Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис) 15 страница



Біріншілік көмек науқасқа электр тогының әсерін тоқтатуға бағытталады. Өздігінен тыныс алу мен жүрек жиырылуы болмаса, жүрек-өкпе реанимациясьш, жүрекке жабық массаж, қолдан тыныс алдыру (ауыздан ауызға немесе ауыздан мүрынға) керек.

Науқасты стационарға жатқызылған күйінде жеткізіп, электр-жарақаттың дәрежесіне қарамай, реанимациялық бөлімге жіберу қажет.

Химиялық күйіктер

Химиялық күйіктер тұрмыста немесе өндірісте теріге қышқылдардың (азот, күкірт, түз, фторсутегілік), сілтілер (натрий, калий, өшпеген известь), ауыр металл түздарының (көмір нитраты, цинк хлориді) түсуінен пайда болады. Күйіктің тереңдігі химиялық заттардың концентрациясына, температурасына, терімен жанасу ұзақтығына байланысты. Химиялық күйіктер химиялық агенттің сипатына байланысты термиялық күйіктен ерекшеленеді. Қышқылдар ұйытады, ал сілтілер — сұйылтады. Қышқылдар мен сілтілер сау тіндердің трофикасы мен микроциркуляциясын бұзады. Сондықтан химиялық күйіктер кезінде жарақаттардың жазылуы баяу жүреді. Қышқылдармен, сілтілермен, ауыр металдармен күйгенде тіндер коагуляциялық (қүрғақ) тип бойынша некрозданады. Олар белоктардың ыдырап, тіндердің құрғап, коагуляцияланған аймақтардың түзілуіне әкеледі. Күкірт қышқылымен күйгенде зақымданған тері сұрланып немесе қарайып кетеді, тұздармен күйсе — сары, фтор сутегімен күйсе — лас-сары немесе ақ болады. Сілтілермен күйгенде колликвациялық (ылғалды) некроз дамиды. Сілтілер белоктарды, сілтілі протеин түзіп, майларды ерітеді. Теріге түскенде бірінші эпидермисті бүзады. Ол жерде ашық-қызыл эрозия пайда болады. Некрозға үшыраған тіндер, бірнеше күндер бойы сілтіні сақтайды да жақсы сіңетін улы альбулинаттар түзеді. Сілтілер баяу, ұзақ әсер етіп тіндерге терең сіңеді. Сондықтан басқаларға қарағанда сілтімен күю тереңдігі кеш анықталады.

Көмек көрсеткенде мүмкіндігінше теріні химиялық заттан тез тазарту керек. Концентрациясын азайтып, тіннің зақымданған аймағын суытады. Бәрінен де жеңіл, қарапайым түрі зақымданған аймақты ағынды сумен 20—30 минут бойы жуу. Өшпеген известь, күкірт қышқылы суға тигенде жылу бөліп химиялық реакцияға түседі. Сондықтан қосымша тіндердің химиялық зақым-дануына әкелуі мүмкін. Диэтиламин гидриді мен және триэтиламинмен күйген кезде сумен шаюға болмайды, себебі олар қосылғанда жалын береді.

Біріншілік көмек көрсеткен кезде күйіктің бетін бейтараптайтын ерітінділермен жуып шаяды (гидрокарбонат натрийдің әлсіз ерітіндісі, 0,01% тұз қышқыл ерітіндісі, 1—2% сірке қышқылы ерітіндісі).

Химиялық заттар неғүрлым ерте алынса, тіндер соғұрлым аз зақымданады. Бүдан басқа көмек көрсететін және зақымданған адамдардың өзі химиялық заттардың табиғатын біле бермейді, сондықтан бейтараптайтын ерітінділерді емдеу мекемелерінен тыс қолдануды білмейді. Стационарда химиялық агенттің табиғатын анықтап, оны бейтараптау қажет. Бул тері қалыңдығына және теріасты май клетчаткасына қышқылдар мен сілтілердің енуіне байланысты. Қышқылды бейтараптау үшін 2—5% натрий гидрокарбонатының ерітіндісі, сілтілерді бейтараптау үшін қышқылдар ерітіндісі (1 — 2% сірке, лимон қышқылдары және т. б.) қолданылады.

Егер зақымданған адам кеш жеткізілсе, күйіктің бетіне (паста) қойырытпақ жағып қояды. Улану белгілері білінсе дезинтоксикациялау емі жүргізіледі. Тиісті антидоттарды белгілейді.

Химиялық күйіктерді жергілікті емдеудің термиялық күйікті емдеуден айырмашылығы жоқ.

ҮСІК

Үсік төменгі температураның әсерінен дамиды. Бетте, әсіресе мұрын, құлақ, бет сүйегі аймағының тіндері үсікке жиі шалдығады. Төменгі температураның әсерінен тері аз зақымданса да шеміршек зиян шегеді. Перихондриттер дамуы мүмкін, олар ұзаққа созылып, құлақ қалқаны мен мұрын ақауланады. Бет қаңқасының сүйек-тері үсікке өте сирек шалдығады. Ерін мен тілдің (балаларда) металды заттарға жанасуынан үсуі кездеседі. Төменгі температура әсерінен зақым тіндерге тереңдеп таралады. Бет тіндерінің үсуі госпитализациялау көрсеткіші болып табылады.

Үсік кезіндегі патологиялық өзгерістердің дамуының екі кезеңін ажыратады: а) тіндік гипотермия; б) тіндердің жылынуынан кейін басталатын реактивті кезеңі. Дәл осы екінші кезең бүзылуларының клиникалық көріністерін анықтайды. Бул алдында спазммен, кейін қан тамырлардың тромбозымен көрінеді.

Алғашқы кезеңде науқастар шаншып, ысыған, бет аймағында ауыру сезімін байқайды. Кейін мүлде жансызданғанын сезеді. Науқастар үсікке шалдыққанын байқамай қалады. Бүл кезеңде терінің бозарғаны, зақымданған аймақта температураның төмендегені, ауыру сезімінің жоғалғаны анықталады. Үсікке шалдыққан тіндерді жылытқан соң анық ауыру сезімі пайда болады.

Зақымдану тереңдігіне байланысты үсіктің 4 дәрежесін анықтайды:

I — Тіндер өлмейді. Науқастар қышынып, анық ауыратынына, ысыған, жансызданған сезімге шағымданады (парестезия). Тері қызарған, көкшілденген таңбалар бар. Тіндердің айқын ісінгені көрінеді. Ауыру сезімі төмендеген. Аталған өзгерістер 3—7 күннен кейін басылып, эпидермистің түлеуі байқалады.

II — Эпидермис өледі, шағымдар I дәрежедегідей, бірақ ауру сезімі күшейеді, әсіресе түнде 2—3 күндей ауыру сезімі сақталады. Өлген эпидермис сыдырылып бір немесе бірнеше күлдіреуіктер түзіледі. Олар сары немесе геморрагиялық сүйықтықпен толған. Егер күлдіреуіктің қабығын сыдырса ауыратын ашық-қызыл дерма көрінеді. II дәрежелі үсікте жаралар 10— 15 күннен кейін эпителиймен жабылып жазылады.

III — Терінің барлық қабаты және жүмсақ тіндері өледі. Науқастар қатты және ұзақ ауыру сезіміне, парестезияға шағымданады. Іштері геморрагиялық сұйықтықпен толған күлдіреуік астындағы дерма қоңыр түсті болып келеді. Күлдіреуіктің орнына 6—7 күннен кейін қара түсті өлеттенген қабық пайда болады. Қабық 3-*4 аптаның соңына таман сыпырылып түсіп, гранулденеді. Жиектік эпителизацияның біртіндеп жүруімен тыртық түзіліп барып жазылады.

IV — Жүмсақ тіндер өліп, сүйек жалаңаштанады. Кейде зақымданады. Шағымы III дәрежедегідей. Ісіну өлген тіндерден асып, таралып айқын көрінеді. Қабық түзіліп, біртіндеп түседі. Улану белгілері байқалып, науқастың жалпы жағдайы ауырлайды. Үсіктің III және IV дәрежелерінде 5—7 күннен кейін өлетті шекрасы көріне бастағаны анықталады.

Үсіктің IV дәрежесінде бет, мүрын, құлақ, ұрт, бет доғасының жұмсақ тіндері жойылуы мүмкін.

Бетке пластикалық (қалпына келтіру) операциялар жасалған адамдар, әсіресе Филатов сабақшасын қолданғанда, суықтан сақтануы қажет. Филатов сабақшасы тіндердің суыққа сезімталдығы әрқашанда жоғары болады. Олар ауа температурасы — 5 С° 2—3 сағат аралығында үсікке шалдығуы мүмкін.

Дұрыс және уақытында көрсетілген көмек үсік кезіндегі өзгерістердің жайылуын тежеуі мүмкін. Бұл тіндерге қан келуді қалпына келтіру жылдамдығьша байланысты. Терінің зақымданған аймағы қызарып, жылынғанша қолмен жеңіл, жылы массаж жасау тиімді. Кейін теріні спиртпен немесе йодтың әлсіз тұнбасымен сүртіп, вазелин немесе басқа жылытатын таңғыш салған жөн. Үсіген жерді қармен уқалауға болмайды, себебі одан әрі салқындап, зақымдану ағымын үлғайтады. Бұдан басқа қардың кристалдары теріні жырып тіндердің инфекциямен зақымдануына жағдай жасайды. I дәрежеде біріншілік көмек көрсетілгеннен кейін арнайы емді қажет етпейді.

II дәрежелі үсікте көпіршіктердің бүтіндігін сақтауға тырысу қажет, өйткені оның астында жарақаттың эпителизациясы жүреді. Егер көпіршік ішіндегі сүйықтық іріңдесе, көпіршік алынады. Бет тіндерін құрамында антибиотик немесе антисептик бар май, эмульсиямен жабады.

III дәрежелі күйіктерде жарақаттың бетіне 5% йод түнбасын жағады және қабықты алады. Жараның іріңдеуін болдырмау үшін жиі антисептик ерітінділерімен жуады. Қабық алынып, гранулденген соң ылғалды-қүрғататын таңғыш салады, яғни жабық әдіспен жазылғанға дейін. Таңғышты сулау үшін антисептик ерітінділері қолданылады. Осы кезге дейін үсікті емдеу ашық әдіспен жүргізіледі. Үсік салдарынан ақауланған бет тіндері мен мүшелерді реконструктивті операциялар көмегімен қалпына келтіру қажет. Үсікке шалдыққан науқастарға сіреспеге қарсы сарысу енгізген жөн. Үсікке шалдыққан тіндердің төменгі температура әсеріне сезімталдығы жоғары келеді. Суық аз әсер еткен күнде де қайтадан үсуі мүмкін.

Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары

Екі немесе одан көп зақымдаушы факторлар әсерінен болатын жарақат — аралас жарақаттар деп аталады. Аралас радиациялық жарақаттар бет-жақ аймағының оқпен немесе оқсыз жарақаттануы. Сәуле ауруын тудыратын радиоактивті заттармен зақымданғанда көрінеді. Сәуле ауруы 8, а — бөлшектерімен және ренттен сәулесімен сәулену салдарынан дамуы мүмкін немесе а және /3 — бөлшектерінің организмге жарақат, тыныс алу, ас қорыту жолдары арқылы енген кезде дамиды /3 , а — бөлшектері және жүмсақ рентген сәулелері радиоактивті күйіктер шақырады.

Жедел ағымды сәуле ауруы патогенезінде бөлінген клеткалар мен лимфйциттердің өлуі маңызды рөл атқарады. Сәуле ауруының пайда болуы ионданушы радиацияның сіңген мөлшеріне байланысты. Бүл ауру кезінде организмнің иммунобиологиялық қасиеті жойылады, ол тіндердің репаративті мүмкіндігін төмендетеді: сынықтар баяу бітіседі, жумсақ тіндер жарақатының жазылуы баяу және үзақ өтеді. Сәуле ауруы жарақаттың жазылуын асқындырады, ал механикалық жарақат ауруы ағымын ауырлатады.

Радиацияның сіңген мөлшеріне байланысты, сәуле ауруының бірнеше дәрежесін ажыратады.

Адамда сәуле ауруының жеңіл дәрежесі радиацияның сіңген 1—2 Гр, мөлшерінде дамиды, орта ағымы — 2—4 Гр, ауыр 4—6Гр, өте ауыр 6 Гр жоғары. Егер 10 Гр мөлшерінен жоғары болса өлімге әкеледі. Сәуле аурының ағымы — қосалқы аурулардың санына байланысты. Сәуле ауруын 4 кезеңге бөледі:

I — біріншілік реакциялар. Сәулемен зақымданғаннан 24 сағаттан соң дамып бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін (көбіне 2 күнге). Науқас әлсіздікке, бастың айналып ауыратынына, ауыздың қүрғақтығына, дәмді сезбеуіне, шөлдейтініне шағымданады. Тері қабатының гиперемиясы, дене қызуының артуы, ентігу, тахикардия, артериялық қысымның түсіп кетуі анықталады. Кейде қозу, ұйқышылдық, әлсіздік болады. Менингиалды белгілер көрінуі мүмкін: бүлшықет тонусы артуы, іштің түйіліп ауыруы, кебуі, динамикалық іштің жүрмей қалу белгілері көрінеді. Қанда уақытша лейкоцитоз, анықталады, ЭТЖ артқан. Сәуле ауруының жеңіл дәрежесінде клиникалық біріншілік реак-циялар көрінбейді. Жоғары сіңірілген мөлшерде науқастар кома жағдайында болады. Бул кезеңде жарақатқа біріншілік хирургиялық емдеу жүргізуге болмайды. Ол жарақатқа қосымша зиян әкеледі. Хирургиялық көмек өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана қолданылады.

II — жасырын (латентті) ұзақтығы 12—14 күндей. Бұл уақытша клиникалық жеңілдікпен сипатталады. Жоғарыда аталған белгілер жоғалып, қан көрсеткіштері қалыпқа келеді. Бет тіндерінің аралас радиациялық жарақаттануы кезінде 1 -ші хирургиялық өңдеуді мерзімнен кейін жүргізеді. Ол бір мезгілдік, радикалды және ақырғы ем болуы тиіс, міндетті түрде тұйық тігістер салумен аяқталады. Осы талаптарды мүлтіксіз орындағанда ғана сәуле ауруының шыңына дейін жарақаттың жазылуына жағдай жасалады. Тіндердің механикалық жарақаттануында новокаинмен блокада жасалу көрсетілген. Антибиотиктерді міндетті түрде қолданады. Кеш біріншілік хирургиялық өңдеу (48 сағаттан соң) жарақаттың іріңдеуін жоймаса де инфекциялық асқынудың ауырлығы мен ағымын азайтуға жағдай жасайды. Біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізгенде тіндерді аз, үнемдеп кесу керек. Мүқият түрде бөгде денелерді алып тастайды, әйтпесе олар ойық жаралар тудыруы мүмкін. Зақымданған тамырларды тігеді. Сәуле ауруы шыңына жеткенде аққан қанды тоқтату өте қиын, кейде геморрагиялық синдромдар көрінуі мүмкін. Сынық түсындағы тістер міндетті түрде жұлынады, ал сынықтардың өткір шетін тегістейді.

Сүйек жарақатын өңдеген кезде барлық сүйек жарқыншақтары мен сынық түсындағы тістер жұлынады. Сүйек сынықтары хирургиялық остеосинтез әдістерімен орнына келтіріліп бекітіледі, яғни сынық мықтап тігіледі (сүйек тігісі сыммен, бізбен т. б.). Сүйектік қысқышты бар аппараттар сынықтарға жоғары аталған иммобилизациялау әдістерін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда пайдаланылады. Тістік шиналарды қолдануға болмайды, себебі олар қызыл иектің шырышты қабығын жарақаттайды. Жақ сынықтарын мықтап бекіткеннен кейін, сүйек жарақатын ауыз қуысынан мұқият оқшаулайды да кілегей қабықты тігеді. Кейін жақ маңындағы жүмсақ тіндер мықтап сыртынан тігіледі. Ақауды жабу үшін жергілікті тіндермен пластика әдісін қолдануға болады.

Жарақатты дренаждап (24—48 сағат ішінде) міндетті турде антибиотиктер жібереді.

Егер жарақатты бір себептермен мықтап тігу мүмкіндігі болмаса ол екіншілік бітісумен баяу жазылады, аздаған асқынулар болуы мүмкін.

Жасырын кезеңнің үзақтығы сәулелену дозасына кері пропорционалды деп есептейді. Радиацияның сіңген дозасының аз мөлшерінде жасырын кезеңі болмауы мүмкін, сондықтан I кезеңнен кейін белгілері бірден анықталуы мүмкін.

III — клиникалық көріністері айқын көрінетін немесе сәуле ауруының асқынған кезі. Ұзақтығы 1 ай шамасында, бірақ одан да көп болуы мүмкін. Егер өлім қауіпі болмаса, III кезең IV кезеңге ауысып, тұрақты гипотония анықталады. Геморрагиялық синдром айқын көрінеді, сүйек миының қызметі өзгереді, агранулоцитоз, неврологиялық бұзылулар, терінің қоректену өзгерістері, құсу, іші өту белгілері байқалады. Асқазан-ішек жолының шырышты қабығында жаралар мен эрозиялар түзіледі. Эндокринді бездердің қызметі әлсірейді, организмнің қарсы тұру қабілеті күрт төмендеп кетеді, Ауыз қуысының шырыіш ығында ісіну мен гиперемия болады және бадамша бездер ме жүтқыншақта, ерін мен тілде ауыратын жарықтар пайда болады. Олардан қан ағуы мүмкін, кейін қою кілегеймен жабылған нашар иісті афталар мен жаралар пайда болады. Жаралар тіндердің барлық қалыңдығына жайылуы, сүйек тіндері жалаңаштануы мүмкін. Ауыздың шырышты қабығы сәл жарақаттанса жаралы өлеттенген стоматит дамиды. Сондықтан кез келген тістік құрсаулар мен аппараттар, алмалы протездер, сапасыз дайындалған жасанды сауыттар мен дұрыс қойылмаған пломбалар, ауыздағы өлеттенген жаралардың дамуына себеп болады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін ауыз қуысын санациялаған жөн. Тіс протездерін мүқият коррекциялау қажет. Металл пломба мен алмалы протезді алып тастайды.


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 214; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!