Неолит. Ерекшеліктері. Ескерткіштері.



Жаңа тас ғасыры(б.з.б.5-3 мыңж.)

Неолиттің негізгі жаңалықтары:

Ø «Неолиттік төңкеріліс». Егін шарушылығы мен мал шаруашылығының дамуы.

Ø Қолөнердің дамуы. Керамикалық ыдыстар өндірісі.

Ø Тоқыма өндірісі.

Ескерткіштер:Қазіргі таңда Қазақстан жерінде неолиттік 600-ге жуық ескерткішібелгілі. Мұнда табылған тас құралдар жетілген. Неолиттік тұрақтар биік таулы аймақтармен қоса, далалы, шөлді өлкелерде де кездеседі.

Ең ірі қоныстары:

Ø Шығыс Қазақстанда – Усть-НарымКрасноярка

Ø Орталықта – Қарағанды,Зеленая Балка

Ø Солт. Қазақстанда – Пеньки, Иманбұрлық.

Оңт-те кездеспеуінің себебі – мезолит кезеңінде адамдар аймақтың солтүстік бөлігіне ығысқан болатын. Мәдениет: Ғалымдар Қазақстанның неолиттік мәдениетін 7 аймаққа бөледі.

Ø Солт-батыс аймақтық тобы. Пластикалық тас өндірісінің басым болуы; Геометриялық өрнектеудің басымдылығы.

Ø Арал, Шығыс ж/е Оңт. аймақтық тобы.Тас жаңқаларынан жасалған құралдар басымдығы.

Ø Солт. Қаз. Аймақтық тобы. Керамика дамуы; Орман мен көлдерден аң аулау.

Ø Балқаш солтүстігі, Бетпақдала аймақтық тобы. Су жағалауындағы тұрақтар; Кремнийден жасалған құралдар басымдығы.

Ø Орталық Қазақстанның солтүстігі. Кремнийден жасалған құралдар; Геометриялық өрнектеу; үй жануарлары сүйектері; негізгі шар-ы аңшылық пен терімшілік.

Ø Жезқазған өңірі. Ана дүниенің бар екеніне сенім; обалар мен қорымбар(150 шақты).

Ø Шығыс Қазақстан. Микролитті кеңінен пайдалану; керамикалық бұйымдардың болуы; егіншіліңпен, аңшылықпен, терімшілікпен айналысуы.

 

2.Оғыз мемлекеті.

Оғыз мемлекеті.ІХ-ХІғ. басы.

Территориясы: Сырдарияның орта және төменгі ағысында

Шаруашылығы:

Ø Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы

Ø Егін шаруашылығы

Ø Кәсіпшілік пен қолөнер

Орталығы: Янгикент қаласы

Этникалық құрамы:Қытай деректерінде оғыздарға байандур,имур,кайлар кірген десе, араб деректерінде қимақ тайпаларының кейбір бөліктері кірген делинеді. Махмуд Қашғари дерегі б/ша оғыздар алғаш 24 тайпадан тұрса, Марвази олардың 12 тайпасы туралы ғана жазады.

Саяси-әлеуметтік құрамы:

Ø Жоғарғы билік иесі жабғу. Ол мұрагерлік жолмен қалып отырды.

Ø Мұрагер – инал.

Ø Иналды тәрбиелейтін адамды  атабек деп атаған.

Ø жабғу әйелдеріне қатынатағын берген.

Ø  Әскербасы  сюбашыаталған.

Ø Жабғудың күл-еркіндердеп аталатын кеңесшілері болған.

Мемлкеттің құлдырауы: Оғыздар ішкі талас-тартыстан әлсірейді. Мұны шығыстағы қыпшақтар пайдаланып,11 ғасырда мемлекеттілігін құрып, оғыздарды ығыстырады. 11 ғасыр ортасында Оғыз мемлекеті біржола құлайды.

 

Билет

Энеолит. Ерекшеліктері. Ескерткіштері.

Мыс-тас ғасыры(б.з.б.3000-1800жж)

Ерекшелікттері:

Ø Патриархат қалыптаса бастады.

Ø Жекеменшіктің пайда болуы.

Қоғамдық қарым– қатынасы:рулық құрылыс.

Мәдениеті мен ескерткіштері:

Ø Ботай қонысы.Қоныстан 160-қа жуық жекелеген үйлер табылған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде жасалған. Үй қабырғасы бір метрге жуық кәдімгі жер. Одан жоғары қазылған топырақтан жасалған дуал. Оның төбесіне ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үй төбесіне түтін шығатын тесік қалдырған. Ошақ үйдің дәл ортасында орналасқан. Ботай қонысынан 70 мыңға жуық жылқы сүйегі табылған. Бұл аймақта негізгі шаруашылық жылқы өсіру болғаны анық.

Ø Қазақстандағы эенолит мәдениетінің екінші аймағы – Маңғыстау. Энеолит мәдениеті бұл өңірге екі жақтан келді деген пікір бар: бірі – хвалын тайпасынан; екіншісі – келтеминар мәдениетінің өкілдері делинеді. Маңғыстау түбегінде белгілі энеолит ескерткіштері – Шебер, Жыңғылды, Қошқарата.

2.Қимақ мемлекеті.

Территориясы: Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына

Шаруашылығы: мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады.Негізінен өсірген дәнді дақылдар: Тары, арпа, бидай

Этникалық құрамы:Гардизи деректері бойынша Қимақ елінің құрамында 7 тайпа болған. Олардың ішінде ең атақтысы қимақтар мен қыпшақтар болған.

Астанасы :Имақия қаласы

Екінші астанасы:Карантия қаласы.

Қағанат билеушісі :қаған.

Одан екі саты төмен:ябғу.

Діні:5 ғасырда қимақтарда ислам діні тараған.

Қағанаттың ыдырауына 2 мәселе әсер етті:

Ø Өз ішіндегі қайшылық

Ø Сыртқа қайшылық.

 

Билет

1. Қазақстандағы қола дәуірі.Ерекшеліктері. Ескерткіштері.

 Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар).
Қола-мыс пен қалайының қоспасынан алынады.

Қазақстан қола дәуірін үш кезеңге бөлеміз:

Ø Ерте қола(б.з.б. 18 – 16ғғ. )

Ø Орта қола(б.з.б. 15 – 12ғғ. )

Ø Кейінгі қола(б.з.б. 12 – 8ғғ. )

Мәдениеті:

Ø Андронов мәдениеті(б.з.б. 18 – 10ғғ.) Андронов мәдениетіне тиесілі ескерткіштер алғаш рет Ачинск маңындағы Андроново селосынан табылған. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді:

ü алдыңғысы – Нұра. Нұра кезеңінің ескерткіштерін жерлеу орындары құрайды. Бұл дәуірде жартылай кремация байқалған. Кейде тас сандықтарда жерлеген.

ü кейінгісі – Атасу кезеңі. Атасу кезеңінің де ең көп зерттелген ескерткіштері – жерлеу орындары. Жерлеу орындары Нұранікіндей дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып келеді. Кремация өте сирек кедеседі. Тас сандықтар – циста жоқ.

Ø Беғазы-Дәндібай мәдениеті (б.з.б.10 – 8 ғасырларда

Қола дәуірінің негізгі жетістіктері: теселі егіншіліктің пайда болуы, тас құралдардың толығымен ығыстырылып шығарылуы, патриархаттың үстемдігі.

Қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған ж/е ең көп зерттелгенаймағы: Орталық Қазақстан. 1946 жылы Орталық Қазақстандағы экспедицины ұйымдастырған Ә. Марғұлан болатын.

   

2.Қыпшақ мемлекеті.

Қыпшақ мемлекеті.11 – 13 ғасырлар басы.

11 ғасырда құлаған Қимақ қағанатының орнына Қыпшақ мемлекеті құрылады.

Этникалық құрамы : Тайпалардың ішіндегі ең атақтылары бөрілер болған. Қыпшақ хандары осы тайпадн шығып отырған. Қыпшақ бірлестігіне қимақ,оғыз,құман, ежелгі башқұрт тайпалары да енген.

Жалпы қыпшақ бірлестігі 2 бөліктен тұрады.

ü Батыс бірлестігі 11 тайпадан,

ü Шығыс бірлестігі 16 тайпадан тұрады.  

Хандықтың орталығы :орда.

Екі қанатқа бөлінді:

Ø Оң қанат.Астанасы Сарайшық болды

Ø Сол қанат.Астанасы Сығанақ болды.

Ақсүйек-шонжарларға хандар, тархандар, басқақтар, бектер, байлар, тайпа көсемдері жатты.

11 ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерінде толығымен қыпшақтар үстемдік етті. Алайда Қыпшақ мемлекетіне жерін кеңейту керек болды, әсіресе Қыпшақ мемлекеті оңтүстіктегі қалалрға көз тікті, бірақ оларға оғыздар кедергі келтіріп тұр еді. 11 ғасыр басында оғыздар әлсірейді. Осы жағдайды пайдаланып, қыпшақтар оғыздарды Сыр бойынан қуып шығарады. Ары қарай батыстағы шекарасын кеңейтіп, Донға дейін жетеді. Кейін осы ұлан-ғайыр жер «Дешті қыпшақ» аталып кетеді.

13 ғасырда Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммедпен бірнеше шайқастар болып өтеді. Бұл шайқастардан қыпшақтар жеңіліп, солт-ке шегінеді. Билік үшін бәсеке тек моңғолдар шапқыншылығынан кейін ғана тынады.

Билет

1.Бейғазы-Дәндібай мәдениеті.Әлкей Марғұлан.

Бейғазы-Дәндібай мәдениеті (б.з.б. 12-8 ғасырлар.)

Ерекшелігі: өте жоғары дәрежеде дамыған тас архитектурасы. Бейғазы-Дәндібай мәдениетінде үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл – бұл осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді, бай адамдардың зираттары.

Қыш құмыралары: ернеуі тік, бүйірі шар тәрізді, түбі тегіс.

Шығыс Қазақстан қоныстары: Кіші Краснояарка, Трушниково. Табылған қоладан жасалған заттар: қанжар, шот, қайла, жебелер, найза ұшы, орақ, пышақ.

Солт. ж/е Батыс Қазақстан: 150-ден аса қоныс, 200-ге жуық қорым.

Оңт. Қазақстан мен Жетісу: Аралдың шығыс жағында орналасқан Түгіскен кесенелері қола дәуірінің аса көрнекті ескерткіштері болып саналады. Сыртқы қабырғасы төрт бұрышты, ішкі қабырғасы дөңгелек. Түгіскенде кремация ғұрпы басым болған.Бұлардың ерекшелігі – Беғазы-Дәндібай кесенелері ірі гранит тастан салсынса, Түгіскен кесенелері шикі кірпіштен қаланған.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар облысыБаянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы қаласы) Осы мәдениеттің ескерткіштерін Ақтоғай ауданында алғаш рет Әлкей Марғұлан ашқан болатын.
Ғалымның басшылығымен 1947-1952 жылдар аралығында Беғазы тауларының етегінде қазба жұмыстары жүргізілген. Алайда, содан кейін жарты ғасыр бойы әлемдік маңызға ие мәдени мұра қараусыз қалып қойды.Оңт. ҚАзақстанда Сырдария, Талас ж/е Шу өзендерінің бойынан ежелгі қала мәдениетінің іздерін ашып зерттеді. 1950 жылы монографиясы жарияланда. Бұл кітапта алғаш рет көне Қазақстандағы барлық қола цивилизациясының негізгі орталықтарына түгелдей жан-жақты сипаттама, талдау жасады.


Дата добавления: 2018-09-20; просмотров: 2219; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!