Шетелдік залалсыздандыру таблеткалары. Әзірле: 10 л ыдыс, су, залалсыздандыру таблеткалары



 

Әзірле: 10 л ыдыс, су, залалсыздандыру таблеткалары

ДЕОХЛОР – таблетка, 1 таблетка-3,4 гр

 

1 таблетка + 10л су – 0,015% (бактериялы індетке сүрту үшін)

7 таблетка + 10л су – 0,1% (вирус індетіне)

14 таблетка + 10л су – 0,2% (туберкулез індеті)

 

                                                 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Шетелдік залалсыздандыру ерітінділері

 

Әзірле: 10 л ыдыс, су, залалсыздандыру сүйықтығы,

өлшем ыдысы

 

ВАПУСАН - 2000– сұйық, жасыл ерітінді

 

1% ерітінді – 10мл вапусан + 990мл су

3% ерітінді – 30мл вапусан + 970мл су

5% ерітінді – 50мл вапусан + 950мл су

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Шетелдік залалсыздандыру ерітінділері

Әзірле:  8 л ыдыс, су, залалсыздандыру сүйықтығы,

өлшем ыдысы

 

ЛИЗОФОРМИН - 3000 – сұйық, жасыл ерітінді

 

1% ерітінді – 80 мл лизоформин + 8л су

3% ерітінді – 240 мл лизоформин + 8л су

5% ерітінді – 400 мл лизоформин + 8л су

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Біріңғай материалдан жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін биксті жинақтау

Әзірле:

- бикс;

- ақ жайма;

- резеңке бұйымдар (катетер, жел шығаратын түтікше);

- таңғыш материалдар;

- зарарсыздандыру сапасын бақылау үшін индикаторлар;

- заттаңба (клеенкадан жасалған, өлшемі 13-15 см);

- спирт

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Қолды жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

2. Бикстің бүтіндігін және ақаусыздығын тексеріңіз.

3. Бикстің бүйіріндегі саңылауларын ашыңыз.

4. Бикстің ішкі жағын спиртке батырылған салфеткамен сүртіңіз.

5. Бикстің ішіне және қабырғаларына ақ жайманы төсеңіз.

6. Бикстің ішіне зарарсыздандыру сапасын бақылау үшін қолданылатын индикаторды салыңыз.

7. Материалды бикске сирек әрі бос етіп салыңыз. Резеңке бұйымдарды дәке салфеткаға әрқайсысын орап, бөлек-бөлек салыңыз.Әрбір затты бикске ыңғайлы етіп салыңыз, себебі алған кезде жинақ бұзылмауы тиіс.

8. Материалдардың ортасына зарарсыздандыру сапасын бақылау үшін индикаторды қойыңыз.

9. Түбіне жайған ақжайманың шетін қайырып жабыңыз да, тағы да зарарсыздандыру сапасын бақылау үшін индикаторды қойыңыз.

10. Бикстің қақпағын жабыңыз.

11. Заттаңбаны үлгіге қарап толтырып, бикстің қақпағына байлаңыз.

 

Заттаңбаның үлгісі:

Бөлімі:терапия (ине егу бөлмесі).

Салынған материалдар саны:

1.

2.

3.

Зарарсыздандыру күні және орталық зарарсыздандыру бөлмесі операторының қолы. Биксті ашу уақыты мен күні,мейірбикенің қолы

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Құрғақ ауа шкафтарында зарарсыздандыру жүргізу

1. Құрғақ ауа шкафына 200°С деген белгісі бар металл

катетерлер, шпательдер,инструменттер, зарарсыздандырылады.

 

2. Залалсыздандырылатын заттар бикске тігінен немесе құрғақ ауа өтетін саңылаулар 70% ашық тұратындай етіп орналастырылады. 60 минутта Т - 180°С-та зарарсызданады

 

 3. Камераның температурасы 40-50°С болғанда зарарсызданатын заттарымыз орналастырылады.

 

 4. Хирургиялық инструменттерді арнайы бикске зарарсыздандырылады.

 

 5.Зарарсыздандырылған құрал жабдықтарды 3 тәулікке дейін, ал ашық күйінде зарарсыздандырылатын заттарды дереу қолдану керек.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

 

Медициналық құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру

1.Ауа арқылы – Ыстық құрғақ ауамен

                        Т + 180° болса – 60 мин

                        Т + 160° болса – 60 мин

 

2. Бу арқылы – Бу қысымының күшімен

                       Т + 132° 2 атм.қысымында – 20 мин 

                       Т + 121° 1,1 атм.қысымында – 45 мин

 

3. Зарарсыздандырудың химиялық тәсілі:

                          

                       6% асқын су тотығында Т + 18° - 360 мин

                       6% асқын су тотығында Т + 50° - 180 мин

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Науқасты ауруханаға қабылдау

Әзірле:тіркеу журналы, ауру тарихы, қызу парағы, термометр, 

         шпатель

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Ауруханаға жатуға қажет барлық құжаттардың түгелдігін 

 тексеріңіз.

2. Науқасты тіркейтін журналға тіркеңіз.

3. Ауру тарихының паспорт бөлімін толтырыңыз.

4. Науқастың дене қызуын өлшеңіз және алынған мәліметті қызу 

 парағына белгілеңіз.

5. Антропометриялық өлшемдерді жүргізу және оны ауру 

 тарихына жазу.

6. Науқастың денесін және түк басқан жерлерін бәрін тексеріңіз.

7. Науқастың жағдайының ауырлығына байланысты

(толық, жартылай) санитарлық тазалықты жүргізіңіз.

8. Оған аурухананың киімдерін кигізу.

9. Науқасты бөлімшеге тасымалдау.

 

                     ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Гигиеналық ванна қабылдау

 

Әзірле:   

- таза төсек-орын мен киімге арналған шкаф

- кушетка

- ванна немесе душ кабинасы

- ауаның,судың температурасын өлшеу үшін термометр

- таза жөкелер үшін ыдыс

- педикулез болған кезде науқасты тазалауға арналған жиынтық

- дезинсекциялық зат

- қайшылар

- ұстара

- резеңке кілемше

- клеенка қап

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Науқастың шешінуін сұраңыз.

2. Науқастың киімдерін қабылдау үшін екі дана «Қабылдау квитанциясын толтырыңыз.

3. Педикулезді анықтау үшін науқастың шашын қараңыз.

4. Қотырды анықтау үшін науқастың ішін, санын, саусақ аралықтарындағы тері жамылғысын тексеріңіз.

5. Таза ваннаны 35-37ºС температурадағы сумен толтырыңыз.

6. Науқасты ваннада ыңғайлы жатуына көмектесіңіз. Ваннадағы су науқастың семсер тәрізді өсіндісіне дейін жетуі керек,ал аяғы тіреліп тұруы үшін ағаш тіреуіш қойыңыз.

7. Науқасқа құрғақ жөке мен бір ретке жететін сабын беріңіз.

8. Науқастың жуынуына көмектесіңіз: бірінші басын, сосын арқасын, аяқ-қолын, шат аралығын. Ваннаны қабылдау уақыты 20-25 минут.

9. Науқастың жағдайын бақылап тұру керек (тері жамылғысының түсін, тамыр соғуын, жүрек соғуын).

10. Науқасқа ваннадан шығуына, денесін құрғақ сүлгімен сүртуіне көмектесіңіз.

11. Қолданылған жөкені “қолданылған жөкелер” деген белгісі бар ыдысқа салыңыз.

12. Қолданылған сүлгіні лас киімдерге арналған клеенка қапқа салыңыз.

13. Таза ауруханалық киім киюіне көмектесіңіз (көйлек, халат немесе пижама, аяқ киім).

14. Ваннаны залалсыздандыру ерітіндісімен жуып, содан соң ыстық сумен шаю керек.

                         ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Гигиеналық душты қабылдау

Әзірле:   

- таза төсек-орын мен киімге арналған шкаф

- кушетка

- ванна немесе душ кабинасы

- ауаның,судың температурасын өлшеу үшін термометр

- таза жөкелер үшін ыдыс

- педикулез болған кезде науқасты тазалауға арналған жиынтық

- дезинфекциялық зат

- қайшылар

- ұстара

- резеңке кілемше

- клеенка қап

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Душ кабинасына орындық қойып, оған науқасты отырғызыңыз.

2. Науқастың жуынуына көмектесіңіз.

3. Науқастың жалпы жағдайын қадағалаңыз.

4. Науқастың сүртінуіне және киінуіне көмектесіңіз.

5. Қолданған жөкені “қолданылған жөкелер” деген белгісі бар ыдысқа салыңыз.

6. Қолданылған сүлгіні лас киімдерге арналған клеенка қапқа салыңыз.

7.  Резеңке кілемшені залалсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.                          

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Науқаста бит табылғанда тазалау

 

Педикулез - бұл битшеңдік.

 

Әзірле

 - халат, орамал, резеңке қолғап

- клеенка, өлшемі 1 х 1м;

- матадан және клеенкадан тігілген орамал (науқас үшін);

- майда тісті тарақ;

- 0,15% карбофостың сулы-эмульсиялы ерітіндісі, ниттифор;

- 6% асханалық сірке су ерітіндісі;

- киім үшін клеенка қап;

- мақта тампондары;

- науқастың медициналық, стационарлық картасы;

- жұқпалы ауру туралы жедел хабарлама № 058/есептегі үлгі, 060 түркеу журналы

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Орамалды байлап, қосымша халат пен резеңке қолғап киіңіз.

2. Науқасты кушеткаға отырғызыңыз.

3. Науқастың шашын залалсыздандыру ерітіндісімен барынша ылғалдаңыз.

4. Науқастың басын келеенка орамалмен , содан соң мата орамалмен ораңыз.

5. 30-40 минуттан соң шашын сусабынмен жылы суда жуыңыз.

6. Өлген биттерді шаштан шығару үшін майда тісті тарақпен тараңыз.

7. Науқастың киімдерін дез.камераға өткізу үшін қапқа салыңыз.

8. № 058/, № 060/есептегі үлгілерді толтырыңыз.

 

Ескерту: Тазарту іс-әрекеті бөлімшеде 7-10 күннен кейін қайталанады.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

Науқасты бит, сіркеге тексеру

Әзірле:лупа, жиі тісті тарақ, 058 есеп формасы, 003 есеп формасы

 

Іс- әрекет алгоритмі:

 

1. Қол жуу, кептіру, резеңке қолғап кию.

2. Науқасты ваннаға кіргізіп, орындыққа орналастыру.

3. Ұзын шашты босату.

4. Тарақ және лупа көмегімен шашты қарау.

5. Науқастың шешінуін өтіну, киім тігістерін тексеру.

6. Дененің басқа аймақтарын қарау (қолтық асты, қасағаны).

7. Бит, сірке анықталса, залалсыздандыру жұмысын жүргізу.

13. Науқастың медициналық картасының паспорттық бөліміне «Р» белгісі

қойылады.

14. Шұғыл хабарлама толтырылып, СЭС-ке жіберіледі.

15. Науқас киімдерін қапқа салып, залалсыздандыру камерасына жіберу.

Ескерту:

- Басты шаш бөлігінде терінің зақымдалуы немесе жара анықталса, тазалау

жүргізілмейді, шаш алынып, өртеу керек.

- Аллергиясы бар науқасқа педикулезге қарсы ерітінділер қолданылмайды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Антропометрия. Науқастың салмағын өлшеу.

 

Көрсетілімі:

- Физикалық дамуды бағалау.

- Дене салмағының көбеюін және салмақтың азаюын бағалау.

- Салмақ қосу динамикасын бақылау

- Жасырын ісікті анықтау.

- Науқасты ауруханаға қабылдау кезінде жүргізіледі.

 

 Қарсы көрсетілімі:

- Халі ауыр қатаң төсек режимдегі науқас.

 

Әзірле:

Медициналық таразы, залалсыздандыру ерітінділері, клеенка.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісімін алу.

2. Медициналық таразыны залалсыздандыру ерітінділерімен сүрту.

3. Таразыны тексеріп 0-ге әкеліп қой.

3. Науқасты жайлап қана таразының үстіне шығару керек (аяқ киімін шешу

керек).

4. Салмақ деңгейін анықтағаннан кейін, залалсыздандыру ерітіндісімен

таразыны сүрту.

5. Алған мәліметті температура парағына ф-004 парағына түсіру керек.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Емделушіні шалқадан жатысынан Симс жатысына ауыстыру

(Ішінен жату және жамбастап жату арасындағы жатыс)

Емделуші жартылай көмектеседі немесе мүлде көмектесе алмайды.

    Екі медбике орындайды.

 

Мақсаты:емделушіні физиологиялық жатыста жатқызу

 

Көрсеткіштері: мәжбүрлік немесе пассивті жатыс, терісі ойылу қаупіне байланысты басқаша жатқызу

 

Жабдықталуы: қосымша жастық, аяққа тіреуіш немесе құм салынған қапшық, валиктер, резина доптың жартысы

 

Ескерту:бұл емшара функцональды кереуетте де, жай кереуетте де орындалуы мүмкін

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделуші туралы мәлімет жинау, сыпайы түрде оған өзін таныстыру,

оны қалай атауға болатынын нақтылап сұрау.

2. Емделушіге болатын емшараның мақсаты мен жасалу ретін түсіндіру.

3. Емделушінің емшара жасауға келісімін алу.

4. Қажетті жабдықтарды дайындау.

5. Қол жуу (әлеуметтік деңгей).

6. Кереуеттің тежеуішін бекіту. Кереуетті емделушімен жұмыс істеуге

ең ыңғайлы биіктікке көтеру.

7. Емделушінің сол жағындағы ұстағыштарын түсіру (егер болса).Кере-

уеттің бас жағын горизонтальды етіп түсіру (немесе жастықты алып   

тастау).

8. Емделушіні қолдарын кеудесіне айқастыруын өтініңіз және оны кереуеттің 

 сол жағына қарай жылжыту.

9. Егер емделуші екі қолын кеудесінде айқастырса және сол аяғының тізесін

 бүгіп, оң аяғының астына қойса, көмектесетінін айту. Егер ол өз бетімен    

 жасай алмаса, медбике оған көмектесу тиіс. Ол үшін бір қолымен

 емделушінің табанын ұстап жамбасына қарай жылжыту керек, осы кезде

 екінші қолымен екінші аяғының тізе астынан ұстап жоғары қарай көтеру

 керек.

 

10. Сол жақтағы ұстағыштарды көтеріп, кереуеттің екінші жағына шығу, оң

   жақтағы ұстағыштарды түсіру.

11. Протекторды емделушінің қасына кереуетке қою. Кереуетке неғұрлым

  жақынырақ тұрып, бір тізесін протекторға қою (егер кереуеттің деңгейі  

  өзгертілмесе, екінші аяғымен тіреледі).

12. Сол қолды емделушінің сол иығына, ал оң қолын оң жамбасынан ұстап,  

өз салмағын жерде тұрған аяғына түсіріп, науқасты жамбастап аудару.

13. Емделушінің оң жақ «астындағы» иығын артқа тартып, «астыңғы» қолын

  денесінің астынан босатып алу. Басына жастық жастау.

14. Бүгілген «үстіңгі» қолының астына иық деңгейінде жастық жастау, еркін

 ұстаған қолын доптың жартысына қою.

15. Бүгілген «үстіңгі» аяғының астына жастық жастап, аяғы жамбас   

 деңгейінде болу тиіс.

16. Астыңғы табанының 90º бұрыштар тірелуін қамтамасыз ету.

17. Емделуші ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз, жаялығын түзеңіз. Екі 

жақтағы ұстағыштарын түсіріңіз. Кереуетті бұрынғы биіктігіне түсіріңіз.

18. Қолғаптарды залалсыздандыру мен утилизациясын жасау. Қол жуу(әлеу-

 меттік деңгей).

19. Емделуші ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз, жаялығын түзеңіз. Екі жақ-

 тағы ұстағыштарын түсіріңіз. Кереуетті бұрынғы биіктігіне түсіріңіз.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Емделушіні Фаулер жатысымен жатқызу

(Бір медбике орындайды)

 

Мақсаты: емделушіні физиологиялық жатыста жатқызу

 

Көрсеткіштері: тамақтандыру (өз бетімен тамақ ішу), осы жатыста талап ететін емшараларды орындау, терісі ойылудың алдын алу.

 

Әзірле: жастықтар жиынтығы, табанына тіреуіш, резина доптың жартысы – 2 дана, 2 сүлгі.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделуші туралы мәлімет жинау, сыпайы түрде оған өзін таныстыру,

оны қалай атауға болатынын нақтылап сұрау.

2. Емделушіге болатын емшараның мақсаты мен жасалу ретін түсіндіру.

3. Емделушінің емшара жасауға келісімін алу.

4. Қажетті жабдықтарды дайындау.

5. Қол жуу (әлеуметтік деңгей).

6. Кереуеттің тежеуішін бекіту.Кереуетті емделушімен жұмыс істеуге ең

  ыңғайлы горизонтальды етіп түсіру.

7. Емделушінің сол жағындағы ұстағыштарын түсіру (егер ол болса).

  Кереуеттің бас жағын горизонтальды етіп түсіру (немесе жастықты алып

  тастау).

8. Емделуші кереуеттің ортасында, шалқасынан жатқанына көз жеткізіңіз.

   Жастықтарды алып тастаңыз.

9. Төсектің басын 45-60º бұрыштап көтеру (немесе үш жастық қойыңыз).

10. Емделушіні неғұрлым жоғары отырғызу.

Басына кішірек жастық жастау (егер жастық жастай алмай,кереуеттің

басы ғана көтерілсе).

11. Емделушінің иегін сәл көтеру.

12. Емделушінің қолдарын денесінен алып, шынтақтары мен қолының

 ұшының астына кішірек жастықтар қою.

13. Қолының ұштарын резина доптарының жартыларына, сүлгі

төсеп қою.

14. Емделушінің белінің астына жұқа жастық жастау.

15. Емделушінің аяқтарын тізесінен және жамбасынан бүгіп, жамбасының 

 төменгі үштен бір бөлігінің астына жастық немесе бүктелген көрпе төсеу.

 

16. Емделушінің сирақтарының төменгі үштен бір бөлігінің астына, өкшелері  

 көрпеге тимейтіндей етіп, валик қою.

17. Астыңғы табанының 90º бұрыштар тірелуін қамтамасыз ету.

18. Емделуші ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз, жаялығын түзеңіз. Екі жақ-  

тағы ұстағыштарын түсіріңіз. Кереуетті бұрынғы биіктігіне түсіріңіз.

19. Қолғаптарды залалсыздандыру мен утилизациясын жасау. Қол жуу.

 

Ескерту:бұл емшара функциональды кереуетте де, жай кереуетте де орындалуы мүмкін.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

Науқасты баспалдақпен тасымалдау

 

 Әзірле: зембіл, каталка, көрпе, жастық

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Зембілді 0,016 % деохлор ерітіндісімен залалсыздандыру керек.

2. Зембілге 2 қабат ақ жайма жаю керек.

3. Науқасты зембілге жатқызып, басына жастық қойып көрпемен жабу керек.

4. Баспалдақпен көтерілгенде науқастың басын алдымен алып, аяқ жағын көтеріп, денесін горизонтальды бойымен тасымалдау керек.

5. Баспалдақпен түсірерде аяқ жағымен алып жүру керек. 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

             Науқастыңкеуде клеткасының көлемін өлшеу

Көрсетілімі:

-кеуде клеткасының экскурсиясын анықтау

Қарсы көрсетілімі:

- халі ауыр қатаң төсек режимдегі науқас

Әзірле:

 

- сантиметірлік лента (ұзындығы 1м)

- залалсыздандыру ерітінділері.

- дәке салфеткасы

- латекс қолғабы.

- ақ парақ және қаламсап

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін процедураны түсіндіру және келісім алу.

2. Сантиметірлік лентаны залалсыздандыру ерітінділерімен сүрту.

3. Қолды жуу кептіру және қолғапты кию.

4. Науқастың екі қолы түсірілген және мейірбикеге қарама-қарсы тұру.

5. Сантиметрлік лентаны науқастың жауырын сүйегінің төменгі  

бұрышымен алдыңғы жағымен – төртінші қабырға үстімен өткізу.

6. Науқастың тыныш кезінде - терең дем алу кезінде дем шығарғаннан  

соң сантиметрлік лентаға көрсетілген белгі алынады.

7. Алған өлшемді 004 температура парағына тіркеледі.

8. Пайдаланған сантимертлік лентаны залалсыздандыру ерітіндісімен

арасына 15 мин салып, 2 рет сүртіледі.

9. Қолғапты шешіп, қолды жуу және кептіру.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Науқастың бас көлемін өлшеу

Көрсетілімі: диагностикалық мақсатта

Қарсы көрсетілімі:халі ауыр қатаң төсек режиміндегі науқас

Әзірле:

- сантимертлік лента

- залалсыздандыру ерітінділері

- дәке салфеткасы

- латекс қолғабы

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Резеңке қолғапты кию.

2. Сантиметрлік лентаны залалсыздандыру ерітінділерімен сүрту.

3. Резеңке қолғапты шешу.

4. Науқастың бас киімін шешу.

5. Сантиметрлік лента шүйде сүйегінің жоғарғы дөңес нүктесінен, алдынан –

қас доғасы деңгейінен жүргізіледі.

6. Алынған өлшемді науқастың медициналық картасына 003 есеп формасына

тіркеледі.

7. Пайдаланған сантиметрлік лентаны залалсыздандыру ерітіндісімен

арасына 15 мин салып, 2 рет сүртеді.

8. Қол жуу және кептіру.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Дәрменсіз емделушіні жуындыру

Мақсаты: жеке тұлғалық гигиена ережелерін орындау

Көрсеткіштері:өзіне-өзі күтім жасай алмайтын емделушіге күтім жасау

 

Әзірле: жылы су(35-37ºС) құйылған ыдыс, жөке, сүлгі,

құмыра, клеенка, жаялық.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

- Болатын емшараның мәні мен жасау ретін түсіндіру.

- Емделушіні Фаулер жатысымен жатқызу, клеенка мен жаялық төсеу.

- Қолғапты сулап, артық суын сығып тастау.

- Қолғаппен маңдайын, қабақтарын, екі бетін, мұрнын, мойнын сүрту.

- Сүлгі мен сол тәртіпте емделушінің беті мен мойынын құрғатып  

сүрту.

- Жаялық пен клеенканы алып, залалсыздандыруға жіберу.

- Емделушіге ыңғайланып жатуға көмектесу.Өзін жақсы сезінетіндігіне  

көз жеткізу.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

Науқасқа төсек-орынды әзірлеу

Әзірле:

- керует;

- матрац;

- клеенка,ақ жайма;

- екі жастық;

- көрпе;

- көрпенің тысы, ақ жайма, жастық тысы

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Кереует торына матрацты салу (тегіс болуын қадағалау).

2. Матрац үстіне таза жайма төсеу.

3. Қажет болған жағдайда жайма үстіне клеенка жаялық төселеді.

4. Жастық тысты жастыққа кигізу, кереует бас бөліміне қою.

5. Көрпе тысты жылы жапқышқа кигізіп түзету.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Науқастың төсек-орнын ауыстыру

І тәсіл –науқастарға төсекте қозғалуына рұқсат етілген жағдайда жүргізіледі.

 

Әзірле:

- таза төсеніш жинағы;

- халат, орамал, резеңке қолғап;

- клеенка қап (лас киімге арналған)

 

Іс әрекеттері алгоритмі:

1. Жайманы көлденең тәсілмен орау.

2. Науқас бас бөлімін, кеудесін көтеруін өтінеміз (немесе көмектесеміз).

3. Жастықтың тысын алу.

4. Лас жайманы орау, бастан белге дейін.

5. Жайманы матрац үстіне тегістеп саламыз.Жастықты орнына қою.

Науқасты жатқызамыз.

6. Науқастың жамбасын және аяғын көтеріп, лас жайма алу, содан соң таза  

жайманы тегіс күйінде жаю, шеттерін матрац астына жіберу.

7. Науқастың төсекте ыңғайлы орналасуын бақылау.

8. Көрпенің тысын ауыстыру, науқасты жабу.

9. Клеенка қапқа лас төсеніштерді салу.

10. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.

Ескерту:лас төсеніштірді бөлімшеде сақтауға болмайды.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

Науқастың төсек-орнын ауыстыру

 

ІI тәсіл -қатаң төсек тәртібіндегі науқасқа қолданылады.

 

Әзірле:

- таза төсеніш жинағы

- халат, орамал, қолғап

- клеенка қап (лас киімге арналған)

 

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Таза жайманы, ұзыннан жартысына дейін орау.

2. Науқастың басын көтеріп, жастықты алу.

3.   Науқасты бір бүйірінен жатқызу және көмектесу.

4. Лас жайманы шетінен науқасқа қарай орау.

5. Босаған матрац бөлігіне таза жайманы төсеу.

6.   Науқасты алдымен арқасынан, сосын бүйірімен таза жайма үстіне  

жатқызу.

7. Лас жайманы алу.

8. Таза жайма орамын тегістеп, матрац үстіне жаю, шетін бүгу.

9. Жастықтың тысын ауыстыру.

10. Жылы жапқыштың тысын ауыстыру.

11. Клеенка қапқа лас төсеніштерді салу.

12. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.

 

Ескерту:лас төсеніштерді бөлімшеге сақтауға болмайды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

Науқастың тері күтімі және денесін ылғалдап сүрту

Мақсаты:терінің тазалығын сақтау, оның қалыпты қызметін қалыптастыру

 

Әзірле:клеенка, жайма, лоток, жылы су, 10% камфора спирті, үлкен салфетка  немесе сүлгі, ауыстыратын төсеніш, киімдер, қайшы, медициналық   

 қолғап

 

 Іс әрекет алгоритмі:

1. Күнделікті таңертеңгілік және кешкілік жыныс мүшелерін тазарту.

2. Күнделікті қызарған жерлерді жуып, құрғатып сүрту.

3. Ылғалданған шүберекпен сүртер алдында науқастың астына клеенка мен жайма төсеу.

4. Лотокқа жылы су құю.

5. Емделушінің денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштау.

6. Салфетканы немесе сүлгінің кішкене бөлігін суға малып алып сәл сығу.

7. Емделушінің денесін төменгі реттілігімен сүрту: бетін, мойын, қолдарын, арқасын.

8. Сүлгінің құрғақ бөлігімен жоғарыдағы реттілікпен науқас денесін сүрту, жайма жабу.

9. Осы тәртіппен емделушінің ішін, санын аяқтарын сүрту.

10.  Емделуші төсеніштерін және киімдерін ауыстыру.

11.  Емделушінің ыңғайлы жатқанына көзді жеткізу.

12.  Пайдаланған заттарды залалсыздандыру.

 

Ескерту: Аптасын 1 рет душ немесе ванна қабылдау керек.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Ауыз қуысының күтімі

Мақсаты:ауыз қуысында қабыну және шіру процестерінің алдын алу

Әзірле:    зарарсыздандырылған лотоктар, 2 пинцет, салфеткалар,

            алмұрт тәрізді баллон немесе Жанэ шприці,

             мензурка, вазелин, антисептикалық ертінді флаконы,

             фурациллин 1:5000, 1 % бриллиант жасылы, сүлгі, су құйылған 

             стакан.

 

Іс әрекеттері алгоритмі:

1. Күніне 2 рет тісін тазалау, әрбір тамақ қабылдағаннан соң, ауыз қуысын шаю.

2. Мензуркаға антисептикалық ертіндіні құю.

3. Науқастың аузын ашуын сұрау.

4. Әрбір тісті қызыл иектен бастап, ішкі жағынан азу тістен бастап тазалау және әр тазалаудан кейін дәке тампондарын ауыстыру.

5. Таңдайды, ұрттың ішкі жағын тазалау.

6. Науқастың ауызын шаюына көмектесу немесе алмұрт тәрізді баллонмен аузын бүркіп шаю.

7. Ауыздың айналасын құрғап салфеткамен сүрту.

8. Ерні, ауыз бұрышы тілінсе (езуі) глицерин немесе вазелин майын жағыңыз.

9. Егер тіс протезі болса оны тазалау, науқастың қайта киюіне көмектесу.

10. Құралдарды залалсыздандыру.

11. Салфеткаларды, дәке тампондарды, резеңке қолғапты жою.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Көзді жуу

Мақсаты:жеке түлғалық гигиена ережелерін орындау

Көрсеткіштері: өзіне-өзі күтім жасай алмайтын науқасқа көмек

 

Әзірле:

1. Антисептикалық ерітінді 0,02% фурациллин.

2. Зарарсыздандырылған мақта тампоны.

3. Зарарсыздандырылған лоток.

4. Пинцет.

5. Пайдаланған тампондарды салуға арналған ыдыс.

6. Зарарсыздандырылған резеңке қолғап.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас  туралы мәлімет жинау.

2. Болатын емшараның мәнімен жасалу ретін түсіндіру.

3. Қажетті жабдықтарды дайындау.

4. Қол жуу.

5. Науқасты ынғайлы отырғызу.

6. Лотокқа 8-10 тампондарды салып, антисептикалық ерітінді құйыңыз.

7. Пинцетпен лотоктан тампонды алып, сәл сығып кірпіктерді, қабақты, көздің сыртынан ішке қарай жылжытып отырып сүрту.

8. Тазалап болғаннан кейін құрғақ тампонмен ерітіндінің қалдықтарын құрғатып алу керек.

9. Науқасқа ынғайлап жатуға көмектесу.

10.  Пайдаланған тампондарды жою.

11.  Қол жуу.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Көзге май жағу

Мақсаты:емдік

 

Әзірле: - көзге жағатын май

  - зарарсыздандырылған мақта тампондары, лоток

          - зарарсыздандырылған қолғап, пинцет, шыны қалақша

              

 

Іс-әрекеттері алгоритмі:

1. Шыны қалақшаның бүтіндігін тексеріп, майдың атын оқыңыз.

2. Науқасты алдына қарама-қарсы отырғызу, басын артқа қарай шалқайтып, жоғары қарауын сұраңыз.

3. Залалсыздандырылған шыны қалақшамен майды алып, оны көлденең ұстап кеңсірікке қарай бағыттап жағыңыз.

4. Төменгі қабақты төмен қарай тартып, қалақшадағы майды көз алмасына сал.

5. Қабақты босатып жіберіп, қабақтарын жайлап қабыстырып, ақырындап қалақшаны шығарып алу керек.

6. Пайдаланған тампондарды жою.

7. Қол жуу.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Көзге дәрі тамызу

Мақсаты:емдік, диагностикалық

 

Әзірле:

- Көзге тамызатын дәріні (дәрігердің тағайындаған)

- Зарарсыздандырылған тамызғышты, мақта тампондары

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Дәрігердің тағайындаған дәрісінің атын және тамызғыштың бүтіндігін тексеру.

2. Науқасты ыңғайлы отырғызып немесе жатқызу.

3. Зарарсыздандырылған тамызғышқа тағайындалған ерітіндіні сорып алу.

4. Науқастан басын артқа қарай шалқайтып және жоғары қарауын сұрау.

5. Сол қолдың екінші саусағымен төменгі қабақты төмен тарту.

6. Тамызғышты кірпікке тигізбей (1,5 см-ден жақын ұстама), дәнекер қабақтың төменгі күмбезіне әуелі бір тамшы, аз уақыттан кейін екінші тамшыны тамызу.

7. Қабақты босатып, айналасын жайлап мақта тампонымен сүрту.

8. Екінші көзге дәріні осылайша тамызу.

9. Пайдаланған тампондарды жою.

10.  Қол жуу.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

 

                          Мұрын қуысын күту

Мақсаты:жеке түлғалық гигиена ережелерін орындау, мұрын арқылы  

             дем алудың бұзылуының алдын алу

 

Қөрсетілімі:науқастың ауыр жағдайы, мұрыннан бөлінетін бөлінділердің 

            болуы         

 

Әзірле: зарарсыздандырылған мақта тампондары, турундалары,

          лоток, пинцет, вазелин май, мензурка, резеңке қолғап

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Науқасты емдеуге ыңғайлы етіп отырғызыңыз.

2. Емшараның мақсатын түсіндіру, келісімін алу.

3. Қолды жуып, кептіру.

4. Турунданы алып, вазелин майына батырып, сәл сығу.

5. Турунданы оң қолға ауыстырып, науқастың мұрнының ұшын сол қолмен көтеріп, айналмалы қозғалыспен мұрын қуысына 1-3 мин бойына енгізу.

6. Мұрын қуысы жолдарынан турунданы айналмалы қозғалыспен шығарып алу.

7. Осы тәсілмен 2-ші мұрын қуысы жолдарын өңдеп тазалау.

8. Пайдаланылған құралдарды залалсыздандыру.

9. Пайдаланған тампондарды жою

10.  Қол жуу.

 

 

Ескерту: Үшкір заттарды қолданбау керек.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА  КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

 

Науқастың киімін ауыстыру

Көрсетілімі:

       - Халі ауыр қатаң төсек режиміндегі науқас.

 

Әзірле: Науқасқа қажет киім жиынтығы

        - халат, орамал, қолғап лас киімдерге арналған клеенка қап.

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін емшараны түсіндіру және келісім алу.

2. Медбике қолын жуып кептіру.

3. Медбике қолын науқастың оң жамбасының астына қойып көйлек етегін тауып алады.

4. Көйлекті ақырындап бас жағына қарай көтереді.

5. Екі қолын көтеріп көйлекті әуелі басынан,

      сосын қолынан шығарады.

 6.  Көйлекті киіндіргенде керісінше істелінеді.

Көйлектің жеңінен әуелі қолын, сосын басын кигізеді.

7. Көйлек етегі жазылып дұрысталады.

 8. Егер қолдың жарақаты болса, көйлекті алдымен сау жақтан  

босатады, сосын жарақаттанған қолдан шешеді.

 9. Алынған мәліметті температура парағына 004 есеп формасына белгі 

соғылады.

10. Лас киімдерді клеенка қапқа жинайды.

11. Қолғапты шешу, жуу, кептіру.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

 

СТАНДАРТ

Жағдайы ауыр науқастың жыныс мүшелерін жуу

 Мақсаты:Науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдары инфекцияларын төменнен жоғары қарай жолмен дамуының профилактикасы.

Әзірле: Зарарсыздандырылған лоток, корнцанг, салфеткалар, клеенка, 

       жайма, сабын, дәрет ыдысы, су толтырылған Эсмарх кружкасы, судың

       температурасы 35-38С резеңке қолғап.

 

Әйелдердің жыныс мүшелерін жуу

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Күнделікті таңертеңгілік және кешкілік жыныс мүшелерін тазалау.

2. Науқастың жамбасының астына клеенка және жайма төсеп, клеенкаға құйымшағының деңгейіне дәрет ыдысын орналастыру.

3. Науқас аяқтарын тізесінен бүгіп отыруына көмектесу және аяқтарының арасын ашу.

4. Науқастың оң жағынан тұру.

5. Сабынды суды дайындау.

6. Эсмарх кружкасының түтігін сол қолға алып, дәке салфетканы сабынды суға батырып, корнцангпен оң қолға алу.

7. Сыртқы жыныс мүшелерін төменгі реттілікпен тазалау: қасаға аймағы, сыртқы жыныс мүшелері, шат аралығы, анальді тесік аймағы.

8. Жыныс еріндерін бір қолмен ашып, сыртқы жыныс еріндерін жуған соң салфетканы ауыстыру.

9. Шат аралығы қасағадан аналь тесікке қарай бағытта жуу.

10. Науқастың шат аралығын жуған бағытта шаю қажет.

11. Науқастың шат аралығын және анальді тесік аймағын жуу, шаю және кептіру, сүрту.

12.  Дәрет ыдысын , клеенканы жинау, қолғапты шешу.

13.  Науқастың төсенішін жөндеп үстін жабу.

14.  Қолды жуып, кептіру.

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Жағдайы ауыр науқастың жыныс мүшелерін жуындыру

 Мақсаты: Науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдары инфекцияларын төменнен жоғары қарай жолмен дамуының профилактикасы.

Әзірле: Зарарсыздандырылған лоток, корнцанг, салфеткалар, клеенка, жайма

         сабын, дәрет ыдысы, су толтырылған Эсмарх кружкасы,

         судың температурасы 35-38С, резеңке қолғап.

 

Ер адамдардың жыныс мүшелерін жуындыру

Іс-әрекет алгоритмі:

1.  Күнделікті таңертеңгілік және кешкілік жыныс мүшелерін тазалау.

2.  Науқастың жамбасының астына клеенка және жайма төсеп, клеенкаға  

      құйымшағының деңгейіне дәрет ыдысын орналастыру.

3.  Науқас аяқтарын тізесінен бүгіп отыруына көмектесу және   

аяқтарының  арасын ашу.

4.  Науқастың оң жағынан тұру.

5.  Сабынды суды дайындау.

6.  Эсмарх кружкасының түтігін сол қолға алып, дәке салфетканы   

сабынды суға батырып, корнцангпен оң қолға алу.

7.  Сыртқы жыныс мүшелерін төменгі реттілікпен тазалау: қасаға  

      аймағы, сыртқы жыныс мүшелері, шат аралығы, анальді тесік аймағын.

8.  Бір қолымен жыныс мүшесін қолға алып, терісін артқа тарту.

9.  Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан қасаға бағытында   

айналмалы қозғалыспен жуу.

10.  Жыныс мүшесінің терісін физиологиялық қалпына келтіру.

11.  Жыныс мүшесінің қалған бөлігін ұмасының терісін, аналь тесікті   

  мұқият тазалау, шаю, кептіру.

12.   Дәрет ыдысын, клеенканы жинау, қолғапты шешу.

13.   Науқастың төсенішін жөндеп, үстін жабу.

14.   Қолды жуып, кептіру.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Шаш күтімі

 

Әзірле: Бас жуатын табақша, сабын ерітіндісі, 38-40С жылы су, кружка, 

         орамал.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Мойын астына валик қойып, науқасты шалқасынан жатқызу.

2. Басының астына ыдыс қою.

3. Кружкамен суды алып, шашына құйып, сұйық сабынды шаш түбіне жағыңыз.

4. Жақсылап жуып, құрғатып сүртіңіз.

5. Егер ұзын шаш болса, бөліп тараңыз.

6. Басқа салқын тимес үшін, орамалмен орап қойыңыз.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Ойық жараны алдын алу, емдеу

Мақсаты:Ойылудың алдын алу.

 

 Әзірле: Зарарсызданған лоток,салфеткалар, мақта тампондары, пинцеттер,

        10% камфорлы спиртке арналған шыны  ыдыс, төсеніш, ішкі киімдер,  

         резеңке дөңгелек, жұмсақ жастықша, салицил спирті, әлсіз калий  

         перманганат ерітіндісі.    

 

Іс-әрекет алгоритмі:  

1. Төсеніш (матрац) төсек үсті тегіс таза болуы керек.

2. Әр 2 сағат сайын науқас жатқан қалпын өзгертіп, ойылуы мүмкін                                                              

жерді тексеріңіз.

3. Төсекте қыртыс, тағам қалдығы болмауын қадағалаңыз.

4. Ішкі киімдерін ауыстырып отыр. Сегіз көздің астына резеңке дөңгелек,

шынтақ, өкше астына жастықша қойыңыз.

5. Таңертең және кешке ойылуы мүмкін жерлерді камфора спиртімен 

немесе салицил спиртке батырылған салфеткамен сүртіңіз.

6. Осы ерітінділер болмаған жағдайда әлсіз калий перманганат           

ерітіндісімен немесе жылы сумен сүртіңіз.

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Халі ауыр науқастың аяғын жуу

Әзірле:35-36ºС жылы су, сүлгі, сабын, леген

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Матрацтың аяқ жағын валик секілді етіп орап қайырыңыз.

2. Кереуеттің үстіне ішінде жылы суы бар легенді қойып, аяғын сабындап жуу.

3. Аяғын сүлгімен құрғатып сүрту.

4. Қажет болса аяғының тырнағын алу.

 

 

                   ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Емделушінің жеке гигиенасы

Төсек-орынды ауыстыру (емделуші төсекте)

көлденең амалмен (екі медбике орындайды)

Әзірле:таза төсек жабдығы, бір реттік қолғап, клеенка қап (лас киімге 

        арналған).

 Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бір медбике қолын емделушінің басы мен мойнының астына қолын салып, сәл көтеріп, екіншісі жастықты суырып алады.

2. Жаймен емделушінің басын кереуетке қою (жастықсыз). Жастыққапты шешіп, лас төсек-орындарға арналған қапқа салу. Емделушінің жастығына таза қап кигізу.

3. Таза жаялықты көлденеңінен бинт секілді орап алу, бір медбике емделушіінің басын көтереді, екіншісі лас жаялықты бас жағынан бастап, кереуеттің ортасына қарай домалатып, жинап, босаған жерде таза жазады.

4. Бір медбике емделушінің жамбасы мен аяқтарын көтеріп, ал екіншісі лас жаялықты аяғына қарай жинап, тазасын төсейді.

5. Лас жаялықты төсек-орынға арналған қапшыққа салып, жаялықтың шеттерін көрпесінің жан-жағының астына салады.

6. Қолғаптарды шешіп, қолды жуу.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Ауыр науқастың таңертеңгілік дәреті: ауыз қуысын тазалау

Мақсаты:жеке тұлғалық гигиена ережелерін орындау

Көрсеткіштері: өзіне-өзі күтім жасай алмайтын емделушілерге күтім жасау

 

Әзірле:лоток, қалақша, зарарсыздандырылған дәке шариктер,

        пинцет, антисептикалық ерітінді немесе қайнаған су құйылған ыдыс,  

        тіс ысқысы, клеенка, жаялық, қолғап

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Емделушіні Фаулер жатысымен жатқызу, кеудесіне клеенка мен жаялық төсеу.

2. Емделушінің тілін сол қолмен дәке шариктермен ұстап, аузынан шығару.

3. Қысқышқа мақта орап алып, дайындалған ерітіндіге малып, таңдайын, ұртын, тісін, қызыл етін, тілін, тілдің астын ернін сүртіп шығу.

4. Жұмсақ тіс ысқымен (пастасыз!) тісін тазалау.

  

 

 

Ескерту:Қолданылған шариктерді пайдаланған материалдар салуға арналған лотокқа салып отыру.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 1853; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!