Дайындалған және дайындалмаған монологтік сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар



 

Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін, сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек те, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог- сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек.

Тілдік тіректер оқушылардың дайындалған монолог түрінде сөйлеуіне көп септігін тигізеді. Көптеген әдіскерлер тілдік тіректердің, сөзден мәтінге дейін, мынадай классификациясын ұсынады:

1) материалдарды көрсету негізінде;

· тілдік- кіші көлемдегі көруге болатын мәтін, жоспар, сызба, ұран, мағыналық сөздер, мақал- мәтелдер;

· бейнелеуші – кинофильм, диафильм, түрлі бейнефильмдер, суреттер, кесте, сызба, белгі, плакат, карикатура.

2) Сөз әрекетін басқару негізінде;

Дайындалған монологтік сөйлеуді дамыту үшін мынадай жаттығулар жасалады:

- Мәтінді мазмұндау;

- Әңгімелесу;

- Хабарлау

- Сипаттау

- Мінездеме беру

- Бағалау

- Сын айту

Дайындалмаған монологтік сөйлеуді дамыту үшін осы жаттығулар жасалады, тек мәтінді мазмұндау қолданылмайды.

Дайындалған және дайындалмаған монологтік сөйлеудің негізгі айырмашылығы, дайындалған монологтік жаттығуда вербальды және вербальды емес тіректер қолданылады, сонымен қатар, дайындалуға уақыт беріледі. Ал дайындалмаған монологтік жаттығуда вербалбды және вербальды емес тіректер қолданылмайды, және дайындалуға уақыт берілмейді.

 


Дата добавления: 2016-01-03; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!