Жедел тыныс жетіспеушілігін емдеу   12 страница



   Ауруханадан тыс пневмонияны стационарда емдеу. Бұл науқастарды стационарға жатқызу көрсетпелері (шарттары): амбулаториялық жағдайда жасалған емнің тиімсіздігі, ауыр тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек және тамыр әлсіздігі, қосымша аурулардың (нашақорлық, маскүнемдік, өкпенің созылмалы обструкциялы аурулары ) болуы, пациенттің немесе оның отбасы мүшелерінің тілегі.

Жеңіл және орташа ауыртпалықты пневмониямен ауыратын адамдарға пенициллин, амоксиклав, ампициллин, бензилпенициллин және цефалоспориндердің І және ІІІ буыны (цефотоксим, цефтриаксон, цефуроксим) белгіленеді. Емді 3-4 күнге береді.

Альтернативті препараттар: парентеральды қолданылатын фторхинолондар (левофлок-сацин, моксифлоксацин). Ем 3-4 күнге тағайындалады.

3-4 күн емдеп, клиникалық тиімділікке (дене қызуының қалыпты күйге оралуы, улану және басқа белгілердің азаюы) қол жеткізгеннен кейін антибиотиктерді парентеральды қолданудан ішке қабылдауға көшуге мүмкіндік туады. Емнің жалпы ұзақтығы 7-10 күн.

Ішке қабылданатын дәрілерді барлық ем курсіне қолдануға да болады.

Ауруханадан тыс ауыр ағымды пневмонияны стационарлық жағдайда емдеуде таңдамалы препарат ретінде макролидтерді (кларитромицин, спирамицин, эритромицин) пенициллиндермен (амоксиклав) қосып беру және цефалоспориндердің ІІІ – ІV буынының (цефепим, цефотаксим, цефтриаксон) препаратын жеке беру қолданылады. Емнің ұзақтығы – 10 күн.

Альтернативті дәрілерге парентеральдық фторхинолондар (левофлоксацин, офлоксацин, моксифлоксацин) мен цефалоспориндердің ІІІ буынының (цефотаксим, цефтриаксон) препараттарын қосып беру жатады. Емнің ұзақтығы – 10 күн.

Нозокомиальды (ауруханаішілік, госпитальдық) пневмонияны емдеу. Антибак-териялық емнің екі схемасы бар: 1) аурудың дамуында қатерлі факторлар жоқ және жалпы ем бөлімшесінде жатқан науқастарды немесе 5 тәулік бойы ӨЖЖ-де жатқан науқасты емдеу. Таңдамалы препарат ретінде беталактамдар (амоксиклав, сультамициллин) немесе цефалоспориндердің ІІ және ІІІ буынының парентеральды препараттары (цефотаксим, цефтриаксон, цефуроксим) қолданылады.

Альтернативті препараттарға парентеральды фторхинолондар (левофлоксацин, мокси-флоксацин) немесе цефалоспориндердің ІV буыны (цефепим) мен аминогликозидтердің (амикацин, гентамицин) қоспасы жатады.

Цефепим етке 1-2 г 2 р/тәул.

Амикацин венаға 15-20 мл/кг 1р/тәул.

Гентамицин венаға 3-5 мл/кг 1р/тәул.

2) аурудың дамуында қатерлі фактор болған және жалпы бөлімшеде жатқан немесе ӨЖЖ-де 5 тәуліктен көп жатқан ауру адамдарды емдеу. Таңдамалы препараттарға карбапенемдер, цефалоспориндердің ІІІ – ІV буындары немесе карбапенемдер (импилнем) мен аминоглико-зидтердің немесе гликопептидтердің (ванкомицин) қоспасы жатады.

Цефтазидим венаға 1-2 г 2-3 р/тәул.

Цефепим венаға 1-2 г 2 р/тәул.

Көрсетілген қоспаның орнына карбапенемдер (меропенем) мен аминогликозидтер (амикацин) немесе ванкомицин қоспасын алуға болады. Ванкомицинді қоспауға да болады.

Альтернативті дәрілер: монобактамдар (азтреонам) және парентеральді фторхинолондар (левофлоксацин, моксифлоксацин). Бұл препараттардың орнында амикацин мен пиперацил-лин (тазобактам немесе тикарциллин), клавуланат қоспасын қолдануға болады.

Екі схеманың екеуінде де емнің мерзімі жеке шешіледі.

Аспирациялық пневмонияны емдеу

Қолданылатын таңдамалы дәрілер: амоксиклав, бензпенициллин, сультамицин.

Клиникалық тиімділікке қол жеткізгеннен кейін амоксициллин тағайындалады: 0,5-1,0 г ішке/тәул. Таңдамалы препарат түрінде бензпенициллинді (венаға 2 000 000 ӘБ 4-6 р/тәул.) метронидазолмен қосып (венаға 0,5г 3р/тәул.) егеді.

Клиникалық нәтиже болғаннан кейін амоксициллинді метронидазолмен қосып, ішке қабылдауға болады.

Альтернативті дәрілер: имипенем немесе метропенем.

Линкозамидтер (линкомицин, клиндамицин) мен аминогликозидтердің (амикацин, гента-мицин) қоспасын немесе фторхинолондар мен метронидазолдың қоспасын немесе цефало-спориндер (цефепим) мен метронидазол қоспасын қолдануға болады.

Аспирациялық пневмонияның антибактериялдық емінің ұзақтығы жеке түрде анық-талады.

Иммунитет жетіспеушілігінен туындайтын пневмонияның антибактериялдық емін жасағанда олардың қоздырғыштары цитомегаловирустар, пневмоцисталар, патогендік саңырауқұлақтар мен басқа микроорганизмдердің бірігіп әсер етуі болатынын ескеру керек. Бұл науқастарды арнайы стационарларда емдейді. Эмпериялық түрде берілетін дәрілер: гликопептидтер, карбопенемдер, цефалоспориндердің ІІІ-ІV буыны аминогликозидтер, саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын дәрілер.

Пневмоцисталық пневмонияда:

Триметоприм сульфаметаксазол венаға 20 мг/кг (триметоприм қарап есептейді) 2-3 рет жіберу 21 тәулік бойына.

Пневмонияны емдегенде қолданылатын антибактериялық ем тиімсіз болса, оны 2 тәулік-тен кешіктірмей түзеу керек.

Пневмонияның асқынуы болмаса, дене қызуы қалыпты күйге оралғаннан кейін 3-4 күн өткен соң антибактериялық емді тоқтатады. Бұл ережеге легионеллездік, микоплазмалық және хламидиялық пневмонияны емдеу жатпайды. Оларды емдегенде инфильтрат баяу тараса, ем 3 аптаға созылуы мүмкін.

Пневмонияны емдеуде қолданылатын антибактериялық препараттар 5-кестеде келтірілген.

5-кесте

Пневмонияны емдегенде қолданылатын антибиотиктер

 және басқа антибактериялық дәрілер

Антибиотик

Дозасы

Беру кезеңдігі Қолдану әдісі

Пенициллиндер

Бензилпенициллин

2 000 000 ӘБ 4-6 сағ. сайын етке, венаға

Ампициллин

1-2 г 6-8 сағ. сайын етке, венаға

Тикарциллин/клавуланат

3,2 г 8 сағ. сайын венаға

Амоксициллин/клавуланат

0,625 немесе 1,0 8 және 12 сағ. сайын ішке

(амоксиклав, аугементин)

1,2 8 сағ. сайын венаға

Амоксициллин

0,5-1,0 8 сағ. сайын ішке

Пиперациллин (тазобактам)

4,5 8 сағ. сайын венаға

Цефалоспориндер

Цефуроксим (зинацеф, кетоцеф)

0,5 0,75 12 сағ. сайын 8 сағ. сайын ішке етке, венаға

Цефтриаксон (лонгацеф, роцефин)

1-2 г 24 сағ. сайын етке, венаға

Цефотаксим (клафорам)

1-2 г 8-12 сағ. сайын етке, венаға

Цефепим

1-2 г 12 сағ. сайын венаға

Цефтазидим

1-2 г 8-12 сағ. сайын венаға

Аминогликозидтер

Гентамицин

3-5 мг/кг 24 сағ. сайын венаға

Амикацин

15-20 мг/кг 24 сағ. сайын венаға 

Макролидтер

Азитромицин (сумамед)

0,5 г бірінші күні 0,25 г кейінгі күні 24 сағ. сайын ішке

Кларитромицин

0,5 г 12 сағ. сайын ішке, венаға

Рокситромицин

0,15 г 12 сағ. сайын ішке

Спирамицин (ровамицин)

3 000 000 ХБ 12 сағ. сайын ішке

Эритромицин

0,5-1,0 г 6 сағ. сайын ішке

Фторхинолондар

Левофлоксацин

0,5 г 24 сағ. сайын ішке

Моксифлоксацин

0,4 г 24 сағ. сайын ішке, венаға

Офлоксацин

0,4 г  12 сағ. сайын венаға

Тетрациклиндер

Доксициклин (вибрамицин)

0,1 г 12 сағ. сайын ішке

Карбопенемдер

Имипенем

0,5 г 6-8 сағ. сайын венаға

Меропенем

0,5 г 6-8 сағ. сайын венаға

Линкозамидтер

Линкомицин

0,3-0,6 г 12 сағ. сайын венаға

Клиндамицин

0,3-0,9 г 8 сағ. сайын венаға

Гликопептидтер

Ванкомицин

1,0 г 12 сағ. сайын венаға

Нитроимидазолдар

Метронидазол

0,5 г 8 сағ. сайын венаға

Диаминопиримидтер мен сульфанидтер қоспасы

Триметоприм (сульфаметаксозол)

20 мг/кг 24 сағ. сайын венаға
         

 

Қоздырғыш анықталғаннан кейін пневмонияны емдеуде қолданылатын антибактериялық дәрілер (мақсатты ем) 6-кестеде келтірілген.

6-кесте

Пневмонияны мақсатты емдеуде қолданылатын антибактериялық ем

Ауру қоздырғышы Антибиотиктер
Пневмококк -пенициллиндер, оның ішінде амоксиклав -цефалоспориндер ІІІ буын, линкомицин
Пенициллинге төзімді пневмококк -ванкомицин -цефалоспориндер, IV буын -макролидтер
Окациллинге сезімтал алтынсары стафилококк -амоксиклав -клиндамицин -линкомицин -оксациллин цефалоспориндер І-ІІ буын
Оксациллинге төзімді алтынсары стафилококк -ванкомицин -линезомид -рифампицин -цефалоспориндер, І-ІІ буын
Клебсиела -макролидтер -цефалоспориндер ІІІ-IV буын
Легионелла -рифампицин + эритромицин (кларитромицин) -рифампицин + фторхинолон венаға
Гемофильді таяқша -ампициллин -цефалоспориндер, ІІ-ІІІ буын -фторхинолон (спарфей) -макролидтер 
Микоплазма -эритромицин -доксициклин
Хламидия -доксициклин -эритромицин -фторхинолондар
Ішек таяқшасы -ампициллин -цефалоспориндер, ІІІ буын -аминогликозидтер -левомицетин
Энтеробактер, протей -карбапенемдер -фторхинолондар -цефалоспориндер IV буын
Көкшіл-ірің таяқшасы -аминогликозидтер + көкшіл-ірің таяқшасына қарсы беталактамдар (пикарциллин, пиперациллин, цефало-спориндер, карбопенемдер)
Стрептококтер -пенициллин -пенициллин + аминогликозид -цефалоспориндер ІІІ буын -макролидтер -карбопенемдер -ванкомицин
Анаэробтар -лактамдар (лактамаз ингибиторлары) -клиндамицин

 

Патогенетикалық ем. Антибактериялық ем ауру қоздырғышының эрадикациясын тудырғанымен қабыну процесіне әсер етпейді. Сондықтан да патогенетикалық емнің бір буыны бейспецификалық қабынуға қарсы ем жасау болып табылады. Бұл мақсатта қабынуға қарсы бейстероидтық препараттар (ҚҚБП) (индометацин, вольтарен) мен глюкокортикоид-тар (аллергия мен астма болса) беріледі.

Бронх өткізгіштігін қалпына келтіру үшін қақырық жүргізетін дәрілер (калий йодиді, термопсис туындысы т.б), муколитиктер (мукалтин, ацетилцистеин, бромгексин, ыссы сұйықтық ішу), бронх лаважы, бронхолитиктер (беротек, сальбутамол) қолданылады.

Иммунологиялық реактивтілікті көтеру үшін берілетін ем: - гипериммундық антистафилококтік плазма, гамма-глобулин, иммунитетті сергітетін дәрілер (левамизол, зимозан, диуцифон, Т-активин, тималин);

- жалпы әлдендіруші дәрілер: адаптогендер (жень-шень тұндырмасы, лимонник, элеутерококк (сығындысы);

- витаминдер;

- биогендік сергіткіштер (алоэ).

Қан айналысы мен тынысты қалпына келтіру үшін вазопрессорлар (сульфокамфокаин, кордиамин, кофеин), жүрек гликозидтері, оттегімен емдеу, емдік тыныс гимнастикасы қолданылады.

Қабыну инфильтраты тарау үшін физиотерапия (диатермия, индуктотермия, ультра жоғары жиіліктегі ток), кеуденің массажы, ЕДТ қолданылады.

Дезинтоксикациялық ем ретінде сұйықтықты көп ішу және гемодезді, реополиглюкинді, физиологиялық ерітіндіні құю қолданылады.

Симптоматикалық ем .

Қақырықсыз, науқас адамды шаршататын күшті жөтелде жөтелге қарсы дәрілер (кодеин, либексин, тусупрекс, глауцин гидрохлориді т.б) тағайындалады.

Жоғары дене қызуын көтере алмайтын жағдайда – қызу басатын дәрілер беріледі.

Кеуденің ауырғанында анальгетиктер қолданылады.

Жедел пневмонияның асқынуларын емдеу.

Инфекциялық-токсикалық шокты емдеу:

1. Бір рет және тәулік ішінде берілетін антибактериялық дәрілердің дозаларын кем дегенде 2 есе азайту керек (көп микроорганизмдер өліп, қанға көп эндотоксин бөлінбес үшін).

2. Тамыр қабырғасының өткізгіштігін қалпына келтіру үшін глюкокортикоидтар (преднизолонның 60-90 мг 3-4 сағат сайын) мен допаминді қосып беру.

3. Айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру үшін жоғары молекулалы плазма алмастырғыштар (полиглюкин) немесе альбуминнің ерітіндісін егу.

4. Гепарин аз дозада (10000-15000 ӘБ күнге 2 рет).

5. Оксигенотерапия.

6. Вазопрессорлар: мезатон, кордиамин, сульфакамфокаин.

7. Жүрек гликозидтері.

Жедел тамыр әлсіздігін емдеу

1. Симпатомиметиктер (допамин)

2. Преднизалон (60-90 мг венаға 3-4 сағат сайын)

3. Камфора препараттары.

Жедел тыныс жетіспеушілігін емдеу  

1. Басқарылмалы оттегімен емдеу. Пермиаторлар (атмосфералық ауаны: оттегімен байытатын аппараттар).

2. Вектерион 200 мг (1таб) күнге 2 рет.

Жедел өкпе-текті жүректі емдеу

1. Қан ұю уақытын бақылай отырып, гепарин тағайындау.

2. Дезагреганттар: курантил 0,5%-2 мл венаға, етке немесе компламин 1%-2 мл етке егу.

3. Реополиглюкин 400 мл венаға, тамшылатып егу.

Жедел психозды емдеу

 Реланиум 0,5%-2-4 мл, галоперидол 0,5%-1-2 мл, тизерцин 2,5%-1-2 мл.

Реабилитация. Реабилитацияның 3 түрін ажыратады:

         а) медициналық;

         б) кәсіби;

         в) әлеуметтік;

Медициналық реабилитация 3 сатыдан тұрады:

1. Клиникалық саты, оған ауру адам ем алатын стационар немесе поликлиника жатады.

Бұл сатының табысты аяқталуының критерийлері:

а) пневмонияның клиникалық симптомдарының болмауы;

б) инфильтрацияның жойылғанының рентгенологиялық белгілері;

в) бронх өткізгіштігі көрсеткіштері мен қанның газдық құрамының қалыпты күйге оралуы;

г) гемограмма көрсеткіштерінің қалыпты күйге оралуы;

2. 2-ші сатысы – санаторийлық-курорттық ем, емдік дене қызметі мен массаж, физиотерапия, диетотерапия, витаминдермен және ферменттермен емдеу қолданылады, өте сирек жағдайда дәрі қолданылады.

3. Поликлиникалық саты немесе диспансерлік бақылау сатысы.

Диспансерлеу. Реконвелесценттер жедел пневмониядан кейін 6 ай бойы бақылауда болады, бұл кезде оларды 2 рет қарап, тексерулер (қанның жалпы клиникалық анализі, флюорография, спирография, қақырық анализі 1және 6 айдан кейін) жасалады.


Дата добавления: 2019-07-17; просмотров: 191; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!