Бициллин ерітіндісін дайындау



 

Қолданылатын жағдайлар:

Ревматизм, мерез, соз, ауруларында

Қолданылмайтын жағдайлар:

Пенициллинге аллергиялық реакция байқалғанда

 

Әзірле:

· Бициллині бар флакондар (бициллин - 1, бициллин - 5)

· Бициллин ерітінділері (0,25%; 0,5% новокаин ерітіндісі, 0,9% натрий хлориді (физ.ертінді), иньекцияға арналған сұйықтық

· Шприц 5,0 – 10,0 мл, инелер, кескіш, зарарсыздандырылған мақта тампоны

· Залалсыздандыру ерітінділері, спирт, пинцет, зарарсыздандырылған лоток

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолды антисептик ерітіндісімен тазарту.

2. Флакондарды тексеру: этикеткасын қарау, мөлшері, сақтау

  мерзімі, мөлдірлігі және бүтіндігін тексеру.

3. Шприц, инені құрастыру.

4. Иньекциялық ине өткізгіштігін алдын ала тексеру.

5. Бициллині бар флаконның металл қақпағын пинцет

  көмегімен алу.

6. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен сүрту.

7. Бициллин ерітетін ампуланы кескіш көмегімен кесіп,

       антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен ампула

       ұшын сындыру.

8. Ерітіндіні қажетті мөлшерде сорып алу, алдын ала

  дайындалған флаконның резеңке қақпағын тесу арқылы енгізу.

9. Шприцті инеден босатып алып, флакондағы бициллин

       ерітіндісін араластыру, ақ суспензия пайда болады.

10. Нұсқауға сәйкес бициллин суспензиясын сорып алу, ауасын

  шығару.

11. Иньекциялық инені алмастыру, бұлшық етке енгізу.

12. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен теріні баса отырып инені шығару, уқалау.

13. Пайдаланған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға сәйкес жойылады.

14. Қолды жуу, кептіру.

 

Ескерту: Бициллин суспензиясы ақ сүт тәріздес, тез қатады, иненің бітелуі жиі байқалады. Иньекциялық иненің (ІІ) алдымен тексеру, тез бұлщық етке енгізу.

Ауаны ерітінді дайындаған ине (І) арқылы шығару.

 

 

     

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Дәрілік ұнтақтарды қолдану

Қолданылатын жағдайлар:

Тері боздануы, аллергиялық диатез

Әзірле:

· Дәке, салфетка, дәрілік ұнтақ

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

           

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу. 2. Дәрі атын тексеру. 3. Ширманы қолдану. 4. Қолды антисептик ерітіндісімен тазарту. 5. Науқасты ыңғайлы етіп жатқызу немесе отырғызу. 6. Дәке салфеткасымен тері алаңын құрғату. 7. Ұнтағы бар ыдысты төмен қаратып төңкеру, сілку тәсілімен ұнтақты себу. 8. Ұнтақты теріге бірыңғай етіп жағу. 9. Қолды жуу, кептіру.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Ауыз арқылы ингаляция жасау

Қолданылатын жағдайлар:

Бронх демікпесі, бронхоспазм, баспа, жаралы стоматит

Әзірле:

· Дәрі ерітіндісі бар баллончик

· Дәке салфетка

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу.

2. Науқасқа ингаляторды қолдануды үйрету.

3. Дәрінің атын оқу.

4. Қолды антисептик ерітіндісімен тазартыңыз.

5. Басқа дәрісі жоқ ингалятормен емшараны науқасқа түсіндіру

және көрсету.

6. Науқастың тұруын өтіну немесе отырғызу.

7. Ингалятор қақпағын алу.

8. Баллончикті төңкеріп, І-ІІ саусақ арасында ұстау, бірнеше рет араластыру.

9. Науқасқа терең дем алуын өтіну.

10. Баллон мундштугін науқас ернімен қысып ұстауын өтіну

  (басы сәл кейін шайқайтылған).

11. Науқасқа терең дем алуын өтіну, осы кезде ингалятор

       баллонын басу.

12. Ингалятор мундштугын шығару.

13. Науқасқа 5-10 секундқа демін ішіне ұстауды өтіну.

14. Демді шығару.

15. Ингалятор қақпағын жабу, сақталу орнына қою.

16. Қолды жуу, кептіру.

Ескерту:

· Ингаляция жиілігі, мөлшері дәрігер нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

· 20 – 30 минут ингаляциядан кейін сөйлемеу, тамақ ішпеу.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Мұрын арқылы ингаляция жүргізу

Қолданылатын жағдайлар:

Ринит, поллиноз (мұрын шырышты қабығы қабынғанда)

 

Қолданылмайтын жағдайлар:

Аллергиялық реакциялар.

 

Әзірле:

· Дәрі ерітіндісі бар баллончик

· Дәке салфетка

 

Іс-әрекет алгоритмі:

           

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу. 2. Науқасқа ингаляторды қолдануды үйрету. 3. Дәрінің атын оқу. 4. Қолды антисептик ерітіндісімен тазарту. 5. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу. 6. Ингалятор қақпағын алу. 7. Науқастың басын артқа және оңға қисайтуын сұрау. 8. Оң танауды саусақпен басу. 9. Науқасқа ауыз арқылы терең дем шығаруын өтіну. 10. Ингалятор мундштугын сол мұрын қуысына енгізу. 11. Мұрын арқылы терең дем алуын өтіну және ингаляторды   түбінен басу, ингаляторды шығару. 12. 5 – 10 секунд (5 – 10-ға дейін санау) дем алмауын өтіну. 13. Науқас дем шығаруына болады. 14. Сәл артқа науқас басын қисайтады, сол саусақпен сол танауды басады. 15. Оң мұрын қуысына мунштук ұштығын енгізу. 16. Дем алуын өтіну және бірге ингаляторды түбінен басу. 17. Науқасқа 5 – 10 секунд демін іште ұстауын өтіну. 18. Ингалятор қақпағын жабу, сақталу орнына қою. 19. Қолды жуу, кептіру.   Ескерту: Ингаляция жиілігі, мөлшері дәрігер нұсқауына сәйкес жүргізіледі. 20 – 30 минут ингаляциядан кейін сөйлемеу, тамақ ішпеу.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Көк тамырдан қан алу

Қолданылатын жағдайлар:диагностикалық мақсатта

 

Донорлық,биохимиялық,серологиялық

Әзірле:

· Бір реттік шприц, ине

· Резеңке бұрау, салфетка, маска, латекс қолғап

· Жастықша, пинцет, таза пробирка, штатив, зарарсызданған лоток

· Зарарсызданған мақта тампоны, 70ºС этил спирті

· Залалсыздандыру ерітіндісі

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу.

2. Қолды жуу кептіру, қолғап кию.

3. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

4. салфетканы салып бұрауды қардың 2/3 бекіту.

5. Алақанды жұмып –ашуын өтіну.

6. Шынтақ иінінің 4/8 көлемінде егу аймағын 70 % этил спиртіне малынған мақта шаригімен бір бағытта айналдыра жоғарыдан төмен қарай сүрту.

7. Көк тамырды ережеге сәйкес тесу.

8. Поршенді тарту арқылы иненің көк тамырда екендігін анықтау.

9. Керекті көлемдегі қанды шприцке алу.

10. Бұрауды шешу.

11. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампондарымен теріні баса отырып, инені шығару.

12. 1-2 минут шынтақ иінін қысып ұстау.

13. Штативке орналасқан пробиркаға (қабырғасының бойымен) қанды жіберу.

14. Жолдама толтырып, қанды зертханаға жеткізу.

15. Пайдаланған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға сәйкес жойылады.

16. Қолды жуу, кептіру.

 

Ескерту: Пробирка орналасқан штативті бикске салу, бекіту (поролон).

Жолдаманы толтырып, биксті зертханаға жеткізу.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Қан «тазалығына» және бактериологиялық зерттеуге

Қолданылатын жағдайлар:

Сепсис ауруында, «түсініксіз» қызба кезінде

Әзірле:

· Бір реттік шприц, ине

· Резеңке бұрау, салфетка, маска, латекс қолғап

· Жастықша, пинцет, таза пробирка, штатив, зарарсызданған лоток

· Зарарсызданған мақта тампоны, 70ºС этил спирті

· Залалсыздандыру ерітіндісі, спиртовка, сіріңке

· Қоректік ортасы бар флакон (1 апта -100 мл, 2 апта – 150 мл,

3 апта – 200 мл)

· Жолдама бланкасы

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу.

2. Қолды антисептик ерітіндісімен тазарту, қолғап кию.

3. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

4. Салфетканы салып бұрауды қардың 2/3 бөлігіне бекіту.

5. Науқастан алақанды жұмып – ашуын өтіну.

6. Шынтақ иінінің (4х8 см) егу аумағын антисептик ерітіндісімен бір бағытта сүрту.

7. Көк тамырды ережеге сәйкес тесу.

8. Поршенді тарту арқылы иненің көк тамырда екендігін анықтау.

9. Керекті көлемдегі қанды шприцке алу.

10. Бұрауды шешу.

11. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампондарымен теріні баса отырып, инені шығару.

12. 2 минут шынтақ иінін қысып ұстау, мақта тампонды залалсыздандыру ерітіндісіне салу.

13. Спиртовканы жағу.

14. Қоректік ортасы бар флакон тығынын отпен күйдіру.

15. Шприцтегі қанды флакондағы қоректік ортаға жіберу.

16. Флакон тығынын отпен күйдіре отырып, бекіту.

17. Жолдама бланкасын толтырып, алынған қанды бактериологиялық  

   зертханаға жеткізу.

18. Пайдаланылған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға

    сәйкес  залалсыздандырылады және жойылады.

19. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.

20. Инфекциялық қауіпсіздікті сақтау.

Ескерту:

Науқас тұруына көмектесу.Пробирка орналасқан штативті бикске салу, бекіту (поролон). Жолдаманы толтыру.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Құрсақ қуысына пункция жасау

Қолданылатын жағдайлар:

Асцит, құрсақ қуысы жарақаттануында

 

Әзірле:

· Йодонат, 960С этил спирті, 0,5% новокаин, мүсәтір спирті

· Шприц, ине, мақта, қысқыш, зарарсызданған лоток, залалсызданған пробирка

· Троакар, өткір скальпель, хирургиялық бір-екі тісті ілгіш

Іс-әрекет алгоритмі:

           

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу. 2. Науқас жағдайын бақылау. 3. Қолды антисептик ерітіндісімен тазалау, кептіру, қолғап кию. 4. Емшараға науқасты саналы түрде қатыстыру. 5. Инфекциялық қауіпсіздікті сақтау.       6. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу. 7. Иньекция аймағын йодонатпен немесе этил спиртімен тазалау. 8. Теріні, тіндерді 0,5% новокаин ерітіндісімен жансыздандыру. 9. Скальпельмен теріні тесу. 10. Бұрау тәсілімен троакарды құрсақ қуысына енгізу. 11. Сұйықтықты шприцпен шығару. 12. Емшара соңынан троакарды шығару, залалсыздандыру ерітіндісіне салу. 13. Антисептик ерітіндісіне малынған мақтамен иньекция аймағын сүрту. 14. Дәке салфетканы лейкопластырьмен бекіту. 15. Залалсыздандыру. 16. Пайдаланылған медициналық құралдарды әдістемелік нұсқауға сәйкес залалсыздандыру және зарарсыздандыру. 17. Қолғапты шешу, қолды жуу және кептіру.
 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

 

Науқасың төсектегі қалпы.

«Бүйірімен» жатқызу.

Бір қапталы салға ұшыраған науқасты зақымданған бүйірімен

немесе сау бүйірінде жатқызуға болады. Зақымданған дене бөлігі

бұлшық еттері босаңсуына байланысты науқасты қозғау

кезінде буындардың шығуы, ауырсыну байқалуы мүмкін,

міндетті түрде ауырсыну белгісі болса аға мейірбике немесе

дәрігерге айтылады.

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқас бүйірінен кереуетке жатқызылады, басына аласа етіп

  жастық қойылады.

2. Екінші жастықты науқас арқысына тіреп қойылады.

3. «Астыңғы» қолды бүгілген күйінде алға шығарып, кеуде

тұсындағы жастыққа қою.

4. Қажет болған жағдайда нуқас алақанына қол орауы (валик)

  қойылады.

5. Тепе–теңдікті сақтау мақсатында «жоғарғы» аяқты бүгілген

   күйінде алға шығару.

6. Екі аяқ арасына «жоғарғы» аяқ астына жастық қою.

7. «Салбыр» табан алдын – алу мақсатында табан астына тіреуіш қою.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Науқастың төсектегі қалпы.

«Арқамен» жату.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты арқасымен төсекке жатқызу.

2. Омыртқа жотасының тік орналасуын тексеру. Басының

  астына кіші жастық салу.

3. Науқас алақанын төмен қаратып, қолды бойдың

  ұзындығынан орналастыру. Білек астына жастық қою.

4. Егер қимылсыз болса (паралич), онда алақан арасына орау

       қойылады, лейкопластырьмен бекітіледі.

5. Науқас санының жанына «сан» валиктері (ораулар)

  қойылады.

6. Егер науқас екі аяғы да қимылсыз болса (паралич), онда

       санының және толарсақ тұсына ораулар қойылады.

7. Науқас аяғы саусақтары жоғары, анатомиялық қалыпта

  орналасуын бақылау. Салбыраған табанды болдырмау

       мақсатында арнайы көмекші құралдар қолданылады –

       құмы бар қап, картон, тақтайлар.

8. Мейірбикенің үнемі бақылауында болуы керек.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Науқастың төсектегі қалпы.

«Етпетінен» жату.

 

 «Етпетінен» жату тері ойылуы бар науқасқа қолданылады.

 Кейбір науқастарда тыныс алуға кедергі жасауы мүмкін, дұрыс

 орындалған жағдайда тез бейімделеді.

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. 2 көмекші демеуімен науқасты кереуетке етпетінен

2. жатқызу.

3. Басты бір қапталға бұру (жастық немесе бүктелген

  сүлгі қолданылады).

4. Омыртқа жотасын тік орналасуын қадағалау.

5. Кеудені берілген қалыпта ұстап тұруы үшін арнаулы

  құралдар қолдану – бүктелген сүлгіні иық астына қою

       және т.б.

6. Қолды ыңғайлы орналастыру.

        а) шынтақ иініне бүгілген, бас бөлігіне көтеру.

        б) ұзына  бойы тік орналасу.

7. «Салбыр табан» болмауын қадағалау.

8.  Науқас бойы ұзын болса, кереует, матрацтан шығып

   орналасады.

9. Егер науқастың бойы қысқа болса, толарсақ тұсына

  «аяқ» орауы қойылады, нәтижесінде табан анатомиялық

       қалыпта орналастырылады.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Тренделенбург күйі

 

Көрсетілімі : Өкпе секретін шығаруды жеңілдету,

                   көк тамырдағы қанайналымды жақсарту.

                   Естен тану кезінде тренделенбург күйі

                   қолданылады.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасты кереуетке арқасымен орналастыру.

2. Басының астына жастық қою.

3. Науқастың бас бөлімі горизонтальды сызықтан

  300 бұрышпен төмен орналасады.

4. Кереует басы төмен, ал науқас аяғы орналасқан

  бөлігі жоғары орналасады.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

                                   Науқастың төсектегі қалпы.

                             «Тізе - шынтақпен» жату.

ҚолданылатынТік ішекке емдік, диагностикалық

жағдайлар :  шаралар жүргізуге байланысты

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты кереует немесе стол (зерттеу кезінде) үстіне

   шығуын өтіну.

2. Кеудесін және қолын кереует немесе стол үстіне қою.

3. Науқас басына жастық қою.

4. Науқас қысылмауы үшін үстіне ақ жайма жабу, тік ішек

  алаңын ашық қалдыру.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Науқастың төсектегі қалпы.

«Арқа – құйымшақпен» жату.

 

Қолданылатын жағдайлар:  Гинекологиялық, акушерлік

                                               емшаралар жүргізу кезінде қолданылады.

                                               Шат аралық тексеру, қынапты жуу, 

                                               тампондар қою кезінде қолданылады.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Гинекологиялық креслода науқас арқасымен жатады,

   үзеңгіге аяқ бекітіледі.

2. Аяқ тізеден бүгілген, табан санға жақын   

  және өзара алшақ орналасады.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Қақырықты атиптік клеткаға тексеруге жинау

Қолданылатын жағдайлар:

Тыныс алу жүйесінің қатерлі ісік ауруларында

Әзірле:

· Мойны кең таза шыны ыдыс, резеңке қолғап, бетперде

· Ферменттер – трипсин т.б

· Залалсыздандыру ерітіндісі

 

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және

  келісімін алу.

2. Керекті құралдарды дайынадау.

3. Жолдама бланкасын әзірлеу.

4. Жөтел кезіндегі қақырықты жинау керектігін ескерту.

5. Таңертеңгілік қақырық жинаудан 2 сағат бұрын тістерді

  тазалау, қақырық жинар алдында ауыз қуысын қайнаған

                  сумен шаю.

6. Емшараға науқасты саналы түрде қатыстыру.

7. Ауыз қуысындағы микробтардың қақырыққа

  қосылмауын қамтамасыз ету.

8. 5 мл көлемде қақырықты жинау, аузын жабу.

9. Жолдаманы толтырып, клиникалық зертханаға тез жеткізу.

(мұздатқышта 1-2 сағаттан артық сақтауға болмайды).

10. Пайдаланылған медициналық құралдарды әдістемелік

  нұсқауға сәйкес залалсыздандыру және зарарсыздандыру.

11. Қолғапты шешу, қолды жуу және кептіру.

 

Ескерту: атиптік клеткалар тез ыдырайды, сондықтан қақырықты

           тез арада  зертханаға жеткізу, жөтел кезінде қақырықты жинау

            қақырықтың бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында

           ферменттермен (трипсин) ингаляция жасаған тиімді.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

            

Тазалау клизмасы

Қолданылатын жағдайлар: іш қатпа, асқорыту,

                                               зәр шығару жүйесін инструментальді

                                               зерттеуге       дайындық,  эндоскопиялық

                                               зерттеу  алдында, операция, босану

                                               алдында, улану, дәрілік, гипертониялық,

                                               қоректік клизмалар алдында

Қолданылмайтын жағдайлар:  асқорыту жүйесінен қан кету,

                                                    тік ішектің жедел қабынуы және

                                                    жаралы аурулары, тік ішек қатерлі рагі,

                                                    тік ішектің түсуі, геморрой

Әзірле: сабын, жеке сүлгі, бір реттік резеңке қолғап,

           зарарсыздандырылған ұштық, 1-2 литрлік ыдыс,

           Эсмарх кружкасы, штатив, клеенка, 24-25ºС 1,0-1,5 л су,

           жайма, глицерин майы, пайдаланған заттарға арналған лоток,

           қап, залалсыздандыру ерітінділері 3 дана

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру, келісімін алу.

2. Қолды сұйық сабынмен жуу, жеке сүлгімен кептіру.

3. Эсмарх крушкасына 1,0 -1,5 литр әзірленген суды құю,

кілтін ашып, резеңке түтікше жүйесін сумен толтыру.

4. Кілтті жабу, судың ағымымен ауаны шығарып,

Эсмарх крушкасын кушеткадан 1 метр биіктікте штативке бекіту.

5. Кушеткаға клеенка төсеп, үстін жапқышпен жабу.

6. Науқасты сол қырынан жатқызу, тізелері бүгулі күйінде ішіне тарта орналастыру.

7. Зарарсыздандырылған қолғапты кию.

8. Эсмарх кружкасына зарарсыздандырылған ұштықты жалғастыру, глицерин майын жағу.

9. Екі саусақпен мықынды ашып, оң саусақпен ұштықты аналь тесігіне алдымен кіндікке қарай 3-4 см, одан соң омыртқа жотасына параллель бағытта 8-10 см енгізу.

10. Эсмарх кружкасы вентилін ашу.

11. Науқас ішімен демалуын өтіну және жағдайын бақылау.

12. Эсмарх кружкасы кілтін жабу, ұштықты тік ішектен алу.

13. Пайдаланған ұштықты лотокқа салу.

14. Науқастан ішектегі суды ұстап тұруын өтіну, содан кейін ішекті босату.

15. Науқастан көңіл-күйін сұрау.

16. Арнайы қапқа пайдаланылған жайманы салу.

17. Залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа пайдаланған ұштықты салу.

18. Залалсыздандыру ерітіндісімен Эсмарх кружкасын және клеенканы арасына 15 минут салып, 2 рет сүрту.

19. Пайдаланған құралдарды залалсыздандыру ерітіндісіне салу.

20. Қолғапты шешіп, залалсыздандыру ерітіндісіне салу.

21. Қолды сұйық сабынмен жуу, жеке сүлгімен кептіру.

                       

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

Майлы клизма

Мақсаты:тазалау, емдік

Қолданылатын жағдайлар:ісіктер, құрсақ қуысы мүшелеріне

                                              ота жасалғаннан кейінгі кезеңде,           

                                              тазалау  клизмасынан көмек

                                              болмаған жағдайда, босанудан кейін

Әзірле:

· Алмұрт тәрізді баллон немесе Жанэ шприці

·  Зарарсыздандырылған жел шығаратын түтікше, салфетка,

· 37-380С жылытылған 50-200 мл өсімдік майы (күнбағыс, зәйтүн, итмұрын, бүрген т.б)

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін

алыңыз.

2. Қолды жуу, кептіру, резеңке қолғап киіңіз.

3. 60 минут бұрын тазалау клизмасын жасаңыз.

4. Стаканға 50-100 мл өсімдік құйыңыз.

5. Су моншасында майлы ерітіндіні 37-380С жылытыңыз.

6. Жане шприціне жылытылған майды сорып алыңыз.

7. Жане шприцін лотокқа қойыңыз.

8. Науқастың аяғын ішіне бүккізіп, сол қырымен жатқызып, астына

     клеенка және ақ жайма төсеңіз.

9. Зарарызданған бикстен жел шығаратын түтікшені алыңыз.

10. Оң қолына зарарсызданған түтікшені алып, вазелин майымен

майлаңыз.

11. Сол қолымен науқастың мықынын ашып, оң қолмен жел

шығаратын түтікшені айналдырып, тік ішекке әуелі 3-4 см кіндікке

қарай, омыртқаға қатараластыра 15-20 см тереңдікке енгізіңіз.

12. Түтікшеге Жане шприцін жалғастырып майды ақырын жібіріңіз.

13. Түтікшені шығарып алып, науқасты бірнеше сағатқа

шалқасынан жатқызыңыз.

14. Майлы клизма 10-12 сағаттан соң әсер етеді, сондықтан клизманы

ұйқы алдында жасаған жөн.

15. Пайдаланған құралдарды залалсыздандыру ерітіндісіне салу.

16. Қолғапты шешіп, залалсыздандыру ерітіндісіне салу.

17. Қолды сұйық сабынмен жуу, жеке сүлгімен кептіру.

 

 

                      

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Дәрілік клизма

 

Қолданылатын жағдайлар: дәрігер нұсқауы бойынша ішекке дәрілерді емдік мақсатта енгізу.

Әзірле:

· Алмұрт тәрізді баллон немесе Жанэ шприці

·  Зарарсыздандырылған жел шығаратын түтікше, салфетка,

· 37-380С жылытылған 50-200 мл дәрілік ерітінді

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алыңыз.

2. Қолды жуу, кептіру, резеңке қолғап киіңіз.

3. 60 минут бұрын тазалау клизмасын жасаңыз.

4. Стаканға 50-100 мл дәрілік ерітіндіні құйыңыз.

5. Су моншасында дәрілік ерітіндіні 37-380С жылытыңыз.

6. Жане шприціне жылытылған дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.

7. Жане шприцін лотокқа қойыңыз.

8. Науқастың аяғын ішіне бүккізіп, сол қырымен жатқызып, астына

     клеенка және ақ жайма төсеңіз.

9. Зарарызданған бикстен жел шығаратын түтікшені алыңыз.

10. Оң қолына зарарсызданған түтікшені алып, вазелин майымен

      майлаңыз.

11. Сол қолымен науқастың мықынын ашып, оң қолмен жел

     шығаратын түтікшені айналдырып, тік ішекке әуелі 3-4 см кіндікке

      қарай, омыртқаға қатараластыра 15-20 см тереңдікке енгізіңіз.

12. Түтікшеге Жане шприцін жалғастырып дәрілік ерітіндіні

ақырын жібіріңіз.

13. Түтікшені шығарып алып, науқасты бірнеше сағатқа

      шалқасынан жатқызыңыз.

14. Дәрілік клизма 10-12 сағаттан соң әсер етеді, сондықтан клизманы

      ұйқы жасаған жөн.

15. Пайдаланған құралдарды залалсыздандыру ерітіндісіне салу.

16. Қолғапты шешіп, залалсыздандыру ерітіндісіне салу.

17. Қолды сұйық сабынмен жуу, жеке сүлгімен кептіру.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Қақырықты флотация тәсілімен тексеруге жинау

Қолданылатын жағдайлар: Өкпе туберкулезі ауруларында

Қолданылмайтын жағдайлар:   Ауыр халдегі науқас

Әзірле:

· зарарсызданған қақырық жинағыш

(қақпағы бар, қоңыр түсті шыны ыдыс)

· зертханаға жолдама

· залаласыздандыру ерітіндісі

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу.

2. Қоңыр түсті шыны ыдысқа 3 күн бойы қақырықты жинау.

3. Жөтел кезіндегі қақырықты жинау керектігін ескерту.

4. Қақырықты жинау алдында және кейін жеке бас гигиенасын сақтау.

5. Кешке тісті тазалау, қақырықты жинау алдында қайнаған сумен ауыз шаю.

6. Науқас таңертеңгілік жөтелі кезінде қақырықты 15-20 мл көлемінде таза ыдысқа жинау.

7. Қақпағын жабу.

8. Қоңыр түсті ыдысқа қақырық 1-3 күн жинау.

9. Жолдаманы толтырып, клиникалық зертханаға жеткізу.

10. Пайдаланылған медициналық құралдарды әдістемелік нұсқауға сәйкес залалсыздандыру және зарарсыздандыру жүргізу.

11. Қолғапты шешу, қолды жуу және кептіру.

 

 

Ескерту: Қарырық бір тәулік немесе 3 тәулік бойы жиналады.

Қақырықтың 1 мл – 10 000 туберкулез микобактериясы болған жағдайда айқындалады. Қақырықтың мөлшері 15 - 20,0 мл болуы керек. 3 рет қатарынан жүргізіледі.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Тері астына инъекция жасау

Көрсетілімі:Дәрілік сұйықтарды әдістемелік нұсқауға сәйкес

         енгізу (инсулин, гепарин, кордиамин, вакциналар т.б.)

 

Қарсы көрсетілімі:Дәрілік сұйықтыққа аллергия болғанда

                               инъекция аймағында терісінің зақымдануы.

 

Әзірле: 1мл, 2мл дейін щприц (иненің ұзындығы 20-30мм саңылауы

          0,4-0,6мм)спирт, мақта, дәрілік сұйықтық, кескіш, пинцет,

          зарарсызданған лоток, залалсыздандыру ерітіндісі

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу.

2. Қолды антисептик ерітінідісімен тазарту.

3. Щприцті құрастыру, дәрілік сұйықтықты нұсқауға сәйкес сорып алу.

4. Инъекциялық инені бекіту, өткізгіштігін текесру және ауасын шығару.

5. Ине қақпағын кигізу лотокқа қою.

6. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

7. Антисептик ерітіндісіне малынған екі мақта тампонын алу.

8. Қарды ойша 3-ке бөліп,ортаңғы бөлігін 4х8 см инъекциялық аумақты антисептик ерітіндісіне батырылған мақтамен бір бағытта сүрту, екінші мақта тампонын сол қолда ұстау.

9. Сол қолмен инъекция жасайтын жерді үшбұрышты етіп жинастыру.

10. Оң қолға иненің қиығын жоғары қаратып щприцті ұстау.

11. Оң қолдың сұқ саусағымен муфтадан ұстай отырып 45 градус бұрышымен 15мм инені енгізу (2/3 ине ұзындығына сәйкес).

12. Сол қолдың бас саусағымен поршенді баса отырып, дәріні жіберу.

13. Антисептик ерітіндісіне малынған екінші мақта тампонымен теріні баса отырып инені тез шығарып алу, уқалау.

14. Пайдаланылған құралдар залалсыздандырылады және жойылады.

15. Қолды жуу, кептіру.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Фенолфталеин сынамасы

Мақсаты: құралдардағы жуу ерітінідісін бақылау

Әзірле:

· фенолфталеиннің 1% спиртті ерітіндісі

· Мақта тампоны

· Зарарсызданған лоток, тексерілетін құрал

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пипеткамен 1% фенолфталеин спиртті ерітіндісін алу.

2. Құралға, цилиндр, поршень, инелерге ерітінідіні тамызу.

3. Мақта тампонының үстінде ұстап, ерітіндінің түсін

 бақылау.

4. Нәтижені бағалау.

 

 

Ескерту:

- Сынама «оң» - егер ерітінді «қызғылт» түске боялса, онда жуу ерітіндісінен дұрыс тазаланбаған, ағынды су астында жуу керек.

- Сынама «теріс» - ерітінді түсі өзгермесе, тазалаудың келесі кезеңіне көшу қажет (дистильденген сумен жуу, кептіру).

 

          

                                                                       

 


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 2020; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!