Параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед) 11 страница



 8-параграф. Оқу-әдістемелік бірлестігі басшысының орынбасары

252. Лауазымдық міндеттері: Қызметтің жетекшілік ететін бағыттарына сәйкес әдістемелік жұмысты тікелей басқаруды жүзеге асырады.

Әдістемелік кеңестің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастырады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, оқытудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу жөнінде ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша, қазіргі заманғы оқыту технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыруды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады.

Білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, үздік курстық және дипломдық жобалар, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қорытындылайды.

Білім беру ұйымдары оқытушыларының республикада және шет елдерде ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар енгізеді.

Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

253. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

педагогика және психология негіздерін,

қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;

басқарудың инновациялық әдістерін;

экономика, қаржы-шаруашылық мәселелерін;

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

254. Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім тиісті бейін бойынша және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 9-параграф. Оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері

255. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы оқу-әдістемелік бірлестігінің оқу-әдістемелік жұмыстарын жүзеге асырады және талдайды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жөнінде конференциялар, семинарлар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізеді. Озық педагогикалық тәжірибелерді айқындайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізеді, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі.

Жастар мен жұмыспен қамтылмаған халықтың арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде нұсқаулықтар әзірлейді.

Оқу-әдістемелік әдебиетпен, оқытудың педагогикалық құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқытудың қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтылуын бағалау жағдайы туралы аналитикалық материалдарды әзірлеуге қатысады.

Оқыту бағдарламалар мәліметтерінің ақпараттық банкін құруын, мамандарды даярлау сапасының мониторингісін ұйымдастырады.

Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

256. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,

басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін,

баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

257. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл.

Және (немесе) жоғары біліктігі болған жағдайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл. педагог-шебер үшін-5 жыл.

258. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар

1) "педагог":

оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі,

сандық білім беру ресурстарын қолдану;

2) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс,

бұдан басқа оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады,

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды:

білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін,

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

4) "педагог - зерттеуші":

"педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог - шебер":

"педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады,

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.

 10-параграф. Әдіскер

259. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және талдайды.

Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссиясы, кафедрасының жұмысын үйлестіреді.

Оқу-әдістемелік құжаттамаларды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады.

Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізуге, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі.

Білім процестері мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

Семинарлар, конференциялар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады.

Ашық сабақтар өткізуді және оларды талдауды ұйымдастырады. Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

260. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,

басқарудың инновациялық әдістерін,

әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін,

оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

261. Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі тиісті бейіні бойынша білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл. педагог-шебер үшін-5 жыл.

262. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатыса білуі,

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеру,

сандық білім беру ресурстарын қолдану;

2) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа:

оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады,

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс.;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды:

білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін,

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

4) "педагог - зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

облыс/республика маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));


Дата добавления: 2020-11-15; просмотров: 161; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!