Параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед) 5 страница



179. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Дене тәрбиесі және спорт туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;

педагогика, психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,

арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктері,

экономика негіздері, қаржы-шаруашылық қызметті,

қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қарсы қауіпсіздік қағидалары.

180. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

біліктілігі жоғары деңгейдегі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін кемінде 4 жыл – мүмкіндігінше бейіні бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл - бейіні бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы.

181. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог-модератор":

педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

өз бетінше пәнді оқытудың әдістемесін құрастыруды білу;

белсенді оқытудың формалары мен әдістерін қолдану;

білім алушылармен және тәрбиеленушілермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру;

оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету;

шығармашылық топтардың, мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына белсенді қатысу.

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

өз бетінше пәнді оқытудың әдістемесін құрастыруды білу;

шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтардың жұмысына басшылық жасау;

өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені қолдану;

жаңа білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды енгізу жұмыстарына белсенді қатысу.

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту, тәрбиелеу әдістерін әзірлей білу және оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу;

өз жоспары бойынша эксперименттік тапсырмаларды қалыптастыру;

оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық әзірлемелердің болуы;

білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарды басқара білу.

 12-параграф. Дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы

182. Лауазымдық міндеттері: Дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы дене тәрбиесі бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту жұмысын жүргізеді.

Балалардың жас ерекшелігін, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың міндеттері мен мазмұнын анықтайды.

Білім алушыларды, тәрбиеленушілерді дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын үйретеді, олардың бойында рухани-жігер қасиеттерін қалыптастырады.

Дене шынықтыру бойынша сабақтар мен спорттық іс-шараларды өткізу барысында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді.

Үнемі санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды.

Медицина қызметкерлермен бірлесе отырып, балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және олардың физикалық жүктемесін реттейді.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауап береді.

Салауатты өмір салтын насихаттайды.

Тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің ата-анасымен, тығыз байланыста жұмыс істейді. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.

183. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру, дене шынықтыру және спорт, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика, психология негіздерін,

жас ерекшелік физиологиясын, анатомиясын, мектеп гигиенасын,

дене тәрбиесі әдістемесін, әртүрлі жастағы балаларды жүзуге;

тәрбие жұмысының әдістемесін; білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау қағидаларын, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптарын, бағдарламалар мен оқулықтарды, оқу кабинетін жабдықтау мен жабдықтауға қойылатын талаптарды, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қарсы қауіпсіздік қағидалары, санитарлық қағидалар мен нормаларды.

184. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік білімі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды жұмыс.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі бар болған жағдайда жұмыс өтілі мамандығы бойынша педагог-шебер – 6 жыл.

Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі бар болған жағдайда педагог-модератор үшін кемінде 3-4 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4-5 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5-6 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

185. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог-модератор":

қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс (санаты жоқ), сондай-ақ:

балалардың дене тәрбиесінің ең озық формалары мен әдістерін қолдану және олардың денсаулығын нығайту;

білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар үшін консультациялар өткізу.

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

балалардың дене тәрбиесі және денсаулығын нығайту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз ету;

балалармен жеке жұмыс жүргізу;

балалардың дене тәрбиесі және балалармен спорттық жарыстар өткізу бойынша жеке әдістемелерді әзірлеу.

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

тәжірибелік жұмыс дағдыларын меңгеру;

балалармен сабақ жүргізудің жаңа бағдарламалары мен әдістерін әзірлеу.

4) "педагог-шебер":

педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ

тәжірибелік жұмыс дағдыларын меңгеру;

балалармен сабақ жүргізудің жаңа бағдарламалары мен әдістерін әзірлеу.

 13-параграф. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының Әдіскері

186. Лауазымдық міндеттері: Барлық типтегі және түрдегі балаларға қосымша білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ұйым) әдістемелік жұмысты жүзеге асырады.

Білім беру процесінің нәтижесін ұйымдық-әдістемелік алып жүруді, талдауды және бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені топтастырып, таратуды қамтамасыз етеді.

Педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби жетілуіне көмек береді.

Ұйымдардағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді.

Әдістемелік және ақпараттық материалдар әзірлеуге, диагностика жасауға, педагог кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды болжауға және жоспарлауға қатысады.

Ұйымның педагог қызметкерлеріне қосымша білім берудің оқу бағдарламасының мазмұнын, нысанын, әдістері мен оқыту құралдарын анықтауға, ұйымның білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

Балаларға қосымша білім беру ұйымындағы білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді.

Білім беру процесіне арналған оқыту-әдістемелік құжаттамалар мен құралдарды, жабдықтардың үлгілік тізбелерін, дидактикалық материалдарды әзірлеуді,

рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.

Ұйымның эксперименталдық жұмысының нәтижесін талдайды және жинақтайды.

Педагог қызметкерлердің мейлінше инновациялық, нәтижелі тәжірибелерін жинақтайды және тарату шараларын қабылдайды.

Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, оларға тиісті қызмет ету бағыты бойынша консультативтік және практикалық көмек көрсетеді.

Қызметкерлердің тиісті бағыттары бойынша олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға арналған тапсырыстың перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады.

Балаларға қосымша білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы оқыту және тәрбиелеу технологиялары, отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты қорытындылайды және таратады.

Конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар өткізу бойынша қажетті құжаттама әзірлеп, ұйымдастырады. Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-аналитикалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелендіруді жүзеге асырады.

Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, сараптауға, қолданыстағысын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттама әзірлеуге қатысады.

Білім беру ұйымының педагогикалық және өзге де кеңестерінің жұмысына, сондай-ақ әдістемелік бірлестік қызметі мен әдістемелік жұмыстың өзге де түріне қатысады.

Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережені орындайды.

Білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Әдістемелік қосымшалардың жиынтықтары бар әртүрлі үлгідегі және түрдегі оқу-әдістемелік өнімдерді әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды.

Балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімдерді баспаға дайындауды жүзеге асырады.

Қызметкерлердің тиісті қызмет бағыттары бойынша олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс берудің перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады. Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады.

Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысады.

Әдістемелік қосымшалар жиынтығымен әр түрлі типтегі оқу-әдістемелік өнімдерді әзірлеуге дайындайды.

Балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарының іске асырылуын қамтамасыз ететін бағдарламалық және әдістемелік өнімдерді шығаруға дайындықты жүзеге асырады.

Қызметкерлердің өз қызметінің тиісті бағыттары бойынша біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыруға, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, оқу құралдарына, оқу материалдарына тапсырыс берудің ұзақ мерзімді жоспарларын жасауға қатысады.

Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық және аналитикалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады.

Қосымша білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы құжаттарды жаңартуға және жаңа білім стандарттарын, оқу және бағдарламалық құжаттаманы жасауға қатысады.

Инновациялық тәжірибені зерттейді және таратады.

Конкурстарға, көрмелерге, жарыстарға, митингілерге, жарыстарға қажетті құжаттарды ұйымдастырады және әзірлейді.

Қажетті есептерді дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Сараптамалық қызметті ұйымдастырады:

Республикадағы балаларға қосымша білім беру ұйымдары конкурстарға ұсынылатын бағдарламалық-әдістемелік өнімдердің бейінді (бағыты бойынша) сараптамасын.

Өтінімдер бойынша сараптаманы жүзеге асырады (білім беру ұйымдарынан, жеке тұлғалардан).

Консалтингтік қызметті ұйымдастырады: педагогикалық кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби дамуына ықпал етеді.

Ұйымдардың педагогикалық қызметкерлеріне балаларға қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқыту нысандары, әдістері мен құралдарын анықтауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруда көмек көрсетеді.

Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары, қосымша (бейресми) білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жинақтайды және таратады.

Педагогикалық жетістіктерді насихаттайды (мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, шығармашылық семинарлар ұйымдастыру арқылы).


Дата добавления: 2020-11-15; просмотров: 111; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!