Параграф. Педагог-психологы (психологы)



60. Лауазымдық міндеттері: оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).

Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.

Әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді.

Оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғалардың білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.

Инклюзивті білім беру қағидасын дамытады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында киберкультура мен кибергигиенаны дамытады.

Оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде дайындығын дамытуға ықпал етеді

Дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі.

Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады.

Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.

Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады.

Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

Буллинг, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

Білім беру ұйымдарында барлық білім беру процессіне субъектілердің қатысуымен "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді, оның ішінде отбасылар балалар.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

61. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру,

жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар мен жас ерекшелік әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихологиясы, психосоматикасы,

Дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім беру және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық консультация беру және психопрофилактика,

белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері, жеке және топтық консультацияның заманауи әдістері,

баланың дамуын диагностикалау және түзету,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

62. Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Психология" мамандығы бойынша жоғары білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған кезде педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер кемінде 5 жыл.

63. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог" (санаты жоқ):

педагог-психологқа қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы;

қазіргі заманғы психологиялық әдістерді білуі;

мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүзеге асыруы,

балалардың эмоциялық саулығын, тиімді дамуын қамтамасыз етуі;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы;

педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық ағартуды жүзеге асыруы тиіс.

2) "педагог – модератор":

"педагог" (санаты жоқ) санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

жеке-психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, балалармен жұмысты жүзеге асыру;

балалармен, педагогтармен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;

ересектердің балалармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу;

әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;

ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету.

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" санатына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

әртүрлі бейінде және бағытта психологиялық диагностика жүргізу, балалармен жеке жұмысты жүзеге асыру;

шығармашылық топқа басшылық ету, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;

мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсынымдар әзірлеу;

білім беру ұйымдары деңгейінде өзі және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау және тәлімгерлікті жүзеге асыру, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау.

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" санатына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

психологиялық тексеру мен диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеу,

психологиялық қорытынды жасауы және түзету жұмыстарын жүргізу;

әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу; психологиялық - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша инновациялық тәжірибені енгізу; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтарға көмек көрсету;

психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын конструктивті анықтау, Облыс / республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтау.

5) педагог-шебер:

педагог-зерттеуші біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келу, сонымен қатар:

облыстық, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға авторлық (бірлескен автор) құқығы бар, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;

тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде кәсіби қауымдастық желісін дамытуды жоспарлау,

халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе халықаралық немесе республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

 8-параграф. Орта білім беру ұйымдарының арайы педагогы (дефектолог, дефектолог-мұғалім логопед, логопед-мұғалім, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог)

64. Лауазымдық міндеттері: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету жұмыстарын жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдарында инклюзия қағидаларын дамытады.

Білім алушылардың психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларына диагностика жасайды, олардың құрылымы мен айқындылық дәрежесін анықтайды.

Мұғалімдермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, бұзылған функцияларды түзету және қалпына келтіру және мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды әлеуметтендіру бойынша топтық және жеке қызметті жүзеге асырады.

Балаларға көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша педагогтарға, білім алушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға кеңес береді.

Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады.

Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады. "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын іске асырады.

Өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады.

Әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Қажетті құжаттаманы жүргізеді.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.

Білім беру процесі кезінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

65. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Педагог мәртебесі туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін,

өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын,

жас және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомо-физиологиялық және клиникалық негіздерін, Педагогика және психология негіздерін,

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуында ауытқушылықтың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдері, дефектологиялық ғылым жетістіктері,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер.

66. Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Арнайы педагогика" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-модератор үшін мамандығы бойынша кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. педагог-шебер үшін-6 жыл.

67. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог" (санаты жоқ):

Арнайы педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған балаларды оқыту диагностикасының әдістерін меңгеруі,

дефектологияның қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі,

білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы,

балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;

балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал ету, білім беру ұйымдары деңгейіндегі іс-шараларға қатысу,

балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру,

кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану.

2) "педагог – модератор":

"педагог" санатының (санаты жоқ) жалпы талаптарына жауап беруі, сонымен қатар:

тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін пайдалануы, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы тиіс.

3) "педагог-сарапшы":

"педагог – модератор" санатының жалпы талаптарына жауап беруі, сонымен қатар:

балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін пайдалануы;

ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етуі;

инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеуі және енгізуі;

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі,

тәлімгерлікті жүзеге асыруы және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтауы, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы тиіс.

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог – сарапшы" санатының жалпы талаптарына жауап беруі, сонымен қатар:

Дефектология ғылымының жаңа жетістіктерін пайдалануы;

қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі;

облыс деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы;

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын игеруі, тәлімгерлікті жүзеге асыруы,

облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтауы;

психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы тиіс.

5) "педагог-шебер":

"педагог – зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс;, сонымен қатар:

дефектологиялық ғылымның ең жаңа жетістіктерін енгізу;

авторлық бағдарламасы болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) болуы,

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау,

білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болуы тиіс.

 9-параграф. Жалпы орта білім беретін ұйымның педагог-ассистенті

68. Лауазымдық міндеттері: Жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдарында болған барлық уақыт ішінде, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы бойынша шектелген жағдайда, ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға көмек көрсетеді.

Көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға орнын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету (киінуге, шешінуге көмек көрсетеді), емдеу-алдын алу іс-шараларына ілесіп жүруге. көмек көрсетеді.

Мұғалімнің басшылығымен білім беру, түзету-дамыту процестеріне қатысады.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарына сәйкес мұғалімге, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына көмек көрсетеді.

Инклюзивті білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алуға қатысады, сондай-ақ сыныптағы білім алушылардың теріс мінез-құлқын алдын алады және жеңеді.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру бағдарламаларын (оқу жоспарларын), оның ішінде мінез-құлық бағдарламаларын құрастыруға қатысады, оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қысқартылған (бейімделген) оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Оқыту және түзету-дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы туралы мәліметтерді жинауды, жеке білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін хаттамалауды, оқушының оқу, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларының даму динамикасын, оқыту процесінің динамикасын және оқушының әлеуметтенуін мониторингілеу үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мұғалімдері мен мамандарына ақпарат беруді жүзеге асырады.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің қажетті жағдайларын сақтайды, жүргізу кезеңінде қорғау педагогикалық режимін сақтайды.

Әртүрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділікті, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени әр алуандығына ашықтықты көрсетеді және инклюзивті білім беруді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға қоғамның толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асырады.

Белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

69. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін,

әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдарды, білім саласындағы уәкілетті орган ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және ұстау, жас және арнайы психология мен педагогиканы,

Психодиагностика негіздерін, білім алушылардың мінез-құлқын алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін, инновациялық психологиялық-педагогикалық технологияларды, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің интерактивті әдістері мен тәсілдерін,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.

70. Біліктілікке қойылатын талаптар:

техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша "Арнаулы білім" жұмыс өтіліне талап етілмейді немесе техникалық және кәсіби білімі, педагогикалық мамандықтар бойынша, сертификаты болған жағдайда бағыты бойынша біліктілікті арттыру қызметі, бұл ретте үміткер біліктілік санаты педагог.

Және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған жағдайда педагогикалық өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл болуға тиіс.

71. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог" (санаты жоқ):

көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға ұйымдастырылған оқу және түзету-дамыту іс-әрекетінің барлық түрлерінде көру, өзін-өзі қызмет көрсету кезінде көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға көру, өзін-өзі қызмет көрсете білуі тиіс.

2) " педагог-модератор":

педагог-ассистентке қойылатын кәсіби құзыреттілікті меңгеруі, дамуында ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін білуі,

білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысын білуі тиіс.

Мұғалімнің басшылығымен психологиялық-медициналық педагогикалық кеңестің, мектеп консилиумының ұсыныстарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.

3) педагог-сарапшы:

педагог-модераторға қойылатын кәсіби құзыреттілікті меңгеруі, дамуында ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін білуі,

білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысын білуі тиіс.

Мұғалімнің басшылығымен психологиялық-медициналық педагогикалық кеңестің, мектеп консилиумының ұсыныстарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.

4) педагог-зерттеуші:

педагог-экспертке қойылатын кәсіби құзыреттілікті меңгеруі, дамуында ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін білуі,

білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысын білуі тиіс.

Мұғалімнің басшылығымен психологиялық-медициналық педагогикалық кеңестің, мектеп консилиумының ұсыныстарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.

 10-параграф. Әлеуметтік педагог

72. Лауазымдық міндеттері: жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар және ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.

Білім беру ұйымдарында және жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды.

Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Мұғалімдермен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

73. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді;

әлеуметтік саясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогика мен психологияны,

Валеология негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелерді; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды;

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.

74. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық білімі; әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор үшін-кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші және педагог – шебер үшін-кемінде 5 жыл әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі болуға тиіс.

75. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

озық тәжиребені оқып үйрену,

озық тәжиребен тәжірибеде енгізу;

оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау,

білім беру ұйымының әдістемелік топтарының жұмыстарына қатысуы тиіс.

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеру;

шығармашылық семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшы педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі;

әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологияларды құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі,

әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелермен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.

4) "педагог-шебер":

педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі;

әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі,

әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелермен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.

 11-параграф. Вожатый, аға вожатый

76. Лауазымдық міндеттері: "Жас қыран", "Жас ұлан" балалардың қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің қызметін дамытуға ықпал етеді.

Білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді.

Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады.

Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады.

Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істейтін ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдай жасайды.

Білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымдарында мәдени-көпшілік, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілерге тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

Білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалысын ұйымдастырады.

Білім алушылармен жұмыстың инновациялық тәжірибесін зерделейді және пайдаланады.

"Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата-анаға құрмет" қоғамдық маңызды жұмыстарды ұйымдастырады.

Балалар ұйымдарының, бірлестіктердің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

Өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

77. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика мен психологияны, физиологияны, гигиенаны, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістерін,

бос уақытты өткізу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесін, еңбек туралы заңнама негіздерін,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік мен өртке қарсы техниканы, санитарлық ережелер мен нормаларды.

78. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шеберге арналған вожатый лауазымында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

79. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

балалармен жеке және топтық жұмыстарды өз бетімен ұйымдастыра білуі тиіс.

2) "педагог – сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білу, жасөспірім мен баланың мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру дағдылары болу, өткізіп отырған тәрбие жұмыстарын талдау әдістемесінің өзіндік дағдысы болу, жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолдануға тиіс;

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметке өзіндік технологиялық талдау жүргізе білуі тиіс.

4) "педагог-шебер":

педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметке өзіндік технологиялық талдау жүргізе білуі тиіс.

 12-параграф. Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі

80. Лауазымдық міндеттері: интернаттың қызметіне басшылық етеді, тұтас оқу-тәрбие процесі шеңберінде тәрбиешілер мен басқа да қызметкерлердің жұмысына бақылауды жүзеге асырады, қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Білім беру процестерінің сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Тәрбиешілерге әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді, педагогикалық тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, педагогтар мен білім алушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Оқу-тәрбие, әдістемелік, мәдени-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастырады.

Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын, санитарлық және өртке қарсы ережелерді сақтауды бақылауды жүзеге асырады, интернатта тұратын тәрбиеленушілердің қажетті тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын, тамақтануын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Интернаттың, білім беру ұйымдарының және білім алушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады.

Интернат қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

81. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

82. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе басқа да кәсіби педагогикалық білімі немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат;

немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі; педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

 13-параграф. Орта білім беру ұйымының оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі

83. Лауазымдық міндеттері: шеберхананың қызметін басқарады, еңбек (өндірістік) оқытудың оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Шеберхананы оқу процесіне қажетті жабдықтармен, материалдармен, құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен жабдықтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Оларды пайдалануға, электр және өрт қауіпсіздігіне жабдықтарды уақтылы тексеруге толық жауап береді және есепке алады.

Жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды сабақтарға дайындауды ұйымдастырады.

Жабдықтарды, оқыту құралдарын қолдану және арнайы киімді пайдалану ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, айлабұйымдарды баптауды және жөндеуді ұйымдастырады, еңбек (өндірістік) оқыту сабақтарында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар өткізуді бақылайды.

Шеберханада жұмыс істеу кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікке ие.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

84. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді;

санитария және гигиена негіздерін, жабдықтарды пайдалану, монтаждау, жөндеу ережелерін,

базаларында практикалық сабақтар мен семинарлар өткізілетін стендтер мен қондырғыларда жұмыс істеу тәртібі мен ережелерін;

білім беру ұйымының экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбекті қорғауды.

85. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе басқа да кәсіби педагогикалық білімі немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі; педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

 4-тарау. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары

 1-параграф. Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының басшысы (директоры)

86. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарына оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басшылық етеді.

Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады.

Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлесіп, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін және өзге де нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

Ұйымның ағымдағы және перспективалық қызметін жоспарлауды ұйымдастырады.

Кәсіптік - еңбек, оқу - танымдық, дене шынықтыру - сауықтыру бағытындағы компоненттерді қамтитын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке бағдарламаларын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбиеленушінің ақыл-ой, эмоциялық және дене бітімінің дамуына ықпал ететін өмір сүру, оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті, үй жағдайына жақын қамтамасыз ету, тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау жолымен интеллектті байыту арқылы мемлекеттік көмекті және қолдауды қажет ететін балалардың білім беру бағдарламаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды;

мемлекеттік рәміздерді құрметтеу,

халық дәстүрлерін құрметтеу, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілік, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ және басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін білу.

Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады.

Оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді.

Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі.

Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін растау жөніндегі, сондай-ақ тәрбиеленушілерді отбасында одан әрі бейімделуге психологиялық даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жолымен тәрбиеленушілерді отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, қабылдау отбасына) орналастыруды және беруді қамтамасыз етеді.

Қабылдаушы ата-аналарды дайындау бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылар (тәрбиеленушілер) мен білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау және нығайту қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

Кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне жеке психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру арқылы өмірлік қиын жағдайды жеңуде әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді.

Білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің заңды өкілі болып табылады. Тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Отбасына реинтеграциялау мақсатында тәрбиеленушілердің жақын туыстарын іздестіруді ұйымдастырады (биологиялық отбасымен қосылу).

Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Заңнамада белгіленген тәртіпте білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатын басқарады, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық түсімі мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті береді.

Оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын нормативтік талаптарға сәйкес қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібінің, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді.

Педагог кадрлар мен қосалқы персоналды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, штат кестесі мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық етеді.

Белгіленген тәртіппен педагогтерге біліктілік санатын беруді (растауды) жүргізеді.

Кәсіби жетістіктері бар білім беру ұйымдарының педагогтері мен басқа да қызметкерлерін көтермелеуге ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады.

Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымын ұсынады, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

87. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

88. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе басқа да кәсіби педагогикалық білімі немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, білім беру ұйымдарында басшының орынбасары лауазымында 1 жылдан кем емес;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.

 2-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының оқу жұмысы бойынша басшының орынбасары (директор)

89. Лауазымдық міндеттері: оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды және перспективалық болжауды ұйымдастырады.

Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды.

Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді үйлестіреді.

Білім беру процесінің сапасын және білім алушылардың білім беру дайындығының нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады.

Білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады.

Оқу сабақтарының және оқу қызметінің басқа да түрлерінің кестесін жасайды.

Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Қорытынды аттестаттауды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды.

Оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізеді.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлайды.

Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады, олардың біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұйымдастырады.

Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін дайындауға және өткізуге қатысады.

Оқу зертханалары мен кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру бойынша жұмысты үйлестіреді.

Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды, белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы құрастырылуын, дұрыстығын және тапсырылуын жүзеге асырады.

90. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын,

тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі халықаралық тәжірибені,

экономика негіздерін,

еңбекті қорғау, санитарлық ережелер мен нормаларды.

91. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе басқа да кәсіби педагогикалық білімі немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі; педагогикалық жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес.

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер санаты болуы тиіс.

 3-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

92. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер тұлғасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделерін, қажеттіліктерін, проблемаларын, даулы жағдайларды, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлейді, тәрбие процесінің сапасын, тәрбие жұмысының басқа да түрлерін бақылауды жүзеге асырады.

Қосымша білім беру іаға вожатыйлардың, тәрбиешілердің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

Тәрбие жұмысы бойынша қажетті құжаттарды жүргізуді, мәдени-тәрбие іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді.

Тәрбие процесінің мәселелерін, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жай-күйі мен перспективаларын талдайды.

Тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады, тәрбие жұмысының бағыттары бойынша педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұйымдастырады.

Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің қоғам, құқық қорғау органдары өкілдерімен және қамқоршылық кеңесімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.

Факультативтердің, үйірмелер мен секциялардың жұмысын үйлестіреді.

Жүргізілетін әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың ықтимал салдарын болжайды.

Балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады.

Жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жәрдемақылары мен зейнетақыларының уақытылы тағайындалуына бақылау жасайды.

Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қорғалуын, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қамтамасыз етеді (білім алушылар (тәрбиеленушілер) мүлкінің сақталуы, олардың тұрғын үй алу құқығын уақтылы іске асыру).

Білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тәрбиешілердің жұмысын үйлестіреді және жоспарлайды.

Тәрбиеленушілер арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын және интернаттан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастырады.

Бітірушілерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.

Тәрбие процесінде инновациялық технологияларды енгізеді.

Тәрбиешілердің ең нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шаралар қабылдайды.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын, дұрыстығын және белгіленген тәртіпте тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Ұйымдарда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын әзірлейді.

Мектеп ұжымының қатысуымен білімге бағалы әдістерді енгізеді.

"Жас Қыран", "Жас Ұлан" балалар ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады.

"Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет" атты қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады.

Рухани-адамгершілік білімді қамтамасыз етуде "Өзін-өзі тану" пәні педагогтерімен қарым-қатынаста болады.

Білім беру ұйымдары түлектері ассоциациясының қызметтерін құру және қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.

Педагог ардагерлермен қарым-қатынаста болады.

Дебаттық қызметтерді дамытады.

Туристік шерулер мен экскурсияларды ұйымдастырады.

93. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын,

тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі халықаралық тәжірибені,

экономика негіздерін,

техника қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормаларды.

94. Біліктілік талаптары:

тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білімі немесе қайта даярлау курстарынан өткендігін растайтын құжат; немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі; білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог - шебер біліктілік санатының болуы.

 4-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының әдіскері

95. Лауазымдық міндеттері: Ұйымның оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және талдайды.

Инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау, қорыту және енгізу бойынша әдістемелік және циклдік комиссиялардың жұмысын үйлестіреді.

Инновациялық педагогикалық тәжірибені таратуға ықпал етеді және анықтайды,тәжірибеге жаңа тәсілдерді енгізеді;

авторлық бағдарламаларды әзірлеуге жәрдемдеседі.

Әдістемелік ұсыныстар, әдістемелік құралдар жасайды.

Оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын, семинарларды, конференцияларды дайындауға және өткізуге қатысады.

Әдістемелік кабинеттің жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етеді.

Белгіленген есеп беру құжаттамасының уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

96. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері.

97. Біліктілік талаптары:

Тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткендігі туралы құжат; немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі; білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі соңғы үш жылдан кем емес.

 5-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының педагог-ұйымдастырушысы

98. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарының білім алушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды.

Талантты балаларды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Клубтардың, үйірмелердің, секциялардың жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, балалармен және жасөспірімдермен жеке жұмысты ұйымдастырады.

Ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және т. б. бағыттардың бірін басқарады.

Қосымша білім беру бағыты бойынша жұмысты ұйымдастырады.

"Халыққа қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет" қоғамдық-пайдылы жұмысты ұйымдастырады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді.

Бос уақытты, мерекелерді, жорықтарды, экскурсияларды, ойын-сауықты ұйымдастырады, оқушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды.

Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады.

Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

99. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

Педагогика және психология, физиология, гигиена, білім алушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін дамыту ерекшелігі, олардың шығармашылық қызметінің негіздері;

тәрбие жұмысының әдістемесі, балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері.

100. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткендігі туралы құжат; немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі; жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог лауазымындағы жұмыс өтілі- педагог-шебер үшін – 6 жыл.

Және (немесе) біліктілігі орта деңгейдегі педагог лауазымындағы жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 5 жыл.

101. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

санаты жоқ педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

жасөспірім және балалармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру түрін білу, тәрбие жұмысында тұрақты оң нәтижені қамтамасыздандыру,

әдістемелік топ, озық тәжірибе мектебінің жұмысына қатысуға тиіс.

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модератор санатты педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білу,

жасөспірім мен баланың проблемалық мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру дағдылары болу,

өткізіп отырған тәрбие жұмыстарын талдау әдістемесінің өзіндік дағдысы болу,

жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолдануға тиіс.

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік жұмысының әдістемелін білу,

жаңа озық технологияларды жасау,

оның апробациясын жүргізу,

әлеуметтік педагогиканың мәселелері бойынша тәжиребелік топтарды басқара білуге тиіс.

4) педагог-шебер:

педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік жұмысының әдістемесін білу,

жаңа озық технологияларды жасау,

оның апробациясын жүргізу,

әлеуметтік педагогиканың мәселелері бойынша тәжиребелік топтарды басқара білуге тиіс.

 6-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының әлеуметтік педагогы

102. Лауазымдық міндеттері: жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

Білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады.

Тәрбиеленушілердің патронаты, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Өңірдегі балалардың өмір сүру жағдайын зерттеу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, олардың әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін, қиындықтар мен проблемаларды, даулы жағдайларды, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды.

Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.

Отбасына орналастыру мақсатында органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жолымен олардың әлеуметтік мәртебесін растау үшін тәрбиеленушілердің құжаттарын дайындауды жүзеге асырады.

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Тәрбиеленушілердің мәртебесі бойынша жұмыс жүргізеді, олардың мәртебесі бойынша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне (бұдан әрі – республикалық деректер банкі) өзгерістер енгізеді.

Республикалық деректер банкінде болу кестесін уақтылы толтырады.

Республикалық деректер банкінде бала асырап алуға үміткерлердің танысу не оның болмауы, екі апталық қарым-қатынас жасау фактілерін растайды.

103. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңдарын

әлеуметтік саясат негіздері; психология, валеология және әлеуметтік гигиена негіздері;

әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелер;

тәрбие жұмысының әдістемесі, педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары;

әлеуметтік-педагогикалық жұмысты талдау мәселлері бойынша нормативтік құқықтық актілерді.

104. Біліктілік талаптары:

жоғары педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) жоғары білікті деңгейі болған жағдайда педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер лауазымындағы кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

105. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

озық тәжірибелерді зерттеу, оны тәжірибеде қолдану,

оқу-тәрбие жұмысына талдау жүргізе білу,

білім беру ұйымының әдістемелік топтарының жұмысына қатысуы тиіс;

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

озық тәжірибелерді зерттеу, оны тәжірибеде қолдану,

оқу-тәрбие жұмысына талдау жүргізе білу,

білім беру ұйымының әдістемелік топтарының жұмысына қатысуға тиіс;

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тәжірибелік жұмысының тәсілдерін білу,

әлеуметтік тәжибелік бағдарламаларын, педагогикалық технологияларын жасау, оның апробациясын жүргізу,

әлеуметтік педагогиканың мәселелері бойынша тәжиребелік топтарды басқара білуі тиіс.

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеушіге" қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тәжірибелік жұмысының тәсілдерін білу,

әлеуметтік тәжибелік бағдарламаларын,

педагогикалық технологияларын жасау, оның апробациясын жүргізу,

әлеуметтік педагогиканың мәселелері бойынша тәжиребелік топтарды басқара білуі тиіс.

 4-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагог – психологы (психологы)

106. Лауазымдық міндеттері: Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).

Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді. Әр түрлі бейіндегі және арнаулы психологиялық диагностика жүргізеді.

Педагогикалық ұжымды білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды.

Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.

Тәрбиеленушілерді отбасына орналастыруға дайындығын анықтау үшін жеке консультациялық-диагностикалық жұмысты, психологиялық даярлауды жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың түрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға дайындығын және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерін дамытуға ықпал етеді.

Шығармашылық дарынды тәрбиеленушілерге психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына жәрдемдеседі.

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Тәрбиеленушілердің даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуын диагностикалайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің психологиялық мәдениетін қалыптастырады.

Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.

Білім беру бағдарламасында қарастырылған педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады.

Кәсіби құзыреттілікті арттырады. Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

107. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңдарын және білім,

әлеуметтік саясат негіздері, педагогика, психология, валеология және әлеуметтік гигиена негіздері,

әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелері,

тәрбие жұмысының әдістемесі,

педагогика ғылымын дамытудың негізгі бағыттары,

әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды талдау және бағдарламалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді.

108. Біліктілік талаптары:

тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткендігін растайтын құжат;

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер кемінде 5 жыл.

109. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

заманауи психологиялық тәсілдерін білу,

білім беру ұйымының деңгейінде жасөспірім және балалармен психологиялық жұмыста басымдылығын айқындай білу,

жасөспірім және балалармен психологиялық педагогикалық жұмысының жаңа технологияларын жасауға қатысу,

білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық озық тәжірибесін меңгеру бойынша әдістемелік жұмысына қатысуға тиіс;

2) "педагог-сарапшы":

Педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

санатты балалар мен жасөспірімдермен психологиялық жұмыстың жеке және топтық түрлерін жүргізу,

тұрақты түрде өз біліктілік санатын арттыру,

озық тәжиребені игеру бойынша семинардың жұмысын басқаруға тиіс.

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

жасөспірім мен баланың жұмысы бойынша жаңа психологиялық педагогикалық бағдарламаларды өз бетінше құра білуге тиіс.

4) "педагог-зерттеуші":

педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

жасөспірім мен баланың жұмысы бойынша жаңа психологиялық педагогикалық бағдарламаларды өз бетінше құра білуге тиіс.

 8-параграф. Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)

110. Лауазымдық міндеттері: Әр баланың жеке басын дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділігін зерттейді.

Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмыс жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын, олардың үй тапсырмаларын дайындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады.

Оларға оқуға, бос уақытын ұйымдастыруға және қосымша білім алуға көмек көрсетеді.

Сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің жасын ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Медициналық қызметкерлермен бірлесіп тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шаралар өткізеді, олардың ұйымда болған уақытында балалардың өмірі мен денсаулығына жеке жауап береді.

Топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, оқу жабдықтарының, ойыншықтардың есебін жүргізеді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды жүргізеді және айқындайды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін қажетті жағдайлар жасайды, балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін талдауды жүргізеді.

Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын және тапсырылуын қамтамасыз етеді.

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Аға тәрбиешінің міндеттерін орындау кезінде тәрбиешілердің жұмысына басшылық жасайды.

Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді.

111. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика мен психология негіздерін,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,

қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

112. Біліктілік талаптары:

тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты; тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер үшін кемінде 6 жыл.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.

113. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тұлғаға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу технологияларын білу,

білім беру ұйымының әдістемелік топтарының,

озық тәжиребе мектебінің жұмысына қатысу,

өз жұмысында озық тәжіребелерді қолдануға тиіс.

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тәрбиеленушінің жасын ескере отырып, сараланған тәсілді қолдану арқылы өз бетімен әдістеме жасай білу,

тәрбие жұмысын талдау тәсілдерін білу,

шығармашылық семинарларды басқару,

диагностикалық жұмысты ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

жаңа педагогикалық технологияларды жасау,

эксперимент жұмыстарды, жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу, оның апробациясы бойынша жұмысты жүргізу,

ғылыми зерттеушілік жұмыстың тәсілдерін білу,

озық педагогикалық тәжірибені тарату, оның әдістемелік ұсынысын немесе ғылыми басылымдарын жариялау,

тәрбие аймағында өзекті мәселелерін дамыту бойынша шығармашылық топтарын басқара білуі тиіс.

4) "педпгог-шебер":

педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

жаңа педагогикалық технологияларды жасау, эксперимент жұмыстарды,

жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу, оның апробациясы бойынша жұмысты жүргізу,

ғылыми зерттеушілік жұмыстың тәсілдерін білу,

озық педагогикалық тәжірибені тарату, оның әдістемелік ұсынысын немесе ғылыми басылымдарын жариялау,

тәрбие аймағында өзекті мәселелерін дамыту бойынша шығармашылық топтарын басқара білуі тиіс.

 9-параграф. Тәрбиеші-ана

114. Лауазымдық міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды, отбасы жағдайына жақындатылған қажетті тұрмыстық жағдайлар жасайды, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс жасайды, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін анықтау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың жағдайларын анықтау мәселелерінде консультациялық көмек алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациямен өзара іс-қимыл жасайды.

Балалардың адамгершілік-рухани дамуын, интеллектуалдық қабілеттерін, дене денсаулығын дамытуды қамтамасыз етеді.

Бес-алты жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етеді.

Тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке анықтайды.

Тәрбиеленушілердің жалпы орта білім алуын уақтылы қамтамасыз етеді.

Балалардың оқу орындарына баруын, тәрбиеленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмаларын орындауын, қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуды, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады.

Талдау жүргізеді, қажеттілікті анықтайды және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының, санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.

115. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникаларын; санитарлық ержелер мен нормаларды.

116. Біліктілік талаптары:

тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар тұлғалар, кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша немесе педагогикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімі; жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер үшін кемінде 6 жыл.

Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.

117. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

санаты жоқ педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тұлғаға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу технологияларын білу,

білім беру ұйымының әдістемелік топтарының,

озық тәжиребе мектебінің жұмысына қатысу,

өз жұмысында озық тәжиребелерді қолдануға тиіс.

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тәрбиеленушінің жасын ескере отырып,

сараланған тәсілді қолдану арқылы өз бетімен әдістеме жасауды білу,

тәрбие жұмысын талдау тәсілдерін білу,

шығармашылық семинарларды басқару,

диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.

3) "педагог-зерттеуші":

педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тәрбие жұмыстарын талдау әдістерін білуі,

оқушылардың (тәрбиеленушілердің) жасы мен оларға сараланған әдістерді ескере отырып тәрбие беру әдістерін өз бетінше әзірлей білуі,

шығармашылық семинарларды басқара білуі,

ұйымдастырушылық диагностикалық жұмыс нысандарын білуі,

озық педагогикалық тәжірибені қолдануы тиіс.

4) "педагог-шебер":

педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

тәрбие жұмыстарын талдау әдістерін білуі,

оқушылардың (тәрбиеленушілердің) жасы мен оларға сараланған әдістерді ескере отырып тәрбие беру әдістерін өз бетінше әзірлей білуі,

шығармашылық семинарларды басқара білуі,

ұйымдастырушылық диагностикалық жұмыс нысандарын білуі,

озық педагогикалық тәжірибені қолдана білуі тиіс.

 5-тарау. Арнайы білім беру ұйымдары

 1-параграф. Арнайы білім беру (түзету) ұйымының басшысы (директоры)

118. Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.

Арнайы ұйымның түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын анықтау және тексеру нәтижелерін талқылау кезінде консультацияның алқалы жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, құжаттамаларды жүргізуге, ПМПК, ППТК арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жарақтандыруға жауапты болады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, педагогтардың семинарларында, қайта даярлау курстарында немесе біліктілігін арттыру курстарында педагогтер арасында дефектологиялық білімді халық арасында тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;

білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастырады.

Балаларды тексерудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді.

Ұйымдастыруды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Оған бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Барлық органдарда ПМПК және ППТК мүдделерін білдіреді.

Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде оқу процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

119. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан- туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика мен психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика,

қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,

қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

120. Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Арнайы педагогика" мамандығы бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жылдан кем емес, арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі 1 жылдан кем емес;

Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің санатының болуы.

 2-параграф. Арнайы білім беру ұйымы директорының орынбасары

121. Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы қызметін жоспарлауды ұйымдастырады.

Педагогтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау және қажетті оқу, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік және бейіндік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.

Білім беру процесінің сапасын және білім алушылардың білім дайындығы нәтижелерінің объективтілігіне, факультативтерге, үйірме және секция жұмыстарына бақылау жасайды.

Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасауды жүзеге асырады.

Оқу сабақтарының және оқу қызмет түрлерінің кестесін жасайды. Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Тәлімгерлікті, әдістемелік жұмысты ұйымдастырады.

Оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды және эксперименталды қызметтің нәтижелерін қорытады, педагогтардың тиімді тәжірибесін таратуға жәрдемдеседі.

Мектепшілік бақылауды ұйымдастырады. БЖБ және ТЖБ негізінде білім алушылардың білім сапасына талдау жасайды.

Педагогтарға біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, оқытудың көрнекі және техникалық құралдарымен жарақтау, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру бойынша жұмысты үйлестіреді.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады.

Пән педагогтерімен жыл сайын балама оқулықтарды таңдайды.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің арнайы бағдарламаларын құруды қамтамасыз етеді.

Мәдени-тәрбиелеу іс-шараларын дайындау және өткізу жұмыстарын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердегі қажеттіліктерді бағалау және анықтау жүргізу жұмыстарын үйлестіреді.

Педагог кадрларды іріктеу мен орналастыру жұмыстарына қатысады.

Қоғамдық және денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен, ата-аналармен (және оларды алмастыратын тұлғалармен) тәрбие процесін қамтамасыз ететін әкімшілік, қызметтер мен бөлімшелер өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді.

Пайдаланылатын жабдықтың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.

Инклюзивті білім беру принципін дамытады.

"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

122. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика мен психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын,

арнайы педагогиканы, психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы, санитарлық ережелер мен қағидаларды.

123. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім "Арнайы педагогика" бағыты бойынша немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; білім беру ұйымдарында соңғы 3 жылдан кем емес.

 3-параграф. Арнайы білім беру ұйымы тәрбиеші (аға тәрбиеші)

124. Лауазымдық міндеттері: Баланың жеке тұлғасының даму мақсатында баланың жеке қабілеттерін, бейімділігі мен қызығушылығын зерделейді, оның негізінде психологтардың кеңесімен түзете-дамытушылық жұмысты (топпен және жеке) жоспарлайды және жүргізеді.

Әлеуметтік және еңбекке бейімдеу, әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, күнделікті жұмыс жүргізеді.

Пайдалы қоғамдық еңбекке қатысу, үй жұмыстарын, күн тәртібін ұйымдастырады.

Білім алуға көмектеседі, бос уақыттарын ұйымдастыру мен қосымша білім алуды ұйымдастырады.

Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбиелік жұмыс жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып өз-өзіне қызмет жасауға, жеке гигиеналық тазалықты сақтауды ұйымдастырады.

Тәрбиеленушілердің денсаулықтарын нығайту және сақтау бойынша медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етеді, психикалық және дене дамуына септігін тигізетін іс-шаралар жүргізеді, баланың мекемеде болу мерзіміне дейін денсаулықтарына жауап береді.

Дәрігерлік тексеріс алдындағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.

Топқа бекітілген арнайы құралдарға, оқу-әдістемелерге, оқулықтарға, ойыншықтарға, арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтайды және бағалау жүргізеді, оған қажетті жағдайлар құрады, баланың арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтауға талдау жасайды.

Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті, компьютерлік коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.

Интернаттың ұйымның аға тәрбиешісының міндетін атқару кезінде тәрбиешінің жұмыстарын басқаруды ұйымдастырады, бастапқы педагогикалық тәжірибені жалпылауға септігін тигізеді, тәрбиешілердің біліктіліктерін көтеруге қолдау көрсетеді.

125. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнайы педагогиканы, психологияны,

педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы, санитарлық ережелер мен нормалар..

126. Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе "Арнайы педагогика" қосымша білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе "Арнайы педагогика" қосымша білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер үшін кемінде 6 жыл.

Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.

127. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

санаты жоқ педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

оқыту мен тәрбиелеудің жеке бағдарлаушылық технологиясын меңгеруі,

білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, оны практикада қолдана білуі қажет.

2) "педагог-сарапшы":

педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар:

тәрбиеленушінің жас ерекшіліктерін ескере отырып тәрбиелеудің әдістерін өз бетінше құрастыруы,

тәрбиелеу жұмыстарын талдаудың әдістерін меңгеруі,

шығармашылық семинарларына басшылық жасауі,

диагностикалық жұмысты ұйымдастырудың формаларын меңгеруі қажет.

3) "педагог-зерттеуші"::

педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруге тиісті, сонымен қатар:

ғылыми-зерттеу әдістерін игеруі,

оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін,

жаңа бағдарламаларды және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі,

арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша мақалалардың болуы,

өзінің өткізетін пәні бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік жасауы қажет.

4) "педагог-шебер":

педагог-зерттушіге қойылатын талаптарға жауап беруге тиісті, сонымен қатар:

эксперименттік жұмыстар жүргізуге,

жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту әдістерін әзірлеу, оларды сынақтан өткізуге,

педагогикалық (тәжірибелік) республикалық (халықаралық) деңгейде жалпылама жұмыстар жүргізуге.


Дата добавления: 2020-11-15; просмотров: 140; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!