ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ ХХХ 3 страница



       Қынаптық тексеру: жатыр ернеуі толық ашылған, қағанақ қуығы бүтін, жыртылып ашық түсті қағанақ сулары кетті. Басымен жатыр, кіші сегментімен жамбас қуысында, жебе тәрізді жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Диагноз:

A) Босанудың II кезеңі. Шапшаң босану.

B) Босанудың I кезеңі. Шапшаң босану.

C) Босанудың II кезеңі. Қарқынды босану.

D) Босанудың II кезеңі.Дискоординацияланған босану әрекеті.

E) мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздігі

{Дұрыс жауап}=A

$$$005

30 жастағы қайта босанушы әйел, жүктіліктің 38-39 аптасында ретті толғақ басталғанан 5 сағаттан кейін және де қағанақ суы кеткеннен 2 сағаттан кейін түсті. Нәрестенің жамбаспен жатуы диагностикаланды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті минутына 136 рет. Нәрестенің болжамды салмағы 3000,0±200,0. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны тегістелген, шеттері жұқа, жатыр мойны ернеуінің ашылуы 8 см, қағанақ қуығы жоқ. Жамбаспен жатыр. Экзостоздар жоқ. Мүйіске қол жетпейді. Диагноз: Нәрестенің жамбаспен жатуы. ... . 

A) Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі

B) Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі  

C) Қарқынды босану әрекеті

D) Босанудың ІІ кезеңі. Күшенудің әлсіздігі.

E) Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі

{Дұрыс жауап}=E

$$$006

Қайта босанушы, 32 жаста, жүктіліктің 38-39 аптасы ретті босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан, қағанақ суы кеткеннен 2 сағаттан кейін түсті. Толғақтар әр 3-4 минут сайын, 30-35 секундтан. Нәрестенің жамбаспен жатуы диагностирленген. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ритмді минутына 136 рет Нәрестенің болжам салмағы 3000,0±200,0. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны тегістелген, шеттері жұқарған, жатыр мойнының ашылуы 8 см, қағанақ қуығы жоқ. Келе жатқан бөлігі құйрықтары. Экзостоздары жоқ. Мүйіске қол жетпейді. Жүргізу тактикасы:

A) акушерлік ұйқы-демалу

B) кесар тілігі

C) акушерлік қысқаштар

D) Цовьянов бойынша босануды жүргізу

E) эпидуральды анестезия

{Дұрыс жауап}=D

$$$007

Алғашбосанушы 28 жастағы жүктілік мерзімі жеткен әйел перзентханаға түсті. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 110/70 мм с.б.б. Жатыры қозбаған. Нәрестенің 3 ірі бөлімі пальпацияланады. Жамбас өлшемдері 25-28-31-20 см. УДЗ қорытындысы: Жүктілік 39-40 апта. Егіздер. Екі нәрестенің де жамбаспен жатуы. Диагноз: Жүктілік 38-39 апта. Егіздер. ... .

A) Көлденең тарылған жамбас

B) Екі нәрестенің де жамбаспен жатуы.

C) Жалпы бір қалыпты тарылған жамбас I дәрежесі.

D) Созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілік.

E) Босану алдын белгілері.

{Дұрыс жауап}=B

$$$008

24 жастағы алғаш босанушы әйел мерзімі жеткен жүктілікпен, ретті босану әрекеті басталғаннан 5 сағаттан кейін перзентханаға түсті. Жамбас өлшемдері 26-29-30-17,5 см, Михаэлис ромбысы – 9 х l 0 см, Соловьев индексі – 15 см, ішінің айналымы - 98 см, жатыр түбінің биіктігі- 32 см. Қынаптық тексеру: жатыр мойны тегістелген, шеті орташа қалыңдықта, жатыр мойны ернеуінің ашылуы 5 см, қағанақ қуығы бүтін, кіндік ілмектері жатыр, кіші жамбас кіреберісінде нәресте басы қозғалмалы. Диагоналдық конъюгата - 10,5 см. Диагноз: Жүктіліктің 39-40 аптасы Босанудың І кезеңі. ... .

A) Кіндік ілмектерінің жатуы. Жәй жалпақ жамбас, II дәрежесі.

B) Тар жамбас, І дәрежесі, кіндік ілмегінің түсіп кету.

C) Тар жамбас, IIІ дәрежесі. Кіндік ілмектерінің жатуы.

D) Жәй рахиттық жамбас. Кіндік ілмегінің түсіп кету.

E) Кіндік ілмегінің жатуы. Көлденеңінен тарылған жамбас.

{Дұрыс жауап}=A

$$$009

Алғаш босанушы әйелде босану әрекеті басталғаннан 6 сағаттан кейін күшену басталды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ретті, минутына 136 рет.

Қынаптық тексеруде: жатыр мойны ернеулерінің ашылуы толық, қағанақ қуығы бүтін, амниотомия жасалды, ашық түсті қағанақ суы кетті. Нәресте басымен жатыр, төбе жігі көлденең өлшемде, қасағаға жақын орналасқан. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Нәрестенің болжам салмағы - 4000,0±200,0 г. Диагноз: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Ірі нәресте. ... .

A) Босанудың IІ кезеңі

B) Босанудың II период кезеңі. Маңдаймен жату.

C) Босанудың II кезеңі. Алдыңғы баспен жату.

D) Босанудың IІ кезеңі. Алдыңғы асинклитизм.

E) Босанудың IІ кезеңі. Артқы асинклитизм.

{Дұрыс жауап}=D

$$$010

Преэклампсияда босанудың бірінші кезеңінде ... кіреді.

A) эпидуралды анестезия

B) сульфат магния

C) гепаринотерапия

D) антидепрессанттар

E) салуретиктер

{Дұрыс жауап}=A

$$$011

Босанғаннан кейінгі кезеңде енгізілетін окситоциннің мөлшері ... бірлік болады.

A) 5

B) 10

C) 2,5

D) 20

E) 60

{Дұрыс жауап}=B

$$$012

Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау әйел ... жүргізіледі.

A) отырған кезде

B) қолайлы жағдайда болғанда

C) тұрған кезде

D) арқасымен жатқанда

E) бүйірімен жатқанда

{Дұрыс жауап}=E

Каз

Акушерия және гинекология 04_

Тақырып аясында «Жүктілік патологиясы» 03_

$$$001

Преэкламсияның алдын алу үшін ... қолданады.

A) аспірінді төмен дозада

B) несеп айдаушы дәрілерді

C) мырыш препараттарын

D) омега – полиқанықпаған май қышқылдарын

E) Е витамині

{Дұрыс жауап}=A

$$$002

Преэклампсияның жеңіл дәрежесінің емінің ұзақтығы әдетте ... күннен аспайды.

A) 3-4

B) 7-14

C) 5-6

D) 2-5

E) 1-2

{Дұрыс жауап}=B

$$$003

Преэклампсияның ауыр дәрежесінде емнің ұзақтығы ... құрайды.

A) 10-14 күн

B) 3-5 күн

C) 1-2 күн

D) 6-7 күн

E) 8-9 күн

{Дұрыс жауап}=C

$$$004

Ауру Т., 29 жаста, алғаш рет акушерге жүктіліктің 29-30 аптасында шөлдеуге, терінің қышынуына, зәрдің көп бөлінуіне шағымданады. Осы жүктілігі екінші; біріншісі - осыдан екі жыл бұрын жүктіліктің 29-30 аптасында өлі нәрестемен мерзімінен ерте босанумен аяқталды. Объективті: бойы 159 см, салмағы 71 кг, АҚ 110/70 мм с.б., ІА - 96 см, ЖТБ - 29 см. Нәрестенің орналасуы ұзынша, басымен жатуы, кіші жамбастың кіреберісінде. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ритмді, минутына 136 рет. Сіздің диагнозыңыз:

A) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Майлы гепатоз. ААА.

B) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Семіздік. Ірі нәресте. ААА

C) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Холестатикалық гепатоз. ААА.

D)Жүктіліктің 29-30 аптасы. Семіздік. Қант диабеті. ААА.

E) Жүктіліктің 29-30 аптасы. Гипотиреоз. ААА.

{Дұрыс жауап}=D

$$$005

Қайта жүкті әйелде жүктіліктің 28 аптасында, аяқтарында, алдыңғы құрсақ қабырғасында ісінулер анықталады, АҚ 160/100 мм. сын. бағ., 170/100 мм. сын. бағ. Зәрде белок – 0,66 г/л. Диагноз:

A) Созылмалы пиелонефрит.

B) Преэклампсияның жеңіл дәрежесі.

C) Артериальды гипертензия.

D) Преэклампсияның ауыр дәрежесі.

E) созылмалы гломерулонефрит.

{Дұрыс жауап}=D

$$$006

34 жастағы пациент К., етеккірінің 2 айға кідіруімен, өзін жүктімін деп есептейтінімен келді. Анамнезінде: 3 жасында қызамықтан кейін гломерулонефритпен ауырған. Зәр анализінде протеинурия, микрогематурия. Бірінші жүктілігі ісінулермен, босанумен аяқталды, одан кейін 3 медициналық түсік болған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанаралық. АҚ 110/60, 110/65 мм.сын.бағ. Ісінулер жоқ. Бимануалды тексеруде жүктіліктің 8-9 аптасы анықталды. Диагноз:

A) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы цистит өршу сатысында.

B) Жүктіліктің 8-9 аптасы. ААА.

C) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы пиелонефрит.

D) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Зәр-тас ауруы. ААА

E) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы гломерулонефрит. ААА.

{Дұрыс жауап}=E

$$$007

Қайталап жүкті перинаталдық орталыққа 37 апта мерзімінде түскен. АҚҚ-150/90 мм, протеинурия 2,64 г/л, алдыңғы іш пердесінде, қолдарында, аяқтарында, бетінде айқын ісінулер. Ұрық УДЗ фетометрия бойынша – 32 апта. Сіздің диагнозыңыз:

A) Преэклампсия ауыр дәрежелі. ҰҚДК III дәр.

B) Преэклампсия жеңіл дәрежелі. ҰҚДК III дәр.

C) Преэклампсия жеңіл дәрежелі. ҰҚДК I-II дәр.

D) Преэклампсия ауыр дәрежелі. ҰҚДК II дәр.

E) Гестациялық гипертензия. ҰҚДК II дәр.

{Дұрыс жауап}=A

$$$008

Мерзімінен бұрын босануда антибиотикпен алдын-алу ... жүргізіледі.

A) тетрациклинмен

B) цефазолинмен

C) эритромицинмен

D) азитромицинмен

E) гентамицинмен

{Дұрыс жауап}=C

$$$009

8-9 апталық жүктілігі бар жүкті әйел тәулігіне 20 және оданда көп құсады,тағамды ұстамайды, жүдеген, үдемелі түрде салмағын жоғалтуда,

гипотония, пульсі минутына 110 рет., диурез төмендеген, азот қалдығы және креатинин жоғарылаған, зәрдегі ацетон – 4 плюс. Сіздің диагнозыңыз:

A) Холециститттің асқынуы

B) Бүйрек жетімсіздігі

C) Жүктілер құсығы, орташа ауырлық дәрежесі

D) Жүктілер құсығы, жеңіл түрі

E) Шектен тыс жүктілер құсуы

{Дұрыс жауап}=E

$$$010

24 жастағы жүкті әйел эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданып түсті. Түскен кездегі диагнозы: Жүктіліктің 31-32 аптасы. Ауыр дәрежедегі прэклампсия. Сіздің амалыңыз:

A) гормоналді терапия 

B) витаминотерапия

C) магнезиалды терапия

D) антибактериалді терапия

E) гемотрансфузия

{Дұрыс жауап}=C

$$$011

20 жастағы әйел 2 ай көлемінде етеккірінің кідіруіне шағымданып келді. Анамнезінде: 13 жасында ревматизммен ауырған, 18 жасқа дейін дсипансерлік есепте тұрды. Баспамен ауырғаннан кейін 5 ай бұрын ревматизмнің өршуі болған, стационарлық ем қабылдаған. Объективті: көзге көрінетін шырышты қабықтары мен тері жабындылары бозғылт, пульсі минутына 90 рет, АҚ 90/50 мм сын. бағ. екі қолында. Аускультацияда жүрек ұшында дөрекі систолалық шуыл естіледі. Бимануалды зерттеу кезінде жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауру сезімсіз. Диагноз:

A) Жүктіліктің 12-13 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы.

B) Жүктіліктің 8-9 аптасы. Жүректің туа пайда болған ақауы.

C) Жүктіліктің 10-11 аптасы. Ревматизм, Ревмокардит.

D) Жүктіліктің 4-5 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы.

E) Жүктіліктің 6-7 аптасы. Митралдық қақпақшаның жетіспеушілігі.

{Дұрыс жауап}=E

Каз

Акушерия және гинекология-04

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып аясында «Босанудан кейінгі кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» 04_

$$$001

Босанған әйел босанудан кейін 3 тәулікте басының ауыруына, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің төмендеуіне, ішінің төменгі жағының ауырсынуына шағымданады. Қараған кезде пульс 105 рет минутына, дене температурасы 38,30C. ЖҚА лейкоциттер = 11х109/л. Пальпаторлы – жатыр түбі 1 көлденең саусаққа кіндіктен төмен. УДЗ – жатыр айқын емес контурмен. Лохиялар іріңді. Сіздің диагнозыңыз: Босанғаннан кейінгі кезең. ... .

A) Эндометрит.

B) Сальпингоофорит.

C) Пельвиоперитонит.

D) Метротромбофлебит.  

E) Параметрит.

{Дұрыс жауап}=A

$$$002

Босанған әйел босанудан кейін 3 тәулікте басының ауыруына, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің төмендеуіне, ішінің төменгі жағының ауырсынуына шағымданады. Қараған кезде пульс 105 рет минутына, дене температурасы 38,30C. ЖҚА лейкоциттер = 11х109/л. Пальпаторлы – жатыр түбі 1 көлденең саусаққа кіндіктен төмен. УДЗ – жатыр айқын контурмен. Сүт бездері қатайған. Лохиялар іріңді. Бартельс- Сазонов жіктелуіне сәйкес осы жағдай келесі іріңді-септикалық инфекцияның сатысы: Босанғаннан кейінгі кезеңнің ... сатысы.

A) V

B) II

C) III

D) IV

E) I

{Дұрыс жауап}=E

 

$$$003

Гипотониялық қан кету мөлшері 500 мл болған жағдайда ... жасалады.

A) В- Linch бойынша тігіс салу

B) қынап үстілік жатыр ампутациясы

C) жатыр экстирпациясы

D) ішкі мықын артерияларын байла

E) жатырдың бимануалды компрессиясы

{Дұрыс жауап}=E

Каз

Акушерия және гинекология-04

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып аясында «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патология» 05_

$$$001

Босану ісігі түсінігі:

A) өткізгіш нүктесі аймағында тіннің ісінуі

B) бас сүйегі астына қан ұйюы

C) бастың көлемінің ұлғайуы

D) бас сүйегінің бір-біріне өсіп кетуі

E) бас сүйегінің көлемінің өзгеруі

{Дұрыс жауап}=A

$$$002

Жаңа туған нәрестелерде тыныс бұзылыстары синдромын емдеуінің негізгі әдістері:

A) ауру қоздырғышының сезімталдығын ескере отырып антибиотикпен емдеу, қосымша көмек вентиляциясы

B) тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, қосымша көмек вентиляциясы

C) су және тұз алмасуды қалыптастыруды, айналымдағы сұйықтық көлемін толықтыру, қосымша көмек вентиляциясы

D) жүрек-қантамырлық дәрілер, қосымша көмек вентиляциясы

E) тыныс аналептиктері, гормонотерапия, қосымша көмек вентиляциясы

{Дұрыс жауап}=B

$$$003

Жаңа туылған нәресте 4-ші тәулік. Анамнезінен: 4-ші жүктіліктен туылған, мерзімдегі босану, асқынуларсыз. Анасында 1-ші жүктілігі асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, 2-шісі медициналық түсік, 3-шісі мерзімінде босану, нәресте босанғаннан кейінгі 7-ші тәулікте сарғаюдан шетінеген. Анасында қан тобы - 0(І) Rh. Босанағаннан кейін және түсіктен кейін антирезусты иммуноглобулинді енгізу жүргізілмеген. Осы жүкітілік кезінде антиденелер титрі 1:16. Объективті: нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, Апгар шкаласы бойынша 7-8 балл. Кіндік қанындағы билирубин 56 мкмоль/л, Hb 130 г/л. Қан алмасытырып құюға көресткіш:

A) гематокрит көрсеткіші 

B) гемоглобин мөлшері 

C) эритроцит мөлшері 

D) билирубиннің сағат сайын жоғарылауы 

E) лейкоциттің сағат сайын жоғарылауы

{Дұрыс жауап}=D

Каз

Акушерия және гинекология – 04

Тақырып «Акушерия және гинекология» 01_

Тақырып іші «Гинекологиялық аурулар. Гинекологиялық эндокринология» 06_

$$$001

Менструальдық қан ағудың механизмі ... байланысты.

A) эндометрийдің пролиферациясына

B) эндометрий қанағыштығының жоғарылауына

C) протеолитикалық ферментердің жоғарылауына

D) жатырдың өсуіне


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 213; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!