Параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед) 8 страница



Кафедра оқытушыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындауын бақылайды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелерді орындайды.

208. Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының: "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер;

оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібі, білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістері;

педагогиканы, физиологияны, психологияны және кәсіби оқыту әдістемесін, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи түрлері мен әдістерін;

экономика негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

209. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін және ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуын растайтын құжаттың болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.

 5-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) Аға оқытушы

210. Лауазымдық міндеттері: Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді.

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.

Барлық оқу жұмысының түрлерін жүргізеді.

Оқытылатын пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, оқу-тақырыптық жоспарларын әзірлейді.

Оқитын пәндерді немесе жекелеген оқу сабақтары, оқу жұмыстары бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жинақтайды және әзірлейді.

Тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады.

Оқитын пәндерді немесе жекелеген оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмысына басшылық жасайды.

Біліктілікті арттыруды әдістемелік қамтамасыз етеді.

Кафедраның, институттың ғылыми-әдістемелік жұмыстарына қатысады.

Сабақтарды, зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтарды өткізуде тыңдаушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды.

Кафедрадағы оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, әзірлемелерді, жұмыс бағдарламаларын және басқа да оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлерін дайындауға қатысады.

Жеке жоспардың орындалуы туралы есепті дайындайды және ұсынады.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін орындайды.

211. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістерін,

оқу жоспарларын жасау тәртібін,

оқу жұмысы бойынша құжаттама жүргізу ережесін,

педагогиканы, физиологияны, психологияны, андрогогиканы, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи түрлері мен әдістері, экономика негіздері,

Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс.

212. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен тұлғалар және ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.

 6-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) Бөлім басшысы

213. Лауазымдық міндеттері: Нормативтік, құқықтық актілер мен біліктілікті арттыру институты туралы ережеге сәйкес бөлім қызметіне басшылық жасайды.

Бөлімнің даму стратегиясын әзірлейді.

Бөлімнің жұмыс жоспарын және бөлім мамандарының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді.

Бөлім мамандарының арасында функционалдық міндеттерін бөлуді, олардың олардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды.

Бөлім қызметінің нәтижесін талдайды. Бөлім мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмек көрсетеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді.

Ішкі тәртіп ережесін сақтайды және бөлімнің жұмыс регламентіне сәйкес құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Бөлімнің барлық түрлердегі құжаттамаларын, есебін жасауды және сақтауды қамтамасыз етеді.

Институттың іс-шараларына қатысады, бөлімнің барлық түрдегі қызметін жоспарлайды мен талдайды. Қажетті есепті, бөлім қызметі туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

214. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

басқарудың инновациялық әдістерін,

баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу тәртібін;

пән бойынша жаңа және балама оқулықтардың мазмұны,

инновациялық жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесі, ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

215. Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат, педагогикалық жұмысының еңбек өтілі кемінде 7 жыл

 8-тарау. Әдістемелік қызмет

 1-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинеттің(орталықтын) (директоры, меңгерушісі) басшысы

216. Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады. Штаттық кестені белгілеп және бекітеді.

Кабинеттің стратегиясын, даму мақсаты мен міндеттерін белгілейді, даму бағдарламаларының, ішкі тәртіп ережелерінің әзірленуін, бекітілуін және орындалуын ұйымдастырады.

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.

Заңнамада белгіленген шекте кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен құралдарына иелік етеді.

Оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды қамтамасыз етеді.

Республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен (қауымдастықтармен, кеңестермен) өзара әрекеттесуін ұйымдастырады.

Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады.

Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Қызметкерлердің шығармашылық бастамасын марапаттайды және ынталандырады.

Кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік кеңесінің) жұмысын басқарады.

Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

217. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

қаржы-шаруашылық, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.

218. Біліктілікке қойылатын талаптар:

облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:

жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 10 жыл.

қалалар/аудандар деңгейінде:

жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 5 жыл.

 2-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинет (орталық) басшысының орынбасары

219. Лауазымдық міндеттері: Оқу, ғылыми, әдістемелік қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Өткізілетін іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми сүйемелдеуді дайындауға басшылық пен бақылауды жүзеге асырады.

Баспа қызметіне басшылық жасайды.

Құрылымдық бөлімшелер үшін кадрлар іріктеуді жүзеге асырады және оларды басшыға ұсынады.

Өңірлік құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес беруді, олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

Әдіскерлерді иеленуге (растауға) дайындықты ұйымдастырады.

Кабинетті (орталықты) әдістемелік қамтамасыз ету тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді, ақпараттық материалдар жасайды, білім алушылармен жұмыс бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер, тәжірибелік-эксперименттік, иинновациялық алаңдар қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.

Қажетті есептемелерді дайындап және ұсынуды қамтамасыз етеді.

220. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді даму бағыттары мен перспективасын белгілейтін басқа да нормативттік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын,

педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін,

қаржылық-шаруашылық қызмет,

еңбек заңнамалар негізін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

221. Біліктілікке қойылатын талаптар:

облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:

жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау педагогикалық курстарынан өткен, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 7 жыл.

қалалар/аудандар деңгейінде:

жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 3 жыл.

 3-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинеттің (орталық) бөлім басшысы

222. Лауазымдық міндеттері: Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинет (орталық) бөлімінің қызметін басқарады, қызмет бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, әдіскерлердің жұмысын үйлестіреді.

Әдіскерлерді, педагогтарды оқытуды қамтамасыз етеді, инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, әдістемелерді игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді.

Білім беру процесін жетілдіру және әдістемелік жұмысты басқару бойынша ұсыныстар енгізеді.

Педагогтарды беру (растау) рәсімін дайындауға және өткізуге қатысады. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді орындайды.

223. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін; санитарлық ережелер мен нормаларды.

224. Біліктілікке қойылатын талаптар:

облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:

жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 7 жыл.

қалалар/аудандар деңгейінде:

тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен, үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі кемінде соңғы 3 жыл.

 4-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинет (орталық) секторының меңгерушісі)


Дата добавления: 2020-11-15; просмотров: 102; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!