ДИФФЕРЕНЦИАЛЫ ПСИХОЛОГИЯНЫН ДАМУ КЕЗЕНДЕРИ.



БИЛЕТ

1.ДИФ.ПСИХ. МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ

Дифференциалды психология психология ғылымының басқа салаларымен тығыз байланыста. Дифференциалды психология адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттейді.Адамдар арасындағы мінез - құлық, темперамент, қабілет ерекшеліктерін, жыныстық, жастық, нəсілдік, гендерлік айырмашылықтарды,іс-əрекет стилін, жоғары жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты ерекшеліктерді қарастырады. Сонымен қатар, мінез – құлықтағы

акцентуацияның дамуын, дарындылық жəне данышпандылықтың физиологиялық негіздерін қарастырады. Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель əлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың əр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дəлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы. Дифференциалды психология – бұл психология ғылымының үнемі жаңа мəліметтермен толықтырылып отыратын, аса перспективті, қарқынды дамушы бөлігі.Сондықтан, психология ғылымының дифференциалды психология саласының болашағы мол үміт күттіреді. Дифференциалды психология» терминін 1900 жылы неміс психологы В.Штерн енгізді. Сол кезде оның «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі жарық көріп, Штерн әр елдің ғалымдарына психологияның бұл бөлігін бір атаумен атауды ұсынды.Дифференциалды психологияның теоретикалық және практикалық міндеттері:

Дифференциалды психология пәніне байланысты мәселелерді, басқа да ғылымдармен байланысын тереңдете зерттеу;Дифференциалды психофизиологияға байланысты мәселерді қарастыру;Жаңа әлеуметтік – психологиялық құбылыстарда пайда болатын және ерекше көрінетін адамның индивидуалды ерекшеліктерді зерттеу (этникалық, экономикалық, класстық, саяси, идеологиялық және т.б.);дифференциалды психологияның қолданбалы психологиямен байланыстарын қарастыру.Дифференциалды психология эксперименталды психологияның дамуының нәтижесінде пайда болды. Бірақ екеуінің зерттеу жолдары бөлек. Експерименталды психология тітіргендіргіш әсері зерттеленсе, дифференциалды психологияда әсер ететін тітіргендіргішті өзгешелігі бар индивид қалай қабылда екені зерттелінеді. Бұл кезде стимулді өзгертпей, зерттеуші индивидтерді ауыстырып олардың айырмашылықтарын зерттейді. Дифференциалды психология психологияның басқа салаларымен тығыз байланысты. Оның ішінде жалпы, эксперименттік психология, психодиагностика, педагогикалық психология, шығармашылық психологиясы және т.б.

2. АДАМ ИНДИВУАЛДЫЛЫҒЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

Психология ғылымының жеке эксперименталды ғылым бола бастағаннан адамның индивидуалдық қасиеттерін сана элементтерін немесе жүріс-тұрыс мəселелерін зерттеу эмпирикалық зерттеудің пəні болды. ХІХ ғасырдың аяғында адамның индивидуалды қасиеттері ағылшын зерттеушісі Френсис Гальтонның зерттеу обьектісі болды. Ф.Гальтон индивидуалды айырмашылықты зерттеу техникасын ең алдымен статистикалық əдісті енгізді. Гальтонды барлық зерттеулерінде зерттелінушілерінің арасындағы индививдуалды айырмашылық негізгі қызықтырды. Гальтон индивидуалды вариациялар бағынатын заңдылықты математикалық түрде көрсету тəсілін іздестірді. Əдістемелік құрал ретінде статистиканы қолданды. Гальтон индивидтердің əр түрлі қасиеттерінің (физикалық жəне психикалық) арасында корреляция бар деп есептеп, оларды статистикалық анықтау əдісін , яғни факторлық анализ негізін ұсынды. 1900 жылы В.Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» еңбегінде əр түрліадамдардағы қабылдау, ойлау, сөйлеудің айырмашылығын қарастырады. Ол қабілеттерді тестілеу əдісін енгізді. Индивидуалдылық мəселесі Ресейде де қарастырылды. Солардың бірі орыс психологы А.Ф.Лазурскийдің зерттеулері индивидуалды айырмашылықтың теориясының негізін қалай отырып, мінезді, темпераментті адам индивидуалдығының сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А.Ф. Лазурский адам өмірі мен тəжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тəжірибесінде жекелеген психикалық процестер емес, психикалық функциялар жəне тұлға толығымен зерттеледі. В.М. Бехтерев жəне Л.Франкпен қызметтестік əсерінен А.Ф.Лазурский алғаш рет тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялықтың орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы жəне эксперименталды психология» атты дəріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты:

эндопсихика жəне экзопсихика. А.Ф.Лазурскийдің пікірінше, темперамент жəне мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы тұлғаның қоршағант өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаныАдамды жүйелі зерттеу психология ғылымымен шектесіп жатқан жаратылыс тану ғылымдарындағы ғылыми жетістіктермен де тығыз байланысты. Сезім мүшелерінің физиологиясы, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясындағы өңдеулер психологияның объектісі адамның ішкі əлемінің сыртқы орта шындығымен өзара байланысын түсінуге мүмкіндіктер берді.

3. «М.РОКИЧ БОЙЫНША ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ» ӘДІСТЕМЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ.

Құндылық бағдарлар жүйесі жеке тұлғаның мазмұнды жағын анықтайды және оның қоршаған әлеммен, басқа адамдармен, өзімен қатынасының негізін құрайды, дүниетанымының негіздерін және жеке тұлғаның өмірлік белсенділігінің негізін құрайды. Қазіргі кезде құндылықтар тізімін тікелей ранжирлеуге негізделген және кең тараған М.Рокичтің құндылық бағдарлардың өзгеруі әдістемесі болып саналады. М.Рокич құндылықтардың екі класын бөліп көрсетеді:

- терминальды, дара өмір сүрудің соңғы мақсаты ұмтылуға тұрады деген сенім;

- инструменталды, белгілі бір әрекеттің бейнесі немесе жеке тұлғаның қасиеті кез келген ситуацияда қолдауға ие болады. Бұлай бөлу құндылықтар-мақсаттар және құндылықтар-құралдар деп дәстүрлі бөлуге сәйкес келеді.Респондентке қағаз бетінде алфавиттік тәртіпте жазылған құндылықтар тізімінің екеуі беріледі (әрқайсысында 18). Тізімдерде сыналушы әрбір құндылыққа рангілік нөмір береді, ал карточкаларды мәні бойынша орналастырады.

Материалды берудің соңғы формасы ең сенімді нәтижелер береді. Алдымен терминальды, содан кейін инструменталды құндылықтар жиынтығы ұсынылады. 18 құндылық-мақсаттар тізімін оқып болғаннан соң, оқушыларға алдымен олардың өміріндегі ең басты болып саналатын үш құндылықты таңдау ұсынылады, оларға 1,2,3-орындар беру керек, содан кейін қалған құндылық-мақсаттар тізімінен ұмтылуға тұрмайтын екі құндылықты таңдау ұсынылады, оларға ең соңғы екі орынды – 17,18-орынды белгілеу керек. Содан кейін қалған құндылықтардың орнын белгілеу қажет. Зерттеу бланкілерді қолдану арқылы және анонимді түрде жүргізілді.

БИЛЕТ

ДИФФЕРЕНЦИАЛЫ ПСИХОЛОГИЯНЫН ДАМУ КЕЗЕНДЕРИ.

 Психологияның бұл аймағы В.Штерннің айтуынша, психикалық функциялар мен құралдардың айырмашылық ғылымы болып саналады. Дифференциалды психологияның пайда болып, ғылымдар жүйесінен орын алуы 1896 жылы А.Бине мен В.Анридің «Индивидуалды психология» атты баяндамасынан кейін кең өріс алды. Жиі жағдайда Ф.Гальтонды дифференциалды психологияның бастаушысы ретінде алады. Бірақ оның нағыз дифференциалды психологияның атауына , қазіргі заманғы ғылымдар қатарынан орын алуына әсер еткен 1900 жылы жарық көрген В.Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі, уақыт өте келе дифференциалды психологияның ауқымды өңделуіне ықпал етті. . Ол өзіне адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін көптеген психологтердың назарын аудартты. Әрине, бұл жерде тек индивидуалдылықты зерттеу ғана қарастырылған жоқ,сонымен қоса, әр алуан психикалық құралдар мен олардың көрініп, айқындалуының индивидуалды формаларында қарастырды. Сондықтан да, әр түрлі популяцияларда салыстырмалы зерттеулер жүргізілді, мұның негізінде жыныстық, жастық т. б. индивидуалдық және әлеуметтік топтардың айырмашылықтары айқындап, олардың арасындағы корреляциялық байланыстар орнатылды. Дифференциалды психологияның сәттіліктерінсіз нақты жеке тұлғаның сипаттамасын зерттейтін аймақ психодиагностикасы да дамымай, жеке өзіндік пәнге де айналмас еді.Дифференциалды психология психологияның жаңа пәндік аймағы «Индивидуалды психологияны» ашып берді. Л.Сэв дәстүрлі дифференциалды психология пәнін сипаттай отырып, дифференциалды психологияның мазмұны таза прагматикалық және капиталистік қоғамда адам тұрғысын консерватизмнің эпистемологиялық формасы болатындығын көрсетті. Б.М.Тепловтің пікірінше, психологияның кез-келген ортақ заңы өзіне жеке тұлғалық және индивидуалдылық факторын біріктіреді,яғни қабілеттер мәселесін дифференциалды аспектіден бөліп қарастыруға болмайды. Э.А.Голубева көрсеткендей, әлемдік ғылымда дифференциалды психология ерекше орын алады. Себебі ол қабілеттер мен дарындылық индивидуалды айырмашылығын зерттейді . Дифференциалды психология аймағында өлшеу құралдары құрылған тестер-өлшеу қорытындысын анализдеу әдісі. Бұл диагностика мәселесіндегі жекелеген аймақтарды ғана шешеді: дағды, нышан, шеберлікті мінез-құлық деңгейінде шешеді, ал оның күрделі салаларын шешуде дифференциалды психофизиология алға шығады.

2.АДАМНЫҢ БИОXИМИЯЛЫҚ ИНДИВИДУАЛДЫЛЫҒЫ

Дифференциалды психология адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттейді.Адамдар арасындағы мінез - құлық, темперамент, қабілет ерекшеліктерін, жыныстық, жастық, нәсілдік, гендерлік айырмашылықтарды,іс-әрекет стилін, жоғары жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты ерекшеліктерді қарастырады. Сонымен қатар, мінез – құлықтағы акцентуацияның дамуын, дарындылық және данышпандылықтың физиологиялық негіздерін қарастырады. Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы.

 

БИЛЕТ.

1.ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚАРАСТЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ.                                Индивидуалды айырмашылық психологиясы немесе дифференциалды психология – бұл психология ғылымының жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады.Мұнда зерттелетін ерекшеліктер диапазоны өте кең, ал олардың құрылымы әр түрлі: индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерінен бастап, әлеуметтік бағдарлар мен кәсіби қызығушылықтарға дейін қарастырады. Штерннің пікірінше, дифференциалды психология психикалық және физикалық феномендерді (құбылыстарды), әрекеттерді және бейімделушіліктерді зерттейді. Яғни, жасырын және объективті бақылауға болмайтындарды ғана емес, сонымен бірге мінез-құлықта және тілекте, бағдарда, басқаша айтқанда жүзеге асатын немесе жүзеге аспайтын қабілеттерде көрінетін құбылыстарды да зерттеуге тырысады. Феномендер дәстүрлі түсінік бойынша – тікелей тәжірибе объектісі, ал іс-әрекет пен бейімділік- жанамалы тәжірибе объектісі.Қазіргі кезеңде дифференциялды психология индивидтік, индивидуалдылықтың пәндік-мазмұнды және рухани-көзқарастық сапасын,өзіндік сана ерекшеліктерін, тұлғалық стиль сипатын, әр түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруын зерттейді.

2.Жыныстық психологиялық айырмашылықтар.Гендер- жыныстың әлеуметтік және мәдени аспектілері. Қазіргі әлеуметтік және қоғамдық ғылымдарда "жыныс" және "гендер" ұғымдарының ара-жігін ажыратып қарастырады. Дәстүрлі түрде олардың алғашқысы адамдардың биологиялық жынысын анықтау үшін, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін белгілеу үшін қолданылды. XX ғасырдың 60-шы жылдарына дейін адамдардың жыныстық айырмашылықтары олардың психикалық сипатының, темпераментінің, ерекшеліктерінің, ақыр соңында әлеуметтік рөлдері мен экономикалық дәрежесін, тіпті, азаматтық және саяси құқықтарын анықтайтын жіктеме ретінде қарастырылып келді. Әйелдер мен ерлердің психологиялық және әлеуметтік сипатының қалыптасуына биологиялық айырмашылықтардың қатысы шамалы екендігі анықталды. Алғаш рет "гендер" ұғымын ғылыми айналымға 1968 жылы американдық психолог Роберт Столлер енгізді. Өзінің транссексуалдарды зерттеу жеке тәжірибесінің негізінде адамның психологиялық тұрғыдағы жыныстық бірегейлігін өзгертуден, оның жынысын хирургиялық жолмен өзгерту оңайырақ деген қорытындыға келген. Столлер жыныстың әлеуметтік және мәдени белгілерін атау үшін бұған дейін биологиялық жыныспен еш қатысы жоқ, тек грамматикалық мағынада қолданылып келген "gender" ұғымын қолдануды ұсынған. Гендер әйелдер мен ерлердің қоғамдағы, оның институттарындағы орнын анықтайтын әлеуметтік үлгі ретінде қоғаммен құрылады. Гендерлік көзқарас әйелдер мен ерлер арасындағы биологиялық ерекшеліктер емес, осы ерекшеліктерге мәдени және әлеуметтік мән беретін айырмашылықтар идеясына негізделген.

3.Темперамент типтерін анықтау әдістемесі.Мақсаты: Темперамент- жүйке саласының тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке- дара өзгешелігі. Сауалнама арқылы сол темперамент иесінің көрсеткішін анықтау.Айзенктің темпераментті анықтау әдістемесі. 57сұрақтан құралған арнайы бланкі беріледі. Әр сұрақтың тұсына «ИӘ» немесе «ЖОҚ» деп жауап қалдырады. Г.Айзенктің анықтамасына орай, қолдағы алынған нәтижелерге сүйене отырып, әр типтің өзіне тән қасиеттері болатынын айта кеткен жөн. Мысалы: Темпераментті анықтау тестінің кілті. Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі. А – Холерик – ыстыққанды.Б- Сангвинвк, жеңілқанды. В Флегматик - Суыққанды. Г – Меланхолик, ауырқанды.1. Холерик - сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста және сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист (болашаққа сеніммен карайды), белсенді, пысык, байқам, сенгіш, ашуланшақ т.с.с.2. Сангвиник — ашық, көпшіл, сөзшең,  қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес, көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім, т.с.с.3. Флеглштик — сак, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты т.с.с. 4. Меланхолик — беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист, түйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік қасиеті бар, т.с.с.Темперамент типінің салыстырмалы тұрақтылық, қасиеті жөнінде пікір қорытып, мінез және темперамент ара қатынасын ажыратып алған жөн. Қай нұсқаның балы көп болса, сол темперамент иесінің көрсеткіші.

БИЛЕТ

1. ДИФ.ПСИХ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістері бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы косалқы әдіс деп аталынады. Негізгі әдістерінің бірі – байқау әдісі. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-кұлқын, жалпы әрекетін байқауға болад.. Лабораториялық эксперимент әдісің негізін салған неміс ғалымы В. Вундт (XIX ғ.); табиғи экспериментті психологияға тұнғыш енгізген көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский. XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла басталды. Неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832 -1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды. Анкетаарқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Бұл әдістің негізгі кемшілігі - адам шын көңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса оны қағаз жүзінде дұрыс көрсетпеуі де мүмкін. Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі - сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өн-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтардың айналысында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді. Адам іс-әрекетінің нәтижесін талдау әдісі. Бұған жатады: күнделік, өмірбаян (зерттелушінің тұған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу), шығарма, хаттар, мазмұндама.Түрлі жан қуаттарының құрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдіс қолданылады.Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлумат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі.

2. И.П.ПАВЛОВТЫҢ НЕРВ ЖҮЙЕСІ

Павловтың пікірінше, тіпті жоғары сатыдағы жануарлардың (мысалы, ит, маймыл) жоғары дәрежелі жүйке қызметі – адамға да, жануарларға да тән бірінші сигнал жүйесі шартты рефлекстерінің жиынтығы. Бірақ ол адамда оның өсу, даму, еңбекке үйрену, біртіндеп тіл шығып сөйлеуіне байланысты. Сөз тікелей тітіркендіргіштер тәрізді әсер етеді. Павловтың айтуынша, осы «бірінші сигналдардың сигналы» екінші сигналдық жүйе (сөз сөйлеу, ойлау, жазу) түрінде қалыптасты. Екінші сигналдық жүйе біріншінің негізінде пайда болған және онымен қызметі жағынан тығыз байланысты бола отырып, адамның саналы тіршілігінде негізгі шешуші, реттеуші факторға айналады. Ол арқылы түрлі құбылыстар жинақталады, заңдылықтар ашылады, адам табиғатқа үстемдік жүргізе алады. Павлов жоғары дәрежелі жүйке қызметінің мынадай негізгі заңдылықтарын немесе ережелерін дәйектеген: Шартты рефлекстердің түзілуі; Шартты рефлекстердің тітіркендіру күшіне байланыстылығы;Шартты тітіркендіргіштер әсері Ми қабығында шартты рефлекстің бекімегендігінен, шартты тітіркендіргіштің күшеюінен немесе үйреншікті емес тітіркендіргіш әсерінен тежелу пайда болуы;Үлкен ми қыртысында жүйке процестерінің таралуы мен топтануынан оның бөлімдерінде қарым-қатынас пайда болу; Нерв процестерінің өзара индукциясы пайда болуы.Сөйтіп жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмге әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштер түбегейлі талдап, синтездеп организмнің сыртқы ортаға жете бейімделуін қамтамасыз етеді.

3.МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ АКЦЕНТУАЦИЯСЫН АНЫҚТАУӘДІСІ

Мақсаты: Акцентуация көрініс беруінін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.

Бұл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бұл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған.Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолана беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның түсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сәйкес белгі қойып отырады.

Тест нәтижесін талдау.Сұрақтар соңында жақшада берілген номерлер акцентуация типін көрсетеді. Әр номер бойынша жиналған оң жауаптар санын кестеде көрсетілген кэффицетке көбейту арқылы акцентуацияның баллы анықталады. Нәтижесі 12 баллдан артық болса акцентуацияның сол түрі орын алғанын білдіреді.

 

5-БИЛЕТИНДИВИДУАЛДЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН АДАМ ИНДИВИДУАЛДЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЖҮЙЕЛІ МОДЕЛІЖүйелі зерттеу жолының ең маңызды кезеңдерінің бірі австриялық биолог Людвиг фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясы, сонымен бірге әр түрлі кибернетика контексті және ақпараттық теориялар жүйесіндегі зерттеулер (Р.Л.Акорфф, М.К.Мессарович, А.Раппопорт, У.Р.Эшби) болып табылады. Жүйелі жол көмегімен индивидуалдылықты анықтаудағы ғылыми-тәжірибелік міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын басқару. В.С.Мерлин пікірінше, тәжірибелік экспериментте іс-әрекеттің индивидуалды стилін қалыптастыру болып табылады. Бірақ басқада болжамдар болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі, тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б. ( В.С.Мерлин, 1986). Индивидуалдылықты интегралды зерттеу теорияларына дәстүрлі түрде келесі сұрақтарды жатқызады: индивидуалдылық құрылымдық элементтерін, оларды ұйымдастыру принципін,іс-әрекет формалары мен функционалдық рөлін зерттеу; индивидуалдылық құрылымындағы әр деңгейлік қасиеттерін тану критерилерін анықтау; индивидуалдылық құрылымындағы жоғары және төменгі деңгейінің өзара әрекеті; индивидуалдылық толықтығы типологиясын құру. Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы. Дифференциалды психология – бұл психология ғылымының үнемі жаңа мәліметтермен толықтырылып отыратын, аса перспективті, қарқынды дамушы бөлігі.Сондықтан, психология ғылымының дифференциалды психология саласының болашағы мол үміт күттіреді.

ТЕМПЕРАМЕНТ ТИПТЕРІ

Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.

Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.

Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:

Адамның жалпы белсенділігінде;

Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінде;

3. Эмоционалды процестер ерекшелігінде: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б.

Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса - сангвиник типі, сөл басым болса - флегматик типі, сары өт басым болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.

Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;

Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;

Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.

Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші де әлсіз тип.

 

Темперамент типтері – тұлғаның психикалық қасиеттерімен сәйкес келетін заңды құбылыс немесе байланыс.Сангвиник (лат. sanguis – қан) – жоғары психикалық белсенділікпен, қуаттылықпен, жұмысқа қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен, мимиканың молдығымен және әртүрлілігімен, сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады. Сангвинник әсерлердің жылдам алмасуына талпынатын, қоршаған оқиғаларға тез араласатын, қарым-қатынасқа жылдам түсетін адам. Эмоциялары – оң болып келеді – тез пайда болып, тез ауысады. Салыстырмалы түрде сәтсіздіктерді жеңіл және тез бастан кешіреді. Жағымсыздық пен тәрбиелік әсерлердің теріс жағдайларында сангвиниктердің қозғалымпаздығы шоғырланудың төмендеуіне, іс-әрекеттегі асығыстыққа, үстірттікке әкеледі [1, 353 б.].

Холерик (грек. chole - өт) – жоғары деңгейдегі психикалық белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен, қозғалыстағы күштілікпен, жылдамдықпен, талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Холериктің көңіл-күйі жылдам алмасады, шыдамсыз, қызба, эмоционалды өзін басқаруы төмен, кей кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі кемшіліктер холериктің өмірлік күрделі жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына әкеледі [1, 439 б.].

Флегматик (грек. phlegma – сөл) – психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі өте күрделі. Флегматиктің көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының жұтаңдығына, бір тектес әдетті әрекеттерді орындауға бейімділігін тудырады [1, 428 б.].

Меланхолик (грек. melanos – қара, cole - өт) – психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды жараланғыштықтың, тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына әкеледі

3)ТАҚЫРЫПТЫҚ АППЕРЦЕПЦИЯЛЫҚ ТЕСТ ЖҮРГІЗУ, ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

ТАТ жобалық әдістемелер тобына жатады. Олар әлеуметтік ортада және қарым-қатынастарда көрінетін тұлғаның ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Бұлар :

а) тұлғаның позициясының ерекшеліктері

б) интерперсональдық байланыстардың ерекшеліктері

в) басым тенденциялары ;

г) іс-әрекет әдістері

д) тұлғаның динамикалық жағы

Толық тест зерттелетін адамға ұсынылатын ситуациялық суреттердің бірнешеуінен тұрады (6 – 30- ға дейін). Тест үшін арнайы , салынған ситуациялар 2 негізді талаптарға сай келетін , суреттер алынған.Егер заттар мен адамдар анық салынбаған болса, бұл ситуациялардың композициялары да дәл сол уақытты объективті анық емес болады. Бұл суреттерді өзінше қабылдағанды талап етеді. Зерттелетін адам әр қабылдауға өзінің білімін, жеке тәжірибесін, өзінің іс-әрекет әдістерін, өзінің бағаларын қолданады.

Әр суретті еркін әңгіме ретінде көрсету керек :

а) дәл осы кезде, оның ойынша, суреттегі нәрсені сипаттау .

б) осы жағдайдың тууына не себеп болды.

в) әрі қарай не болатынын болжап көру.

г) суретте салынған адам бейнелерінің сезімдері туралы абыл беру.

д) адамдардың ойын таба білу.

Омбреданоның пікірінше барлық жобалық тесттер сияқты ТАТ тұлғаның ерекшеліктерін оның жауаптарында кескіндейді. Бірақ, басқа тесттерге қарағанда , ТАТ бұл әртүрлі өмірлік ситуациялардағы тұлға іс-әрекетінің ерекшеліктерінің толық суретін көрсетеді. ТАТ вариантында 28 суреттер бар.

Басқа тесттерге қарағанда ТАТ нақты стимулды негізге алып, іс-әрекет бағытты таңдаудың шексіз еркіндік береді. Мысалы, Г.Роршахтың тестінен айырмашылығын ТАТ схемасын төмендегідей көрсетуге болады «нақты стимул - еркін жауап». ТАТ жауаптары өте еркін және ешқандай шектері қойылмаған. Роршах тестінде тәжірибе әрқашан бейне шектеулері анықталған, ал ТАТ-та бейне бірнеше ассоциацияларды шығарады. Бұндай ассоциациялар жай өмірде тұлға қасиеттері туралы айтатын іс-әрекетте тәртіп жүйесінің ерекшеліктерін анықтайды. Суреттердің интерпретациясы нәтижесінде алынған материал әртүрлі принциптармен өңделу мүмкін және әртүрлі эксперименттальдық есептердің қойылуын көздейді. Мысалы, Томкинс әр ұпайда есептелінетін көрсеткіштердің әртүрлі қатынастары бар және әр қатынасқа бағасы бар жүйені құрастырған. Бұл жүйенің кемшілігі бағаның критерийінің тым еркіндігінде. Мысалы 300 сөзден құралатын әңгіме норма деп саналып, одан ауытқу дұрыс емес деп саналса, онда шешендік пен ойдың нақтылы сияқты тұлғаның құнды қасиеттері байқалмай қалуы мүмкін. Мэррей басқа бір принципті «берілгенді табу» деп негіздеген. Мысалы эксперименттік материалда жұп болатын қасиеттерді іздеу керек: агрессия мен қорғау, маниактың қасиеттерімен немесе депрессия, оптимизм немесе пессимизм және т.б.Тест сананың әртүрлі салалары мен деңгейлерін анықтау сияқты тапсырмаларды орындау мүмкін: саналы-санасыз, ашық-жасырын, шығарушы-орын басушы. Мысалы, нақтырақ тапсырмаларда беріледі: субъект іс-әрекеттілігінің дәрежесін анықтау: «бала ойлайды», «бала армандайды», «баланың орындағысы келеді», «бала бір нәрсе істеп жатыр» деген ойлаулар алдын ала іс-әрекеттіліктің әртүрлі стадиялары немесе дәрежелі есебінде бағалануы керек.

 « Кетіп қалу » категориясы.

Зерттелетін адамның керекті жауаптардан кетіп қалуға бағытталған іс-әрекет – « кетіп қалу » деп аталады.

Бұл кезде зерттелетін адам шын жауаптарды басқа жауаптармен ауыстырады. «Кетіп қалулар» саналы және санасыз болады.

«Кету» 4 түрге бөлінеді.

1.Сипаттау түрі. Әңгіменің 5 бөлігінің ішінен (суретте бейнеленген момент, бастамасы, бітуі, ойлары, эмоциялары) сынаушының бір сәтте қолдана алуы. Бұл сипаттама тым ұзақ немесе өте тым қысқа болуы мүмкін. Мысалыға: «бұл жерде бала отыр. Мынау скрипка. Бала скрипкаға қарап отыр. Мен басқа ешнәрсе білмеймін.»

2.Сюжетті құрудың формальдық түрі.(нақты мазмұны жоқ)Бұндай жағдайда зерттелетін сюжетті тек каркасдан ғана жасайды. Оның көрініп тұрған бейнесін пікірсіз, мінездемесіз толықтыруы. Мысалыға «бұл суретте баланың скрипкаға қарап отырғанын бейнелеген. Ол скрипкада ойнайды. Бұл сәтке не әкелді? Оның ойнай алуы. Егер ол оқуын жалғастырса, әрі қарай бұданда жақсы ойнай алады. Ол скрипкада ойнап отырғанын ойлап және жақсы ойнау үшін көп оқу керек екенін сезіп отыр».

3.Ауыстыру түрі.Өзінің жаратқан, сыналатын сюжетінің орнына, схемалық дайын материалға ұқсас нәрсе іздейді-әдеби шығарма, кинофильмнің сценарийі, тарихи эпизод, радио немесе телепередача және т.б. Мысалы бұл сурет «Бетховиннің концерті» кинофильмнің кадрына ұқсайды. Ол фильмнің кейіпкері де – музыкант бала. Оған байқауға қатысып бірінші орын алып келсең, Мәскеуге барасын деген кезде, ол...Одан кейін фильмнің шығармашылық мазмұнын айтып береді.

4.Кеңдік түрі. Бұндай жағдайда сынаушы сюжетті құрған кезде, әр бұрылыста барынша әртүрлі, түрлерді беруге тырысады. Мысалы, «бұл бала 12 немесе 13-те. Мүмкін одан да үлкен шығар...Мүмкін ол өзінің жасынан ересектеу көрінеді. Мүмкін ол 7-8 жаста шығар. Оның алдында скрипка жатыр. Оған біреу сыйлаған. Немесе оның скрипкасы емес. Мүмкін әкесінікі немесе ағасынікі шығар. Мүкін мүлдем үйінде емес шығар. Ол басқа біреудің скрипкасы. Ол скрипкада ойнайын деп жатыр. Мүмкін оның ойнағысы келмей жатқан шығар. Музыкалық мектепте емтихан тапсыру алдында толғануы мүмкін. Бәлкім скрипканы сындырып алып, қорқып отырған шығар» т.с.с.

 

№6 БИЛЕТ

1.ОРТА ЖӘНЕ ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

1. Тұқым қуалаушылық — ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі организмдерге тән қасиет. Организмдердегі тұқымқуалаушылық факторларының болатынын алғаш болжам жасап, тұқым қуалау заңдылықтарын ашқан Г.Мендель болды. Ол ата-аналық дарабастарды бір-бірінен бір не бірнеше белгілері бойынша ажыратылады, ал ол факторлар ата-аналарынан ұрпақтарына жыныс жасушалары арқылы беріледі деген қорытынды жасады (Мендель заңдары). 1909 жылы дат биологы В.Иогансен (1857 – 1927) бұл тұқым қуалау факторларын ген деп атады. 1911 жылы америкалық биолог Т.Морган (1866 – 1945) және оның әріптестері ұсынған “Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы” бойынша да тұқымқуалаушылықтың бірлігі – ген деп көрсетілген.Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортаның өзара байланысты екенділігі бір жұмыртқадан шыққан егіздерде айқын көрінеді. Көптеген дәйектемелер бойынша, бір жұмыртқалы егіздердің әртүрлі жанұяларда және әртүрлі орта жағдайларында өмір сүріп, тәрбиеленуінің нәтижесінде, олардың фенотиптік ұқсастығы сақталып, тұлға ретінде бір-бірінен ерекшеленіп кеткен; бір жұмыртқалы егіздерге қатысты берілген бұл мысал, тұқымқуалайтын көрсеткіштер тек белгілі бір орта жағдайларында ғана көрініп, байқалатындығына дәлел бола алады. Атап айтқанда, адамның ой қабілеті генетикалық себепке байланысты болғанымен, оның даму деңгейіне қоршаған орта да әсерін тигізеді.


Дата добавления: 2018-08-06; просмотров: 2514; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!