Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер



Билет 1. Психология пәні, түсінігі. Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап турган сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психологиялық құбылыс «түйсік, елес, ой, сезім, ерік, кабілет, мінез, әдет, т.б» көпшілігімізге өз тілімізде кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсысымыз тез ажырата да білетін сияктымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмеен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырган психология ғылымы карастырады. Психология – ерте заманнан келе жаткан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңгыш келген жері- ежелгі Грекия. «Психология» гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- «Псюхе» (жан), екіншісі –«логос» (сөз, ілім). Адам баласы аспанның көгілдір, ағаш жапырақтарының жасыл екендігін көреді даладан келіп жатқан әр түрлі дыбыстарды естиді бір заттардың суык екінші заттардың ыстық екендігін сезінеді, яғни әрбір адам өзінің айналасындағы заттарды түйсініп қабылдауға қабілетті болып келеді. Адамда ойлау сойлеу қабілеті бар. Адам баласы бұрын болган оқигаларды есте сақтайды, келешек туралы ойлайды. Бұл жагдай ес пен қиялдың арасында болады. Коп жагдайлар адамдарда қуану не ренжу сезімін туғызады. Адам бір нарсеге ұмытылады, сол мақсатқа жету ушін еркін корсетеді. 2. Жеке тұлғаның психологиямен байланыстылығы. Адам сана иесі ретінде, еңбектену нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіреді, өзіне берген тамаша қасиет-ойлау мен сөйлеу арқасында қатынас жасап, өзінің қоршаған ортасына белсенді түрде ықпал етеді. Яғни дүниенің сырын танып білуде субьектіге айналады. Адам бойындағы даралық өзгелермен қарым- қатынасынан байқалады. Жаңа туған бала индивид (жеке адам) деп саналады. Қалыпты дамыған өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті әлеуметтік ортада өз орын бар адамды жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір –қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктер мен оның психологиялық дара өзгешеліктерін-темперамент, мінез, іс-қимыл, сезім жүйелері, қабілеті мен еркі білдіреді. Міне бұл даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері әлеументтік ортада өсіп жетіледі. Жеке адамның тұлғалық сипатын екі түрлі ерекшелігін байқауға болады. Ол: әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар; типтерден туандайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. 3. Темперамент және мінезді анықтау. Темперамент дегеніміз психикалыќ процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-қүлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиетгер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның түлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін қүрайды. Темпераменттің төрт түрі бар: сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик. Бұл төрт типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы - меланхолик сезім темпераментіне жатады. Алғашқысы түйсіктер жүйке жүйесінде және адамның санасында аса жылдамдықпен пайда болады және сырттай бірден байқалады, бірақ іштей түрақсыздығымен сипатталады. Меланхолик темпераментінде түйсік (сезім) сырт кезге онша байқалмайды, бірақ іштей өте терең және үзақ болып келеді. Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын түрады.. Оны ауыр ой мен дене еңбегі тез шаршатады.  Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның, әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстылардың бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді. Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мұндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дүрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.  Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жүмыстан гөрі әрекетсіздікке бейім. Мүндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде үзақ болады. Мінез - бүл түлғаның адамдарға және орындалатын жүмысқа қатынасын анықтайтын түрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста (темперамент сияқты) көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән қүлық ерекшелігін білдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе үстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.   № 2 емтихан билеті

Мотивация психологиясы.

Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

Мотивацияның сыр-сипаты.Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді. Бұл барыста ниет шамасында өзгерістер болуы мүмкін, ол кейде күшейюі, кейде әлсіреуі мүмкін. Бірақ ниет шамасының қалай болуына қарамастан адамдар белгілі бір ниеттену тұрақтылығын сақтай алса, көңілінде сол іске деген құштарлығын өшірмей, сол мақсатқа қарай белсенді құлшынып, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын болады. Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы күші болғандықтан, егер адамның қандай ниеті барын білсең, онда оның әрекетінің ауқымы мен беталысын анық шамалай аласың.

 

2.Тауарлар мен қызметтердің жарнамалық психологиясы.

Жарнама – спектакль концерт жиналыс лекция немесе көрермендерге арналған басқада мәдени шаралар спорттық жарыстар ойын - сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі.

Спирттік және салқын сусындар шығаратын ірі фирма өз тауарларын елде жоқ бір әдіспен жарнамалауға бел байлайды.

«Жарнама» түсінігінің көптеген анықтамасы бар.Жарнама сөзі - французша reclame, немісше werbung деген, латынның reclamo«рекламо» сөзінен шыққан, үлгілеу «айқайлау» деген мағынаны білдіреді Ағылшын тілінде жарнама екі термин «advertising, advertisiement» және publicity қолданылады. «advertising» термині құрылу жағынан орысша “ жарнамалау” және «Жарнамалық іс - әрекет» сөзінің мағынасы жақын, ал «advertisiement» термині нақты жарнамалық іс - әрекеттің өнімін көрсетеді. Соңғы уақытта жарнаманы әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде көрсетуде кейбір авторлар «advertology» терминін жиі қолдануда. Қазір бұл терминнің орысша «адвертология» деген аудармасын көруге болады.

“Жарнама психологиясы” термині ресейлік оқырмандарға жақсы таныс. Өткені ғасырдың басынан осы атпен кітапша, кітап тіпті оқулықтар шықты. Алайда отандық әдебиеттерде «жарнама» сөзі көбіне жарнамалық өнімнің өндірістік іс - әрекеті деп түсіндіріледі, сонымен қатар осы іс - әрекеттің өз өнімі. Сондықтан ғылыми және қолданбалы әдебиеттерді оқу барысында мына жағдайда, егер арнайы анықталған айқындау болмаса «жарнама» терминін контекс бойынша талдау керек болады: немесе кең мағынада “жарнамалық іс - әрекет” терминінің синонимі ретінде, немесе жарнамалық іс - әрекеттің түрі ретінде дара нақты – плакатты, теледидарлық роликті не газеттегі хабарландыруды қалай жою. Бұл қазіргі уақытта шешімі жоқ, терминологияның мәселесін туғызады, сондықтан әрбір жағдайда терминнің дұрыс түсінігін контекс қана анықтайды.

3.«Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.

Адамды көптеген ғылымдар қарастырады: философия, әлеуметтану, этика, эстетика, педагогика, психология және т.т. әрбір ғылымның өзінің адамды зерттеу пәндері бар. Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: «адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек.

Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар.

Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.

Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.

Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез.

Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.

 

№ 3 емтихан билеті

1.Тұлға құрылымы.

Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші. Тұлғаны анықтайтындар қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.

 

2.Қарсылықты қайтару әдістері.

Психологиялық қарсылықтұлға ерекшеліктеріне байланысты. Логикалық қарсылық туристік өнімнің клиентке жарнамалауын немесе менеджер презентацияны дұрыс өткізбегендігін көрсетеді.

Қарсы болу факторлары:

1.Туристік өнім бағасы

2.Уақыттың жетпеуі

3.Денсаулыққа байланысты шектеулер

4.Жанұяның өмір циклы

5.Қызықпау

6.Қорқыныш пен қауіпсіздік

Қарсылықты қайтару әдістері.«Бумеранг» техникасы. Дәл клиент қарсы болған себеп туралы менеджер сөйлескісі келіп тұр деп айтуға болады. Қарсылықты қайтвру үшін оған дайын болу керек. Клиенттен бұрын олардан қорықпайтынын көрсетуге болады. Менеджер өнімнің жақсы клиенттерін біліп көрсетіп отыру қажет, сонымен қатар, клиент байқап қалған теріс жақтарын білгенін мәлім ету керек.

 

3.Басқарудың психологиялық заңдарын анықтау.Басқарудың психологиялық заңдары. Тәжірибелік психологияның саласы ретінде басқару психологиясы басқару қызметін де зерттейді. Басқару психологиясының заңдары тұлға аралық қатынастар мен топтық қатынастардың өзара байланысында байқалады және басқа заңдар сияқты қолданылады. Басқарушының қызметі мен басқару психологиясының негізгі заңдары болып табылады.

Жауап беру белгісіздігі заңы

1.Өзара қабылдаудың адекватсыздығының заңы

2.Өзін өзі бағалау адекватсыздығы заңы

3.Өзін өзі сақтау қаңы

4.Компенсация заңы

 

№ 4 емтихан билеті

1. Тұлғаның психологиялық жағдайы.

Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымға белгілеуге болады. Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге тандамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.

Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге, ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін атқарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуі соған сәйкес еріктік және эмоциялық көңіл-күйдің көтерілуіне алып келеді, ол өз кезегімен интеллектуалдық іс-әрекеттің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады.

Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді.

Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етті, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю. Лермонтов туралы да айтуға болады. Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді,

Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.

Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге болады. Оларға ең алдымен — моралдік, екіншіден — ерік-жігер сапалары жатады, олар белгілі мінез-құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан да моралдік — ерік-жігер сапаларын мінездің негізін құрайды деп айта аламыз.

Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда "мен" деген ұғымды білдіреді. "Мен" — жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.

Психикалық үрдістер — психикалық кұбылыстардың әртүрлі түрлерінде шындықты динамикалық тұрғыда бейнелеу. Психикалық үрдістер жеке тұлғаның шындықпен байланысын қамтамасыз етеді. Олар арқылы жеке тұлғаның қасиеттері қалыптасады. Ұйымдасқан қасиеттер өз кезегімен үрдістің жүруіне әсер етеді. Мәселен, түйсіктер үрдісінде нақтылы сенсорлық қасиеттер және одан әрі түйсіктердің сандық, сапалық сипатын анықтайтын жеке тұлғаның тұтас сенсорлық құрылымы қалыптасады. Теориялық және практикалық міндеттерді шешу үрдісінде жеке тұлғаның ерік-жігер құрылымы қалыптасады.

Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты эмоциялық реакцияның таңдауына әкеледі.

Психикалық үрдістердің негізінде психикалық қасиеттер ұйымдасады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері бұл индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылым.

Психикалық үрдістердің жүру сипаты, қасиеттердің көрінуі жеке тұлғаның психикалық белсенділігінің жағдайына байланысты.

 

2. Адамның мүмкіндіктерінің түрлері.

Адамның 5 түрлі мүмкіндіктері бар. Олар: гнесологиялық, аксиологиялық, шығармашылық, комуникативті, Көркемдік мүмкіндіктер.

1.Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. Бұл мәліметтер сыртқы ортаға қатысты оның табиғи және әлеуметтік жағдайына және өзіндік танымына байланысты жинақталады.

2.Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды. Бұлар психологиялық және идеологиялық жағдайлар бірлігінде болып, тұлғаның санасы мен өзіндік санасының эмоциональдық-еріктік, интелектуальдық механизмдерінің анықталуымен және өмірлік дүние танымының, көзқарасының, талпынушылығының ашылуымен болады.

3.Шағармашылық мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді.

4.Коммуникативтті мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді.

5.Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді. Тұлғаның көркемдік белсенділігі шығармашылықта, кәсіпте, өзіндік іс-әрекеті мен өнер туындыларын пайдалануда ашыла түседі.

 

3. Клиент түрлерін анықтау әдістері.

Жүріс тұрыстың екі көрсеткіші-белсенділік пен эмоциялық қайрымдылыққа негізделген типология бойынша клиенттердің мынандай түрлері болады:

1.Аналитик –пассивті,кайрымсыз

2.энтузиазд-белсенді, қайрымды

3.активист-белсенді ,қайрымсыз

4.добряк «ақкөңіл, ақпейіл»-пассивті қайрымды

Қызмет көрсеткенде проблема туа қоймайды.

Аналитикбайсалды,асықпайды,қатты сөйлемейді интонациясыз .

Энтузиазд- ол қуатты экстравагантты ерекше батыл энтузиазд ер адам қолын бірінші береді әйел энтузиазд ашық менеджерге қысылмай қарайды әңгімелесуол үшін қиын емес.Шешен сөзі көп қаттытез ұзақ сөйлейді,өзінің талаптарын айтып болғаннан кейін оған ұсынылған түр ерекшеліктерін толығымен тыңдап ашпауы мүмкін ұсақ түйектерді онша бағаламай

 

№ 5 емтихан билеті

Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер.

Адамды зерттеуді Р.С.Немов 3 кезеңмен қарастырады:

1.Философиялық-әдебиеттік.2.Клиникалық. 3.Эксперименталдық.

Жеке адамды зерттеудің философиялық-әдебиеттік кезеңі - ежелгі ойшылдардан XIX ғасырға дейін созылады. Адамды зерттеу мәселесі адам табиғатын, адамгершілігі, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын қарастырды. Адамға қатысты барлық мәселені, жеке адамға тән деп қарастырылды. Оның биологиялық, психологиялық, мінездік, мәдениеттік т.б жақтары жеке адамға қатысты деп түсінді және ондай түсінік күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жеке адамды кең түрде талдаудың өзіндік негізі бар. Адамның қажеттілігіне байланысты мейлі тәндік болсын, мейлі жандық болсын тұтас алғанда жеке адамды сипаттайды. Әдебиеттерде, философиялық және әлеуметтік ғылымдарда жеке адамды бұлай қарастырылуын түсінуге де болады. Дегенмен, психологияда мұндай қарастыру тым кең, жалпылық деп саналады. Сондықтан, гылыми - нақты мазмұнды қажет етті.

Жеке адамды зерттеудің клиникалық кезеңі – XIX ғ. бастауында көрініс берді. Онымен врач-психиаторлар айналысты. Олар жан ауруымен ауыратындардың өмір сүру тарихын, мінездерін бақылап, оларға диагностика жасау, емдеу және олардың табиғаты туралы кәсіби қорытындылар жасады. Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Ауру адамдардың тұлғалық ерекшеліктері қалпынан тыс ұлғаюда, дені сау адамдарда ол біркелкі көріністе болды. Экстраверсия, интроверсия, қозу мен тежелу, мазасыздықтар адамға қатысты. Дәрігер- психиаторлардың тұлға туралы берген анықтамалары дені сау паталогиялық, акценттелген (норманың ең соңғы шегіне сай) тұлғалардың келбеті жөнінде термин берумен шектеледі. Мүндай анықтамалар психотерапиялық мақсаттарды шешу үшін дұрыс болып табылады. Мұндай терминдер психологиялық мақсаттарды шешуге тым қысаң келеді.

2.Көшбасшының психикалық ерекшеліктерін анықтау.

Көшбасшылық – бұл ұйымда қойылған байланыстарға сәйкес бір тұлға басқа тұлғалардың іс әрекетіне әсер етіп олардық қызметін ұйымдастыратын процесс. Жетекшілер – олар өздерінің жеке қасиетімен және басқару жолымен ерекшеленеді. Жетекшінің айырмашылығы өзінің бағынушыларына жұмыс атқаруына дәрежелік бағыт беру. Олардың басқа айырмашылығы автокритикалық және демократикалық процесте шешім қабылдауы яғни өзінің бағынушыларнына қандай дәрежеде шешім қабылдауына қатысуы үшін көшбасшының психологиялық ерекшелігін зерттеу қажет.Басқару процесіне, ұйымдағы психологиялық климатты өзгертуге, қақтығыстарды шешу үшін психологиялық білімдерді қолдану бойынша психологиялық ұсыныстарды өңдеу. Жұмысқа және әріптестерге деген сезім тұрақты және сенімдеріне және әрекет типтеріне байланысты. Олар өндірістік қызметке жұмыс тобының мүшелеріне ұйымдастырушылық ортаға бағытталған. Өндірістік қызметтегі қарым қатынастың ең басты көрсеткішіне өзінің жұмысымен қанағаттануы жатады.

 

3.Қызмет көрсету этикетінің ерекшеліктері.

Қызмет көрсетудің мәдениеті ұғымына елдің ұлттық салт дәстүріне, қазіргі заманғы қызмет көрсетудің дүниежүзілік стандарттарының талаптарына сай және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсететін ұстанымдар, жоғарғы діни құндылықтар және жүріс тұрыс этикасы эталонды еңбек нормаларының жүйесі деп түсіндіріледі.Нақты қызметкедің іс әрекеті қызмет көрсетудің мәдениетінің талаптарына түгелімен не жартылай сәйкес болуы мүмкін. Бұл талаптар ол жұмыс істейтін қызмет көрсетудің аясында жасалған. Сонымен қатар қызмет мәдениеті жоғарыда көрсетілген деңгейлеріне бір бірімен байланысты болып келеді және қызмет көрсетудің мәдениеті өзінен өзі пайда болмайды.Ең алдымен еңбек мәдениетіне сервистің техникалық және технологиялық жағы байланысқан рационалды талаптары, дамудың сапасы мен динамикасы, қызмет көрсетудің психологиясы мен эстетикасы жатады.Кез келген сервистік кәсіпкерлері мен менеджерлері қазіргі талапқа сай ұлттық дәстүрлерді жандандыра отырып сервис қызметін тиімді пайдаланады.Сервис менеджменті ыңғайлы сапалы, мәдениетті қызмет көрсету ең бірінші өздеріне қажет егер жақсы болмаса фирма дамуына кері әсері болуы мүмкін.Сондықтан дамыған елдерде қызмет көрсету мәдени талаптарының біріңғай кешенін әзірлеп оның өздерінің фирмаларына енгізіп, оның орындалуын бақылайды, Менеджменттің стратегиясы былай құрылады: Қызметкерлеріне қызмет көрсету мәдениетін бұйрық арқылы емес оларды әкімшіліктің пікірі арқылы, сабақтар өткізу және эстетика арқылы үйретіледі. Әлеуметтік мұқтаждық бітпес әртүрлі формдарды пайда болады.

Әлеуметтік мұқтаждықтардың барлық көрініс таныстырмай-ақ, бұл топтың үш критери – белгілерін классификациялауға болады:

1.біреу үшін мұқтаждық;

2.өзі үшін мұқтаждық;

3.біреумен бірге мұқтаждық.

 

№ 6 емтихан билеті

1.Психологиялық заңдар туралы түсінік.

Психологиялық заңдар мен басқару заңдылықтары

Басқарудың психологиялық заңдары

Тәжірибелік психологияның саласы ретіндебасқару психологиясы басқару қызметін де зерттейді. Басқару психологиясының заңдары тұлға аралық қатынастар мен топтық қатынастардың өзара байланысында байқалады және басқа заңдар сияқты қолданылады.

Басқарушылық қызметі мен басқару психологиясының негізгі заңдары болып табылады:

· Жауап беру белгісіздігі заңы

· Өзара қабылдаудың адекватсыздығының заңы

· Өзін-өзі бағалау адекватсыздығы заңы

· Ақпаратты бұрмалау заңы

· Өзін-өзі сақтау заңы

· Компенсация заңы

Жауап қайтару белгісіздігі заңы ерте психологиялық жағдайға, сарты әсердің ерекшелігіне байланысты. Ол келесі екі психологиялық құбылыспен негізделеді: апперент және сана стереотипінің болуы. Апперент – өтке тәжірибені қабылдаумен байланысты. Сана стеретиптері – тұрақты көзқарас, қоршаған ортаның толық және анық емес әрекетін айқындайды және әсер етеді, айқын немесе жасырын коммуникационды барьерді қалыптастырады.

Психологиялық заңдар:Басқарудың психологиялық заңдары.

Тәжірибелік психологияның саласы ретінде басқару психологиясы басқару қызметін де зерттейді. Басқару психологиясының заңдары тұлға аралық қатынастар мен топтық қатынастардың өзара байланысында байқалады және басқа заңдар сияқты қолданылады. Басқарушылық қызметі мен басқару психологиясының негізгі заңдары болып табылады: 1.Жауап беру белгісіздігі заңы; 2.Өзара қабылдаудың адекватсыздығының заңы; 3.Өзін-өзі бағалау адекватсыздығы заңы; 4.Ақпаратты бұрмалау заңы; 5.Өзін-өзі сақтау заңы; 6.Компенсация заңы

Жауап қайтару белгісіздігі заңы ерте психологиялық жағдайға, шартты әсердің ерекшелігіне байланысты. Ол келесі екі психологиялық құбылыспен негізделеді: апперент және сана стереотипінің болуы. Апперент – өткен тәжірибені қабылдаумен байланысты. Сана стеретиптері – тұрақты көзқарас, қоршаған ортаның толық және анық емес әрекетін айқындайды және әсер етеді, айқын немесе жасырын коммуникационды барьерді қалыптастырады.

Өзара қабылдаудың адекватсыздығының заңы адамның басқа адамға сәйкес келетін маңызды мәселелерді шешуіне байланысты айтылған сөздің толық мәнін түсіне алмауын айтады Өзін-өзі бағалау адекватсыздығы заңы ескергені жөн, сондықтан басқарушы келесі талаптарды қолдануы тиіс: - Әмбебеп дарындылық талабы, басқарушылықтың көз қарасы бойынша ұран формасын алады. Дарынды емес адамдар жоқ, өз ісімен емес айналысатын адамдар бар; - Даму принципі қабілеттіліктің дамуымен негізделеді; - Таусылмас принципі адамға берген бір баға соңғы болып есептелмейді.

Ақпараттың бұрмалану заңы. Кейде мұны басқарушылық ақпарат мәнінің жоғалу заңы немесе ақпарат мәнінің бөлшектену заңы деп те атайды..

Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясының міндеттері мынандай:

ü Психологиялық және заң білімдерін ғылыми тұрғыдан жинақтау, біріктіру;

ü Негізгі құқықтық категориялардың психологиялық заңгерлік мәнін ашу;

ü заңгерлердің өз іс-әрекетінің негізгі объектісі- адамның мінез құлығын терең түсінуін қамтамасыз ету.

ü түрлі құқықтық қатынас субъектілерінің психикалық іс-әрекетінің ерекшеліктерін және құқық қолдану мен құқық қорғаудың әртүрлі жағдайларындағы психикалық қалыптарын ашу.

ü қоғам өмірін құқықтық реттеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстарды, нұсқауларды жасау.

ü

2.Адамның қажеттіліктерін анықтау.

Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.

Адамның белсенділігі, іс-әрекеті ғылыми материалистік тұрғыда қарастыруында белсенділік әрекеттердің адамның қажеттіліктерін қанағаттанумен ұштасады.

Тұлға белсенділігі-адамның материалдық және рухани мәдениеті меңгеруде қоғамдық мәнге ие болған бағдарлы шығармашылығында, еріктік актілерде, қарым-қатынастағы қабілеті. Тұлға белсенділігі адамның белсенді өмір позициясы арқылы идеалық принципшілдігі, реттілігі, көзқарасы, сөзбен іс бірлігінде көрінісін айтамыз.

Қажеттілік – ол адам белсенділігінің негізгі себебімен іс -әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалында қалыптасып, адамның материалдық, рухани қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық даралық сипатқа ие болады.

Қажеттілік тетік белгісіне қарай: табиғи және рухани-мәдениет болып бөлінеді. Ал, сол заттарды ұстап тұтынуына қарай: материалдық, рухани қажеттіліктер болып бөлінеді.

Рухани қажеттіліктер түрлі рухани құлдылықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Адамның айналасындағы қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырыруымен адамның түрлі ерекшеліктері дамып, өзгеріп отырады. Ол өмір сүру процесінің барысында және оқу-тәрбие процесінде шешуші роль атқарады.

Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады.

Жеке адамның өмір бағытын көрсететін құрамдас бөлімдері (компонентер) көп. Соның бастылары: қажеттер, мотивтер, қызығулар, бейімділік пен дүние таным мен сенім, мұрат пен талғам.

Себептер-қазақша түрткі немесе себептер дейміз. Бұл қажеттілікті өтеуге талпындыраты түрткілер болады. Қандай болмасын обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген немесе оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.

Қызығулар-адамның шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, сол қажеттіліктерді сезіп, соны білуге, түсінуге деген жан еліктіріп, сезім тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі-«Бұл не?» дейтін рефлекс. Адамда сан алуан қызығулар болуы мүмкін. Қызығулар мазмұны мен бағытына қарай:материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық. т.б. болып келеді.

Дүниетаным-адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Ақиқат дүние заңдарын дұрыс түсінетін, әрі ғылыми негізделген дүниетаным ғана адамға дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанаттын адамдардың дүниетанымы мейлінше рекцияшыл болады. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты бұрмалау-пессимистік (кертартпа) дүниетаным белгісі. Адамның алдына қойған мақсатының болуы, дүниетанымның өміріне байланыстылығы сенімдік тудырады.

Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Сенім нақты іс-әрекет пен тәжірибеге байланысты. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қосқанатындай, адамның ең асыл қасиеті болып табылады

 

Мұрат- жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттердің бірі. Бұл-адамың өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді артық тұтып, қастерлеуі. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат дүние танымы, сенімі айқын, сөз бен істің байланысы бар жерге ғана болады.

Талғам-бұл да жеке адамның психологиясында елеулі орын алатын қасиет. Бұл жоғарыда аталған барлық компанент түрімен байланысып жатады. Талғам адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі елеулі әсер етеді. Дұрыс талғам жүйесі жақсы тәрбие жемісі.

Бағыт-бағдар-адамның жеке арманы, құмарлығы әрекеті оның даралық қасиетіне тән психологиялық ерекшелігі.

Тұлға бағыттылығы - ол тұлғаның іс-әрекетті орындаудағы бағдарлығында, қандай да бір ситуациялық жағдайда болуына қарамастан көрінетін тұрақты себептер жиынтығы тұлға бағыттылығы көрінетін тұстары.

Адамның азаматтық бағыт-бағдарының сапаларерекшеліктер:

1. Бағыт деңгейінің адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенуі;

2.бағыт – бағдар деңгейінің қоғамдық талаптарға орай адамың мұраты мен ұштасады.

3.бағыт-бағдарының кеңдігі.Тек –ұйқы қандыру, тамақ ішу, әдемі киіну-бұл бағыт тарлығын, өрсіздігін көрсетеді. Ал, кеңдік-адамның әр алуан қызығы мен ынтасына және оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қасиетер тоғышарлықтан сақтандырады.

4.Бағыт-бағдарлық қарқындылығы.Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Әр нірсеге дел қою, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу.

5.Бағыт –бағдардың тұрақтылығы.Бұл ұзақ уақытша созылатын процесс. Бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кірісіп, аяқтамай тастап кету жиі кездеседі. Бұл- бағыттың тұрақсыздығы. Ал, тұрақтылық, іс-нәтижесіне дейін алып бару, адамды игі мақсатқа жеткізеді.

6.Бағыт- бағдардағы ақушының әрекеттілігі оның бағыт-бағдарындағы шешуші кезең. Мысалы бір нәрсені таңдауы (мамандық).

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбыстық тілі мен еңбектену әрекеті бір-бірімен қарым-қатынасты қарастырылады. Жеке адам-дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның әсерін бастан кешіретін оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгеруге ықпал ете алатын жан.

3. Басқаруды ұйымдастырудың психологиялық аспектілері

Басқарушының іс әрекетінің психологиялық аспектілері:

-Басқару еңбегінің психологиялық ерекшеліктері оның кез келген іс әрекет саласындағы спецификасы

-Басқарушы тұлғасының психологияық анализі, басқарушының қабілеттілігіне психологиялық талаптары

-Басқару шешіміндегі психологиялық аспектілерді қолдану

-Басқарушылықтың индивидуалдық ерекшелігі

 

№ 7 емтихан билеті

1. Қарым-қатынас психолгиясы.

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.

2. Психологиялық контакт түрлері.

Психологиялық контакт орнату факторлары менеджер жқһұмысының тығыздығы, клиенттің психологиялық типы, кезегін күтіп отырған басқа клиенттердің бар жоғы, клиент келуінің мақсаты, оның көңіл күйі. Осыған орай менеджер өз қызметін жасайды. Тыңдай білу - 3 негізгі қателіктерден қашу керек: алдын ала ойлаған пікірмен тыңдау, іріктеп тыңдау, зейін салмай тыңдау. Тыңдай білмеу даіылыстарға қателермен проблемаларға әкеледі.Қызығу мен зейінді сақтау әдісі: бейрефленсивті тыңдау әдісі - әңгімені өзінің нұсқауларымен бөлмей тыңдай білу. Рефиксивті тыңдау- анықтау ойды басқа сөздермен қайталап айту. 

3. Тұлғаны қалыптастырушы факторлар.

Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.

№ 8 емтихан билеті

1.Психологиялық заңдар мен басқару заңдылықтары.

Басқарудың психологиялық заңдары.Тәжірибелік психологияның саласы ретінде басқару психологиясы басқару қызметін де зерттейді. Басқару психологиясының заңдары тұлға аралық қатынастар мен топтық қатынастардың өзара байланысында байқалады және басқа заңдар сияқты қолданылады. Басқарушылық қызметі мен басқару психологиясының негізгі заңдары болып табылады:

1.Жауап беру белгісіздігі заңы

2.Өзара қабылдаудың адекватсыздығының заңы

3.Өзін-өзі бағалау адекватсыздығы заңы

4.Ақпаратты бұрмалау заңы

5.Өзін-өзі сақтау заңы

6.Компенсация заңы

 

Ынталандыру дегеніміз не?

Ынталандыру дегеніміз-адамның ішіндегі белгілі ынталарды оята отырып, оны нақты іс-әрекеттерге ұмтылдыру мақсатымен адамға әсер ету процесі. Ынталандыру адамды басқарудың негізін құрайды. Басқарудың тиімділігі көп дәрежеде,қаншалықты ынталандыру процесі табысты жүретініне байланысты. Ынталандырудың қандай мақсаттары бар екендігіне байланысты оны 2 негізгі түрге бөлуге болады: 1) адамға сыртқы әсер ету жолы арқылы іс-әрекетке белгілі ынталарды туғызады. Олар адамды белгілі қалайтын нәтижесіне әкелетін нақты іс-әрекет жасауға түрткі болады. 2) адамның нақты ынталандырушылық құрылымын қалыптастыру. Бұл жағдайда басты көңіл субъектінің қалауы бойынша ынталандыруды күштейтін және керісінше адамды тиімді басқаруға бөгет жасайтын кейбір себептерді азайту керек

3. Тұлға туралы қазіргі теориялар.

XXғ. 20 ғасыр 30 жылдардан бастап түлға психологиясын зерттеу белсенді дифференциядық бағытта болды. Соның арқасында тұлға туралы теориялар түрлі тұрғыдан қарастырулар қалыптасты. 48 түрлі варианпен, 5 параметрмен жіктелгені де белгілі.

Психодинамикалық теория типіне К.Левиновтің формуламен берілген символикалық түсініктік типі жатады: В = F (Р,Е). В- мінезді, F-функциональдық тәуелділік белгіні, Р-тұлғаның ішкі субъективті психологиялық қасиетін, Е- әлеуметтік ортасы дегенді білдіретін шартты белгілер болып табылады. Психодинамикалық теорияның символикалық көрінісі мынадай болады: В = Ғ (Р)

Мұнда мінез психологиялық қасиеттен шығарылып тасталды. Ол толығымен олардың негізінде түсіндіріледі.

Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді. Сөйтіп, оны символикалық түрде В = Ғ (Е) берілді.

Интеракционистік теория - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады. Оның Левин формуласы: В = Ғ(Р,Е).

Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.

Экспериментальді емес теория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.

Құрылымдық теория - тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.

Динамикалық теория - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.

Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.

 

 

№ 9 емтихан билеті

1. Психология ғылымы.

Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға сүйенген адамдарға психологиялық ғылым расында бар нәрсе екендігін тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді:

1.Гипотезаларды ұсыну

2.Тәжірибе немесе бақылау

3.Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау

4.Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту

Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

2. Мекемені басқару әдістері.

Басқару әдістері дегеніміз-бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

Басқару ілімінде бірнеше әдістер бар:

1.Әкімшілік әдістері

2.Экономикалық

3.Әлеуметтік-психологиялық

 

3.Клиенттің ішкі күйін анықтайтын әдістері.

Ішкі бақылау жүйесі бұл клиент басшылығы өз қызметін дұрыс жолға қою үшін қабылдаған саясат пен процедуралар. Бұл клиент басшылығының саясатын сақтауды, активтерінің сақталуын, қателіктерді болдырмауды бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге қаржылық ақпаратын дер кезінде орындалып сенімді болуын қамтамасыз ету қажет.

 

№ 10 емтихан билеті

1.Клиентті назар аударту әдістері.

1.Клиент ерекшеліктері: Клиенттің ерекшеліктеріне назар аударып, менеджер әңгімені оның басқаларға ұқсамауын көрсетуден бастаса, әңгімені одан әрі жалғастыруға клиентті итермелейді. 2.мейрамхана және мейманхананың ерекшеліктерін клиент билмейді, байқамайды. Егер содан ерекшелік клиенттің қажетіне сәйкес болса әңгіме сәтті нәтижеге жетуі мүмкін. 3.Көз жетерлік фактілерге бәстесуге келмейтін фактілерді менеджер атап отырса, клиентпен қатынас орнату жеңілдейді. Көз жетерлік нәрсе агрессия туғызбайды, клиентпен келіседі. 4.Абыройы бар адамдарға сілтеме жасау клиент білетін адамның сөзіне сүйенсек амалсыз клиенттің назарын аудартады. 5.Егер-онда. Осындай сөйлем құрылымын қолданса менеджер клиенттің назарын туристік кәсіпорын ұсынып отырған артықшылықтарына аударады. 6.Жаңа несиелер- клиент фирмаға алғаш рет келсеменеджер оған қолында бар жаңа несиелер жөнінде айтса, клиент жаңа деген сөзді естігенде елестетедіде клиент престижін көтереді.

 


Дата добавления: 2018-04-05; просмотров: 1067; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!