Антибиотикті еріту мен флаконнан ерітіндіні алу



Әзірле:ішінде дәрісі бар флаконды, еріткішті, 5-10 гр шприц, 

             пинцет, мақта шаригін, 70ºС этил спирті, лоток

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Флаконды алып, оның атын, мөлшерін, қолдану мерзімін ұқыпты оқып саңылаусыздығын тексеріңіз.

2. Пинцетпен алюминий қақпақтың орта бөлігін ашыңыз.

3. Резеңке тығындыны спиртке батырылған мақта шаригімен сүртіп тазалаңыз.

4. 10 мл шприцті құрастырып, антибиотикті еріту үшін конусқа инені кигізіңіз.

5. Шприцке қажетті мөлшердегі еріткішті алып, оны резеңке тығыны арқылы флаконға құйыңыз.

                   1:1 тәсілмен антибиотикті еріту

100000 Б 1 мл еріткішті ал.

250000 Б 2,5 мл еріткішті ал.

500000 Б 5 мл еріткішті ал.

1000000 Б 10 мл еріткішті ал.

6. Шприцтен флаконды инемен бірге шығарып алып, оның ішіндегі ұнтақ дәрі толық ерігінше флаконды шайқаңыз.

7. 5-10 мл шприцті құрастырып, оны флакондағы мөлшердегі ерітінді дәріні сорып алыңыз.

                  1:2 тәсілмен антибиотикті еріту

100000 Б 0,5 мл еріткішті ал.

300000 Б 1,5 мл еріткішті ал.

500000 Б 2,5 мл еріткішті ал.

1000000 Б 5 мл еріткішті ал.

8. Ерітінді дәріні флаконнан сорып алып, иненің өткізгіштігін инеден ерітіндімен ауаны шығарып тексеріңіз.

9. Залалсыздандырылған лотокқа әзірлеген шприцті спиртке батырылған 2 мақта шаригін салыңыз.

10.  Еріткен антибиотик қалғанын тоңазытқышқа бір тәулікке сақтаңыз.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Инсулин мөлшерін есептеу

 

Әзірле:лоток, мақта шаригі, 70ºС этил спирті, пинцет, инсулинді     

          шприц инесімен, инсулині бар флакон

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Инсулиннің концентрациясына қарай шприцтің бір бөлімінде неше инсулин бар екенін санаңыз.

2. Инсулин флаконын жұмысқа әзірлеңіз (флаконды алақанда бірнеше рет әрі-бері қозғап, инсулинді жақсылап араластырып, резеңке тығынды спирпен тазалаңыз)

3. Шприцтің поршенін кері тартып ауа сорыңыз.

4. Ауаның мөлшері тағайындалған инсулин мөлшеріне сай болуы керек.

5. Иненің қалпағын алып, инсулині бар флаконға енгізіңіз.

6. Шприцтің поршенін итеріп, ауаны флаконға енгізізіңіз, флаконға енген ауа инсулиннің шприцке тез сорылуына жағдай жасайды.

7. Сол қолмен флаконды және шприцті жоғары көтеріңіз.Иненің ұшы инсулинде тұрғанын тексеріңіз. Оң қолымен ақырын поршенді кері тартып және шприцке инсулинді тағайындалған мөлшерден артық сорыңыз.

8. Флаконнан инені шығарып алыңыз, ауаны шығарып шприцте инсулин тағайындалған мөлшерін қалдырыңыз.

9. Спиртке малынған мақта шаригімен ине егілетін орынды тазалаңыз.

10. Инсулинді науқастың тері астына егіңіз ( көп мөлшерде 

болса бұлшық етке егіңіз).

11. Шприц пен инені контейнерге салыңыз, қолданылған 

мақта шаригін залалсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа 

салыңыз.

 

       Ескерту: инсулиннің әрбір түрін әр шприцке сорыңыз және         

                       бөлек енгізіңіз.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю

Әзірле:бір рет қолданылатын система, дәрі-дәрмек заттар, 

          штатив, резеңке бұрау, кленка көпшік, салфетка, 

           лейкопластырь

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бір рет қолданатын системаны құрастырып, тағайындалған дәріні әзірлеңіз.

2. Науқасты  төсекке ыңғайлы етіп жатқызыңыз.

3. Науқастың шынтағының астына кленкадан тігілген көпшікті салыңыз. Алақанын жоғары қаратып ашып, иық сүйегінің орта жеріне астына көйлектің жеңін салып, оның үстінен резеңке бұраудың ілмегін төмен қаратып көк тамыр ісіп көрінетіндей етіп тартып байлаңыз.

4. Иньекция жасайтын жерді спиртке батырылған мақта шаригімен тазалап сүртіңіз.

5. Системадан иньекция жасайтын инені қалпағынан шешіп алыңыз. Науқасқа бірнеше рет жұдырығын ашып жұмыңыз деп сұрап, содан соң жұдырығын қаттырақ түйгізіп көк тамырды табыңыз.Оның үстіндегі теріні тартып тұрып, инемен әуелі теріні, сосын тамырдың қабырғасын тесіңіз.

6. Инеден қан көрінгенде науқастың жұдырығын ашып, резеңке бұрауды шешіп, системаның бұрамалық қысқышын ашып, инені үстінен лейкопластырьмен бекітіңіз.

7. Тамшының ағу жылдамдығын дәрігердің тағайындауы бойынша бұрамалық қысқышпен реттеңіз.

8. Шприц пен инені контейнерге салып, қолданылған мақта    

шаригін залалсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа қойыңыз.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі жедел көмек

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

           1. Дәрігер шақыру.

2. Енгізіліп жатқан аллергенді тоқтату (инені к/т қалдыру).

3. Науқасты жатқызып, басын бір жаққа бұрып, аяғын көтеру.

4. Таза ауамен қамтамасыз етіп, ылғалды оттегі беру.

5. Қажетті заттарды дайындау.

6. Дәрілік заттарды к/т тамшылатып құю үшін система.

7. Әр түрлі көлемдегі шприцтер.

8. ӨЖД аппараты (Амбу қапшығы).

9. «Анафилактикалық шокқа қарсы» бикс

10. Дәрігер тағайындауы бойынша:

- т/і 0, 018% - 0,2 мл адреналин

- к/т 0, 018% - 0,5 мл адреналинді NaCl ерітіндімен.

- к/т кортикостероидты енгізу

11. 60-90 мг (180 мг дейін) преднизолон немесе гидрокортизон 150-300

мг (к/т немесе б/е)

12. Антигистаминды дәрілерді енгізу:

- Супрастин 2% - 4 мл, пипольфен 0, 25% - 2-4 мл

- Димедрол 1% - 2-5 мл.

- Жүрек гликозиттері:

- Строфантин 0, 05% - 5 мл, 10 мл NaCl

- Дигоксин 0, 025% - 0, 5 мл, 10 мл NaCl

- Зәр жүргізетін лазикс (фуросемид 1% - 6 мл к/т)

13. Эуфиллин 2, 4% - 10 мл, 10 млNaCl

14. Кордиамин 25% - 2 мл. Кофеин 20% - 2 мл.

15. Реанимациялық іс-шаралар жүргізу.

16. Жансақтау бөлімшесіне жеткізу.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Тыныс алу жолдарына бөгде зат тұрып қалу кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Басын алға еңкейту, қысып тұрған киімдерді шешу.

2. Есі бар екендігін сақтай отырып, тізеңізге ішімен жатқызып, науқастың басын еңкейту, екі жауырын ортасынан екі қолыңызбен, науқас сыртқа дем шығарғанда жеңіл басыңыз.

3. Вибрациялық массаж арқылы жасанды жөтел шақыру.

4. Есі бар екендігін сақтай отырып, Геймлих әдісін отырғызып немесе тұрғызып жасаңыз.

5. Егер науқас, ес-түсін жоғалтса, оны арқасына жатқызып, сұқ саусақпен мойын үстінен кеңірдекті терең басып бөгде затты алу.

6. Көмектеспеген жағдайда, науқастың бел тұсына отырып, екі тіземізді еденге тигізіп, эпигастрий аймағын қозғалту бас жағына қарай.

7. Ұйқы артериясынан пульс тексеру, демалысы мен жүрегі тоқтаған жағдайда жүрек-өкпе реанимациясын жасау.

8. Осы іс-әрекеттерді науқастың жағдайы жақсарғанша жасау.

9. Жедел жәрдем шақыру.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

«Бронх демікпесі» ұстамасы кезіндегі дәрігерге дейін көмек

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Таза ауамен қамтамасыз ету, физикалық, психикалық

тыныштық, қысқан киімдерін шешу.

2.Жедел түрде дәрігер шақыру.

3.Науқасқа ыңғайлы жағдай туғызу.

4.Аллергия себебін жою.

5.Қалта ингаляторларын қолдану (сальбутамол, беротек,

анезпен, венталинк) 3 реттен көп емес.

6.Ылғалды оттегі беру.

7.Сұйықтық көп беру.

8.Дәрігер келгенше дайындау:

 а) эуфилин 2, 4% - 10 мл к/т

 б) эфедрин 5% - 1 мл

 в) димедрол 1% ерітіндісі 12 мл

 г) пипольфен 2, 5% - 2 мл к /т

   9.Преднизолон 30-120 мг немесе гидрокортизон 125 – 250 мг.

   10.Науқас жағдайын бақылау.

   11.Ұстама басылмаса реанимация бөліміне жеткізу.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Инфаркт миокарды кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Ыңғайлап жатқызу.

2. Физикалық, психикалық тыныштық.

3. Қысқан киімдерін шешу.

4. Таза ауамен қамтамасыз ету.

5. Тез арада дәрігер шақыру.

6. Аспирин 0, 25 – 0, 35 шайнауға.

7. Оксигенотерапия.

8. Дәрігер тағайындауы бойынша: анапрелин 10 – 40 мг.

9. Стрептокиназа 700 000 – 1 500 000БР 200 мл NaCl изотониялық ерітіндісі к/т тамшылытып.

10.  Гепарин 5 000БР к/т содан кейін к/т тамшылытып 100БР сағатына.

11.  Лидокаин 2% - 2 мл 2 мг дене салмағына к/т және 5 мл.

12.  Дофамин 4% - 5 мл (200 мг) 400, 0 мл реополиглюкин немесе 5% глюкоза ерітіндісі к/т тамшылытып.

13.  Верапамил 5 – 10 мг АТФ 1-2 мл 1% ерітіндісі.

14.  Жағдайы бір қалыпты жағдайға түскеде терапия бөліміне ауысады.

15.  Үнемі қадағалау қажет.

 

                         

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Гипертоникалық криз кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Тез дәрігер шақыру.

2. Таза ауамен қамтамасыз ету.

3. Төсекке көлденең жатқызып, басын көтеру.

4. Шүйдеге және төс бұлшық етіне қыша қағазын қою, аяққа

жылытқыш қою, қолға ыстық ванна жасау.

5. Маңдайға суық компресс қою.

6. Дәрігер тағайындауы бойынша: нифедипин (коринфар, кордафен,

адалат) 10 мг тіл астына, лазикс (фурасемид) 1% - 2-4 мл к/т.

7. Клофелин 0, 001% - 1 мл к/т 5 мин ішінде 20 мл изотоникалық NaCl

ерітіндімен баяу енгізу.

8. Дроперидол 0, 25% - 1-2 мл изотоникалық NaCl ерітіндімен к/т

Тахикардия қайтпаса анаприлин 1 (40 мг) таблеткасын тіл астына.

9. Дәрілік заттарды артерия қан қысымын бақылай отыра енгізу.

10. Криз кезінде АҚҚ 20% дейін төмендету керек, ауруханаға тасымалдау.

 

 

                                      

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

                                             Асқазанды жуу

Әзірле:

- Зарарсыздандырылған лоток, жуан асқазан зонды, резеңке

- түтікше (зондты ұзарту үшін), шыны жалғағыш түтікше,

-  шыны оймыш, сыйымдылығы 1 л; вазелин майы,

- жуынды су үшін леген немесе шелек, сүлгі,

- 10-12л су, темепературасы 34-36ºС, құман, резеңке қолғап,

- екі алжапқыш, таза, құрғақ,

- қақпағы бар ыдыс (жуынды судың алғашқы үлесі үшін),

- зертханаға жолдама, залалсыздандыру үшін ыдыс

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолды жуып, алжапқыш пен резеңке қолғапты киіңіз.

2. Зарарсыздандырылған лотокқа асқазанды жууға арналған зарарсыздандырылған жүйені (зонд, біріктіргіш шыны түтікше, резеңке түтікше, оймыш) салыңыз.

3. Иектен кіндікке дейінгі аралықты зондпен өлшеп, зондқа белгі қойыңыз, 15 см қосыңыз.

4. Науқасты үстелге отырғызыңыз, егер халі ауыр болса, сол қырымен жатқызыңыз, оған алжапқыш кигізіңіз, протез тістері болса алыңыз.

5. Аяқтарының ортасына жуынды су үшін сырланған леген немесе шелек қойыңыз.

6. Науқасқа түсіндіру керек, зонд жұту барысында тістеуге, түртуге болмайды, мұрынмен терең тыныс алып, жұтыну қозғалысын жасау керек.

7. Асқазанды жуу үшін системаны алып, науқастың оң жағына тұрып, аузын ашуын сұраныңыз.

8. Зондтың бітеу ұшын суға малып, тіл түбіріне қойып және науқасқа жұтыну қозғалысын жасауын сұраныңыз.

9. Егер науқастың құсқысы келсе, онда зондты енгізуді тоқтатып, бірнеше рет терең тыныс алғызып, сонан соң зондты ендіруді жалғастырыңыз.

10.  Егер науқас жөтелсе, тыныс тарылса, беті көгерсе, онда зондты кері шығару керек (себебі зонд кеңірдекке түскен), сонан соң қайталап енгізіңіз.

11.  Белгі қойылған жерге дейін зондты жұтқызыңыз.

12.  Тізе деңгейіне дейін оймышты зондты түсіріңіз.

13.  Оймышты қисайтып, құмандағы жылы суды құйыңыз.

14.  Оймышты науқас басынан жоғары көтеріп, оймыштағы судың деңгейін қадағалау қажет. Су қалай оймыш түбіне барғанда, оны тізе тұсына дейін түсіру керек. Асқазандағы жуынды су қайтадан оймышқа келеді. Жіберілген су мен шыққан су бірдей мөлшерде болуына назар аудару керек.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Оттегі жастықшасы арқылы оттегімен емдеу

Көрсетілімі:жүрек-қан тамырлар және тыныс алу жүйесі аурулары, жедел және созылмалы тыныс тапшылығы

 

Әзірле: оттегі жастығы, салфетка, су, мундштук, лоток, залалсыздандыру ерітінділері

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

 1. Оттегі жастығын алыңыз.

 2. Оттегі жастығының резеңке түтіктегі бұрандасын ашыңыз.

 3. Оттегі жастығының резеңке түтігін оттегі баллонының

    редукторына жалғастырыңыз.

                   4. Редуктордың бұрандасын ақырын ашыңыз.

                   5. Оттегі жастықшаны толтырғаннан кейін,

                       редуктор бұрандасын және жастық бұрандасын жабыңыз.

                   6. Оттегі жастығына мундштукты кигізіңіз.

 7.Оттегі жастығының мундштугін 2-3 қабатталған        дымқылданған салфеткамен орау керек.

                   8. Мундштукты науқас аузына 1-2 см аралығында ұстаңыз.

 9. Резеңке түтіктің бұрандасын ашыңыз.

10.Оттегі жастықшада азайған жағдайда: жастықты бос қолыңызбен қысыңыз, содан кейін мундштукқа қарсы шетінен оттегі жастығы босағанға дейін орау керек.

11.Пайдаланған медицина құралдарды залалсыздандыру.

        

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

  Орталықтан ылғалданған оттегіні Бобров аппараты арқылы               

                                              беру әдісі

Көрсетілімі:жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесі аурулары, жедел                       және созылмалы тыныс тапшылығы

 

Әзірле: Бобров аппараты, бинт, муляж тренажер, зарарсызданған мұрын катетер

і, вазелин майы, лоток, пинцет, дәке салфеткасы, дистильденген су, залалсыздандыру ерітіндісі, резеңке қолғап

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу.

2. Қолды жуу, кептіру, резеңке қолғап кию.

3. Науқастың мұрын қуысын тазалау (қажет болған жағдайда).

4. Зарасызданған мұрын катетерінің бүтіндігін тексеру.

5. Бобров аппаратын 1/3 көлемде (15см биіктікте) сұйықтықпен толтыру

6. Бобров аппаратына резеңке түтікшелерді жалғау(ұзындығы 60см).

7. Бобров апаратын резеңке түтікшелер арқылы оттегі баллонына қосу, өткізгіштігін тексеру.

8. Науқастың бас бөлігін көтеріп, ыңғайлы етіп жатқызу.

9. Зарасыздандырылған мұрын катетерін мұрын қуысына енгізу.

10. Мұрын катетерінің дұрыс енгізілгенін тексеру, бекіту.

11. Катетерді Бобров аппаратының резеңке түтікшесіне жалғау.

12. Оттегі беру жылдамдығын редуктор арқылы реттеу.

13. 30-60минуттан кейін мұрын катетерін ауыстыру қажет.

14. Пайдаланған құралдарды залалсыздандыру, қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.

 

 

 

     

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

 

Халі ауыр немесе ес-түссіз науқас құсып жатқан

                                  кезде көмек

 

Әзірле: клеенка, лоток, сүлгі, алжапқыш, алмұрт тәрізді баллон,

          шпатель, ауызкергіш, 1:5000 фурациллин ерітіндісі,

         2% ас содасы ерітіндісі, 0,1% калий перманганат,

          қайнаған су, дәке салфеткасы, резеңке қолғап

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

2. Алжапқыш, бір реттік қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.

3. Науқастың басын бір қырына бұрып, клеенканың екінші ұшын легенге ілініп тұратындай етіп жайыңыз.

4. Науқастың ауыз езуінің жанына лоток қойыңыз.

5. Әр құсықтан кейін аузын шайыңыз.

6. Құсықпен тұншығып қалудың алдын алыңыз.

7. Сырқаттың жағдайы жақсарған соң, ыңғайлы етіп жатқызыңыз (құсық тоқтаған соң).

8. Пайдаланған құралдарды залалсыздандыру.

9. Сырқатты жиі-жиі бақылап тұрыңыз.

10. Құсықты залалсыздандырыңыз.

 

Ескерту: Құсықты дәрігер келгенше қалдырыңыз, лабораторияға жіберіңіз. Қан араласқан құсық болса, дәрігер шақырып, алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетіңіз.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Асқазаннан қан кеткен кездегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету

Әзірле: клеенка, зарарсыздандырылған лоток, сүлгі,

          мұзды мұйық, дәрі-дәрмектер

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Психикалық, физикалық тыныштандырып, қысып тұрған киімдерін           босату.

2. Науқасты горизонтальды бағытта жатқызу.

3. Басын бір қырына бұру.

4. Эпигастральды аймағына мұзды мұйық қою.

5. Ылғалды оттегімен қамтамасыз ету.

6. Кальций хлориді 10% - 10 мл немесе 15 мл к/т баяу енгізу.

         7. Реополиглюкин ерітіндісі, АКК к/т тамшылытып енгізу.

     8. Дицинон, этамзилат, викасол бұлшық етке.

9. Жедел дәрігер шақыру.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Құсып жатқан науқасқа көмек көрсету

 

Әзірле:клеенкадан тігілген алжапқыш, шелек немесе леген,

          сүлгі, құрғақ, таза, қақпағы бар шыны ыдыс,

         су немесе 1:5000 фурациллин ерітіндісі,

              зарарсыздандырылғанлоток

 

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты тыныштандырыңыз.

2. Отырғызып, клеенка алжапқышты кигізіңіз.

3. Екі аяғының ортасына леген немесе шелек қойыңыз.

4. Науқастың басын ұстаңыз.

5. Құсып болғаннан соң, аузын сумен немесе 1:5000 фурациллин ерітіндісімен шайып, аузын сүлгімен сүртіңіз.

Ескерту: Егер науқас белгісіз бір умен уланса, онда құсықты таза, құрғақ шыны ыдысқа жинап, аузын мұқият шайып сүрту, жолдама жазып, зертханаға зерттеуге жіберіңіз.

        

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Сифон клизмасы

Көрсетілімі:ішекті эндоскопиялық зерттеу алдында (колоноскопия), ирригоскопияға дайындық, тазалау клизмасынан нәтиже болмағанда, улану кезінде, санаторлық-курортттық ем (минералды сумен)

 

Қарсы көрсетілімі:асқорыту жүйесінен қан кету, тік ішектің жедел       қабынуы және жаралы аурулары, ауыр жүрек қантамырлар және тыныс тапшылығы, перитонит

 

Әзірле:сабын, сүлгі, зарарсыздандырылған қолғап және салфетка,

        сифон клизмасына арналған зарарсыздандырылған жүйе

        (жуан асқазан зонды, әйнек түтікше, ішек зонды,

        1л су ыдысы, клеенка, жайма, 36-37ºС 10-12 л су (шелек),

        глицерин, пайдаланылған заттарға арналған лоток, қап,

        оймыш, залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс 5 дана,

         клизмаға арналған фантом

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды сабынмен жуу, кептіру.

4. Кушеткаға клеенка төсеп, үстін жапқышпен жабу.

5. Науқасты сол қырынан жатқызу, тізелері бүгулі күйінде ішіне тарта орналастыру.

6. Зарарсыздандырылған қолғапты кию.

7. Резеңке түтіктің ұшын 20-30 см-ге дейін глицерин майымен майлаңыз.

8. 2 саусақпен мықынды сол қолмен ашыңыз, оң қолмен резеңке түтікті ішекке 20-30 см тереңдікке енгізіп, ұшына оймышты жалғастырыңыз.

9. Науқастың дене деңгейі тұсында оймышқа су толтырылады, қисайта отырып, кушеткадан 1 м биіктікке көтеріледі.

10. Оймыштың төменгі бөлігінде судың болуына назар аударылады. Төмен түсіре отырып арнайы ыдысқа оймыш ішіндегі суды төгу (енгізілген және шығарылған сұйықтық бірдей мөлшерде болуы қажет)

11. Таза су шыққанша емшараны жүргізу.

12. Зондты тік ішектен алу, салфеткамен тік ішек аумағын сүрту, науқастың көңіл-күйін сұрау.

13. Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру.

14. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Қоректік тамшы клизма

 

Әзірле: бір реттік система, штатив, зарарсыздандырылған

          желшығарғыш түтікше, дәрілер 30-40ºС,

          вазелин, 0,9 % натрий хлориді ерітіндісі

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Қолды сабынмен жуу, кептіру.

3. Керекті құралдарды дайындау.

4. Системаны құрастыру, сұйықтыққа толтыру.

5. Кушеткаға клеенка төсеп, үстін жапқышпен жабу.

6. Науқасты сол қырынан жатқызу, екі аяғы бүгулі және ішіне тартылған.

7. Зарарсыздандырылған қолғапты кию.

8. Жел шығарғыш түтікшеге вазелин майын жағу.

9. Екі саусақпен мықынды ашып, жел шығарғыш түтікшені тік ішекке 20-30 см енгізу.

10. Системаның кілтін ашып, тамшы жылдамдығын дәрігер белгілеуімен құйыңыз (60-80 минутына).

11. Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру.

12. Қолғапты шешу, қолды сабынмен жуу, кептіру.

 

 

Ескерту: Емшара бірнеше сағатқа созылады. Науқас ұйықтап

           жату керек. Құйылатын ерітінділер жылы болу керек.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

Жел шығарғыш түтікшені қолдану

Қөрсетілімі :іштің кебуі

Қарсы көрсетілімі:тік ішектің түсуі, тік ішектің іріңді аурулары,  

                                   асқорыту жүйесінен қан кету

 

Әзірле: зарарсыздандырылған жел шығаратын түтікше, қолғап,

           лоток, салфетка; клеенка, дәрет ыдысы

           су, вазелин майы, залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс

            4 дана, пайдаланылған төсеніштерге арналған қап,

           клизмаға арналған фантом

 

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Қолды сабынмен жуу, кептіру.

3. Керекті құралдарды әзірлеу.

4. Кушеткаға алдымен клеенка, жайма төсеу, науқасты сол қырымен жатқызу.

5. Науқастың жанына ішінде суы бар дәрет ыдысын қою.

6. Зарасыздандырылған қолғапты кию.

7. Жел шығарғыш түтікшені вазелинмен майлау.

8. 2 саусақпен мықынды ашып, жел шығарғыш түтікшені тік ішекке 20-30 см енгізу, бос ұшын суы бар дәрет ыдысына салу.

9. 1 сағаттан соң жел шығарғыш түтікшені шығарып алу, тік ішек аймағын салфеткамен тазарту.

10. Науқастың қөңіл-күйін сұрау.

11. Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру.

12. Қолғапты шешіп, қолды сабынмен жуу, кептіру.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

 

Дәрілік клизма

Көрсетілімі :дәрігер нұсқауы негізінде ішекке дәрілерді емдік мақсатта енгізу

Әзірле: сабын, сүлгі, зарарсыздандырылған қолғап, лоток,

          салфетка, жел шығарғыш түтікше, алмұрт тәрізді баллон,

я\          100-250 мл дәрілік ерітінді, таза жайма,

          глицерин, пайдаланылған төсеніштерге арналған

          қап, залалсыздандыру ерітіндісі бар 4 ыдыс, клизмаға

          арналған фантом

 

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Науқасқа 60 минут бұрын тазалау клизмасын жасаңыз.

3. Қолды сабынмен жуу, кептіру.

4. Керекті құралдарды дайындау, 38ºС-тағы 100-150 мл

  дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллонға сорып алу.

5. Кушеткаға клеенка төсеп, үстін жапқышпен жабу.

6. Науқасты сол қырынан жатқызу, екі аяғы бүгулі және ішіне тартылған.

7. Зарарсыздандырылған қолғапты кию.

8. Жел шығарғыш түтікшеге глицерин майын жағу.

9. Екі саусақпен мықынды ашып, жел шығарғыш түтікшені

  тік ішекке 20-30 см енгізу.

10. Жел шығарғыш түтікшеге алмұрт тәрізді баллонды қосу, дәрілік ерітіндіні жайлап жіберу.

11. Жел шығарғыш түтікшені шығарып алу, тік ішек

  аймағын салфеткамен тазарту.

12. Пайдаланылған жаймаларды арнайы қапқа салу.

13. Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру.

14. Қолғапты шешіп, қолды сабынмен жуу, кептіру.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Зимницкий сынағына зәр жинау

Мақсаты:несептің физикалық, химиялық қызметі (несептің салыстырмалы тығыздығы, күндізгі, түнгі тәуліктік несеп бөлуі) Әзірле:сегіз таза шыны ыдыс, әрқайсысына жолдама

         қосымша шыны ыдыс, науқасты

         жуындыру жиынтығы

 

 

Іс-әрекет алгоритмі: 

1. Науқасқа сараптама жөнінде кезекті түсіндірме жүргізіңіз.

2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

3. 8 банкіні дайындап сыртына науқастың аты-жөнін, бөлімінің, палатасының, сынаманың реттік номерін, күнін жазып, қол қойыңыз.

4. Науқасқа сағат таңғы 6-да қуықты босатуын өтініңіз (бұл несеп жиналмайды).

5. Таңғы сағат 9-да науқасқа №1 ыдысқа несепті жинауды ескертіңіз.

6. Әрбір 3 сағат сайын жеке-жеке 8 банкілерге зәрді жинайды.

7. Егер 3 сағат ішінде зәр 1 банкіге сыймаса, онда оны сол

8. номердегі қосымша банкіге құяды.

9. Егер 3 сағат ішінде науқас кіші дәретке отырмаса, онда бос

                 банкіні бәрібір зертханаға жібереді.

          10. Жолдама жазып, клиникалық зертханаға жіберіңіз.

 

Жолдама

Қайда Клиникалық лабараторияға

Амбрюже сынамасына

Науқас аты жөні--------

Бөлімше------

Палата-----

Күні------

Қолы------

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

             Зәрді Нечипоренко бойынша жинау

 Әзірле:құрғақ таза шыны ыдыс, жолдама

 

 

 Іс-әрекет алгоритмі: 

1. Зерттеу қарсаңында таза құрғақ ыдысты әзірлеңіз.

2. Нечипоренко бойынша зәрді жинап, науқастың аты-жөні,

           бөлімі, алынған күнін жазып, ыдысқа жолдаманы әзірлеңіз.

3. Науқасқа зәрдің ортаңғы үлесін алдын ала мұқият дәрет

           алып жинауын түсіндіріңіз.

4. Жинаған зәрді зертханаға жіберіңіз.

 

Жолдама

Қайда Клиникалық лабараторияға

Амбрюже сынамасына

Науқас аты жөні--------

Бөлімше------

Палата-----

Күні------

Қолы------

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

                        Зәрді жалпы клиникалық зерттеуге жинау

Әзірле:200 мл таза құрғақ шыны ыдыс, жолдама

 

 

Іс-әрекет алгоритмі: 

 

1. Зерттеу алдында аузы кең таза шыны ыдысты

           дайындаңыз.

2. Зәрдің жалпы анализі, науқастың аты-жөні, бөлімі,

алынған күні бойынша жолдама жазыңыз.

3. Таңертеңгілік зәрді 100-150 мл жинаңыз.

4. Жиналған зәрді бір сағат ішінде зертханаға жіберіңіз.

 

 

Ескерту: Зәрді жинар алдында сыртқы жыныс мүшесіне тазалық жүргізіңіз.

 

Жолдама

Қайда Клиникалық лабараторияға

Амбрюже сынамасына

Науқас аты жөні--------

Бөлімше------

Палата-----

Күні------

Қолы------

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

                               Зәрді қантқа жинау

Әзірле:сыйымдылығы 3 л және 200 мл өлшемі бар шыны

         ыдыс, таяқша, жолдама

 

 

 Іс-әрекет алгоритмі: 

 

1. Зерттеу қарсаңында ыдысты әзірлеңіз.

2. 3 л ыдысты мөлшерлеп белгі қойыңыз.

3. Науқасқа зәрді жинау тәртібін түсіндіріңіз: таңертең түнгі

  үлесін төгіп тастайды. Сыртқы жыныс мүшелерін мұқият 

  тазалықтан өткізеді. Бөлінген зәрдің барлығын тәулік бойы        

                     3л шыны ыдысқа жинай береді.

4. Тәуліктік диурезді өлшеңіз.

5. Жиналған зәрді шыны таяқшамен араластырыңыз.

6. Жиналған зәрден 200 мл құйып алыңыз.

7. Зәрді қантқа жинау, науқастың аты-жөні, бөлімі, алынған уақытын жолдамаға толтырып, зертханаға жіберіңіз.

 

 

Ескерту : Жолдамаға тәуліктік зәрдің мөлшері жазылады.

 

Жолдама

Қайда Клиникалық лабараторияға

Амбрюже сынамасына

Науқас аты жөні--------

Бөлімше------

Палата-----

Күні------

Қолы------

 

 

                    ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Зәрді бактериологиялық зерттеу үшін жинау

Әзірле:зарарсыздандырылған тығыны бар флакон, жолдама

 

Іс-әрекет алгоритмі: 

 

1. Науқасқа зерттеуге зәрді жинау тәртібін түсіндіріңіз және

сыртқы жыныс мүшелерін мұқият тазалауын қадағалаңыз.

2. Флаконның тығынын ашып, 3/5 бөлігін толтырады,

               тығынын жабады (әйелдерде зәрдің ортаңғы бөлігін алады).

   3. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға жібереді.

 

      Жолдама

Қайда--  Бактериалогиялық лабараторияға

Амбрюже сынамасына

Науқас аты жөні--------

Бөлімше------

Палата-----

Күні------

Қолы------

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Қуықты жуу

 

Әзірле: зарарсыздандырылған лоток, зарарсыздандырылған резеңке

          катетер,пинцет, Жане шприці, вазелин майы,

          зарарсыздандырылған мақта шариктері, клеенка, лоток,

          жылы фурациллин ерітіндісі, резеңке қолғап

 

 

Іс-әрекет алгоритмі: 

1. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, резеңке қолғапты киіңіз.

2. Науқасты әзірлеп, дәрет алдыру.

3. Катетерді енгізу.

4. Катетердің екінші ұшына жылытылған фурациллин ерітіндісін

200 мл Жане шприціне сорып алып жіберіңіз.

5. Жане шприцін ажыратып, катетердің ұшын лотокқа қарай бағыттап зәрді ағызыңыз.

6. Қуықтан мөлдір таза сұйық ерітінді аққанша осы емшараны қайталаңыз.

7. Катетерді шығарып алыңыз.

8. Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

 

 

              

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

                              Қуықты катетерлеу

 

Әзірле: зарарсыздандырылған катетер, пинцет, лоток,

          38ºС фурациллин ерітіндісі,  зарарсыздандырылған

          вазелин майы, зарарсыздандырылған мақта

          шаригі, клеенка, резеңке қолғап

 Іс-әрекет алгоритмі: 

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, резеңке қолғапты киіңіз.

2. Науқасқа клеенка төсеп, шалқасынан жатқызып, тізесін бүгіп, шат аралығын кең ашыңыз. Дәрет ыдысы немесе лотокты қойыңыз.

3. Науқастың оң жағында тұрып, сыртқы жыныс мүшесін жоғарыдан төмен қарай жуыңыз.

4. Катетердің басын майлаңыз.

5. Зарарсызданған пинцетпен катетерді оң қолға алып, сол қолмен сыртқы жыныс мүшесін ажыратып, катетерді үрпіге енгізіңіз.

6. Катетердің ашық жағын дәрет ыдысына салыңыз.

7. Катетерді шығарып алыңыз.

8. Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

 

 

                                                                                                     

 

                

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

                                       Ұлтабарды зондтау

Көрсеткіші :өт қалтасы мен өт жолдарының аурулары

Қарсы көрсеткіші :жедел холецистит асқазан және он екі елі ішек жарасының асқынуы, өңеш көк тамырларының варикозды кеңеюі

Әзірле: оливасы бар жіңішке зарарсыздандырылған ұлтабар зонды

             3 белгісі бар:

             І белгі – оливадан 45 см

         ІІ белгі – 70 см,

         ІІІ белгі – 90 см

         клеенка жастықша, жылытқыш, 33 % магний сульфат ерітіндісі,

         40 % глюкоза ерітіндісі, зарарсыздандырылған пробиркалары бар штатив, 20 мл шприц, зарарсыздандырылған лоток, азқазан сөлі үшін ыдыс, клеенка алжапқыш, зарарсызданған резеңке қолғап, бетперде

 Іс-әрекет алгоритмі: 

1. Қолыңызды  гигиеналық деңгейде жуып, науқасты отырғызыңыз.

2. Клеенка алжапқыш, зарарсызданған бетперде мен  резеңке қолғапты кию.

3. Зондты тілдің түбіне салып, асықпай жұтыну қимылдарын жасай отырып бірінші белгіге – 45 см дейін жұтқызыңыз.

4. Асықпай 20-30 мин жүріп зондты екінші белгіге дейін 70 см жұтынуын сұраңыз.

5. Сонан соң науқасты оң қырымен жатқызып, оң жақ бүйіріне жылытқыш пен жастықшаны қойыңыз.

6. Осыдан соң науқас зондты үшінші белгіге дейін жұтады.

7. Олива он екі елі ішекке түскен соң, зондтан ашық сары түсті сұйықтық бөлінеді. Бұл А үлесі, яғни он екі елі ішектегі өт.

8. Бірінші үлестен соң В үлесі жақсы бөліну үшін, зонд арқылы 33 % магний сульфаты ерітіндісінен 50 мл жібіреміз.

9. Науқасты шалқасынан 10 минут жатуын сұраңыз.

10. Науқас оң жағына бұрылады, зондтан В үлесі бөліне бастайды. Бұл В үлесі, қанық сары түсті өт қалтасындағы өт.

11. Өт қалтасындағы өттен соң артынша өт жолдарынан өт бөліне бастайды. Ол мөлдір, ашық сары түсті бөлінді – С үлесі.

12. Үшінші үлесті алып болған соң зондты ақырын шығарып алып, залалсыздандырамыз.

13. Жиналған үш үлесті де жылы күйінде жолдама жазып зертханаға жіберіңіз.

Ескерту:Науқасты зерттеуден таңертеңгілік ашқарынға жүргізіледі. Кешкілік (12 сағат бұрын жеңіл тамақ беріледі, бір стакан бал араластырылған жылы шәй ішкізіледі.

 

 

 

          

           

 

 

     

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

                             Асқазан сөлін фракциялық тәсілмен зерттеу

Көрсеткіші :асқазанның секреторлық және қышқыл түзу қызметін зерттеу (созылмалы гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің жарасы)

Қарсы көрсеткіші : жедел улану, өңеш пен асқазанның шырышты қабаттарының күйігі, асқазаннан қан кету, жүрек ақауы, бүйрек, өкпе, жүрек жетіспеушілігі

 

Әзірле: зарарсызданған жіңішке асқазан зонды, қысқыш, Жане шприці,

           20 мл шприц, зарарсызданған лоток, леген, 9 пробирка,  

           асқазан бездерін қоздыратын ерітінділер (0,1 % гистамин

           ерітіндісі немесе 0,025 % пентагастрин ерітіндісі),

           зарарсызданған резеңке қолғап, бетперде, клеенка

           алжапқыш, жолдама

 

 

Іс-әрекет алгоритмі: 

 

1. Зерттеуден бұрын науқасқа емшараның

 маңыздылығын түсіндіріңіз.

2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріңіз.

3. Клеенка алжапқыш пен резеңке қолғапты киіңіз.

4. Науқасты отырғызып, алдына сүлгі жабыңыз.

5. Зарарсызданған жіңішке асқазан зондын енгізу ұзындығын өлшеңіз (бұл аралық мұрыннан кіндікке дейін немесе бой ұзындығынан 100 см алып тастаймыз).

6. Өлшеп болғаннан соң науқасқа аузын кең ашып А деп айтуын сұраңыз.

7. Зондтың ұшын сулап, тілінің үстіне қойып, аузын жабуын, мұрнымен тыныс алуын, жұтыну қимылдарын жасауын сұраңыз.

8. Зондты ақырын белгіленген жерге дейін енгізіңіз.

9. Науқасқа зондты тісімен қыспауын және сілекейін сүлгіге түкіруін ескертіңіз.

10. Зонд асқазанға жеткен соң 20 мл шприц жалғаңыз.

11. Ашқарындағы асқазан сөлін сорып алыңыз.

12. Әрбір 15 минут сайын 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші үлестерді жинаңыз.

13. 4-ші үлестен соң асқазан безін қоздыратын ерітіндінің бірін немесе ет сорпасын жіберіңіз.

14.  15 минуттан соң 5-ші, 6-шы, 7-ші, 8-ші үлестерді әр 15 минут сайын жинаңыз.

15. Пайдаланған құралдарды залалсыздандыру.

16. Сүлгіні кір төсеніштерге арналған қапқа салыңыз.

17. Қолғапты шешіп, қолды жуу, кептіру.

18. Жолдамамен қосып, асқазан сөлінің барлық порциясын зертханаға жіберу.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Қоректік ортаға егістік егу

Әзірле:қоректік ортасы (гемокультурасы) бар флакон,

         бір реттік қолданылатын шприц, спиртовка,   

         зарарсыздандырылған пинцет, мақта шаригі, 96ºС этил спирті,

          спиртовка, резеңке бұрау, жастықша, сіріңке

 Іс-әрекет алгоритмі: 

1. Бір рет қолданылатын шприцті дайындаңыз.

2. Шынтақ көк тамырдан 5,10,15 мл қан алыңыз (қоректік ортасына байланысты 50,100,150 мл)

3. Спиртовканы жағып, флаконның аузы шамның жалынының үстінде болатындай етіп, оны түбінен сол қолымен ұстаңыз.

4. Сұқ саусақпен поршеннің сабынан ұстап, оң қолға қаны бар шприцті алыңыз.

5. Флаконның тығынын оң қолдың 4, 5-ші саусақтарымен жалынның үстінде ашыңыз.

6. Иненің ұшын жалынға қыздырып, сосын қоректік ортасы бар флаконға шприцтегі қанды құйыңыз.

7. Тығынының флаконға кигізетін жағын отқа шалып, флаконның аузын тығындап жабыңыз.

8. Гемокультурасы бар флаконның сырт жағына жолдама жазып жапсырып, содан соң оны аузы жапсырылып жабылатын бикстің ішіне салып, бактериологиялық зертханаға апарыңыз.

 

Ескерту : Гемокультураға қан алу екі мейірбикенің қатысуымен жүргізіледі.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Қақырықты жалпы клиникалық зерттеуге жинау

Мақсаты: Тыныс алу жүйесі ауруларын анықтау.

 

Әзірле: аузы кең, таза, құрғақ, шыны ыдыс қақпағымен (түкіргіш), науқастың аты-жөні, палата нөмірі, күні және мейірбикенің қолы қойылған жолдама

 

Қақырықты жалпы тексеруге жолдама үлгісі

Жолдама Клиникалық зертханаға Қақырықты жалпы тексеруге Науқастың аты-жөні_____________ Бөлімше_______палата № Күні_______ Қолы_________  

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын түсіндіру.

2. Ауыз қуысын тазарту.

3. Науқасқа жолдама жапсырылған ыдысты беріңіз.

4. Құрғақ ыдысқа қақырықты 3-5 мл мөлшерінде жинап, қақпағын жабыңыз.

5. Жинаған қақырықты санитарлық бөлменің еденінде тұрған арнайы қорапта қалдырыңыз.

6. Жиналған қақырықты клиникалық зертханаға жеткізіңіз.

7. Алынған анализ нәтижесін науқастың ауру тарихына жапсырыңыз.

Ескерту: Қақырықты жинау арнайы бөлмеде жүргізіледі.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Қақырықты бактериологиялық тексеруге жіберу

Қолданылатын жағдайлар :тыныс алу жүйесінің аурулары

Қолданылмайтын жағдайлар :ауыр халдегі науқас

 

 

Әзірле : зарарсызданған шыны (крафт пакетінен), аузы кең ыдыс,

          жолдама бланкасы

 

 

Қақырықты бактериологиялық зерттеуге жолдама үлгісі

Жолдама Клиникалық зертханаға Қақырықты микрофлораға және антибиотикке сезімталдығына Науқастың аты-жөні_____________ Бөлімше_______палата № Күні_______ Қолы_________  

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын түсіндіру, келісімін алу.

2. Науқасқа антибиотик тағайындаудан бұрын жүргізілу керектігін ескерту.

3. Қақырық жинау техникасын үйрету.

4. Жөтел кезінде қақырықты жинау.

5. Қақырық жинау алдында және болған соң жеке бас гигиенасын сақтау.

6. Таңертеңгілік екі сағат бұрын тісті тазалау

7. Қақырық жинау алдында ауыз қуысын қайнаған сумен шаю.

8. Ыдыс қақпағын ашу.

9. Зарарсызданған ыдысқы 5 мл қақырықты жинау.

10. Ыдыс қақпағын жабу.

11. Жолдама жазып, бактериологиялық тексеруге 1-1,5 сағатта жеткізу.

12. Пайдаланған медициналық құралдарды залалсыздандыру және зарарсыздандыру.

13. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Қақырықты туберкулез микобактериясына зерттеу

Көрсеткіші: тыныс алу жүйесінің аурулары

 

Әзірле: құрғақ, шыны ыдыс қақпағымен, науқастың аты-жөні, палата нөмірі, күні және мейірбикенің қолы қойылған жолдама, резеңке қолғап, клеенка, бетперде

 

Қақырықты жинау арнайы бөлмеде жүргізіледі.

 

Қақырықты туберкулез микобактериясына зерттеуге

 жолдама үлгісі

Жолдама Клиникалық зертханаға Қақырықты туберкулез микобактериясына Науқастың аты-жөні_____________ Бөлімше_______палата № Күні_______ Қолы_________  

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын, қақырықты жинау ретін айтып түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

3. Бетпердені, резеңке колғапты киіңіз.

4. Науқастың артына тұрыңыз, науқасқа түкіргішті аузына жақындатып, 3 рет терең дем алып, қатты жөтеліп, қақырығын түкіруін сұраңыз.

5. Алынған қақырық сілекей қосылмаған, жеткілікті мөлшерде 3-5 мл болу керек.

6. Түкіргіштің қақпағын мұқият, тығыз жауып, тасымалдауға арналған арнайы қорапқа салыңыз.

7.  Науқасқа таза түкіргішті келесі күні қақырықты жинауға бересіз.

8. Науқас үйде жинаған қақырығын алып келген күні үшінші үлеске қақырықты жинайсыз.

9. Жиналған қақырықты арнайы қорапқа салып, зертханаға жіберіңіз.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Мұрыннан және жұтқыншақтан  жұғынды алу

(Бактериологиялық тексеру)

Қолданылатын жағдайлар : ауруқоздырғышын анықтау мақсатында

Қолданылмайтын жағдайлар :ауыр халдегі науқас

 

 

Әзірле:жіңішке сымның (стержень)ұшына құрғақ домалақтанған оралған мақта, зарарсыздандырылған пробирка, зарарсыздандырылған шпатель, жолдама, штатив, бикс

Мұрыннан және жұтқыншақтан бактериологиялық зерттеуге

жолдама үлгісі

Жолдама Бактериологиялық зертханаға Мұрыннан жұғындыны микрофлораға және антибиотикке сезімталдығына Науқастың аты-жөні_____________ Бөлімше_______палата № Күні_______ Қолы_________  

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын, өткізу ретін түсіндіру және келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды жуып кептіріңіз, бетпердені, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, өзіңіз науқасқа қарсы отырыңыз.

4. Сол қолдың ІІІ, ІV, V саусақтарымен белгісі бар зарарсыздандырылған пробирканы ұстап, сол қолдың І саусағымен мұрынның ұшын сәл көтеріңіз.

5. Оң қолыңызбен пробирканың ішіндегі зарарсыздандырылған мақта оралған сымды сол мұрын қуысына айналдыра сүртіп алыңыз.

6. Мұрынның қуысынан шығарып алып, пробирканың сырт жағына тигізбей ақырын ішіне салыңыз. Пробирканы «С» әріпімен белгілеңіз.

7. Сол қолдың ІІІ, ІV, V саусақтарымен белгісі бар зарарсыздандырылған 2-ші пробирканы ұстап, сол қолдың І саусағымен мұрынның ұшын сәл көтеріңіз.

8. Оң қолыңызбен пробирканың ішіндегі басына зарарсызданған мақта оралған сымды алып, оң мұрын қуысын айналдыра сүртіңіз.

9. Мұрын қуысынан шығарып алып, пробирканың сырт жағына тигізбей ақырын  ішіне салыңыз. Пробирканы «О» әрпімен белгілеңіз.

10. Пробиркаға стеклографпен №1 белгісін қойып, штативке орналастыру.

11. Сол қолға шпатель және №1 пробирканы алыңыз.

12. Науқастың аузын кең ашуын өтініңіз.

13. Сол қолдағы шпательмен тілдің түбірін төмен басыңыз.

14. Оң қолмен жіңішке сымнан ұстап отырып пробиркадан шығарыңыз.

15. Оң қолдағы жіңішке сымдағы мақтамен бадамша бездегі жұтқыншақ пен оның иіндеріндегі шырышты сүртіңіз.

16. Мақтаны ұрттың, тілдің шырышты қабатына және пробирканың шеттеріне тигізбей оған домалақтанған мақтаны мұқият салып дереу жолдама жазып, зертханаға жібіріңіз.

17. Қолғапты шешіп, залалсыздандырыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

18. Нәтижесін 7-10 күннен кейін аласыз.

19. Алынған нәтижені науқастың ауру тарихына жапсырыңыз.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Нәжісті бактериологиялық зерттеу

Көрсеткіші:Ішектің жұқпалы ауруларының қоздырғышын анықтау.

 

 Әзірле:ішінде сым ілмек, аузы мақта-дәке тығынымен тығыз жабылған, консерванты бар залалсыздандырылған пробирка, жолдама, резеңке қолғап, клеенка    

 

Нәжісті бактериологиялық зерттеуге жолдама үлгісі

Жолдама Бактериологиялық зертханаға  Нәжістегі бактерияны Науқастың аты-жөні_____________ Бөлімше_______палата № Күні_______ Қолы_________  

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

2. Науқасқа зерттеудің мақсатын, өткізу ретін түсіндіріп айтыңыз.

3. Бетпердені, қолғапты киіңіз.

4. Науқастың астына клеенка жайып, бір жақ қырынан аяғын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз.

5. Залалсыздандырылған пробирканың ішінен сым ілмекті шығарыңыз.

6. Сол қолыңызбен құйрықты ашып, оң қолыңызбен сым ілмекті ақырын айналдыра бұрай қозғап тік ішектен әуелі кіндікке қарай 1-2 см, содан соң омыртқаға қатарластырып 4-5см тереңдікке енгізіңіз.

7. Сым ілмекті айналдыра бұрай қозғап, тік ішектің қабырғасынан жағындыны жәйлап алып шығыңыз.

8. Пробирканың сырт жағына, аузына тигізбей ақырын консерванты бар пробирканың ішіне салыңыз.

9. Пробирканы штативке салыңыз, бактериологиялық зертханаға жіберіңіз.

10. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Нәжісті жасырын қанға зерттеу

Мақсаты:диагностикалық

 

 

Нәжісті жасырын қанға зерттеуге жолдама үлгісі

 

Жолдама Клиникалық зертханаға Нәжісті жасырын қанға Науқастың аты-жөні_____________ Бөлімше_______палата № Күні_______ Қолы_________  

 

 

Әзірле:тығыны бар пенициллиннен босаған флакон, ағаш немесе шыны таяқша, жолдама

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын, нәжісті жинау ретін түсіндіріңіз.

2. Науқас 3 күн бойы зерттеу алдында ет, балық, жұмыртқа, қызанақ, көкөніс жеуге болмайды.

3. Құрамында йоды, темір бромы бар дәрілерді қабылдамайды.

4. Тісті тазалауға болмайды, тек ас содасымен шаю керек.

5. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

6. Бетпердені, қолғапты киіңіз.

7. Төртінші күні науқасқа дәрет ыдысын беріңіз.

8. Шыны немесе ағаш таяқшамен нәжістің әр жерінен 5-10 гр алып, құрғақ флаконға салып аузын жабыңыз.

9. Қолғапты шешіп, қолды жуып, кептіріңіз.

10. Алынған нәжісті клиникалық зертханаға жіберіңіз.

11. Алынған нәтижені науқастың ауру тарихына жапсырыңыз.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Нәжісті капрологиялық зерттеу

Әзірле:аузы кең, таза, құрғақ шыны ыдыс, ағаш немесе шыны таяқша, ағаш шпатель, жолдама

 

 

Нәжісті капрологиялық зерттеуге жолдама үлгісі

Жолдама Клиникалық зертханаға  Нәжісті капрологиялық зерттеу Науқастың аты-жөні_____________ Бөлімше_______палата № Күні_______ Қолы_________  

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын, нәжісті жинау ретін зерттеу қарсыңында кешкісін айтып түсіндіріңіз.

2. Зерттеу қарсаңында науқасқа жолдама жапсырылған ыдысты беріңіз.

3. Науқас үлкен дәретке отырғаннан кейін бірден таяқшаны алып нәжістің әр жерінен 5-10 гр нәжіс алып ыдысқа салыңыз, қақпағын жауып, санитарлық бөлменің еденінде тұрған арнайы қорапқа қалдырыңыз.

4. Жиналған нәжісті клиникалық зертханаға жеткізіңіз.

5. Алынған нәтижені науқастың ауру тарихына жапсырыңыз.

 

Ескерту: Клизманы, балауызды қойғаннан кейін, темір, барий, висмут дәрілерін қолданғаннан кейін, асқазанды рентген зерттеуден өткізгеннен кейін нәжіске капрологиялық зерттеу өткізілмейді.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Ішек құрты жұмыртқасына нәжісті зерттеу

Әзірле:аузы кең, таза, құрғақ шыны ыдыс, ағаш немесе шыны таяқша, ағаш шпатель, жолдама

 

 

Ішек құрты жұмыртқасына нәжісті зерттеуге жолдама үлгісі

Жолдама Клиникалық зертханаға  Ішек құрты жұмыртқасына нәжісті зерттеу Науқастың аты-жөні_____________ Бөлімше_______палата № Күні_______ Қолы_________  

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын, нәжісті жинау ретін, зертеу қарсаңында кешкесін түсіндіріңіз.

2. Зерттеу қарсаңында науқасқа жолдама жапсырылған ыдысты беріңіз.

3. Науқас үлкен дәретке отырғаннан кейін бірден таяқшаны алып нәжістің әр жерінен шұқып 3-5 гр нәжіс алып, ыдысқа салып қақпағын жауып, санитарлық бөлменің еденінде тұрған арнайы қорапқа қалдырыңыз.

4. Жиналған нәжісті жылы күйінде 15-20 минут ішінде кешіктірмей клиникалық зертханаға жеткізіңіз.

5. Алынған анализ нәтижесін науқастың ауру тарихына жапсырыңыз.

Ескерту: Клизманы, балауызды қойғаннан кейін, темір, барий, висмут дәрілерін қолданғаннан кейін, асқазанды рентген зерттеуден өткізгеннен кейін нәжіске зерттеу өткізілмейді. Емшараны қолғапты киіп өткізу керек.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Зәрді Амбюрже әдісі бойынша жинау

Мақсаты:   3 сағат бойы жиналған зәрдің құрамындағы лейкоциттердің, эритроциттердің және цилиндірдің мөлшерін анықтау.

 

 Әзірле:  қақпағы бар құрғақ, таза шыны ыдыс, жолдама

 

 

  Зәрді Амбюрже сынамасына жинаудың жолдама үлгісі

                    

Жолдама Клиникалық зертханаға Зәрді Амбюрже сынамасына Науқастың аты-жәні______________ Бөлімше__________палата № Күні_________ Қолы___________  

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын, зәрді жинау ретін түсіндіріңіз.

2. Қуығын босатып, уақытын белгілеп, 3 сағат көлемінде кіші дәретке отырмауын сұраймыз.

3. Сыртқы жыныс мүшелерін жуып, 3 сағат қөлеміндегі зәрді бір шыны ыдысқа жинайды.

4. Жиналған зәрді клиникалық зертханаға жеткізіңіз.

5. Алынған нәтижені науқастың ауру тарихына жапсырыңыз.

 

                  

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

                                    Қантқа зәрді тексеру

Мақсаты: қант диабеті ауруын және тәуліктік глюкозаны анықтау

 

Әзірле: сыйымдылығы 250 мл белгіленген ыдыс, ағаш таяқша

         30-40 см,  жолдама, таза, құрғақ 3 литрлік шыны ыдыс

 

 

                       Зәрді қантқа тексеру жолдама үлгісі

Жолдама Клиникалық зертханаға Зәрді қантқа тексеру Тәуліктік зәрдің мөлшері Науқастың аты-жәні______________ Бөлімше__________палата № Күні_________ Қолы___________  

 

                               

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын, зәрді жинау ретін түсіндіріңіз.

2. Науқас зәрді тәулік бойы 3 литрлік шыны ыдысқа жинайды.

3. Таңертенгілік сағат 6-да науқас жыныс мүшесін жуып, зәрді унитазға отырады. Келесі таңғы 6-ға дейін тәуліктік зәрді жинайды.  

4. Жиналған зәрдін жалпы мөлшерін өлшеп жолдамаға жазыңыз.

5. Ағаш таяқшаны алып мұқият ыдыстағы жиналған зәрді араластырыңыз.

6. Басқа ыдысқа 100-150 мл зәрді құйып алып, жолдамаға әдеттегі жазудан басқа зәрдің жалпы мөлшерін жазыңыз, клиникалық зертханаға жіберініз.

7. Алынған анализдің нәтижесін науқастың ауру тарихына жапсырыңыз.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Диастазаға зәрді тексеру

Мақсаты:ұйқы безінің функциясын анықтау

 

Әзірле: сыйымдылығы 250 мл таза, құрғақ ыдыс, жолдама

 

                        

                          Зәрді диастазаға тексеру жолдама үлгісі

 

Жолдама Клиникалық зертханаға Зәрді диастазаға тексеру Науқастың аты-жәні______________ Бөлімше__________палата № Күні_________ Қолы___________  

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеудің мақсатын, зәрді жинау ретін айтып

 түсіндіріңіз.

2. Жиналған зәрді жаңа, жылы күйінде, 50 мл мөлшерде

   зертханаға  жедел жеткізіңіз.

3.  Нәтижесін науқастың ауру тарихына жапсырыңыз.

 

                                            

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Науқасты рентгенологиялық тәсілмен зерттеуге дайындау

 

Мақсаты: өңеш, асқазан және 12 елі ішек (ұлтабар ) ауруын анықтау

Қарсы көрсеткіші : жарадан қан кету

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа зерттеу мақсатын түсіндіру.

2. Науқасқа 2-3 күн диетаны ерекше сақтауы қажет екенін

түсіндіріңіз (әсіресе, ішіне жел жиналғыш болса), қара нан, сүт,

көкөніс тамақтарын қолдануға болмайтынын ескертіңіз.

3. Зерттеу ашқарынға жасалатынын, зерттеуге барарда оған

тамақ жеуге, су ішуге болмайтынын, ал зерттеу қарсаңында

науқасты ең соңғы тамақ ішу уақыты кешке 18ºº-де сағаттан

   кеш болмауы керек екенін хабарлаңыз.

4. Науқастың іш қатпа ауруы болса, оған зерттеу қарсаңында

кешкісін және таңертең зерттеуден екі сағат бұрын тазалау

  клизмасын жасаңыз.

5. Науқасты таңертең аш қарынға рентген кабинетіне ауру

тарихымен апарыңыз ( дәрі қабылдауға, темеке тартуға тиым салыңыз).

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Асқазаны ауыратын науқастарды рентген арқылы зерттеуге даярлау

Әзірле:  Эсмарх кружкасы, 24-25ºС жылы су, вазелин, ұштық,

          салфетка, резеңке қолғап

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа 2-3 күндей диетаны ерекше сақтау қажет екенін

түсіндіру керек (әсіресе, ішіне газ жиналған болса), қара

нан, сүт, көкөніс және т.б. тағамдармен тамақтанбау керек.

2. Зерттеу аш қарынға жасалатынын және науқастың ең соңғы

  тамақ ішу уақыты кешкі 21-сағаттан кеш болмауын түсіндіру керек.

3. Кешкі және ертеңгі уақытта зерттеуден екі сағат бұрын тазалау

клизмасын жасау керек (егер іші қатып қалатын болса).

4. Науқасты рентген кабинетіне апарады.

5. Пайдаланған құралдарға залалсыздандыру жұмыстарын

жүргізеді.

 

  ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Рентген суреттерінің өндірілуі, орындалуы

 

1. Касеталарды дайындау (зарядтау).

2. Жіберілген жолдамалармен танысу, есеп кітабына тіркеу.

3. Науқасты түсіру, жолдарын таңдау.

4. Түсірілудің арнайы түрлерімен науқасты таныстыру.

5. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.

6. Пульсті қосу.

7. Техникалық талаптарды таңдау ( KV.MAS.SEC).

8. Науқасты түсіру түрлеріне қою.

9. Тексеруге арналмаған дене бөліктерін рентген трубкасы бағыттарын тексеру.

10. Тексерілетін мүшелерге рентген сәулелерінің бағытталуы.

11. Рентген трубкасының бағытталуын тексеру.

12. Техникалық талаптарды таңдау.

13. Науқасқа нұсқау беру.

14. Съемка жоғары тоқ көздерінің қосылуы.

15. Рентген аппараттарын ажырату.

16. Науқасты қорғағыш заттармен сақтау.

17. Рентген пленкаларын фотохимиялық жолмен дайындау.

18. Рентген суретін моркировкалау.

19. Рентген суретін дәрігер – рентгенологка дайындап беру.

20. Есеп кітаптарын толығымен толтыру.

21. Рентген суреттерінің жеткізілуін қадағалау.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Электрокардиография түсіру тәсілі

 

Дененің 2 нүктесі аралығындағы потенциал айырмасын анықтайтын тәсілді – электрокардиографиялық тіркеме деп атайды.

Жалпы алғанда дененің кез-келген 2 нүктесі аралығындағы потенциал айырмасының ең үкен мәнін көрсететін және электродтарды қоюға ыңғайлы нүктелерді қалайды.

 Электрокардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қалдырады.

3 негізгі тіркеме 3 негізгі полюсті күшейтілген, аяқ-қол тіркемесі 6 кеуде тіркемесінен тұрады.

Электрокардиографияда жүректе пайда болған электр тоғы (биотоқты) жазу тәсілі қосылмаған бос электрод активті электрод арқылы жүрек

биопотенциалы жазылады. Активті электрод қойылған қол немесе аяққа қарап оң қолды күшейтетін бір полюсті тіркемесі AVR деп белгілейді.

Кеуде тіркемесі V деп белгілейді.

А-күшейтілген V-потенциал айырмашылығы. R-оң жақ Е-сол қол AVR жүректің артқы жағының потенциал қағазға тізеді.

Оң қол-қызыл түс

Сол қол-сары түс

Оң аяқ-қара түс

Сол аяқ - жасыл түсті электроды қойылуы керек.

Қасына тіркеме түріне қарай араб саны жазылады.

1. V-1 тіркемеде активті электрод төстің оң жақ шетіне 4 қабырға аралығы.

2. V-2 тіркемеде төстің сол жақ шетін ала 4-ші қабырға аралығы.

3. V-3 тіркемеде V-2 және V-4 тіркеме аралығына.

4. V-4 тіркемеде сол жақ бұғана орта сызығы мен 5 қабырға аралығының қиылысқан жеріне қойылады.

5. V-5 сол жақ қолтық алдыңғы сызығы бойын 5-ші қабырға аралығы.

6. V-6 сол жақ қолтық ортаңғы бойында V қабырға аралығында қойылады.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Фиброгастроскопия

 Мақсаты :Бұл кезде өңешті, асқазанды, 12 елі ішекті тексереді.

 

Әзірле:   зарарсызданған лоток, сүлгі,70% этил спирті,

           фиброскоп, залалсыздандыру ерітінділері

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіреміз.

2. Кешкі тамақ 21ºº-ден кеш болмауы тиіс.

3. Зерттеу кезінде науқастың сілекейін жұтуына және сөйлеуіне болмайды.

4. Зерттеу алдында науқастың алмалы-салмалы тіс протездерін алуын және эндоскопиялық кабинетке сүлгімен келуін қадағалаңыз.

5. Эндоскопиялық кабинет дәрігерінің тағайындауы бойынша 15-20 минут бұрын премидекация жүргізіңіз, ол үшін 1 мл 2 % промедол ерітіндісі және 0,5 мл 0,1 % атропин сульфатының ерітіндісі тері астына салыңыз.

6. Пайдаланған құралдарды залалсыздандыру.

 

Дайындалуы: 2% хлордезин 10л суға 20 таблетка экспозициясы 15мин. Фиброскоп аппаратының ішінің тазалығы үшін 50мл ішіне ерітінділер тартып аламыз.

1. Дистильденген су: 50 мл

2. 3% вапусан-2000- 30 мл

3. 3% сутегі асқын тотығы 50 мл

4. 70% этил спирт

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Холеграфия

  

Мақсаты: диагностикалық

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас зерттеуден 2-3 күн бұрын қалдықсыз диетаны №4

 сақтау керек.

2. Зерттеуден 1-2 күн бұрын көк тамырға 1-2 мл билигностты 

жасап, препаратқа сезімталдығын тексеріп байқаңыз.

3. Зерттеудің қарсаңында кешкі тамақ 18 сағаттан кеш болмауы

керек.

4. Науқастың зеттеудің таңертең аш қарынға жүргізілетінін

ескертіңіз.

5. Кешкісін және таңертең зерттеуге 1-2 сағат қалғанда тазалау

 клизмасын жасаңыз.

6. Рентген кабинетінде науқасты көлденеңінен жатқызып,

су моншасында 37ºС-ға дейін қыздырылған 30-40 мл 

20% билигност ерітіндісін ақырындап көк тамырға жіберіңіз.

7. Дәріні тамырға жіберіп тұрып, науқастың жағдайын бақылаңыз.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Урография

Мақсаты : бүйректің және зәр шығаратын жолдары орнын, көлемін, ісігін анықтау

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты 2-3 күн диетаны ерекше сақтауы қажет екенін    

түсіндіріңіз (әсіресе, ішіне жел жинағыш болса) қара нан, сүт,

көкөніс тамақтарын колдануға болмайтынын ескертіңіз.

2. Зерттеу қарсаңында кешкісін таңертеңгілік тазалау клизмасын

жасау керек.

3. Егер науқаста іш кебу болса, дәрігердің тағайындауымен күніне

4 рет 1 таблеткадан карболен беріледі.

4. Зерттеу қарсаңында күннің екінші жартысында сұйықтықты

қабылдауды шектеу керек.

5. Зерттеу күні контрастты заттарға сезімталдығын көк тамырға

1-2 мл претаратты енгізіп тексеріңіз.

6. Зерттеу алдында қуықты босатыңыз, яғни науқас кіші дәретке

отыруы керек.

7. Егер қарсы көрсеткіші жоқ болса, науқасқа рентген кабинетінде контрастты заттар жіберіледі.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Ирригоскопия

Мақсаты: диагностикалық

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты зерттеуден 2-3 күн бұрын қалдықсыз диетаны №4

сақтау керек.

2. Зерттеуге бір күн қалғанда ішектің тонусын қөтеретін дәрілерді

(атропин, папаверин) беруге болмайды.

3. Зерттеудің қарсыңында сағат 15ºº-де тамақтың алдында науқасқа

 30 мл кастор майын беріңіз.

4. Науқас тамақтанбайды, кешкісін сағат 18ºº-де, 20ºº-де тазалау

клизмасын қойыңыз.

5. Таңертенгілік жеңіл тамақтанады, сосын арасына 1 сағат үзіліс салып тазалау клизмасын жасаймыз.

6. Ішекті толық тазарту үшін кешкісін және таңертең зерттеу алдында науқасқа бисакодил балауызын ішекке енгізесіз.

7. Науқас зерттеудің мақсатын және дайындаудың әр бір кезеңін

 білу керек.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Эндоскопиялық зерттеуге дайындау

Мақсаты:диагностикалық

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшараның өткізілуі туралы кенес беріңіз.

2. Науқасқа зерттеу таңертенгілік аш қарынға жүргізілетінін,

сонымен қатар зерттеу кезінде сөйлеуге және сілекейін

     жұтуға   болмайтынын хабарлаңыз.

3. Кешкі тамақ жеңіл 18 сағаттан кеш болмауы керек.

4. Науқасты эндоскопиялық бөлмеге сүлгімен алып барыңыз.

5. Аппаратттың түтікшесін тексеру алдында залалсыздандыру ерітіндісімен сүртіңіз.

6. Зерттеуге дейін 15-20 минут қалғанда эндоскопиядағы бөлме дәрігерінің тағайындауы бойынша премедикация

(жансыздандыру) жүргізіледі: 2% 1 мл промедол және 0,5 мл

0,1% атропин сульфат ерітінділерімен немесе науқастың

тамағына дикаин сеуіп жансыздандырады.

7. Науқасты тексеріп болған соң, аппараттың бөлшекетерін,

түтікшесін залалсыздандыру ерітіндісіне батырылған

шүберекпен сүртіп, сосын құрғақ шүберекпен сүртеді.

 

                                

                      ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

                                                               

СТАНДАРТ

 

Колоноскопия

Көрсеткіштері:

- Тоқ ішектің созылмалы ауруы.

- Қатерлі немесе қатерсіз ісіктер.

- Ішектен қан кетсе.

- Рентгенмен тексерген кезде толық мәлімет болмаған жағдайда.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрігер науқасты зерттеуден 3-5 күн бұрын қалдықсыз

№4 диета тағайындайды.

2. Науқасқа емшараның өткізілуі туралы кеңес беріңіз.

3. Дәрігер науқасқа зерттеуден 2 күн бұрын іш жүргізетін дәрі тағайындайды (30-50г кастор майы).

4. Зерттеудің қарсаңында кешкісін және одан 2 сағат бұрын

3-4 литр 36-38ºС жылылықтағы сумен тазалау клизмасын

      жасаңыз.

5. Науқасқа зерттеу таңертенгілік аш қарынға жүргізілетіндігін хабарлаңыз.

6. Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеуден 25-30 минут бұрын

1мл 0,1 % атропин сульфат ерітіндісін тері астына енгізіңіз.

7. Егер науқаста іш қатпа ауруы болса зерттеуден 5-7 күнде

қалдықсыз №4 диетаны тағайындап және іш жүргізетін дәріні

     күніне 2 рет береді.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Ректороманоскопия

Мақсаты:диагностикалық

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрігер науқасты зерттеуден 3-5 күн бұрын қалдықсыз

№4 диетаны тағайындайды.

2. Науқасқа емшараның өткізілуі туралы кеңес беріңіз.

3. Науқасқа зерттеудің таңертенгілік аш қарынға жүргізілетінін хабарлаңыз.

4. Науқасқа зерттеуден 2 сағат бұрын тазалау клизмасын жасаңыз.

5. Науқас зерттеудің тура алдында қуығын босатып, кіші дәретке отыруын ескертіңіз.

 

 

Есіңізде сақтаңыз!Науқастың ішегін әзірлеу мен зерттеудің аралығы 2 сағаттан кем болмауы керек, себебі тазалау клизмасы шамалы уақытқа шырышты қабықтың табиғи түсін өзгертеді. Егер науқаста іш қатпа болса, кешкісін зерттеу қарсаңында қосымша тазарту клизмасын жасаңыз.

        

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Плевраға пункция жасау

Көрсетілімі : емдік және диагностикалық мақсатта (плеврит)

Әзірле :спирт, йод ерітіндісі, зарарсызданаған дәке тампоны, салфеткасы,

               0,5 % новокаин ерітіндісі, 5-10 мл шприц,          

           инелер, лейкопластырь, Жане шприці, 1: 5000

           фурациллин ерітіндісі, 1 мл гепарин (1000 бірлік

           плевра пункциясына аранлған ұзыныдығы 10 см,

           диаметрі 1 мм ине, кордиамин, зарарсызданған лоток, клеенка

Іс-әрекет алгоритмі :

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру, келісісін алу.

2. Науқастың жағдайын бақылау.

3. Қолды антисептик ерітіндісімен тазалау, қолғап кию.

4. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу.

5. Егу аймағын 5 % йод ерітіндісімен тазалау.

6. Спиртке малынған мақта тампонымен екінші рет тазарту.

7. Шприцке 0,5 % новокаин ерітіндісін сорып алу.

8. Қолтықтың сыртқы сызығы бойымен 6-шы немесе 7-ші қабырға

арасындағы теріні, тері асты, бұлшық етті жансыздандыру.

9. Ішінде 1 мл гепарині бар шприцті плевраға енгізу.

10. Плевра сұйықтығын шприцке сорып алу, пробиркаға құю.

11. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен баса отырып, инені шығару.

12. Дәке салфетканы лейкопластырьмен бекіту.

13. Науқастың хал-жағдайын бақылау.

14. Жолдаманы толтыру, сұйықтықты зертханаға жеткізу.

15. Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру.

16. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.

Ескерту : Емшара алдында рентгенологиялық тексеру, УДЗ арқылы сұйықтық деңгейін анықтау.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Абдоминалды пункция

Мақсаты:диагностикалық

Әзірле:  2 мл, 5 мл, 20 мл шприцтер, ұзындығы 7-10 см

           жіңішке және қысқа инелер, штативтегі

           залалсыздандырылған пробиркалар,

           қысқыш, зарарсыздандырылған троакар, лоток,

           пинцет, таңғыш материалдар, дәкелер, мақта

           шариктері, резенке түтікшелер, 0,5% новокаин

           ерітіндісі, 70ºС этил спирті, спирттелген йод ерітіндісі,

           ақжайма немесе сүлгі, резеңке қолғап, алжапқыш,

           лейкопластырь, жолдама, залалсыздандыру ерітіндісі

           бар ыдыс, сұйықтығын  жинайтын ыдыс

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара әдісі мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

3. Ерітінділердің біреуімен дәрігерлердің қолын жууына көмектесіңіз. 

4. Науқасты орындыққа отырғызып аяғының арасына еденге табақ қойыңыз.

5. Қолыңызды жуып, спиртпен сүртіп, қолғапты, қалпақ, масканы, халатты киіңіз.

6. Пункция кезінде дәрігерге көмектесіп, науқастың жағдайын қадағалаңыз.

7. Емшарадан кейін науқасты каталкамен палатаға алып барыңыз.

8. 2 сағат бойы науқастың жағдайын бақылаңыз (қатаң төсек тәртібі).

9. Науқастың дене қызуын, дем алысын, тамыр соғысын, қан қысымын бақылаңыз.

10. Пункция кезінде алынған сұйықты зертханаға апарыңыз.

11. Анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсырыңыз.

12. Қолданылған құралдарды зарарсыздандырыңыз.

 

 

  

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Люмбальды пункция жасау

 

 

Мақсаты:диагностикалық

Әзірле:2мл, 5мл, 20мл шприцтер, ұзындығы 7-10 см жіңішке және

              қысқа инелер, штативтегі залалсыздандырылған

          пробиркалар, қысқыш, зарарсыздандырылған лоток,

          пинцет, таңғыш материалдар, дәкелер, мақта

          шариктері, пункцияға арналған ине мандренімен,

          0,25%-0,5% новокаин ерітіндісі, спирт 70ºС, спирттелген

          йод ерітіндісі, танғыш материалдар, ақжайма немесе

          сүлгі, резеңке қолғап, алжапқыш, лейкопластырь,

          жолдама, залалсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара әдісі мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

3. Ерітінділердің біреуімен дәрігерлердің қолын жууына көмектесіңіз 

4. Науқасты бір қырымен жатқызып, басын алға еңкейтіп, аяғын ішіне қарата қаттырақ бүгіп, жатуын сұраңыз.

5. Қолыңызды жуып, спиртпен сүртіп, қолғапты, қалпақ, бетпердені, халатты киіңіз.

6. Пункция кезінде дәрігерге көмектесіп, науқастың жағдайын қадағалаңыз.

7. Емшарадан кейін науқасты каталкамен палатаға алып барыңыз.

8. 2 сағат бойы науқастың етбетінен жатқызыңыз, бір тәулік бойы жағдайын бақылаңыз (қатаң төсек тәртібі).

9. Науқастың дене қызуын, дем алысын, тамыр соғысын, қан қысымын бақылаңыз.

10. Пункция кезінде алынған сұйықты зертханаға апарыңыз.

11. Анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсырыңыз.

12. Қолданылған құралдарды зарарсыздандырыңыз.

 

                        

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Науқасты ультрадыбысты зерттеу тәсілдеріне

дайындауға мейірбикенің қатысуы

 

Мақсаты: ағзалардың орнын, түрін, мөлшерін, патологиялық өзгерістерді (қатерлі және қатерсіз ісікті, тастарды, қабыну процестерін) анықтауға болады. Тексеру науқасқа ерекше әзірлік керек етпейді, сонымен қатар жағымсыз сезімдер келтірмейді.

 

Әзірле : сүлгі

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріңіз.

2. Науқас қалдықсыз №4 диетаны 3 күн бойы сақтау керек.

3. 2-3 күн бойы науқас белсенді көмірді 1 таблеткадан 3 рет колдану керек.

4. Егер науқаста іш қатпа болса, зерттеу қарсаңында тазарту клизмасын жасаңыз.

Бүйректі және қуықты УДЗ-ге науқасты дайындау:

1. Науқаска емшара мақсатын түсіндіріңіз.

2. Зерттеуге 30 минут қалғанға дейін 1 литр сұйықтықты

 ішу керек (қуықты толтыру үшін).

3. Егер науқаста іш қатпа болса, зерттеу қарсаңында

     тазарту клизмасын жасаңыз.

 

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Өкпеге жасанды желдету жүргізу /ИВЛ /

«Ауыздан ауызға тәсілі»

Көрсеткіштері: тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің тоқтауы

                                                

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты көлденеңінен қатты жерге жатқызу.

2. Қысып тұрған киімдерін босату.

3. Мейірбике өзінің сол қолын науқастың маңдайына,

  ал оң қолын мойын астына қойып, науқастың басын

  барынша шалқайту.

4. Жауырын мен иықтың астына валик қою.

5. Астыңғы жақты алға тартып, науқастың аузын ашу.

6. Ауыз қуысын және жұтқыншақты механикалық тәсілмен

  немесе сорғыштың көмегімен тазалау, тілді ұстату.

7. Сол қолды маңдайға тіреп, оң қолдың сұқ және бас

  бармақтарымен науқастың мұрнын жабу.

8. Терең жем алып, мейірбике өз аузын науқастың аузына

  тақайды.

9. Өз өкпесіндегі ауаны жібереді.

10. Үзіліс жасау.

11. Кеуде қуысының экскурсиясын 3-5 «дем алудың» кейін

   анықтау.

12. Науқасқа минутына 12-18 рет ырғақты «дем алдырып»

  өздігінен дем алғанша немесе жедел жәрдем келгенше

       немесе биологиялық өлім белгілері пайда болғанша жасанды

       дем алдыруды жүргізу қажет.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Мәйітпен жұмыс жасау ережелері

Әзірле:ақ жайма, каталка, бинт, бір бет қағаз, клеенка

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрігерге науқастың қайтыс болғанын хабарлаңыз.

2. Киімін шешіп, жастықсыз, арқасына жатқызыңыз.

3. Егер мәйітте құнды заттар болса бөлімшедегі емдеу немесе

  кезекші дәрігерлердің қатысуымен акті жасап, ауру тарихына

       ол туралы жазыңыз.

4. Құнды заттарын аға мейірбикеге сақтауға табыс етіңіз, ол қолхат

  жазу арқылы мәйіттің туысқандарына қайтарады.

5. Мәйіттің көзін жабыңыз, астыңғы жағын байлаңыз.

6. Каттетер, зондтар, тамызғыштар қойылған болса, алып тастаңыз.

7. Осы қалпында 2 сағатқа дейін жапқышпен жауып

  қойыңыз (биологиялық өлімнің нақты белгілері көрінгенше).

8. Мәйіттің санына аты-жөнін және ауру тарихының нөмірін

  жазып қойыңыз.

9. Шығару қағазын толтырып, онда аты-жөнін, диагнозын,

  ауру тарихының нөмірін, уақытын, күнін көрсетіңіз.

10. Екі сағат өткеннен кейін мәйіттің денесін

  патологоанатомиялық бөлімге жеткізесіз.

11. Науқастың өлімін туыстарына хабарлаңыз.

12. Мәйітті патологоанатомиялық бөлімге шығарағаннан

  кейін төсек-орынын дезинфекциялық камераға тапсырыңыз.

13. Кереуетті, қабырғаны, еденді залалсыздандырып тазалау,

  кварц қою.

 

Ескерту:Ерекше қауіпті инфекциямен ауырған науқасты жеке басының заттарын және өлігін өртейді.

 

          ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Бактериологиялық зертханаға алынатын анализдер

Қанды қоректік ортаға егістік егу (гемокультура)    Әзірле: Өт сорпасы 100,0 – 10 гр шприц, 50,0 – 5 гр шприц, 96% этил спирт, 3 зарарсыздандырылған мақта, спиртовка шамы, сіріңке, резеңке қолғап, бетперде, бикс, пеленка, жолдама                         Қан зарарсыздығына қан алу (стерильность)    Әзірле:  Қант сорпасы, 96% этил спирт, шприц, зарарсыздандырылған мақта, 5℅ йод тұнбасы

 

   Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бетперде киіп, қол жуу, қолғап кию.

2. 3 рет 96% этил спирті, мақтамен егу аймағын зарарсыздандыру.

3. Қан алып, ине қақпағын мұқият жабу.

4. Спиртовка жағып, флакон инені отқа шарпып ине флакон ішкі қабырғасына бағыттап жәй құю.

5. Шприцті қорапшаға салып, флакон ернеуін тығынды жалынның үстінде жабу керек.

6. Пеленкаға орап, бикске салып бактериологиялық зертханаға жеткізу.

 

Ескерту: Түн мезгілде термостатқа қойыңыз.

                                     

                                      Жолдама үлгісі

                     Обсервация

                     Бак.зертханаға – жіберілген гемокультура

                     Асанова Марияш Ақанқызы 02.06.1964 ж.

                     Туу тарихы №10012

                     Д3 – босанғаннан кейінгі 4 тәулік эндометрит

                     20.02. 21ºº температура 38ºС

                     Дәрігер:                             акушерка

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

   Биохимиялық анализдер

 

Әзірле: штатив, пробирка, шприц, 1 рет қолданылатын резеңке

         қолғап, бұрау, 70º этил спирті, зарарсыздандырылған мақта,

         лоток, жолдама

       

1. Қан ұю жүйесін зерттеуге – коагулограмма.

2. Бүйрек несеп жүйесін тексеруге – азот қалдығы, зәр қалдығы, креатинин.

3. Бауыр жүйесін тексеруге – ақуыз фракциясы, АЛТ, АСТ.

4. Жүрек жүйесін тексеруге – жалпы ақуыз, С реактивті ақуыз,

Rh (-) мәнді жүктілікке кезінде – антидене.

 

           Жолдама үлгісі:

           Жедел хирургия бөлімі

             Асанов Болат 11.02.1987 ж.

           Қан: АЛТ, АСТ, креатининді анықтауға

           Карта №10203

           Д/з: Остеомилит

           Мейірбике :                        20.ІІІ.11 ж.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Қанды тамырдан ИФА-ға алу

(АҚТҚ-инфекциясына қарсы иммунноферментативті анализ)

 

 Әзірле:бикстегі арнайы киім, зарарсыздандырылған лоток, таңу    

          материалы, (шарик, салфетка) және пинцет, резеңке

          тығынмен жабылған пенициллиннің консервантсыз

          флаконы, контейнер, жабысқыш лента, сулы баня 45°С,

          парафин қылқалам, қалам, бикс, спирт 70°С, бұрау, валик,

          0,016% санивап ерітіндісі, 2 дана жолдама қағаз

          (сыртында целлофан пакеті бар)

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен қарым-қатынас орнату.

2. Науқасқа емшара мақсаты мен әдісін түсіндіру.

3. Қолды жуу және кептіру.

4. Арнайы киімді кию.

5. Керекті заттарды дайындау.

6. Науқасты ыңғайлы отырғызу немесе жатқызу.

7. Шприцті дайындап алу.

8. Венепункцияны жасау (тамырды тесу).

9. Тамырдан 3-5 мл қан аламыз, 3-5 минутқа мақтамен егу

  орнын басып тұру керек.

10. Алынған қанды пенициллин флаконына құйып, аузын

  жауып, нөмірлейміз.

11. Флаконның аузын (сулы баняда) еріген парафинмен,

  қылқаламның көмегімен жапсыру.

12. Флаконды металл контейнерге салу.

13. Контейнерді жауып, лентамен герметизациялау.

14. Пайдаланылған тампонды залалсыздандырылған ерітіндіге салу.

15. Науқасты ыңғайлы отырғызу.

16. Контейнерді бикске орнату, үстіне целлофан пакеттегі жолдаманы салу, биксті жабу.

17. Арнайы киімді шешу, қолды жуу, кептіру.

 

Ескерту: Биксті емдеу мекемесінің машинасымен иммунологиялық зертханаға жібереміз.


ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

BD Vacutainer-ге қан алатын зарарсыздандырылған вакуумды пробирка

 

Әзірле: BD Vacutainerвакуумды пробиркасы, зарасызданған мақта, спирт, лоток, пинцет, бұрау

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Резеңке бұрауды салыңыз. Сол қолыңызбен инені жасыл түсті қалпағынан ұстап, оң қолыңызбен тартып, ақ қорғаныш қалпағын шешіңіз.

2. Ұстағышқа инені босаған резеңке жағымен кигізіп, қатайтып, жасыл қалпақшаны шешесіз.

3. Инені тамырға енгізесіз, қанның келгенін ине камерасынан көріп тамырда екеніне көз жеткізесіз.

4. Ұстағышты сол қолыңызбен ұстап, оң қолыңызбен пробирканы ұстағышқа бекітесіз. Оң қолыңыздың сұқ және ортаңғы саусақтарымен ұстағышты ұстап, бас бармағыңызбен пробирканы инеге итеріп бекітесіз. Резеңке тартқышты сәл босатыңыз.

5. Пробирка қажет болуына байланысты толған соң ұстағыштан босатасыз.

6. Пробиркадағы қанды ұқыпты түрде қажеттігіне қарай араластырасыз. Ұстағышқа келесі пробирканы орналастырып, 4-ші пункттен бастап қайталайсыз.

7. Барлық пробирканы толтырып болған соң, инені ұстағышпен тамырдан шығарасыз.

8. Ұстағыш пен инені, қолданылған заттарға арналған бір реттік қорапқа саласыз.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Науқастың салмағын анықтау

 

Көрсеткіштері:

- Физикалық дамуды бағалау.

- Дене салмағының көбеюін және салмақтың азаюын бағалау.

- Салмақ қосу динамикасын бақылау.

     - Жасырын ісікті анықтау.

- Науқасты ауруханаға қабылдау кезінде жүргізіледі.

Қарсы көрсеткіштер:

- Халі ауыр қатаң төсек режимдегі науқас.

Әзірле:медициналық таразы, залалсыздандыру ерітінділері,клеенка, ақ жайма

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүрігілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу.

2. Медициналық таразыны тегіс жерге орналастыру, залалсыздандыру ерітінділерімен сүрту.

3. Медициналық таразыны тепе-теңдікке келтіру.

4. Медициналық таразының кілтін ашу.

5. Грамдық, килограмдық гирлерді «О» -ге келтіру.

6. Айналмалы дискі көмегімен медициналық таразыны тепе-теңдікке келтіру.

7. Медициналық таразының кілтін жауып, клеенка төселген соң, аяқ киімін шешіп науқас таразы үстіне шығуы керек.

8. Медициналық таразының кілтін ашып, гирлерді (гр, кг) сол жаққа қарай қозғайды, рычагтарды теңестіреді.

9. Рычаг теңескен кездегі грамдық және килограмдық гирдің нәтижесі науқастың салмағын көрсетеді.

10. Науқастың салмақ деңгейі анықталғаннан кейін кілт жабылады, науқастың таразыдан түсуін сұрайды.

11. Алынған мәлімет ауруханадағы науқастың медициналық картасына (003 есеп формасы) және температура парағына (004 есеп формасына) тіркеледі.

12. Пайдаланылған медициналық таразы залалсыздандыру ерітіндісімен арасына 15 минут салып, 2 рет сүртіледі. Зарарсыздандырылған ақ жаймамен жабылады.

13. Қолды жуу және кептіру.

                                            

 

Ескерту:  Тамақ ішпей тұрғанда белгілі бір уақытта жүргізу. Қуықты, ішекті босатқан соң анықтау.       

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

                                          СТАНДАРТ

Баланың кеуде клеткасының көлемін өлшеу

Көрсеткіштері:

Кеуде клеткасының экскурсиясын анықтау.

 

Қарсы көрсеткіштері:

Халі ауыр қатаң төсек режиміндегі нәресте.

Әзірле:

· Сантиметрлік лента (ұзындығы 1 метр)

· Залалсыздандыру ерітінділері

· Ақ жайма

· Құндақтау столы

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Резеңке қолғапты кию. Сантиметрлік лентаны және құндақтау   столын залалсыздандыру ерітінділерімен сүрту. 2. Баланың киімдерін шешу. Құндақтау столына баланы орналастыру. 3. Сантимертлік лентаны баланың жауырын сүйегінің төменгі          бұрышымен алдыңғы жағынан сүт безі нүктесі деңгейінен жүргізіледі. 4. Баланың 2 қолы түсірілген және тынысы қалыпты кезінде өлшенеді. 5. Алынған өлшемді баланың даму тарихына (112 есеп формасы)   тіркеледі. 6. Пайдаланылған сантиметрлік лентаны залалсыздандыру ерітіндісімен арасына 7 минут салып, 2 рет сүртіледі. 7.Қолғапты шешу, қолды жуу және кептіру.    

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

                                               

 

 

                                             СТАНДАРТ

Баланың бас көлемін өлшеу

Көрсеткіштері:

- Физикалық дамуды бағалау.

- Диагностикалық мақсатта.

Қарсы көрсеткіштері:

Халі ауыр қатаң төсек режиміндегі нәресте.

Әзірле:

· Сантиметрлік лента (ұзындығы 1 метр)

· Залалсыздандыру ерітінділері

· Құндақтау столы

· Ақ жайма

 

 

Іс - әрекет алгоритмі:

 

1. Резеңке колғапты кию. Сантиметрлік лентаны және құндақтау        столын залалсыздандыру ерітінділерімен сүрту. Резеңке қолғапты        шешу. Баланың бас киімін шешу. 2. Сантиметрлік лентаны баланың шүйде сүйегінің жоғарғы   дөңес нүктесінен, алдынан – қас доғасы деңгейінен өткізіледі. 3. Алынған өлшемді баланың даму тарихы (112 есеп формасы) тіркеледі. 4. Пайдаланылған сантиметрлік лентаны залалсыздандыру        ерітіндісімен арасына 15 минут салып, 2 рет сүртіледі. 5.  Қолды жуу және кептіру.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Науқастың  бой ұзындығын өлшеу

Көрсеткіштері:

- Физикалық дамуды бағалау.

- Дене салмағының көбеюі (семіздік).

- Гипофиз қызметі бұзылғанда.

- Науқасты ауруханаға қабылдау кезінде жүргізіледі.

 

Қарсы көрсеткіштері:

- Халі ауыр қатаң төсек режиміндегі науқас.

Әзірле:

· Медициналық бой өлшегіш

· Залалсыздандыру ерітінділері

· Клеенка

· Ақ жайма

 

Іс - әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу.

2. Медициналық бой өлшегішті тегіс жерге орналастыру, 

  залалсыздандыру ерітінділерімен сүрту.

3. Аяқ киімін шешуді өтіну.

4. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын жоғары көтеру, клеенка төсеу. 

5. Науқасты тік тұрғызу (өкше, мықын, жауырын бой өлшегіш

  шкаласына тиіп тұруы қажет.

6. Құлақ қалқаны және көз шарасының сыртқы бұрышы бір сызық

  бойында болуы керек.

7. Бой өлшегіштің планкасы науқастың төбесіне дейін түсіріледі.

8. Шкаланың көрсеткіші науқастың бой ұзындығын көрсетеді.

9. Алынған мәлімет ауруханадағы науқастың медициналық картасына

(003есеп формасы) және температура парағына(004 есеп

формасы) тіркеледі.

10. Пайдаланылған медициналық бой өлшегішті

  залалсыздандыру ерітіндісімен арасына 15 минут салып,

  2 рет тазартылады.

11. Зарарсыздандырылған ақ жаймамен жабылады.

12. Қолды жуу және кептіру.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Баланың бой ұзындығын өлшеу

Көрсеткіштері:

- Физикалық дамуды бағалау.

- Баланы ауруханаға қабылдау кезінде жүргізіледі.

 

Қарсы көрсеткіштері:

- Халі ауыр қатаң төсек режиміндегі нәресте.

(

Әзірле:

· Горизонтальды бой өлшегіш

· Залалсыздандыру ерітінділері

· Ақ жайма

 

Іс - әрекет алгоритмі:

 

1. Горизонтальды бой өлшегішті тегіс жерге орналастыру, залалсыздандыру ерітінділерімен сүрту.

2. Зарарсызданған ақ жайманы төсеу. Баланың сыртқы киімін шешу.

3. Басын «тұрақты» планкаға тіреп жатқызу, сол қолымен тізеден ұстап бойын түзеу.

4. Оң қолмен «жылжымалы» планканы баланың табанына дейін жүргізу. «Жылжымалы» планканың шкаладағы көрсеткіші баланың ұзындығына сәйкес болады.

5. Алынған мәлімет баланың даму тарихына (112 есеп формасы),

  температура парағына (004 есеп формасы) тіркеледі.

6. Горизонтальды бой өлшегішті залалсыздандыру ерітіндісімен арасына 15 минут салып, 2 рет тазартылады.

7. Зарарсыздандырылған ақ жаймамен жауып, орнына қою.

8. Қолды жуу және кептіру.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Зарарсыздандыру мақсатында бикске материалдарды орналастыру

Көрсеткіштері:  Инфекциялық қауіпсіздік үшін.

Әзірле:

· Бикс, ақ жайма, сүлгі, дәке салфеткалар

· Резеңке құралдар (катетер, жел шығарғыш түтікше т.б.).

· Таңғыш материалдар (турунда, салфеткалар, мақта тампондар т.б.)

· Индикаторлар – 3 дана, бирка  (13 х 10см)

· Залалсыздандыру ерітінділері

 

Іс - әрекет алгоритмі:

   

1. Қолды жуу, кептіру, резеңке қолғап кию. 2. Бикстің тығыз жабылуын тексеру. 3. Бикстің бүйіріндегі тесіктерді ашу. 4. Бикс ішін 2 рет залалсыздандыру ерітіндісімен сүрту. 5. Резеңке қолғапты шешу, залалсыздандыру ерітіндісіне салу. 6. Қолды жуу, кептіру. 7. Бикстің 2/3 бөлігіне дейін жоғары келетіндей салфетканы немесе   ақ жайманы бикс түбіне төсеу. 8. Бикс түбіне 1 дана индикатор орналастырады. 9. Танғыш материалдарды ретімен орналастыру:   а) секторға сәйкес   б) тігінен (вертикальды)   в) бос орналастыру 10. Материалдар ортасына 2-ші индикатор орналастырылады. 11. Бикс бетін ақ жаймамен жауып, 3-ші индикаторды қою. 12. Бикс қақпағын тығыз етіп жабу. 13. Бикс тұтқасына бирканы бекіту. 14. Күні, айы, жылын жазу, жауапты қызметкердің қолы қойылады. Ескерту: Зарарсыздандыруға арналған бикстер ОЗБ-ға жіберіледі.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

                                                 

 

 

СТАНДАРТ

 

Залалсыздандыру ерітіндісімен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау

 

1. Залалсыздандыру және зарарсыздандыруға қолданатын дезинфектанттардың жергілікті және жалпы улы әсері бар.

2. 18-ге толмаған, алдын – ала инструктаждан өтпеген адам залалсыздандыру жасауға жіберілмейді, иструктажға жауапты - бас дәрігер немесе арнайы бекітілген қызметкер.

3. Пайдаланылатын залалсыздандыру дәрмегіне сезімталдығы жоғары қызметкер жұмысқа жіберілмейді.

4. Залалсыздандыру ерітіндісі жақсы желдетілетін бөлмеде дайындалады:

· Залалсыздандыру ерітінділері жақсы жабылатын ыдыстарда сақталады.

· Дәрмек қоры құрғақ, салқын, қараңғы жерде сақталады.

· Барлық залалсыздандыру дәрмектерінде этикетка, аты концентрация, дайындаған және сақтау мерзімі көрсетілген болуы керек.

· Залалсыздандыру ерітінділері арнайы бөлмеде сақталады, құлыптаулы болуы керек.

5. Залалсыздандыру ерітінділерінен соң, жуу кезеңдері нұсқауға сәйкес толық және мұқият орындалу керек.

6. Залалсыздандыру және зарарсыздандыру кезінде:

· Арнайы киім, алжапқыш

· Резеңке қолғап, көзілдірік

· Сүлгі

· Көп қабатты дәкеден жасалған бетперде немесе респиратор қолданылады.

· Жұмыс соңында қолды жуып, крем жағылады.

 

Залалсыздандыру дәрмектері келесі талаптарға жауап береді:

· Суда жақсы еру.

· Адамдарға және құралдарға зақым келтірмеу.

· Сақталу кезінде тұрақты, тасымалдауға бейім.

· Тигізетін әсері көп спектрлі болуы керек.

 

Залалсыздандыру дәрмегін таңдау барысында –

· Мақсат және обьекті түрі

· Микроб сезімталдығы

· Залалсыздандыру жағдайы

· Медициналық қызметкерлерінің дәрмекке төзімділігі ескерілу қажет.

Залалсыздандыру ерітіндісін дайындау алдында дәрмектер

 сапасына бақылау жүргізіледі:

1. Көру арқылы бақылау.

2. Бактериологиялық бақылау – медициналық құралдар жұғынды алу арқылы жүргізіледі.

3. Химиялық бақылау – залалсыздандыру ерітіндісі мен құрғақ дәрмектердегі белсенді хлор мөлшері, залалсыздандыру ерітіндісінің концентрациясы тексеріледі.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Палата мейірбикесінің функциональдық міндеттері

1. Палаталардың санитарлық жағдайын бақылау және науқастарға күтім жасау.

2. Палата дәрігерінің емдеу және гигиеналық нұсқауларын орындау және тіркеу.

3. Дәрігерлік тексеруге бірге қатысуы, науқас хал – жағдайы мәліметтерін хабарлау, қосымша нұсқауларын орындау.

4. Науқастың функциональдық жағдайын бағалау – термометрия жүргізу, тыныс жиілігін, тамыр соғысын, қан қысымын анықтау.

5. Лабораториялық зерттеуге материалдар жинау, тәуліктік диурезді анықтау, тіркеу.

6. Палатада, күзет орнында, бөлімше ішінде санитарлық – гигиеналық ережелердің сақталуын қадағалау.

7. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.

8. Ауыр халдегі науқастарға күнделікті гигиеналық емшаралар жүргізу (бетін, қолын жуу, т.б).

9. Аурухана ішкі тәртібінің сақталуын қадағалау (науқас, келушілер, медицина қызметкерлер тұрғысынан).

10. Жаңа түскен науқастарды аурухана, бөлімше ішкі тәртібімен таныстыру.

11. Науқастың тамақтануын қадағалау, емдік тағамдардың, қосымша тамақтың дәрігер нұсқауына сәйкес болуын бақылау.

12. Бөлімше жиһаздарының, шкаф, медициналық приборлар, медициналық құралдардың бүтіндігін, жоғалмауын қадағалау.

13. Дәрілерге, таңғыш материалдарға тапсырыс парағын толтыру.

14. Инструментальды зерттеуге науқасты дайындау.

15. Дәрігер нұсқауына сәйкес порционник толтыру.

16. Бөлімшеге жаңадан түскен науқасты қабылдау, санитарлық тазалау сапасын бақылау, палаталарға орналастыру.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Құлақ күтімі және дәрі тамызу

 

Көрсеткіштері:

Құлақ шырышты қабығының ауруларында.

Қарсы көрсеткіші:

Аллергиялық реакциялар.

 

Әзірле :

· Зарарсыздандырылған лоток, пинцет, мақта тампон, дәкеден жасалған турунда,

· Фурациллин, 3 % асқын су тотығы, борлы спирт ерітіндісі,

·  Жанэ шприці, дәрі тамызғыш

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған турундамен оны айналдыра отырып     

  тазалау.

2. Құлағында құлық болса, сырқаттың басын екінші жағына қисайту.

3. Құлақтың сырғалығынан жоғары тартып тамызғышпен бірнеше тамшы 3 % асқын су тотығын немесе камфора майын тамызу.

4. Мақта тампоны мен құлықты шығару.

5. Құлық өте көп болса, құлақтың ішін жуу.

6. Жанэ шприціне 0,02 % 150 – 200 мл жылы фурациллин ерітіндісін сорып алу.

7. Науқасты отырғызу немесе жатқызу, құлақ қалқанының астына қысып ұстайтындай етіп лотокты қолына ұстату.

8. Сол қолмен құлақ қалқанын жоғары және артқа тартып, оң қолмен шприцті құлақтың сыртқы тесігіне тақап, ерітіндінің қатты ағынын жоғары, артқы қабырғасына бағыттап жіберу.

9. Құлақты сүрту.

10. Науқастың құлағына дәрі тамызу үшін басын сау жағына қисайту.

11. Сол қолмен құлақты сырғалықтан тартып, оң қолмен 2-3 тамшы жылы ерітіндіні тамызу.

12. Құлаққа бірнеше минутқа мақта тампон салу.

 

Ескерту: Құлаққа пипетка арқылы сұйықтар, майлар қолданылады, алдын ала жылытылуы қажет.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Зарарсыздандырылған столдан шприцті құрастыру

   Көрсеткіштері:Парентеральды дәрі енгізу.

 

  Әзірле:

• Иньекция жасауға арналған стол

• Зарарсыздандырылған лоток

• Залалсыздандырылған салфеткалар

• Йодонат спирті, резеңке қолғап

• Мақта шариктері бар бикс

 

Іс - әрекет алгоритмі:

1. Қолды жуу, кептіру, резеңке қолғап киіп, жұмыс столына залалсыздандыру жүргізу.

2. Зарарсыздандырылған столдың үстіндегі ақ жайманы екі ұшындағы

  ұстағыштармен ұстап ашады.

3. Зарарсыздандырылған пинцетті оң қолмен алып, сонымен зарарсыздандырылған столдан құралдарды, зарарсыздандырылған лотокты алу керек.

4. Пинцетпен поршенді, цилиндрді және екі инені алып (ерітіндіні сорып алатын, иньекция жасау үшін) лотокқа қояды.

5. Ұстағыштармен екі жағынан ұстап зарарсыздандырылған столдың ақ жаймасын жабады.

6. Зарарсызданған пинцетпен оң қолмен цилиндрді алып, сол қолға ауыстырады.

7. Поршенді пинцетпен алып, цилиндрдің ішіне енгізіп, поршенді қақпақпен бекітеді.

8. Дәрі алатын инені канюлядан пинцетпен ұстап, ине кіргізетін конусқа кигізеді.

9. Құрастырылған шприцті лотокқа салады, шприц сұйық дәріні сорып алуға әзір.

10. Пайдаланылған шприц, инелер инструкциялық - әдістемелік нұсқаулар   

  кезеңіне сәйкес тазалаудан өтеді.

 

Ескерту: Зарарсыздандырылған столынан шприц, инелерді құрастыру зарарсыздандырудың «ашық» тәсілінде қолданылады.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Салқын компресс

 

Көрсеткіштері: соғып алу, алғашқы тәуліктегі жарақаттану, қан кету,      қызбаның екінші кезеңі

Әзірле:дәке немесе жайма (2 дана), салқын су,

         зарарсыздандырылған лоток

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бірнеше қабат бүктелген жайманы немесе дәкені лотоктағы

  салқын суға салады, шамалы сығады.

2. Науқастың ауырған жеріне қояды.

3. 1-2 салфетка 2-3 минут сайын кезектесіп ауыстырылады.

4. Салқын компресс қою орташа 50-60 минутқа созылады.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ   СТАНДАРТ Оттегі жастықшасы арқылы оттегімен емдеу Қолданылатын жағдайлар: Жүрек – қан тамырлар және тыныс алу жүйесі аурулары, жедел және созылмалы тыныс тапшылығы Әзірле: · Оттегі жастығы · Бинт, мундштук, зарарсыздандырылған лоток · Залалсыздандыру ерітіндісі, дәке салфеткасы     Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолды жуу, кептіру. 2. Оттегі жастықшаның бүтіндігін тексеру. 3. Оттегі жастықшадағы резеңке түтікті оттегі балонының         редукторына қосады. 4. Редуктор кілтін баяу ашып, жастықты оттегіге толтырады. 5. Редуктордың және жастықтың кілтін жабады. 6. Жастықтың резеңке түтігіне мундштук бекітіледі. 7. Науқасты ыңғайлы етіп жатқызу. 8. Ылғалданған 3 – 4 қабат дәке салфеткамен мундштукты орау. 9. Науқастың аузынан 4 – 5 см қашықта ұстау керек. 10. Науқастан ауыз арқылы оттегімен дем алу, ал мұрын   арқылы демді шығаруын өтіну. 11. Оттегі жастықшасының вентилін біртіндеп ашу. 12. Оттегі түгел шыққанша жастықтың бұрыш – бұрышын басу керек.   (жастықтағы оттегі 4 – 7 минутқа жетеді). 13. Пайдаланылған оттегі жастықшасы арасына 15 минут салынып залалсыздандыру ерітіндісімен тазалау, сақталатын орнына қою. 13. Қолды жуу кептіру.         Ескерту: Оттегі жастықшасы арқылы оттегі минутына 4-5 л жылдамдықпен беріледі. Оттегі қапшылығының сыйымдылығы 25-75 литр³    Бирка үлгісі  
Бөлім: Материалдар тізімі: Терапия (егу кабинеті). 1. 2. 3.
Зарарсыздандыру жүргізілген күн __________   ОЗБ операторының қолы __________________ Бикс ашылған күн, уақыты ______________   Мейірбике қолы ________________________  

³

 

 

.

                      ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

                        Дәрі – дәрмекті тері ішіне егу тәсілі

Қолданылатын жағдайлар:

Диагностикалық мақсатта – туберкулезді анықтау, антибиотиктерге сезімталдықты және аллергендерді анықтау, жергілікті жансыздандыру.

 

Қолданылмайтын жағдайлар:

Иньекция аймағында ісіктің болуы, тері аурулары.

 

Әзірле:  1,0 грамм шприц (иненің ұзыны 1,5 см (15мм), саңылауы 0,4 мм),

       зарарсыздандырылған мақта, пинцет, лоток, кескіш,

      70ºС этил спирті, дәрі-дәрмектер, залалсыздандыру ерітіндісі

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 
1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу. 2. Қолды антисептик ерітіндісімен тазарту. 3. Шприцке ампуладан 0,2 мл дәріні сорып алу. 4. Иньекциялық инені бекіту, өткізгіштігін тексеру және ауасын шығару. 5. Ине қақпағын кигізу, лотокқа қою. 6. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу. 7. 70 % этил спиртіне малынған мақта тампонымен егу аумағын 4x8 см көлемін жоғарыдан төмен қарай бір бағытта айналдыра отырып сүрту. 8. Оң қолына шприцті алып, иненің қиығын жоғары қаратып 2 саусақпен канюляны ұстайды. 9. Егу орнының терісін сол қолмен тарту. 10. Иненің қиығын жоғары қаратып теріге паралель ұстап терінің ішіне (иненің қиығы толық енгенше) инені енгізу. 11. 0,1 мл мөлшерінде дәріні жіберу, «лимон төмпешігі» пайда болады. 12. Инені алып жан-жағын сүрту (мақтамен бетінен баспай). 13. Науқас жағдайын 15-20 минут бақылау. 14. Түйін 1 см үлкейсе, жан-жағы қызарса, бөртпе пайда болса, дәрі жағымсыз болғаны. 15. Түйін кетіп қалса, инъекция салуға болады. 16. Сынақтың қорытындысы ауруханадағы науқастың медициналық картасына (003 есеп формасына) тіркеледі. 17. Дәрілерге сезімталдық жоғары, нәтиже «оң» болып саналады. 18. Медициналық құжатқа тіркеу. 19. Пайдаланылған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға сәйкес залалсыздандырылады және жойылады. 20. Қолды жуу, кептіру.     Ескерту: Білектің ортаңғы ішкі бөлігіне, қардың ортаңғы бөлігінің ортасына жүргізіледі.
 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Жұлынға пункция жасау

Көрсетілімі:Емдік және  диагностикалық мақсатта

Әзірле:

· шприц, мандрен, пункция жасайтын ине

· зарарсызданған пинцет, лоток, пробирка, лейкопластырь

·  зарарсызданған мақта тампоны, салфетка

· спирт, йод ерітіндісі, 0,5 % новокаин ерітіндісі

 

Іс - әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу. 2. Бетперде кию, қолды антисептик ерітіндісімен тазарту, қолғап кию. 3. Ине қақпағын кигізу, лотокқа қою. 4. Қажетті құралдарды әзірлеу. 5. Науқасты емшара кабинетіне апару. 6. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, басын алға қарай еңкейтіп, аяғын ішіне жақындата қаттырақ бүгу. 7. Дәрігерге көмектесіңіз: құралдарды, дәрілерді, зарарсызданған салфетка, йод, спиртке батырылған мақта тампонын, пробирканы алып беру. 8. Науқасты ұстау. 9. Пункция жасалған жерге лейкопластырь жапсыру. 10. Науқасты палатаға апарып, жастықсыз екі сағатқа етпетінен жатқызып, бір тәулік бойы жалпы жағдайын бақылау. 11. Пайдаланылған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға сәйкес         залалсыздандырылады және зарарсыздандырылады. 12. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.   Ескерту: · Науқаста йод ерітіндісіне сезімталдық жоғары болса, йод қолданылмайды. · Жұлын сұйықтығы 3-5 мл көлемінде алынады, жолдама толтырылып, жылы күйінде зертханаға жеткізіледі. Туберкулез менингитіне күдіктенген жағдайда, жұлын сұйықтығы бар пробирка 1 тәулікке (24 сағат) қойылады.

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Антибиотик ерітіндісін дайындау және есептеу

Қолданылатын жағдайлар: қабыну ауруларында

Қолданылмайтын жағдайлар:

      Дәрілерге аллергиялық реакция болған жағдайда.

Әзірле:

· Антибиотиктегі бар флакондар (пенициллин 250 000 Б, 500 000 Б, 1 000 000 Б)

· Антибиотик ерітінділері (0,25%; 0,5% новокаин ерітіндісі, 0,9% натрий хлориді (физ.ерітінді), иньекцияға арналған сұйықтық

· Шприц – 5,0 – 10,0 мл, инелер, кескіш, зарарсыздандырылған мақта тампоны

· Залалсыздандыру ерітінділері, спирт, пинцет, зарарсыздандырылған лоток

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолды антисептик ерітіндісімен тазарту.

2. Флакондарды тексеру: этикеткасын қарау, мөлшері, сақталу мерзімі, ұнтақ түсі және бүтіндігін тексеру.

3. Антибиотик ерітінділерін де осы тәртіппен тексеру (аты, мөлшері, сақталу мерзімі, мөлдірлігі, бүтіндігі).

4. Шприц, инені құрастыру.

5. Антибиотигі бар флаконның металл қақпағы ортасын пинцет көмегімен алу.

6. Антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен сүрту.

7. Антибиотик ерітіндісі бар ампуланы кескіш көмегімен кесіп, антисептик ерітіндісіне малынған мақта тампонымен ампула ұшын сындыру.

8. Ерітіндіні қажетті мөлшерде сорып алу, алдын ала дайындалған флаконның резеңке қақпағын тесу арқылы енгізу.

9. Шприцті инеден босатып алып, флаконда мөлдір антибиотик ерітіндісі болғанша араластыру.

10.  Инені шприцке жалғап, нұсқауға сәйкес антибиотик ерітіндісін сору.

11.  Иньекциялық инені алмастыру, өткізгіштігін тексеру, ауасын шығару

12.  Залалсыздандыру.

13.  Пайдаланылған шприц, инелер әдістемелік нұсқауға сәйкес

      залалсыздандырылады және жойылады.

14.  Қолды жуу, кептіру.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 5006; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!