Зимницкий сынамасы дегеніміз не?



Есеп 4.6‑ 3

    22 жасар Д. науқаста жедел тонзилиттен 2 апта өткен соң жайылымды ісінулер, жүрек айнуымен қабаттасатын бас ауруы, әлсіздік, физикалық жүктеме кезінде демікпе байқалады. Объективті: беті ісінген және бозғылт, аяқтары ісінген. ЖЖЖ- 56 мин-1, АҚ – 170/100 мм сын бағ бойынша, жүрек тұйықтығының солға және жоғары жайылуы байқалды. Қанында: қалдық азот – 46,8 ммоль/л, мочевина – 12,5 ммоль/л, кератинин – 56,6 мкмоль/л. Тәуліктік диурез – 500 мл, зәрдің меншікті тығыздығы – 1,025, ақуыз 1,5 г/л. Шөгу микроскопиясында лейкоциттер – 4-6 көру аймағында, Эр – 25-28 көру аймағында, гиалинді цилиндрлер - көру аймағында.

    

                                                                                                             

1.Науқаста бүйректің қызметі бұзылған ба? Жауапты негіздеңіз.

2.Берілген жағдайда протеинурия дамуының тетіктері қандай?

3Көрсетілген клиникалық-лабораториялық белгілер қандай ауруға тән? Этиологиясы мен патогенезі қандай?

Есеп 4.6‑ 4

    53 жасар Р. науқасқа операция барысында тобы бойынша сәйкес келмейтін қан құйылған. Науқас жағдайы ауыр. Есінен танған, қолдарының тырыспалы тартылулары болады. Қан талдамасынде: эр – 2,5*1012/л, Нв – 60 г/л, ретикулоциттер – 21%, жалпы билирубин – 124,6 ммоль/л, қалдық азот– 94,5 ммоль/л, тура емес билирубин – 116,9 мкмоль/л, мочевина – 74,8 ммоль/л, калий – 9,7 ммоль/л, қан плазмасының рН-ы – 7,29. тәуліктік диурез – 200 мл, меншікті тығыздығы – 1,009-1,012.

 

1. Науқаста қандай жағдай дамыды? Оның себебі қандай?

2. Берілген жағдай патогензі. Көрсетілген өзгерістер патогенездің қандай сатысына сәйкес?

3. Тағы қандай себептер осындай жағдай дамуына әкеледі?

 

Есеп 4.6‑ 5

   11 жасар М. науқас егулерден кейін 10 күн өткен соң әлсіздік, бетінің ісінулері, әсіресе ұйқыдан тұрған соң, тағы басының айналуына шағымданады. АҚ – 150/95 мм сын бағ бойынша. Қан талдамасы: қалдық азот – 48,8 ммоль/л, эндогенді креатинин клиренсі – 50 мл/мин. Зәр талдамасы: тәуліктік диурез – 750 мл, меншікті тығыздығы – 1,028, ақуыз – 1,6 г/л, глюкоза мен ацетон байқалмайды. Зәр шөгіндісінің микроскопиясы өзгерген. Эр – 30-40 көру аймағында, гиалинді және эритроцитарлы цилиндрлер көп емес.

 

 

1. Науқаста бүйрек қызметі бұзылыстарының қандай біртектес түрі анықталды? Осы бұзылыстарды дәлелдейтін белгілерді атаңыз.

2. Берілген бұзылыстардың мүмкін болатын себебі қандай? Көрсетілген клиникалық-лабораториялық белгілер қандай ауруға тән?

3. Берілген жағдайдағы протеинурия мен гемотурияның тетіктері қандай?

Есеп 4.6‑ 6

33 жастағы О. науқасқа 2 жыл бұрын "Жедел гломерулонефрит" деген диагноз қойылды. Қазіргі кезеңде әлсіздікке, бас ауруына, бас айналуына, ісінулерге шағымданады. АҚ = 180/100 мм с.б. Қандағы қалдық азот – 72,4 ммоль/л, Жалпы ақуыз – 56 г/л. Эндогенді креатинин клиренсі - 40 мл/мин. Талдама мочи: Тәуліктік диурез 3100 мл, меншікті тығыздығы – 1,007, ақуыз - 2,2 г/л, глюкоза және ацетон жоқ. Зәр шөгіндісінің микроскопиясы : көру аймағында бірлі-жарым лейкоциттер және эритроциттер, гиалинді цилиндрлер аз.  

 

1. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігін сипаттайтын белгілер бар ма?

2. Лабораториялық көрсеткіштерді түсіндіріңіз.

3. Организмнің  гомеостаз/гомеокинез үрдістеріне бүйрекқалай қатысады?

 

Есеп 4.6‑7

К. науқас липоидты нефрозбен ауырады. Клиникасында бүкіл денесіне тараған, әсіресе аяғында байқалатын, ісінулер, инфекциялық ауруларға бейімділігі бар. АҚ – 120/65 мм сын бағ бойынша. Қан талдамасы: қалдық азот – 25,6 ммоль/л, жалпы ақуыз – 48 г/л, альбуминдер – 19 г/л, жалпы липидтер – 17,2 г/л, жалпы холестерин – 8,9 ммоль/л, рН – 7,32. Зәр талдамасы: тәуліктік диурез – 1100 мл, меншікті тығыздығы – 1,035, ақуыз – 5,8 г/л, көп мөлшерде липидтер бар. Зәр шөгіндісінің микроскопиясы көру алаңында эритроциттер- бірлі-жарым, дәнді және балауыз тәрізді цилиндрлер көп мөлшерде.

 

 

1.Науқаста бүйрек жұмысы бұзылуының қандай біртектес түрлері бар? Бұл бұзылыстарды айқындайтын белгілерді атап кетіңіз.

2. Науқаста дамыған синдром қалай аталады? Оның негізгі себептері мен патогенезінің тізбектерін атап кетіңіз.

3. Бүйрек зақымдалғанда тағы қандай синдромдар димиды?

 

Есеп 4.6‑8

20 жасар В. науқас автоапат орнынан хирургиялық клиникаға ауыр күйінде жеткізілді. Кеуденің және ішінің зақымданулары бар. Объективті: есі шатасқан, тері жамылғысы бозғылт, жабысқақ, салқын термен жабылған. ЖЖЖ – 120мин-1, АҚ – 70/30 мм сын бағ бойынша. Тәуліктік диурез – 50-70 мл, меншікті тығыздығы – 1,030, ақуыз – 0,99 г/л, қандағы қалдық азот – 98,8 ммоль/л, қандағы мочевина – 36,5ммоль/л. Креатинин – 179,2 ммоль/л. Инулин клиренсі – 40 мл/мин. Екінші күні науқас қаза болды. Ашып көру барысында ішкі ағзалардағы микроқантамырларда жалпы таралған тромбоз белгілері анықталды.

 

1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыған?

2. Осы дерттік үрдістердің себептері мен тетіктері қандай? Инулин клиренсінің көрсетілген сандары не жайлы айтады?

3. Науқастағы анурия тетіктері қандай? Дамыған анурияның патогенезі қандай?

 

Есеп 4.6‑9

    24 жасар Г. науқас өзін өлтіру мақсатында сулемамен уланғаннан кейін ауыр жағдайда клиникаға жеткізілді. Ауруханаға түскенде есі жойылған, тері жамылғысы бозғылт, пульсі жіп тәрізді, жиілігі – 112 мин-1, АҚ – 60/20 мм сын бағ бойынша, Биот тыныс алуы. Қан талдамасы: қалдық азот – 96,8 ммоль/л, мочевина – 14,6 ммоль/л, креатинин – 167,4 мкмоль/л, калий – 6,9 ммоль/л, магний – 3,9 ммоль/л, натрий – 117 ммоль/л, хлоридтер – 60,2 ммоль/л, рН – 7,30. зәр талдамасы: тәуліктік диурез - 60мл, меншікті тығыздығы – 1,040, ақуыз – 1,1г/л, көру алаңында, лейкоциттер мен цилиндрлер бірлі-жарым. Қарқынды терапия жүргізілді. Келесі 3 тәулікте жағдай ауыр болып қала берді. Жүргізіліп жатқан инфузиялы терапия қарамастан, диурез тәулігіне 150-200 мл-ден аспады. 7-тәулікте науқастың жалпы жағдайы жақсарып, диурез 3000 мл/тәулігіне дейін өскені байқалды. Зәр талдамасы: меншікті тығыздығы 1,010-1,012, ақуыз – 1,3 г/л, көп мөлшерде дәнді цилиндрлер.

 

1.Науқаста қандай бүйректік синдром дамыған және оның себебі қандай?

2. Неге инфузиялық терапияны бастағаннан кейін науқастың диурезі қалпына келмеді? Электролиттік алмасудың лабораториялық көрсеткіштеріне түсініктеме беріңіз.

3. Науқаста 7-тәулікте пайда болған симптомдардың даму тетіктері қандай?

Есеп 4.6‑10

    42 жасар Р. науқас дене температурасының 390С дейін көтерілуіне, бұлшық еттері мен бел аймағындағы ауырсынуға, жиі және ауырсынумен өтетін зәр шығаруына шағымданды. Ауру жедел басталды, оның дамуын науқас суықтаумен байланыстырды. Объективті: температурасы 38,70С, тері жамылғысы ыстық. Пальпацияда оң жақ бел аймағында бұлшық еттердің кернеулігі байқалды. «Ұру симптомы» оң. Қан талдамасында – лейкоциттер – 14,8*109/л, нейтрофилдердің уыттық дәндігі, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Зәр талдамасынде – түсі қоңыр-сары, мөлдірлігі – бұлыңғыр, ақуыз – 0,2 г/л, глюкоза жоқ. Шөгіндінің микроскопиясы – лейкоциттер көру алаңында 25-30, эр – 4-6 көру алаңында, гиалинді, цилиндрлер – көру алаңында 6-8, бактериялар – 102/мм, кілегей ++

 

1.Аталған клиникалық-лабораториялық көріністер қандай ауруға тән? Жауапты негіздеңіз.

2. Берілген аурудың этиологиясы мен патогенезі қандай?

3. Зәр құрамының сандық және сапалық өзгерістері бар ма?

Есеп 4.6‑11

    45 жасар В. науқас 10 жыл бойы созылмалы гломерулонефритпен ауырды. Соңғы кездері шаршағыштығын, жоғарылаған ұйқышылдығын, тәбетінің төмендеуін, кезеңді түрде құсудың пайда болуын, үлкен дәреттің тұрақсыздығын байқаған. Зерттегенде тәуліктік диурезі – 2800 мл, шумақтық сүзілу 40% төмендеген, қалдық азот – 88,9 ммоль/л, мочевина – 15,8 ммоль/л, креатинин – 158,4 мкмоль/л, калий – 5,7 ммоль/л, рН – 7,34. Инсулин клиренсі 50 мл/мин.

 

 1.Науқаста қандай синдром дамыған? Лабораториялық көрсеткіштер ауру дамуының қандай кезеңі мен фазасына тән?

2. Берілген синдромда полиурия мен гиперазотемияның тетіктері қандай? Инсулин клиренсінің аталған сандар жағдайындағы полиурияны қалай түсіндіруге болады?

3. Аталған синдромның дамуы қандай аурулармен байланысты?

 

 

Есеп 4.6‑12

    52 жасар З. науқас нефрологиялық бөлімшеде емделуде жатыр. Негізгі диагнозы: «Бүйрек поликистозы». Түскен кездегі жағдайы ауыр. Науқаста тез әлсірегіштік, апатия, айқын ұйқышылдық, тамақтан желкену, құсу, тері қышуы, әртүрлі бұлшықет топтарында жиі қайталанатын тартынулар. Тері жамылғысы сұрғыш түсті, қасынудың іздері көрінеді, тыныс шығарғанда аммиак иісі шығады. АҚ – 200/130 мм сын бағ бойынша. Аускультацияда перикардтың үйкелу шуы естіледі. Қан талдамасында: эр 2,2*1012/л, Нв – 62г/л, қалдық азот – 125,8 ммоль/л, мочевина – 41,4 ммоль/л, креатинин – 214,9 мкмоль/л .

 

 

 1. Науқаста қандай синдром дамыған? Лабораториялық көрсеткіштер ауру дамуының қандай кезеңі мен фазасына тән? Берілген синдромда метаболизмдік бұзылыстар қандай?

2. Науқаста құсу дамуын қалай түсіндіруге болады? Науқаста анемия дамуы мен бүйрек қызметінің бұзылыстары арасында байланыс мүмкін бе?

3. Бүйректің сүзілу қабілетінің бұзылуын көрсететін берілгендер бар ма? Аталған өзгерістерді қосарланған бүйректік –бауырлық жетіспеушілік синдромы деп бағалауға бола ма?

 

Есеп 4.6‑13

 

    33жасар Н. науқас бүйректік шаншуы ұстамасымен клиникаға түсті. Анамнезінде физикалық жүктеме немесе ауыр затты көтергенде бел аймағындағы тұйық ауырсыну байқалған. Зерттегенде сол жақтағы оң «ұру симптомы» анықталған. Тәуліктік диурез – 2300 мл, меншікті тығыздығы – 1,028, ақуыз – 0,2г/л, глюкоза жоқ, лейкоциттер көру алаңында 10-12, эр – көру алаңында 8-10, өзгермеген, гиалинді цилиндрлер – көру алаңында бірлі-жарым, тұздар – ураттар+++, кілегей +++. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде оң жақ бүйрегінде конкременттер табылған.

 

1. Науқастағы ауруды атаңыз. Жауапты негіздеңіз.

2. Берілген аурудың этиологиясы мен патогенезі қандай?

3. Науқаста зәрлік синдром бар ма?

 

Есеп 4.6‑14

 

 

Көрсеткіштер Талдама № 1 Талдама № 2 Талдама № 3
Тәуліктік диурез 600 мл 2900 мл 3500 мл
Меншікті тығыздық 1,031 1,005 1,039
Ақуыз 1,8 г/л - -
Глюкоза - - +++
Кетонды денешіктер - - -
Лейкоциттер 8-10 к/а 2-4 к/а 2-4 к/а
Эr 40-50 к/а К/а бірлі-жарым -
Цилиндрлер Көру алаңында (к/а) эритроцитарлық  цилиндрлер өте көп Гиалинді к/а бірлі-жарым Гиалинді к/а бірлі-жарым
Қосымша берілгендері АҚ - 170/100 мм с.б.б. қалдық азот – 44,8 ммоль/л, қан плазмасында антистрептолизин О жоғары құрамы Қан сары суындағы натрий – 155 ммоль/л Аш қарын жағдайында қан плазмасындағы глюкоза – 3,8 ммоль/л

 

1.    Зәр талдамасында қандай өзгерістер бар?

2. Аталған өзгерістердің мүмкін себептері мен тетіктері қандай?

3. Берілген талдамалар бойынша патофизиологиялық қорытынды жасаңыз.

 

Есеп 4.6‑15

 

Көрсеткіштер Талдама № 1 Талдама № 2 Талдама № 3
Тәуліктік диурез 300 мл 2800 мл 800
Меншікті тығыздық 1,037 1,011 1,019
Ақуыз 1,2 г/л 2,5 г/л -
Глюкоза - - -
Кетонды денешіктер - - -
Лейкоциттер 2-4 к/а 0-2 к/а 0-2 к/а
Эr 5-10 к/а К/а бірлі-жарым к/а өзгермеген 20 - 0
Цилиндрлер К/а гиалинді және түйіршікті цилиндрлер көп Гиалинді к/а бірлі-жарым -
Қосымша берілгендер АҚ - 120/70 мм с.б.б. қалдық азот – 16,4 ммоль/л АҚ - 180/95 мм с.б.б., қалдық азот – 98,9 ммоль/л -

 

 1.    Зәр талдамасында қандай өзгерістер бар?

2. Аталған өзгерістердің мүмкін себептері мен тетіктері қандай?

3. Берілген талдамалар бойынша патофизиологиялық қорытынды жасаңыз.

 

Есеп 4.6‑16

 

 

Көрсеткіштер Талдама № 1 Талдама № 2 Талдама № 3
Тәуліктік диурез 3300 мл 1000 мл 1600
Меншікті тығыздық 1,036 1,011 1,020
Ақуыз - 12,5 г/л -
Глюкоза +++ - ++
Кетонды денешіктер ++ - -
Лейкоциттер 6 – 8 к/а 2-4 к/а 0-2 к/а
Эr - К/а бірлі-жарым 20 - 0 неизмененных к/а
Цилиндрлер К/а гиалинді  бірлі-жарым Балауыз тәрізді цилиндрлер өте көп К/а гиалинді бірлі-жарым
Қосымша берілгендер Қан плазмасындағы глюкоза – 19,6 ммоль/л Қандағы жалпы ақуыз – 50 г/л, альбуминдер – 24 г/л, липидурия Тұз кристалдары өте көп,  зәрде  цистеин мен аргининге реакция оң, фосфаттар құрамы жоғары, плазмадағы глюкоза – 4,2 ммоль/л

 

1.    Зәр талдамасында қандай өзгерістер бар?

2.Аталған өзгерістердің мүмкін себептері мен тетіктері қандай?

3.Берілген талдамалар бойынша патофизиологиялық қорытынды жасаңыз.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ сы

Есеп 4.1‑1

  30 жасар К. науқаста оң жақ сан сүйегінің сынығынан кейін 2 айдан соң балтыр бұлшықеттерінің бөлек талшықтарының жеке-жеке жиырылуы пайда болды. Зақымдалған аяқтың терісі бозғылт, аздап қабыршықтанады, балтырдың артқы бетінде жаралар бар. Зақымдалған сан шеңбері, сау аяқпен салыстырғанда, 3-см-ге кем.

        

 

1. Анықталған синдромдар қандай неврологиялық өзгерістерге тән?

2.Бұлшықеттер фибриляциясы дамуының патогенезі қандай?

3.Науқаста нәрленіс бұзылыстарының белгілері бар ма? Егер бар болса, олардың пайда болу тетіктерін түсіндіріңіз.

Есеп 4.1‑2

57 жасар Н. науқаста жұлын артқы түбірінің зақымдануынан кейін қолының қозғалысы көсілмелі және үйлеспейтін болды. Зақымдалған жақтағы қол тыныс алу және жұтынумен қатар қимылдайды.

 

1.Бұл белгілер қандай неврологиялық синдромға тән?

2. Айтылған синдромдардың даму тетіктері қандай?

3.Жүйке жүйесі бұзылыстарының негізгі көріністері қандай?

Есеп 4.1-3

25 жасар И. науқаста жарықты қосқанда болатын, жиі қайталанатын қояншық ұстамасы байқалды. Электроэнцефалографиялық зерттеуде ми қыртысының көру аймағында күшті эпилепсиялық белсенділіктің ошағы табылған. Фармакологиялық емнің көмегі арқылы тырысу ұстамалары қайталануының алдын алу мүмкін болды. Қазіргі таңда науқас әдеттегідей еңбегіне оралды.

 


  1. Науқаста фотогенді эпилепсияның даму тетігі қандай?

2. Неге эпилепсиялық белсенділікті фармокологиялық жолмен басу, эпилепсияның осы түрін емдегенде жақсы нәтиже берді?

3. ОЖЖ-дегі жүелік қатынастар бұзылысына тән тетіктерді атап кетіңіз.

Есеп 4.1‑4

32 жасар Х. науқас 5 жыл бойы эпилепсияның ауыр түрімен ауырады. Жүргізілген консервативті ем нәтиже берген жоқ. Осыған байланысты науқаста бас ми қыртысының қозғалыс аймағында орналасқан эпилепсиялық белсенділік ошағын алып тастау мақсатында стереоТКсистік операция өткізілді. Бірақ көп ұзамай тырысу ұстамалары қайталанды.

 

1. Бұл науқаста эпилепсияның даму тетіктері қандай?

2. Осы жағдайдағы хирургиялық ем неге нәтижесіз болды?

3. Дерттік жүйенің негізгі қасиеттерін атаңыз.

4.Дерттік жүйенің негізгі қасиеттерін атаңыз.

             

Есеп 4.1‑5

38 жасар Н. науқаста IV дәрежелі семіздік бар. Соңғы кезде булемиямен ауырады. Тәулік бойы көп мөлшерде тамақ жейді, бірақ тойыну сезімі болмайды. Өмірде басқа нәрсеге қызығушылық жоқ. Науқас анамнезінен 2,5 м биіктіктен құлап, бас миына зақым келтіргеннен кейін булемия пайда болғаны белгілі болды.

  

1.Науқаста булемия дамуының тетіктері қандай?

2. Науқастың сауығып кетуіне қол жеткізу мүмкін бе және емнің қандай ұстанымдарын ұсынасыз?

3. Жүйке жүйесі зақымдалуының негізгі себептерін атаңыз.

Есеп 4.1‑6

Бүйірлік амиотрофиялық склерозы бар 22 жасар Р. науқаста қарау кезінде қол бұлшықеттерінің гипотрофиясы және божырағандық, терілік және сіңірлік рефлекстердің әлсіреуі байқалған. Сезімталдығы бұзылмаған. Лабораториялық зерттеуде қан сарысуында тирозин, гистидин және сериннің көбейгендігі, ал аргининнің төмендегені анықталды.

 

1.Науқаста қозғалыстың нейрогенді бұзылыстарының қандай біртектес түрі байқалды? Оны бұлшықет тонусының өзгерісіне, таралуына, негізгі зақымдалатын жүйкелік құрылымдарына, айқындылық белгілеріне сүйене отырып, сипаттаңыз.

2. Қимылдық бұзылыстардың осы түрінің себептері қандай?

3.Қозғалыстың нейрогенді бұзылыстарының осы түрінде бұлшықеттер тонусы мен олардың қозымдылығы қалай өзгереді?

Есеп 4.1‑7

    54 жасар М. науқаста автоапаттан кейін оң қол-аяғының өз қалауымен қимылдамауы байқалды. Объективті: сіңірлік және периостальді рефлекстердің артуы, жоғарлауы, дерттік Россолимо* рефлексі, білек және иықтың бүккіш бұлшықеттерінде тонустың артуы, сан және балтырдың жазғыш бұлшықеттердің тонусының артуы.

 

    * дерттік Россолимо рефлексі – бармақтардың ұшын табан жақтан сәл ұрғанда бармақтардың бүгілуі.

1. Науқаста қозғалыстың нейрогенді бұзылыстарының қандай біртектес түрі байқалды? Оны бұлшықет тонусының өзгерістеріне, таралуына, негізгі зақымдалатын жүйкелік құрылымдарына, айқындылықбелгілерге сүйене отырып, сипаттаңыз.

2.Осы түрінің локомоторлық бұзылыстарының себептері қандай?

3.Қозғалыстың нейрогенді бұзылыстарының қандай біртектес түрлерін білесіз?

 

Есеп 4.1‑8

«Мерез» деп қойылған диагнозы бар 36 жасар П. науқаста омыртқа жотасының бойымен және қол-аяқтарында шаншитын және ауру сезімдері пайда болды, зәр шығарудың ауырсынуы, бір затты ұстағанда сезімдердің әлсіреуі, ұю сезімдерінің, түршігу, шаншудың пайда болуы. Қарау кезінде сіңірлік рефлекстердің әлсіреуі анықталды. Нейросифилистің кеш түрі дамығаны анықталды.

1. Науқаста сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстарының қандай біртектес түрлері байқалды?

2. Берілген жағдайда сенсорлы бұзылыстардың тетіктері қандай?

 3.Сезімталдық бұзылыстарының қандай біртектес түрлерін        білесіздер?

 

Есеп 4.1‑9

    49 жасар Р. науқаста сол жақ аяғының ампутациясынан кейін, осы аяғында қинайтын, шыдатпайтын ауырсыну пайда болды. Ауру синдромын басу үшін қолданған препараттар және ине рефлексті терапия әсері жеткіліксіз болды.

 

 1. Пациенттегі ауырсыну қалай аталады және себебі қандай?

 2. Науқастың ауырсыну нейропатиялық па, әлде соматикалық па? Жауабыңызды негіздеңіз.

3.Ауырсынун емдеудің ұстанымдары қандай?

 

Есеп 4.1‑10

    56 жасар Л. науқаста жұлынның экстрамедулярлы ісігіне байланысты нейрохирургиялық бөлімшеге емделуге түсті. Операция барасында ІІ – IV кеуде сегменттерінің деңгейінде жұлынның бүйірлік жартысының оң жағынан кесу жүргізілді. Объективті: қол-аяғының өздігінен жасайтын қимылдарының толығымен жойылуы, гиперрефлексия, бұлшықеттік гипертония, бұлшықет-буындық және вибрациялық сезімталдықтың жойылуы. Екінші жақтың аяқ-қолында ауру, температуралық сезімталдықтың төмендеуі.

 

1. Науқаста нейрогенді бұзылыстардың қандай түрлері байқалды?

2. Бұл синдром қалай аталады?

3. Науқастың қай жағында (оң немесе сол) қимылдық бұзылыстар дамыды? Зақымдалған жақта сезімталдықтың қандай бұзылыстары дамыды, ал сау жағында қандай?

Есеп 4.1-11

      65 жасар Д. науқаста шонданай жүйкесінің зақымдалуымен қабаттасқан оң жақ санының жарақатынан 3 апта өткен соң ұстама тәрізді, күшейетін, күйдіретін ауру сезімдері мен аяғына «ыстық су құйғандай» және «ине шаншығандай» сезімдер пайда болды. Ауырсыну зақымданған аяғында гиперемияның және ісінудің пайда болуымен қатар жүреді. Зақымданған жермен жанасқанда ауырсыну күшейе түседі.

 

 

1. Науқаста пайда болған ауырсыну қалай аталады және себебі қандай?

2.Ауырсынунің дамуына қандай биологиялық белсенді заттар қолайлы жағдай жасайды?

3.Антиноцицептивті жүйенің нейрогенді және гуморальді тетіктерін атаңыз.

   

Есеп 4.1‑12

    35 жасар В. науқас демікпеге, жүрек соққысына, жүрек аймағында болатын шаншитын ауру сезімдеріне, тершеңдіктің артуына, жыламсырауға, ұйқысының, тәбетінің бұзылуына шағымданады. Сонымен қатар, өлімнен қорқу, өз денсаулығына байланысты қобалжу, обырмен ауырып қалудан қорқу сезімдері пайда болды. Бұл шағымдар күйеуінің қатерлі ісіктен қайтыс болуынан кейін пайда болды.

      

 

 1. Науқаста жүйке жүйесінің қандай дерттік түрі дамыды.

2. Науқаста вегетативті бұзылыстардың көрінісі бар ма?

3. Жоғарғы жүйке жүйесі жұмысы дертінің осы түрінің пайда болу себептері мен жағдайлары қандай?

Есеп 4.1‑13

15 жасар Д. науқастың дене бітімі астеник. Психиатрлық диспансерде емделіп жатыр. Аурудың клиникасында тырысу ұстамалары (естен танусыз, соғылусыз), адамдар болғанда ғана пайда болатын парездер мен соқырлық анықталды. Көңіл-күйі тұрақсыз. Ішкі ағзалар мен бас миын зерттеу органикалық өзгерістерді анықтамады.

 

              

1.  Науқастағы бар синдромдарды негізге ала отырып, қандай қорытынды жасауға болады? Жауапты негіздеңіз.

2. Осындай түрлі дерттің пайда болуында жоғарғы жүйке қызметінің типтік ерекшеліктерінің маңызы қандай?

3. Жүйке жүйесінде берілген түрдегідей дерт құрылуының мүмкін болатын механизмдері қандай?

Есеп 4.1‑14

46 жасар И. науқас 12 жыл бойы сирингомиелиямен ауырады. Қолдарында, әсіресе иық аумағында, болатын ауру сезімдеріне, жоғары және төмен температуралы заттармен жанасқанда сезімдердің болмауына (а), жарақаттар мен күйіктердің ауырмауына (ә), шайқалатын жүрісіне (б) шағымданады. Соңғы 3 айда мұрын арқылы сөйлейді (в), су мен тамақты жұтқанда қақалуы мен қиналуы (г), дәм (д) және иіс (е) сезімінің төмендеуі пайда болды. Объективті: акроцианоз, сол жақ қабақтың түсуі (ж), жұмсақ таңдайдың салбырауы (з), сіңірлік және периосттық рефлекстердің болмауы (и), сол жақ қолындағы бұлшықеттер көлемі азаюы (к).

 

* сирингомиелия (грекше syrina – сыбызғы – көбіне жұлынның зақымдалуымен жүретін, дегенеративті сипатта болатын жүйке жүйесінің созылмалы ауруы.

1.Әріптермен берілген симптомарды сәйкес медициналық атаулармен белгілеңіз.

2.Аталған бұзылыстар дамуының мүмкін болатын себептерін атап кетіңіз.

3.Жүйке жүйесінің қандай құрылымдық-қызметтік деңгейінде осы бұзылыстар байқалды?

 Есеп 4.1-15

12 жасар С. науқас Гентингтон хореясымен ауырады. Клиникасында әртүрлі бұлшықеттік топтарда ретсіз пайда болатын, тез, ырғақсыз қозғалыстар басым. Еріксіз қимылдарға байланысты науқас бет-аузын тыжырайтып жатқан сияқты көрінеді. Жүрісі тұрақсыз, науқас шайқалып жүреді, қолдарын кең сермейді. Сөйлеуі баяу, анық емес, сөйлегенде артық дыбыстар қосады. Аталған симптомдар қобалжығанда күшейіп, ұйықтағанда жойылады.

 


1. Науқаста қозғалыстардың нейрогенді бұзылыстарының қандай біртектес түрі байқалды? Оны бұлшықет тонусының өзгерісіне, таралуына, жүйкелік құрылымдардың зақымдалуына, айқандылық белгілерін ескере отырып, атап кетіңіз.

2.Локомоторлық бұзылыстардың осы түрінің себептері қандай?

3.Нейрогенді сипаты бар осындай локомоторлық бұзылыстардың тағы қандай түрлерін білесіз?

Есеп 4.1-16

 

68 жасар Ж. науқас «жедел жәрдем» көлігімен неврология бөлімшесіне жеткізілді. Анамнезінен: жүректің ишемиялық ауруы, 2 жыл бұрын миокард инфаркты болды. Қарағанда: терісі бозғылт, нистагм (а), сол жақты гемиплегия (ә), бет және тіласты жүйкелерінің орталық парезі (б), афазия (в), дисфагия (г), гемигипестезия (д), сол жақ қолы мен аяғының аймағында жанасуды, ине шаншуын, қол-аяғына басқан заттардың температурасын сезбейді. Бас миының компьютерлік томографиясын жасағанда оң жақ жарты шарда төмендеген тығыздық ошағы анықталды.

Есеп мәтінінде әріптермен белгіленген атаулардың мағынасын талдаңыз. 

1. Науқаста симптомдардың мүмкін себептері қандай?

2.Беріген жағдайда сезімталдық бұзылуының қандай түрі анықталды? Осындай сенсорлық бұзылыстарға әкелетін дерттік үрдістің орналасатын жерін көрсетіңіз.

ЭНДОКРИНОПАТИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ. ҚАЛҚАНША, ҚАЛҚАНСЕРІК ЖӘНЕ ЖЫНЫС БЕЗДЕРІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

Есеп 4.2‑1

43 жасар Р. науқаста ми-бассүйек жарақатынан 6 ай өткен соң тұрақты бас ауруына, ұйқысының бұзылуына, дене теапературасының көтерілуіне, жүрек соққысына, тыныс алуының қиындауына шағымдар пайда болды. Мезгіл-мезгіл, әсіресе жандүниелік күйзелістерден кейін, бас ауруы күшеюімен, тершеңдікпен, тәбеттің толық болмауымен сипатталатын ерекше ұстамалар дамиды. Қарағанда: науқас жүдеу, терісі ылғал, дене температурасы-37,60 С. Ішкі ағзалар жағдайының қалыптыдан ауытқуы анықталмады. Ұстама кезінде артериялық қысым – 170/80 мм сын бағ бойынша, қан плазмасындағы глюкоза мөлшері 12,0 ммоль/л, зәрдегі 17-кетостероидтардың мөлшері -96,2 мкмоль/тәуігіне, жүргізілген зерттеулерге негізделе отырып, «Диэнцефалдық синдром» диагнозы қойылды.

 

1.Науқаста эндокринді бездер қызметтері реттелуінің бұзылыстары бар ма? Бар болса, қандай патогенездік жол бұзылған? Жауапты негіздеңіз.

2. Науқаста ұстама кезінде анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?

3. Ішкі сөлденіс бездерінің жұмысы қалай реттеледі?

Есеп 4.2‑2

 

42 жасар Т. науқаста сүт безі қатерлі ісігінің оперативті емінен кейін үлкен мөлшерде бұлшықетішілік тестостерон-пропионат егулері тағайындалды. Гормональді терапияның басынан 2 апта өткен соң науқаста дауысының жуандауы, беті мен денесінде түктің шектен тыс өсуі, беттің ісінуі, жыныстық қозудың жоғарылауы, бас айналуы, жүрек айнуы пайда болды.

 

 

  1. Науқаста эндокринді бездер қызметтерінің реттелу механизмдерінің бұзылысы бар ма? Бар болса, қандай патогенездік жол бұзылған? Жауапты негіздеңіз.

2. Науқастың организмінде тестостерон пропионат әсерінен пайда болған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?

3. Андрогенді гормондар қай жерде өндіріледі және олардың физиологиялық маңызы қандай? 

Есеп 4.2‑3

 

53 жасар Е. науқаста қалқанша бездің толық резекциясынан 1 жыл өткен соң жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, апатия, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, қалтырау, іш қату шағымдары пайда болды. Соңғы жарты жылда тәбетінің төмен болуына қарамастан, науқас қатты салмақ қосты. Объективті: дене температурасы 35,60С. Терісі сарғыш-бозғылт, қалың, қатты, ұстағанда суық, қабыршақтанады. Беті ісінген. Көздері сарғайған, көзқарасы сөнік. Басында шашы сирек, құрғақ. Тырнақтары сынғыш, жолақтанған, «нәрі жоғалған». Қимылдары баяу, қозғалысы бөгелген. Сөзі анық емес. Тыныс алу жиілігі – 12 мин-1, пульсі – 56 мин-1, толығымен әлсіз. Жүрек тондары тұйық. Қан құрамында альбуминдер – 30 г/л, холестерин – 8,2 ммоль/л, глюкоза – 3,3 ммоль/л. Негізгі алмасу – 30 %-ға төмендеген.

 

1. Науқаста операциядан кейін эндокринді дерт бар деп ойлауға бола ма? Науқастың қанында қандай гормондардың мөлшерін анықтаған жөн? Олардың қалыпты жағдайдағы биосинтезі мен секрециясының тетіктерін баяндап беріңіз.

2. Науқаста анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?

3.Лабораториялық көрсеткіштердің патофизиологиялық түсіндірмесін беріңіз.

Есеп 4.2‑4

21 жасар Р. науқас 2 жыл бұрын байқалған мойынның алдыңғы беткейінің айтарлықтай жуандалуына шағымданды. Бірақ, науқас дәрігерге бұл жағдаймен қаралмаған. Соңғы кездері құрғақ жөтелді, дауысының қарылуын, тез шаршағыштықты, қоршаған ортаға қызығушылығының жоғалуын, ұйқышылдықты байқаған болатын. Көбіне өсімдік тағаммен тамақтанады. Топырағы сортаң ауданда тұрады, сол ауданның тұрғындарының көбісі зобпен ауырады. Объективті зерттеу нәтижесі: қалқанша бездің диффузды ұлғаюы, ЖЖЖ – 58 мин-1, ТТГ – 7,9 мкмЕ/мл. Негізгі алмасу – 15 %-ға төмендеген. Қалқанша бездің радиоактивті йодты қабылдауы тездеген.

 

1.Науқаста зоб дамуының мүмкін себептері мен тетіктері қандай?

2.Қалқанша без қызметінің осындай бұзылысында ОЖЖ-нің жұмысы қалай өзгереді?

3.Лабораториялық көрсеткіштердің патофизиологиялық түсіндірмесін беріңіз.

Есеп 4.2‑5

12 жасар С. науқас эндокринологтың дипансерлік тіркеуінде тұр. Бойы – 95 см. Дене бітімі пропорционалды емес: қол-аяғы қысқа, басы үлкен. Дене температурасы -360С-н аспайды. Терісі бозғылт, әжім түскен, ісінген. Тілі жуандаған, ауыз қуысына әзер сияды. Шашы көп түседі, қасының сыртқы бөлігінде түктері жоқ. Іші ұлғайған, шығыңқы, кіндік

Екіншілік жыныс мүшелері толық жетілмеген. Интеллект төмендеген, ойлау қабілеті 3 жасар баланың деңгейінде. Науқас анамнезінен: туылғанда ешқандай ауытқулар табылған жоқ, бірақ өмірінің бірінші айларынан бастап бой өсуінің тежелуі, басын кеш ұстауы, 3 жасында ғана сөйлеуі, 4 жасында жүруі, үлкен еңбегінің тек 6 жасында жабылғаны байқалды.

 

1. Науқастың қалқанша без қызметі бұзылысының қандай біртектес түрі дамыды?

2. Науқастағы ергежейлік бойды қалай түсіндіруге болады? Кретинизмнің белгілері байқала ма?

3. Берілген қалқанша без қызметінің бұзылысында қан құрамындағы Т3, ТТГ қалай өзгереді?

Есеп 4.2‑6

  27 жасар Л. науқас тез шаршайтынына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, жоғарылаған тітіркенгіштігіне, жыламсырауына, ұйқысыздығына, ыстықтау сезіміне, тершеңдігіне, қолының қалтырауына, жүрек соғуына, жүдегеніне шағымданады. Кешке қарай дене температурасы 37,50С дейін көтеріледі. Объективті зерттеу нәтижесі: науқас сабырсыз, көп сөйлейді. Терісі жылы, жұқа, ылғал. Дермографизм айқын көрінеді, жылдам6 тұрақты, қызыл. Тері астылық май қабаты жұқарған. Көз саңылауы қатты ашылған, көзі бадырақ. Көзін өте сирек жұмады. Қолдың саусақтарымен зерттегенде қалқанша безі жалпы үлғайған. Пульс 100 мин-1, АҚ 140/58 мм с.б. лабораториялық зерттеу кезінде анықталғаны: қанда Т4 құрамы – 187 нмоль/л, Т3 – 5,6 нмоль/л, ТТГ – 0,16 мМЕ/л, АБЙ – 1012 нмоль/л. Негізгі алмасу 42%-ға жоғарылаған. 

 

1. Науқаста қалқанша без қызметтері бұзылыстарының қандай біртектес түрі дамыды?

2. Науқастағы байқалған өзгерістердің даму тетіктері қандай?

3. Қалқанша без гормондары ақуыздар, липидтер, көмірсулар және энергия алмасуына қалай әсер етеді?

 

Есеп 4.2‑7

   18 жастағы С. науқас, өзінен-өзі ашушаң, мазасыз, алаңғасар болуына, ыстықты көтере алмайтындығына, ұйқысы бұзылуына (көп түс көреді), жылауық болуына, жиі іш өтуіне, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданады. Әңгімелесу барысында науқас бірнеше рет көз жасын шығарды. Объективті: бойы – 180 см, дене салмағы – 54 кг, дене температурасы - 37,20С. Қолы жіңішке, саусақтарының соңғы фалангалары сүйірленген («мадонна қолы»).. Терісі жылы, дымқыл. Экзофтальм және қабақтарының ісінуі байқалады. Науқас қажетсіз көп қимылдарды жасайды, дауысын қатты шығарып және көп сөйлейді. Саусақтармен зерттегенде қалқанша без жалпы ұлғайған. ЖЖЖ- 98 мин-1, АҚ 130/50 мм с.б.. Сіңірлік рефлекстер күшейген. Лабораториялық зерттеу кезінде анықталғаны: қандағы Т4 құрамы – 192 нмоль/л, Т3 – 5,3 нмоль/л, ТТГ – 2,85 мМЕ/л. Негізгі алмасу 30% жоғарылаған.

 

1 .Науқаста эндокринді жүйенің қандай дерті дамыды?

Лабораториялық көрсеткіштердің патофизиологиялық түсіндірмесін беріңіз.

 2. Науқаста эндокринді бездер қызметтерін реттеу тетіктерінің бұзылыстары бар ма? Бар болса, қандай патогенездік жол бұзылған? Жауапты негіздеңіз.

 3. «Гипертиреоз», «тиреотоксикоз» және «диффузды уытты зоб» түсініктері бірдей ме?

 

Есеп 4.2‑8

32 жасар Ж. науқас, кезеңді түрде дамитын, ауыру сезімін тудыратын бет пен қолдардың бұлшық еттерінің құрысқақ ұстамаларына, тыныс алудың қиындауына, іш аумағындағы ауырсынуға, ұйқысыздыққа шағымданады. Құрысқақ ұстамасының алдында аяқ-қолдары тоңады, жансызданады, денесі түршігеді. Ауру қалқанша бездің уытты аденомасына байланысты осы без бөлігінің резекциясын жасағаннан кейін пайда болды. Объективті: терісі бозарған, құрғақ, сипағанда суық, қабыршықтанады. Шаштары ағарған, тіс жегі айқын көрінеді. ЖЖЖ – 96 мин-1, АҚ – 150/90 мм с.б., ЭКГ – Q-Т кезеңінің ұзаруы байқалады. Неврологиялық зерттеуде жүйке және бұлшықет жүйелерінің жоғары қозғыштығы анықталған. Хвостектің симптомы оң. Кальцийдің қандағы мөлшері- 1,87 ммоль/л, калийдің – 5,85 ммоль/л, фосфордың – 1,53 ммоль/л, магнийдің мөлшері – 0,47 ммоль/л. 

 

* Хвостек симптомы –бет жүйкесінің аумағында кішкене балғамен ұрғанда бет бұлшық еттерінің жиырылуымен көрінетін жүйке-бұлшық еттік қозымдылықтың жоғарылауының белгісі.

1.Науқаста қандай эндокринді бездердің қызметтері бұзылған және

Неге?

2.Құрысқақ дамуының механизмі қандай?

3.Науқаста зерттелген электролиттердің алмасуына қандай гормон дар әсер етеді ?

 

Есеп 4.2‑9

38 жасар В. Науқас, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, шөлдеу сезіміне, көп зәр сындыруына, сүйектерде ауырсынудың пайда болуына, тістердің босауы мен түсуіне, тәбеттің бұзылуына, жүрек айнуына, құсуына, тез жүдегеніне, бойдың қысқаруына шағымданады. Сонымен бірге, кейінгі кезеңде науқаста екі рет, өзінен-өзі дамитын, аз ауыратын және жазылуы ұзаққа созылған сирақтардың сынықтары пайда болды. Объективті: терісі күңгірт, топырақ түстес, құрғақ. Кеуде қуысы күбі тәрізді, қабырғалары қалыңдаған. Жүрісі «қаз» жүрісіндей. Сүйектер өте жылжымалы. Неврологиялық зерттеу кезінде жүйке-бұлшық еттік қозымдылықтың тежелуі байқалды. Сүйек рентгенограммаларында жалпы таралған остеопороз, түтік тәрізді ұзын сүйектердің эпифизі маңайында кисталар (жылауықтар) анықталды, саусақтардың соңғы фалангалары «күйе жегендей». Бүйректердің үльтрадыбысты зерттеуінде оң зәрағарда тас анықталды. Фиброгастродуоденоскопия кезінде он екі елі ішекте ойық жара табылды. Қанда қальцийдің құрамы – 3, 2 ммоль/л, фосфор – 0,37 ммоль/л, сілтілі фосфатаза – 15 Бр. Тәуліктік диурез – 3800 мл, зәр реакциясы – сілтілі, зәрдің меншікті тығыздығы – 1,010, кальцийдің мөлшері – 9,35 ммоль/тәу, фосфордың мөлшері – 69,7 ммоль/тәу.   

1. Науқаста қандай эндокринді бездердің қызметтері бұзылған. Осы эндокринопатияға жиі келтіретін себептерді атаңыз.

2. Науқастың шағымдарын және қан мен зәрдегі өзгерістерді қалай түсіндіресіз?

3. Осы ішікі сөлденіс бездердің дерттерін туындататын себептерді атаңыз?

Есеп 4.2‑10

37 жастағы науқас, мойын аумағында туындайтын қысу сезіміне, тез шаршайтынына, көзінде құм тұрғандай сезімге, үнемі жүректің жиі соғуына, жүрек аумағында шанышпалы ауырсынуға, ұйқысыздыққа, етеккірілік оралымның бұзылуына. Осындай шағымдар бір жыл бұрын, ауыр жан-дүниелік күйзелістен кейін пайда болды. Бірнеше туыстарында, солардың ішінде анасында да диффузды уытты зоб бар. Объективті: жүдеу, саусақтары мен қабақтары дірілдейді, экзофтальм, конъюнктива жағынан өзгерістер байқалады. Қалқанша бездің ұлғаюы III дәрежелі, ұйқы артериялардың соғуы көрініп тұр. Жүрек тондары қатты, ұшында систолалық шу естіледі, жүректің қалыпты ырғағы бұзылған, ЖЖЖ-120 мин-1 , АҚ – 130/60 мм с.б.. ЭКГ – жыпылық аритмия, тахисистолиялық түрі. Дене температурасы – 37,40С.

1. Науқаста эндокринді дерттің қайсы түрі дамыды және неге?

Науқаста эндокринопатияның ең ықтимал себептерін атаңыз.

Туыстарда эндокринді аурудың болуы науқаста осы аурудың дамуында маңызы бар ма?

2. Дене температурасы көтерілуінің, экзофтальмның және зобтың патогенезі қандай?

3. «Тиреоуыттық жүрек» түсінігін сипаттаңыз. Осы түсінікті науқаста байқалатын жүрек қызметінің бұзылыстарын сипаттағанда қолдануға болады ма?

$ Есеп 4.2‑11

 

Эндокринологта зобты эндемия ауданында тұратын  2 науқас қаралуда. Олар мойын колемі үлкеюіне, жұтынудың қиындауына, шағымданады. Объективті зерттегенде анықталғаны: қалқанша бездің III дәрежеге дейін үлкеюі. М. Деген науқаста, зобтан басқа, дене температурасы 37,60С дейін көтерілген, ЖЖЖ 126 мин-1, Штельваг* белгісі оң, негізгі алмасу 32 % жоғарылаған. Науқастың қанында радиоиммундық әдіс арқылы Т3 және Т4 құрамы анықталған- сәйкесінше 6,2 нмоль/л және 192 нмоль/л, иммунофлюоресцентті әдіс көмегімен қанда тиреоынталандыратын иммуноглобулиндер табылған. Қалқанша безбен айналымдағы 131I сіңіруін оны енгізгеннен кейін 24 сағат өткен соң радиоизотопты сынама арқылы анықтағанда бұл көрсеткіш 75% құрады (қалыпты жағдайда 20 - 40 %).

    Т. Деген науқаста дене температурасы 36,40С, ЖЖЖ 78 мин-1, Штельваг белгісі теріс, негізгі алмасу қалыпты жағдайда. Т3  құрамы - 1,6 нмоль/л, Т4  - 24,2 нмоль/л, тиреоынталандыратын иммуноглобулиндер анықталмады. Қалқанша безбен айналымдағы 131I сіңіруін оны енгізгеннен кейін 24 сағат өткен соң анықтағанда бұл көрсеткіш 51% тең болды. Дәрігер екі науқасқа да йод препараттарын тағайындады.

 

* Штельваг белгісі – сирек (қалыпты жағдайда минөтіне 6-8 рет) және толық емес көз жұму, қасаң қабықтың төмендеген сезімталдықтың көрінісі ретінде есептелінеді.

 

1. Науқастарда эндокринді дерттің қайсы түрі дамыды?

2. Осы науқастарда қалқанша бездің зобтық өзгеруінің патогенездік тетіктері қандай?

 3. М. Науқаста тиреоынталандыратын иммуноглобулиндердің зоб дамуындағы патогенездік маңызы неде?

4. Екі науқасқа да йод препараттарын тағайындау дұрыс па?

Науқастарда "йод-базедов"синдромының дамуы мүмкін бе және оның мағынасы неде?

$ Есеп 4.2‑12

  Эндокринологқа 52 жастағы  В. науқас  мойынның алдыңғы беткейінің қалыңдауы мен онда қысылу сезімінің туындауына, жалпы әлсіздікке, Объективті: пальпация кезінде қалқанша без ауырмайды, қозғалмалы, тығыздығы орташа, II дәрежеге дейін үлкейген. Науқасқа келесі диагноз қойылды: «Диффузды уытты зоб» және тиреостатикалық препараттармен емдеу тағайындалды. Бірақ, 6 ай өткен соң, қайта қаралу кезінде науқас бұрын болмаған шағымдарды атап кетті: бет пен аяқ-қолдардың ісінуі, дене температурасының төмендеуі, шабандық, ұйқышылдық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі. Дәрігер алғашқы диагнозды өзгертіп, «Хашимото Тиреоидиті» деген жаңа диагнозды қойды.

 

1. Науқаста жаңа белгілердің пайда болуын тиреостаиктерді қабылдаудың асқынуы деп есептеуге болады ма?

2.Диагнозды дәлдеу үшін қандай лабораториялық зерттеулерді өткізу керек?


Дата добавления: 2021-06-02; просмотров: 190; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!