Дәстүрлі емес оқыту



Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқу іс-әрекетінің жаңа түрлері, дәстүрлі емес сабақтар, дамытушы сабақтар қолданылуда. Дәстүрлі емес оқытудың мағынасы мынада: оқушылардың таным белсенділігін көтеру. сабаққа деген қызығушылығын арттыру, оқушы белсенділігін арттыру, оқушы шығармашылығын дамыту, оқушы «менің» дамытуға жағдай жасау.

Бастауыш сынып баланың «тұлға» дамуына әсер ететін басты саты болғандықтан, оқу үрдісін ізгілендіріп, түрлендіріп отыру қажет. Сондықтан да қазіргі жүйеде оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану қажеттілігі туып отыр. Бүгінгі таңда денгейлеп оқыту, интерактивті-ойын арқылы оқыту, модульдік оқыту, ізгілендіре отырып оқыту, дамыта оқыту секілді түрлері кеңінен қолданылып, оңды нәтижелер беруде. Сондай-ақ, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасалған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты.

Дамыта оқыту технологиясын дәстүрлі оқытумен салыстыратын болсақ;

- Дамыта оқыту-дәстүрлі емес оқыту. Баланың «менің» дамыта отырып, белсенділігіне, шығармашылыққа, танымдылыққа итермелейді;

- Баланың «даму» өрісіне әсер ете отырып, танымдық дамуына апарады:

- Көздеген мақсатына, міндеті мен мәнінде бала мен мұғалім, бала мен сыныптастары арасындағы қарым-қатынастың ынтымақтастық жағдайында кұруға тырысады;

Дамыта оқыту нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалынады.

Дәстүрлі емес сабақтардың мақсаты:

Білімділік: ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер ету, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: адамгершшік, еңбексүйіштік, қасиеттерін қалыптастыра отырып ұйымшылдыққа, ұжымның мүлдесін ойлау, жолдастық көмек беру және қарым-қатынастың ынтымақтастық жағдайында қалыптасуына әсер етеді.

Дамытушылық: таным белсенділгін арттыру, өз бетінше жұмысын жургізу және ой қорытындылауға дағдыландыру. Ізденімпаздыққа үйрету.

Міндеті: Оқушының қызығушылығын ояту. Тақырыпты толық менгеру. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету. Сөйлеу мәдениетіне төселдіру.

Сабақтың сапалы және саналы менгерілуі муғалімге тікелей байланысты. Сол себептен мұғалімнің білімі мен жеке қасиеттеріне үлкен талаптар қойылады.

Дәстүрлі сабақ түрлері оқушыға өз бағытын өзгертуге мүмкіндік бермейді, себебі әрдайым оқытушы-оқышы бағытында болады. Дәстүрлі емес оқыту түрінде оқушыға әр позицияда болуға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі емес дамыта оқыту Д.Б.Эльконин В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсатына жету тек баланың өзінің белсендіпігіне байланысты. Бұл сабақтар мынандай 3 кұрамдас бөліктерден тұрады:

- оқу мақсаттарының қойылуы.

- оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

- шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды шарты, сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» деп бөлмейді, әр баланың мүмкіншілігі мен қабілетін ашуға бағытталған оқыту жүйесі болып табылады.

Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологиялар баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсуте мүмкіндік береді. Қарым-қатынастар: жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, іс-әрекетті талдау кезеңдерінен тұрады. Әр кезең бала дамуына үлкен үлес қосады.

Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология қазақ және орыс тілді мектеп тәжірибесіне ене бастады. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларда қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңе білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу,оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді.

Бұл құрылым 3 денгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағнаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту.

Үйрену процесі бұдан бұрынғы білетін жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды түсіндіреді, өзінің білімдарлығын көрсетеді және жаңа ақпараттармен толықтырады. Сондықтан сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастала

 

№30. Шет тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану

 

Білім беруде инновациялық технологияларды ендіру оқушыларға әртүрлі әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, баспасөз-конференциялары және т. б. оқушылардың сабақтағы жауапкершілігін, белсенділігін, өзін-өзі бағалауын қамтамасыз етеді.Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты – субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады. Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану барынша тиімді болмақ: электрондық пошта (e-mail), телеконференция, видеоконференция; жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web серверге жеке шығару; ақпараттық каталогтар (Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушылар психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады

Білім беру технологиясының үш түрлі типі бар. Олар дәстүрлік, инновациялық және ақпараттық. Бастысы – технологияның жиын­тығы емес, оның дәрежесі. Оқушылардың әртүр­лі ақпарат көздерін, ресурстарын пайдалану арқылы компьютерлік технологияның көмегімен өздерінің дербесізденуі арқылы тілді игеруге кәсіби шеберлігін шыңдайды. Жаңа ақпараттық технологияға әртүрлі ақпараттарды электрондық әдіспен енгізу, сақтау және беру жатады. Оларды оқу үрдісіне пайдалану ерекшелігіне сай төмендегідей топтастыруға болады: Компью­терлік оқу бағдарламалары (электрондық оқулықтар, зертханалық жаттығулар, тест жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай оқу жүйесі компьютер, видеотехника, оптикалық дискінің жиындысын пайдалану арқылы жүргізіледі. Интеллектуалдық және сараптамалық жүйе. Ақпарат жиынтығы базасының қалыптасуы. Электрондық пошта, телеконференция, шоғырлы не аймақтық байланыс жүйесін біріктіретін телекоммуникациялық қондырғылар. Электронды кітап­ханалар. Компьютер жүйесі оқу процесін жетіл­діру құралы болып табылады. Дегенмен, Интернет жүйесіндегі оқуға байланысты ақпараттар сирек, аз, жүйеленбеген. Бүгінде бұл технологиялар оқытудан гөрі жаңа дамушылық маңызға ие. Дегенмен, түрлі ақпараттық ағымды пайдалану арқылы шет тілін меңгеруге талпыныс келешек оқушыларға өздерінің жан-жақты дамып, сауатты маман ретінде қалыптасуына игі ықпал етеді.Технологияның методикаға қарағанда айырмашылығы мынада: оқуды жобалау тәжірибені қорытындылау негізінде емес, оқуды ғылыми тұрғыдан негіздеуге бағытталған.

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!