Параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед) 2 страница



Педагогика және психология,

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері,

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

142. Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат; сондай-ақ білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі сонғы 2 жыл, білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;

Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.

 2-параграф. Балаларға қосымша білім беру ұйымы басшысының (директорының) орынбасары

143. Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжым қызметінің ағымдық және перспективті жоспарларын ұйымдастырады.

Педагогтердың білім беретін оқу жоспарлар мен бағдарламаларды, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстарын үйлестіреді.

Ұйымдардағы білім беру және тәбиелеу процестерінің сапасына және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім дайындығы нәтижелерін бағалау объективтілігіне үйірме, секция, клуб және факультатив жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады.

Педагогтарға инновациялық бағдарламаларды игеру және әзірлеу жұмыстарына көмек көрсетеді.

Емтихандарды, конкурстарды, жарыстарды дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге және қызметкерлерге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды.

Ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады.

Оқу сабақтарының кестесін құрады.

Белгіленген есеп беру құжаттамаларын уақтылы жасауды қамтамасыз етеді.

Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады, олардың біліктілігі және кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұйымдастырады.

Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсынысты енгізеді.

Оқу кабинеттерін, аудиторияларды заманауи жабдықтармен, көрнекі құралдар мен оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен толықтыру бойынша шаралар қабылдайды.

Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

Санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті қорғау ережелерінің сақтауды қамтамасыз етеді.

Қажетті есептерді дайындау және ұсынуды қамтамасыз етеді.

144. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және Балаларға қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен физиология және гигиена негіздері,

Педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері,

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері,

Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс, санитарлық ережелер мен нормалар.

145. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінг педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайіта даярлау туралы құжат; білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 3-параграф. Қосымша білім беру педагогы (білім беру ұйымдары жанындағы секциялар мен үйірмелердің педагогы)

146. Лауазымдық міндеттері: Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оқу мерзімі ішінде оларды сақтау шараларын қолданады. Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтардың жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.

Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, адамгершілік-рухани дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, оның ішінде зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін дамытуды, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды. Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар) қатысуын ұйымдастырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады. Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Ата-аналары мен оларды алмастыратын тұлғаларға, және педагог қызметкерлерге кеңес беріп, көмектеседі. Әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға, кәсіби қоғамдастықтарға қатысады. Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін арттырады.

147. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беру қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық,

Педагогика және психология негіздері,

тәрбие жұмысының әдістемесі, өнімді, сараланған, дамытатын оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыру,

әртүрлі жастағы білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен),

педагогтармен қарым-қатынас орнату әдістері,

даулы жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістері, білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелері,

еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері.

148. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат; жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер кемінде 6 жыл.

Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.

149. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

зерттеу, эксперименттік жұмыстары дағдаларын меңгеруі,

жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмыстарды жүргізе білуі,

өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалары ұжымын басқаруы тиіс.

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар:

халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы,

авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар:

халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы,

авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.

4) "педагог-шебер":

педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар:

халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы,

авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.

 4-параграф. Педагог-ұйымдастырушы

150. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігін, мүдделерін және қажеттілігін зерделейді және тұрғылықты жері бойынша оларды іске асыру үшін жағдай жасайды.

Жеке тұлғаның талантын, ойлау және дене даму ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, әуесқой бірлестіктерінің жұмыстарын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметтерін ұйымдастырады.

Мына бағыттардың біріне жетекшілік етеді: ғылыми-техникалық, көркемдік-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы да басқа.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу үшін баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді.

Кештерді, мерекелерді, саяхаттарды, экскурсияларды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің бос уақыт, демалыс, ойын-сауық саласындағы маңызды әлеуметтік бастамаларын қолдайды.

Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады.

Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

151. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

үйірмелер, секциялар, студиялар, клуб бірлестіктері сабақтарының бағдарламалары,

балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері,

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

152. Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер кемінде 6 жыл.

Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.

153. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын меңгеруі,

тәрбиелеу процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі,

әдістемелік бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне қатысуы тиіс.

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі,

балалар мен жасөспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше білуі,

жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,

жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі;

әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі тиіс.

4) "педагог-шебер":

педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,

жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі;

әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі тиіс.

 5-параграф. Әлеуметтік педагог

154. Лауазымдық міндеттері: Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмірлік жағдайын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, джанжалдық жағдайын, мінез-құлық ауытқуларын анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін, міндеттерін, нысандарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістерін айқындайды, білім алушылардың жеке құқығы мен еркіндігін іске асырудағы әлеуметтік қорғау мен көмек бойынша шаралар қабылдайды.


Дата добавления: 2020-11-15; просмотров: 154; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!