Зат алмасу мен энергия айналымы 27 страница



Ұрықтың гаструла сатысының сыртқы қабаты: Эктодерма

Ұрықтың даму кезінде эктодерма мен энтодерма аралығынан аралық жасушалы қабат:

Мезодерма

Ұрықтың гаструла сатысындағы ішкі қабаты: Энтодерма

Ересек ағзаның жеке мүшелері қалаптасатын саты: Нейрула

Жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасатын саты: Нейрула

Ұрықтың үш қабатты даму сатысы: Нейрула

Белгілі бір даму сатысында адам ұрығына ұқсас ұрық: Кесірткеде

Ұрықтанған жұмыртқа жасушасында:46 xромосом,оның 23 анасының xромосомы,23

атасының xромосомы

 

Организмдердің көбею жолдары

Түрдің тіршілігін жалғастырып, сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық процестер:Көбею

Жыныссыз жолмен көбею: Спора, бүршіктену, вегетативті мүшелермен

Өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейту жолдары: Түрі өзгерген мүшелер арқылы, телу, өсімді мүшелерінің бөліктері

Өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейту жолдары: Телу арқылы, тамырсабақ арқылы, түйнек арқылы

Бір өсімдік бүршігін екінші өсімдікке будандастыру: Телу

Телітуші өсімдік: Тамыры жақсы дамыған болуы керек

Телудің көбірек қолданатын түрлері: Жанастыра, кесінділеп, көзшелеп

Бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлшегімен қоса кесіп алу: Көзшелеп телу

Бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру: Кесінділеп

Қыстық өркендерді ... дайындайды:Күзде

Телу әдісін пайдаланған ғалым:И.В.Мичурин

Будандастыру жетістіктерімен тікелей байланысты емес және будан алынып қойғаннан кейін қолданылатын әдіс: Ментор әдісі

Пиязшығынан көбейеді: Қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа, сүмбілшаш, лалагүл, пияз, сарымсақ, қазжуа, жауқазын, лапыз

Қыста қызғалдақ гүлдерін өсіреді:Пиязшығынан

Мұртшалары арқылы көбейетін: Бүлдірген, құлпынай

Көзше бүршіктері арқылы вегетативті көбеюдің атауы: Түйнекпен

Жыныссыз көбею түрлері: Вегетативті мүшелер арқылы, бүршіктену, спора түзу

Ересек даралардың жеке бөлінуі: Бүрмелену, үзбелену

Ересек дарақдың жеке үзбелері арқылы кобею жолы: Бүршіктену

Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан жаңа аналық ағзаның дамуы: Партеногенез

Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі: Партеногенез

Табиғатта сирек болатын жыныстық көбеюдің ерекше түрі: Партеногенез

Партеногенездік жолмен көбею қабілеті бар жәндік: Жібек құрты, балара

Балараның ұрықтанбаған жұмыртқасынан дамиды: Аталығы (трутеньдер)

Екі дара (особь) қатысаты көбею: Жынысты

Аталық пен аналық жыныс жасушаларының қосылуы: Жынысты көбею

Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығаруда қолданылатын көбейту тәсіл: Телу

Дәмді, суыққа төзімді, зиянкестерге шыдамды өсімдіктер іріктемесін алу үшін қолданылатын әдіс: Телу арқылы көбейту

Мәдени өсімдіктердің бүршігін жабайы түрге телу арқылы алынған өсімдік: Суыққа төзімді

 

Генетика негіздері

1906ж. “Генетика” терминін ғылымға енгізген:У.Бэтсон

Генетиканың негізін салушы:Г.Мендель

Тұқым қуалаушылық заңдарын тұңғыш рет дәлелдеген чех ғалымы: Г.Мендель

«Ген» теминіні ғылымға енгізген ғалым: В.Иогансен

1909ж. Генотип пен фенотип ұғымдарын қалыптастырды:В.Иогансен

Гендердің хромосомада орналасатының дәлелдеген: Т.Морган

Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын қалаған ғалым: Т.Морган

Тіркес тұқым қуалаудың xромосомалық теориясын ашқан ғалым: Т.Морган

Ата тектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі ағзалардың ортақ қасиеттері:Тұқымқуалау

Генетикалық зерттеулер жүргізуге қолайлы жәндік:Дрозофила шыбыны

Мендель тәжірибесінде белгілердің тұқымқуалаушылығын зерттеудегі қолданған әдіс: Гибридологиялық

Мендель тәжірибиелеріне пайдаланды:Асбұршақты

Мендель тәжірибесіне асбұршақ алу себебі:Өздігінен тозаңданады, өсіруге қолайлы, қолдан тозаңдандыруға болады, бірнеше белгілер бойынша айқын ажыратылатын сорттары бар

Мендельдің заңдары:Біркелкілік, ажырау, белгілердің тәуелсіз ажырауы

Мендельдің бірінші заңы:Біркелкілік, басымдық

Мендельдің І-ші заңының мәні: Фенотипі де, генотипі де біркелкі болуы

Мендельдің екінші заңы:Белгілердің ажырауы

Мендельдің екінші заңы генотипі бойынша доминантты және рецессивті белгілер арақатынасы:1:2:1

Белгілердің ажырау заңы: Фенотипі бойынша 3:1, генотипі бойынша 1:2:1

Мендельдің үшінші заңы: Тәуелсіз тұқым қуалау

Мендельдің үшінші заңы фенотипі жағынан доминанты және рецессивті белгілердің арақатынасы:3:1

Гибридтердің бірінші ұрпағында байқалатын белгі: Доминантты

Басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгі: Доминантты

Басымдылық қасиет көрсететін белгі: Доминантты

Доминантты: Төзімділік белгісі

Сыртынан қарағанда жасырын қалатын белгі: Рецессивті, басылыңқы

Басылыңқы белгі: Рецессивті

Гомозиготалы генотип анықтайды: 1 белгінің дамуы

Гомозиготалы доминантты белгі:АА

Гомозиготалы доминантты гендер: ААВВ

Дигомозиготалы ағза: ААВВ

Гетерозиготалы генотип: Аа

Дигетерозиготалы ағза: АаВb

Түрдің генотипі ааВВ ағзада пайда болатын гаметалары: аВ

АаВВ генотипінен түзілетін гаметалар типінің саны: 2 түрлі

Түрдің генотипі ААВв болатын гаметалары:АВ,Ав

Дигетерозиготалы даралардан алынатын гаметалар: АВ,Аb, aB, ab

AaBb генотипінен түзілетін гаметалар қатары:АB, Ab, aB, ab

AaBbCc генотипі түзетін гаметалардың түр саны:8

Аталық жыныс хромосомасы гетерогаметалы болатын ағзалар: Дрозофила шыбыны, адам

Барлық гендердің хромосомадағы диплоидты жиынтығы:Генотип

Ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы: Генотип

Ағзаға тән сыртқы және ішкі белгілерінің жиынтығы: Фенотип

Генотите бірдей доминантты немесе рецессивті гендермен көрсетілген болса, ондай ағза аталады: Гомозиготалы

Генотипінде бірдей аллелі болатын ағзалар: Гомозиготалы

Генотипіне тек іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иесі:Гомозиготалы

Ұрпағында ажырамай өзінің белгілерін таза күйінде сақтап қалуы: Гомозигота

Гомозиготалы гендер анықтайды: Бірдей жұп гендер, комплементарлық

Гендердің аллельді жұбы генотипте әр түрлі гендермен көрсетілген болса, ондай ағза аталады: Гетерозиготалы

Әр түрлі аллельдерден тұрады: Гетерозиготалы

Генотипінде бір геннің екі аллелі болатын ағзалар:Гетерозиготалы

Гетерозиготалы ағзада бір ғана белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы: 2

Гетерозиготалы ағзада екі жұп белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы: 4

Бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру: Моногибридті

Бір-біріне екі жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру түрі:Дигибридті

Бір-бірінен көп белгілерінде айырмашылығы бар дараларды будандастыру:Полигибридті

Моногибридті будандастырудаекінші ұрпақта (Ғ2) генотиптік арақатынасы: 1:2:1

Гаметалар тазалық ережесі: Аллельді гендер таза күйінде сақталады, аллельді гендер бір бірімен араласпайды

Қара мен ақ тауықтарды будандастырғанда шұбар тауық алынса, бұл: Толымсыз

доминаттылық

Дигетерозиготалы ағзаларды будандастырудан алынатын ұрпақ фенотипі: 9:3:3:1

Дигибридті будандастырудағы F2 ұрпақта фенотипі төрт түрлі генотипі көрініс береді: 9:3:3:1

Қарама-қарсы белгілерді анықтайтын жұп гендер: Аллельді

Қарама-қарсы белгілерді анықтайтын жұп белгілер: Аллельдер

Аллельді гендер хромосомалары: Бірдей болады

Аллельді гендердің орналасуы: Гомологтық хромосомада

Геннің хромосомадағы орны: Локус

Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теорисының қағидалары: Генетикалық хромосомада бір сызық бойымен тізбектеле орналасқан, әр геннің хромосомада орны болады

Цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін салған: К.Коренс, Э.Баур

Цитоплазмалық тұқым қуалау жүреді: Митохондрия, хлоропласт

Жасушасында жалғыз ғана пластиді бар балдырлардың түрі: Диатомды

Цитоплазмада және оның органоидтерінде шоғырланған тұқым қуалайтын факторлар: Плазмон

Гендердің әрекеттесу түрлері: Аллельді және аллельді емес

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлері: Комплементарлық, көпаллельділік, эпистаз, полимерлі гендер

Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруы: Комплементарлық

Бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жіберуі: Эпистаз

Басымдық қасиет көрсететін ген:Супрессор

Полимерия бұл: Аллельді емес гендердің бірігіп қызмет етуі

Полимерия құбылысы кезінде қызғылт дәнді бидайдың генотипі: А1А1а2а2

Полимерия құбылысын ашқан швед генетигі, әрі селекционері: Г.Нильсон-Эле

Хромосоманың ген орналасқан бөлігі бірнеше рет мутацияға ұшырауына байланысты геннің бірнеше рет қайталануы: Көпаллельдік

Екі доминантты А (II топ) және В (III топ) аллельді гендері біріккен жағдайда IV топ пайда болу құбылысы: Кодоминанттылық

Құстар, жібек құрты, көбелектің аналығының жынысы: ХУ

Шегіртке мен қандаланың аталықтарының жынысы: ХО

Қаракүйе аталықтарының жынысы – ХХ, бірақ аналықтарында: ХО

Харди-Вайнберг формуласы арқылы анықтауға болады:Генотиптің таралу сипатын

Популяциялардығы генетикалық тепе-теңдік заңын ашқан: Харди-Вайнберг

Харди – Ванберг формуласы: P2AA+2PgAa+g2aa

Генотиптердің белгілі жиілігін сипаттайтын барлық гендер популяциясының жиынтығы: Генофонд

Популяцияның түрлік немесе систематикалық топтық гендерінің жиынтығы: Генофонд

Аталық және аналық жасушалардың қосылып ұрықтануынан түзіледі:Зигота

Адам генетикасы

Адам көбеюіне тән емес:Гаметаларында 46 хромосома бар

Адамдағы аналық жыныс хромосома санының ауытқуы:22 аутосомы+X

Ер баланың хромосомалары:44+ХУ

Әйел адамның хромосомасы: 44+ХХ

Адам генетикасының зерттеу әдістері: Егіздік, генеологиялық, цитогенетикалық, биохимиялық, онтогенетикалық, популяциялық

Ата тегі арқылы берілетін белігілерді зерттейтін генетикалық әдіс: Генеологиялық

Адамның кез-келген белгілерінің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын зерттеу әдісі:Генеалогиялық

Ата-тектер мен өзге де қандас туыстар туралы деректерді жинақтау: ГенеологиялықТуыстықты анықтау үшін де, сондай-ақ қылмыстылықты анықтап, криминалистикада

қолданылады: Генетикалық дәлел

Адамның кейбір қабілеттерінің тұқым қуалайтындығын анықтауға болатын әдіс: Генеалогиялық

Генеалогиялық әдістің маңызы: Қасиеттің ұрпаққа берілуін анықтау, шежіре құру, шыққан тегін зерттеу

Аутосомалы-доминанттылық тұқым қуалау типіне жататын ауру: Полидактилия (алтысаусақтылық), ахондроплазия (ергежейлік)

Аутосомалы-рецессивті тұқым қуалау типіне жататын аурулар: Альбинизм, идиопатия

Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдісі: Цитогенетикалық

Хромосомалық мөлшері, құрылысы, саны, пішінінің өзгеруіне байланысты ауруларды айқындайтын әдіс: Цитогенетикалық

Қоршаған ортаның бұзылуына байланысты жасуша құрылымның өзгеріп, қауіпті аурулардың пайда болуын алдын алу шараларын қарастырады: Цитогенетика

Адамдағы бір,екі,үш жұмыртқа жасуша бірден ұрықтану белгілерін анықтайтын генетикалық әдіс:Егіздік

Біржасушалы егіздер дамыған жасушаның саны: 1

Бір-біріне ұқсас егіздер дамитын жасуша саны: 1

Сан алуан заттардың ағзадағы күрделірек өзгерістері: Биохимиялық өзгерістер

Зат алмасудың ауытқуынан туатын тұқым қуалайтын өзгерістерді зерттейтін әдіс:

Биохимиялық

Адамның жеке даму барысында тұқымқуалайтын өзгерістердің бар-жоғын анықтайтын әдіс:Онтогенетикалық

Тұқым қуалайтын өзгерістердің адам популяциясына таралу жиілігін зерттейтін әдіс: Популяциялық

Медициналық генетикадағы гендік аурулар: Дальтонизм, гемофилия

Хромосомалық аурулар: Даун, Клайнфельтер, Шерешевский-Тернер

Клайнфельтер ауруынын хромосомасы: 47, жыныс хромосомасы ХХУ

Клайнфельтер ауруының белгілері: Жыныс бездері дұрыс жетілмейді, ақыл-есі кем, аяқ қолы шамадан тыс ұзын, денесіне сәйкес келмейді

Шершевский-Тернер ауруының хромосомасы: 45, жыныс хромосомасы-ХО

Адамның ақыл-есі кем,бойы аласа, беті дөңгелек, ауызы үнемі жартылай ашық жүретін белгілері байқалатын тұқым қуалайтын ауру: Даун

Даун ауруындағы хромосомадағы өзгерістер: трисомия 21

Даун ауруының себебі: 21-хромосоманың екеу емес, үшеу болуынан


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 80; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!