Зат алмасу мен энергия айналымы 12 страница



Шаянның өте ірі қысқышқа айналған бунақты аяқтары:Көкірегінде орналасқан 1 жұп аяғы

Шаянның көкірегіндегі бунақты аяқтарының қызметі: Жүру

Шаянның құрсақ бунағындағы қысқа аяқшалар саны: Екі-екіден

Шаянның тынысалуы нәтижесі: Қанға оттегі өтіп, қаннан СО2 суға өтеді

Шаянның нашар жетілген сезім мүшесі:Есту

Шаянның зәр шығару жүйесі орналасады:Бас бөлігінде

Шаянның көбею түрі:Уылдырық шашады

Шаянның уылдырығы дамитын мүше: Құрсақ бөліміндегі аяғында

Шаян ұрпағының дамитын орны:Аналықтың құрсақ аяқтарында

Улы безі болмайтын жәндік: Өзен шаяны

Суда бунақталған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзетін жәндік:Өзен шаяны

Артқа қарай да еркін жүзе алатын жәндік: Шаян

Өзен шаянының жақаяқтары: 3 жұп

Өзен шаянының қорғаныш және қорегін аулайтын мүшесі: Қысқыштары

Өзен шаянының жүрегі:Бес бұрышты қалта

Өзен шаянының сезім мүшелері: Көру мүшесі

Күрделі көз құрамындағы барлық көзшелер бірігіп затты толық көре алады, яғни «жинақтап көру» тәсілімен көретін жәндік: Өзен шаяны

Өзен шаянының есту мүшесі:Болмайды

Екі жұп мұртшасы бар (ұзын жәре қысқа) жәндік: Шаян

Жас шаяндардың хитинініңжиі алмастыру себебі:Денесі тез өскендіктен

1712ж. ең алғаш өзен шаянының түлеу үдерісін сипаттап жазған зерттеуші: Р.Реомюр

Шаянтәріздестердің ең ірісі: Жапониялық жалғама аяқты таңқышаян

Ұлыбритания суқоймаларында өмір сүретін алонелла туыстас ең кішкене шаян: Су бүргесі

 

Өрмекшітәріздестер класы

Өрмекшітәрізділердің басқа буынаяқтылардан айырмашылығы: Астың ішектен тыс қорытылуы

Өрмекшітәріздестердің дене бөліктері: Баскөкірек, құрсақ

Өрмекшітектестердің жүретін аяқ саны: 4 жұп, 8 аяқ

Өрмекшітәрізділердің аяғының бірінші жұбы: Күйісаяқ

Өрмекшітектестердің баскөкірек бөлігіндегі аяқтарының саны: 6

Өрмекшітәріздестердің тынысалу мүшесі: Өкпе қапшығы, демтүтік

Өрмекшітәріздестердің қанайналым жүйесі: Ашық

Өрмекшітәріздестердің көздері: 8 жай құрылысты

Өрмекшітәріздестердің қажетсіз заттарды бөлу мүшелері: Мальпигий түтігі, сатанбез

Өрмекшітәріздестер класына жататын: Кене, құршаян, қарақұрт,бүйе, айқышты өрмекші

Адам үшін қауіпті,улы буынаяқтылар:Қарақұрт, бүйе, қыршаян, тарантул

Өрмекшінің денесі: Екі бөлікті

Өрмекшінің аузы ... бейімделген: Сорып алуға

Астың ішектен тыс қорытылуы тән:Өрмекші

Өрмекшінің қанының түсі: Түссіз

Өрмекшінің дәм сезу мүшесі: Жұтқыншақ

Өрмекшінің көбею жолы:Жынысты

Жемін аулау үшін тор құратын буынаяқтылар: Өрмекшілер

Өрмекші өрмекауды пайдаланады:Қорегін аулауға

Құршаянның шаншары: Құрсағының соңғы буынында

Жұмыртқасы пілдеде қыстап шығатын жәндік: Айқышты өрмекші

Түсі барқыттай қара, қызыл ноқаттары бар өрмекші: Қарақұрт

Мизан өрмекшісінің тіршілік ететін мекені: Суда

Паразиттік тіршілік ететін жәндік: Кене

Ересек кененің жүретін аяқтың саны: 4 жұп

Қатты затпен қоректенетін кененің ауыз мүшесі: Кеміруші

Энцефалит ауруын тарататын жәндік: Тайга кенесі

Мидың қабынып ауруы: Энцефалит

Мөлшері 0,2-0,5 мм. болатын адам терісінің астына еніп қышытатын кене: Қышыма кене

Қышыма кененің аузы: Кеміргіш

Кенеден тарайтын тері ауруы: Қышыма, қотыр

Құстарға зиян келтіретін кене: Мамықжегі

Пироплазмоз ауруын тарататын жайылым кенесі: Нәзікбас

Астық қорына зиян келтіретін кене: Қамба кенесі

Өсімдіктерді зақымдайтын зиянкес:Берішкене, өрмек кене

Мақтаға, жеміс-бақша өсімдіктеріне зиян келтіруші: Өрмеккене

Өсімдіктердің шырынымен қоректенетін, құрт пішінді, мөлшері 0,1- 0,2 мм аспайтын кене:

Берішкене

Үш иелі паразит кене:Ит кенесі

Бунақденелілер класы

Ауа қабатына алғаш көтерілген жәндіктер тобы: Бунақденелілер

Бунақденелілердің арғы тегі болатын жануарлар: Буылтық құрттар

Бунақденелілердің негізгі класс тармақтары: Туақанатсыздар, қанаттылар

Бунақденелілердің сыртқы жабыны: Хитин

Бунақденелілердің дене бөліктері: Бас, көкірек, құрсақ

Бунақденелілердің жұп аяқтарының саны: 3

Бунақденелілердің аяқтарының саны: 6

Бунақденелілердің қанаты: Көкірегінде орналасқан

Бунақденелілердің қанаттарының құрылысы көбінесе жұп: Екі

Бунақденелілердің жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні: Ми

Бунақденелілер миының бөліктері: Алдыңғы, ортаңғы, артқы

Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі құрайтын екі жұп түйін: Гангий

Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі: Демтүтік

Бунақденелердің демтүтігіндегі ауа өтеді: Тыныс саңылауы арқылы

Бунақденелілердің тыныс алуы: Құрсағын біресе жиырып, біресе созудың нәтижесінде демтүтіктегі ауа жаңарады

Бунақденелілердің қанайналу жүйесі: Ашық

Бунақденелілердегі қанайналу жүйесіндегі ерекшелігі: Қоректік зат пен ыдырау өнімдерін тасиды

Бунақденелілердің қанының атқаратын қызметі: Оттегі мен қоректік заттар тасымалы

Бунақденелілердің жүрегі: Түтік тәрізді

Бунақденелілердің зәр шығару мүшесі: Мальпигий түтікшелері

Бунақденелілердегі майлы денелердің қызметі: Зәр шығару

Бунақденелілердің мальпигий тамырлары аяқталатын мүше: Артқы ішек

Бунақденелілер көбеюі: Даражынысты

Бунақденелілердің құрлықта дамитын дернәсілі: Нимфа

Бунақденелілердің ересек күйге ауысуы: Имаго

Бунақденелілердің төрт сатылы дамуы: Толық түрленіп даму

Толық түрленіп даму: Жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ-ересек бунақдене

Тек қана толық түрленіп дамуға жататын сатысы: Қуыршақ

Толық түрленіп дамитындар: Қоңыз, көбелек, бүрге, маса, шыбын, құмырсқа, балара

Заузақоңыз дернәсілінің дамуы: 4 жыл

Бунақденелілердің шала түрленіп дамуы сатысының саны: 3 сатыдан тұрады

Шала түрленіп даму сатысы: Жұмыртқа-дернәсіл-имаго

Шала түрленіп дамитын бунақденелілер: Шегіртке, бит, дәуіт, қандала, бұзаубас, инелік

Көбелектің дернәсілінің атауы: Жұлдызқұрт

Қысқы тыныштық күнге көшкен бунақденелілердің қуыршақ сатысында қыстайтындары:

Орамжапырақ көбелегі

Орамжапырақ ақ көбелегінің жұлдызқұртының қорегі: Тек орамжапырақ жапырағы

Жарғаққанаттылар отрядына жататын бунақдене: Балара, шаншар

Тура қанаттылар отрядына жататын: Шегіртке, жаяушегіртке, бұзаубас

Шағатын жарғаққанаттылар: Құмырсқа, түкті ара, ара

Алдыңғы қанаттары қатты, артқы қанаттары жарғақты бунақденелілер: Қоңыздар

Қатқылқанаттылар отрядына жататын бунақденелілер: Қиқоңыз, ызылдақ, бізтұмсық,

сартан, қызыл қоңыздар

Қабыршаққанаттылар отрядына жататын бунақдене: Ақ, қалақай, күйе көбелек, кәдімгі махаон

Көбелектің басқа бунақденелілерден айырмашылығы: Қанатын ұсақ қабыршақтар қаптау

Қосқанаттылар отрядына жатады: Шыбын, маса, бөгелек, сона

Қансорғыш қосқанаттылардың ауыз мүшелері: Тесіп-сорғыш

Тең қанаттылар отрядына жататын бунақденелі: Біте

Суда өмір сүретін бунақдене: Суаршын, зұламат, суқандала, сушалқақ

Топырақ астында тіршілік ететін бунақдене: Бұзаубас

Ауызы сүзіп-жалаушы бунақдене: Шыбын

Шаншып-сорушы бунақденелілер: Маса, орман қандаласы

Кеміруші ауыз аппараты бар жәндік: Қоңыздар, тарақан, шегіртке

Ауызы кеміріп-жалаушы бунақдене: Балара

Түтік тәрізді ауызбен сорушы бунақденелі жәндік: Көбелек

Қоғамдасып тіршілік ететін омыртқасыздар: Құмырсқалар, аралар

Құмырсқа илеуіндегі жұмысшы құмырсқалардың қызметі: Ұя салу

Құмырсқа илеуіндегі жауынгер құмырсқалардың қызметі: Жаудан қорғау

Құмырсқа илеуіндегі аналық пен аталық қызметі: Көбею

Балара семьясы: Ана ара, трутеньдер, жұмысшы аралар

Ұядағы температураны қалпына келтіріп желдетіп, салқындатып, жылытып отыратын бунақдене: Жұмысшы аралар

Бас,көкірек,құрсақ бөліктері тұтасып кеткен өрмекшітектес жәндіктер: Инелік

Ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін бунақденелілер: Астық қиғасы

Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелі: Азиялық шегіртке

Үйірлі шегірткелер дернәсілінің тығыз топтасуы: Жаушоғыл

Картоп жапырағын жеп, түсімін кемітеді: Колорад

Ауыл шаруашылық малдарының терісіне жұмыртқа салатын бунақденелілер: Бөгелектер

Киімдерге дернәсілдері зиян келтіретін бунақдене: Қаракүйе

Табиғаттың тазалығын сақтайтын, санитар қоңыздар: Көмбекей қоңыздар

Пайдалы қоңыз: Қаңқыз

Ірі малда қарасан ауруын тудыратын қансорғыш жәндік: Сона

Сүтқоректілердің паразиті: Бүрге, қандала, бит

Бөртпе сүзекті адамға таратушы паразит: Бит

Бөртпе сүзекті де, оба ауруын да тарататын: Бүрге

Биттердің ауыз мүшесі: Шаншып-сорғыш

Қауіпті бунақденемен табиғи жаулары арқылы күресу әдісі: Биологиялық

Егістікке қаптаған көкқасқа шегірткелердің алдынан ор қазады, оның себебі: Орға көмуарқылы жою үшін

Улы химикаттар арқылы зиянды бунақденелілерді құртуға болмайды, себебі: Зиянды бунақденелілердің популяциясының бір бөлігі улы затқа төзімді

Денесі екіжақты симметриялы: Қоңыз

Өсімдіктермен қоректенетін бунақденелілер: Жапырақжегілер

1669ж. жарияланған буынаяқтылар анатомиясы жайлы ең алғаш зерттеу нәтижесі болып келетін - «тұт жібеккөбелегі» жайлы монографиның авторы: М.Мальпиги

Шекшектің алдыңғы аяғының сирағында орналасқан екі жіңішке саңылау: Құлағы

Ең алғаш шекшек құлағын тапқан америкалық зоолог: Гэскелл

Орыс энтомологиялық қоғамы ұйымдастырылған жыл: 1859

Жақсы зерттелген феромондар: Бунақденелілер

 

Тікентерілілер типі

Соңғы ауызды, көпжасушалы, екіжақты симментриялы теңіз жәндіктері: Тікентерілілер

Соңғы ауыздылар деп аталатын жәндік:Тікентерілер

Ғаламшарымызда тікентерілілердің саны: 6000

Тікентерілілер жабынының қабаттары: Сыртқысы эпителий, ішкісі талшықты дәнекер

Тікентерілілердің ішкі қабатынан дамиды: Әктенген тері қаңқасы

Тікентерілілердің желілерге ұқсас болу себебі: Соңғы ауыздың пайда болуы

Тікентерілілерге ғана тән жүйе: Сутүтікшелі

Целомның бастамасынан дамитын, ауыз маңындағы шеңберленген және сәулелі өзекшерлерден құралған күрделі жүйе:Сутүтікшелі

Тікентерілілердің қозғалуын, тынысалуын, бөліп шығаруын реттейді: Сутүтікшелі жүйе

Тікентерілілерде жұтқыншақ маңында орналасқан: Жүйке шеңбері

Теңізжұлдыздары мен теңізкірпілерінің тыныс алу мүшесі: Тері желбезектері

Төсемікке сабағымен жабысып, отырықшы өмір сүретін тікентерілі: Сабақты рухгүл

Теңізрухгүлдері, жыланқұйрықтарда болмайтын мүше: Тынысалу

Тікентерілілердің қантарату жүйесі: Шеңберленгенекі түтік

Тікентерілілердің сезім мүшесі:Нашар дамыған

Тікентерілілердің дернәсілі:Екіжақты симметриялы

Регенерацияға аса бейім тікентерілі: Теңіз жұлдызы

Тағамға пайданылатын тікентері: Трепанг (теңізқияр), теңізжұлдыз, теңізқұндыз

Теңізде көркем тау жыныстарын құруға қатысады: Теңіз сәулелілер

Ежелгі тікентерілілердің қалдықтар жиынтығы: Бельгиялық мәрмәр


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 101; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!