Найман, Керейіт, Жалайыр мемлекеттері.



Наймандар.

Территориясы: Орхон өзені мен Алтай аралығында

Орталығы: Орхон өзенінің бойындағы Балықты қаласы.  

Мемлекет Наркеш Дайын кезінде қалыптасып, дами бастайды. Оның інісі Инанч-білге халықты өз төңірегіне топтастыра білген, елді бейбіт өмір салтына шақырған. Сондықтан оны Білге хан деп атап кеткен. Осы хан тұсында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Білге хан қайтыс болған соң, оның екі баласы таққа таласып, хандық екіге бөлініп кетеді.

1201 жылы қырғыз, меркіт, найман тайпалары жиналып, Шыңғысханға қарсы одақ құрады. Соғақ суаты деген жерде одақ пен Шыңғыс хан мен Керейіттер соғысады. Бұл соғыста одақ ойсырай жеңіледі.1204 жылы Шыңғыс хан Даян ханды біржола жеңеді. Даян ханы Күшлік Жетісуға қашады.

 Керейіттер. Тайпаның аты Керлин өзенінің бойында қоныстанғандықтан, керілер деп аталған. Керейіттер батысында наймандармен көршілес болған. 11 ғасырдың аяғында құрылған Керейіт хандығы моңғолдармен жақсы қарым-қатынаста болған.

ОрталығыБитөбе деген жерде.

Керейіт хандығының құрамына 8 аймақ кірген.

Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі 10 – 12 ғасырлар аралығы, Маркус пен Құршақұз хандар кезі. Бұл кезеңде астана Қарақорымға көшірілген.

Құршақұз хан билікті қолына алған соң, балаларына жерді бөліп береді. Хандықтың екіге бөлінгеніне риза болмаған Маркус ханның кенже баласы Гурхан Торы ханды кіналап, оған қарсы әскер аттандырады. Торы хан Шыңғысханнан көмек алып тірі қалады.

Торы мен Шыңғысхан арасында достық қантынас ұзаққа созылмаған. 1202 жылы олар өзара жауласып, моңғолдар керейіттерді басып алады.

 Жалайырлар.

Территориясы: Селенгі, Хилок өзендерінің бойында және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттары

Жалайырдан шыққан Жамұқа Шыңғысханның ант беріскен досы болған. Деректерге қарағанда, Жамұқа 1201 жылы Аргун өзенінің бойында құрылтай шақырып, өзін «гурхан» жариялаған. Бұл жағдайды естіген Шыңғысхан жалайырларды жеңіп, қол астына алған.

  

Билет

1.Темір дәуіріндегі Қазақстан территориясының ескерткіштері.

Темір дәуірі (б.з.д. VIII - б.з. VI ғ)

Ø Ерте темір дәуірі(б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ.) Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге жерлеген. Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген.

Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды:

ü қару-жарақтар;

ü ат әбзелдері;

ü ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.

Тасмола коғамында кола кұю ісінін үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттін жетекші категорияларынын бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен катар, темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. VII-VI ғ.) өзінде-ақ пайда болган.

Ø Кейінгі темір дәуірі(б.з.д. III - б.з VI ғ. )

 

2. Қарахан мемлекеті.

Территориясы: Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігі.

Орталығы:Баласағұн қаласы болды.

Мемлекеттін негізін қалаушы:Сатұқ Боғра-хан(915-955жж.) Ислам дінін қолдаған Сатұқ Боғра-хан саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Оғұлшақты жеңіп шығады. Ол билеп отырған Тараз бен Қашғарды бағындырады.

Қарахан мемлекетінің этникалық құрамы:жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін сияқты түрік тілдес тайпалардан тұрған. Әсіресе, мемлекеттін құрылуында басты рөл атқарған – қарлұқ тайпасы. Одан кейін негізгі билеушілер яғма тайпасынан шығып отырған.

Саяси-әлеуметтік құрамы:

ü Хан(мұрагерлік жолмен) – жоғарғы билеуші.

ü Тегінер, бектер, нөкерлер. Билік иелігіне үлестік жерлер болды.

ü Уәзірлер

Иқта – жер иеленудің бір түрі. Иқтасы бар адам сол жерде отырған халықтан салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды.

Дінбасылар мен әскербасыларына берілетін жерлерді вақфтық деп атаған. Бұл жерлер салықтан босатылған.

Саяси жағдайы. Мемлекеттің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан өлген соң, ел ішінде саяси бытыраңқылық басталады. Билікті 955 жылы оның баласы Мұса алады. Ол 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Мемлекеттін орталығы Қашғар қаласы болады. Мұса қайтыс болған соң, билік үшін талас-тартыс күшейеді.

10 ғасырдың аяғында Қарахан мемлекеті Бұхара мен Самарқандты, Сырдария бойындағы қалаларды басып алады.

Мемлекет екі иеліктен тұрды.

ü Шығыс Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігі кірді. Орталығы Баласағұн қаласы болды(кейін Қашғарға көшірілді).

ü Батыс хандық Мауараннахрды биледі. Орталығы Үзкент, кейіннен Самарқандқа көшірілді. Дәстүр б/ша Шығыс бөлігі негізгі бөлік болып саналды.

1040 жылы Қарахан мемлекеті екіге бөлінді. 1141 жылы қарақытайлар салжұқтар мен қарахандықтар әскерінің тас-талқанын шығарады. Бұл шайқас Қатуан аталып кетеді. Ақырында Батыс хандықты Хорезм шахы, Шығысты Найман ханы Күшлік басып алады.

 

Билет

1.Сақ тайпалары.

Б.з.б. 1мыңжылдықта Қазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген.

Геродот сақ және скиф тайпаларының туыстығын көрсете келіп, олардың ортақ «сколот» деген атпен белгілі екенін айтады.

Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын «Бехистун», «Персеполь» жазуларыда тур тайпаларының ортақ атын «сака» деп береді. Кейінірек табылған деректерде сақтарды үшке бөледі

Ø Тиграхауда. Жері Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ.

Ø Парадарайя. Қара теңіз жағалауын мекендеген.

Ø Хаомаварга. Грек жазба деректерінде хаомаварга сақтарын амюргия сақтары деп те атайды. Олар Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің аралығын мекендеген.Көне грек тарихшысы Страбонның айтуынша массагеттердің солтүстігінде дах(дай) тайпалары өмір сүрген.

Алғашқы кезеңде сақ қоғамын әскери-демократиялық деп қарастыру қажет. Билік тайпа көсемдерінің қолында болған. Олар шаруашылықты ұйымдастырумен қатар, басқа тайпаларға шабуыл жасап, байып отырған. Түскен олжаның көп бөлігін қолбасылар, батырлар, тайпа көсемдері алып отырған. Осының нәтижесі мүлік теңсіздігіне әкеліп соққан.

Антикалық авторлардың айтуынша сақтарда патшалар мен пайтшайымдар болған.

Алтайдағы Берел, Шілікті, Жетісудағы Бесшатыр, Есік, Тарбағатайдағы «патша қорғандары» сақтардың патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары.

Олардың ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі – ерекше қалпақ киюі. Патшалардан кейін тұратын әлеуметтік топ – жауынгерлер, қолбасшылар, батырлар. Олардан кейін – абыздар, бақсылар, сәуегейлер. Олардан кейін – қауымның еркін мүшелері. Одан кейін – құлдар.

2.Қарақытай мемлекеті.(1128-1213жж.)

Қарақытайлардың Жетісуға жер аударуына 2 себептің әсері болды.

Ø Шығыстан батысқа жылжыған түркі тілдес тайпалардың қарақытайлар жерін басып алуы.

Ø Қарахан мемлекетінің әлсіреуі.

1125 жылы қидандардың Ляо(924-1125жж.) мемлекеті ыдырағаннан кейін, Елюй Даши бастаған 40мың түтін қидан Жетісу жеріне келіп қоныстанады. Осы жылы Қарахандардың әлсірегенін пайдаланып, Баласағұнды басып алады. Оған жақын жерде өздерінің Ғұз ордасын құрады. 12 ғасырдың 40 жылдарына қарай Қарахан мемлекетінің Орталық Азиядағы иеліктерін басып алады.

Орталығы: Баласағұн қаласы

Тайпалары: кидан тайпалары

Билеушілері:

Ø Бірінші гүрхан Елюй-Даши, 1143 ж. қайтыс болды.

Ø 1169 ж. оның баласы — Елюй-Чжилугу — таққа отырады.(1169 – 1203/04жж).

 

 Қарақытайларда мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі болған. Тек ер адамдар ғана емес, әйел адамдар да мұрагер бола алған.

Текештен кейінгі Мұхаммед шах Самарқанд ханымен келісімге келіп, қарақытайларға қарсы шығады. 1208 жылы қарақытайлар наймандармен соғыста жеңіліске ұшырайды. 1210 жылы Мұхаммед шах қарақытайларға қарсы шығады. Сөйтіп 1213 жылы қарақытай мемлекеті ыдырайды.

 

Билет

 

1)Сармат тайпалары(дереккөздер, әлеуметтік құрылымы , шаруашылығы, мәдениеті мен ескерткіштер)

Сарматтар — көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы.

Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III - б. з. -дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар.

Мәдениеті мен ескерткіштері.

Сарматтар мәдениеті 3 кeзеңді қамтиды.

Ø eрте саpматтaр мәдениеті (прохор)

Ø орта сармaттар мәдениеті (суслов)

Ø кейінгі сарматтaр мәдениеті.

Сарматтар қыш ыдыстaр, caқина, білезік cияқты әшекей заттар жaсаған. Б. з. II-IV ғғ. Сaрматтаpдың аса ірі археологиялық ескерткіші - жерлеу орындары (Ба­тыс Қазaқcтан облысының Шыңғырлау ауданында) табылғaн. Олар кейінгі сарматтар мәдeниeтіне жатады.

Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті.

Шaруашылығы.Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір cүріп егіншілікпен айналыcты. Негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Жылқыны тебіндеуге үйренген түрлері және жорыққа мінетін қазанаттар өсірген. Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қатар егіншілікті де игерген.

Дереккөздер.Тарихи деректерде алғаш рет б.з.б VIII ғасырда сарматтарды савроматтар деп атаған. Савромат жөнінде грек, рим тарихшылары Диадор, Үлкен Плиний, Полибий жазу бойынша савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңізі өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Сармат тайпалары көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.

Грек тарихшысы Геродот қалдырған мәлімет бойынша:

· Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген;

· Қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған;

· Савроматтар дах, массагеттермен, исседондармен туыстас келген;

Әлеуметтік құрылымы . Сармат қоғамы әскери-демократия негізінде қалыптасқан. Оларда ішкі және сыртқы мәселелерді әскербасылар шешті. Олар бүкіл қауым мүшелерімен ақылдаспай, тек әскери жасақ қатарындағы адамдармен санасқан. Сармат әскерлерінің негізгі бөлігін садақшылар құрады. Қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық ескерткіштер сармат қоғамында әлеуметтік теңсіздік орын алғанын көрсетеді.

2)Ұлы Жібек жолы

«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman)19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

«Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.

Сауда жолдары .

Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань тау сілемдерімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары аркылы Қытайға ұласкан, Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатты.

Негізгі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға карай тарамдалған жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері мол. Қалалар мен далаларды, тау етектерін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, кейіннен түргеш, қарлұқ, оғыз, кыпшақ, қимақ сияқты ежелгі түркі тайпалары мекендеген.

Сонымен қатар, Жібек жолы арқылы жан-жаққа діни ой-пікірлер де таратылды. Миссионерлер (басқа діндегілер арасына өз дінін, әдет-ғұрпын уағыздайтын, насихаттайтын адам) өз діндерін алыс елдерге алып барды. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға, Кореяға, Жапонияға буддизм келді. Вавилоннан Иран мен Закавказье арқылы иудей діні тарады.

Билет

1)Кейінгі темір дәуірі

Кейінгі темір дәуірі кезеңі аралығы : б.з.б 3 - б.з 6 ғасыр

2)Моңғол шапқыншылығы ,Шыңғыс империясы

Моңғол империясы (моңғ. Их Монгол Улс немесе моңғ. Монголын эзэнт гүрэн) — Шыңғыс хан құрған мемлекет

Монғол империясын Шыңғысхан ұрпақтары биледі. Хан ордасы — империя орталығы Қарақорымда орналасты. Ең жоғарғы әміршісі ұлы хан саналды. Ұлы хан мемлекет басшысы ретінде әскери заң шығаруға және әкімшілік билік жүргізуге құқылы болды. Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғысхан ұрпақтарының жалпы империялық жиналысы — Құрылтай зор рөл атқарды.

Әскери басқару жағынан Моңғолия аумағы мен халқы бөлінді.: 3 қанатқа

Ø Оң қанат-Барунгар

Ø Орталық қанат- Кул

Ø Сол қанат –Жоңғар

Шыңғыс хан керей, найман хандықтары сияқты Монғол жеріндегі түркі тілдес халықтарды қол астына қаратқан соң, көрші елдерді жаулап ала бастайды. 1207-1208 жж. үлкен ұлы Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын басып алады. 1207-1209 жж. Шыңғыс хан Таңғұт хандығын, Тұрфанды, Шығыс Түркістандағы ұйғырларды бағындырады. 1211-1215 жж. Солтүстік Қытайды астанасы Пекинмен қоса басып алды. Солтүстік Қытайды жеңген Шыңғысханның алдында Орталық Азияның ең қуатты мемлекеттерінің бірі – Хорезмшақ иелігі тұрды. 1218 ж. екі мемлекет аралығындағы дипломатиялық келісімге қарамастан, сол жылы Отырардағы сауда керуенін Қайыр ханның қырып тастауын сылтау етіп, 1219 ж. қыркүйекте Шыңғысхан соғыс ашты. 150 мың әскерден құралған үлкен қол Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдың Төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Шыңғыстың туыстары бастаған үшінші топ Сырдың жоғарғы ағысындағы қалаларды алуға, ал Шыңғыс ханның өзі мен кіші ұлы Төле Самарқан, Бұхара қалаларын алуға аттанады.

Оңтүстік Қазақстанның қалалары монғолдарға қарсы ерлікпен қарсыласты. Отырар қаласы алты ай бойы берілмеді. Тек Хорезмшах көмекке жіберген Қараша хажиб монғолдарға беріліп, қақпаны ашқаннан кейін ғана жеңіліске ұшыраған. Сығанақ қаласы 7 күн бойы, Ашнас қаласы 15 күндей берілмеген. Алайда жергілікті халықтар ерлікпен күрескеніне қарамастан монғолдар 1219-1220 жж. Сыр бойы қалаларын түгелімен жаулап алады. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай қырып-жою, зорлық-зомбылық әдістерін қолданды. Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғап, қақпа ашылған соң монғолдар қаланы тағы бір ай бойы тонап, жермен-жексен етті. Жеті күн берілмеген Сығанақтың халқы түгел қырылды. Жент, Баршынент, Үзгенд қалаларыда жаппай тонауға ұшырады. 1219-1224 жж. аралығында Қазақстан мен Орта Азия иеліктерін түгелімен жаулап алды.

Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт ұлына енші етіп үлестірді. Қазақстан жері оның үш баласының қол астына қарады. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды. Жошы ұлысына Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлердің бәрі қарайтын болды. Орталығы бір деректе Ертісте, бір дерек бойынша Орталық Қазақстан жеріндегі Кеңгір өзенінің бойында болды. Шағатай ұлысына Жетісу жері, Оңтүстік Қазақстан, Мауереннахр және Қашқария жері тиді. Орталығы – Алмалық.. Үгедей ұлысына Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысындағы жерлер қараған. Ол ұлы хан атанғаннан кейін Орхонда, Қарақорымда тұрған. Кіші ұлы Төле қара шаңырақ – Монғолияның өзін мұраға алған.

14 билет

Үйсін тайпалары(дереккөздер, әлеуметтік құрылымы , шаруашылығы, мәдениеті мен ескерткіштер)

Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.

ДереккөздерЕң алғаш үйсіндердің кай жерді мекендегендігі туралы деректер Қытайдың «Тарихнама» (Шицзи), «Хань хавдығы кітабы» (Ханьшу) секілді кітаптарында кездеседі. «Хань хаңцығы кітабыңда» үйсіндердің байырғы мекені Дунхуан, Цилянь-Шань өңірі, яғни казіргі Гань судың оңгүстік - батысы делінеді. Үйсіңдер б.з.д. 160 жыл өздерінен бұрыньфақ Іле еңіріне келіп коныстанған иузейлерді бағындырғаннан кейін осывда коныс аударады. Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті туралы дәйекті деректер тек қытай жылнамаларында келтіріледі. Олар – Сыма Циньнің «Тарихи жазбалар» кітабының «Давән баяны» деген тарауы, Бань Гудың «Хан кітабының» «Усұн мемлекеті» деген тармағы. Деректерді ғылыми сараптардан белгілі қытай, жапон, батыс және қазақ тарихшылары өткізіп, дәлелді тұжырымдар жасады.
Шаруашылығы.Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған.

Ø Мал шаруашылығы

Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де айналысқан. Дегенмен үйсіндердің негізгі шаруашылығы - жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жетісудың жайлы табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі ұстаған. Көп өсіргені жылқы мен қой болды. Жылқының неше түрлі тұқымын өсірген. Оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар да болған. Мысалы, Жетісудағы Теңлік қорымынан табылған алтын қапсырмада құйрық-жалы өрілген, омырауы шығыңқы, тұрқы ұзын нағыз сəйгүлік мінген салт атты бейнелеген.

Ø Егіншілік

Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тəлімді егіншілікпен де айналысқан. Дəнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Олардың егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дəнүккіштер табылуы дəлелдей түседі. Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мəлімдеуінше, үйсіндер "ағаш егіп", "қалалар мен елді мекендер салған". Суармаля егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының айналасында орналасты.[6]

Ескерткіштері мен мәдениеті

Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды: алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар; орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар; соңғы кезең — б.з. 3-5 ғасырлар.

Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.

Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары

Ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.

Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.

Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.

Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.

Алтын Орда

Алтын Орда (моңғ. Алтан Ордын улс; тат. Altın Urda; орыс. Золотая Орда; түр. Altın Ordu)[1] — Басында моңғол[2][3][4] — кейінірек түркіленген[5] — 1240 жылдары Русь кінәздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып,Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.[5

Ø Бату -1243-1255 жж

Ø Берке -1257-1266 жж.,

Ø Мөңке-Темір -1266-1280 жж.,

Ø Төле Мөңке- 1280-1287 жж.,

Ø Төле-Бұқа -1287-1291 жж.,

Ø Тоқа-Темір -1291-1312 жж.,

Ø Өзбек 1312-1342 жж.,

Ø Жәнібек- 1342-1357 жж.,  

Берке тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 жылы Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады.

Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді.

Алтын Орданың астанасы : Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды.

Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар:

Ø этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;

Ø шаруашылығының өркендеуі нашар болды;

Ø билік үшін талас күшейді;

Ø езілген халықтың азаттық күресі күшейді.


15-билет

1)Қаңлы мемлекеті

Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Аумағы шығысында – Талас пен Шудың төм. ағысының аралығында, оңт-нде – Ташкент ойпатының солт-нде – Сырдарияның төм. ағысының аралығында орналасқан.

Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битянқаласы.

М. Қашқари айтуы бойынша, Қаңлы (Қаңқа) - патшаның аты. Оның мемлекетіне кірген тайпалар, халықтар жалпы патшаның атымен «қаңлы» аталған.

Қытайтанушы қазақ тарихшысы Нәбижан Мұқаментханұлы ол жүйесінің төмендегіше бес деңгейін атап көрсетеді.

Ø Билеу жүйесінің ең жоғарғы бірінші деңгейі – Ваң- патша, яғни қаңлы патшасы. Ол Қаңлы мемлекетінің барлық иесі, ел билеуші ең биік лауазымды адам.

Ø Екінші деңгейдегі ел билеуші – Фу Ваң, бұл патшаның орынбасары немесе орынбасар патша. Ол патшаның бірінші көмекшісі, әрі әскери істерін басқарушы бас сардар саналады.

Ø Үшінші деңгейдегі мемлекет билеуші Гүйрын, ақсүйектер немесе төрелер. Олар негізінде халықтық әлеуметтік істерді, ел аралық қатынастарды, бітімгершілік миссияларды басқаратын лауазымды адамдар. Олар кезекті кеңес жиналыстарына қатысып маңызды қарарлар қабылдайтын мемлекеттер кеңесшілер болып саналады. Басқаша айтқанда, олар ең жоғарғы ақсүйектер кеңесінің мүшелері болып саналады.

Ø Төртінші деңгейдегі мемлекет билеушісі – ябғылар.Бұлар – ірі ру басшылары немесе ұлыстардың басшылары. Олар өз руларының әскерлері мен әкімшілік істерін басқарады.

Ø Бесінші деңгейдегі мемлекет билеушілері-түменбасылары.

 

Мәдениеті

Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді.

Ø Қауыншы. Ташкент маңындағы кен-ттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауын-шы қаласының атымен аталған. Бүл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.

Ø Жетіасар. Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. І мыңжылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.

Ø Отырар-Қаратау мәдениеті. Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба деректер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің та-рихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назараударған.

 

2)Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.

1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.

Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяныңқұрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары , Кабардин князьдігі косылған болатын.

1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.

· Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.

· Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.

· Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.

· Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды

қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.

1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті.

Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алды- мен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын. Бірінші болып Әбілқайыр хан, одан соң старшина Бөкенбай, Есет Көкіұлы батыр, Құдайменді мырза ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерінің едәуір тобы келіссөздер жүріп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге дүниеге қызығып, ашықтан-ашық сатылып кетті.

Қазақтардың Ресейдің кол астына өтуі, міне, осылай басталды. Әбілқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепілі ретінде өзінің ұлдарының қатарынан Ресейгеаманат жіберуге уәде етті.

Билет

1)Ғұндар(дереккөздер, әлеуметтік құрылымы , шаруашылығы, мәдениеті мен ескерткіштер)

Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанып, Қытай жылнамаларында «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді.

Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды.
Ғұндар (грекше Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты әскерден тұрды.
Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халықжиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.

Ғұн тайпаларында əлеуметтік теңсіздік қалыптасты. Ауқатты отбасылардың немесе үстем тап өкілдерінің қабірлерінен қымбат бағалы заттар көп табылады. Кедей адамдардың қабірлерінде қарапайым жасалған арзан бұйымдар кездеседі, кейбір қабірлерден ешбір зат табылмайды. Ғүндардың билеушісі тобы ақсүйектер рудың мүддесін қорғап, көсем ретінде бар мəселені шешіп отырды.

Шаруашылық-мәдени типінің негізі:көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.

Мал шаруашылығы Қытай деректерінде олардың үй малынан жылқы, ірі қара жəне қой-ешкі өсірген, біразы түйе, есек.Ғүндар ат сайысы ойындарының негізін салған. Ал қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Малдың бəрі дерлік бүкіл жыл бойына өрісте жайылып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ жұт болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды.

Егіншілік кəсібі мен қоныстары

Ғүндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дəнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Егіншіліктің жақсы дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол диірмендер, дəнүккіштер сияқты егін салуға жəне оны жинап алуға қажетті құрал-саймандар табылған.

 

2)Жоңғар шапқыншылығы

Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18-ғасырдың 50-жылдарына дейін созылған шапқыншылықтар. 15-ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы Түркістанды, Ташкентті басып алды. 16-ғасырда ойраттардың шабуылдары жиілей түсті. 16-ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед ханның інісі Шах-Мұхамедтің қалмақтарды билейтінін айтқан. Жоңғар хандығын құрған Батыр қонтайшы 1635, 1643 – 44 және 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне басып кірді. 1643 ж. Батыр қонтайшының туы астында елу мың жоңғар әскері Жәңгір хан (Салқам Жәңгір) бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, жау шабуылын тойтарды. 1681 – 84 ж. қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан қазақ жеріне басып кірді. Қазақ ханы Тәуке жеңіліске ұшырап, ойраттар Сайран қаласын талан-таражға салды.

1690 – 97 ж. болған ойрат-қытай соғыстары Жоңғар хандығы әскерлерінің бір бөлігін оңтүстік майданға кетуге мәжбүр етіп, олардың қазақ жеріне шабуылдарының қарқынын біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып Тәуке хан 1698 ж. ойраттарға да, Еділ қалмақтарына да күйрете соққы берді. 1708 ж. жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. 1710 ж. Үш жүздің басын қосқан Қарақұм жиыны өтіп, 1711 – 12 ж. Қазақ хандығының елу мың әскері Жоңғар хандығына басып кірді. 1722 ж. Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыттады. 1723 ж. Севан Рабданның жүз мың адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 ж. аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарының шаруашылығына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 ж. Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресін бастады. 1738 – 41 ж. қолбасшы Сары Манжаның отыз мыңдық әскерінің шабуылы – ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. 1745 ж. Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Осыны пайдаланған Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп, Жетісу мен Шығыс Қазақстанды қайтарып алды. 1755 – 58 ж. жоңғарлар Цин әскерлерінің шабуылынан кейін тас-талқан етіліп, дербес ел ретінде өмір сүруін тоқтатты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін 1757 – 58 ж. Қазақ хандығы өзінің жаңа көршісі Цин империясымен соғыс жағдайында болып, кейіннен бітімге келді. Қытайлар Жоңғарияны толық жаулап алды, ал қазақтар өздерінің ежелгі ата мекені Жетісу, Тарбағатай, Алтай өңірлерін иеленіп, шығыстағы шекарасын бекітті. 1771 ж. батыста бөлініп қалған қалмақтар да Еділ – Жайық арасындағы қоныстарын тастап, қазақ жері арқылы Жоңғарияға ауды.

 

Билет

1)Ислам дінінің таралуы. Орта ғасырлық архитектура

Қазақстанда исламның таралуының басталуы. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты. Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады. Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді. Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Бұл аймақ әр-түрлі діндердің тоғысқан жері болғандығына қарамастан ислам дінін тарату бейбіт түрде жүріп жатты. Ұлы Жібек жолы көпшілік діндер, солардың ішінде христиандық (көпшілігі несториандық пен яковшілер), буддизм, заростризм діндері үшін қолайлы аймақ болды. Далалы өңірде тұратын түркі халқы тәңіршілдікті ұстанды. Тұрғылықты халық арасына ислам еш зорлық-зомбылықсыз бейбіт жолмен таралды. Ислам мәдениеттің дамуына айтарлықтай әсер етті. Орат Азияда ислам ілімі игі істердің жүзеге асуы арқылы нығая түсті. Аймақтың тұрғындары мұсылман қауымының ажырамас бөлшегіне айналды. Ислам құндылықтарының орнығуы халықтың әлемдік діннің гуамнисттік дәстүрлерін қабылдауына өз ықпалын тигізді. Орта Азиялық мұсылман ғылымы мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық шығыс мәдениеті тың серпін берді. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари және Мұхаммед Хайдар Дулати атты ұлы ойшылдар ғылым мен философияның көрнекті өкілдеріне айналды. Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасында исламды таратуда Ясауия тариқатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи ( 1166 ж. немесе 1167ж. қайтыс болған) зор үлес қосты. Әмір Темірдің Ясауиге деген құрметінің белгісі ретінде XIV-XV ғғ. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі салынды, қазіргі таңда бұл тарихи жәдігер тек Қазақстандағы ірі мұсылмандық сәулет ескерткіші ғана емес, сонымен қатар, әлемдік озық үлгілердің бірі болып саналады.
Діни сәулет өнері

Қалаларда еңселі ғибадатхана және діни ғимараттар болған. Ақбешім мен Суябтан екі будда ғибадатханасы толық қазып ашылды, олардың мерзімі VII ғасырдың аяғы — VIII ғасырдың басы деп белгіленді. Бірінші Акбешім ғибадатханасы тік бұрышты етіп жоспарланған. Көлемі 76x22 м. Ол мінажат ететін орын мен галереядан тұрады, оларға аула жақтан үш орамды баспалдақ апарады. Мінажат орны жанындағы сегіз бағаналы залдың төбесі тегістеліп жабылған. Шығыс жағына тұрғылықты және шаруашылық мақсатындағы қақпалы құрылыстар орналасқан. Олардың жүйесіне шаршьшап жоспарланған кішкене шіркеу қосылған. Дәліздің қабырғаларын бойлай жасалған туғырлар мен сокілерге мүсіндер қойылынты. Кіреберістегі целлада екі жағында сатылы екі тұғыр тұр, оларға аяғын салбыратып отырған Будданың мүсіндері қойылған болса керек. Мінажат орнының еденінен иконостастың Будда бейнеленіп, алтын жалатылған қаңылтырлары (9) табылды. Жетісудың несториан-христиандары ғибадатханаларының архитектурасы жөнінде Ақбешім қала орны шахристанының солтүстік-батыс бөлігінен аршылған шіркеуден аңғаруға болады. Жоспарлануы жөнінде бұл — кіреберісі арқамен көркемделген тік бұрышты ғимарат. Оның көлемі 36x15 м. Үй ұзын жағынан батыстан шығысқа қаратылған; батыс жағында аула бар, оның қабырғаларын бойлай бастапқыда жаппа жасалған. Шығыс жағында шіркеудің өзі орналасқан.

Зороастрийлік діни құрылыстар да мәлім. Ғибадатхана мақсатындағы бір кешен, тегінде, зороастралық жерлеу салтын өткізуге және қасиетті от жағуға байланысты болса керек, ол Қызылозен қаласы жұртының батыс бөлігіне орналасқан.

2)Ақ Орда

Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет.

ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет.

Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХҮІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІҮ ғ. 2-ші жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті.

Территориясы: батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер.

Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы).

Халқы : түрік тілді тайпалар.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды.

Алғашқы ханы – Сасы Бұға (1309-1315)

Мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.
Шымтайдың (1344-1361 жж.) ұлы Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды.
Ақ Орданың дербес мемлекет ретінде қалыптасу үрдісі төрт кезеңнен өтті:

· Ақ Орда алғаш шаңырақ көтеріп, Алтын Ордамен саяси ара-қатынасы қалыптасқан жылдар (1224—1243, 1245);

· Ақ Ордадағы Орда Ежен ұрпақтарының ел дербестігі үшін жүргізген күрес кезеңі (1250—1370);

· Орыс хан билігі, Темір шапқыншылығы қарсаңындағы АқОрда (1370-1405, 1410);

· Орыс хан ұрпақтарының Әбілқайыр билігіне қарсы жүргізген күресі нәтижесінде Ақ Орда атауының «Қазақ хандығы» атауымен қайта жаңғыруы (1428—1465,1466).

Билет

1)Әбілқайыр хандығы

Әбілқайыр хандығы (1428–1468)

Ғылыми әдебиетте бұл мемлекеттің «Көшпелі өзбек мемлекеті» деген де аты бар.

Территориясы: батысында Жайықтан, шығысында Балхашқа дейін, оңтүстігінде Арал теңізі және Сырдың төменгі ағысына, солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жер

Этникалық құрамы: Халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктенген түрік-моңғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары.

Хандықтың астанасы алғашқыда Батыс Сібірдегі Тура болып, кейін 1446 жылы Сыр бойындағы Сығанаққа көшірілді.

Хандық құрамындағы Иасы, Отырар, Сығанақ, Үзгент қалаларында қолөнер, сауда-саттық, егіншілік, дәстүрлі мал шаруашылық дамыды

Хандықтың ыдырауы:

Әбілқайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Шайбан әулеті басқарған ұлыстардың өздері қарсылық көрсетті. 1446 жылы Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілқайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. Жошы әулетінің ішінде Орда-Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек Әбілқайырға қарсы шығып отырды.

1456–1457 жылдары ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілқайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады. 1457–1459 жылдардан бастап Керей мен Жәнібек Әбілқайыр хандығынан кейін, бөлінгеннен кейін, Әбілқайыр хандығы ыдырай бастады. Әбілхайыр ханның өлімінен соң мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлініп кетті.

 

Реформа

Орта жүздегі хан билігінің жойыла бастауы

Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы БатысСібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы»күшіне енді.

Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. « Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.

Басқарудың жаңа жүйесін

Басқарудың округтық жүйесі енгізілетін болды.

Ø Округ (15—20 болыс)

Ø Болыс (10—12 ауыл, )

Ø Ауыл (50—70 үй )

Сыртқы округтағылар Сібір қырғыздары (қазақтары) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты.

Кіші жүздегі хан билігінің жойылуы

Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына « Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшінАзия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды.

Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді.

Ø Батыс округтары

Ø Орта округтары

Ø Шығыс округтары

Сайлау жүйесі жойылды.

Билет

1)Моғолстан( шаруашылығы, саяси жағдайы, қоғамдық құрылысы, мәдениет)

Моғолстан (XIVғ. ортасы-XVI ғ. басы)

Территориясы: Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағы

Мемлекеттің орталығы: Алмалық қаласы болады

Этникалық құрамы:Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, барлас...

Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған бірінші хан: Тоғылық Темір хан

Қоғамдық құрылыс:

Билеушінің дәрежесі – хан.

Ұлысбектер-мемлекет басқаруда көмектескен

Даруғалар-алым-салық жинап, тәртіпті қадағалаған

Миршикар-ханның аңшылық ісін басқарушы
Мемлекеттің ыдырауы:

ХVІ ғ.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.

 

2)Абылай хан кезіндегі қазақ хандығы
1771 жылы Түркістанда Орта Жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болды, Дәстүр бойынша ақсүйектер хан ұлы Әбілпайызды емес, Абылайды хан сайлады, Үш жүз өкілдерінің Абылайды барлық қазақтың билеушісі деп танудың себептері - Жоңғарияға қарсы азаттық күресін басқаруы, Үш жүзді біріктіруі, Ресей мен Қытай қыспағына қарамастан, іс жүзінде елдің дербестігін сақтауы, Патша үкіметі тәуелсіз қазақ хандығын жоюға күш салып, Абылайды хан сайлауға келіспейтінін білдірді, 1778 жылы 24 мамырда 2 Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті, Абылай хан Ресеймен қарым-қатынаста бейбит жағдайда болу қажеттігін ескеріп, ресми түрде бодандықты мойындады, Ал іс жүзінде тәуелсіздігін сақтады, Абылай хан билігіне және шаруашылығына өзгерістер енгізді - Хан билігін шектеусіз етті, Ірі ұлыстарды билеуге өзіне жақын сұлтандарды тағайындады, Билер қызметіне шек қойды, Халық батырларының қолдауына сүйінді, Ертіс, Есіл бойы, Көкшетау, Тарбағатай өңіріне егін шаруашылығын енгізді, Сауда қатынасына көңіл болды, 1759 жылы 1 қаңтарда Үрімшіде Абылайдың сауда миссиясы жақсы қабылданды, Абылай хан қазақ жерінің шекарасын қалпына келтірді,

Абылай хан тұсында қазақ халқының саны шамамен 3 миллионға жетті

 

Билет

1)Әмір Темір мемлекеті

Әмір Темір – монғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы.

Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып ақсақ болып қалған. Ол Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша-ақсақ) Ақсақ Темір атанады.

Ақсақ Темір өзі билік құрған жылдары Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстанға қарсы бірнеше жорықтар ұйымдастырды.

 Ақсақ Темірдің алғашқы басқыншылық жорықтары Ақ Ордадан басталады. Оған сылтау болған оқиға төмендегідей еді:

Ақ Орда ханы Ұрыс хан Алтын Орда астанасы Сарай қаласына қарсы жорығы кезінде өзіне көмектеспеген Жошы ұрпағы Түй Қожаны жазалайды. Түй Қожаның ұлы Тоқтамыс Мәуереннахрға Ақсақ Темірге қашып барады. Ақсақ Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордаға қарсы аттандырды. Бірақ Тоқтамыс 1374-1375 жылдардағы ұрыс барысында жеңіліске ұшырады. Темір Тоқтамысқа әскер беріп қайта аттандырды. Бұл жолғы жорығы да сәтсіз аяқталды. 1375 жылы Ұрыс хан Әмір Темірге Тоқтамысты қайтаруды талап еткен елші жіберді. Сонымен қатар ол өз әскерінің Түркістан жеріне жақындап қалғанын хабарлайды. Мұны естіген Әмір Темір Тоқтамысты ертіп үшінші жорыққа аттанды. Ұрыс хан өз әскерімен Сығанақта тоқтаса, Темір өз әскерімен Отырар маңына орналасады. Үш ай өткенде Ұрыс хан кейін қайтып кетеді, ал әмір Темір Ұрыс ханның ұлы Мәлік оғланның 10 мың әскерін талқандайды. 1376 жылы Ұрыс хан қайтыс болады. Артынша оның үлкен ұлы Тоқтақия да қаза болады. Бұл Ақ Орданың жеңілуіне әкеліп соқты. Әмір Темір Тоқтамысты Сауран қаласында таққа отырғызып, өзі кейін Мәуереннахрға қайтады.

1377 жылы Ұрыс ханның ұлы Темір-Мәлік Сауран түбінде болған шайқаста Тоқтамыс жеңіліс табады. Бұл жолы да Әмір Темір Тоқтамысқа өз әскербасыларын жібереді. Нәтижесінде Тоқтамыс Ақ Орда астанасы Сығанақты басып алады. Тоқтамыс өзін Ақ Орда мемлекетінің билеушісімін деп жариялайды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Ордаға қарсы бірнеше жорықтар ұйымдастырып, Сарайды, Қажы Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алады. Осындай табысқа мастанған Тоқтамыс Әмір Темірге бағынудан бас тартады. Енді Алтын Орда үшін Әмір Темір мен Тоқтамыс арасында соғыс басталды.

1391 жылғы ұрыста Әмір Темір әскері Тоқтамыс әскерін талқандайды. Әмір Темір 1395 жылғы Тоқтамысқа қарсы екінші жорығы нәтижесінде Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзені бойындағы шайқаста Тоқтамысты күйрете жеңеді. Бұл жолы ол Алтын Орданың астанасы Сарай Беркеге басып кіріп, қаланы тонап, халқын құлдыққа айдайды.

Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. 1371 -1390 жылдар аралығында ол Моғолстанға қарсы бірнеше жорық ұйымдастырады.

1377 жылы Моғолстан билеушісі Қамар ад-дин екі рет Темір әскерінен талқандалды. Моғол әскеріне қарсы мұндай соққы 1383 жылы тағы қайталанды. Ақсақ Темірдің 1389 жылғы Моғолстанның жаңа билеушісі Қызыр Қожаның тұсындағы жорығы тіпті жойқын болды. Шығыс деректері «Қызыр Қожада патшалық та, мүлік те қалмады», - деп жазды. Бұл Мәуереннахр билеушісінің соңғы жорықтары болатын және ол Қызыр Қожаның вассалдық қатынастарды мойындауымен аяқталды.

Темір билік биігіне өрлегенде мұсылман дініне сүйенді. Түркістанда Қожа Ахмет Йасауидың мазарын салдырған да соның өзі.

Ақсақ Темір өзі әмірші болған 35 жыл ішінде (1370-1405 жж.) басқыншылық, тонаушылық соғыстары нәтижесінде Моғолстан, Ақ Орда, Хорезм, Каспий өңірі аймақтары, Иран, Ирак, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Ауғанстан, Үндістан, Египет, Бағдад, Сирия енген орасан зор империя құрды.

XIV ғасырдың соңына қарай Азия мен Еуропа құрылығының едәуір бөлігін жаулап алған Әмір Темір құрған орасан зор мемлекет, ол өлгеннен кейін біржола күйреді.

 

2)1867-1867 жылдардағы реформа.

Басқару жүйесінің сатылары:


Реформаға дейін 3 сатылы:

Ø Округ                      

Ø Болыс

Ø Ауыл 

 

 

3 генерал-губернаторлық:

Реформадан кейін 5 сатылы

Ø Генерал-губернаторлық

Ø Облыс

Ø Уезд

Ø Болыс

Ø Ауыл


Орынбор

(орталығы Орынбор)

Облыстар:

Ø Орал           

Ø Торғай           

Уездер:          

Ø Орал

Ø Гурьев

Ø Калмыково

Ø Жем (Темір)

Ø Елек (Ақтөбе)

Ø Николаев (Қостанай)

 

Батыс-Сібір

(орталығы Омбы)

Облыстар:

Ø Ақмола    

Ø Семей

Уездер:          

Ø Ырғыз

Ø Торғай

Ø Ақмола

Ø Көкшетау

Ø Петропавл

Ø Омбы

Ø Атбасар (Сарысу) 1869 ж. Қосылды

Ø Павлодар

Ø Қарқаралы

Ø Өскемен

Ø Зайсан

Ø Көкпекті

Ø Баянауыл

 

Түркістан

(орталығы Ташкент)

Облыстар:

Ø Жетісу

Ø Сырдария

Уездер:          

Ø Сергиополь

Ø Қапал

Ø Верный

Ø Жаркент

Ø Ыстықкөл

Ø Тоқмақ

Ø Қазалы

Ø Перовск

Ø Түркістан

Ø Шымкент

Ø Әулиеата

Ø Ходжент

Ø Жизақ

 


Сот ісін басқару құрылымы:

Ø Әскери сот комиссиялары

Ø Уездік соттар

Ø Билер мен қазылар соты

Билет

1)Қазақ хандығының құрылуы .

Қазіргі тарихнамада алғашқы Қазақ мемлекеті болып таныла бастаған ХІҮ ғасырдағы Ақ Орда Әмір Темір шапқыншылығына тап болып, ыдырап, бөлшектеніп кетті. Алайда, бірнеше мемлекет иеліктерінің құрамында қалған, қазақтар ірілене бірігу мүддесін аңғартты. Бір кезде тайпалардың сенім тізгінін алған Әбілқайыр хан ел мүддесіне сай бірігу саясатын жүргізе алмады. Халықтың көбі даланың заңды билеушісі болып танылған Орыс хан ұрпақтарын қолдап шығады. Саяси бірігу мақсаты Қазақ хандығын құруды күн тәртібіне қояды.

ХҮ ғасыр ортасында жаңа мемлекетті құру үшін тиімді жағдайлар қалыптасты. Әбілқайыр хандығын ішкі тартыстар жайлап, хандық ыдырау алдында тұрды. 1457 жылы Ә. хан әскерлеріне қалмақтар күйрете соққы берді.

Құрамында Жетісу қазақтары бар Моғолыстан хандағы да саяси қиын жағдайда еді. Ондағы Есенбұға ханның орталық билігі әлсіз болатын. Бірқатар тайпа бектері жеке биліктерін сақтаса, басқалары көрші мемлекеттерге кетіп қалды. Жетісу қазақтарының Арқа қазақтарымен бірігуіне жағдай туды.

Керей мен Жәнібек сұлтандардың жаңа саяси орталық құруы

1457–59 жж. қазақтар қолдаған Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханнан алыстап, Моғолстанның шекаралық аймақтарына ауа көшті. Көшіп кеткендер Шу алқабы және Қордайдағы Қозыбасы жайылымына орналасты. Қалмақтардан жеңілген Әбілқайыр хан мемлекеттік басқаруды қалпына келтіру үшін жаңа, қосымша салықтар мен міндеткерліктерді жариялаған. Бұған наразы болған қатардағы көшпелілер хан саясатына қарсы шыққан Керей мен Жәнібекке қолдау көрсеткен. Керей мен Жәнібек сұлтандар өздерінің батыл қимылымен Қазақ хандығының құрылуын және қазақ халқының бірігуін тездетті. Сол себепті, олардың қазақ тарихынан алатын орны құрметті. Керей мен Жәнібек сұлтандардың қол астындағы халықты «өзбек- қазақ», «қазақ» деп атады.

Керей мен Жәнібек сұлтандарды Есенбұға хан әуелі өзінің қол астына көшіп келген билеушілер ретінде танығысы келді. Алайда, көшіп келушілердің көптігі және олардың Жетісу қазақтарымен ынтымағы жаңадан құрылған саяси ортаны тез арада тәуелсіз бірлікке айналдырды. Хандыққа Керей (ұлы хан) мен Жәнібек (кіші хан) сайланды. Қазақ хандығының жариялану жылын ортағасырлық тарихшы М. Х. Дулат 1465 ж. деп көрсеткен.

 

2)1886-1891жылдардыға реформа

1886 жылға реформа

1886 ж. 2 маусымында «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» қабылданды. Осы Ереже бойынша Оңтүстік Қазақстанның халқы 1917 ж. дейін өмір сүрді. Түр­кістан генерал-губернаторы әскери және азаматтық басқару функциясын біріктіріп атқарды. Оның саяси тұрғыда сенімсіз деп саналған адамдарды бес жылға жер аударуға құқығы болды және өте хауіпті қылмысты істерді әскери сотқа беретін.

1891жылға реформа.

1891ж.Осы жылдың 25 наурызында «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» қабылданады. Осы құжат бойынша «Уақытша Ережелер» арқылы басқару жүйесі орнығып бекиді. Дала генерал-губернаторы Түркістандық әріптесі дәрежесін иеленді. Уездік начальниктерді генерал-губернатор тағайындайтын, ал Орал мен Торғай облыстарында – әскери губернатор тағайындайтын.

Нәтижесі:


Түркістан өлкесі

(Орталығы-Ташкент)

Облыстар:

Ø Сырдария(5 уезд)

Ø Ферғана(5 уезд)

Ø Самарқанд(4 уезд)

Дала өлкесі

Орталығы-Омбы

Облыстар:

Ø Ақмола(4 уезд)

Ø Семей

Ø Жетісу


Қазақ өлкесінің жер байлығы мемлекеттік меншік болып жарияланды

 

Билет

1)Қасым хан, Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы.

Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы.(1511-1518)

Аумағы: Жайық өзені, Сырдария,Ұлытау,Балқаш көлі, Жетісу,Шу,Талас,Іле аралығы

Астанасы:Түркістан

Сауда-экономикалық орталық:Сығанақ

Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайта өз елігіне қосып алу.

Қасым ханның қасқа жолы.Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:

Ø Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).

Ø Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).

Ø Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар, ат, ердің құны т.б.).

Ø Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).

Ø Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.)

Қасым хан билігінің ерекшелігі:

Ø Моңғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет қазақ ру-тайпаларын бір мемлекетке жинады.

Ø Қазақ хандығындағы халық саны 1млн-ға жетті.

Ø Қасым хан тұсында қазақтар Ора Азия мен Шығыс Еуропаға танылды.

 

Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы.

Негізгі мақсаты:Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру

Аумағы:Сырдария, Арал маңы,Жетісу,Жайықтың сол жағы.

Хақназар хан саясатының маңызы:

Ø Хандық аумағының кеңеюі

Ø Дербес мемлекет ретінде танылу

Ø Ішкі саяси өмірдің тұрақтылығы

2)Қазақ қоғамының дәстүрлі басқару жүйесі

Қазақ хандығында15-16 ғ басқарудың ұлттық жүйесі қалыптасты.Басқару жүйесінде бұрыннан келе жатқан ру-тайпалық тәртіп берік сақталды.

Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан қаланды:

Ø Ауыл қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы.Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды.Әрбір жеке ауылды басқаратын адамды ауылбасы деп атады.

Ø Ата аймақжеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды.Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады.Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл – кеңестерін тыңдап, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырған.

Ø Ру – негізінен он немесе он бес аймақтан құралатын болған.Руды басқаратын аймақты рубасы деп атады.Рубасы көпті көрген,мол тәжірибелі, өте білікті, білгір адам болған.

Ø Арысбірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп атаған.Бүкіл қауым бидің шешімін, оның билігін орындауға міндетті болды.

Ø Ұлысбірнеше арыстаг құралды.Ұлыстың билеушісін сұлтан деп атады.Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен шыққандар болды.

Ø Жүзбірнеше ұлыстан құралды.Қазақ жүздері ХY – XYI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты.Жүздің билеушісін хан деп атады.Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын.Ұлы жүз құрамына жалайыр,албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары кіреді. Орта жүз руларына арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ, және қоңырат тайпалары кіреді. Кіші жүз құрамына 12 ата Байұлы (адай,алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есен-темір, ысық, қызылқұрт, шеркес;),жетіру (табын,тама, кердері, керей, жағалбайлы, телеу, рамадан;),Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей,шекті:)

Ø Хандық – үш жүзден құралды.Хандықтың ең үлкен әміршісі қаған деп аталды.Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналған.

Билет

1)Тәуекел хан, Есім хан тұсынадағы қазақ хандығы

Тәуекел хан (1582-1598 жж.) билік басына келген кездегі қазақ хандығының сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Бір жағынан, бұған дейін одақтас болып келген Бұхар ханы Абдаллах хан қазақтарға қарсы шықса, екінші жағынан, шығыста моғолдар мен жоңғарлар қазақ жеріне ұдайы қауіп төндіріп отырды. Соған қарамастан, жастайынан әскери іске жетік, көреген саясаткер Тәуекел қазақ хандығын нығайтып қана қоймай, қазақ жерлерінің аумағын кеңейте білді.

Тәуекел хан тұсында Ресей мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы дипломатиялық қатынас күшейе түсті .

Ресейдің мұндағы мақсаты- Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді.

Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсенді күрес жүргізді. Ол Сырдария қалалары үшін күресті жандандырды.

1583 жылы Тәуекел Бұхар ханы Абдаллахпен жасасқан «ант беріскен шартты» бұзды . Оған себеп- Абдаллах ханның Ташкент билеушісі Баба сұлтанды өлтіріп, кезінде оған көмек көрсеткен қазақ сұлтандарын жазалау шаралары болды. Дегенмен Тәуекел ханның 1586 ж. Орта Азиядағы Шайбан әулетіне қарсы жорығы сәтсіз аяқталды.

Тәуекел тұсындағы айтулы оқиғаның бірі- 1594 жылы Мәскеуге Құл-Мұхаммед бастаған тұңғыш қазақ елшілігінің жіберілуі болды. Елшіліктің мақсаты- Тәуекел ханның тұтқындағы жиені Ораз Мұхаммедті елге қайтару және өзбек ханы Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің қолдауын сұрау. Орыс мемлекеті де өз жағынан шарттар қойды.

Олар мынадай еді:

Тәуекел Ораз Мұхаммедтің орнына өз ұлы Үсейнді аманатқа жіберуі тиіс

Патша бұйрығымен Көшімге қарсы соғысу міндеті.

Бірақ, екі жақтың да шарттары орындалған жоқ. Ораз Мұхаммед кейін сонда қайтыс болды. Кейін Құл Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден тілмаш Вельямин Степанов қазақ хандығына жіберілді. Қазақ- орыс қарым- қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі дамуына мүмкіндік берді.

Осы кезде Көшім хан билеген Сібір хандығы да жойылды. Ресейден Сібірге аттанған Ермак жасағы 1582 жылы Көшімнің жасағын жеңіліске ұшыратты. 1598 жылы Көшім ханның Орта Азияға бас сауғалауымен, Сібір хандығы жойылды.

Тәуекел 1598 ж. шайбанидтерге қарсы жаңа жорығын ұйымдастырды. Самарқанд пен Ташкент арасында Шайбан әскерін тас-талқан етеді. Нәтижесінде, Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып қана қоймай, Ақши, Искандер, Мүнши, Ташкент, Самарқан қалаларын Қазақ хандығына қаратты. Інісі Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың қолмен Өзбек хандығының астанасы Бұқара қаласын қоршауға алды. Бірақ, ол Бұхар қаласын 20 күн қоршауда ұстап ала алмады. Осы шайқаста Тәуекел хан жараланып, әскеріне Бұхарадан шегінуге бұйрық береді. Көп кешікпей Тәуекел хан қайтыс болды.

 

Тәуекелдің қайтыс болуымен билік інісі Есім хан (1598-1628 жж.) қолына өтті. Есім сұлтан Ташкент, Түркістан аймағын билеген, қазақтың көп санды әскерін басқарған көрнекті сұлтан еді.

Осы кезде Орта Азияда да саяси жағдай өзгерген еді. 1598 ж. шайбанид Абдаллах ханның қайтыс болуымен оның ұлы Абд ал-Момын мен ағасы Пір Мұхаммеддің аз уақыт билігінен кейін жаңа әулет (бұл да Шыңғыс әулеті) - Аштарханидтер (Астраханьда билік құрған) билікке келді.

Дегенмен, Есімге қарсы тұрған саяси топтар да болды. Солардың бірі- Тұрсын Мұхаммед сұлтан еді. Ол Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы болатын. Тұрсын Мұхаммед сұлтан 1613-1914 жж. өзін хан деп жариялап, қазақ хандығын екі хан билейді. Есім хан Түркістан қаласын өз астанасы етсе, Тұрсын Ташкент қаласында өзін тәуелсіз ханмен деп жариялады.

Қазақ хандығында орын алған саяси бытыраңқылықты пайдаланып, кезінде Тәуекел тартып алған Ташкент, Сайрам, Әндижан жерлерін қайтарып алуды көксеген Бұхар ханы Есім ханмен жасасқан бітім шартын бұзады. Сөйтіп, қазақ жерлеріне жорықтар ұйымдастыра бастайды. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Самарқан маңында Айғыржар деген жерде болады. Бұхар әскері бұл шайқаста жеңіліс табады. 1611 жылы Бұқар әскерін Имамқұл хан басқарып Ташкент түбінде үлкен шайқас болады. Мұнда Есім хан әскері жеңіске жетіп, Бұхар ханы келісімге келуге мәжбүр болады.

Қазақ билеушілері мен Аштарханидтер арасында маңызды сауда, экономикалық орталық - Ташкент үшін күрес қайта басталды. 1621 ж. Аштарханидтер мен қазақтардың қырғыздармен біріккен күштері арасында ең ірі шайқастың бірі болды. Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан 100 мың әскер жинап, оның 10 мыңын қырғыз билеушілері шығарды.

1624-1625 жж. Есім елге қайтып, өз ордасын Түркістанда тікті. Бірақ екеуінің арасында билік үшін күрес тоқтамады. 1627 ж. Есім хан қалмақтарға жорыққа кеткен кезде Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан Түркістанға Есім хан Ордасына өз отрядын жіберіп, олар ханның әйелін, балаларын тұтқынға алып, адамдарын соққыға жығады. Кейін Ташкент маңында Есім хан мен Тұрсын арасында шайқас болып, Тұрсын сұлтан қаза болды. Есім хан Тұрсын ханды қолдап, бейбіт елдің тыныштығын бұзған Қатаған руын да жазалайды. Бұл оқиға тарихта «Қатаған қырғыны» атанады.

Бұхар ханы Имамқұл «Ташкентті билеу туралы» грамотаны Есімге табыс етеді. Осылайша Есім хан екінші рет билікке келді.

Ішкі алауыздықтың қаупін жақсы түсінген Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық ескі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Есім ханның бұл заңдары «Есім ханның ескі жолы» деп аталды.

Қазақ шежірелерінде Есім ханның қызметіне жоғары баға беріледі. Бұқар жырау Абылай ханға ренжіген кезінде «Сенен бұрын жеті ханды жебедім, кешегі еңсегей бойлы ер Есімді де білемін» деген екен. Бұқар жыраудың бұл сөздері Есім ханға деген құрметті көрсетсе керек.

 

2)XVIII ғ батыр жыраулыр

Бөгенбай батыр(1690-1775 ж.ж.)-қолбасшы, дипломат,батырОның жасақтары Жайық қазақтарымен жқңғарлармен, Цин империясы әскерімен шайқасқан.

Қаракерей Қабанбай(1703-1781)-халық батыры. Абылай хан оны «Дарабоз» атап кеткен.Алакөл,Аңырақай, Бұланты шайқастарына қатысқан.

Наурызбай Құттымбетұлы(1706-1781)-халық батыры.Абылай хан тұсындағы ең сенімді 3 батырының бірі.

Көкіұлы Есет(1667-1749)-қолбасшы,дипломат. Жасақтардың ірі бөлімшесін басқарған, найзагерлермен ерекшеленген.

 

Билет

1)Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы.Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

Тәуке хан билігінің ерекшелігі:

Ø Бір орталыққа бағынғын мемлекетке айналды

Ø Жоңғар шапқыншылығы тоқтап тыныштық орнады

Ø «Жеті дарғы» заңы

Негізгі мақсаты: билердің көмегімен хан билігін нығайту

Саясатының негізгі бағыттары:

Ø Орта Азиямен сауда

Ø Бұхар хандығымен бейбітшілік

Ø Орыс-қазақ қатынасын нығайту

Ø Хандық өкіметті орталықтандыру

Астанасы: Түркістан

«Жеті жарғы»

Ø Әкімшілік құқық нормалары

Ø Отбасы-неке құқығы

Ø Сот ісі

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.[2]

 

1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді.Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.

Игельстром реформасы

Игельстром реформасы [1] (1786) – Кіші жүзді басқарудың 1786 жылы Екатерина ІІ қуаттаған жобасы.

1775 жылғы реформаға сәйкес О.А. Игельстром далалық жерлерді жалпыимпериялық негізде басқару мақсатында, Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынып, патшайымның мақұлдауынан соң ол “Игельстром Реформасы” деп аталды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынборгуберниясы басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресейөкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді “бас старшын” деген атақ енгізді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөніндегі шаралары нәтижелі болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғышарты қалыптасуында болатын. Расправалардың басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды. 1789 жылғы Француз революциясынаншошынған патша үкіметі Игельстром реформасын туғызған наразылықтардың монархиялық басқару негізін шайқалтуы ықтималдығын ойлап, Игельстром реформасын аяғына жеткізуден бас тартты.

Билет

1)Салқам Жәңгір.Орбұлақ шайқасы

Салқам Жәңгір — (1610-1652 жылдары өмір сүрген). Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды

Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған:

· бірінші шайқас — 1635 жылы

· екіншісі — 1643-1644 жылдары

· үшіншісі — 1652 жылы

Орбұлақ шайқасы қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығынақарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қонтайшыарасында өтті.

Алғышарттары:

XVII ғ. 30-жылдарындағы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады. Қазақстанмен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан (1629-1680) басқарды. 1635 жылы шайқастардың бірінде Жәңгір хан жеңіліс тауып, тұтқынға түседі. Бірнеше жыл тұтқында болған Жәңгір өзара бітімнен кейін босап, қазақ даласына оралды. Осыдан кейін Жәңгір жоңғарлармен бітіспес жауға айналады. 1640 жылы жоңғарлар қазақ даласын нысана ретінде қарастырған құрылтай өткізеді. 1643 жылы Батыр Қонтайшының өзі бастаған ойрат қолы қазақ даласына қарай қозғалды.

Нәтижесі:Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті көрсетті. Қазақ хандығының әскери өнерінің тарихында тұңғыш рет оқпана қазып соғысу тәсілі қолданылды. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында, Орбұлақ деген жерде болған. Бұл шайқас қазақ халқының тарихында басқа да ірі оқиғалармен бірдей орын алды. Жәңгір «Салқам» (айбатты) деген құрметті атқа ие болды. Бұл соғыс ойрат қоғамына өз әсерін тигізді. Олардың өзара қырқысын бастауға әкеліп соқты. Ескі феодалдар арасындағы өзара қайшылықтары жарыққа шықты. Жәңгір хан бірегей қолбасшы, әрі епті стратег екенін дәлелдеді. Ол оқиға болып жатқан кезде не істеу керектігін тез ұға білді. Шешуші кезеңде жауынгерлерді жігерлендіріп өзінің тікелей соғысқа қатынасуымен шешіп кетіп отырды. Осы ерекшеліктерімен Орбұлақ шайқасында көзге түсті. Қазақ жауынгерлері өздерінің ерліктерімен, өздерінің жан аямайтындықтарымен өз жерінің тәуелсіздігін және халықтың бостандығын қорғай алатындығын дәлелдеді. Шайқас қазақ халқының тарихындағы аса ірі жеңістердің бірі әрі бірегейі болды.

2)Бөкей Ордасы

Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.

Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.

Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан.

Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).

Басқару әкімшілігі өзгертілді. Орталықтан басқарылатын әкімшілік (хан депутатында — 10, хан кеңесінде — 10, старшын-есауыл — 14 адам болды, базар сұлтаны, арнаулы тергеуші, іс жүргізетін кеңес) құрылды. Әрбір ірі немесе бірнеше ұсақ рудың басына Жәңгір өз туыстарын, өзіне шын берілген сұлтандар мен билерді қойды. Ру ішіндегі аталарды старшындар басқарды. Тағайындалған ру басшылары мен старшындарды Орынбор шекаралық комиссиясы бекітті. Б. о-ның әкімш. орталығы Орда қ. 1826ж. салынды. Б. о-н жан-жағынан орыс әскерлерінің бекініс шептері қоршап жатты. Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда, мұнда тауарлы-ақша қатынасы басымырақ өркендеді. Б. о-нда егіншілік жанданды. 1840 ж. хан ордасында бастауыш орыс-қазақ мектебі ашылды. Б. о. жерінде 1836 — 37 ж. Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс болды. Көтеріліс хан ордасын шайқалтып тастады. 1845 ж. Жәңгір өлгеннен кейін хандық өкімет жойылды

 

 

 


Дата добавления: 2018-09-20; просмотров: 4876; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!