Мезолит. Ескерткіштері. Ерекшеліктері.



Билет

1.Ерте палеолит. Ерекшеліктері. Ескерткіштері.

Тас дәуірінің ерте кезеңі – палеолит(б.з.б. 2,6 млн.-12мыңж.). Бұл дәуір 3 кезеңге бөлінеді:

Ø ерте    палеолит(б.з.б. 2,6млн-140мыңж.)

Ø орта палеолит(б.з.б. 140-40 мыңж.)

Ø кейінгі палеолит(б.з.б. 40-120 мыңж.).

Ерте палеолитте тасты жару үшін жұмыр тасты қолданған.

Табиғаты:негізінен субтропиктік ормандар

Өмір сүрген жануарлар: мамонттар, бизондар, мүйіз тұмсықтар

Тұрақтары: Бөріқазған, Шабақты, Тәңірқазған тұрақтары(Оңт. Қазақстан)

Б.з.б. 100-80мыңж. Бұрын мұзбасу дәуірі басталды. Адамдардың алғашқы қоныстанған жері Қаратау жотасы болған.Бұл кезде өмір сүрген адамдардың негізгі шаруашылығы аң аулау мен терімшілік болған.

Табылды:Шу жағасындағы Қазанқап шатқалы мен Қарасу тұрағынан адамзат дамуының бірнеше ізі табылды. Ол жерден 15 мыңға жуық заттар табылған.

Тастан жасалған құралдары: чоппер (тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман) чоппинг(соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал.)

Өмір сүрген адамдар: епті адам, тік жүретін адам.

Шаруашылығы: аң аулау, терімшілік

2.Түрік қағанаты.(552-603ж)

 Аумағы: шығыста Алтайдан, баытста Каспийге дейінгі аралық.

Этникалық құрамы: Негізгі құрамы түрік тілдес халықтар. Олардың ішінде басым көпшілігін теле тайпалары құрады. Түрік қағанаты құрамына 30-дан аса теле тайпасы енген. Олардың қатарында қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. тайпалар кірді.

Негізін қалаушы: Бумын қаған

Көмекшісі: яғбу

Әлеуметтік құрылым:

Ø Бектер

Ø Қара бұдұндар

Ø Таттар

Астанасы: Суяб (Қырғыстандағы Тоқмақ қаласы)

Билеушілері:

Ø Бумын қаған, Түрік қағанатының негізін қалаған.

Ø Қара қаған (552-553).

Ø Мұқан қаған (553-572), Түрік қағанаты Орталық Азияда үстемдік құрды.

Ø Таспар қаған (572-581)

Шаруашылығы: көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы

Діни наным-сенімдері: Түркі тайпаларының табынатын құдайы Көк-Тәңірі болды. Олар Жер мен Су киесіне, отбасының жебеушісі — Ұмай-Анаға табынды.

Қағанат ыдырауының себептері:

· Бұл әртүрлі тайпалардан жиналған конгломерат болатын, оның ыдырауы тек уақыттың еншісінде болды.

· Қаған әулеті ішінде билік үшін талас-тартыс басталды. Басқа халықтар өз тәуеілсіздіктері үшін бас көтерді. 581 жылы қағанат ішінде соғыстар басталады. Осыны пайдаланған Қытай ж/е басқа мемлекеттер қағанатқа шабуылын күшейтеді.

Ақыр аяғында 603 жылы Түрік қағанаты 2-ге бөлініп кетеді.

 

Билет

Орта палеолит. Ерекшеліктері. Ескерткіштері.

Орта палеолит ( Б.з.б 140-40 мыңж.)

Табиғаты: ауа райы салқындады, жусанды дала, өзен-көлдер арналары қалыптасқан.

Өмір сүрген жануарлар: мамонттар, бизондар, мүйіз тұмсықтар

Алғашқы адамдар: Неандертальдықтар

Шаруашылығы: аң аулау, терімшілік

Тастан жасалған құралдары: чоппер, чоппинг,ине,біз,бифас

Орта палеолиттің ең негізгі жетістігі:

Ø от алуды үйрену

Ø дөңгелек өзек тастан (нуклеус) жасау әдісі

 Ескерткіштері: Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ, Шідерті, Қарасор, Семізбұғы, Обалысай, Мұзбел, Жағабұлақ.

2. Батыс түрік қағанаты. (603-704ж)

Аумағы: Алтайдан Каспийге дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты.

Орталығы: Суяб (Қырғыстандағы Тоқмақ қаласы)

Жазғы ордасы: Мыңбұлақ.

Этникалық құрамы: «он-оқ бұдун»(бес дулу, бес нушеби тайпалары)

Билік жүйесі:

Ø Қаған

Ø Жабғу,шал,елтебер

Ø Бек

Ø Тархан,бұйрық

Ø Селиф

Ø Қара бұдұн (қарапайым халық)

Ø Таттар (құлдар)

Алғашқы қаған: Тардуш(Дато).

Билеушілері:

Ø Шегу(610-618жж) Шығыстағы шекараны Алтайға дейін, ал батыстағы шекараны Памир тауына дейін жеткізді.

Ø Тон(618-630жж.)Тон қаған өзінің батыстағы ықпалын нығайтуды ешқашан естен шығармаған. Иран мен Византия арасында қақтығыс туа қалса, өзінің одақтасы Византияға көмектесуге дайын тұрған.

Қағандықтың ыдырауы:630 жылдан бастап, қағандықта билік үшін талас басталды. 634 жылы нушебилердің қолдауымен Ешбар Елтеріс билікті өз қолына алады. «Он-оқ бұдун» басқару жүйесін енгізеді. Бұл жүйе елді тіптен әлсіретіп жібереді. Дулулар мен нушебилер арасындағы 640-657 жылдардағы соғыс қағандыққа қатты соққы болады. 659 Қытай мемлекеті Жетісуға басып кіреді. Түркілер өз тәуелсіздігінен айырылады. 704 жылы Үшлік қытайлармен соғыста жеңіске жетіп, Түркеш қағанатын құрады.

 

Билет

Кейінгі палеолит. Ерекшелітері. Ескерткіштері.

Кейінгі палеолит (б.з.б. 40-12 мыңж.)

Табиғаты: Мұз басу аумағы үлкейіп жылу сүйгіш жануарлар жойыла бастады.

Өмір сүрген жануарлар:зубр, бұғы, марал, аю

Алғашқы адам:саналы адам.Мұндай адамның сүйегі алғаш рет Франциядағы Кро-маньон үңгірінен табылған.

Жаңалық:

Ø Бола деп аталатын қару

Ø Алғаш рулық қауым қалыптасты.

Ø Алғаш пышақ ойлап табылды.

Ø Балық аулауға сүмбілер пайдаланылды

Археологиялық ескерткіштер : Оңт. Қазақстандағы Ащысай. Бұл жерден 15 шақты оттың орны табылған. Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағы ж/е Қарабас көңбесі.

2. Шығыс Түрік қағанаты.

Шығыс Түрік қағанаты( 682-744 жж.)

Аумағы: Қазақстанның шығысы, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты.

Алғашқы қаған:  Елтеріс атанған Құтлық

Билеушілер:

Ø Қапаған қаған (693-716ж) Тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды.693

Ø Білге қаған. Қудаланған Тоныкөкті қайтарады. Қапағанның біліктілері жазаланады. 724 жылы Қытайлармен сауда қатынасын ретке келтіріп, 30 жылға жуық бейбіт өмірге қол жеткізеді. Алайда Шығыс Түрік қағанаты конгломерат болғандықтан, жоғарғы билікке жекелеген тайпалар жиі қарсы шығып отырды. Ақыры 745 жылы бас көтерген ұйғырлар қағандықты біржолата құлатады.

Саяси-әлеуметтік құрылым: Билеушісі :қаған. Қаған билігі шексіз мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Одан кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтың қолына берілді. Ақсүйектерге: ябғу, шад, елтебер  сияқты атақтар беріліп отырған. Сот істерін тархандар мен бұрықтар  атқарған. Қарапайым халықты «қара бұдындар» деп атаған. «Тат» сөзі құл деген мағынаны білдіреді.

 

Билет

1.Ертедегі адамдардың антропологиялық сипатының өзгеруі.

Ø Епті адам(Австролопитек) Шығыс Африка Кениядан табылған.Бұдан 1млн 750мыңж өмір сүрді.Ми көлемі-652

Ø Питекантроп(Ява аралынан табылған). Оның бас сүйегідегі қас үсті доғасы алдыға шығыңқы, маңдайы арта жазық тайқы болып келеді. Оның миының салмағы 900г-нан аспайды. Архантроптар осыдан 1 млн мен 500 мыңж. Аралығында өмір сүрген. Бойының ұзындығы 165-170 см.

Ø Синанптроптар – Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. 500-200мыңжыл бұрын пайда болған.Олар питекантроптарға қарағанда қазіргі адамдарға ұқсас. Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктерінің бірі – сөздің пайда болуы. Архантроптардың қалдықтарын Орталық ж/е Солтүстік Африкадан, Оңт. Еуропа мен Алдыңғы Азиядан көптеп тапқан.Ми көлемі-950

Ø Неандерталь адамы (палеонтроптар) – архантроптар мен неантроптар жалғастырушысы болып саналады. Германиядағы Неандерталь үңгірінен табылған.Неандерталь адамының екі бағытта дамығаны анықталған. Олардың бірінің денесі ірі, маңдайы тайқы, шүйдесі қысқа, бұлшық еттері жақсы дамыған, қабағы шығыңқы, тістері ірі әрі жалпақ болған. Миының салмағы 1400-1500 грамм. Олар топ құрып, бірбірімен жеке сөздер арқылы қатынасқан. Екіншілерінің дене бітімі біріншілеріне қарағанда шағын, миының маңдай бөлігі үлкен. Антрополог ғалымдарының пікірі б/ша неандертальдықтар бұдан 300-350 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олардың арасында бірін-бірі жеу орын алған. Неандертальдықтар орта есеппен 30 жасқа дейін өмір сүрген.

Ø Неантроптар(Кро-маньондық адам) – олардың палеотроптардан негізгі айырмашылығы – бас сүйегінің ми сауыты сопақ, маңдайы тік, иегі жақсы жетілген, шығыңқы, қабақ сүйектері орташа жетілген. Олар б.з.б. 300мыңж. – 40 мыңж. Арасында өмірс сүрген.Ми қөлемі-1500   Миының салмағы 1800г-ға дейін жетеді. Олардың 4 тармағы бар: Африкалық, Европалық, Шығыс Азиялық ж/е Алтайлық саналы адам. Соңғысына Қазақстан кіреді.

 

 2.Түргеш қағанаты.(704-756)

Аумағы: Жетісу.

Орталығы: Суяб қаласы.

Түргештер жайлы алғашқы дерекетер «Күлтегін» ескерткішінде ж/е Қытай жазба деректерінде кездеседі.

Қағандық негізгі құрамы сары ж/е қара түргештерден құралды.

Екі Ордасы болған:

Ø Үлкен ордасы Суяб

Ø Кіші ордасы Күңгіт қаласы болды.

Қағанат 20 аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік қаған 706 жылы қаза болды.

Негізін қалаушы және алғашқы қағаны: Үшлік (704-706 жж.).

Билеушілер:

Ø Сақал қаған (706-711 жж.).

Ø Сұлу қаған(715-738жж) Сұлу қаған кезінде Түргеш қағанатының орталығы болған қала: Талас (Тараз). Сұлу қаған Түргеш мемлекетінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрес жүргізді: үш жақта:

ü Батыста – араб шапқыншылығы.

ü Шығыста – Қытай мемлекеті.

ü Солтүстік-шығыста – Шығыс Түрік қағанаты.

Ø Тұқарсан Құтшар. Оның қағандық құрған мезгілі бір-екі жылға созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасында талас-тартыс ушығып кетті. Ішкі талас-тартыстан қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлде әлсірейді.

 Түргеш қағанатының әлсіреу себебі: Қара және сары түргештердің билік үшін таласы.

756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, Қарлұқ тайпасы билікті өз қолына алған

 

Билет

Мезолит. Ескерткіштері. Ерекшеліктері.

Мезолит(б.з.б. 12 – 5 мыңж.)

Ерекшеліктері.

Ø Алғаш жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келді.

Ø Алғаш микролит(ұсақ тас тілікшелер) пайда болды.

Ø Жануарларды қолға үйрете басталды.

Ø Алғашқы қайық түрлері пайда болды.

Палеолиттен мезолитке көшу ауа райындағы өзгерістерге,ең алдымен, мұз дәуірінің аяқталуымен байланысты. Қазіргіге ұқсас флора мен фауна пайда бола бастады. Адам саны көбейіп, мамонттар жойылып бітті. Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуы балық аулаудың дамуына алып келді. Адамдар иілген гарпундар, қармақтарды пайдаланды. Адамдар аң аулауға қолайлы алаптарды іздеп, үнемі көшіп отырды.

Ескерткіштер: Қазіргі таңда мезолит ескерткіштерінің 50 шақты орны, 20 тұрағы табылған.1948 жылы Қазақстан аумағындағы алғашқы тұрақты А.А. Формозов ашты.

Ø Оңт. Қазақстан жерінен(Маятас, Бөген)

Ø Қаратаудан(Соркөл,Шаханта)

Ø Есіл маңынан(Мичурин, Боголюбово)

Ø Атбасар төңірегінен(Тельман)

Ø Сарыарқадан(Қарағанды)

Ø  Маңғыстаудан(ШАқпақата-2)

 

2.Қарлұқ қағанаты. (756-940жж)

Территориясы: Алтайдан Балқаштың шығысына дейін.

Дереккөздер: Қарлұқтар туралы деректер Қытай жазбаларында кездеседі. Қарлұқтар жайлы алғашқы деректерде «Болат» деген атпен белгілі.

Тайпалары: көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар, сондай-ақ түркіленген соғдылар.

Этникалық құрамы: Қарлұқтардың құрамына бұлақ, жікіл, ташлық тайпалары кіреді. Марвази деректері б/ша олардың құрамына 9 тайпа кірген: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін ж/е тухси. Сондай-ақ лазана мен фаракия рулары кіреді.

Қағанаттың орталығы: Суяб

Екінші астанасы: Баласағұн

Ең бай қаласы: Көпестер қаласы (Тараз).

Діни наным-сенімдері: Қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған.

Жалпы қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі 2 ғасырға созылады. Қағанатты ішкі талас-тартыстар әлсіретеді. Қарлұқтардың қиын жағдайын пайдаланып, Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұн қаласын басып алып, Қарлұқ қағанатын құлатады.

Билет


Дата добавления: 2018-09-20; просмотров: 1634; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!