Зат алмасу мен энергия айналымы 7 страница



Ерінгүлділертұқымдасының дәрілік өсімдіктері: Кермек жалбыз, жебір, сәлбен

Эфир майы бар ерінгүлді дәрілік өсімдік: Кермек жалбыз

Кермек жалбыздың басқаша атауы: Бұрыш жалбыз

Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір ұшы сүйірлеу болатын, хош иісті өсімдік: Кермек жалбыз

Бас сақинасы, асқазан, тыныс жолдарының ауруларын емдеуге таптырмайтын дәрі: Кермек жалбыз

Ауырсынуды басатын дәрі ретінде пайдаланылады: Жалбыз майы

Жапырақтары ірі, сабағы тармақталған биіктігі 1 метрге жететін шөптекті дәрілік өсімдік:Көкжалбыз

Қазақстанда киікшөп деп аталатын кәдімгі жебірдің отаны: Жерорта теңізі

Кәдімгі жебір - дәрілік өсімдік, қақырық түсіреді. Сондықтан оны халықтық медицинада пайдаланады: Көкжөтел, бронхит ауруы кезінде ауызды шаю үшін

Құрамында эфир майы бар тіс пастасына, сабынға қосатын ерінгүлді:Кәдімгі жебір

Ежелгі Мысырда мәйіт бальзамдау үшін қолданған: Жебірді

Ерінгүлділер тұқымдастарының ең көп тараған түрі: Сәлбен

Халық «тіршілік шөбі» деп атайтын өсімдік:Сәлбен

Халықтық медицинада жапырағы ойық жараны емдеуге қолданылатын: Сәлбен

Эфир майы өндірілетін балды өсімдік: Сәлбен

Дәрілік жөтелшөп жатады: Ерінгүлділер тұқымдасына

Халықтық медицинада дәрілік жөтелшөпті пайдаланады:Асқорыту мұшелеріталаурауына, демікпеге, жүйкені тыныштандыруға

Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің тағамға пайданылатын түрі: Кәдімгі жұпаргүл

Ерінгүлділердің ағаш тәрізді түрлері өседі: Тек тропикте

Ағаш тәрізді ерінгүлділердің ең биігі: Жарғақты хиптис

 

Күрделігүлділер тұқымдасы

Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған түрі: Күрделігүлділер

Күрделігүлділердің түр саны: 20000

Қазақстандағы күрделігүлділер тұқымдасының түр саны: 700

Кұрделі гүлділердің формуласы: Т0К(5)А5Ж(2)

Күрделігүлділер тұқымдасының ерекшелігі:Тостағаншасы жоқ,гүлшоғыры - себет

Тек қана күрделігүлділер тұқымдасына тән негізгі белгілер:Гүлшоғыры-себет

Күрделігүлділер тұқымдасының себетгүліндегі гүлінің пішіні:Шұқырақ, тілшелі, жалған тілшелі, қосерінді, түтікше

Күрделігүлділер тұқымдасының жемісі:Айдарлы мен айдарсызтұқымша

Себетгүлінде тек тілше гүлдер орналасқан күрделігүлді: Бақбақ

Себетгүлінде тек түтікшелі гүлдер орналасқан күрделігүлді: Сарықалуен, түйетікен

Себет гүлшоғырының ортасында сары түсті түтікше гүлдер, жиегінде ақ түсті тілше гүлдер орналасқан өсімдік: Түймедақ

Себетгүлінде шұқырақ гүлдер орналасқан күрделігүлді: Гүлкекіре

Күрделігүлділер тұқымдасына жататын көкөністік өсімдіктер: Ассүтіген, бөрігүл

Күрделігүлді дәрілік өсімдіктер:Түймедақ, бақбақ, дермене, итошаған, қырмызыгүл

Күрделігүлділерге жататын малазықтық дақыл:Жералмұрт

Күрделігүлді сәндік өсімдіктер: Бақытгүл (хризантема), нарғызгүл (георгина)

Күрделігүлділердің арамшөп түрлері: Ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікен

Күрделігүлділердің тозаңданбай жеміс түзетін түрі:Бақбақ

Майы тағамдық,техникалық мақсатта пайданылатын күрделігүлді:Мақсыр

Мақсырдың тұқымшаларының құрамындағы май мөлшері:25-37%

Мақсыр майынан алынады:Бояу, сабын, эмаль

Тұқымшаларын ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде береді:Мақсырдың

Қазақстанда 1 ғана түрі кезедесетін күрделігүлдіөсімдік: Өгейшөп

Көпжылдық тамырсабақты, шөптекті қосжарнақты өсімдік: Өгейшөп

Дәрілік күрделігүлді өсімдік: Өгейшөп

Жапырағын ауатамырдың қабынуына, туберкулезді емдеуде пайданылатын:Өгейшөп

Жапырақ тақтасының үстіңгі беті тегіс-жылтыр,астыңғы беті жұмсақ - түкті өсімдік: Өгейшөп

Бақбақ гүлінің формуласы:Т0К(5)А5Ж(2)

Май алынатын күрделігүл тұқымдасына жататын өсімдік: Күнбағыс

Май алынатын негізгімәдени дақыл: Күнбағыс

Күнбағыстың өсуіне қолайлы топырақ: Қара топырақ

Ең жарық сүйгіш өсімдік: Түймедақ

Қазақстанның эндемик өсімдігі: Дермене

Ғаламшарда тек бір орында ғана өмір сүретін ағзалар: Эндемик

 

Даражарнақтылар класы           

Лалагүлділер. Құртқашаш тұқымдасы

Даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер: Лалагүлділер тұқымдасы

Лалагүлділердің түр саны: 1300

Қазақстанда лалагүлділердің кездесетін түрі: 57

Лалагүлділер тұқымдасы: Лапыз, сүмбілшаш, шырыш, тамырдәрі, қырлышөп,кірпішөп, секпілгүл, қызғалдақ

Лалагүлділер тұқымдасына тән белгілер: Тамырсабақ пен пиязшық, күлтелер 2 шеңберде орналасқан, жай гүлсерікті

Жапырақтың қатар, доға жүйкеленуі:Лалагүл тұқымдастарыда

Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарының пішіні: Қандауыр, таспа

Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің тозаңдануы: Бунақденелілер арқылы

Гүлшоғыры шашақгүлді өсімдік тұымдасы: Лалагүл тұқымдасы

Лалагүл тұқымдасының гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж(3)

Лалагүл тұқымдасының гүлінде болмайтыны: Тостағанша

Лалагүл тұқымдасының гүліндегі күлте жапырақшалар саны: 6

Лалагүл тұқымдасының гүлінде: 6 аталық, 1 аналық

Лалагүл тұқымдасының жемісі: Қауашақ, жидек

Лалагүлділер түұымдасының маңызы: Сәндік, техникалық, медициналық

Лалагүлділер тұқымдасына жататын сәндік түрлері:Секпілгүл, сүмбілшаш, қызғалдақ

Лалагүл тұқымдасындағы жеке ірі гүлі бар өсімдік: Қызғалдақ (жауқазын)

Лалагүлділер тұқымдасындағы техникалық өсімдік: Шырыш (эромурус)

Лалагүлділер тұқымдасының дәрілік түрлерін ата: Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп

Тұқымынан қан ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынатын өсімдік:Лапыз

Қияр, қызанақ түсімін арттыру үшін қолданылатын өсімдік: Лапыз

Лапыз гүлінің жатыны орналасады:Топырақ астында тереңірек

Бөлмеде өсетін лалагүл тұқымдас өсімдік: Аспарагус, кірпішөп

Лалагүлділер тұқымдасының дәрілік бөлме өсімдігі:Алоэ

Алоэ суды жинайды:Жапырағына

Қазақстанда өсетін лапыздың түрлері: Сары лапыз, Кессельринг лапыз

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген лалагүлділер саны: 14

Лалагүлдер тұқымдастарының ең кішкене түрі: Қазжуа

Түйінпиязшықты құртқашаш тұқымдас көпжылдық өсімдік: Баршынгүл

Жапырағы семсер пішінді және қатқыл келетін сәндік өсімдік: Баршынгүл

Құртқашаш тұқымдастарының түр саны: 1800

Қазақстанда өсетін құртқашаштың түр саны: 36

Құртқашаш гүлінің формуласы: *Гс6А3Ж1

Құртқашаш тұқымдасының жемісі:Үш ұялы қауашақ

Халық «жыланқияқ» деп атайтын дәрілік өсімдік: Құртқашаш

Қазақстанда кездесетін құртқашаштың ғылыми атауы: Германдық құртқашаш

Сабағаның биіктігі 1м, топырақта шырынды, ақ түсті тамырсабағы бар: Құртқашашта

Құртқашаш тамырсабағы медецинада пайдаланылады:Қақырық түсіру

Мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында құртқашашты көбейтеді:Тамырсабағынан

Пияз және інжугүл туыстастары

Пияз туыстарының түр саны: 650

Қазақстанда пияз туыстарының түр саны: 110

Пияз тұқымдастар тозаңданады: Бунақденелілер арқылы

Пияз тұқымдастарының жемісі: Қауашақ

Пияз қабығының өңіндегі пластидтер: Лейкопластар

Пияздың сыртында қоңырқай түсті қабыршақтар: Түбіртек

Пияз түбіртегінің шырынды жапырақтарының қолтығында орналасқан: Бүршіктер

Қара түсті ұрығы үш қырлы, бұжырлы ұсақ болады: Пияздың

Басты пияздың гүлінің формуласы: *Гс3+3А3+3Ж(3)

Пияздың жемісі: 6 тұқымды қауашақ

Пияз тұқымын себу тереңдігі: 0,5-2 см

Эрфурттегі халықаралық көрмеде күміс медельға ие болған пияз тұқымдасының іріктемесі: «Дүнген-56»

Пиязшық құрамында болатын витаминдер: С, В, РР

Көп пиязшықтардан тұратын көкөніс: Сарымсақ

Сарымсақ пиязшығандағы өте көп пиязшықтардан құралады: Тілшелерден

Ауылшаруашылық зиянкестеріне қарсы қолданылады: Сарымсақ

Құрамында С витамині көп өсімдік: Сарымсақ

Күздік сарымсақтың егілу мерзімі: Қысқа қарай

Жаздық сарымсақтың егілу мерзімі: Көктемде

Ерекше ұшпа зат «фитонцид» бөлетін өсімдіктер: Пияз, сарымсақ

Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшқыш зат: Фитонцид

Жайықтың оң жағалауында өсетін, тамырсабағы арқылы көбейетін улы өсімдік: Інжугүл

Інжугүлдің түрі өзгерген жерасты өркені: Тамырсабақ

Барлық мүшелері улы болатын өсімдік: Інжугүл

Сәндік үшін өсірілетін тамырсабақты өсімдік: Інжугүл

Інжугүл тұқымдарының таралу жолы: Құстар арқылы

Інжугүл гүлдерінің сипаты: Қоңырау пішінді, жай гүлсерікті

Інжугүлдің гүл формуласы: Гс(3+3)А3+3Ж(3)

Гүлдерінде шірнелік болмайтын өсімдік: Інжугүл

Інжугүлдің жемісі: Қызылсары-қызыл түсті домалақ жидек

Дәрі үшін інжугүлдің мына бөлігі пайданылады: Жапырағы

Өте аз бөлікте таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген: Май інжугүлі

Улы болса да дәрілік мақсатта пайданылатын лалагүлдер тұқымдасына жататын өсімдік: Қарғакөз, інжугүл

Тамаққа пайдаланылатын лалагүл тұқымдас өсімдік:Пияз

Жылан шаққанда жәрдемі тиетін, авитаминозда көмектесетін өсімдік: Пияз

Тәңір жаратқан өсімдік деп ерекше қастерленіп, фараондар мазарында мүрдемен бірге көмілген: Пияз бен сарымсақ

 

Астық тұқымдастар

Астық тұқымдастарының түр саны: 10000

Қазақстанда өсетін астық тұқымдастың түр саны: 418

Дәнді дақылды өсімдіктер біріктірілген тұқымдас: Астық

Жапырақ негізін кеңейтіп қынап түзетін тұқымдас:Астық тұқымдастар

Жапырақтары сабаққа қынап арқылы орналасқан өсімдік:Астық тұқымдастар

Жапырақтары паралель жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасатын тұқымдастар:Астық

Астық тұқымдасына тән белгілер: Көпшілігінде буын аралықтары қуыс, гүлшоғыры сыпыртқыгүл, собық, сабағы - сабансабақ

Барлық астық тұқымдастар: Шөптесін, көпжылдық өсімдік

Астық тұқымдасқа жататын өсімдік: Бидай, жүгері, бамбук, сұлы, т.б.

Астық тұқымдастарының гүлі: 1 аналық, 3 аталық

Астық тұқымдастарының тамыр жүйесі: Шашақ

Астық тұқымдас өсімдіктерінің сабағы: Сабансабақ

Астық тұқымдастарының ұрық жарнағының екінші аты: Қалқанша

Астық тұқымдастарының гүлшоғыры: Күрделі масақ, сыпыртқыгүл, собық, шашақ

Астық тұқымдасының жемісі: Дәнек

Бағалы ауыл шаруашылық дақылдар Жүгері, бидай, қарабидай, күріш

Тағам ретінде пайдаланатын астықтар: Күріш, бидай, жүгері, қант қамысы

Астық тұқымдасының малазықтық түрі: Атқонақ,бидайық,қарабас,бетеге,тарғақ,арпабас

Астық тұқымдастардағы қағаз өндірісінің шикізаты: Қамыс, бамбук

Астық тұқымдастардағы арамшөп: Жатаған бидайық, қара сұлы, арпабас, қонақ

Егістікке ең зиянды арамшөп болып келетін қонақтың түрі: Тауық тарысы


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 84; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!