Жарнама психологиясы дегеніміз не?



Жарнама-спектакль, концерт, жиналыс, лекция немесе көрермендерге арналған басқада мәдени шаралар спорттық жарыстар ойын сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі. Жарнама-бұл сатып алу керектігіне сендіру олармен таныстыру, халыққа тауар туралы ақпарат беру процесі. «Жарнама психологиясы» термині ресейлік оқырмандарға жақсы таныс, өйткені ғасырдың басына осы атпен кітапша, кітап тіпті оқулықтар шықты. Алайда отандық әдебиеттерде «жарнама» сөзі көбіне жарнамалық өнімнің өндірістік іс әрекеттің өз өнімі.

3.Адамның коммуникативтік қасиеттерін анықтау.

Комуникативтік жағы қарым-қатынас арқылы адамдар бір біріне ойын мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестік құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ мимика(бет, ауыздың әр түрлі қимылы), пантемимика(бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым-жымдар жатады. Коммуникативтік процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір біріне әсер етуі. Қарым қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл күйімен, сезімдерімен т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады.

Билет.

1.Фрейдің тұлғалық психоаналитикалық теориясы.

Фрейдің адам бойындағы белсенді әрекеттің табиғи әрі, биологиялық құбылыс екенін дәлелдеп берудің өзі айтарлықтай жаңалық болғанымен оның белсенділік әрекетінің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар А.Кординер, Е.Формм, К.Хорни, т.б. орынсыз деп санады.Олар, Фрейдің көзқарасындағы кемшілікті атап айта алмасада өздерінше жаңа «Фредизм» деген ағымды тудырды. «Жаңа Фредизм» ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санайды. Фрейдің тұлға теориясы және нефрейдистер тұжырымдамасы шет елдер мен ресей психологтары арасында сынға ұшырады. Бұл сын адамның биологиялық шегіне, оның әеуметтік мінезінің себебіне, оны басқару ролінің төмендігіне байланысты.

2.Адам темпераментінің типтеріне психологиялық сипаттама.

И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір біріне балама құбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайындығын көрсетті. Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес, сондай ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұсынған дұрыс. Мәселен бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне жататын, жануарлар мінез құлқының енжар қорғаныстың түрі, ал күшті, жүйке үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-байқалған.

3.Басқару психологиясының мәні.

Басқару психолгиясы-өндірістердегі, корпорациялардағы, фирмалардағы, т.с.с. іс әрекетті басқарудың жалпы психологиялық жақтарын арнайы зерттейтін әрі модельдейтін сала. Басқару психологиясы іс әрекетті арнайы басқарудың және психолгиялық жағдайлардың талдамалы модельдерін және еңбектің сапасын көруге бағытталған. Басқару психологиясы басқару жүйелеріндегі (мемлекет басқару, ұйым, мекеме, топ, ұжым және т.б.) адамдардың қатынастарына байланысты мәселелерді зерттейтін және білімдерді жинақтайтын қолданбалы психологиялық саласы.

Билет.

1.Психологияның негізгі заңдары.

Басқарудың психологиялық заңдары. Тәжірибелік психологияның саласы ретінде басқару психологиясы басқару қызметін де зерттейді. Басқару психологиясының заңдары тұлға аралық қатынастар мен топтық қатынастардың өзара байланысында байқалады және басқа заңдар сияқты қолданылады. Басқарушының қызметі мен басқару психологиясының негізгі заңдары болып табылады.

.Жауап беру белгісіздігі заңы

.Өзара қабылдаудың адекватсыздығының заңы

.Өзін өзі бағалау адекватсыздығы заңы

.Өзін өзі сақтау қаңы

.Компенсация заңы

2.Менеджердің психологиялық күйін анықтау.

Менеджер-бұл ұйымда қойылған байланыстарға сәйкес бір тұлға басқа тұлғалардың іс әрекетіне әсер етіп олардың қызметін ұйымдастыратын процес. Жетекшілер-олар өздерінің жеке қасиетімен және басқару жолымен ерекшеленеді. Жетекшінің айырмашылығы өзінің бағынушыларына жұмыс атқаруына дәрежелік бағыт беру. Менеджерлің негізгі іс әрекеті болып-ұжымда пайда болған қақтығысты шешу. Қақтығыс-ауыр шешілетін қарама-қайшылық, ауыр эмоционалды уайымдармен, қарама-қарсы бағытталған мақсаттармен қақтығысады, қарама-қарсы қызығушылықтармен, позициялармен, көзқарастармен жалғасады.

3.Мотивация ұғымына анықтама.

Мотивация (ағылш.motivation)-қолдану ыңғайына қарай қазақша «ниет», «түркі», «кірісу», «жігерену» сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды валютаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бір ретінде қарастырылған. Moveo латынша сөз болып, «қозғалу», әрекет ету мағынасын береді, демек motivation сөзбе сөз мағынада «қозғалу», әрекет ету мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

Билет.

1.«Индивид» ұғымына сипаттама.

Индивид-бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүйесі. Былайша айтқанда, Қ.А.Абульканова-Словская нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид» түсінігін қолданады. Индивид тұғаның ерекшеліктерін алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік-мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға (А.Н.Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) мәдени тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғасы айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды-физтологиялық алғы шарттарымен бір мәнді анықталып жатпайды.

2.И.Л.Добротворскийдің зейінді орталықтандырудағы жеті әдіс.

1.Менеджер жүріс тұрысы мен қылықтарының аз көп өзгерістер шағын бір уақытқа ған клиенттің назарын аудартады. 2.Клиент назарын оның ішкі күйіне аударту. 3.Процесте қатысуға шақыру. Менеджермен бірге ортақ әрекет жасау, мысалы, турдың басты артықшылықтарын клиент екеуі бірге талдайды. 4.Аяқталмаған-әрекет эфекті. Мәселен, менеджер клиентке мынадай сөз айтады: Сіз үшін бізде үш ұтымды ұсыныс бар, біріншісінен бастап көрейік.5.Үміт етуді қаыптастыру. Бұдан әрі одан да қызық болады. 6. Жоғары эмоционалық ремкі бар сөздерді қолдану. Мысалы, клиент аты-жөні, «пайда», «жеңілдіктер», «артықшылық». 7. Зейін бір нәрседен екіншіге аударту. Мысалы, туристік өнімнің сапасынан (мәселен, қонақ үй нөмірлері) жеңілдіктер сатып алудың ұтымдылығына.

3 .Басқарудың психологиялық заңдылықтары.

Басқарудың психологиялық заңдары. Тәжірибелік психологияның саласы ретінде басқару психологиясы басқару қызметін де зерттейді. Басқару психологиясының заңдары тұлға аралық қатынастар мен топтық қатынастардың өзара байланысында байқалады және басқа заңдар сияқты қолданылады. Басқарушының қызметі мен басқару психологиясының негізгі заңдары болып табылады.

.Жауап беру белгісіздігі заңы

.Өзара қабылдаудың адекватсыздығының заңы

.Өзін өзі бағалау адекватсыздығы заңы

.Өзін өзі сақтау қаңы

.Компенсация заңы

Билет.

1.«Индивид» ұғымына сипаттама.

Индивид-бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүйесі. Былайша айтқанда, Қ.А.Абульканова-Словская нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид» түсінігін қолданады. Индивид тұғаның ерекшеліктерін алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік-мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға (А.Н.Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) мәдени тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғасы айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды-физтологиялық алғы шарттарымен бір мәнді анықталып жатпайды.

2.Жанжал түрлері мен себептері.

Жанжал-қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қолданылған өткір проблемалардың, халықаралық кикілжіңдердің дер кезінде реттелмей, әр түрлі қақтығыстарға алып келуі. Көбінесе, қоғамдағы жанжал саяси, экономикалық дағдарыс кезінде, не жедел дамыған әлеуметтік өзгерістер барысында орын алады. Елдегі реформалар кезінде халықтың әр түрлі топтарының мүддесі есепке алынып отырмаса, ол да әлеуметтік қарама-қарсылықтарға алып келуі мүмкін. Қоғамда саяси миәдениет қалыптастыру, ортақ әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды орнықтыру-жанжалды болдырмаудың негізгі жолы болып есептеледі. Әлемдік ауқымда, әр түрлі мемлекеттер мен геосаяси мүдделер арасындағы халықтар. Жанжалдар дипломатиялық жолмен жоғары дәрежедегі келісімдер арқылы реттеліп отырады. Жанжалдардың күшею себебінің сипаты бойынша, олар негізгі үш топқа бөлінеді. 1.Өмірлік құралдардың себептері бойынша жанжалдар немесе қажеттілік жанжалдары. 2.Жанжалдар мүдделердің соқтығысуы ретінде. 3.Құндылықты жанжалдар.

3.Қарсылықты қайтару әдістерін анықтау.

Психологиялық қарсылық тұлға ерекшеліктеріне байланысты. Логикалық қарсылық туристік өнімнің клиентке жарнамалауын немесе менеджер презентацияны дұрыс өткізбегендігін көрсетеді. «Бумеранг» техникасы. Дәл клиент қарсы болған себеп туралы менеджер сөйлескісі келіп тұр деп айтуға болады. Қарсылықты қайтвру үшін оған дайын болу керек. Клиенттен бұрын олардан қорықпайтынын көрсетуге болады. Менеджер өнімнің жақсы клиенттерін біліп көрсетіп отыру қажет, сонымен қатар, клиент байқап қалған теріс жақтарын білгенін мәлім ету керек.

Билет.

1.Тұлғаның психологиялық қасиеттерін анықтау.

Тұлға философиялық тұрғыда адамды «адам» ретінде тануға, яғни оның рухани адамгершілігін, ділдік, мәдени қырларына назар аударумен пайымдалады. Тұлға-жеке адамның өзіндік адамгершілік әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субьект, тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз «менің» өзге «менен» ажыратып, есейтіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін алуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды.

2.Жеке дара қарым-қатынастың түрлері.

1.«Бет-перделердің байланысуы»-әңгімелесуші жеке тұлғаның ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальді қарым-қатынас. 2.Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші обьект ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер обьек қажет болса, белменді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егерде кедергі келтіретін болса, шеттеніп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызаланады. 3.Формальді ролдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесугінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік роліне көңіл аударылады. 4.Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым. 5.Рухани қарым-қатынас бір бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым қатынас. 6.Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану. (Қорыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту). 7.Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.

3.Адамның мотивирлену механизмдерін зерттеу.

Мотивация-адамдар арасында адамгершілік іс әрекетті қодайтын, оны өз мақсаттарына жетелейтін, тұлғаның белсенділігін анықтайтын процестер жиынтығы. Мотивацияның деңгейін өсіру үшін міндеттерді қалыптастыру және тапсырмаларды құруға жүгіну керек. Менеджер-прантик мотивация жұмысшысының тұлғалық ерекшеліктерін және нақты, өшемді, шындыққа негізделген, келісілген, белгілі бір уақыты бар мақсаттарды қажет ететінін білу керек. Оларды шешу үшін мотивация механизмдерін зерттеу керек.

 


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 377; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!