Диффузды уытты зоб пен Хашимото тиреоидиті дамуында жалпы тетіктер бар ма?



Есеп 4.3‑1

 

    18 жасар П. науқаста тұмаумен ауырғаннан кейін үнемі шөлдеуге, жиі әрі көп мөлшерде зәр бөлуге, әлсіздікке, тәбеттің төмендеуіне, қалтырауға, ұйқысыздыққа шағымдар пайда болды. Бұдан бұрын ешқандай аурулармен ауырмаған. Объективті: науқас ұзын бойлы, дене бітімі дұрыс, тамақтануы төмен. Тері және кілігейлі қабаттары құрғақ, тер бөлінуі жоқ. Ішкі ағзалардың дерті анықталмады. Науқас тәулігіне 17 литрдей зәр бөледі, оның меншікті тығыздығы 1,001 – 1,005. Зәрі түссіз, мөлдір, дерттік қосындылары жоқ. Құрғақ тамақты жеп сынама жасағанда зәрдің меншікті тығыздығы 1,008-ден аспайды. Қан плазмасындағы глюкоза деңгейі -4,7 ммоль/л. Вазопрессинді енгізгенде оң реакция байқалды.

 

1. Науқаста қандай эндокринді дертті болжауға болады? Берілген эндокринопатия қандай гормонның түзілуі өзгеруімен байланысты? Қалыпты жағдайда бұл гормон қай жерде өндіріліп, жиналады?

2.Тұз-су алмасуының анықталған бұзылыстарының мүмкін тетіктері қандай?

3. Берілген гормонның өндірілуі мен бөлінуінің бұзылыстарында басқа қандай синдромдар дамуы мүмкін?

Есеп 4.3‑2

22 жасар В. науқас терапиялық бөлімшеде пневмония жөнінде емделіп жатыр. Анамнезінде тыныс алу жүйесінің жиі қабынулық ауруларына, үдеген шөлдеуге, жиі әрі көп зәр бөлуге, жыныстық қызметтің бұзылуына сілтеме жасады. Дені сау, мерзімінде туылғаны анықталды, бірақ 2 жастан тез өсе бастаған. Ата-анасы бұл жайды баласының осы жаста қызылшаның ауыр түрімен ауырғанымен байланыстырады. Объективті: бойы 210см. Қол-аяқтары ұзын, пропорционалды емес. Омыртқа жотасында сколиоз бар. Артериялық қысым 140/80мм сын. бағ. бойынша. Жүрек шекаралары ұлғайған, глюкоза деңгейі – 8,4 ммоль/л. Бассүйек рентгендиагностикасын жүргізгенде түрік ершігінің кіреберісі кеңейген, түбі тереңдеген, ұлғайған және оның деформациясы анықталды. Қан құрамындағы СТГ- 7,4 мкг/л.

 

1. Қай гормонның көп болуында немесе жетіспеушілігінде осындай көріністер байқалады? Қалыпты жағдайда бұл гормон қай жерде бөлінеді және оның биологиялық маңызы недей?

2.Аанықталған симптомдардың даму тетіктері қандай?

3. Науқастаанықталған  эндокринопатияның негізгі түрі мен көмірсу алмасуының өзгерісі арасында патогенездік байланыс бар ма? Жауапты негіздеңіз.

Есеп 4.3‑3

  37 жасар Д. науқас қояншық тәрізді құрысқақтармен қабылдау бөліміне жеткізілді. Объективті: тері жамылғысы мен кілігейлі қабаттары бозғылт; қол-аяқтары суық; қарашықтары кеңейген. Дене температурасы – 39,60 С. ЖЖЖ – 120 мин-1, АҚ - 210/110мм сын. бағ. бойынша. Қан плазмасындағы глюкоза мөлшері 18,5 ммоль/л. Ұстамалар 40 мин жалғасты, аяқталғаннан кейін науқас көп мөлшерде ашық түсті зәр бөлді. Кейін, науқаста бұндай ұстамалар бұрын пайда болғаны анықталды. Тырысулардың даму алдында кенеттен күрт бас аурулары, бас айналуы, кеудесінің қысылу сезімі, жүрек соққысы, саусақтары мен еріндерінің ұюы, қол-аяқтарының дірілдеуі пайда болады. Компьютерлік томография сол жақ бүйрек үсті безінің ісігін анықтады.

    

  1. Аталған симптомдар қандай эндокринді дертке тән?

2.Ісік қандай гормондарды бөледі және олардың биологиялық маңызы қандай?

  3.Науқас шағымдарының патогенезі қандай?

 

Есеп 4.3‑4

    13 жастағы Т. науқаста семіздік, тез шаршағыштық және ұйқышылдық бар. Туылып жатқанда жарақат алған. Ақыл-ес жағынан кемістік жоқ. Объективті: салмағы 82 кг, бойы – 138 см. Майдың әйелдерге тән жерлерде жиналуымен сипатталатын семіздік. Терісі құрғақ, бозғылт, веналар анық көрінеді. Денесі мен бетінде түктер жоқ. Гинекомастия. Жыныс мүшелері жетілмеген. Қан плазмасында глюкоза мөлшері 5,2 ммоль/л. Көмірсуларға толеранттылық жоғарылаған. Бас сүйегі рентгенодиагностикасында өзгерістер табылмады.

           

 

1. Берілген ауру қалай аталады және нейроэндокринді жүйенің қандай бөлімдері зақымдалғанда пайда болады?

2.Науқаста семіздік пен жыныс мүшілерінің жетілмей қалуының мүмкін болатын себептері қандай?

3.Гипоталамус гипофизге қалай әсер етеді?

 

Есеп 4.3‑5

    35 жасар Б. науқас келбеті мен дауысының өзгеруіне, басы мен бұлшықеттерде ауыру сезімдеріне, есте сақтау және көру қабілетінің төмендеуіне шағымданып, эндокринологиялық бөлімшеге түсті. Өзін 3 жыл бойы, басының соққысынан кейін, лоқсу және құсумен жүретін бас ауруының, тез қызудың, жүрек соққысының, бет және бас сүйектерінің аймағында тартып ауыратын сезімдердің пайда болуынан бастап ауру деп санайды. Науқас бұл шағымдардың бас миының жарақатымен байланыстырып, дәрігерге қаралмады. Бірақ, кейін оның мұрны, ерні, тілі, қол-аяқтары ұлғайып, тәбеті жоғарылады, жыныстық бұзылыстар пайда болды. Объективті: бет пішіні дөрекі, қас үсті доғасы мен бет сүйектері шығып тұрады. Астыңғы жақ сүйегі айтарлықтай шығыңқы, тістерінің арасы кеңейген, тілі ауыз қуысына әзер сияды. Терісі қалыңдаған, дөрекі қатпарлары бар. АҚ – 160/95 мм сын бағ бойынша, қан құрамындағы глюкоза мөлшері 15,0 ммоль/л дейін ұлғайған, бірақ инсулинді енгізгенде оның мөлшері азаймайды. Қан құрамында СТТ мөлшері жоғарылаған және гонадотропты гормондар мөлшері өзгерген. Бас сүйегінің рентгенографиясында түрік ершігі өлшемдерінің ұлғайғаны анықталды.

 

1. Науқастың сыртқы келбетін қалай түсіндіруге болады? Науқаста гонадотропты гормондардың мөлшері қалай өзгерген?

2. Неге науқасқа инсулинді енгізгенде гипергликемия мөлшері төмендемейді?

3. СТТ әр түрлі заттар алмасуына қалай әсер етеді?

 

Есеп 4.3‑6

16 жасар В. науқас эндокринологиялық ауруханада тіркеуде тұрады. Салмағы мен бойы қалыпты, уақыты жетіліп туылған бала. Бірақ, 3 жастан бастап белгісіз себептерден бой өсуінің тежелуі байқалды. Соңғы кезде беті және қол-аяғының ісінулері, науқас қимылдарының баяулауы байқалды. Объективті: бойы – 100см. Дене бітімі пропорционалды. Терісі бозғылт, әжімі көп. Тері асты май қабаты әлсіз жетілген. Сүт бездері жетілмеген. Біріншілікті және екіншілікті жыныс белгілері байқалмайды. ЖЖЖ– 56 мин-1, АҚ- 90/60 мм сын бағ бойынша. Қандағы глюкоза мөлшері – 3,8 ммоль/л. Негізгі алмасу 10% -ға төмендеген. Зәр құрамындағы 17-кетостероидтар мөлшері азайған, эстрогендер мен андрогендер анықталмайды. Рентгенографияда бас сүйегі баланың өлшемдеріне сай, түрік ері үстінде әктенген ісік байқалды.

     

 

  

1. Науқас бойының ергежейлігін қалай түсіндіруге болады?

2.Лабораториялық көрсеткіштердің патофизиологиялық түсініктемесін беріңіз.

3Гипофиздің гипер- және гипоқызметінда қандай клиникалық синдромдар дамуы мүмкін ?

 

Есеп 4.3‑7

    25 жасар Е. науқас бойының ұзаруына, шектен тыс түктенуіне, етеккірлік оралымның бұзылуына шағымданып, эндокринологқа кеңеске келді. Объективті: науқас ұзын бойлы, дене бітімі дұрыс, бұлшықеттері жақсы дамыған. Дауысы жуан. Бүкіл денесі түкті, бетінде мұрты мен сақалы бар. Сүт бездері атрофияға ұшыраған. Гинекологиялық зерттеуді өткізгенде жатыр мен аналық жыныс бездерінің кішіреюі, шүтікей (клитордың ) гипертрофиясы анықталды. Зәр құрамында 17 –кетостероидтар мөлшері жоғарылаған. Сцинтифотограмма мен рентгенограммада сол жақ бүйрек үсті безінің ісігі анықталған.

 

1. Науқастың сыртқы келбетінің өзгеруін қалай түсіндіруге болады?

2.Бүйрекүсті безі қыртысының құрылымы қандай? Бүйрек үсті безі қыртысының қандай аймағында ісік орналасқан?

3. Бүйрек үсті безі қыртысының гормондары қандай гормондар тобына жатады?

 

Есеп 4.3‑8

    39 жасар М. науқас біржақты бүйрекүсті безінің ісігіне байланысты хирургиялық бөлімшеге оперативті жолмен емделуге түсті. Жалпы әлсіздікке, бас ауруына, арқасы мен қол-аяқтарындағы ауыру сезімдеріне, етеккірдің бұзылуына, келбетінің өзгеруіне шағымданады. Объективті: майдың бетте (ай тәрізді бет), мойында («бизон бүкірі (өркеші)»), кеудеде, іште таңдамалы түрде орналасуымен көрінетін семіздік. Қол-аяғының арықтағаны көрінеді. Терісі майлы, қызыл, безеулері көп. Іші мен сан аймағында, терісі созылуынан көптеген қызыл-күлгін жолақтар анықталады. Еркек тектес түктенуі. ЖЖЖ – 96 мин-1, АҚ – 210/100 мм сын бағ бойынша. Қан құрамындағы глюкоза – 18,0 ммоль/л, натрий – 150 ммоль/л, калий – 2,9 ммоль/л. Зәр құрамындағы 17- кетостероидтар мөлшері - 94,5 ммоль/л тәулігіне. Сүйектердің рентген суретінде сүйек кемігінің сиректенуі анықталды.

    

 

1. Аталған көрсеикіштер қандай эндокринді дертке тән?

2. Науқаста байқалатын симптомдар дамуының тетіктері қандай?

3. Бүйрекүсті безі қыртысының гормондары организмнің арнайы резистенттілігіне қалай әсер етеді? Бүйрекүсті безінің қыртысының қызметін зерттеу үшін қандай әдістер бар?

 

Есеп 4.3‑9

  18 жасар Л. науқас эндокринологиялық бөлімшеге тексерілуге түсті. Бетінде түктің шектен тыс өсуіне, етеккірдің бұзылуына шағымданады. Объективті: науқаста артық салмағы бар, май жиналуы көбіне кеуде және іштің жоғарғы бөлігінде байқалады, ал қол-аяқтары арық, жамбас бұлшықеттері атрофияға ұшыраған. Беті дөңгелек, ай тәрізді. Терісі майлы, безеулері көп, іш аймағының терісінде стриялар (а) көп, вирилизация (б) белгілері айқын – жалпы гипертрихоз (в), гирсутизм(г). Сүт бездерінің гипотрофиясы, шүртікей (клитор) гипертрофиясы. АҚ – 190/110 мм сын бағ бойынша. Қан құрамындағы глюкоза – 15,0 ммоль/л, натрий – 148 ммолб/л, калий – 3,1 ммоль/л. Зәр құрамындағы 17- кетостероидтар мөлшері 102,7мк моль/тәулігіне. Фиброгастродуоденоскопия жүргізілгенде он екі елі ішекте жара анықталған. Краниограммада бас сүйектерінің остеопорозы анықталды. Рентгенологиялық зерттеу кезінде томограммада бүйрек үсті бездерінің екеуі де гиперплазияға ұщырағаны анықталған.

 


1.Науқаста ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуын көрсететін белгілер бар ма? Пайда болған бұзылыстардың мүмкін себептері қандай? Науқаста, қалыпты жағдаймен салыстырғанда, қандағы АКТГ мен нортизол деңгейі қандай?

2. Науқаста бір немесе бірнеше эндокринді дерт дамыды ма? Егер, эндокринопатияның бірнеше түрі болса, олардың қайсысы біріншілікті? Жауапты дәлелдеңіз.

3.Есепте әріптермен белгіленген медициналық терминдерді түсіндіріңіз.

 

Есеп 4.3‑10

    34 жасар Г. науқас көп мөлшерде қан кетумен асқынған аборттан кейін әрі қарай дамып жатқан жүдеулік, тамақтан жеркенуге дейін жеткен тәбеттің жоғалуы, ұйқышылдық, есте сақтау қабілетінің бұзылуы пайда болған. Оюъективті: науқаста қозғалыс жоқ, терісі құрғақ. Шашы сиреп кеткен, қолтық астында және қосаға аймағында түктер толығымен жойылған. Дене температурасы – 35,7 0С ,негізгі алмасу төмендеген. ЖЖЖ - 50мин-1, АҚ – 95/50 мм сын бағ бойынша, ЭКГ –да миокардтың дистрофиялық өзгерістері анықталған. Қанда АКТГ, ТТГ, СТГ, ЛГ деңгейлері төмендеген. Зәрдегі гонодотропиндердің және эстрогендердің құрамы күрт төмендеген.

 

 

1. Аталған өзгерістер эндокринді жүйе дертіне тән?

2.Анықталған синдромдар дамуының негізгі тетіктері қандай?

3.Науқас қанының құрамында глюкоза, натрий және калийдің ең мүмкін болатын деңгейі қандай? Жауапты негіздеңіз.

Есеп 4.3‑11

    47 жасар Г. науқас күрт бұлшықет әлсіздік ұстамаларына, бұлшықеттердегі ауырсынуға, тырысуларға, бас ауруларына, шөлдерге, көп әрі жиі зәр бөлуіне шағымданды. Объективті: жүректің сол жағы ұлғаюы, жүрек тондарының тұйықталуы, АҚ – 190/110 мм сын бағ бойынша, ЭГГ –да Q – Т интервалының ұзаруы, S – T сегменті изосызықтан төмен. Қан құрамында натрий -152 ммоль/л, калий – 2,8 ммоль/л, қан плазмасының Рн – 7,57. Зәр реакциясы - сілтілі,                17–кетостероидтардың тәуліктік экскрециясы қалыпты. Компьютерлік томографияда бүйрек үсті бездерінің екі жақты ұлғаюы анықталған.

 

 


1. Аталған симптомдардың дамуы қай гормонның артық болуы немесе жеткіліксіздігіне байланысты? Бұл гормон қай жерде өндіріледі және оның биологиялық маңызы қандай?

2. Науқаста байқалатын симптомдардың дамуының негізгі тетіктері қандай?

3.ЭКГ –дағы өзгерістер қандай электролит мөлшерінің өзгеруімен байланысты? Жауапты негіздеңіз.

  Есеп 4.3‑12

    40 жасар К. науқас туберкулезге қарсы диспансерде өкпенің шашыранды туберкулезінен емделіп жатыр. Соңғы кездері айқын білінетін әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына, құсуға, іш өтуіне, қол-аяқтары бұлшықеттеріндегі ауырсынуға, терісінің қараюына, ұйқысыздыққа шағымданады. Объективті: науқас нашар тамақтанған, терісі – жылтыр-қоңыр түсті, алақан қатпарларында, шынтақтарында, тізелерінде, белінде пигменттену өте айқын. Қызыл иектің кілігейлі қабатында – қоңыр жолақ. Жыныс мүшелерінің күшті пигментациясы байқалды. Дене температурасы – 35,6оС, АҚ – 85/50 мм сын бағ., жүрек өлшемдері кішірейген. Қанның жалпы талдамасында лимфоциттер – 51%, эозинофилдер – 8% құрайды. Қандағы глюкоза деңгейі – 3,1 ммоль/л, натрий 125 ммоль/л, калий – 6,1 ммоль/л. АКТГ мөлшері – 196 нгт, картизол – 72 нмоль/л 17-кетостероидтардың зәрмен тәуліктік бөлінуі – 10,3 мкмоль/тәулігіне.

 

1. Науқаста эндокринді жүйе бұзылыстарының көріністері бар ма? Осындай симптомдар байқалатын аурулар қалай аталады?

2. Науқаста байқалатын симптомдар дамуының негізгі тетіктері қандай?

3.Берілген ауруды емдеудің патогенездік принциптері қандай? Науқасқа қандай диета тағайындалуы керек: натрийдің бе, әлде калийдің тұздары көп болуы керек пе?

 

Есеп 4.3‑13

    35 жасар Р. науқас «жедел жәрдем» бригадасымен қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. 10 жыл бойы жүйелі қызыл жиегімен ауырады, соған байланысты глюкокортикоидтар препараттарын қабылдайды. Ауруханаға түсер алдында гормональді заттарды қабылдауды өз бетінше тоқтатты. Нәтижесінде күрт әлсіздік пайда болды, дене температурасы жоғарылады, тәбеті жоғалды, бұлшықеттерінде ауырсыну мен діріл пайда болды. Объективті: науқаста майдың көбіне беті мен ішіне жиналуымен көрінетін семіздік бар, бірақ қол-аяқтары жіңішке. Ішінде қызыл-көкшіл түсті созылу жолақтары, гирсутизм, сүйек деформациясы байқалды. АҚ – 70/50 мм сын. бағ. қандағы глюкоза деңгейі – 2,7 ммоль/л.

 

 

 1.Глюкокортикоидтарды қабылдауына және оларды қабылдауын тоқтатуына байланысты дамыған асқынуларды көрсететін белгілерді атап кетіңіз.

2.Науқаста семіздіктің, стриялардың және сүйектер деформациясының даму тетіктері қандай?

3. Неге препараттарды қабылдаудың тоқтатытуынан кейін гипотензия және липогликемия дамиды?

 

Есеп 4.3‑14

    25 жасар П. науқас етеккірдің болмауына, жүктілік және бала емізу кезеңінде болмаса да сүт бездерінен тұрақты түрде сүт бөлінуіне, шөлдеуіне, бас ауруына, семіздікке шағымдар айтты. Объективті: науқас семіз, гипертрихоз, лакторея. Гинекологиялық зерттеу кезінде жатыр мен аналық жыныс бездерінің айтарлықтай кішіреюі анықталды. Қанда пролактин мөлшері жоғарылап, гонадотропиндер мен СТГ мөлшері төмендеген. Бас сүйегінің рентгенологиялық зеттеуінде түрік ершігі пішінінің ұлғаюы мен өзгеруі анықталды. Науқаста радиоактивті кобалтьпен телегаммотерапия, сонымен қатар, дофаминергиялық және серотонинге қарсы белсенділігі бар препараттар тағайындалда.

 

1. Науқаста эндокринді жүйенің қандай дертін болжауға болады?

2.Синдромның негізгі клиникалық көріністері қандай гормон мөлшерінің өзгерісімен байланысты? Берілген гормон қай жерде өндіріледі, оның химиялық табиғаты және биологиялық әсері қандай?

3.Тағайындалған емнің тиімділігіне патофизиологиялық түсініктеме беріңіз.

 

Есеп 4.3‑15

    32 жасар Ш. науқас сұйықтықты қабылдауды қаламауына, зәр бөлудің азаюына, әлсіздікке, бас ауруына шағымданады. Шағымдары ауыр психикалық жарақаттан кейін пайда болды. Объективті: науқас семіз, терісі бозғылт, құрғақ. Беті мен қол-аяқтарының айқын ісінуі, қандағы натрий мөлшері - 156 ммоль/л, хлоридтер – 134 ммоль/л, калий -3,7 ммоль/л. Тәулігіне диурез – 300 мл. Зәрдің салыстармалы тығыздығы 1,042. Аралық-гипофиздік аймаққа рентгенотерапия және окситоцин тағайындалған.

 

 

1. Берілген эндокринді дертті қандай гормонның аз немесе көп

болуымен байланыстыруға болады? Бұл гормон қай жерде өндіріледі және оның химиялық құрылысы қайдай?

2. Аталған симптомдардың дамуының тетіктері қандай?

3. Науқасқа натрий хлориді шектелген диетаны, ал терапиясына зәр айдайтын заттарды қосу керек пе? Жауапты негіздеңіз.

 

Есеп 4.3‑16

    47 жасар Л. науқас қолқа құрсақтық бөлімінің атеросклерозына байланысты тамырлық хирургия бөлімшесіне оперативтік жолмен емделуге түсті. Қосымша диагноз «инфекциялы – аллергиялық бронхиальді демікпе». 12 жыл бойы глюкокортикоид препараттарын қабылдайды. Операция алды кезінде науқас кортикостероидты препатарттардың қолданылатын мөлшерін қабылдады. Операция асқынусыз өтті, бірақ операциядан кейінгі ерте кезеңде науқаста кенеттен жүйкелік қозу, теріліп қан кетулер пайда болды. Кейінірек құсу және диарея пайда болды. Дене температурасы - 39,8оС –ге дейін көтерілді. Жағдайы одан сайын нашарлай берді. Лабораториялық зерттеуде қандағы натрий мөлшері – 110 ммоль/л, хлоридтер – 52 ммоль/л, калий – 9 ммоль/л, глюкоза – 21 ммоль/л, кортизол – 52 нмоль/л құрады. Зәрдегі 17-кетостероидтар деңгейі 8,4 ммоль/тәулігіне. Операциядан 1 күн өткен соң коллапс және өкпе ісінуі дамып, науқас қайтыс болды.

 

 

1. Науқаста қандай төтенше жағдай дамыды? Оның дамуының мүмкін себептері қандай?

2.Лабораториялық көрсеткіштердің патофизиологиялық түсініктемесін беріңіз.

3. Берілген төтенше жағдайдың патогенездік емінің ұстанымдары қандай? Берілген жағдайдың алдын-алу шаралары қандай?

Тірек-қимыл жүйесі, тері, терінің қосалқылары»

№ 1 есеп

НауқасА., 24 жаста, саусақтарында майда бөртпелердің пайда болуына байланысты  дерматологқа қаралуда. Стоматолог болып жұмыс істегеніне бір жыл болған. Дәл осындай бөртпелер алты ай бұрын да болған.  Преднизолон майын жаққаннан соң бөрітпелер жойылып кетті. Дәрігер қойған диагноз: аллергиялық жанасулық дерматит (сурет).

Қан анализі: эритроциттер - 4,1·1012/л, Нb - 130 г/л, ретикулоциттер – 0,9%, лейкоциттер - 11,7·109/л, эозинофильдер – 7%, базофильдер – 0%, метамиелоциттер – 0%, т/я нейтрофильдер - 5%, с/я нейтрофильдер - 60%, лимфоциттер - 20%, моноциттер - 8%, тромбоциттер - 190,0 · 109/л, ЭТЖ - 17 мм/сағ.

 

 

1. Бөртпенің пайда болуы науқастың мамандығымен байланысты ма?

2. Аллергиялық жанасулық дерматит аллергиялық реакцияның (Джелл және Кумбстің жіктеуі бойынша) қай түріне жатады?

3. Неге преднизалон майын жаққаннан кейін бөртпе жойылып кетті?

4. Науқастың қанындағы көріністерге сипаттама беріңіз, қорытынды жасаңыз.

 

№2 есеп

    Науқас С., 28 жаста фолликулярлық баспаға (ангинаға) қарсы бұрын қолданып жүрген антибиотик (амоксиклав) тағайындалды. Емнің 2-ші күні науқастың жалпы жағдайы жақсарды, температурасы түсті, бірақ терісінде ақ-қызыл дақ сияқты бөртпелер пайда болды, қышыну және күйдірумен жалғасты. Дерматолог қойған диагноз: дәрі-дәрмектік токсикодермия (сурет).

    Қан анализі: эритроциттер - 4,3·1012/л, Нb - 136 г/л, ретикулоциттер – 0,5%, лейкоциттер - 12,2·109/л, эозинофильдер – 6%, базофильдер – 0%, метамиелоциттер – 3%, т/я нейтрофильдер - 7%, с/я нейтрофильдер - 60%, лимфоциттер - 20%, моноциттер - 4%, тромбоциттер - 165,0 · 109/л, ЭТЖ - 20 мм/сағ.

 

1. Бөртпелердің пайда болуы амоксиклавқа аллергиялық реакцияның туындауымен байланысты ма?

2. Бөрітпенің патогенезі қандай?

3. Науқасқа амоксиклав дәрісін әрі қарай қолдануға болады ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

4. Науқастың қанындағы көріністерге сипаттама беріңіз, қорытынды жасаңыз.

 

№ 3 есеп

    Әйел Д., 42 жаста дерматологқа білезік және иықтың төменгі жақ терісінің ісінуі, гиперемиясы, васкулиризациясы, сулануы түрінде зақымдану бойынша шағымданады. Науқас 1 ай бойы қолданып жүрген кір жуатын «Tide» ұнтағын пайдаланғаннан кейін туындады. Дәрігер қойған диагноз: аллергиялық жанасулық дерматит (сурет).

    Қан анализі: эритроциттер - 4,2·1012/л, Нb - 125 г/л, ретикулоциттер – 0,3%, лейкоциттер - 10,8·109/л, эозинофильдер – 5%, базофильдер – 0%, метамиелоциттер – 1%, т/я нейтрофильдер - 7%, с/я нейтрофильдер - 66%, лимфоциттер - 16%, моноциттер - 6%, тромбоциттер - 187,0 · 109/л, ЭТЖ - 18 мм/сағ.

 

1. Аурудың дамуы көрсетілген кір жуатын ұнтақтың пайдалануымен байланысты ма?

2. Ауру аллергияның клиникалық белгілерінің пайда болу уақыты бойынша аллергиялық реакцияның қай түріне жатады?

3.  Гистаминге қарсы дәрі-дәрмектермен емдеу нәтижелі ме? Жауабыңызды негіздеңіз.

4. Науқастың қанындағы көріністерге сипаттама беріңіз, қорытынды жасаңыз.

№ 4 есеп

    Науқас К., 53 жаста дерматологқа табан терісінің қышуына, қабыршақтануына, құрғауына шағымданады. Осындай көріністер 3 жыл бұрын байқалған. Науқас ауыруын табанның көп терлеуімен байланыстырады, себебі, ыстық цехта жұмыс істейді. Жұмыстан кейін жалпы душта күніге шомылады екен, ал зерттеулер көрсеткендей душта ешқандай дезинфекция жасалмайды. Қосымша ауруы – II-ші типті қантты диабет Объективті: екі табанның бүйір саусақ беткейі мен саусақаралық қатпарлардың терісінің қабыршақтануы, құрғауы. Дәрігер қойған диагноз: табан эпидермофитиясы (сурет).

    Қан анализі: эритроциттер - 3,6·1012/л, Нb - 120 г/л, ретикулоциттер – 0,2%, лейкоциттер - 10,9·109/л, эозинофильдер – 3%, базофильдер – 0%, метамиелоциттер – 1%, т/я нейтрофильдер - 6%, с/я нейтрофильдер - 72%, лимфоциттер - 16%, моноциттер - 4%, тромбоцит - 205,0 · 109/л, ЭТЖ - 18 мм/сағ.

 

1. Аурудың себебі не?

2. Аурудың жұғу жолдары қандай?

3. Науқас К., микозды туындататын жергілікті және жалпы факторларды көрсетіңіз?

4. Науқастың қанындағы көріністерге сипаттама беріңіз, қорытынды жасаңыз.

№ 5 есеп

Әйел Е., 38 жаста дерматологқа арқасы мен сол қолының ұшының терісінде әр түрлі өлшемдегі ақ дақтардың пайда болуына шағымданады. Дақтарында аурсыну сезімі байқалмайды. Науқасты косметикалық ақау алаңдатады. Дәрігер қойған диагноз: витилиго. Қан анализі: эритроциттер - 4,4·1012/л, Нb - 137 г/л, ретикулоциттер – 0,4%, лейкоциттер - 5,8·109/л, эозинофильдер – 2%, базофильдер – 0%, метамиелоциттер – 0%, т/я нейтрофильдер - 5%, с/я нейтрофильдер - 60%, лимфоциттер - 30%, моноциттер - 3%, тромбоциттер - 222,0 · 109/л, ЭТЖ - 8 мм/сағ.

 

 

 

 

1. Адам терісінің түсі неге тәуелді?

2. Адамның негізгі пигментін қандай жасушалар өндіреді? Витилиго кезінде осы жасушаларға не болады?

3. Т абиғаты бойынша витилигоның қарай қандай теориялары бар ?

4. Науқастың қанындағы көріністерге сипаттама беріңіз, қорытынды жасаңыз.

№ 6 есеп

Науқас Р., 35 жаста қолының ұшында симметриялы түрде қызарған аймақ пайда болған және ісінген, өз кезегінде осы жерде майда қабынған түйіндер, көпіршіктер, серозды сұйықтық бөлетін эрозиялар байқалған. Осы өзгерістер күшті қышынумен жалғасады. Науқас ауруды жан күйзелісімен байланыстырады. Дәрігер қойған диагноз: шынайы экзема Қан анализі: эритроциттер - 4,0·1012/л, Нb - 140 г/л, ретикулоциттер – 0,6%, лейкоциттер - 9,8·109/л, эозинофильдер – 9%, базофильдер – 1%, метамиелоциттер – 2%, т/я нейтрофильдер - 7%, с/я нейтрофильдер - 60%, лимфоциттер - 14%, моноциттер - 6%, тромбоциттер - 164,0 · 109/л, ЭТЖ - 19 мм/сағ..

 

 

1. Психикалық-эмоциялық жан күйзелістер экземаның қауіп-қатер факторы болып саналады ма?

2. Науқастың қолының ұшында пайда болған серозды сұйықтық қалай аталады?

3. Сұйықтықтың құрамы қандай?

4. Науқастың қанындағы көріністерге сипаттама беріңіз, қорытынды жасаңыз.

№ 7 есеп

Жас жігіт Б., 16 жаста бет терісінің жоғары майлы көрінісінде, арқаның жоғарғы бөлігінде және кеудесінде көптеген комедондар, фолликулярлы түйіндер, іріңдіктер пайда болды, субъективті сезімі байқалмайды. Диагноз: себорея, тұрпайы (вульгарлы) безеулер Қан анализі: эритроциттер - 5,6·1012/л, Нb - 146 г/л, ретикулоциттер – 0,9%, лейкоциттер - 7,4·109/л, эозинофильдер – 1%, базофильдер – 0%, метамиелоциттер – 0%, т/я нейтрофильдер - 4%, с/я нейтрофильдер - 61%, лимфоциттер - 28%, моноциттер - 7%, тромбоциттер - 200,0 · 109/л, ЭТЖ - 3 мм/сағ.

 

 

1. Қандай жергілікті факторлар науқастың терісіндегі іріңдіктердің пайда болуына ықпал етеді?

2. Неге осы жаста тері асты май бездерінің қызметі күшейеді?

3. Қандай жалпы факторлар науқастың терісінде іріңдіктердің пайда болуына ықпал етеді ?

4. Науқастың қанындағы көріністерге сипаттама беріңіз, қорытынды жасаңыз.

№ 8 есеп

Науқас Ж., 27 жаста дерматологқа бет терісінің зақымдалған ошағында тесіп және күйдіріп жатқан сезіміне шағымданады. Ауруды күннің астында ұзақ болуымен байланыстырады. Бұл өзгерістер беттің терісінде 3 ай бұрын пайда болған. Әр түрлі қабынуға қарсы мазьдарды бетіне жағып емдеген. Бірақ, емі нәтижесіз болған. Объективті: зақымданған ошақ «көбелектің қанаты» тәрізді мойынның терісінде, сонымен қатар ерін мен иекте орналасқан. Зақымданған аумақ сызып қойған тәрізді, шеткі жағына қарай өсіп, бір-бірімен ақ-қызыл түсті инфильтрат табақшалары арқылы байланысқан, тығыз қабыршақтармен қапталған, шашты фолликулалардың тесіктерімен байланысқан. Ошақтың шет жағында- телеангиэктазия, ортасында- тері атрофияланған.

    Қан анализі: эритроциттер - 3,7·1012/л, Нb - 115 г/л, ретикулоциттер – 0,6%, лейкоциттер - 3,4·109/л, эозинофильдер – 1%, базофильдер – 0%, метамиелоциттер – 0%, т/я нейтрофильдер - 2%, с/я нейтрофильдер -42%, лимфоциттер - 43%, моноциттер - 2%, тромбоциттер - 193,0 · 109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Қанында нативті ДНҚ мен ядросына, LE-жасушаларына (антинуклеарлы фактор) қарсы антиденелер табылған. Зерттеулерден кейін қойылған диагноз: қызыл жиектің дискоидты формасы.

1. Науқастағы пайда болған аурудың қауіп-қатер факторын көрсетіңіз?

2. Патогенезі бойынша қызыл жиек тері аурулардың қай тобына жатады?

3. Осы ауру дамуының негізінде қандай механизмдер жатыр?

4. Науқастың қанындағы көріністерге сипаттама беріңіз, қорытынды жасаңыз.


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 138; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!