Бірінші ретті гиперальдостеронизм (альдостерома немесе Конн синдромы). 57 страница



б) аяқтағы АҚҚ қолмен салыстырғанда с.б. 10-20 мм жоғары

в) аяқтағы АҚҚ қолмен салыстырғанда с.б. 10-20 мм төмен

г) қолқа үстінде систолалық шу

д) оң жақ бұғана астында систолалық шу

74. 48 жастағы әйел дене салмағының өскеніне, бас ауыруына, бел аймағының ауыратынына, бетте түк өскеніне шағым айтады. Бет ұшында қызғылт-қоңыр шырай, іші өскен, қолдары мен аяқтары жіңішкерген. АҚҚ с.б. 190/100 мм. Рентгенограммада: омыртқа жотасы мен жамбас сүйектерінің остеопорозы. Қан мен несепте гидрокартизон деңгейі орташа дәрежеде өскен. Қандай ауру туралы ойлау керек:

а) семіздік

б) гломерулонефрит СБЖ

в) бірінші ретті альдостеронизм

г) Иценко – Кушинг синдромы

д) гипертония ауруы

75. Бұл ауруда қандай ем тиімді болады?

а) гидрокортизон

б) гипотензивтік препараттар

в) бүйрек безі қыртысының ісігін алып тастау

г) анорексиялық дәрілер

д) спиронолактон 

76. Төмендегі көрсетілген мәліметтердің біреуінен басқасынан бәрі осы ауруда кездеседі:

а) жыныс функциясының бұзылуы

б) іш қабырғасы мен санда стриялар болуы

в) бет әлпетінің шүңіреюі

г) жыныс мүшелерінің гипоплазиясы

д) шаштың түсуі (қасқабастық)

77. 55 жастағы әйелді жедел медициналық көмек бригадасы клиникаға алып келді. Науқас адамның шағымдары – төс артының ауыруы, нитроглицерин көмектеспейді. Науқастың жалпы күйі орташа ауыртпалықта, терісі қуқыл тартқан. Жүрек тондары әлсіреген, аритмия. Пульс 96/мин., АҚҚ с.б. 110/70 мм. Қарау кезінде ауру кенет есінен танды, қырыл пайда болды, тоникалық құрысулар, тыныс алудың тоқтауы анықталды. Пульс анықталмайды. ЭКГ толқын тәрізді қисық. Сіздің диагнозыңыз:

а) миокард инфарктісі, кардиогендік шок

б) миокард инфарктісі, қарыншалар фибрилляциясы

в) миокард инфарктісі, жүрекшелер жыбыры

г) миокард инфарктісі, жүрек тампонадасы

д) қолқаның шарбылау аневризмасы 

78. Ұсынылатын ем:

а) норадреналин егу

б) адреналин мен хлорлы калийді жүрек ішіне жіберу

в) дефибрилляция

г) эндокардиальды электростимуляция

д) жүректің тура емес массажы

79. Атриовентрикулярлық блокаданың ІІ дәрежесі І типінің (Мобитц бойынша) сипаттамасы (Венкебах – Самойлов кезеңдері болатын):

а) PQ аралығының ұзаруы (0,20 с жоғары)

б) келесі циклдарда PQ аралығының біртіндеп ұзарып, мезгіл-мезгіл Р тісшесі мен QRST комплексінің жойылып кетуі

в) PQ қалыпты күйде мезгіл-мезгіл Р тісшесінің жойылып кетуі

г) келесі циклдарда PQ аралығының біртіндеп ұзарып, мезгіл-мезгіл QRST комплексінің жойылуы және үзіліс кезінде Р тісшесінің сақталуы

80. Эхокардиография көмегімен диагнозын қоюға болатын ауру:

а) жүрек ақаулары және митральдық қақпақ пролапсы

б) дилатациялық және гипертрофиялық кардиомиопатия

в) экссудатты (сулы) перикардит

г) миокардтың ірі ошақты инфарктісі

д) келтірілген аурулардың бәрі

81. Орта деңгейде тұрақты артериялық гипертензиясы бар (с.б. 180/100-175/105 мм) 46 жастағы ер адам аяқтарындағы әлсіздікке, жүрек соғуына және түнде болатын несептің көбейгеніне шағым айтады. ЭКГ-да сол жақ қарынша гипертрофиясы, жыбыр аритмиясының тахисистолиялық түрі, ST аралығының горизонтальды төмендеуі, Т және U тісшелерінің инверсиясы, қандағы калийдың деңгейі 3,2 ммоль/л. Невро-логиялық тексергенде өзгеріс жоқ. Аурудың диагнозы:

а) созылмалы гломерулонефрит

б) Иценко – Кушинг синдромы

в) созылмалы пиелонефрит

г) Конн синдромы

д) гипертония ауруы және атеросклероздық кардиосклероз

82. Бұл ауру үшін электролиттердің қандай өзгерістері болуы мүмкін?

а) гипонатриемия

б) гипокалиемия

в) гиперкалиемия

г) гипермагниемия

д) гиперкальциемия

83. Дене бітімі мен етженділігі қалыпты күйдегі 28 жастағы әйелде өмірінде бірінші рет ЖЖС 130/мин. жететін жыбыр аритмиясы анықталған. Қарағанда: терісі қуқыл тартқан, бет ұшында қызыл шырай бар, тыныс жиілігі 24/мин., І тон күшейген, жүректің басқа аускультациялық өзгерістері жөнінде тахикардияға байланысты пікір айту қиын. Тыныс қатқыл, сырыл жоқ, іш қуысында - өзгеріс жоқ. ЭКГ-да – оң жақ қарынша гипертрофиясы, жыбыр аритмиясы. Соңғы уақытқа дейінгі дәрігерлерге көрінбеген, ауылды жердің тұрғыны. Мүмкін диагноз:

а) миокардит

б) тиреотоксикоз

в) митральдық стеноз

г) атеросклероздық кардиосклероз

д) миокардиодистрофия 

84. Дилатациялық кардиомиопатияның басты синдромы:

а) талма күй

б) қан іркілмелі жүрек әлсіздігі

в) үлкен және кіші қан айналысы шеңберіндегі эмболия

г) ЖИА

д) бәрі дұрыс

85. Шұғыл электроимпульстік терапияның абсолюттік көрсетпесі болатын жүрек ырғағының бұзылуы:

а) қарыншалардың фибрилляциясы мен дірілі

б) қарыншалар экстрасистолиясы

в) қарыншаүстілік тахикардия

г) жүрекшелер жыбыры мен өкпе шемені

д) жүрекшелер дірілі 1:1

86. Tardus et parvus пульсі тән жүрек ақауы:

а) үшжармалы қақпақ кемістігі

б) митральдық қақпақ кемістігі

в) қолқа қақпақтарының кемістігі

г) қолқа сағасының тарылуы

 д) митральдық стеноз

87. 10 жыл бойы гипертония ауруымен ауыратын 62 жастағы ер адамның электрокардиограммасында Гис будасы сол жақ сабағының толық блокадасы анықталған. Қандай патология туралы ой тууы керек?

а) ӨАТЭ

б) инфарктан кейінгі кардиосклероз

в) созылмалы өкпе-текті жүрек

г) жүрекшеаралық перде кемістігі

д) митральдық стеноз

88. 43 жастағы науқас адам ұстамалы түрде басының ауыратынына, оған қоса малшып терлейтініне және осы кезде оны өлім үрейі билейтініне шағым айтады. Ұстама кезінде АҚҚ с.б. 220/105 мм тең. Қанда: лейкоциттер – 10х109/л, глюкоза – 12 ммоль/л, несепте – қант 2%, ұстама кезінде несепте норадреналин көбейген. Сіздің диагнозыңыз:

а) гипертония ауруы, гипертониялық криз

б) гипофиз аденомасы

в) феохромацитома

г) қант диабеті, Киммельстил-Вильсон синдромы

д) жайылмалы кеселді жемсау. Гипертиреоз

89. 48 жастағы ер адам клиникаға миокардтың артқы инфарктісі деген диагнозбен келіп түсті. Бақылаудың үшінші тәулігінде кенеттен ентігу күшейе бастады, оң жақ қабырға астының ауыруы мен керілуі сезім пайда болды, аяқтарда ісік көрініс берді. Жалпы күйі ауыр, терісі қуқыл тартқан, акроцианоз, өкпеде сырыл жоқ. Тыныс жиілігі 24/мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, төс маңы сызық бойында пансистолалық шу естіледі, систолалық діріл анықталады. ЖЖС 96/мин. АҚҚ с.б. 100/60 мм. Бауыр 6 см өскен. Болжам диагноз:

а) жүректің ревматизмдік ақауы

б) митральдық қақпақ пролапсы

в) қарыншааралық перденің жыртылуы

г) өкпе шемені

д) ӨАТЭ

90. 56 жастағы науқасты эпигастрий аймағының ауыратыны мазалайды. Пайда болғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң алқым сығылып, ауа жетпеу, сол қолдың ұюы, жауырын аралығының ауыруы, салқын, жабысқақ тер пайда болды. Анамнезде – асқазанның жара ауруы. Тексерген кезде: іш қуысы кебінген, төсекте орын ауыстырғаннан ауырғандық өзгермейді. Науқастың ойы басқаға ауысқанда іш қабырғасының қатаюы жойылып кетеді де кейін қайта пайда болады. Төмендегі аурулардың қайсысының клиникалық бастамасына (манифестация) сәйкес келеді?

а) жара ауруы, он екі елі ішек жарасының тесілуі

б) іш қолқасы аневризмасының тесілуі

в) жедел ішектің түйілуі

г) өт тасы ауруы, өт коликасы (шаншуы)

д) миокардтың жедел инфарктісі

91. Ревматизмнің екінші ретті маусымдық профилактикасы үшін қолданылатын препарат:

а) ампициллин

б) дигоксин

в) делагил

г) бициллин

д) гентамицин

Мына схеманы қолданып, дұрыс жауабын беріңіз:

А – 1, 2, 3 дұрыс болса

Б – 1, 3 дұрыс болса 

В – 2, 4 дұрыс болса

Г – 4 дұрыс болса  

Д - бәрі дұрыс болса

92. Жедел солқарыншалық жүрек әлсіздігімен асқынған гипертониялық криздің таңдамалы емі:

1. нитроглицерин

2. дроперидол

3. лазикс

4. верапамил

93. Гипертония ауруының ІІІ сатысының асқынулары:

1. милық инсульт

2. миокард инфарктісі

3. солқарыншалық жүрек әлсіздігі

4. бүйрек артерияларының тромбозы

94. Қант диабетімен ауыратын науқастарда кездесетін АГ емдегенде нефропротективті әсер көрсетеді:

1. кальций каналдарының антагонистері

2. диуретиктер

3. b-адреноблокаторлар

4. ААФ ингибиторлары

95. Келтірілген дәрілердің қайсысы кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензияны азайтады:

1. гепарин

   2. эуфиллин

3. преднизолон

4. нитроглицерин

96. Стенокардияға тән:

1. денеге күш түсумен немесе психоэмоциональдық күйзелістерге байланысты төс артының қысып ауыруы

2. ауырғандық түскен күшті тоқтатқаннан кейін немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін тиылады

3. ауырғандықтың ЭКГ-ң қарыншалық комплексінің соңғы бөлігіндегі өзгерістермен байланысты болады

4. БҚҚП жақсы әсер етуі

97. Тұрақсыз стенокардияның даму механизмі:

1. коронарлық артериялардың тромбозы

   2. коронарлық артериялардың спазмы

3. коронарит

4. коронарлық артериялардың ауыр бітелуі

98. Миокард ишемиясының диагнозын қою үшін жүргізу керек тексерулер:

1. ЭКГ-ны холтерлік мониторлау

2. велоэргометрия немесе тредмил-тест

3. коронароангиография

4. кеуде қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы

99. Үшжармалы қақпақтың инфекциялық эндокардиті ең жиі дамиды:

1. созылмалы гемодиализдегі науқастарда

2. ауыз қуысына жасалған операциядан кейін

3. эндоскопиялық зерттеулерден кейін

4. вена ішіне жіберетін наркотиктерді қолданатын нашахорларда

100. Инфекциялық эндокардитті емдеудегі ең дұрыс принциптер:

1. антибиотиктерді мүмкіндігі алғанша ерте және үлкен дозада қолдану

2. преднизолон ішкі органдар ауыр иммунологиялық зақымданғанда тағайындалады

3. жүрек әлсіздігі бар жағдайда жүрек қақпағын протездеуді аурудың активтілік белгілерін жойғаннан кейін іске асыру керек

4. антибиотиктерді 4-5 күн сайын алмастырып тұру керек

101. ДКМП емдеуге қолданылады:

1. антиаритмиялық дәрілер

2. вазодилататорлар

3. диуретиктер

4. b-адренорецепторлар стимуляторлары

102. Қолқа коарктациясына тән белгілер:

1. сан артерияларында пульсацияның болмауы

2. қолдағы қысым жоғары, аяқтардағы қысым төмен

3. қабырғалардың төменгі шеттерінің узурациясы (кертіктенуі) 

4. жүректің оң жақ бөліктерінің ұлғаюы

103. Митральдық кемістікке тән белгілер:

1. жүрек ұшы тұсындағы систолалық шу

2. жүрек ұшы тұсында І тонның әлсіреуі

3. өкпе артериясы үстіндегі ІІ тон акценті

4. төстің оң жағындағы ІІ қабырға аралығындағы систолалық діріл

104. Қолқа қақпақтарының кемістігіне тән белгілер:

1. диастолалық шу

2. жоғары деңгейдегі систолалық қан қысымы

3. төменгі деңгейдегі диастолалық қан қысымы

4. жыбыр аритмиясы

105. Жүрек тоқтағанда қолданылатын дәрілер:

1. адреналин

2. жүрек гликозидтері

3. атропин

4. кальций антагонистері

106. Ревматизм ауруының өршуінің (қайталауының) лабораториялық белгілері:

1. СРБ болуы

2. ЭТЖ өсуі

3. АСЛ-О жоғарғы титрі

4. лейкоцитоз

107. АҚҚ қалыпты деңгейінің тұсында өкпе шеменімен асқынған жедел миокард инфарктісін емдеу схемасы:

1. оксигенотерапия

2. нитраттарды венаға егу

3. нейролептоанальгезия

4. вазопрессорларды венаға егу

108. Инфекциялық эндокардитке тән белгілер:

1. қолқа қақпақтарының кемістігі

2. қан себіндісінің оң мәнді болуы

3. микрогематурия

4. эхокардиография кезінде вегетация табу

109. Кенеттен болатын өлім себептері:

1. суправентрикулярлық пароксизмальдық тахикардия

2. қарыншалар фибрилляциясы

3. қарыншалар экстрасистолиясы

4. асистолия

110. Лезде әсер ететін нитраттар:

1. нитроглицерин

2. перманганит

3. изокет-спрей

4. эринит

111. Экссудатты перикардит белгілері:

1. жүректің абсолюттік тұйық шегінің өсуі

2. жүрек тондарының тұйықталуы (әлсіреуі)

3. ЭКГ тісшелерінің амплитудасының төмендеуі

4. гемоторакс

112. Иценко – Кушинг ауруының диагнозын дәлдеу үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?

1. жүректі УДЗ

2. түрік ерінің рентгенографиясы

3. несеппен бөлінетін 17-ОКС және 11-ОКС тәуліктік экскрециясы

4. адреналин мен норадреналиннің тәуліктік экскрециясы

113. Жүрек дефибрилляциясының көрсетпелері:

1. сананың болмауы

2. ЭКГ-да қарыншалар фибрилляциясы

3. ұйқы артериясында пульстің болмауы

4. жүректің жабық массажынан 1 мин. ішінде нәтиже болмауы

114. Жүректің кенеттен тоқтау белгілері:

1. сананың жойылуы

2. ұйқы артериясында пульстің болмауы

3. көз қарашығының кеңеюі

4. ентігу

115. Өкпе шеменінің клиникалық көрінісіне тән:

1. құрғақ жөтел

2. жиі бұрқыл тыныс

3. сирек терең тыныс

4. алқызыл түсті көпіршікті сұйықтықтың бөлінуі

116. Артериялық гипертензияның гемодинамикалық типтері:

1. қолқа қақпақтарының кемістігі

2. Лериш синдромы

3. толық атриовентрикулярлық блокада

4. облитерациялаушы эндартериит

117. Вазоренальдық гипертензияның себептері:

1. бүйрек артерияларының тарылуы

2. бүйрек артериясының фибромускулярлық дисплазиясы

3. бүйрек артериясының атеросклерозы

4. бүйрек өзекшелері артериолдарының васкулиті

118. Артериялық гипертензия дамуының ең маңызды қауіпті факторлары:

1. тұқым қуалайтын бейімділік

2. дене массасының артық болуы

3. қолданатын ас тұзының деңгейі

4. алкогольдік ішімдіктер қолдану

119. Артериялық гипертензияға тән көз түбінің өзгерістері:

1. көз торы тамырларының тарылуы

2. веналардың кеңуі

3. тамырлардың ирелеңдігі

4. көз торына қан құйылу

120. ЭКГ-ң қандай өзгерістері стенокардияға тән:

1. патологиялық Q тісшесі

2. ST сегментінің көтерілуі

3. Гис будасы сабақтарының блокадасы

4. ST сегментінің депрессиясы

121. b-Адреноблокаторлардың әсер ету механизмі:

1. ЖЖС азаюы

2. АҚҚ төмендеуі

3. катехоламиндер әсерінің төмендеуі


Дата добавления: 2019-07-17; просмотров: 259; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!