Е) Жедел обструктивті бронхит 38 страница



C) Истерикалық невроз

D) Кардионевроз

E) Логоневроз

{Дұрыс жауап}= В

$$$069

Науқас П, 48 жаста. Екінші қайтара түсіп отыр. Ауруханаға түскерден бірнеше күн бұрын тұйық күйге түсіп, оқшаулана бастаған. Біркелкі сұрақтар қоя берді «Ары қарай не болады?». Сонымен бірге әйелінен көз алмады. Госпитализация алдындағы түнінде ұйықтап жатқан әйелін шанышқымен жарақаттамақ болған. Дәрігермен әңгіме кезінде «Көрші үйден арнайы хабарлағыш көмегімен жасыл радиотолқындар сәуле шашады» дегенді айтқан. Әйелдердің, ерлердің балалардың дауыстарын естиді. Дауыстар мазмұнынан, олардың тыңшылар тобы екенін түсінген. Дауыстар адамдарды өлтіру, үйлерді өртеу қажеттігін айтады. Өзінің әйелінің де осы ұйымға кіргенін естіген. Дауыстар бұйрығы бойынша әйелі оның тамағына, сүтіне у қосып берді деп есептейді. Әйеліне шабуыл жасауын «қылмыскерлер бандасын» құрту деген тілегім деп түсіндіреді. Болжамды диагноз? 

A) Шизофренияның кататоникалық түрі

B) Шизофренияның қарапайым түрі

C) Шизофренияның гебефрениялық түрі

D) Шизофренияның параноидальды түрі

E) Шизофренияның фебрильді түрі

{Дұрыс жауап}= D

$$$070

46 жастағы тексерілуші, бала күнінен мінезі тыныш және байсалды. 8-ші сыныптан соң құрылыс техникумына түскен, ол жерде бірге оқитын курстасының ықпалымен стипендия алғаннан кейін 200-250 мл шарап іше бастаған. Кей кезде осыдан соң құсу байқалған. Ішімдік ішуден рахат сезінбесе де, жолдастары тарапынан мінеушіліктен қорқып бас тарта алмаған. Техникумды аяқтағаннан соң әскерге шақыртылған, ол жерде мүмкіндік болса ішімдік ішіп отырған. Демобилизациядан соң құрылыста жұмыс істеген және айына 3-4 рет 200-300 мл арақ немесе 400-500 мл шарап ішіп отырған. Ішімдіктен соң құсу тоқтаған. 25 жасында үйленген және одан кейін бірнеше ай ішімдіктен бас тартқан. Соңынан бұрынғыдай қайта іше бастаған. Кей күндері кеше кешкісін не болғанын есіне түсіре алмаған кездері болған. Ішімдіктен бойын аулақ салуға тырысқан, әйеліне уәде де берген, бірақ бір стакан ішкеннен соң, тоқтай алмайтын болған. Күніне 500-600 мл арақ немесе 1 л шарапқа дейін ішетін болған. Мас күйінде дөрекі, ашушаң, жанжалдасқыш бола бастаған, осыған байланысты отбасылық қарым-қатынас бұзыла бастаған, жұмысында ескертулер алған. Отбасылық жанжалдардан кейін ішімдіктен тартынып көрген, бірақ онысы 1-1,5 айға ғана жеткен. Ондай кезеңдерде өзінжақсы сезінбеген. Таңертеңнен басы ауырып, жұмысқа ұзақ бейімделе алмаған. Кешке қарай қыдырып сергитін және көпке дейін ұйықтай алмайтын, ерте оянатын. Жетекші синдромды көрсете отырып клиникалық диагнозын негіздеңіз:

A) алкоголизмнің 1-ші сатысы, толеранттылықтың үдеу синдромы

B) алкоголизмнің 1-ші сатысы, тұлғаның моральдық-адамгершілік төмендеу синдромы

C) алкоголизмнің 1-ші сатысы, мөлшер бақылауды жоғалту синдромы

D) алкоголизмнің 1-ші сатысы, қорғаныш құсу рефлексін жоғалту синдромы

E) алкоголизмнің 1-ші сатысы, масаю түрінің өзгеруі синдромы

{Дұрыс жауап}= А

$$$071

54 жастағы ер адам бас ауруы, қайта-қайта құсу және күндіз дене жүктемесі кезінде кенеттен пайда болған сол жақ аяқ-қолдарындағы әлсіздікке байланысты стационарға түскен. Соңғы бес жыл бойына АҚ-ң 160/100 мм сын. бағ. дүркін-дүркін көтерілуі байқалған, әдетте АҚ – 150/90 мм сын. бағ. қарап тексерген уақытта: санасында, АҚ – 170/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы минутына 60, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статус:мойын бұлшық еттерінің ебедейсіздігі, екі жағынан Керниг симптомы, сол жағынан төменгі бөлігінің мимикалық бұлшық еттерінің шала салдануы, шығарған кезде тілінің солға девиациясы, сол жақ қолында күштің 2 баллға дейін төмендеуі, сол жақ аяғында 4 баллға дейін, сіңір рефлекстерінің жандануы және сол жағынан Бабинский симптомы. ЭхоКГ-да орталық құрылымдардың оңнан солға 4 мм-ге ығысуы. КТ – оң жақ маңдай бөлігінде перифокальды ісік және оң бүйірлік қарыншаның алдыңғы ебейінің компрессиясымен 46х45х44 мм гиперденсивті ошақ, субарахноидальды қан құйылу белгілері. Емі және негіздеме:

A) қан кетуді тоқтату мақсатында аминокапронды қышқыл

B) вазоспазмды болдырмау мақсатында аминокапронды қышқыл мен нимодипин

C) ми ісігінің өсу қаупін және дислокациялық синдром ды ескере отырып аминокапронды қышқыл, нимодипин, кідіртпей оперативті араласушылық жүргізу

D) гематоманы алып тастаумен тікелей араласушылық, бірінші тәулікте нимодипин, нейропротекторлар және антиоксиданттар

E) еіснің сақталуы мен сол аяғының жартылай салдануын ескере отырып, опреациялық араласушылықты гематоманың өздігінен пайда болатын лизисіне дейін 5-7 тәулік қоя тұру керек, аминокапронды қышқыл, нимодипин, нейропротекторлар мен антиоксиданттарды енгізуді жалғастыру

{Дұрыс жауап}=D

ОНКОЛОГИЯ

$$$001

Қатерлі ісікпен ауыратындардың диспансерлік бақылау үлгісі:
A) Үлгі № 90-е
B) Үлгі № 25-е
C) Үлгі № 30-е
D) Үлгі № 27-1е
E) Үлгі № 27-2е

{Дұрыс жауабы} = C

$$$002

Қатерлі ісігі кеш анықталған науқастарға, №27-2е үлгісі ісіктің кандай даму сатысында толтытырылады:

A) II-а даму сатысы

B) II-б даму сатысы

C) III-a даму сатысы

D) III-6 даму сатысы

E) IV- даму сатысы, III-б сыртқа орналасқан даму сатысы

{Дұрыс жауабы} = Е

$$$003

Қатерлі ісігі көзге көрінетін, сыртқы ағзаларда орналасқан науқастарға, №27-2е үлгісі ісіктің кандай даму сатысында толтытырылады:
A) Шырышты карцинома
B) I даму сатысы
C) II -а даму сатысы

D) II -б даму сатысы
E) III даму сатысы

{Дұрыс жауабы} = E

$$$004

«Ерте рак» туралы түсінігіңіз
A) Рактың I а даму сатысы
B) Рактың II -а даму сатысы
C) Рактың II -б даму сатысы

D) Рактың III-a сатысы
E) Рак алды аурулары

{Дұрыс жауабы} = A

$$$005

60- жастағы науқаста, өңеш рагіне күдік бар. Анықтау әдістері:

А) Өңешті рентген контрасты әдіспен зерттеу және эзофагоскопия арқылы биопсия жасау

B) Өңештің радиометриясы

C) Кеуде қуысының УДЗ-сі

D) КТгрудной клетки

E) МРТ грудной клетки

{Дұрыс жауабы}  =A

$$$006

65 жастағы науқасқа асқазанның субтотальды резекциясы жасалынған. Лимфотүйіндерінде метастаз жоқ. Жоспарлы гистологиялық зерттеу кезінде, кескен жерінен (линии среза ) ісік жасушалары табылған. Науқасқа қайта операция амалын жасауға қарсы көрсеткіштерінің болуы себебінен:

A) Дистанционды Гамма Терапиясын жасау,

B) Кұрсақ қуысына радиоактивті- коллоидті алтын ерітіндісін салу,

C) Көк тамырға радиоактивті- коллоидті алтын ерітіндісін жіберу,

D) Қосарланған сәулелік терапиясын (ДГТ+ құрсақ қуысына радиоактивті- коллоидті алтын ерітіндісін -198Аи салу арқылы),

E) Полихимиотерапия жасау

{Дұрыс жауабы} =E

$$$007

48 жастағы науқаста операцияға келмейтін асқазан рагы. Іш пердесінде, бауырда, сүйектерінде метастаз ошақтары әрі асцит бар. Халі орташа. Ісікке қарсы ем қолданылмаған. Жасалынатын емнің түрі:

A) Жүйелік полихимиотерапия

B) Иммунотерапия

C) Сәулелік тераписы

D) Симптоматикалық терапия

E) Операция амалы

{Дұрыс жауабы}  = D

$$$008

Науқас 45 жаста.  Үш жыл бұрын асқазан рагына гастрэктомия жасалынған. Қазіргі кезде сүйектерінен көптеген метастаз ошақтары анықталды, соған қарамай жалпы жағдайы қалыпты. Науқасқа жоспарланып отырған емнің түрі:

A) Симптоматикалық терапия 

B) Сәулелік терапия

C) Химиотерапия

D) Иммунотерапия

E) Бисфосфонаттармен емдеу

{Дұрыс жауабы}  =E

$$$009

60 жастағы науқаста соңғы 5 айда тұрақты іштің қатуы профузды сасық иісті іштің өтуімен кезектеседі. Үнемі ішінің ауырлығына және ішітң шұрылдауына шағымданады. Өздігінен антибиотиктермен емделген және тазарту клизмасын жасаған. Бұрын ішек қызметі қалыпты болған. Ал соңғы аптада нәжісінде қан және шырыш аралас қоспа байқалған. Ішіндегі ұстама тәрізді ауру сезімі жел шығуымен басылады. Диагноз қою үшін қандай тексеру әдісін қолданған жөн:

A) Көзделген биопсия мен фиброколоноскопия

B) Нәжісті атипиялық жасушаға зертттеу

C) Копрологиялық зерттеу

D) Лапароскопия

E) УДЗ

{Дұрыс жауабы}  =A

$$010

68  жастағы ер кісі көп уақыттан бері үйреншікті іштің қатуына шағымданады. Соңғы уақытта оның күшейгеніне әрі бұрын көмектесіп келген іш жүргізетін дәрілердің көмектеспеуіне, нәжісінде қан, шырыш аралас қоспа, ішінің ауырлығы және іштің шұрылдауын байқаған. Қарау кезінде, ішінің кепкендігі байқалады. Қандай тексеру әдісін қолданған жөн:

А) Ректороманоскопия арқылы көзделген биопсия

В) Тік ішекті саусақпен тексеру

С) Компьютерлі томография

D) Ирригоскопия және рентгенография

E) УДЗ

{Дұрыс жауабы} =B

$$$011

58 жастағы әйел дене қызуының t-ң 38º С-қа дейін ұзақ уақыт сақталуына, әлсіздікке, ішегінің толуы және құрылдауына, күніне 3 рет іш өтуіне шағымданған.Бір ай бойы ауырған. Ол өз бетінше антибиотиктнермен, емен қайнатпаларынан жасалған клизмамен емделген. Қарап тескергенде: тері жамылғысы бозғылт, іші кебулі. Пальпация кезінде оң мықын аймағының шектеулі ауырсынуы, ішектегі газдың құрылдауы. Қан сараптамасында: гипохромды анемия байқалған. Қай диагноз сайкес келеді:

А) Дизентерия

В) Іш сүзегі

С) Спецификалық емес жаралы колит

D) Тоқ ішектің диффузды полипозы

E) Тоқ ішектің оң бөлігінің рагы.

{Дұрыс жауабы} =E

$$$012

58 жастағы әйел 3 ай бойы іш қатуына шағымданды. Алғашқы уақытта іш өткізетін дәрілер, кейін клизма қолданған. Соңғы 2 аптада клизмада көмектеспеген, жіберілген су таза күйінде шыққан. Cол жақ іш бөлігінде ауру сезім, құрылдау, шаншып ауру. Нәжісінде ешқандай патологиялық жағдай көрінбеген. Жас кезінде жедел дизентериямен ауырған, 10 жыл бұрын «колит» диагнозы қойылған, жүйелі түрде емделмеген. Қарап тексергенде: тамақтануы қанағаттырарлық, тері жамылғысы әдеттегідей, іштің шектеулі түрде кебуі байқалады. Сипап қарағанда кіндік бөлігінде ауру сезімі бар. Бірақ іш пердесінен тітіркену жоқ.

Төмендегілердің қай диагнозы сәйкес келеді?

А) Тоқ ішектің аскаридамен бітелуі

В) Тоқ ішектің сол жақ рагы

С) Созылмалы колиттің күшеюі

Д) Тоқ ішектің іштен сұйыққа қарай жылжуы

Е) Тоқ ішектің туберкулезі

{Дұрыс жауабы} =B

$$$013

62 жастағы ер адам: жалпы әлсіздікке, еңбекке қабілетінің төмендеуіне, бас айналуына, салмағының азаюына, дене қызуына,күніне 2-3 рет сұйық нәжісті іш өтуіне (нәжісі қоспасыз), іштің құрылдауына шағымданған. 4 айдан бері ауырады. Дәрігерге бірінші рет қаралып отыр. Жас кезінде колитпен ауырған, курорттарда емделген. Соңғы 10 жылда ауру күшеймеген. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозғылт, тері серпімділігінің төмендеуі, іш шектеулі кебінген. Сипап қарағанда ауру сезімі бар. Жалпы қан сараптамасында – анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз.

Төмендегілердің қай диагнозы сәйкес келеді?

А) Темір жетіспеушілігі анемиясы

В) Созылмалы колиттің күшеюі

С) Ішектің жұқпалы ауруы

Д) Тоқ ішектің сол жақ рагы

Е) Тоқ ішектің оң жақ рагы

{Дұрыс жауабы} =E

$$$014

60 жастағы ер кісі стационарға қаралды, шағымдары дефекация кезіндегі жиі дәретке шақыру, нәжісінде қанды - шырыш және жалпы әлсіздік. Басты шағымы 4 ай бойы мазалаған. Тік ішекті зерттеуде: аналь алды бөлігіне дейін өзгеріс жоқ, сфинктері тонусты, арақашықтығы 7-8 см аналь-алды терісінде артқы сол жақ қабырғасының жоғары бөлігіндегі майда бүдірлі ісік.

Төмендегілердің қай диагнозы сәйкес келеді?

А) Тоқ ішектің ректосигмоидтық бөлігіндегі рак

В) Тік ішектің жоғары ампулярлық бөгігіндегі рак

С) Тік ішектің орта ампулярлық бөгігіндегі рак

Д) Тік ішектің төменгі ампулярлық бөгігіндегі рак

Е) Аналь каналының рагы

{Дұрыс жауабы}  =C

$$$015

І А клиникалық топты анықтаңыз?

А) Ісік алды аурулары бар науқастар

В) Радикальді емге жататын қатерлі ісігі бар науқастар

С) Қатерлі ісікке күдік бар науқастар

Д) Қатерлі ісіктен емделгендер (сауыққандар)

Е) Асқынған түрдегі ісігі бар науқастар

{Дұрыс жауап} = С

$$$016

Ісік алды аурулары бар науқастардың клиникалық тобын көрсетіңіз?

А) ІІІ

Б) Іб

С) ІV

Д) ІІ

Е) Іа

{Дұрыс жауап} = Б

$$$017

Науқас В. 34 жаста келесідегі шағымдармен түсті эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне, жағымсыз сезімге, тартып ауырсынуға. Тамақ көп ішкеннен кейін ауырсыну сезімі күшееді. Асқазанның рентгенологиялық зерттеуінде антральді бөлігінің тарылғаны және перистальтикалық толқынның төмендегені анықталды. Болжам диагноз?

А) Асқазанның антральді бөлігінің обыры

В) Асқазан түбінің обыры

С) Асқазанның пелорикалық бөлігінің обыры

Д) ГЭРА

Е) Асқазанның антральді бөлігінің жара ауруы

{Дұрыс жауап} = А

$$$018

Науқас В. 68 жаста келесідегі шағымдармен түсті: дефекация кезінде анус аймағындағы ауырсынуына, қан бөлінуіне тұрақты түрде көп емес мөлшерде тік ішектен нәжіс массаларының бөлінуіне. Тік ішекті саусақпен зерттегеннен кейін тік ішек обыры деген диагноз қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін қолдану қажет?

А) ФГДС + биопсия

В) Құрсақ қуысы және құрсақ арты кеңістігі ағзаларының УДЗ-і

С) Ирригоскопия

Д) Фиброколоноскопия

Е) Фиброколоноскопия + биопсия

{Дұрыс жауап} = Е

$$$019

Науқас П. 39 жаста онкологқа келесідей шағымдармен жіберілді: қатты және жартылай сұйық тағамның қиындықпен өтуіне, әлсіздікке, 5 ай бойы ауруына, қатты тағамды жұтқан кезде қақалу және ауырсынуына. Диагностикалық орталықта ФГДС + биопсия жасалды. Гистологияда өңештің ортаңғы 1/3 бөлігінің жоғары диффиренцирленген аденокарцинома. Бұл жағдайда қандай ем тиімді?

А) Операция алды сәулелі терапиямен бірге

В) Тек қана химиотерапия

С) Операция жасауға келмейді

Д) Тек қана симптоматикалық терапия

Е) Сәулелі + химиотерапия

{Дұрыс жауап} = А

$$$020

Науқас Р. 1964 жылғы. Оң жақ шынтақ буыны ұлғаюына, қозғалысының шектелуіне, активті және пассивті қозғалыстарда ауырсынудың болуына шағымданда. Анамнезінен: 2 жыл мерзімінде ауырады. Ревматологтан ем алып жүрді, әсері болған жоқ. 1 ай бұрын шынтақ буынының ұлғаюына, ауырсыну синдромының күшеюіне, оң жақ иық сүйегінің биопсиясы жүргізілді – дисплазия мәліметтері. Динамикада оң жақ сан сүйегінің МРТ-сы жүргізілді. РОД поликликасына жолданды, ЛКК шешімімен биопсия жүргізуге госпитализацияланды. Оң жақ иық сүйегінің КТ – оң жақ иық сүйегінің дистальді бөлігінің остеогенді саркома белгілері, остеопластикалық вариант. Оң жақ шынтақ буынының деформациялаушы остеоартрозы ІІ-ІІІ дәреже. Синовит. Білек сүйегінің проксимальді бөлігінің остеопарозы. Түскен кезде: жалпы жағдай қанағаттанарлық, тері жабындылары қалыпты түсте, ісінулері жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Тыныс везикулярлы, сырылдар жоқ. Гемодинамика тұрақты, пульс 78рет/мин, ырғақты. АҚҚ-120/70мм.с.б. Тілі ылғалды, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен газ шығаруы қалыпты. Диурез бұзылмаған. Тік ішек патологиясыз. Жергілікті: оң жақ шынтақ буынының көлемі ұлғайған, шамалы ісінген, бүккіш контрактура бар. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Тері өзгермеген. Оң жақ иық сүйегіне инсцизионды биопсия жасалынды. Интраоперционды сүйек және сүйек қабы құрылымының өзгермегені анықталды. Ашып қарағанда сүйек ми каналында ұнтақ тәрізді консистенциялы зат бар. Операциядан кейінгі гистология – оң жақ сан сүйегінің хондромасы. Сіздің кейінгі тактикаңыз?


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 98; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!