Е) Жедел обструктивті бронхит 8 страница



A) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

В) Жүрек гликозидтері

С) макролидтер

D) преднизолон 

E) милдронат

{Дұрыс жауап} =D

$$$250

45 жастағы науқас әйелде саусақтарының некрозы бар Рейно синдромы байқалады. Тағам қабылдағанда жұтынуы бұзылған. Сыртұы қарағанда: қолының саусақтарының бүгілуі қиындаған, саусақтарының басы фалангтарының лизисі салдарынан қысқарған. Өкпенің гипертензиясы белгілері бар. Сіздің диагнозыңыз

А) Бюргер тромбангииті

В) жүйелі қызыл жегі

С) ревматоидты артрит

D) түйінді периартериит

Е) жүйелі склеродермия

{Дұрыс жауап} =Е

$$$251

52 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырcынуға, күрт әлсіздікке, лоқсуға, кейде құсуға, субфебрильді дене қызуына, жиі мұрнының қанауына шағым айтады. 1 жыл бұрын сол балтыр сүйегі сынған, ұзақ уақыт емделген,сол кезде қан құйылған. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,40С; терісі және склерасы сарғайған, тамырлық жұлдызшалар, пальмарлы эритемасы бар. Шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Билирубин 39 мкмоль/л, тікелей 11 мкмоль/л, тіке емесі 28мкмоль/л; АЛТ 2,9 мкмоль/л, АСТ 3,6 мкмоль/л. Тимол сынамасы 11 бірлік. ЭТЖ 10 мм/сағ. Лейкоциттер 9,4х109/л. Бауыр биоптатында көпір тәрізді некроз, бөліктердің және порталды жолдардың лимфоидты және макрофагальды инфильтрациясы. Қан сарысуында Hbs Аg. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

A) вирусты гепатит А

B) бауырдың майлы гепатозы

C) люпоидты гепатит

D) созылмалы вирусты гепатит В

E) бауыр циррозы

{Дұрыс жауап} =D

$$$252

 42 жастағы науқас терісінің сарғаюына, күрт әлсіздікке, жүрек айну,ке йде құсуға, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: терісі және склерасы сарғайған, денесінде тамырлық жұлдызшалар, петехиялар бар, гепатомегалия анықталады. ЭТЖ-8 мм/сағ., билирубин 68 мкмоль/л, АСТ 4,8 ммоль/л, АЛТ 5,8 ммоль/л, холестерин 7 ммоль/л, тимол сынамасы 9 бірлік, лактатдегидрогеназа 6,52; 5-нуклеотидаза 0,56, вирусты инфекцияның белсенділігінің маркерлері, Hbe Ag, HBVDNA, ДНК полимераза. Емдеу үшін қандай препаратты таңдайсыз?

A) преднизолон

B) цитостатиктер

C) интерферон

D) глюкоза ерітіндісі

E) эссенциале

{Дұрыс жауап} =С

$$$253

28 жастағы жігіт, соңғы 4 айда қызыл иектен және мұрыннан қан кетуге, сан аймағындағы терілік геморрагияларға шағымданады. Қарағанда: терісі және көрінетін шырышты қабықтары бозарған, сарғыштау; лимфа түйіндері ұлғаймаған, бауыр мен талақ пальпацияланбайды. Қан анализінде: Нв-72 г/л, Эр-2,1х1012/л, L-2,0х109/л, т-1%, с-40%, л-53%, м-6%,Тр-40х109/л, ЭТЖ-48 мм/с. Сіздің диагнозыңыз:

А) гемолитикалық анемия

В) апластическая анемия

С) темір тапшылық анемия

D) В 12- тапшылық анемия

E) тромбоцитопениялық пурпура

{Дұрыс жауап} =В

$$$254

Жедел миокард инфарктымен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау прпепаратын көрсетіңіз:

А) амиодарон

В) лидокаин

С) хинидин

D) верапамил

E) дилтиазем

{Дұрыс жауап}=B

$$$255

Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік кезінде артықшылық беретін диуретикті таңдаңыз:

А) диакарб

В) маннитол

С) фуросемид

D) верошпирон

E) гигротон

{Дұрыс жауап}=B

$$$256

57 жастағы науқас, жыл бойына айына 1-2 рет сол жақ жауырынға беріліп, нитроглицерин қабылдағаннан соң жарты сағат көлемінде басылатын төс сүйек артындағы қысып ауыратын сипаттағы ауыруға шағымданады. Холтерлік мониторлау кезінде, ұстама сәтінде v2-v5 бөліктерінде SТ-ң 8 мм-ге жоғарылауы. Келесі күні SТ изолинияда. Науқаста қандай патология?

А) тұрақты стенокардия ФК 4

В) миокард инфаркты

С) миокардтың ишемиялық дистрофиясы

D) варианттық стенокардия

E) күшейе түскен стенокардия

{Дұрыс жауап}= D

$$$257

Жедел миокард инфарктымен науқаста 4-ші аптада төс сүйек артында қарқынды жиырылатын ауырсынулар, ЭКН-да теріс динамика пайда болып және АСТ, АЛТ, КФК-МВ белсенділігі тағы да көтерілсе, ауру ағымының нашарлауын қалай квалификациялаға болады:

А) ӨАТЭ

В) қайталама миокард инфаркты

С) екінші рет болған миокард инфаркты

D) Дресслер синдромының дамуы

E) варианттық (вариантная) стенокардия

{Дұрыс жауап}= В

$$$258

Синустық түйіннің әлсіздігі синдромымен науқаста синустық брадикардия – минутына 45 байқалады. Кардиостимулятор орнатудан науқас үзілді-кесілді бас тартты. Консервативті ем үшін аталған дәрілердің қайсысын қолдануға болады?

А) анаприлин

В) кордарон

С) атропин

D) дигоксин

E) новокаинамид

{Дұрыс жауап}= C

$$$259

Науқаста аяқ астынан тамыр соғу ұстамасы (минутына 160) пайда болды, дәрігер оны каротидті синусты уқалаумен басты. Тамыр соғу ұстамасына себепші болған тәрізді:

А) синусты тахикардиямен

В) пароксизмальды жыпылық аритмиясымен

С) пароксизмальды жүрекшелер жыбырымен

D) пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардиямен

E) пароксизмальды қарыншалық тахикардиямен

{Дұрыс жауап}= D

$$$260

18 жастағы науқасты военкомат тексеру үшін бағыттаған. Қалыпты дамыған. Жүрек негізінің үстінде, эпицентрі төс сүйектің оң жақ шегінің 2-ші қабырғааралығында, дөрекі систолалық шуыл анықталады, ұйқы артерияларына өтеді. Қолқа үстінде екінші тон әлсіреген. Тамыр соғысы минутына – 64, ырғақты. Иық артерияларының АҚ – 95/75 мм сын. бағ., сан артериясында Қ – 110/90 мм сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз? 

А) қолқа сағасының стенозы

В) үйлескен жүрек ақауы

С) қолқа коарктациясы

D) қарыншааралық қалқаның ақауы

E) ашық артериалды тармақ

{Дұрыс жауап}= A

$$$261

40 жастағы науқас, шағымдары – прекардиальды аймақта толқулармен көмескі байланысты сыздайтын ауырсынуларға, көкірек қуысының сол жақ жартысындағы «жарылу» сезімдеріне. Қарап тексеру кезінде патология анықталмаған, ЭКГ ерекшеліксіз. Пациентті тексеруді қандай зерттеуден бастау қажет?

А) қанның қант және холестеринге зерттеуінен

В) қанның липопротеидтерге зертетуінен

С) эхокардиографиядан

D) велоэргометриядан

E) фонокардиографиядан

{Дұрыс жауап}= D

$$$262

52 жастағы науқас әйел жүрек аймағындағы қысқа мерзімді ауырсынуларға шағымданады. ЖРА-н кейін 2 апта бойы науқас. ЭКГ-да – SТ сегментінің 1,5 мм-ге төмендеуі және теріс Т тісшесі. ЭТЖ – 45 мм/с. Болжамды диагноз:

А) климактерийлік кардиомиопатия

В) ЖИА

С) НЦД

D) миокардит

E) перикардит

{Дұрыс жауап}= D

$$$263

28 жастағы науқас, отбасылық дәрігердің қабылдауына келді, шамалы дене жүктемелері кезіндегі ентігу, тез шаршағыштық, жүректің лүпілдеп соғуына шағымданады. Балалық шағында баспамен жиі ауырған. Аускультация кезінде: жүрек ұшы түрткісі күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, қатты І-ші тон, өкпе діңінің үстінде ІІ-ші тонның екіге бөлінуі, митральды қақпақшаның шертіліп ашылуы ІІІ-тон (бөдене ырғағы). Сіздің диагнозыңыз?

А) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үш жарғақты қақпақша жеткіліксіздігі

В) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша жеткіліксіздігі

С) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының стенозы

D) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

Е) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша стенозы

{Дұрыс жауабы}= E

$$$264

Науқас М., 63 жаста, 3 жыл бұрын өткізген жұқпалы миокардиттен кейін пайда болған қатты басы айналып есінен танатын аяқ асты ұстамаларына шағымданады. Соңғы уақыттарды ұстаманың айына 2-3 ретке дейін жиілегенін байқаған. АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 57 соғу. ЭКГ-да PQ интервалының ұзаруы, Самойлов-Венкебахтың жүйелі кезеңдері. Аталған науқасқа қандай ем ең қолайлы?    

А) Кальций антагонистерін ұдайы қабылдау

В) Бета-адреноблокаторларды ұдайы қабылдау

С) М-холиноблокаторларды ұдайы қабылдау

D) Ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату

Е) Аортокоронарлы шунттау жүргізу

{Дұрыс жауап}= D

$$$265

Жағдайының нашарлауына байланысты отбасылық дәрігерге 68 жастағы науқас М. Келді. ЖИА, Инфаркттан кейінгі кардиосклероз, Артериальды гипертензия ІІ, IV қауіп факторы, НКІІБ диагноздарымен бақылауда. Әлсіздікке, бас ауыруына, жүрек айнуына, ішіндегі дүркін-дүркін ауыруларға, көзіне қос көрінуіне шағымдары бар. Дәрілерін тұрақты қабылдайды. АҚ-150/90 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 50 соғу. ЭКГ: PQ интервалы 0,24 с, QRS жиынтығы деформацияланған, барлық бөліктерде дерлік ST интервалының изоэлектрлік сызықтан төмен «астау тәрізді» жылжуы, бигеминия типі бойынша қарыншалық экстрасистолия. Науқас жағдайы төмендеуінің ең ықтимал себебін көрсетіңіз:

А) Гипертониялық криз

В) Жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы

С) Гликозидті интоксикация

D) Қайталама миокард инфаркты

Е) ми қанайналымының өткінші бұзылысы

{Дұрыс жауап}= C

$$$266

Отбасылық дәрігерге 41 жастағы Науқас М. Жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ ФК. Артериалды гипертензия ІІ, қауіп факторы ІІІ, НК0 диагнозымен бақылауда. Қарап тексеру кезіне шағымдары жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ-да қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапия тағайындауға бола ма?

А) иә, өйткеніқарыншалық тахикардия пароксизмі амуының қаупі бар

В) иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған

С) жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді

D) жоқ, өйткені жасанды ырғақ жүргізушісін орнату қажет

Е) иә, өйткені Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін

{Дұрыс жауабы}= C

$$$267

Семсер тәрізді өсіндінің артына орныққан, көкірек қуысының, қолдың сол жақ жартысына таралатын, жатқан кезде пайда болып, вертикальды жағдайға көшкен кезде жоғалатын немесе әлсізденетін көкіректегі ашитын сипаты бар ауырсынулар кезінде қандай патология туралы ойлауға болады?

А) миокард инфаркты

В) перикардит

С) диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

D) плевропневмония

E) қабырғааралық невралгия

{Дұрыс жауап}= C

$$$268

Л. атты науқас әйел, 29 жаста, дене жүктемесі кезінде ентігу, жүрек аймағында, жауырын аралық аймақта ауырсынулар. Анамнезінде: ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, І-ші тон күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, «бөдене» ырғағы, жыпылық аритмиясы. R-графияда: контрастыланған өңеш кіші радиус доғасы бойынша қисайған. ЭКГ-да: Р – mitrale, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз: 

А) митральды қақпақша жеткіліксіздігі

В) қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

С) митральды қақпақша пролапсы

D) сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы

E) қолқа сағасының стенозы

{Дұрыс жауап}= D

$$$269

Науқас М., 20 жаста, жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуларға, жүрек қағысына, әлсіздікке, дімкәстікке шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарап тексеру кезінде жүрек шекаралары солға ұлғайған, жүректің барлық аймағының үстінен таралусыз систолалық шуыл естіледі, ЖҚЖ – 1 минутта 90 соғу. Температурасы – 37,70С. Зертханалық тексеру кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ ұлғаюы (+) анықталған, С реактивті ақуыз. ЭКГ-да: қайта үйектеліс бұзылысы және қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы. Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз: 

А) перикардит

B) кардиомиопатия 

C) миокардиодистрофия

D) нейроциркуляторлы дистония

E) миокардит

{Дұрыс жауап}= E

$$$270

Науқас Н., 65 жаста, жүрек аймағындағы іркілістерге, жүрек қағысына, шаршағыштыққа, шамалы дене жүктемесі кезіндегі ентігуге, ісінулерге, оң жақ қабырға астындағы ауырлыққа шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын күретамырлары ісінген. Жүрек дүмпуі ұлғайған. Жүрек ұшы дүмпуі көтеріңкіленген. Тондар тұйықталған, минутына 100 соғумен жыпылық аритмиясы. Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде екі жағынан да дыбыссыз ылғалды сырылдар. Бауыры ұлғайған, тығыз, аздаған ауырсынумен, тегіс беткейлі, шегі сүйірленген. ЭКГ-да: тісшелердің төмен вольтажы, ошақтық өзгерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, қайтаүйектеліс бұзылысы. NYHA (Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясы) бойынша ХНК сатысын көрсетіңіз:

А) ФК І

B) ФК ІІ

C) ФК ІІІ

D) ФК IV

E) ФК анықтау мүмкін емес

{Дұрыс жауап}= C

$$$271

70 жастағы науқас әйелді соңғы 3 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақпен шыққан кезде күшейе түсетін, тізе буындарындағы, көбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексеру кезінде – шамалы ісіну, оң тізе буынының гиперемиясы. Тізе буындарының R-граммасындаекі жағынан да бірдей байқалған остеофитоз. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:

A) деформациялаушы остеоартроз

B) псориаздық артрит

C) подагралық артрит

D) ревматикалық артрит

E) ревматоидты артрит

{Дұрыс жауап}= A

$$$272

Учаскелік дәрігерге 35 жастағы әйел жүрек қағысына, ентігуге, әлсіздікке, ашушаңдыққа, тершеңдікке, арықтауға шағымданып келді. Анамнезінен: жарты жыл бойына ауырады, басынан өткізген қатты стресспен байланыстырады. Объективті: күйгелек, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, гипергидроз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ЖҚЖ – 1 минутта 110, АҚ 160/70 мм сын. бағ. Дәреті іш өтуге бейім. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:

A) нейроциркуляторлы дистония 

B) гипертиреоз

C) гипотиреоз

D) феохромацитома

E) біріншілік альдостеронизм

{Дұрыс жауап}= B

$$$273

Науқас К., 50 жаста, 15 жылдан аса созылмалы обструктивті бронхитпен диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы 3 жыл бойына артерия қысымының 170/90 мм сын. бағ. көтерілуі тіркелген. Бұл науқастың артериялдық қысымын коррекциялау үшін препараттардың қандай тобын тағайындауға болмайды:

A) диуретиктер

B) АПФ ингибиторларын

C) нитраттар

D) кальций антагонистері

E) β-адреноблокаторлар

{Дұрыс жауап}=E

$$$274

К. Атты науқас әйел, 56 жаста, 2 типті қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы жыл бойына стенокардия ұстамасын байқаған. Бұл науқаста ЖИА-ны емдеген кезде антиангинальды препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?


Дата добавления: 2021-01-21; просмотров: 90; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!