Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис) 18 страница



2. Гемоновокаин блокадасын Жасау. Ол үшін гепаринделген 20 мл шприцпен тамырынан 10 мл қан алып оған 0,5% новокаин ерітіндісін қосады. Осыдан кейін өткізгіштік жансыздандыру тәсілін қолданып ауырған сүйектен шығатын жеріне инъекция арқылы жеткізеді. Жетісіне 2 рет, курсына 5— 10 инъекция. Бұл әдіс өте жақсы нәтиже береді.

3. Алкоголизация. 2% новокаин ерітіндісін 80% спирт ерітіндісіне қосып ауырған нервті шығатын жерде химиялық әдіспен күйдіру. Ескерте кететін жағдай, бұл әдісте нервтің химиялық күйдірген жерінде біртіндеп фиброз тінімен қатар, нерв тіні пайда болады, сондықтан келесі жіберілген дәрілер нерв өткізгіштігіне әсер етпей ауыру қайталанады.

4. Гидротермиялық деструкция. Бұл әдісті біздің елде бірінші болып Изаков қолданды. Екі рет дистилляция жасалған ыстықтығы 95—100° суды үшкүл нервтің жалпы ядросы жатқан Меккель қойнауына, рентген сәулесі арқылы қадағалап, инъекция арқылы жібереді.

5. Қазіргі кезде нерв шығатын сүйек тесіктерін кеңейту операциясы кеңінен қолданылып келеді. Ал нерв бағанын кесу операциясын өте қажет болғанда ғана нейрохирургтер жасайды.

Негізгі себебі шеткі нерв жүйесінде орналасқан үшкүл нерв невралгиясы. Бүл невралгия патологиялық процестердің үшкүл нервтің әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда болады. Оның орталық нерв жүйесінде орналасқан үшкүл нерв невралгиясынан келесі клиникалық айырмашылықтары бар.

1. Әдетте ауыру сезімі патология орналасқан аймақтан баста-лады (ісік, қабынған жерде, жарақат т. б.).

2. Үшкүл нерв тармақтарының бойымен таралатын ауыру сезімі ұстамадан бұрын науқасты көп уақыт өте қажытады.

3. Ауру ұстамасы күшейіп көпке (сағат, тәулік) созылып бірте-бірте баяулайды.

4. Новокаин және спирт-новокаин блокадалары аз уақытқа ұстаманы тоқтады, кейін қайта басталады.

5. Аналгетиктер жақсы терапевтік әсерін тигізеді. Ал фенлипсин, тегретол қабылдағанда, олардың нәтижесі аз, кейбір науқастарға ешбір әсер етпейді.

6. Жұмсақ тіндер қозғалмайды және алгогендік (шүріппе) нүктелер жоқ.

7. Тригиминалды синдромның себебін жойғанымен ұстамалы ауыру сезімі тоқталмайды. Бұл жағдайдың мәнісін В. Н. Крижановский (1976) эксперимент арқылы шешті. „Қандай бір невралгияның түрі болмасын оның соңғы кезеңінде себебі орталық нерв жүйесіне ауысады" деп жазды. Бұл өте қажет тұжырым, өйткені стоматолог өзінің күнделікті жұмысында түсініксіз жағдайға кезігеді. Дерттің себебін, мысалы ауру тісті жұлғанмен, науқас ауыру сезімімен дәрігерге қайта келеді.

Негізгі себебі шеткі нерв жүйесінде орналасқан үшкүл нерв невралгиясының келесі негізгі түрлері: одонтогенді үшкүл нерв невралгиясы, тіс плексалгиясы, герпестен кейінгі үшкүл нерв невралгиясы, Гассер түйінінің бұзылуынан болған невралгия, үшкүл нервтің басты тармақтарының невралгиясы.

Одонтогенді үшкүл нерв невралгиясы. Бұл көбінесе 60—70 жастар аралығындағы әйелдерде кездеседі. Невралгияның басты себептері: тістің қиын жұлынуы (көбінесе „ақыл" тіс); тіс ұясында түбір немесе сүйек жарқыншағының қалуы; пульпит, периодонтит; ауыз қуысында гальванизм құбылысы, ауыз қуысының кілегей қабығын зақымдайтын немесе тістесуді бұзатын нашар салған пломбалар мен протездер; парадонтит, гингивит.

Одонтогендік невралгияның негізгі клиникалық белгісі тұрақты ауыру сезімі. Науқас ауыру сезімінің мына түрлеріне шағым жасаулары мүмкін: сыздау, сырқырау, шаншу, қышу. Ауру адамды қатты қинайды. 20 минуттан бірнеше сағатқа тіптен тәулікке созылатын ұстама пайда болады. Ауыру сезімі біртіндеп күшейіп барып басылады.

Ауыр жұмыс, ауа райы, жағымсыз жағдайлар ауыру сезімін қоздырады. Ұстама аралығында аздап сыздап ауыру сезімі қалады.

Емі. Аналгетиктерді транквилизаторлармен қосып тағайындаумен қатар, В және С тобындағы витаминдер, КІ электрофорезі, ұстама кезінде вегетативтік белгілер пайда болуы мүмкін. Ауыру сезімі тек бір нерв иннервациялайтын аумаққа тарайды. Оны дентальды плексалгия деп 1973 жылы В. А. Гречко енгізді. Көбінесе 30—70 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.

Этиологиясы. „Ақыл" тістердің қиын жулынуы, жақ сүйектеріндегі операциялар, бір уақытта бірнеше тістердің жұлынуы, пломба жасаған заттардың нерв тіндерін зақымдауы т. б.

Ауыру сезімі тек тістерде немесе олардың орындарында пайда болып, басқа жақтарға таралмайды және үнемі сыздап ауырады, көбінде түнде басылады.

Одонтогенді невралгия мен дентальды плексалгия емдері комплексті. Ауруларды мұқият зерттеп, себеп болған факторларды жояды. Айта кететін жағдай, осыдан кейін ауыру сезімі басылмайды. Сондықтан науқастарға аналгетиктер, антигистаминді препараттар, В витаминдері тағайындалады. Иглорефлексотерапия жақсы нәтиже береді.

Физикалық әдістер ішінен диадинамика тогын, ультрадыбыс, УЖЖ-терапия, УКС, новокаинмен электрофорез тағайындауға болады. Айығу кезінде лаймен емдеу, парафин, озокерит биостимуляторлар (алоэ экстрактісі, шыны тәріздес зат) қолданылады.

Үшкүл нервтің қозғағыш тобының бүзылуы. Бұл дерттің негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм) болып табылады. Ми бағаны аймағында орналасқан ісік, қан жүйесінің бүзылуы, кене энцефалиті, күшпен зақымдану салданудың негізгі себептері болып табылады.

Науқастарда шайнау бұлшықеттерінің салдануы ауырған жағында пайда болады. Ауызды ашқанда төменгі жақ ауырған жаққа қарай жылжиды. Көпке созылған дерттің әсерінен шайнау, самай бұлшықеттері солып, семеді. Оларды көзбен көріп, саусақпен ұстап анықтауға болады. Бұлшықеттердің көлемін сау жағымен салыстырып көрген жөн. Үшкүл нервтің қозғағыш тобының бұзылуы екіжақты болуы ықтимал. Ол кезде төменгі жақ қозғалысы шектеліп, төмен түсіп ауыз жабылмайды. Екіжақты зақымдану үшкүл нервтің орталық нейронының ядро үстіндегі жолының бұзылуынан болады. Бүл нейрон орталық мидың алдыңғы қатпарын үшкүл нервтің ми өткелінде орналасқан қозғалту ядроларымен қосады. Үшкүл нервтің қозғалтқыш талшықтарының қоздыру синдромы шайнау және самай булшықеттерінің қарысуымен сипатталады. Тризм үшкүл нерв невралгиясы қозуының, сіреспенің, құтыру дерттерінің синдромының бірі болып есептеледі. Бірақ көбінесе бүл белгі жақ-бет аймағының бұлшықеттерінің қабынуы және ішкі қанатша еттің жансыздандыру кезіндегі зақымдануынан болады. Бұл уақытта шайнау бұлшықеттері жанды қинап, сіресіп, жиырылады. Төменгі жақтың қозғалуы шектеліп, тістері тістесіп, аурудың тамақтануы, сөйлеуі бұзылады. Ауыздың үзақ уақыт жабылуына байланысты ауру жүдеп, әлсіреуі мүмкін.

Емді психотерапиялық әңгімеден бастаған жөн. Седативті, бұлшықет релаксанттарын тағайындайды. Ал шайнау бұлшықеттерінің қабынып қарысуында негізгі дерттің емі механо-және физиотерапия.

Үшкүл нервтің қабынуы (неврит)

Бұл дерттің себептері жарақаттану, нерв маңындағы тіндердің қабынуы, одонтогендік қабыну, көптеген инфекциялық дерттер, организмнің жалпы улануы және аллергиялық жағдайлар болып есептеледі.

Негізгі клиникалық белгі турақты ауыру сезімі үшкүл нервтің ауруға шалдыққан тармағының иннервация жасайтын тіндерінде болып, тістерге, қызыл иекке, бет терісіне тарайды.

Объективті тәсілдермен тексергенде үшкүл нервтің тармақтарының сезімталдық қасиеті гиперестезия, гипоестезия, анестезия немесе парестезия тәріздес болып табылады.

Емі. Үшкүл нервтің невритін емдеу тәсілдері оның этиологиясына байланысты болып, қабынуға қарсы ем бірінші орында тұрады. Сүйек сынығынан не басқа жарақаттанудан пайда болған невриттерді тексерген уақытта олар сүйек арасында қысылып қалғандығын анықтау қажет. Бул жағдайда нервті қысқан сүйектен босатып, басқа заттарды алып тастау қажет.

Егер нерв үзілсе оны бір-бірімен тігіп жалғастыру қажет. Невриттердің этиологиясы жалпы инфекциялық дерттер немесе аллергия, уланудан болса, онда оларға жалпы ем қолдану қажет.

Бет нервісінің невриті. Барлық сыртқы нерв жүйесінің арасында бұл нервтің қабынуы 2—5%-ке дейін кездесіп, көбінесе әйелдер арасында болады.

Этиологиясы мен патогенезі. Топикалық диагностикасының қойылуына байланысты „бет нервісінің невриті" терминінен көрі бет нервісінің салдануы (парез, паралич) деген дүрыс. Өйткені нерв жүмысының бұзылуы тек қабынуға байланысты емес, басқа этиологиялық себептерден де болады.

Неврит нерв тіндерінің бүтінділігі сақталғанда және олардың зақымдануына байланысты. Нерв тіндерінің сақталуына байланысты невриттердің себебі инфекция (грипп, ангина), қатты тоңу (мұздау), қанмен қоректенуінің бұзылуы, гипертония, атеросклероз болуы мүмкін. Кейбір жағдайда отит, паратит дерттерінің асқынуынан да пайда болады. Бет нервісінің салдануы төменгі жақ нервісін жансыздандырған кезде кенеттен пайда болуы мүмкін (нейроаллергия тәріздес).

Клиникалық белгілер көрінісі мимика еттері жұмысының өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар адам денесіндегі жалпы сезімталдық және вегетативті қан тамырлары жұмыстарының өзгеруі белгілер көрінісі болуы ықтимал. Дәмнің сезімталдығын білдіретін тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі бузылып, көзден жас ағады және т. б. белгілер пайда болады.

Барлық жағдайда мимикалық еттер жүмысының өзгеруі негізгі белгі болып табылады. Кәдімгі жағдайда бет әлпет өзгеріп мимика қозғалысы кезінде ауырған жағына тартылады. Бұл бет қатпарлары тегістеліп, ауыз бұрышы төмен түсіп, сілекей ағып, ас алу қиындайды. Ұрттары үрленбейді. Көз шарасы кеңіп (лагофтальм), одан жас ағады да кейінірек көздің мүйізді қабығы құрғап, көру нашарлайды. Бұл айтылған құбылысты білудің блефорорафия операциясын жасауда көп маңызы бар. Бірінші және екінші топ-тардағы қозғалыста блефорорафия жасауға болады, ал үшінші топ-тағы қозғалыста болмайды.

Қүлақ маңында және бетте пайда болатын жеңіл ауыру сезімі, гипостезия, гиперестезия, парестезия сезімтал нерв жүйесі жұмысының бұзылу белгілері болып есептелінеді. Конъюнктиваның қызаруы, бет терісінің әркелкі боялуы, ауыз қуысы кілегей қабығының домбығуы, вегетативті қан жүйесі жүмыстарының бұзылу белгілері жатады.

Емі. Алдымен невритке себеп болған жалпы дертті емдеу қажет.

Дерттің жедел даму уақытында қабынуға қарсы күресіп, дене қызуын басатын, ауыру сезімін жоятын дәрілер тағайындау керек. В тобындағы витаминдер, 0,015 г прозерин тәулігіне үш мезгіл ішу. Немесе 0,05% прозерин ерітіндісін инъекция арқылы тері астына енгізу қажет. Оның схемасы 0,1 мл — бірінші күні, 0,2 мл —екінші күні, сөйтіп 1,0 дейін, содан соң дозасын 0,9; 0,8; 0,7; 0,1 мл-ге дейін төмендетеді.

Невриттің патогенезді факторларының негізі тін домбыгуы болғандықтан Дегидротация терапиясын (фуросемид 40 мл) және кортикостероид препараттарын беру қажет. 3—5 күннен бастап физиотерапия тағайындаған жөн, оның ішінде УЖЖ, парафин, ультрадыбыс, йонофарез т. б. физиотерапия қабылдаған жөн. 10—15 күннен кейін маңдай терісін жиыру, қасты көтеру, көз жуму, тісті ақситу, ұртты толтыру сияқты мимикалық еттердің жүмысын жақсартатын емдеу гимнастикасын қолданып, оларға массаж жасау қажет. Иглорефлексотерапия жақсы нәтиже бе-реді.

Егер осы айтылған емдер 3 жылға дейін нәтижесіз болса, онда емші хирургиялық тәсілдер қолдануға мәжбүр болады. Олар келесі топқа бөлінеді:

1). Кесілген немесе жарақаттанған нерв ұштарын бір-бірімен, микрохирургиялық құралдарды пайдаланып, тігіп жалғастыру.

2) . Невриттің әсерінен төмен түсіп кеткен тіндерді кинетикалық және статикалық әдістерді қолдану арқылы жоғары көтеріп сүйекке бекіту. М. Э. Ягизаров төмен түскен ауыз жұмсақ тіндерін тәжді өсіндіге асу және самай етін қолдануды ұсынды. Соңғы кезде бұл тәсіл кеңінен қолданылып жүр және жақсы нәтиже беруде.

3) . Бұл топқа ауырған нервтің ұшын басқа (тіласты, диафрагма, қосымша нервтер) қозғалтқыш нервтерімен тігіп жалғау.

Мимикалық бұлшықеттердің салдануы

Стоматологтың тәжірибесінде бет нервісінің әртүрлі зақымдануы жиі кездеседі. Әсіресе оның жарақаттанып зақымдануы, бүтіндігінің бұзылмай зақымдануы жиі байқалады. Нәтижесінде мимикалық бұлшықтердің салдануы мен парезі түрінде қимыл бұзылыстары пайда болады.

Бет нервісінің біріншілік невриті (Белл салдануы) ангина, тұмау және т. б. аурулардың нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайдың ақыры жақсы, 1—3 аптадан соң бұл құбылыс жоғалып кетеді. Нерв қызметінің бұзылуы ортаңғы қүұлақтың іріңді қабынуы, арахноидиттің салдарынан дамиды.

Клиникалық көрінісі. Беттің аталған жағында барлық бұлшықеттер қимылсыз қалады. Ерін-ұрт қатпары тегістеліп, ауыздың бұрышы төмен түскен одан сілекей ағып тұрады, беттің табиғи сайлары — әжімдер жойылған, көз саңылауы кеңіген. Бүл қүбылыстар — дәм сезудің бүзылуы, көзден үнемі жастың ағып тұруы немесе көздің құрғауы. Кейде парезден бұрын ауыру сезімі болады. Ол көбіне сезімталдықтың жойылуымен ұштасады.

Емі. Негізі күш бет нервісі невритін тудыратын негізгі ауруды емдеуге бағытталады. Аурудың бірінші күндері ыстықты және ауыру сезімін басатьга (амидопирин, анальгин, ацетилсалицил қышқылы) дәрілер белгіленеді. В тобының витаминдері, антихоли-нэкстеразалық препараттар: прозерин ішке 0,015 күніне 3 рет, және тері астына 1 мл – 0,05% ерітіндісі, 1 мл 1% галатамин ерітіндісі, барлығы 20—30 инъекция және биогенді стимулятор-лар белгіленеді.

Аурудың бірінші күндерінде жергілікті құрғақ жылумен, парафин қолданылады. 5—6 күн өткен соң қысқа толқынды диатермия, салицилаттар, кальций хлоридімен гальванизациялауға болады. Жеңіл массаж, емдік денешынықтыру және электростимуляция қолданған жөн.

Ымдау бұлшықеттерінің қайтпайтын тұрақты салдануында хирургиялық ем қолданылады. Ол бұлшықеттердің қызметін қалпына келтіруге және босаңсыған тіндерді статикалық және кинетикалық ұстатуға бағытталады. Зақымданған бұлшықеттерді коллатеральды қанмен қамтамасыз ету үшін зақымданған нерв ұштарын басқа нервпен біріктіріп тігеді (мысалы, қосымша, диафрагмальды немесе тіласты), нерв-бұлшықеттік пластика, яғни кез келген нервті салданған бұлшықетке тігеді және сау бұлшықетті салданған бұлшықетке тігеді.

Қазіргі кезде М. Э. Ягизаров бойынша ымдау бұлшықеттердің салдануы кезінде босаңсыған жұмсақ тіндерді жақ бұтағының тәжді өсіндісіне кинетикалық іліп қою әдісі және бұлшықеттік пластика қолданады. Бұлшықет пластикасында шайнау бұлшықетін төменгі жаққа бекіген жерінен ажыратып, аяқша тәрізді етіп ауыздың босаңсыған бұрышына тігеді немесе барлық шайнау бұлшықеттерін бекіген жерінен кесіп алып ауыз бұрышы аймағына орын ауыстырады (П. В. Наумов).


Дата добавления: 2018-05-12; просмотров: 212; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!