конференциялардың, педагогикалық оқулардың, конкурстардың, көрмелердің сараланған жабдықталуын және өткізілуін ұйымдастырады.

Курстарға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді. Зертханалық-практикалық сабақтарды, тренингтерді, тиісті санаттардың біліктілігін арттырудың (бұдан әрі - БА) өзекті мәселелері бойынша іскерлік ойындарды даярлап, өткізілуін қамтамасыз етеді.

Жаңа тиімді технологияларды енгізу бойынша арнаулы проблемалық курстарды ұйымдастырады.

БА курстарына арналған жаңа оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды әзірлейді.

Білім беру қызметкерлерінің үздіксіз БА әртүрлі топтарының курстық дайындықтарының тиімділігін анықтайтын педагогикалық инструментарий жұмысын, педагогикалық диагностика, түзетуді іске асыру әдістерін жетілдіру, әдістемелік жұмысты үлгілеу бойынша заманауи әдістерді енгізу жұмысын үйлестіреді.

Білім беру ұйымдарының дыбыс-бейне және интерактивті оқыту құралдарына мұқтаждығын, қазіргі педагогикалық деректер банкісінің ахуалын саралайды.

БА курстарының әдістемелік және тәжірибелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырады.

Біліктілік арттыру жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, кабинет бейіні бойынша педагог кадрлардың сапалық құрамына мониторингті жүзеге асырады.

Авторларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеңдердің мақұлдануына, авторлық курстар, семинарлар ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсетеді.

Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижелерін саралайды және жалпылайды.

Білім беру ұйымдары педагогтарының, әдіскерлерінің, басшыларының нәтижелі жұмыс тәжірибесін зерттеп, жалпылайды және таратады.

Білім беру қызметкерлеріне, аудандық әдістемелік кабинеттерге консультативтік, әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

Курсаралық жұмыстар мен әртүрлі байқаулар, конкурстар, слеттер, олимпиадалар өткізеді.

Педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерттеп, насихаттайды.

Педагогика ғылымының заманауи жетістіктерін, педагогикалық әдебиеттің жаңалықтарын қадағалап, олар туралы білім беру ұйымдарын, әдістемелік кабинеттерді хабардар етеді.

БА жүйесінде маркетингтік зерттеулер және баспа қызметін жүзеге асырады.

Аймақтық деңгейде жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарының тиісті кабинеттерінің қызметін қадағалайды.

Педагогтердің, білім беру ұйымдарының инновациялық, тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарының және өзіндік зерттеу (ізденіс) қызметінің нәтижелерін жалпылау негізінде ғылым және практиканың ықпалдасу идеяларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді.

Республикалық педагогикалық басылымдарда білім беру мәселелеріне байланысты материалдар жариялайды.

204. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

басқарудың инновациялық әдістерін, баспалармен жұмыс істеу негіздерін,

оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін, білім беру,

жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесін,

ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметті,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

205. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінде кемінде 5 жыл.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда біліктілікті арттыру жүйесінде жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 7 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 9 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 10 жыл.

206. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ақпаратты компьютерлік өңдеу технологиясын, педагогикалық саралау әдістерін меңгеруі тиіс.

2) "педагог-модератор":

педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылай және тарата білуі,

жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.

3) "педагог-сарапшысы":

педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыс дағдыларына ие болуы,

білім беру процесінің өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтар жұмысына қатысуы тиіс.

4) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыс әдістерін меңгеруі;

білім беру процесінің өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі:

алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша ақпарат таратуы,

жарияланған әдістемелік материалдарының болуы, мемлекеттік тілді білуі тиіс.

 4-параграф. Кафедра меңгерушісі

207. Лауазымдық міндеттері: кафедраның даму стратегиясын әзірлейді, сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады.

Тыңдаушыларды курстық даярлау сапасының кафедраішілік жүйесін әзірлейді.

Педагогикалық әдістер мен оқыту құралдарын, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс дағдыларын меңгерген.

Профессор-оқытушылар құрамын оқытуды ұйымдастырады.

Оқу, ғылыми, әдістемелік жұмыс мәселелері бойынша кафедра отырысын өткізеді.

Кафедра жұмысын жоспарлайды, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді.

Кафедра оқытушылары арасында педагогикалық жүктемені және функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады және олардың уақытында және сапалы орындалуын бақылайды.

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылауды және оларды енгізу жолдарын ұйымдастырады.

Қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Кафедраның көрнекі құралдары мен оқу-әдістемелік материалдарын дайындауға қатысады, оларға сараптама жүргізеді.

Кафедра оқытушыларының жеке жоспарларының орындалуын және сапасын бақылайды.

Кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады.

Кафедраның Жас оқытушыларына оқу және әдістемелік көмек көрсетеді.

Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген.

Ғылыми кеңестің жұмысына қатысады.

Ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарымен және өзге де ұйымдармен байланыс орнатады.

Кафедраның, институттың халықаралық қызметіне қатысады және қамтамасыз етеді.

Кафедра құжаттамалары мен есептілігінің барлық түрлерін жасауды және сақтауды қамтамасыз етеді.

Кафедра қызметінің қорытындысы бойынша есеп береді.


Дата добавления: 2020-11-15; просмотров: 116; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!