Зат алмасу мен энергия айналымы 2 страница



Бактериялардың көбеюі: Дамуына қолайлы жағдай туғанда

Бактериялар көбейеді: Бөліну арқылы (жыныссыз)

Қолайлы жағдайда бактериялардың көбею циклі: 20 мин сайын

Бактериялардың көбеюіне, дамуына қолайлы температура: +10+40С

Бактерия 0С өмір сүруін тоқтатады, бірақ тіршілігін жоймайды, себебі: Тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша түзеді

Бактериялар қоректенуі бойынша:Паразитті, сапрофитті

Тірі ағзаның жасушаларында органикалық заттармен қоректенетін бактериялар:Паразиттер

Ауру туғызатын бактериялар: Паразитті

Жұқпалы ауру қоздырғышын тарататын бактерия: Патогенді

Өлі ағзалардың ішінде тіршілік ететін ағза:Сапрофит

Сапрофитті бактерияларға жатады: Шіріту бактериялары

Өлген ағзаларды қарашірікке айналдыратын бактериялар: Шіріту

Шіріту бактериялары: Топырақта қарашіріктің түзілуіне қатысады, тау жыныстарын ыдыратады, қарашірікті минералды заттарға айналдырады

Ғаламшарымыздың тазалаушысы:Шіріту бактериялары

Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруы: Індет (эпидемия)

Бактерия тудыратын аурулар:Іш сүзегі, оба, сіреспе, баспа, туберкулез, топалаң, құздама, қызамық, сарып, қантышқақ, ботулизм, пневмония

Туберкулез таяқшалары лас шаңды ауада тіршілік етеді: 3 ай

Оба бактериясы топырақта сақталады: 25 күн

Іш сүзегінің бактериясы топырақта сақталады: 3 ай

Бактериялар әсерінен өкпені жарақаттайтын ауру: Туберкулез

1882ж. адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды анықтады: Р.Кох

Туберкулез қоздырғыш:Бактерия. Коx таяқшасы.Туберкулез таяқшасы

Туберкулез таяқшасының кездесетін жері: Ауада

Ауыратын сиырдың сүті арқылы таралатын ауру: Сарып (бруцеллез)

Бактерияның пішен таяқша деген түрі қайнатқанда: Өлмейді

Сүрлемеленген көкөністің құрамында қайнатқаннан кейін де спорасы сақталатын бактерия:Клостерум, ботулинус

Бактериялардың өсімдіктерде туғызатын ауруы: Бактериоз

Мақтада бактериялар тудыратын ауру: Гоммоз

Бактериялардың өте көп кездесетін жерлер: Топырақ

1 грамм қара топырақта кездесетін бактерия саны: 5-6 млрд

Бактерилар аз кездесетін жерлер: Биік таулы жердің ауасында

Қарашірікті минералды заттарға айналдыратын бактерия: Топырақ бактериясы

Ауадағы азотты сіңіріп топырақты азотпен байытады: Түйнек бактериялар

Топырақта азот қосылыстарын жинаушы бактериялар аталады:Нитрлеуші

Түйнек бактериясымен селбесіп тіршілік ететін: Соя, беде, жоңышқа (бұршақтұқымдас)

Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын микрооргонизмдер:Ашытқы бактериялары

Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын бактериялар:Сүтқышқыл бактериялары

Бактериялардың халық шаруашылығындағы маңызы: Сүт ашыту

Алма, қарбыз, саңырауқұлақ жемістерін тұздау үшін қолданылатын бактерия: Сірке қышқылы бактериялары

Табиғатта бактерияның рөлі: Зат айналымға қатысатын болғандықтан, өте зор

Фотосинтез құбылысы жүретін бактериялар: Цианобактерия

Цианобактерия деп аталатын балдыр: Көк-жасыл

Цианобактериялардың пішіні: Цилиндр, шар

Цианобактериялардың сыртқы боялған бөлігі: Хроматоплазма

Цианобактериялардың ішкі түссіз бөлігі: Орталық плазма

Шар тәрізді, бөлініп ажырамай, сілемеймен қапталған жеке жасушалар: Хроококкалар

Жер асты ыстық суларында, балшық жерлерде, тастың бетінде, тоқтау суларда кездесетін цианобактерия:Хроококкалар

Ұлудың бақалшағында, теңізде, жартаста, ағаш діңдерінде кездесетін цианобактерия: Хамесифондар

Жіп тәрізді, көк жасыл балдырлардың көбею әдісімен, өсімді жолмен көбейетін:Гормогония

Цианобактерияларды көрсет: Спирулина, носток, глеокапса, толипотрикс

Носток көбірек кездеседі: Қынаның құрамында, далалы жерлерде

Нәруыз өндіру үшін суқоймаларда арнайы өсірілетін балдыр: Спирулина

Бактерияның біржасушалы балдырдан айырмашылығы:Қалыптасқан ядросы жоқ

Прокаритоттардың эукариоттардан айырмашылықтары: Толық жетілген ядро жоқ, сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы бар

Тікелей күн сәулесіне бактериялардың көпшілігі: Қырылып бітеді

Терідегі бактерия тудыратын іріңді аурудың себепшісі:Стрептококкалар және стафилококколар

Стафилококк: Жүзім тәрізді шоғырланған кокктар

Эктопаразиттер: Маса, кене, қандала

Эндопаразит: Вирус, бактерия, гельминт

 

Саңырауқұлақтар дүниесі

Саңырауқұлақтар тобы: Эукариоттар

Саңырауқұлақтардың өздігінен дүниеге келуі туралы тұжырымды ұсынған: Ж.Б.Ламарк

Саңырауқұлақтың құрамы:80-90%су,10-20% құрғақ затының 2-4% нәруыз, 1% май

Жер шарындағы саңырауқұлақтардың түрі белгілі: 100 мыңнан астам

Өсімдіктерге де, жануарларға да тән қасиеттері бар ағза: Саңырауқұлақ

Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тән белгісі:Бір орыннан қозғалмайды, тарамдалады, қанша тіршілік етсе,сонша өседі,қоректі бүкіл денесімен сіңіреді,жасушасында қалың қабықшасы болады

Саңырауқұлақтардың жануарларға тән белгісі:Хитин, хлоропласты болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді, гликоген

Саңырауқұлақ жасушасы қабырғасының құрлымы: Хитин

Саңырауқұлақ жасушасында болмайды: Хлорофилл

Саңырауқұлақтың қоректенуі: Дайын органикалық заттармен (гетеротрофты)

Саңырауқұлақтың қоректенуі: Жемісті денесімен қоректік затты топырақтан сорып алып қоректенеді

Саңырауқұлақтың жасушасындағы қоректік қор заты:Глюкоген

Саңырауқұлақтың қоректену жолдары: Сапрофиттік, паразиттік, симбиоздық

Саңырауқұлақтың өсімді (вегетативтік) денесі: Жіпшелер

Жіпшумақ жіпшелері:Көп жасушадан тұрады

Саңырауқұлақтың жемісті денесі өсіп, дамиды: Жіпшумақтан

Саңырауқұлақтың жемісті денесі түзіледі: Тарамдалған жіңішке жіпшелерден

Саңырауқұлақтың жіпшумағы дамиды: Жемісті денесінен

Саңырауқұлақтың жемісті денесінің жіпшумақтан өсіп дамуы: Ауа, ылғал,жылу жеткілікті болғанда

Саңырауқұлақтың жемісті денесінің өсуі тоқтатылады: Күзгі салқын түскенде

Саңырауқұлақтың түбіртегі мен қалпақшасы бір-біріне тығыз жанасып жатқан жіпшумақтың жіпшелерінен тұрады, ол қақпақшада: Жоғарғы және төменгі екі қабаттан тұрады

Саңырауқұлақ жасушасының сыртында қатты қабығы, ішінде ... болады: Ядро, вакуоль, лизосома, рибосома, митохондрия

Саңырауқұлақ вакуолінде қорға жинақталады: Гликоген, май, май қышқылы

Саңырауқұлақтар мына тәсілмен көбейеді: Жынысты, жыныссыз, өсімді

Саңырауқұлақтың жіпше үзінділері, бүршіктену арқылы көбеюі: Өсімді

Саңырауқұлақтың «шаң» түріндегі спорасы:Конидий

Қалпақшалы саңырауқұлақтың жіпшумағы дамиды: Өнген спорадан

Саңырауқұлақтың споралары өнетін орта: Қарашірігі мол ылғалды топырақ

Саңырауқұлақтың жынысты көбеюі: Гаметалар

Төменгі сатылы саңырауқұлақтар: Зеңсаңырауқұлақтар, ашытқы

Біржасушалы саңырауқұлақ: Ашытқы, ақ зең, мукор

Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы: Біржасушалы, жіпшелері болмайды

Ашытқыны ұнға қосып, қамыр илесе, сәлден соң қамыр дереу көтеріліп ашиды.Себебі: Ашытқы ұлғайып дербес жасушаларға айналады

Ашытқы саңырауқұлағының әсерінен ашыған қамырдағы көпіршіктер: Көмірқышқыл газы

Нан өндірісінде кең қолданылатын саңырауқұлақ: Ашытқы

Ашытқы саңырауқұлағының көбеюі: Бүршіктену

Ғылыми атауы «қантты саңырауқұлақ»: Ашытқы

Ашытқы саңырауқұлағының әрекетімен алынатын дәрумен: В2

Шірінділердің арасында, көңнің құрамында кездесетін біржасушалы саңырауқұлақ: Мукор, ақ зең

Жіпшумағы бір ғана жасушадан тұратын саңырауқұлақ:Мукор

Зең саңырауқұлақтар тобына жатады: Аспергилл, пеницилл, мукор

Ақ зеңнің жіпшумақ жіпшелері ... тұрады: Бір ғана жасушадан

Ақ зеңнің жіпшумағының қалпақшалы саңырауқұлақ жіпшумағынан айырмашылығы: Жайылып тарамдалған бір ғана жасуша

Ақ зең саңырауқұлағы кездесетін жерлері: Нанда, жемістер, жылқы тезегі

Ақ зең саңырауқұлағынан алынатын антибиотик: Пенициллин

Пенициллдің мукордан айырмашылығы: Жіпшумағы перделер арқылы жеке-жекежасушаларға бөлініп, тармақталған жіпшелерден тұрады

Пеницил жіпшумақтарының шоғырының түсі: Көкшіл-жасыл

Медицинада дәрі алынатын саңырауқұлақ: Пеницилл

Пеницилл саңырауқұлағынан алынатын антибиотик: Пенициллин

Пеницилл дәрісімен емделетін аурулар: Өкпенің қабынуы, ревматизм (құздама), дифтерия (күл ауруы),скарлатина (жәншау)

Өлі ағзалық заттармен қоректенетін саңырауқұлақтар: Пеницилл

1873ж. табиғи пеницилинді бөліп алған ғалым: А.Флеминг

Лимон қышқылын өндіруге қолданылатын саңырауқұлақ: Аспергилл

Аспергил жіпшумақтарының шоғырының түсі: Сарғыш-жасыл

Қалпақшалы саңырауқұлақ деп аталу себебі: Денесі түбіртек пен қалпақтан тұрады

Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемісті денесі: Қалпақ пен түбіртек

Қалпақшалы саңырауқұлақтың жер бетінде көрініп тұрған жемісті денесі: Біріне-бірі тығыз жанасып жататын жіпшумақ жіпшелері

Қалпақшалы саңырауқұлақтың жер бетінде көрініп тұрған жемісті денесін үзіп алғанда топырақта қалады: Жіпшумағы

Ақ саңырауқұлақтың жемісті денесінің салмағы: 2кг 720гр

Қалпақшасының астында майда шұрықтары болатын саңырауқұлақ: Түтікшелі

Қалпақшасының асты түтікшелі саңырауқұлақ: Ақ саңырауқұлақ, терекқұлақ

Қалпақшасының асты қатпарлы саңырауқұлақ: Арышқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық

Саңырауқұлақтың өсімдікпен селбесуі: Симбиоз

Қалпақшалы саңырауқұлақ пен ағаштардың тамырымен селбесуі: Микориза

Қалпақшалы саңырауқұлақтар белгілі бір ағаштың астында өсу себебі: Қажетті ағзалық заттар алады

Саңырауқұлақтың ағаштарға келтіретін пайдасы (түбіне өскен ағашқа): Саңырауқұлақтар ағашты сумен қамтамасыз етеді

Тек қайың,қарағай,шарша маңында өсетін саңырауқұлақтар:Ақ саңырауқұлақ

Қарағайлы, шыршалы орманда өсетін саңырауқұлақ: Арышқұлақ

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар:Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық, бүріскі, көңқұлақ, жерқұлақ, ақ саңырауқұлақ

Жас кезінде жеуге жарамды, шірігі мол арықтардың жағасындағы саңырауқұлақ: Көңқұлақ

Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар:Жалған түлкіжем, боз арамқұлақ, жалған түбіртек, көңілкеш, шыбынжұт

Қалпақшалы улы саңырауқұлақ:Боз арамқұлақ, көңілкеш, жалған түбіртек, шыбынжұт

Қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл сарғылт түсті саңырауқұлақ: Кәдімгі түлкіжем

Жалған түлкіжемнің кәдімгі түлкіжемнен айырмашылғы: Қалпақшасының үсті тегіс, қызғылт-сары түсті, қалпақшасын бөлгенде шырын бөлінбейді

Қозықұйрық саңырауқұлақ қалпақшасының астыңғы жағының түсі:Алқызыл

Қозықұйрықтың боз арамқұлақтан ерекшелігі: Қалпақшасының асты қызғылт түсті, түбіртегінде сақинасы болмайды

Жарық шығарып жарқырайтын саңырауқұлақ: Түбіртек

Жалған түбіртектің кәдімгі түбіртектен айырмашылығы:Түбіртегінде белдеуше болмайды, қалпақшасының асты сарғылт жасылдау

Жеуге жарамды саңырауқұлақты тамаққа пайдалану ережесі:Жуу, қайнату, қуыру

Халықтық медицинада «жер майы» деп аталатын саңырауқұлақ: Көңілкеш

Ең улы саңырауқұлақ: Боз арамқұлақ

Паразитті саңырауқұлақтар: Ақұнтақ, тат, қаракүйе, діңқұлақ, қастауыш


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 86; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!