Параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед) 6 страница



Балаларға қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

187. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын,

педагогика және психология негіздерін.

188. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру жүйесіндегі немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Және (немесе) жоғары деңгейлі біліктілік болған жағдайда педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 5 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 7 жыл. педагог-шебер үшін-8 жыл.

189. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

мемлекеттік, салалық және өңірлік нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс;

педагогикалық қызметте бағдарлау;

қосымша білім беру тұжырымдамасын зерделеу;

педагогтарға, ата-аналарға консультациялық көмек көрсету;

әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

оқу жоспарларына сараптама жүргізу, білім беру ұйымының қызметіне талдау жүргізу;

 2) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

қосымша оқыту бойынша әдістемелік материалдар мен әзірлемелерді жинақтау, жүйелеу және тарату;

кадрлық құрам дайындау;

білім беру ұйымы ішінде білім беру бойынша теоритикалық зерттеулерге басшылық жасау;

педагогтердің қызметін үйлестіруге және жоспарлауға қатысу.

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

аудан / қала деңгейінде білім беру бойынша теоритикалық зерттеулерге басшылық жасау;

білім беру ұйымы ішінде және аудан/қала деңгейінде қосымша білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысу;

оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациялауға қатысу;

эксперименттік алаңдарға қатысу;

аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі конференцияларға, семинарларға, конкурстарға қатысу және қатысу;

ғылыми-публицистикалық және әдістемелік бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет ресурстарда жарияланымдары болуы;

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде білім беру бойынша теориялық зерттеулерге басшылық етуі тиіс;

білім беру ұйымы ішінде және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде қосымша білім беру саласында ғылыми зерттеулерге жетекшілік ету;

педагогтардың аяқталған әзірлемелеріне зерттеу бағасын жүргізу;

педагогтарды ғылыми-практикалық және әдістемелік сүйемелдеумен айналысу;

қосымша білім беру бойынша әдістемелік материалдар мен әзірлемелерді тарату;

кадрлық құрам дайындау, конференцияларда, семинарларда, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі конкурстарда сөз сөйлейді;

ғылыми-публицистикалық және әдістемелік бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланымдары болуы;

республикалық сараптау кеңесі мақұлдаған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің авторлық әзірлемелері болуы тиіс.

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеу" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

қосымша білім беруді дамытудың ықтимал бағыттарын зерттеу және әзірлеу;

оның келешегін болжау;

әдіснамалық өнімдерді әзірлеуді ұйымдастыруға басшылық жасау;

педагогтардың озық тәжірибесін тарату, олардың біліктілігінің өсуіне ықпал етеді;

әзірленген әдіснамалық өнімдерді енгізу бойынша мастер-класстар мен семинарлар өткізу.

 14-параграф. Қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығының (ҚБ ОӘО) әдіскері

190. Лауазымдық міндеттері: Аналитикалық қызмет: қызмет бағыттары бойынша балаларға қосымша бiлiм беру жүйесiнiң бағдарламалық-әдiстемелiк қамтамасыз етілу жағдайын зерделейді және талдайды, оның тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді.

Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарының кадрлық құрамы мен әдiстемелiк корпусының шығармашылық әлеуеті туралы деректер базасын жинап, талдайды.

Балаларға қосымша бiлiм беру жүйесінде іске асырылатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнім банкін, педагогикалық ақпарат банкін (нормативтік құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк, әдiстемелiк) қалыптастырады.

Республикадағы балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарында іске асырылатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімді жүйелейді.

Ғылыми-әдiстемелiк қызмет: тұлғаның даму міндеттерін шешудің озық инновациялық тәсілдерін анықтайды және насихаттайды.

Әдiстемелiк және ақпараттық материалдар, диагностика, болжау және педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жоспарлауға қатысады.

Ұйымдардың эксперименталды және зерттеу жұмысының нәтижелерін талдап, жалпылайды.

Балаларға қосымша білім беру ұйымдары қызметінің практикасына ғылыми зерттеулерді, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдайды және жалпылайды, педагогтердің ғылыми және теориялық құзыреттіліктерін қамтамасыз етеді.

Түрлі типтегі бағдарламаларды (білімдік, мәдениеттік, эксперименттік жұмыс бағдарламалары) және әдістемелік өнімдердің түрлерін (әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдамалар, құралдар) әзірлеу технологияларын жасайды.

Түрлі типті оқу-әдістемелік өнімдерді және әдістемелік қосымшаларды әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды.

Балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімдерді басып шығаруға дайындықты жүзеге асырады.

Тиісті қызметтік бағыттары бойынша, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жұмысына, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс беру жоспарын әзірлеуге қатысады.

Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдар жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады.

Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады.

Балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік және отандық тәжірибе, алдыңғы қатарлы оқу және тәрбиелеу технологиялары туралы ақпаратты таратады және жалпылайды.

Конкурс, көрме, олимпиада, слет, жарыс өткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлейді және ұйымдастырады.

Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Сараптамалық қызметті: балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының республикалық конкурстарға ұсынатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімдеріне (бағыттары бойынша) бейінді сараптама ұйымдастырады.

Сараптаманы өтінімдер бойынша жүзеге асырады (бiлiм беру ұйымдары, жеке тұлғалар).

Консалтингті қызметті ұйымдастырады: педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби дамуына ықпал етеді.

Балаларға қосымша бiлiм беру оқу бағдарламаларының мазмұнын, нысанын, әдісін және оқу құралын анықтауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруда ұйымдардың педагогикалық қызметкерлеріне көмек көрсетеді.

Қосымша бiлiм беру саласында оқу-тәрбиенiң инновациялық технологиялары, алдыңғы қатарлы отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жалпылайды және таратады.

Педагогикалық жетiстiктерді (мастер-кластар, педагогикалық шеберлік, шығармашылық семинарлар ұйымдастыру арқылы) насихаттайды.

Балаларға қосымша бiлiм беру ұйымында бiлiм беру процесін жетiлдiру бойынша ұсыныс енгiзедi.

191. Бiлуге міндетті:

Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және басқа да білім беру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді,

Қазақстан Республикасында бiлiм беруді дамытудың басым бағыттарын, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды,

дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн,

бiлiм беру процесін немесе қызметтік бағытын әдiстемелiк қамтамасыз ету қағидаттарын, білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру жүйесін,

оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу принциптері мен тәртібін, оқу жабдықтары мен басқа да оқу-әдістемелік құжаттамалардың үлгілік тізбелерін,

педагогикалық жұмыстың тиімді түрлері мен мазмұнын анықтау,

жалпылау және тарату әдістерін, ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің әдістемелік бірлестіктері жұмысының мазмұны және ұйымның қағидаларын,

баспалармен жұмыс негіздерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру қағидаларын, оқытудың аудио бейнелік және интерактивтік құралдарына қойылатын негізгі талаптарды,

оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары, құзыреттік тәсілдерді іске асыруды,

даулы жағдайларының себептерін диагностикалау, оларды шешу және алдын алу технологияларын,

экология, экономика, әлеуметтану негіздерін,

мәтіндік редактормен, электрондық кестемен, электрондық поштамен және браузермен,

заңнамасын, білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің ережелерін,

еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

192. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі немесе тиісті бейін бойынша кемінде 2 жыл.

Және (немесе) жоғары деңгейлі біліктілік болған жағдайда педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 5 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 7 жыл. педагог-шебер үшін-8 жыл.

193. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

қосымша білім беру ұйымы қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

балаларға қосымша білім беру ұйымдарының кадрлық құрамы мен әдістемелік корпусының әлеуетін талдау;

бағдарламалық-әдістемелік өнімдерді қалыптастыру;

2) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу;

диагностика жүргізу;

педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыруды жоспарлау;

ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;

ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорыту;

білім беру ұйымдары мен аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар өткізуді ұйымдастыру және қатысу;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, құралдардың әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу;

әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;

қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда педагогтарға көмек көрсету.

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

қосымша білім беру саласында озық отандық және әлемдік тәжірибені тарату;

облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру;

қосымша білім беру саласындағы білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу.

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнімдерді әзірлеу;

облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде іс-шараларды ұйымдастыру,

қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.

Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары (бұдан әрі - ҚБ ОӘО)

194. Лауазымдық міндеттері: ҚБОӘО жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің қызметін басқарады. ҚБОӘО оқу, ғылыми, әдістемелік қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Өткізілетін іс-шаралардың ақпараттық әдістемелік қамтылу дайындығын басқаруды және бақылауды жүзеге асырады.

Баспалық қызметті басқарады.

Құрылымдық бөлімшелерге кадрлар іріктеуді жүзеге асырады және ҚБОӘО директорына ұсынады. ҚБОӘО құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылауды, аумақтық құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес беруді жүзеге асырады. Әдістемелік құрамды аттестаттау жұмысын ұйымдастырады.

ҚБОӘО қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындап, ақпараттық материалдарды жүйелейді және жасайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын және оқу жоспарларын әзірлеп, рецензиялайды және бекітуге дайындайды, аумақтық орталықтар, эксперименттік алаңдар қызметінің нәтижесін талдайды және жалпылайды.


Дата добавления: 2020-11-15; просмотров: 99; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!